16 Желтоқсан «Тәуелсіздіктің бағасы»


16 Желтоқсан «Тәуелсіздіктің бағасы»
Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.
Себептер
Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы. ” (құрастырылған Т. Өтегенов, Т. Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы - ел намысы” жинақтары, К. Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т. Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х. Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т. Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [1]
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Көтеріліс хронологиясы
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л. И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын - 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8, 5 мың адам ұсталған) . Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е. Сыпатаев, С. Мұхаметжанова, К. Молданазарова, Қ. Рысқұлбеков, М. Әбдіқұлов, Л. Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 - 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т. б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Куәгерлердің естеліктері
Тарихи маңызы
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
Әр халықтың ұлттық тарихи тағдыры яғни ұлттық ар-намысы, құқықтары мен мүддесi, өзiндiк бет-бейнесi болады. Егер ұлт ретiнде өзiнiң тарихи тағдырын ұлт талабына сай қорғай бiлмесе, ол халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ. Үстiмiздегi жылы желтоқсан айында халқымыз екi ұлы мерекенi: Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын және 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығын атап өтедi.
Алғашқы тарихи күндi әдетте бiз өз деңгейiнде атап келемiз. Ал тарих толқынындағы елеулi желтоқсан көтерiлiсiне деген көзқарас әлi де нақтыланбай келедi. Турасына көшсек, сол баяғы кеңестiк жүйе жағдайындағы көзбен қараймыз. Желтоқсан қайраткерлерi өз халқының дербестiгi мен тәуелсiздiгi жолында намыс отын алаулатып, лайықты үн қата бiлсе де, рухани бұл күрескерлiк, ерен ерлiк өз деңгейiнде бағаланбай отыр.
Осы жылдар iшiнде желтоқсан көтерiлiсiнiң қасiретiн ғана айтып келдiк, ендiгi жерде оның шынайы мәнiн яғни, отансүйгiштiк пен қаһармандық туралы айтатын кез келдi.
20 жылды тұтас бiр тарихи кезең деуге болады. Халқымыздың сана-сезiмi оянған. Желтоқсан оқиғасына демократиялық және халықаралық стандарттар бойынша саяси әрi құқықтық тұрғыдан жаңаша нақтылы, әдiлеттi баға беру қажеттiгi талай рет мәселе ретiнде көтерiлдi, әзiрше қозғалыс байқалмайды.
Кезiндегi кеңестiк жүйенiң ойдан шығарылған айыптауы әрi жалған бағасы бiздiң көпұлтты халқымыздың арасына iрiткi сала алмады. Бүгiнгi күнi оған көптеген дәлелдер бар.
Желтоқсан көтерiлiсiнiң қаншалықты қатыгездiкпен басып-жаншылғаны белгiлi. Қазақ елiнiң ар-намысы, тәуелсiздiгi мен мүддесi үшiн ондаған мың жiгiттерiмiз бен қыздарымыз жаппай ерлiк көрсете бiлдi. Көтерiлiс тек Алматы қаласында ғана емес, Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де ашық, кей жерлерiнде жасырын түрде болып өткенi ақиқат.
Қазақстанның нағыз патриоттары, сондай-ақ, Н. К. Фокина, М. Т. Дауранов, А. Княгинин, Г. Ким, И. Дуберман, В. Каро-Мадэ сияқты өзге ұлт өкiлдерi және 5 жылға бас бостандығынан айырылған ұйғыр ұлтының өкiлi А. Рузиев көтерiлiсшiлер жағына шықты.
Қаншама қыршын ұл-қыздарымыз түрмелерге жабылып, бас бостандықтарынан айырылды, қуғын-сүргiнге ұшырады. Қаншамасы мүгедек болып қалды, тiптi кейбiреулерi өмiрлерiн құрбан еттi.
Бұл жөнiнде Конституциялық Кеңестiң материалдарында бұлтартпас дәлелдер жеткiлiктi.
Сiз жазықсыз жазаланған, әртүрлi мерзiмге бас бостандығынан айырылған желтоқсан күрескерлерiн өз үкiмiңiзбен ақтап шығардыңыз. Бұл оқиғалардың белсендi қатысушыларының бiрi - Қ. Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағын берiп, оның ерлiгiн тиiсiнше жоғары бағаладыңыз.
Бұл бағаны халқымыз Сiздiң тарихымызға жасаған шыншыл да әдiлеттi бағасы деп түсiнедi, бiледi.
ҚОНАЕВТЫ ОРНЫНАН АЛУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ӘРЕКЕТІ
Желтоқсан оқиғасы жөнінде КГБ генералдарымен сөйлесу аса қиынға соқты. Кейде, тіпті, мүмкін болмады. Әрі ол генералдар сол бір сын сәтте - 1986 жылы Қазақ ССР КГБ-сының төрағасы лауазымында отырған Виктор Мирошник туралы да айтқысы келмейді.
Виктор Мирошник 1937 жылы 7 шілдеде дүниеге келді. СССР мемлекеттік қауіпсіздік органдарында 1970 жылдан бастап қызмет етті. Қазақ ССР КГБ-сының төрағалығына дейін Мәскеуде СССР КГБ-сы инспекторлық басқармасының аға инспекторы болған еді.
Виктор Мирошник Қазақстаннан Мәскеуге 1990 жылдың сәуірінде қайта оралды. Бұл жолы СССР КГБ инспекторлық басқармасы бастығының орынбасарлығына тағайындалды. Бұл қызметті ол 1990-1991 жылдары атқарды. СССР ыдырағаннан кейін Виктор Мирошник Ресей Қауіпсіздік министрлігі жедел қызмет штабының бастығы болды. 1994 жылы осы қызметтен отставкаға жіберілді.
Виктор Мирошниктің Қазақстан КГБ-сының төрағалығына тағайындалуы СССР КГБ-сының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерлерінің бірі Аркадий Яровойдың «Прощай, КГБ» деректі повесінде суреттеледі.
Аркадий Яровойдың айтуына қарағанда, Виктор Мирошник - жігерлі басшы, көпшіл адам. «Өзгелер секілді ол инспекторлықта, яғни генералдардың «ұстаханасында» полковник шенінде жұмыс істеп, генералдық шенм ен ірі лауазымды иеленер сәтін күтіп жүрді. Сол сәт ақыры жетті! Мирошникті СССР КГБ-сының басшылығы шақырып алды. Бірақ оған Қазақстан КГБ-сы төрағасының бірінші орынбасары лауазымы ұсынылатынын біліп отырғанбыз. Өйткені бұл қызметті атқарып жүрген генерал Перебойносов орталық аппарат қызметіне ауысып, орны бос тұрған еді», - деп жазады Аркадий Яровой.
Аркадий Яровойдың сөзіне қарағанда, Виктор Мирошникті әуелі осы лауазымға бекіткен. «Алайда, - дейді ол, - Қазақстанға аттанар алдында Мирошникті күтпеген жерден СССР КГБ басшылығы шақырып алды да, оны Қазақстанға КГБ төрағасының орынбасары емес, осы республика КГБ-сының төрағасы етіп қайта бекітіп жіберді».
Іс мұнымен де бітпеген. «Полковник Мирошник республика КГБ-сының төрағасы лауазымын иеленді. Ал бұл қызметте генерал-полковник шеніндегілер ғана отыратын, сондықтан оған бірден генерал-майор шенін берді. Республика КГБ-сы төрағасы өзінің қызмет мәртебесі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі мен СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына автоматты түрде кандидат болып саналатын. Оның үстіне Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бюро мүшесі Мирошник бірер күндерден кейін ашылатын КПСС съезіне делегат болып шыға келді», - деп жазады Аркадий Яровой.
Аркадий Яровойдың ойынша, Виктор Мирошниктің бұлайша тағайындалуы кездейсоқ емес. «Қазақстанға дәл осы Мирошник сияқты адам керек еді . . . Мұндай лауазымдарға мейлінше сенімді, тәжірибелі және чекистік ісіне берілген адамдарды жоғарыда отырған жолдастардың ұсынуымен ғана жіберетін, әрі олар өз ұсыныстары үшін жауап беретін», - деп суретейді Аркадий Яровой Виктор Мирошниктің жеке басының қасиеті жайлы.
Аркадий Яровой Қазақстандағы жағдайды да, яғни Виктор Мирошниктің аяқ астынан Қазақстан КГБ-сының төрағасы болып шыға келуін де шола кеткен. Ол КПСС ОК Саяси бюросында Дінмұхамед Қонаевты Қазақстан компартиясы бірінші хатшысы қызметінен тайдырып, орнына «сырттан рулық, кландық байланыстары жоқ адам тағайындау» жөнінде шешім қабылдағанын айта келе, «осыған орай республика КГБ-сының төрағасы лауазымына Мәскеу өз адамын отырғызуды жөн көрген болар» деп ұйғарады Аркадий Яровой.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz