XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс

1. Саржан Қасымұлы

2. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы

3. Жоламан Тіленішұлы

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде -ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды.

Қозғалыстың бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек.

Кенесарының көтерілісіне қазақтың басты руларының бәрі қатысты. Оны ресми архив деректерінен алып, әлі де болса толық емес мәліметтер негізінен өзіміз жасаған төмендегі кестеден анық байқауға болады .

Кестеде жекелеген рулар мен олардың тармақтарының аттары, олардың көтеріліске қатысқан жылдары көрсетілген. Олар Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар рулары Кенесарының қол астына біріккен 1838 жылдан бастап қатысады. Қазақ руларының 1838 жылғы қозғалысқа, яғни күрестің бастапқы кезеңіне қатысуы туралы мәліметтердің тым шашырандылығы себепті біз тиісті деректерді сол жылға арналған очеркте береміз. Кестегеқатысты ескертулерде аталған рудың көтеріліске қатысқанын растайтын жеке адамдардың куәландыруларын, чиновниктер көрсетінділерінің осы жөн-ау деген тұстарын және Кенесары жақтастарының айғақтарын келтіреміз. Міне, осы себепті қыпшақтар, мысалы, 1838, 1839, 1841, 1844 және 1845 жылдары аталып өтіледі, ал 1842 - 1843 жылдары олардың қозғалысқа қатысуы туралы мәліметтердің біздің қолымызда жоқтығынан бұл кезең үшін кестеде көрсетілмеген. Мүмкін олар күресті жалғастырған да болар, бірақ олардың сол жылдардағы күресі қолға түскен деректерде байқалмады.

1. Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825-1836 жылдары)

Қазақтардың 1773- 1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билік жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша үкіметінің билеп-төстеу саясатын ойдағыдай іске асыра алмады. Бұл жағдай билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Патша үкіметі 1822 жылы Орта жүзде «Сібір қазақтары туралы» Жарғы енгізу арқылы хандық билікті жойды. Біріншіден , бұл патшалық реформа дәстүрлі билік құрылымдарын бұза отырып, қазақ қоғамындағы бұрынғы қайшылықтарды одан әрі тереңдете түссе, екіншіден , Ресейдің әскери-әкімшілік отарлауына кең түрде жол ашып берді. Орта жүзде хандық жүйенің жойылуы және Қарқаралы (1824 жылы) , мен Көкшетау (1824 жылы) округтерінің ашылуы және т. б. әскери-әкімшілік шараларға қарсы күресті Абылай ұрпақтары бастады. Оның басында тұрған Қасым сұлтан Абылайұлы және оның балалары ( Саржан, Есенгелді, Кенесарылар жиырма жылдан астам уақыт бойы патшалық тәртіпке карсы табанды күрес жүргізді. Абылай ұрпақтарының қолдауына сүйене отырып, үкіметке қарсы наразылықты бірінші болып, Көкшетау округінің аға сұлтаны Ғұбайдолла Уәлиұлы ұйымдастырды. Алайда патша үкіметі Ғұбайдолланы тез қолға түсіріп, Сібірге жер аударып жібереді. Дегенмен Шыңғыс ұрпақтары бастаған қарсылық қозғалыстар одан әрі өрби түсті. Осы кезеңде ( Саржан Қасымұлы басқарған Қарқаралы округінде де 1825 жылдың көктемінен бастап үкіметке қарсы толқулар басталды. Бұл толқулардың мақсаты - Абылай ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату, округтік приказдардың көзін құрту еді. Саржан өзінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, өкіметке қарсы күресуге үндеу тастады. Ұлғайған халық наразылығын басуға Батыс Сібір генерал-губернаторы П. М. Капцевич жазалау қосынын жасақтады. Карбышев бастаған 200 қазақ жасағы Қарқаралы округінің Қарпық болысына жіберілді. 1825-1826 жылдар жазалаушы күштер мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыстармен өтті. Саржанның қол астына Көкшетау округінен Шыңғысұлы Сартай сұлтан бастаған топтар келіп қосылды. Саржанның қол астында сұлтан Абылай Ғаббасұлы, жас сұлтан Кенесары Қасымұлы да өз сарбаздарымен соғыс қимылдарын жүргізді. Патша әкімшілігі болса өз тарапынан бүлікшіл сұлтандардың іс-әрекетін бақылай отырып, мүмкін болған жағдайда қолға түсіріп, әскери соттың құзырына беру керек деп шешті. Үкімет көтерілісшілерді жазалау үшін олардың ізіне түсетін ірі қазақ жасақтарын қырға шығаруды кейінге қалдырды. 1827-1830 жылдары көтеріліс Ұлытау өңіріне тарады да, жаңа құрылған округ аумағын наразы топтар тастап шықты. Ал патша үкіметі қазақ даласында округтер ашуды жалғастыра берді. 1826 жылы Баянауыл, 1832 жылы Ақмола, 1831 жылы Аягөз (Сергиополь) округтерін негіздеу арқылы Орталық Азия иеліктеріне жақындай түсті. Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ қоғамы тағы да өз ішінде өзара қарсы топқа бөлінді. Қарқаралы округінің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысұлы Саржанның әрбір қимылын Омбы әкімшілігіне хабарлап, қарсы көмек жіберуді өтінумен болды. Ал Саржан бастаған көтерілісшілер өз кезегінде отаршыл әкімшілікті қолдаған сұлтандармен күресе жүріп, орыс керуендеріне алым-салық төлетіп, разьезд бен бекеттерге шабуыл жасады. Бұған қосымша Саржан сұлтан және оның жақтастары Қоқан хандығымен байланыс орнатады. Солтүстіктен келе жатқан қауіпке бірігіп күресуге бел шешіп кіріседі. Алайда қырға шыққан патшалық жасақтардың қимылы да қарқынды бола түсті. Патша әскерлерінің қысымымен Саржан Орта жүзді тастап шығып, Ұлы жүз иеліктеріне келеді, осы жақтағы шашыраңқы қазақ күштерін өз жағына тартуды көздейді. Саржанның бұл әрекеті Қоқан билеушісін алаңдатпай коймады. 1836 жылы жазда Ташкентте Саржан сұлтан және оның інілері Ержан, Есенгелділер опасыздықпен өлтірілді. Саржан көтерілісінің саяси мазмұны бұған дейінгі көтерілістерге қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай хан ұрпағы ретінде Қазақ хандығын қайта қалпына келтіруді мақсат тұтты. Саржан Қасымұлы өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күрес бір сәт те толастамады. Саржаннан кейінгі он жылға созылған күресті Саржанның кіші інісі Кенесары одан әрі жалғастырып әкетті. Саржан бастаған Орта жүздегі көтеріліс алдағы келе жатқан жалпыұлттық азаттық қозғалыстың от жалынының тек ұшқыны іспеттес еді.

2. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы

Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) - батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.

Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.

Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді.

ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында тарих сахнасына шыққан Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісі орыс отаршыларының озбырлығынан бір мысқал да кем түспеді. Қазақтар осы кезеңде үш оттың ортасында қалды, бір жағынан орыстар бекіністер салып, қазақтың шұрайлы жерлерін басып алып жатса, екінші жағынан қоқандықтар күш көрсетті. Үшінші жақтан хиуалықтар тықсыра бастады.

ХІХ ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстан тарихының маңызды шебі ретінде белгілі болды. Өлкенің әлеуметтік - экономикалық жағдайында Қазақстанның кейбір аудандарының жалпыресейлік рынокқа тартылуына байланысты экономикалық дамуы арта түскендігі байқалды. Әйтсе де Қазақстанның саяси жағдайы бұл кезеңде тұрақсыз болды. Сырдария жағалауларындағы аймақтарды мекендеген қазақ халқының жағдайы мейлінше ауыр еді. Ресей империясының экспансиялық (кеңеюшілік) ұмтылысының (1853 ж. В. Перовский Ақмешітті басып алған болатын) күшейе түсуі, сондай-ақ Хиуа хандығының агрессивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаммедұлының қолбасшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. Шекті руы басшыларының бірі Жанқожа өзінің сирек кездесетін сапалық қасиетімен қарапайым еңбеккер арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөлейді. Өз дегенімен істейтін әрі өктем басқарушы Жанқожа сол уақытта Сырдария бойы қазақтарының негізгі бұқарасын құрайтын егінші қазақтар өте күшті отаршылық езгіге дұшар етілгенін түсіне бастады. Басты мәселенің бірі - жер мәселесі еді. Ақмешіт басып алынғаннан кейін Сырдария әскери желісі құрылды. Ол желіге қазақ халқының иелігіндегі көлемді жерлер казактар мен келушілерді қоныстандыру үшін бөлініп берілді. Ал қазақтардың өздерінен үйді - үйлері бойынша салық алынып отырды. Бұған қоса олардың мойнына тағы да көптеген жұмыстар жүктелді. Олар - жолдарды дұрыстап ұстау, көпірлер салу, белді арықтарды тазалау сияқты істер болатын. Көлік түріндегі борыш бойынша қазақтар әскери желі бастығының талап етуімен әр түрлі жұмыстар үшін жүйелер бөліп, отыруға, бекіністер салуға адамдар шығаруға және құрылыс материалдарын тасу үшін көлік күшін беруге міндетті болды. Соның өзінде мұндай борыштарды орындау көбінесе науқанды жұмыстармен тұспа - тұс келіп, егіншілерге өте қымбатқа түсетін. [9] Бір жағынан хиуалықтардың озбырлығы, екінші жағынан қазақтардың жерлерін орыстардың басып алушылығы бұл отарлық езгіге қарсы ашық көтеріліске шығуға дұшар еткізді. Әрине, көтерілісшілер өздерінің мұндай бақытсыздықтарының басты кінәлілері Қазалы форты деп ұқты және сондықтан олардың қимылдары бірінші кезекте патша әкімшілігіне қарсы бағытталды, ал көтерілісшілердің басшысы сол кездері 90 жастан асқан Жанқожа Нұрмұхаммедұлы болды. Сонымен, көтерілістің тууының негізгі себебі: Орынбор әкімшілігінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдалануда, сондай-ақ патша режимінің қоныс аудартушылық саясатында жатты.

3. Жоламан Тіленішұлы

XIX ғасырдың 20-30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды. Жер үшін, тартып алынған жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмұнына айналды. Осы жылдары Жаңа Елек әскери шебінің құрылуы барысында 7-10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде құрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден тұрды. Үкімет бұл жерлерге Орал, Орынбор орыс-қазақтарын, шаруаларды көшіріп әкеліп қоныстандырды. 1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды.

Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822 жылдан бастап патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шұрайлы жайылымдарға өткізбеді.

Жоламанның әкесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датұлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек, көтерілістер арасындғы ұрпақтар сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп те батырлардың, азаттық күрес көсемдерінің ұрпақтары ретінде олар бастаған күресті одан әрі жалғастырып әкетті. Жоламан Тіленшіұлымен бірге табын руының батырлары Дәуіт Асауұлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған шекті руының батыры Есет Көтібарұлы келіп қосылғандығы мұрағат деректерінен белгілі.

Жоламан батыр тархан атағы бар табын руының басшысы бола жүріп, патша үкіметінің алдында қазақтардың құқын қорғауға кіріседі. Басында Орынбор губернаторы Эссенге 1822-1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, әділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі - жерін бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындығына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді.

Ор-Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ығысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиыншылық көрді.

1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп, оны табын, тама, жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымұлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке ұмтылды. Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды. Ол қырға ішкерілеп еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді.

Ал 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан әрі өрши түсті.

1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды.

Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық әкімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады. Орта жүздегі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан
Қазақстан жаңа заман тарихы
Басқа ұлттық қозғалыстардан алған үлгі
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнінен
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz