Алаш партиясының бағдарламасы


Алаш партиясының бағдарламасы
Осы күнге дейін Ахмет Байтұрсынұлының аса ірі әдебиет теоретигі, ғұлама түркелог, жаңа қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ақын әрі аудармашы, шебер публицист болғандығы жөнінде көп айтылып та, жазылып та жүр. Алайда қазақ тарихындағы осы ұлы тұлғаның қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекет қайраткері ретіндегі атқарған еңбегі тиісті дәрежеде зерттелмей келеді. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ халыкқа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.
Осыған қарамастан оның ардақты есімі мен сан қырлы еңбегі жөнінде 20-80 жылдар аралығында сөз сөйлеу мүмкін болмады. Себеп - оның Сталиншіл әкімшіл әміршіл жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жалған жаламен «халық жауы» аталып, атылып кеткені еді. Тек 50 жылдан астам уақыттан кейін, 1989 жылдың соңында ол ақталған соң, Ахметті зерттеушілер бірінші кезекте оның ғылыми және әдеби еңбектерін халыққа кеңінен таныстыра бастады, негізгілері қайта жарияланып. оқырмандармен қауышты.
Ал А. Байтұрсынұлының қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер ретіндегі қызметі туралы жеткіліксіз айтылып, аз жазылып келеді. Оның басты сепебі А. Байтұрсынұлы ұлттық демократиялық Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі, Алаш партиясы мен Алаш автомиясын құрудың бастау көзінде тұрған айтулы тұлғалардың бірегейі болғандығына- байланысты еді. Ал Алаш қозгалысы туралы жан-жақты зерттеулер 90-жылдардың ортасынан жүргізіле бастағаны оқырман қауымға белгілі жәйт. Мұның үстіне қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Ахмет Байтұрсынұлы біраз бұлтарысы бар күрделі жолда өткен адам ол Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі болған ол 1918-1919 жылдары Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштермен одақтас болып, Қазақстанда большевизмге қарсы күресумен шектелмей бұл күрестің барысында күш салмағы қарсыластар жағына ауа бастаган. 1919 жылдың көктемінде Алаш басшылығының келісімімен Кеңес өкіметі жағына шыққан; В. Лениннің ұйғаруымен Ахмет Байтұрсынұлы 1919 жылы жазда құрылған Қазақ өлкесін басқару жөніндегі жоғарғы кеңестік ұйым - Қазақ революциялық комитетіне мүше болып тағайында, 1920 жылы қазан айында құрылған Ресей құрамындағы автономиялы Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасының (КАКСР) үкімет мүшесі -оқу-ағарту комиссары болып сайланған. Басқа сөзбен айтқанда. Ахмет Байтұрсынұлы - Алаш қозғалысы аясындағы қоғам қайраткері ғана емес, Кеңестік Байтұрсынұлының «Масасы» (1911 ж. ) . Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» (1909 ж. ) дәлел бола алады және олардың авторларының сол кездің өзінде-ақ қоғамдық-саяси мәні үлкен әрекеттерге барғанын көрсетеді.
Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдени мәселелерді көтеріп, шешуде мерзімді баспасөздің атқарар қызметінің маңыздылығын Ахмет Байтұрсынұлы жақсы түсінді. Сондықтан да ол шын мәніндегі жалпы ұлттық газет шығару ісіне көп күш жұмсады. Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланған оқырмандарға арнаған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы газетті «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп анықтай келіп, оның «жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шұқытпасқа тырысады», - деген тұжырымы арқылы газеттің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Бұл газеттің 1918 жылы 2-наурызда Кеңес өкіметі оны жапқанға дейін 265 саны жарық көрді. Ахаң редакторлық еткен «Казақ» газетінің төңірегіне топтасқан білімпаз азаматтар оның беттерінде жарияланған жер, ұлт мәселесі, оқу-ағарту ісі, мемлекеттік құрылыс сияқты маңызды мәселелер жөніндегі мақалалары арқылы, кейде ыммен, кейде ашық айтылган пікірлері арқылы патша үкіметінің отарлық саясатын сынап, оған демократиялық мазмұндағы талаптар қоюмен қатар халықтың саяси санасын тәрбиеледі. Міржақып «Оян, қазағындағы», Ахметтің «Масасындағы» ұлттың намысты қайрау, халық санасын ояту идеялары «Қазақтың» беттерінде нақтыландырыла, өткірлендіріле түсті.
Газет 1917 жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық-демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды. Партия Россияда 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елде орын алған саяси хал-ахуал берген мүмкіндіктер жағдайында 1917 жылы 12-26 шілдеде Орынбор қоғамында өткен бірінші бүкілі азаттық сьезде құрылды. Бұл партияға «Алаш» деген ат беріледі. Сьезді шақыру мен оны өткізуде Ахмет Байтұрсынұлы үлкен белсенділік көрсетті. Ол сиездің хатшылар тобын (құрамында М. Дулатов, Ә. Көтібаров, А. Сейітов бар) басқарып, оның маңызды құжаттарын жасауға жетекшілік етті. Сиез өткеннен кейінгі екі-үш ай бойы оның шешімдеріне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын жасау ісіне қатынасты. Партия бағдарламасының жобасын жасауға, Ахаңмен бірге Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғумаров, Есенғали Тұрмұхамбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов қатынасты. Петроградта қазан революциясы жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау процесі жүріп жатқан кезде Ахмет Байтұрсынұлының белсенді араласуымен дайындалған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы «Қазақ» газетінің 1917 жылы 21-қарашадағы санында жарияланды. Социалистік идеялары, оның ішінде большевизм мен оның ту етіп ұстаған Кеңес өкіметінің саясатын қабылдамаған «Алаш» қайраткерлері дайындаған бұл саяси құжат 10 баптан тұрды да онда «Алаш» партиясының мемлекеттік құрылыс, жергілікті бостандық, жер, дін. сот, оқу білім мәселелері жөніндегі мақсат-міндеттері тұжырымдалды. Олардың басым көпшілігі жаңадан орнап жатқан Кеңес өкіметінің айтылмыш мәселелердегі үрдістеріне қайшы келетін еді. Бұл жағдайды Ахмет Байтұрсынұлы кейінірек, 1919 жылы тамыз айында жарияланған «Қазақтар және революция» деген мақаласында былай негіздеді: «Қазақтарға Февраль революциясы қаншалықты түсінікті болса, Октябрь социалистік революциясы соншалықты түсініксіз көрінді . . . Екіншісінің түсініксіз болуын оп-оңай ұғындыруға болады: қазақтарда капитализм де, таптың жіктелу де жоқ, тіпті жеке меншіктің өзін басқа халықтардағыдай айдар тағып ажырату қиын көптеген пайдалану бұйымдары оларда қауымдық дәулет болып саналады . . . Қазақтардың күн көріс жағдайына және жеке меншік заттарда белгілі (Москва) «Революция және қазақтар» («Революция и киргизы») деген мақала жариялады. Онда басқа мәселелермен қатар Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі жетекшілерінің саяси көзқарас ерекшеліктерін (ең алдымен, өзінің) түсіндіретін тұжырымдар жасады. «Мен, - осы жолдарды жазушы, - деді өз мақаласында А. Байтұрсынұлы, -патша үкіметі кезінде қазақтың ұлттық саясатын жүргізуді басқарған және патша үкіметіне қарсы күрескен қазақ интеллигенттерінің өкілімін Алашордашылардың торғайлық тобының делегаты ретінде Орталық Советтік Россияға келіссөз жүргізуге келген мен . . . Россия халықтары құқығы Декларациясына сәйкес қазақ маселесіне ықыласпен зер салғандықтың куәсі болдым. Колчак билігінен Совет өкіметін артығырақ көруіміз қате еместігін өз жолдастарыма айтып, оларды тыныштандырғым келеді». («Жизнь надиональностей». 1919, 3-августа. )
Ахмет Байтұрсынұлының Кеңес өкіметі жағына шығуын және оның Казревкомның мүшелігіне тағайындалуын большевиктер айтарлықтай саяси науқанға айналдырып жіберді. Көп кешікпей (1920 жылғы сәуірде) ол Кеңес мемлекетінің сол ксздегі белгілі әскери және саяси қызметкері М. Фрунзенің ұсынысымен Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының мүшелігіне қабылданды. Осыған орай Орынборда шығып тұрған «Известия Киргизского (Казахского - Н. К. ) края» атты большевиктік газеттің сол жылы сәуірдің 15-і күнгі санында арнайы мақала жарияланып, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты аса ірі «қайраткер және әдебиетитінің бейбіт ұлттық либерализмнен Казан революциясын және Совет өкіметін тануға дейін кезеңдерден өтіп . . . халықаралық коммунизмге келуін партияның ірі жеңісі және оның қазақтар арасындағы ықпалының өсуінің жақсы көрінісі» - деп бағалады. Ал Ахмет Байтұрсынұлы болса коммунистік партияға бір жылдай ғана мүше болған болатын. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған Ахмет Байтұрсынұлының 1929 жылы маусымның 2-і күні ОГПУ тергеушісіне берген жауабында осы жөнінде былай делінген: «Мен, - дейді ол, -партиядан 1921 жылғы тазалау барысында енжарлығым (пассивность) үшін шығып қалдым. Менің енжарлығым ғылыми жұмысқа тереңдей берілгендіктен және жалпы алғанда саясатқа аз көңіл аударғандығымнан көрінді» (ҚР ҰҚК- нің архиві, іс 124, том-2, парақ -159)
А. Байтұрсынұлы дәл осы кезде Кеңестік саясатты жүргізуге, өзі айтқанындай, «аз көңіл аударғаны» рас болар. Алайда ол Кенес өкіметі құрған Қазақ өлкесін басқаратын Ревком төрағасының орынбасары әрі оның жетекші бөлімінің (ішкі істер) басшысы ретінде Алаш партиясының кейбір бағдарламалық мақсаттарын мүмкіндігінше Кеңес өкіметінің атынан жүзеге асыруға және Алашорданың жетекші қайраткерлерін Кеңес өкіметі тарапынан төніп түрған аса ауыр қатерден сақтап қалуға көп күш жұмсады. Бұл аса парасатты қоғамдық қайраткерге және ақылды да айлалы күрескерге тән қасиет еді.
Сол кездегі Ахмет Байтұрсынұлының осы бағыттарда атқарған сан-салалы қызметінің ең маңыздылары оның, біріншіден, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының этникалық территориясының тұтастығы негізінде Кеңестік формада болса да қазак, мемлекеттігін қалпына келтіру үшін жүргізген айқасы, екіншіден, Алаш қозғалысының басшылары мен қатардағы мүшелеріне Кеңес өкіметі тарапынан кешірім (амнистия) жасату үшін жүргізген күресі болды.
