Амангелді Иманов


Амангелді Иманов
Амангелді Үдербайұлы Иманов (3. 4. 1873, бұрынғы Торғай уезі, Қайдауыл болысы - 18. 5. 1919. Торғай қ. ) - халық батыры, қазақ халқының батыры, қазақ халқының1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. А. әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түскен. Әкесінің 7 жасында жетім, жоқшылық тауқыметін ерте тартқан. Ел ішіндегі дау-шығар ерте араласқан, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1986-1911 ж. арасында бірнеше рет түрмеге отырғызылды.
А. батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтерілісі барысында айқын көрінеді. 2 -3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбділғапар Жанбосыновты хан, А-ні көтеріліс қолбасшысы (сандар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен А-нің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды, әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. (қ. Торғай көтерілісі) . А. Торғай қ-н 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылғы 21-23 ақпандағы Құмкешу - Доғал - Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасаған. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасады.
А. 1918 ж. 21 наурыз - 2 сәуір аралындағы Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысты. Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 ж. 20 сәуірде Торғайда Кеңес өкіметі құлатылады да, А. тұңқынға алыңды. Батыр қазақ азаматтарын бір-біріне қарсы қойған аласапыран уақыттың алмағайып саясатыньщ кұрбаны болды. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін (1940) аудан орталығына өкелініп жерленді. Қабірінің басына ескерткіш орнатылды (мүсінші X. Наурызбаев) . А-ден Рамазан, Шөріп есімді екі бала қалды. Ұрпақтары Алматыда тұрады.
Амангелді (бұрынғы Батпаққара) - ауыл, Қостанай облысының оңт. -шығысындағы Амангелді ауданының орталығы. Облыс орт. - Қостанай қ-нан 500 км жерде, Жалдама өз-нің Торғай өз-не кұяр оң жағасында сортаң топырақты бидайық аралас ер түрлі шөпті, жусанды, бетегелі шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 5, 0 мыңнан астам адам (1997) . Ауылда тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, мәд. үйі, Амангелді мұражайы, орта мектеп-интернат, кәсіптік-тех. уч-ще, аудандық радиоторап, газет баспаханасы, аурухана бар. Тұрғындары Қостанай жене Арқалық қ-ларымен, соңдай-ақ өзгелді мекендер мен автомоб. жолдары арқылы қатынасады. АМАНГЕЛДІ - Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы ауыл, ауылдық өкімш. оқругінің орталығы. Қызылорда қ-нан оңт. батыстысқа қарай 28 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1997 жылға дейін Амангедді атынд. қаракел қой кеңшарының орталығы болған.
Тұрш-ны 2, 8 мың адам (1997) . Бұ-рынға кеңшар негізінде кооп. ш., шаруа қожалықтары жұмыс істейді. А-де орта мектеп, учаскелік аурухана, мәдениет үйі, балабақша, профилакторий, тері илеу цехы бар.
Амангелді - Қостанай обл-ның Қостанай ауданындағы ауыл. Ауд. орт. - Затобольс-кий кентінен 13 км жерде, Тобыл өз-нің сол жақ жаға-сында, қара топыраққа дала белдемінде орналасқан. Ең жақын т. ж. стансасы - Қостанай (7 км жерде) . Тұрғыны 1, 6 мыңға жуық адам (1997) . 1957 ж. бұрынғы ұжымшар негізінде құрылған "Красно-партизанный" астық және көкөніс-сүт кеңшарының орталығы болды. Ауылда мех, -жөндеу шеберханасы, көкеніс консервілеу, кірпіш з-тары, орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана бар. А. а-ның жанынан Қостанай - Рудный - Жітіқара автомоб. жолы өтеді.
Амангелді - Солт. Қазақстан обл-ның Есіл ауд-ндағы ауыл, ауылдық өкімш. окру-гінің орталығы. Ауд. орт. - Явленка а-ның батысында 25 км жерде, Есіл өзенінің сол жағасында, Есіл жазығындағы қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Жақын т. ж. стансасы - Петропавл (Қызыл-жар) (106 км. жерде) . Тұрғыны 1, 3 мыңға жуық адам (1997) . 1955 - 95 ж. ұжымшар орталығы, кейін Амангелді атынд. астық кеңшарының орталығы болды. Ауылда 8 жылдық мектеп, клуб, учаскелік аурухана бар. Шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған. Тұрғындары аудан орталығымен автомоб жолы арқылы қатынасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz