Ғылыми мекемелер және қоғамдардың құрылуы


Ғылыми мекемелер және қоғамдардың құрылуы
19 ғасырдың аяғында қоғамның көптеген өкілдері жергелікті жерлердегі кең-байтақ Қазақстан кеңістігін зерттеу жөнінде алға қойған міндеттерді атқара алмай отырғаны белгілі болды. Сөйтіп күн тәртібіне, бөлімдер құрамына бөлімшілер ашу туралы мәселе қойылды. Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесі ашылуы осылай дайындалды. Өлкені зерттеу ісіне қосқан үлес сондай - ақ өзінің ғылыми практикалық жұмысы бойынша ол Қазақстанның шығысындағы асма ірі ғылыми мекемеге айналды. Бұған біріншіден айдауда жүрген зиялылардың көптеп шоғырлануы ықпал етті. Екіншіден Семейдің өкілдері ірі экономикалық -мәдени орталыққа айналуы себеп болды. Ғылыми іздестіру жұмысын жүргізген көптеген ғалымдар географиялық қоғамның жұмысынан қол үзбеді. Негізінен алғанда бұлар географаттар және басқа да жаратылыстану ғылымы пәндерінің өкілдері болатын. Олар географиялық ғылымның одан әрі дамуына және сол кездегі жаратылыстанудың жалпы ағында одан мамандандырудың ой елегінен тереңдете өткізді. Ғылыми ізденістердің алуан түрлі болуы жөнінде көп мөлшерде бағдарламалар мен нұсқаулар таратты. Олар 1500 ал кейде 6000 дейін жетті. Ал ауыл зиялыларына түсінікті тілмен жазылды. Сонымен бірге ол өз кезіндегі ғылыми жетістіктер деңгейінде жасалып елдің әр түрлі мекендеріне жіберілді. 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап, 1917 жылға дейін Қазақстанды тікелей географиялық, биологиялық және басқа зертеулер және де көптеген нұсқаулар мен бағдарламар жасады. 20 ғасырдың басында Ресей бұратаналарының әлеуметтік және экономикалық жағдайына деген ғылыми ынта ықылас өсе түсті. Қоғам қызметінің аса маңызды бөлігі экспедициялық жұмыс болды. Географиялық қоғам көп мөлшерде ұйымдастырылып, өткізілген экспедициялар орыстың географиялық ғылымын дүние жүзіне әйгілі етті. Екінші экспедицияда 1892 жылы Оралдан арғы далаға барды. Ол тек ғана іздестірушілік сипатта болды. Оның негізгі мақсаты теміржол құрылысы бойынша йфизикалық-географиялық, геологиялық, экономикалық және арнаулы ғылыми зерттеулер жүргізу еді. Экспедицияның міндеті, Жайық өзені, Каспий және Арал теңіздері арасындағы ұлан-байтақ кеңістіктерді және Орал қаласын жалғастыратын темір жол салудың ықтималдығына байланысты жан-жақты ғылыми зерттеулер еді. 20 ғасырдың басында көптеген қазақ зиялылары орыс географиялық қоғамы жергілікті бөлімшелерінің жұмысына белсене араласты. Мысалы, көрнекті қазақ жазушысы Шәкәрім Құдайбердиев Семей бөлімшесіне материялдық қолдау жасап, оның отырысына қатысты. Сол бөлімшеде Әлихан Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты. Ә, Бөкейханов орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің белсенді қайраткерлерінің бірі. Және басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Ә. Бөкейханов орыс географиялық қоғамында оның Батыс Сібір бөлімінде өзнің ғылыми ынта-ықыласын толық көрсете білді. Ол сол кездегі қазақ халқы өмірінің терең ғылыми көрінісін жасады. Орыс халық оқырмандарына Абайдың өмірі және қызметімен тұңғыш рет таныстырды. 1914 жылы Абайдың қайтыс болған күніне арналған ғылыми жиналыс болды. Оған орыс географиялық қоғамы қатысты. Осының бәрі қазақ жастарының ғылыми жұмысқа өте тез ынта қойғаны және қоғам өміріне белсене араласқанын дәлелдейді. Қазақ халқының тарихи өткенін зерттеу жөнінде Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы зор жұмыс атқарды. Ғылыми мұрағат комиссиясы ғылыми мекемеге айналды. 1887 жылы желтоқсанда 25 адамнан тұратын Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы құрылып жұмысын бастады. Өлкені зерттеу туралы қалалардағы кітапханаларда материалдар, кітаптар болмаған. Қиыншылықтарға қарамастан бұл ғылыми жұмыс қызу жүргізілген. Түркістан өлкесін зерттеу бөлімінің 20 жылдығына арналған жиналысқа 1917 жылы бай кітапхана жинақталып пайдалнуға берілді. 20 ғасырдың басында зиялылар халықтық оқулар ұйымдстыру жөніндегі салауаттылық қоғамының ашылуы туралы шешімді зор жігермен қарсы алды. Қазақстанды зерттеу жөніндегі әртүрлі ғылыми мекемелердің саны қырлы қызметіғылым тарихын зерттеу нысанасына айналды. Ғылымтану Қазақстандағы және Қазақстан туралы ғылымның қалыптасуы тарихының көптеген мәселелерімен дәйектеуде нысаналы түрде айналысып келеді. Сонымен Қазақстан ғылыми зерттеудің аса ірі объектілерінің біріне айналды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан ғылымының дамуы, оған ат салысқан ғалымдар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдің құрамына қосылған ұлт аудандары да соның ішінде Қазақстанның жағрапиясын, тарихын, экономикасының, этнографиясын, минерал қорларын зерттеу үшін ғалымдар мен саяхатшылар қаптап ат салысты. Көрнекті орыс ғалымы П. П. Семенов - Тьян-Шанский және басқалар Қазақстанмен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулері мен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлестерін қосты. Қазақстан жерінде алғашқы құрылған ірі ғылыми жағрапиялық қоғам. 1868 жылы қоғам Орынборда ұйымдастырылды. Оның қызметіне орыс саяхатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Т. Н. Потанин белсене қатысты. Ол Ш. Уалихановтың замандасы және досы. Шоқан 1858 - 1859 жылы Шығыс Түркістанда болып, ондағы қазақтар мен тарихын мен этнографиясын және қырғыз еліндегі сапары туралы, олардың тарихын қазақ тілінде жазды. Оның қазақ халқына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес қосты. Қазақстанда ХІХ ғасырдың 60-жылдарында халықтық мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, қазақтың жазба әдебиеті мен және тілінің негізін салушылардың бірі Ыбырай Алтынсарин. Ол қазақ қыздарын өнер білімге кеңінен тартты. 1888 жылы қыздар мектебін ашты. Ол Ырғызда ашылған ағартушы ғылымының дамуына өз үлесін қосты.
Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі ғылымның дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz