Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама



Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдер-мен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер: Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс. Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. В. А. Сухомлинский: ''Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..."- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:''Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек''.
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланысты да әрекет жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушы-ның түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу, ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар қолдану керек.
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
4. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
5. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
6. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,1994.
7. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
8. Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
9. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
10. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
11. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.
12. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
13. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.
14. Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.
15. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдер-мен іске асса да,
оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың
жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер: Сөздік
әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс. Көрнекі
әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі
жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе
мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге
қарағанда жетекші роль атқарады. В. А. Сухомлинский: ''Сөз - ең маңызды
педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..."- деп оның
маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен
мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.
Алтынсаринның пікірін келтірейік:''Мұғалім балалармен істес болады: егер
олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға
дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен
сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы
сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен,
қарапайым тілмен түсіндіру керек''.
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың
таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін)
байланысты да әрекет жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі және
техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушы-ның түсіндіруі мен
оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме,
әңгімелесу, ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар
қолдану керек.
Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де
сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру
белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгі-лерін ашып көрсету,
фактілер мен құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын
түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері - оқушылардың алдына жаңа
мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу.
Түсіндіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама
сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.
Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу,
қағидаларды түсіндіру, осы-лардың негізінде оқушыларға жаңа білімді
баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай
өзгеріп отырады.
Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым
қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің
неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.
Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей отыра,
өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі
құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру
оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушылар арасында диалог
пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа
білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен
материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау
үшін қолданылатын әңгіме.
Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен
қолданылады.
Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу
материалының сипатына байланысты болып келеді.
Әңгімелесу - мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау,
пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде
қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып
есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият
дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін,
зейінін (т. б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі,
баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын
анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады.
Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін
мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға
бағытталған болуы тиіс.
Дәрісбаян - сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы,
баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында
тыңдаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге
қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Дәрісбаян әдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын
әдістің бірі. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды,
қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап
отырады.
Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі,
мұғалімнен жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті
әдебиеттер тізімі-мен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция
жоспарымен алдын-ала танысуы, оның мазмұнын баян-дауда мұғалімнің ойын
жақсы ұғынуға көмектеседі.
Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін
білімнің оқушыларға түсінікті болуы мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті
қажет етеді.
Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалы-ның мазмұнын оқушылардың
қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да
қажеттілік болып табылады.
Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу
жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып, кеңес
алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында әңгімелесу әдісінің
мүмкіндігі мол.
Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-
тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу
бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ,
бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді
айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен байланыс-
тырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқу-лықтан, басқа
әдебиеттерден өздігінен оқып алуға тапсыр-малар беріп отыруды оқытушы
мұқият ойластыруы
қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушы-ның шеберлігі
лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі - оқушылардың өздігінен жаңа
білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды
қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.
Кітап - білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек
ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың
көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу
жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін
толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптары-мен жұмыс істей отырып,
белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады,
ой-өрісін дамы-тады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады.
Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер
арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың
негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші
идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселе-
лерін ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы
танысу, оны көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды
бөліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең
соңында оқығанын есінде сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға,
одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру
қажет.
Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға,
бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету
керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек
жаттап алуға дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар.
Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қара-ғанда оқушының ақыл-ой күші мен
ерік-жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін
жандан-дырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге,
адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді.
Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.
Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен орындау
барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау немесе есеп
беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей
біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның
талаптарын толығы-мен сақтамайды. Соның негізінде білім мазмұны нашар
меңгеріледі.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның
саналы көзқарасын және өзіне-өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру
мұғалім тарапынан жауапкершілікпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістері
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі
Оқыту әдістері және тәсілдері
Тұтас педагогиканың процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құрлымдардың жүйесі
Оқыту процесіне сипаттама
Компьютерлік технологияның бағыттары
Пәндер