Казревкомның 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжілісі өтті. Қазір зерттеушілерге осы екі жылда өткен 91 мәжілістің 89-ның хаттамалары (протоколдары) белгілі, тек қана оның 1919 жылы бірінші және 28-інші мәжілістерінің хаттамалары осы кезге дейін табылған жоқ. Қолда бар Казревком мәжілістерінің құжаттарына жүгінсек, Ахмет Байтұрсынұлының сол мәжілістерінің басым көпшілігінде баяндамалар жасағанына, жарыссөздерге қатынасқанына, ұсыныстар енгізгендігіне, қабылдайтын шешімдердің жобасын дайындағанына, ал жекелеген мәжілістерге төрағалық жасағандығына көзіміз жетеді. Бұл ретте баса айтатынымыз: Ахмет Байтұрсынұлы
Азамат соғысы Кеңестердің жеңісімен аяқталып, Кеңестік негіздегі Қазақ автономиялы Республикасы құрылып, Алаш қозғалысы тарих сахнасынан күштеп келтірілген жағдайда оның басында болған ұлттық-демократиялық зиялы қауым кеңес өкіметі мен коммунистік идеологияға қарсы күресті рухани салаға ауыстырып, күрестің «бейбіт» жолдарын таңдады. Күрестің бұл жолын Ақаң олардың көбінен бұрын 1919 жылдың көктемінде таңдап алған еді. -
20-жылдардың басында елде қалыптасқан жаңа саяси жағдайда Кеңес мемлекетін мекендеген түрік тілдес, мұсылман діндес халықтардың ұлттық-демократиялық интеллигенция көсемдері (Қазақстанда - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Башқорстанда Заки Валиди Тоған Татарстанда Мирсаид Сұлтанғалиев, т. б. ) халықты күннен күнге күшейіп келе жатқан билеуші режимге, қарулы күреске шақыру қажетсіз тіпті зиянды леп санады. Сондықтан да Кеңес өкіметінің білімді, оқыған ұлттың кадрларға аса зәру екендігін ескере отырып, олар өз өкілдерін мемлекеттік басқару жүйеге енгізу және сол арқылы халыққа идеялық ықпал жасау, Ұлттық мүдделерді қорғау құралдары ретінде оқу-ағарту, мерзімді баспасөз, ғылыми орталықтар, әр түрлі салалардағы баспа орындарын кеңінен пайдаланудың ауқымды шараларын 20-жылдардың алғашқы сегіз жылында (өздері жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырай бастағанға дейін) жүзеге асырды.
Ахмет Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санады. (ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің архиві. )
20-жылдардың басында (1920-1923 жж. ) А. Байтұрсынұлы, жоғарыда айтылғандай, Казақстанның оқу-ағарту комиссары, Мұхтар Әуезов Қазақ автономиялы Республикасының Орталық Атқару комитетінің саяси хатшысы, жекелеген алашшыл азаматтар "Қазақстан мен Түркістан АССР-нің мемлекеттік басқару жүйелерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықпалымен Алаш қозғалысының мүшелері баспасөз, оқу-ағарту, ғылым, өнер жүйелерінде басшылық етіп, айтарлықтай лауазым иелері болды. Соііымен ^атар олар гылым, эдебиет, енер салаларында шыгармашылық жүмыспен шүғылданды.
Әлихан Бөкейхановтың Ңазаіістанда түрып, ңызмет атқаруына мүмкіндік болмай, Москвага ауып кеткен жагданында Қазақстандагы күннен-күнге бел алып келе жатдан акімшіл-әміршІА мемлекеттік билікке қарсы рухани күрестің көсемінің рөлін Ахмет Байтүрсынүлы атқарды. Осының натижесінде І921-1928 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытушы», «23 жоқтауы» (құрастырушы), Телжан Шонановтың «Қазақ жер мәселесі тарихы», Көшке Кемеңгеровтың «Қазақ халқының тарихы», К, Сатбаев құрастырып, өзінің алғы сөзімен шығарған «Ер Едігенің» ңұсқасы, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», «Қилы заман» мен «Қараш-қарашы», X. Досмұхамедовтың «Аламаны» мен «Исатай-Махамбеті», Мұқаметжан Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз
қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдеби-
етте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты
шығармасы "Абай жолы" романында жүзеге асты.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен
толғаған "Абай жолы" роман - эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке
дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған . Дегенмен, ескі жұртта әлі де көп естелік бар-ды. Абай заманының сан-салалы сырларын, дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз - әңгімелерді даланың жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мың құбылтып жеткізген. Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары. Әйгерім, ұлы - Тұрағұл, інісі - Шәкәрім, шәкірттері - Көкбай, Қатпа, Баймағам беттер. Көп нәрсенің түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек болған. Ел аузы Қамқа мен Қодар нәпсі үшін қылмысқа барған деседі. Абай үш әйел алған кісі:
Ділда, Әйгерім, Еркежан.
Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен - cарындар жал
ғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған,
қазақ тілінің адам психолгиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі
орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін
мол мүмкіндіктері ашылған. М. Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz