Ғылымның логикалық негіздері



Адамдар қашанда басымдылығы мен орналасуына қатысты қабыл алынатын білімі бар алғышарттардан гәрі, сезімдік білім мен жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттарды дұрыс деп таниды. Олар қабыл алынатын білімі бар алғышарттар, әдетте, сезімдік білім жинақтайтын алғышарттар мен жалпылама қабылданған білім тарататын алғышарттар арқылы сыналады және түзетіледі деп есептеген. Ал құрамында жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттарды олар адамға /2/ сезімдік білімі бар алғышарттарға қарағанда тым орынды, үйлесімді алғышарттар деп есептейді. Өйткені сөзіну біздер, адамдар үшін де және қалған барлық жан-жануарлар үшін де ортақ қасиет болып табылады, ал құрамында жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттар тек зерделі адамға ғана тән.
Олар (осы алғышарттар) — ақылмен танылатын дүниелер. Жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттардан тұратын аргументтер [дәлелдемелер] дегеніміз зерде аргументтері болып табылады. Сезімдік білімнен /3/ тұратын алғышарттар диалектикада бастаулар ретінде қарастырылмайды, себебі олардың зерттеу пәндері — (жеке даралық) көрінісі. Олар тек қана индукцияда жалпылама алғышарттарды растау үшін қолданылады. Жалпымама алғышарттар өздерінің пәндерінің көрінісі ретінде сезімдік білімді алады, бірақ олар сезімдік білімнен тұратын алғышарттар болып табылмайды. Олар жалпылама қабылданған білімнен тұратын алғышарттар құрамына кіреді.
Жалпылама қабылданған білімнен тұратын алғышарттар дегеніміз бірінен кейін бірі /4/ қарастырылатын және таныла¬тын алғышарттар. Соларға сүйене отырып, әлемдегі барлық халықтардың бала-шағалары тәрбиеленеді және солардың арқасында түрлі халықтар олардың қалаларының бір-бірінен алыстығына қарамастан, тілдері мен әдет-ғұрыптарының бөлектігіне қарамастан, бір-бірімен қатар қоныстас өмір сүре алады. Солардың арқасында халықтар бір-бірімен араласып-құраласып тіршілік етеді және де олардың бірлесе әрекеттенуі соларға сүйене жүзеге асады. Солар негізінде олардың ара-қатынасында мақұлдауға тұрарлық нәрселер құпталады.
Жалпылама қабылданған білімнен тұратын көзқарастар мақтау мен жоғары қойып, дәріптеуден /5/ құралады, сол сияқты, бәріне мәлім даттау мен балағаттаудан да тұрады.
Осы соңғылары — жаман көзқарастар. Осы екі көзқарастың екеуі де жалпылама қабылданған білім құрамында бір-біріне, ғылыми пайымдауларда ақиқат пен жалған өзара қалай қарама-қарсы болса, сондайлық қарама-қарсы...
Пәндері жалпы болып табылатын практикалық алғышарттар олардың (пәндерінің) жеке көріністері адамның еркіне байланысты ғана тіршілік ететін болса, онда олар — практикалық алғышарттар. Ал егер оларда пәндердің көрініс табуының (жеке жағдайлары) адам еркіне қарамай тіршілік етер болса, онда олар, тіпті кейбір көрініс табудың (жеке жағдайлары) адам еркіне байланысты болған күннің өзінде, теоретикалық алғышарттар болып табылады. Алайда, әрбір адам өзін заттардың кейбір түрлері толғандырғанда ғана жалпылама қабылданған білім ала жүретін алғышарттарды пайдалана бастайды әрі оны өзіне қаншалықты керек болса, сол мөлшерде ғана пайдаланады және заттардың түрлерінің ішінен өзіне керектісінен ғана пайда табады.
Жалпылама қабылданған білімді ала жүретін пайымдауларды қолдану өлшемінің арқасында ол сол түрмен айналысады және соған әбден әдеттенеді әрі сонда оқып-үйренеді; әрбір адам жалпылама қабылданған білім әкелер алғышарттарды пайдаланады. Ол адамға екі жағдайда керек: не адам оларды бар қалпында (олардың тікелей мағынасында) пайдаланғанда, не олардың күшін, олардың (құрамдас) бөліктері мен олардан шығар салдарларды пайдаланғанда.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Адамдар қашанда басымдылығы мен орналасуына қатысты қабыл алынатын білімі
бар алғышарттардан гәрі, сезімдік білім мен жалпылама қабылданған білімі
бар алғышарттарды дұрыс деп таниды. Олар қабыл алынатын білімі бар
алғышарттар, әдетте, сезімдік білім жинақтайтын алғышарттар мен жалпылама
қабылданған білім тарататын алғышарттар арқылы сыналады және түзетіледі деп
есептеген. Ал құрамында жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттарды олар
адамға 2 сезімдік білімі бар алғышарттарға қарағанда тым орынды,
үйлесімді алғышарттар деп есептейді. Өйткені сөзіну біздер, адамдар үшін де
және қалған барлық жан-жануарлар үшін де ортақ қасиет болып табылады, ал
құрамында жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттар тек зерделі адамға
ғана тән.
Олар (осы алғышарттар) — ақылмен танылатын дүниелер. Жалпылама
қабылданған білімі бар алғышарттардан тұратын аргументтер [дәлелдемелер]
дегеніміз зерде аргументтері болып табылады. Сезімдік білімнен 3 тұратын
алғышарттар диалектикада бастаулар ретінде қарастырылмайды, себебі олардың
зерттеу пәндері — (жеке даралық) көрінісі. Олар тек қана индукцияда
жалпылама алғышарттарды растау үшін қолданылады. Жалпымама алғышарттар
өздерінің пәндерінің көрінісі ретінде сезімдік білімді алады, бірақ олар
сезімдік білімнен тұратын алғышарттар болып табылмайды. Олар жалпылама
қабылданған білімнен тұратын алғышарттар құрамына кіреді.
Жалпылама қабылданған білімнен тұратын алғышарттар дегеніміз бірінен
кейін бірі 4 қарастырылатын және танылатын алғышарттар. Соларға сүйене
отырып, әлемдегі барлық халықтардың бала-шағалары тәрбиеленеді және
солардың арқасында түрлі халықтар олардың қалаларының бір-бірінен
алыстығына қарамастан, тілдері мен әдет-ғұрыптарының бөлектігіне
қарамастан, бір-бірімен қатар қоныстас өмір сүре алады. Солардың арқасында
халықтар бір-бірімен араласып-құраласып тіршілік етеді және де олардың
бірлесе әрекеттенуі соларға сүйене жүзеге асады. Солар негізінде олардың
ара-қатынасында мақұлдауға тұрарлық нәрселер құпталады.
Жалпылама қабылданған білімнен тұратын көзқарастар мақтау мен жоғары
қойып, дәріптеуден 5 құралады, сол сияқты, бәріне мәлім даттау мен
балағаттаудан да тұрады.
Осы соңғылары — жаман көзқарастар. Осы екі көзқарастың екеуі де
жалпылама қабылданған білім құрамында бір-біріне, ғылыми пайымдауларда
ақиқат пен жалған өзара қалай қарама-қарсы болса, сондайлық қарама-қарсы...
Пәндері жалпы болып табылатын практикалық алғышарттар олардың
(пәндерінің) жеке көріністері адамның еркіне байланысты ғана тіршілік
ететін болса, онда олар — практикалық алғышарттар. Ал егер оларда пәндердің
көрініс табуының (жеке жағдайлары) адам еркіне қарамай тіршілік етер болса,
онда олар, тіпті кейбір көрініс табудың (жеке жағдайлары) адам еркіне
байланысты болған күннің өзінде, теоретикалық алғышарттар болып табылады.
Алайда, әрбір адам өзін заттардың кейбір түрлері толғандырғанда ғана
жалпылама қабылданған білім ала жүретін алғышарттарды пайдалана бастайды
әрі оны өзіне қаншалықты керек болса, сол мөлшерде ғана пайдаланады және
заттардың түрлерінің ішінен өзіне керектісінен ғана пайда табады.
Жалпылама қабылданған білімді ала жүретін пайымдауларды қолдану
өлшемінің арқасында ол сол түрмен айналысады және соған әбден әдеттенеді
әрі сонда оқып-үйренеді; әрбір адам жалпылама қабылданған білім әкелер
алғышарттарды пайдаланады. Ол адамға екі жағдайда керек: не адам оларды бар
қалпында (олардың тікелей мағынасында) пайдаланғанда, не олардың күшін,
олардың (құрамдас) бөліктері мен олардан шығар салдарларды пайдаланғанда.
Жалпылама қабылданған білім әкелер алғышарттар оларды тексере қалған
күнде (тіршіліктегі заттармен) сәйкес келмесе және олардың басқалардан
өзгешеленетін жағдайларынан олардың ақиқаттығы әлде жалғандығы шықпайтын
болса, онда олар бір-біріне қарама-қарсы, қайшылықты пікірлер болуы мүмкін
немесе барлық (адамдар) қабыл алған пікірге қайшы пікір болуы мүмкін. Осы
(екі) пікірлердің екеуі де бірге тұрып ақиқат бола алмайды. Мұнда осы
қайшылықты екі пікір туралы мынау ескерілген:
1) бір ғана субъект туралы екі пікірдің біреуі екіншісінің бекітетінін
толығымен терістейтіндей пікірлер;
2) екі пікірде де бір субъект турасында толығымен қайшылықты қос
тұжырымдама табылған уақытта (яғни шындығында да қайшылықты болып табылатын
қос қарама-қарсы пікірлер болғанда).
Егер екі зерттеушінің біреуі жалпылама қабылданған алғышарттардан
қайшылықты бірдеңені тапқан болса, онда басқасы да оны табады. Сөйтіп,
олардың әрқайсысы өз зерттеуінде соны қолданады және тексеру барысында
өзінің тапқанын пайдаланады. Бұл жағдайда олардың пікірлері міндетті түрде
қарама-қарсы болады және бір-біріне қайшылық танытады. Алайда, әрбір
адамның өздігінен жалғанмен араласқан ақиқатты анықтауға мұршасы жетпейді,
одан жалғанды ажыратып, оны алып тастауға да мүмкіндігі жоқ. Өйткені
ақиқатты ажыратып алу мен жалғанды лақтырып тастау жалған алғышарттарды
терістеу арқылы ғана жүзеге асырылады. Ал ол болса осы алғышарттарды
терістейтіндей қарама-қарсы алғышарттарды андай алмайды.
Қайшылықты көзқарастарға ие әрбір адам, не өзінің көзқарастарының
жетіспейтіндігін байқайды және солардан күмәнданады, не тіпті кумән
келтірмейді де, сөйтіп, көзқарастарының кемшіліктерін байқамайды да.
Керісінше, өзінің танып-білгенін ғана өзіне дұрыс деп есептейді, сөйтіп,
одан басқа ештеңені ойлағысы да, қабылдағысы да келмейді. Егер де өз
көзқарастарына күмән келтірер әрбір адам олардағы жетіспеушілікті байқар
болса, бірақ өз көзқарастарына қайшы келетінді нақтылап анықтамаса әрі
өзінің көзқарастары туындап жатқан алғышарттарға қайшы келетіндерді де
нақтыламаса, онда бұндай жағдайда, ол өзіне өзімен бірге зерттеуші ретінде
қатар тұрар сұхбаттасушысын табуы тиіс. Сөйтіп сонымен қосыла отырып, ол өз
көзқарастарымың күмәндісін тексеруге де кірісіп кетеді. Бұл жағдайда, тіпті
олардың екеуі де өз көзқарастарының жетіспеушілігін байқамаған болса да,
олардың біреуі — сұрақ қояды, ал басқасы — жауап береді.
Олардың әрқайсысын басқаға өзінің бағалайтын, қорғайтын және қолдайтын
білімін хабарлау асқан шаттыққа бөлейді. Содан олар өзінің үстемдігін
көреді 7, сол арқылы ол басқалармен бәсекелеседі. Ол (әркім) басқаны дәл
[осылай] оқытуға бейім. Мұнымен қоса ол өзінің оқытушы ретіндегі үлкендігі
оның мерейін үстем қылса және бұл оның артықшылығын паш етсе дейді. Бұл да
адамдардың басқадай игіліктерге талпынуы сияқты дүниелер. Сондықтан да
олардың әрқайсысы басқасындағы барды әлсіретуге және тәртіпке келтіруге
әркеттенуді бастайды. Сөйтіп ол өзіндегі барды күшейтеді және жоғары
көтеріп, әспеттейді, өйткені сол арқылы ол бәсекеге түспек және басым
болмақ 8.
Сонғы айтылған екі дүние үшін олардың әрқайсысы басқа зерттеушілердің
қатысуын қажетсінеді деп айта аламыз. Олар тексеруді не сол жолды
ұстанғандықтан, не бәсекелестіктен, не қорғау мақсатымен, не қатты қозып
кеткендіктен әлде пайда табу үшін және өтірікті ақиқаттан ажырату үшін әрі
олардың әрқайсысының білімі кемелденуі үшін, әрі олардың көзқарастарында
байқалып қалған жетіспеушіліктің [кемістіктердің] көзін құрту үшін жасайды.
Сондықтан да олар бір бірінің (көзқарастарын) тексерген уақытта олардың
әрқайсысы басқасының дәлелдеп отырған нәрсесін тексеру үшін бар күшін
салады.
Сөйтіп, оның шығарған нәрсесінің ізін бағу үшін, содан соң әлгі зат
туралы өз көзқарасын дәл сол зат туралы басқаның көзқарасымен салыстыру
үшін, басқаның күшін пайдалану үшін де басқаның көзқарасына жүгінеді. Оның
өзінің қарсыласынан алған силлогизмді қарастыруы кәдімгі силлогизмді
қарастыру сияқты, мейлі, оның ойына тіпті өзінің зат туралы пікіріне қарама-
қарсы нәрсені қабылдау келген күнде де солай болады.
Қарама-қарсы силлогизмдер 9 — әртүрлі көзқарастары бар адамдар тобынан
алынатын силлогизмдер. Олар оның өзінде бар қарама-қарсы силлогизмдер
деңгейінде тұр. Сондықтан да ол елгілерді адамдар топтарымен біріге отырып
қарастырады. Бұл жағдайда олардың барлықтары бір біріне әрбір
алғышарттардағы және әрбір қорытындыдағы ақиқатты ажыратуға көмектеседі.
Бұл тек қана бір-біріне уәж айту мен бір-біріне қайшылық таныту арқылы
жүзеге асады. Сондықтан да олардың әрқайсысы, басқасымен бірге, бір-бірімен
қақтығысқан уақытта олардың (екеуінің) біреуі — сұраушы, ал басқасы — жауап
беруші болғанын қажетсінеді. Бұл олардың әрқайсысының дау көзіне қатысты
таласта бар күшін салуы үшін қажет.
Бар күшті олар өздерінің екеуі де тезис ретінде пайдаланатын көзқарасты
және сол тезисті дәлелдейтінді жоққа шығаратындай көзқарасты табу үшін
салады. Бұны олар көзқарастың дәлелдемесі кітаптардағы дәлелдемелер ішінен
табылмаған күннің өзінде де тапқысы келеді. Олардың әрқайсысы басқасымен
бірге оның көзқарасының кереғарлық танытатынына қатысты осындай күйде
болады.
Әдетте, олар өздерінің уәждерін келтіреді және осының барлығына ол туралы
ауызша сұхбат арқылы қайшылық танытады немесе кітаптардағы олардың
дәлелдемелерін келтіреді. Ілгеріде өмір сүргендер мен олардың
аддындағылардың бізге дейін жеткен көзқарастарына қатысты осылай деуге
болады.
Олардан кейін келгендер оларға білімге жету жолында өздерінің тәсілдерін
пайдалануға тырысқандықтан қарсылық танытты. Олардың бір бірінен ажыратыла
қарастырмайтын диалектикалық алғышарттардан және ғылыми тәсілдерден тұратын
әдістері сұрақ-жауап барысында пайдаланылады. Оларды бір-бірінен бөліп-
жармай қарастырады. Сондықтан да, олар қайшылық пен қарсылық күшейе түскен
әр уақытта әлгілерді кезек-кезекпен бір-біріне, бір сәттен екінші бір сәтке
дейін беріп отыратын болған, соның арқасында (талас-тартыс) уақыты созылып,
ұзарып, сөйтіп, олар талас тудырған себепті жайбарақат зерттеген және
жалған мен ақиқат араласып кеткен әрбір алғышарттардан ақиқатты жалғаннан
ажыратуға жақындайтын болған. Осының нәтижесінде ізделінетін [тезистердің]
барлығын дәлелдеудің дұрыстығы мен әрбір ізделінетін [тезиске] ғылыми
тәсілді пайдаланып, силлогизмдер жасап шығу керектігі анықталатын болды.
Егер де көзқарасты зерттеу осылайша, кезек-кезек сауал қоюшының немесе
жауап берушінің қызбалығы әлде кешірімшілдігімен тоқтатылса және егер
олардың біреуі басқасының дұрыс деп есептейтінін терістей алса, онда
олардың екеуі де мақтауға лайық. Себебі олардың екеуі де осыдан пайда
табады және жеңіс олардың екеуіне де бірдей тиесілі болады. Бұл жеңіс
бәсекелестік рухында жүзеге асқан күнде де, ол екеуінің өз көзқарастарын
дәлелдеу үшін бір-бірімен күрескен, бір-бірімен жарысқан және жеңіске
олардың біреуі ғана жеткен күнде де солай болмақ.
Ғылыми силлогизм 10 (дәл сол дәлелденетін силлогизм болып табылады)
дегеніміз ақиқат жалпылама бірінші алғы-шарттардан, яғни растылық, дәйекті
білімнен тұратын алғышарттардан құрастырылатын немесе растылық, дәйекті
білімнен тұратым ақиқат жалпылама бірінші алғышарттардан шығып жатқан
алғышарттардан тұратын силлогизм.
Философиялық ғылымдар 11 дегеніміз растылық, дәйекті білімнен тұратын
ғылымдар әрі оларда ізделініп жатқан тұжырымдардың барлығын дәлелдеу үшін,
біз айтқандай, ғылыми силлогизмдер пайдаланылады.
Аралас тәсіл 12 деп көне философтардың үш түрлі тәсіл бір-бірінен
бөлініп шығып, жіктелгенге дейін қолданып келген тәсілін айтамыз: 1) ғылыми
тәсіл; 2) диалектикалық тәсіл; 3) софистикалық тәсіл. Осылайша ғылыми
тәсілдер жасалынды, бұдан кейін ғымыми өнер түпкі мақсат болып алды, ал
диалектикалық өнер оның алдындағы оған деген даярлық пен жаттығу болып
қалды, сөйтіп, диалектика ғылыми өнердің құралы мен құлына айналды. Ал
софистика болса диалектикаға еліктеу болып қалып, оған ұқсас және өзін
диалектика деп қабылдайтын [жалған] пікір жасаушы болды. Бәлкім, ол тіпті
өзін нағыз философиямын деген жалған пікір де қалыптастыруы мүмкін. Бұл үш
өнердің пәні бір және іздейтін (қағидалары) да — бір. Олар бір-бірінен
өздерінің түбегейлі мақсаттары мен бастау көздері арқылы ажыратымады.
Сонымен, адамның арқа сүйейтін нәрсесі және адамның танитын нәрсесі
дегеніміз, ең алдымен, мынау болмақ: 1) жалпылама қабылданған көзқарастар,
оларды бір қарағаннан-ақ барлық адамдар бірдей қабыл алады, 2) қабылдауға
тұрарлық, қабылдауға болатын көзқарастар және 3) сезімдік көзқарастар.
Қабылдауға тұрарлық, қабылдауға болатын көзқарастар дегеніміз мынадай
көзқарастар: олар туралы адамның өзінің жеке білетін мағлұматы жоқ, олар
туралы айтқанда адам өзінің ол туралы пікірі түзу басқа адамның біліміне
ғана жүгінеді.
Адамның (қабылдауға тұрарлық көзқарастарға) жүгінетін себебі оның өзінде
ғылыми көзқарасқа жету мүмкіншілігі жоқ екендігінде немесе ол туралы
өзіндік білім алу жолымен жететін ғылыми көзқарастың болуы мүмкін
болмағандығында. Ол өзіндік білімін өзінің алғаш танып-білген және олар
туралы өзіндік білімін ешбір силлогизмді әлде белгіні қандай да бір
дәрежеде пайдаланбай-ақ қалыптастырған алғышарттардан құрастырылған
силлогизм арқылы жинақтайды. Бұл алғышарттар анық кең жайылған
көзқарастардан алынатын алғышарттар.
Егер де біздің қолымызда бар жалпылама қабылданған алғышарттар бұл
ғылымдарда да жалпылама қабылданған болса, айқын әрі бір қарағаннан танымал
болса және біз оларды үлкен алғышарт ретінде пайдаланар болсақ әрі оларға
кіші алғышарттарды қосар болсақ, онда бұдан біз, міндетті түрде, қарама-
қарсы және кереғар қорытыңдылар шығарамыз. Осындай жағдайдағы алғышарттары
бар ғылымдар — жаратылыстанымдық (физикалық) ғылымдар, теологиялық ғылымдар
және азаматтық ғылымдар. Бұны бізге жаратылыстанымдық ғылымдарға жақын
математикалық ғылымдар дәлелдеп отыр.
Жаратылыстанымдық ғылымдарға көзден (маназир) алыс әлде жақын орналасуына
байланысты заттардың көлемін анықтайтын ғылым, әуез [музыка] ғылымы және
механика ғылымы жатады. Бұл ғылымдар жаратылыстанымдық ғылымдарға
(заттардың қасиеттері мен күш-қуаттарын алмағандағы жаратылысы туралы
ғылымдарға) арифметика мен геометриядан гөрі жақындау келеді. Сондықтан да
олардың әрқайсысы не өз бастауларында күрделене береді, не өзінің
(жараталыстанымдық ғылымдарға) жақындау дәрежесіне байланысты бөлектене
береді.
Арифметика жараталыстанымдық ғылымдардан өте қашық тұрғандықтан оның
ешбір затында қиыншылық бола қоймас. Ендеше, онда тіптен ешқандай
ұштаспаушылық [кереғарлық] болмайды. Ал геометрияда оның кейбір
бастауларында кездесетін қиыншылық оның арифметика сатысынан өтуі мен
материядан алыстауы деңгейіне сай туындайды. Ал астрологияға келер болсақ,
ол геометриядан анағұрлым күрделірек дүние және онда ұштаспаушылықтар да
көбірек. Одан кейін көлемді көзбен мелшерлеу ғылымы (маназир) және одан соң
— музыка мен механика жатыр. Бұлардың барлықтарының, әсіресе, сол
ғылымдардың принциптерінің қиындықтарының себебі біз жоғарыда айтып өткен
себептен туындап жатыр.
Егер оқытушы бірінші сұраққа жауап бергенде қарама-қарсылықтың екі
жағының ақиқат қыры туралы мәліметтерді айтып қойса, сөйтіп, осының брін
дәлелдеумен ғана жеткізіп, оқушыны екінші сұраққа бағыттамаса, онда оқытушы
жауап беру барысында пайда болатын білімнің (ғылыми тәсіліне) сүйенеді
деген сөз. Мұндай жағдайда әрдайым тек (әзірше) өзінің силлогазмі жоқ,
ізделініп отырған қағидаға ғана тексеру жүргізіледі. Сондықтан ол,
ізделінген нәрсе, өзіне силлогизм жасалуын қажетсінеді.
Бұл мына қатынастарға байланысты орын алуы мүмкін: адам өз еркімен бұл
қағидаға силлогизм даярлау үшін оны дәлелдегенде және де оған
(сұхбаттасушысы) ізделініп отырған (қағидаға), яғни силлогизмді қажет етіп
отырған қағидаға силлогизмді даярлауды бірге жүзеге асыру үшін
дәлелдегенде. Ізделінген (қағидаға) силлогизм даярлау оны жасауға бір адам
ғана емес, көптеген адамдар қатысқан жағдайда оңай өтеді. Жауап берушінің
жағдайы сұрақ қоюшыға силлогизм даярлап үлгерген адамның жағдайындай болуы
тиіс емес, себебі оның жағдайы дәл сондай болса немесе егер ол (сауал
қоюшы) өзінің сұхбаттасушысы оған сұрақ қоймастан бұрын, алдын ала
силлогизм даярлап қоюын қаласа, онда ол тексеретін сауал қоюшы емес, оқып-
үйреніп жүрген сауал қоюшы болып табылады.
Ал білімге тек дәлелеме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі ғылымның жалпы сипаты: нақты әдістер мен нақты теорияларның жаңа деңгейі
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
Педагогикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздері
Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері пәнінен дәрістер
Ғылым туралы түсінік
Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері
Қазіргі заман мектебінде математикадан білім беру
Пәндер