«Балапан» бағдарламасының ПАСПОРТЫ



Кіріспе
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің ағымдағы жай.күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
6 №11 «Ертөстік» ясли.бақшасының мектепке дейінгі жастағы «Бүлдіршін қыз» бағдарламасы
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.
Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.
1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Жалпы, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.
Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142,1 мың орындық 2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша.
Бүгінгі күні республикада 4972 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2003-і балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38,7 %-ын құрайды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 260 мыңнан астам бала тұр, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 147 084 мың бала.
Елдегі демографиялық процестер – республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің өсуін айқындайтын бірден бір фактор; 2008 жылдан бастап балабақшалардан орын күтушілер саны 20,8 мың балаға өсті.
Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы: 1990 - 1999 жылдарда туудың төмендегенін, ал 2000-2010 жылдары бала туу орташа есеппен 13 мың адамды көрсетті, ол кейіннен мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегі жылына 5-7 %-ға өскенімен негізделеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Бағдарлама дегеніміз – алда атқарылар жұмыстардың нақты іс-жоспары, алға
қойған мақсатқа қол жеткізетін құрал. Соқамыз сай болмаса, егін еге
алмаймыз, кетпен-күрегіміз сай болмаса, бау-бақша өсіре алмаймыз. Демек,
бағдарлама жан-жақты сауатты жазылуы керек.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі
2010 – 2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 28 № 488
қаулысымен бекітілген
 
 
 
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі
2010 – 2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасы
1. Балапан бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
2. Кіріспе
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі
Балапан бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын
және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.
Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік
мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен
70 %-ын қамтыды.
1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868)
оңтайландыру кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған.
Жалпы, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін
азайды.
Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта
жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы
балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142,1 мың орындық 2557 мектепке
дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша.
Бүгінгі күні республикада 4972 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2003-і
балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160
адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38,7 %-ын құрайды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 260 мыңнан
астам бала тұр, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 147 084 мың бала.
Елдегі демографиялық процестер – республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардан
орын алу кезегінің өсуін айқындайтын бірден бір фактор; 2008 жылдан бастап
балабақшалардан орын күтушілер саны 20,8 мың балаға өсті.
Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы: 1990 - 1999 жылдарда
туудың төмендегенін, ал 2000-2010 жылдары бала туу орташа есеппен 13 мың
адамды көрсетті, ол кейіннен мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегі
жылына 5-7 %-ға өскенімен негізделеді.
Бағдарламасы елдегі мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық деңгейін
төмендету жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды, мектепке дейінгі білім
беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
 
 
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдау
Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай
баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін
тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.
Азаматтар мен отбасыларын әлеуметтік қолдауды реттейтін заңнамалық база
жетілдірілуде. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз
ететін нормалар қабылданды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында
2008 жылы Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті
білім беру стандарты әзірленді және бекітілді.
Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім
беру стандартының танымдық саласын іске асыру мақсатында білім беру
процесінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден
астам әдебиеттер пайдаланылады.
Сөйлеу, ойлау қабілеттері, еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған және
дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық
және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзірленді
және сынақтан өткізілді.
Балабақшаға бармайтын балалар үшін үй жағдайларында мектеп жасына дейінгі
балалардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған Язык детской игры атты
білім беру курсы әзірленді. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгі
ережесі, үй тәрбиесіне қолдау көрсету мақсатында Ата-аналарға арналған
консультациялық пункттерді ұйымдастырудың үлгі ережесі, Отбасылық бала-
бақшаның, Мектеп – балабақша кешендерінің, мектеп жасына дейінгі бала-
ларға арналған тузету және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін
ұйымдастырудың үлгі ережелері жасалды және Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың қазіргі жағдайларында
көбінесе педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесі қаншалықты
тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.
Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында қазіргі уақытта 29,8 мың адам
жұмыс істейді, оның ішінде жас педагог қызметкерлер – 8,3 (27,9 %).
Балабақшалардың педагог қызметкерлерінің білім беру деңгейі соңғы жылдары
күшейту үрдісіне ие: 54,4 %-ының жоғары білімі бар, 3,6 % – аяқ-талмаған
жоғары, 40,7 % - арнайы орта, 1,3 % - жалпы орта.
Педагог қызметкерлердің орташа жасы – 35 – 40 жас.
25 жоғары оқу орнында және 31 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу
орнында (бұдан әрі -ТжКБ) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы
бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша ТжКБ біті-рушілерінің
саны өсуде. Мәселен, 2006 жылы 349, 2007 жылы - 528, 2008 жылы – 705, 2009
жылы - 750 маман даярланды. 2010-2014 ж.ж. ТжКБ оқу орындарының күтілетін
бітірушілер саны 5884 адам.
2008–2009 жылы жоо бітірушілері 742-ні құрады. 2009 – 2010 жылы 717 адам
бітіреді деп күтілуде.
Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық бітірушілері заңнамаға сәйкес
медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі
ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға арналған медбикенің 1,5 ставкасы
және диеталық бикенің 0,5 ставкасы көзделген. Баланың табиғи және
психикалық денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын
және физиотерапия кабинеттері бар ұйымдарда дәрігер лауазымының бір штаттық
бірлігі көзделген.
2010-2014 жылдары медициналық колледждердегі медбикелердің күтілетін
бітірушілер саны 720 адам, бұл 2010-2014 жылдары мектеп жасына дейінгі
оқушыларға медициналық қызмет көрсетулерге арналған кадрларға деген
қажеттілікті қанағаттандырады.
Бұдан басқа, шағын орталықтардағы, қысқа мерзімде болатын топтардағы мектеп
жасына дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету алғашқы медициналық-
санитарлық көмек көрсетудің (МАСК) аумақтық ұйымдарында жүзеге асырылатын
болады.
Қазақстан балаларының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту құқығы мынадай
мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі үлгілерімен және түрлерімен қамтамасыз
етіледі:
балабақшалар;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы ұйымдар;
мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталықтары;
дамыту орталықтары;
қысқа уақытта келу (кешкі, демалыс, мерекелік) және басқалар.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру үрдісі
байқалуда: соңғы 4 жылда аталған көрсеткіш 27,6 %-дан 38,7 %-ға өсті.
Мемлекет мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке меншік
жеткізушілердің қызметін қолдау шараларын қабылдауда. Қызылорда, Жамбыл,
Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру практикасы бар.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша еліміздегі 6770 елді мекеннің 4691-інде, немесе 69 %-ында,
мектепке дейінгі ұйымдары жоқ. Аталған факт білім беру ұйымда-рын ашу үшін
балалардың жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
2006 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың бір түрі ретінде шағын
орталықтар құрыла бастады, бүгін де 2969 шағын орталықта 75 872 бала тәрби-
еленуде.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығын азайту жөнінде 2009 жылдың аяғында
қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткішін 37-ден 38,7 %-ға дейін
арттыруға мүмкіндік берді: республикада қосымша 17 155 орынға арнал-ған 404
мектепке дейінгі ұйым қосымша іске қосылды.
271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар мектеп алды дайындықпен қамтылды.
6430 жалпы білім беретін мектептің базасында 10754 мектепалды сынып
ұйымдастырылды, онда 168,7 мың бала оқуда. 1271 балабақшада 102,6 мың
балаға арналған 3480 мектепалды топ ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілдегі мектепке дейінгі ұйымдарды құру қамтамасыз етілуде, ал
ұлттық топтардың шоғырланған жерлерінде - олардың ана тілдерінде.
940 (46,9%) мектепке дейінгі ұйымда білім процесі қазақ тілінде жүзеге
асырылады, 260-ында (13%) - орыс тілінде, 801-інде (40%) - қазақ және орыс
тілдерінде, 2-інде (0,1%) - өзбек тілінде.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес балабақшаға
3 жастан бастап қабылданады.
Әлемдік тәжірибе мектепке оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланы
дамытудың 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы кезеңі болып табылатынын
көрсетті. Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ
3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Осындай ұқсас
жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда бар. Данияда мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай бір жарым
жастан 3 жасқа дейін, балабақшалар – 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейінгілер.
Барлық тәрбиеленушілер санынан алғанда Қазақстанның 89,7% мектепке дейінгі
ұйымында -3-6 жастағы балалар, 2-ден 3 жасқа дейінгілер -10,3%.
Республиканың 9 облысының балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс жасайды.
Онда 2 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. 2007-2009 жылдары бөбекжай
жасындағы балалардың саны 1305-тен 942-ге азайды.
Сонымен қатар, елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілік проблемасы
бар. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қажеттілік 1
жастан 6 жасқа дейінгі 260 мыңнан астам бала бар барлық өңірлерде
байқалады. 2007 жылдан бастап балабақшаларға кезек 40 %-ға (185-тен 260 мың
адам) өсті, әсіресе қалаларда толық: әрбір 100 орынға орташа алғанда
республика бойынша 111 адамнан келеді.
Мектепке дейінгі ұйымға орын алу кезегінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар
саны кезектегі балалардың жалпы санының 147084-тін немесе 56,4%-ын құрайды.
Бағдарламаның басты басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған
тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы дайындау үшін
жағдайлар жасау болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру барысында мақсатқа қол жеткізуге кедергі жасайтын
демографиялық процестерге байланысты қауіп-қатерлер туындауы мүмкін.
Демографиялық процестердің оң динамикасы болған жағдайда мектепке дейінгі
ұйымдарға деген қажеттілігі туындайтын немесе өсетін елді мекендердің саны
көбейеді.
Қауіп-қатерлер деңгейін азайту үшін балаларды қамту және мектепке дейінгі
ұйымдар ашуды қаржыландыру үшін жыл сайынғы нақтылау кезінде Бағдарламада
көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын
орналастыру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін жандандыру
қажет.
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны
іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1. Бағдарламаның мақсаты:
Тұрғын халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы
қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.
4.2. Бағдарламаның міндеттері
 
Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектеп жасына
дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ын қамтамасыз ету;
- 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарындағы
мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету;
- республикадағы демографиялық жағдайды және тұрғын халықтың білім алуға
қажеттілігін ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін
ұлғайту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемасын шешу үшін қажетті
қаржылық-экономикалық жағдай жасау;
- мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және
үнемі олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
3.
                    3. Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаның міндеттеріне қол жеткізу мынадай индикаторлар бойынша
көрсеткіштері бар аралық нәтижелерді салыстыру және өлшеу арқылы
анықталатын болады:
мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қосымша ашылатын орындардың саны;
мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамту;
топтардың толықтырылуының орташа көрсеткіші;
5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту;
жоғары және бірінші санатты біліктілігі бар педагог қызметкерлерүлесі..
 
4.
4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
2010 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 89 723 орын енгізіле-ді,
оның ішінде:
34104 орын шағын орталықтарға;
55619 орын заңнамада белгіленген тәртіппен қалпына келтірілген, коммуналдық
меншікке берілген және бұрын сатып алынған жекешелен-дірілген
балабақшаларға.
2011-2014 жылдары 210 905 орын енгізіледі, оның ішінде: 2011 ж. – 84657;
2012 ж. – 58441; 2013 ж. – 38447; 2014 ж. – 29360.
2015 жылға қарай ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1
жастан 6 (7) жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ы қамтылатын
болады, оның ішінде: 2010 жылы – 48 %, 2011 ж. – 55,6 %, 2012 ж. – 60,8 %,
2013 ж. – 65 %, 2014 ж. – 70 %.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың орташа толықтырылуының көрсеткіші
2010 ж. – 29 адамға; 2011 жылы – 28 адамға; 2012 жылы – 27 адамға; 2013
жылы – 26 адамға; 2014 жылы – 25 адамға төмендейтін болады.
2015 жылға қарай мектепалды даярлықпен 5-6 жастағы барлық бала қамтамасыз
етіледі, оның ішінде: 2010 ж. – 88 %, 2011 ж. – 92 %, 2012 ж. – 95 %, 2013
ж. – 97 %, 2014 ж. – 100 %.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары және бірінші санатты педагог
қызметкерлерінің үлесі педагог қызметкерлердің жалпы санынан:
2010 ж. – 23 %-ға; 2011 ж. – 24 %-ға; 2012 ж. – 24,5 %-ға, 2013 ж. – 24,8 %-
ға; 2014 ж. – 25 %-ға дейін өседі.
Жоғары оқу орындарында және кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында
2015 жылға дейін мектепке дейінгі білім берудің 18 мыңнан астам педагог
қызметкерлері даярланады, қайта даярлау курстарынан өтеді және жұмысқа
орналастырылады.
Ата-аналар үшін консультациялық пункттердің желісі дамитын болады, бала
күтушілер даярлау бағдарламасы әзірленеді және үй тәрбиесі практи-касына
енгізілетін болады.
Әрбір елді мекенде, кемінде, бір мектепке дейінгі ұйым болады немесе
мектепке дейінгі тәрбиенің басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін жағдайлар
жасалады.
 
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиісінше
мынадай міндеттер шешіледі:
1-кезең – 2010 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамтуды 48 %-ға қол жеткізу;
2-кезең – 2011 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
55,6 % қамту;
3-кезең – 2012 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
60,8 % қамту;
4-кезең – 2013 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 65
% қамту;
5-кезең – 2014 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 70
% қамту.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқытумен:
1) республикалық және жергілікті бюджет қаражаты және жеке инвестицияларды
тарту есебінен тең құқықтық жағдайларда мектепке дейінгі балалар ұйымдарын
салу;
2) шағын орталықтар ашу, заңнамада белгіленген тәртіппен бұрын
жекешелендірілген балабақшаларды қайтару және сатып алу, меншік нысанына
қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша мемлекеттік
білім беру тапсырысты орналастыру арқылы жекеменшік балабақшалар ашуды
ынталандыру;
3) шағын комплектілі мектепке дейінгі ұйымдар ашу үшін салынып жатқан
тұрғын үй кешендерінің төменгі қабаттарындағы тұрғын үйге жатпайтын орын-
жайларды пайдалану;
4) Жол картасы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін педагог
кадрларды қайта даярлау;
5) 5-6 жастағы барлық балалардың мектепалды даярлықтан өтуіне мүмкіндік
беру арқылы қамтамасыз ету қажет.
Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде жергілікті атқарушы органдар
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарды
құрады және ашады.
Сондай-ақ, әкімдіктер орталық және жергілікті атқарушы органдардың
ведомстволық бағынысты мекемелері алып қойған бұрынғы балабақшалардың
ғимаратында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін оларды босату жөнінде
қажетті шаралар қабылдауы қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығы проблемаларын шешудің тиімді жолының
бірі – меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру.
Республикалық бюджет қаражатынан жеке меншік мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қаржы-ландырылатын
болады. Балаларды ата-аналар төлемінің есебінен тамақ-тандыру шығыстарының
орнын толтыру қағидаты сақталатын болады.
Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік ұйымдары нормативтік-құқықтық
актілермен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің норма-лары мен
ережелерін сақтау кезінде оларға мемлекеттік білім беру тапсырысын
орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті
жеткізушілердің тізбесіне қосылады.
Жергілікті атқарушы органдармен жекеменшік мектепке дейінгі ұйым-дарда
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия (бұдан әрі –
Комиссия) құрылады, Комиссияның қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже)
бекітіледі.
Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін Комиссия Ережеге сәй-кес
конкурстық негізде қалыптастырады. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік білім
беру тапсырысына үміткер жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
ұйымдары қажетті құжаттарды ұсынады, олардың тізбесі Ережемен айқындалады.
Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың тарапынан мемлекеттік білім беру
тапсырысы бойынша орындар санынан ұсыныстары асып кеткен жағдайда қызмет
көрсетудің өнім берушілерін Ережеде айқындалған қосымша өлшемдер бойынша
конкурстық негізде Комиссия айқындайды.
Комиссия 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі бойынша ұсыныстар шығарады.
Комиссия мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін барынша мүмкін
болатын орындар санын көрсете отырып жергілікті атқарушы органға хаттама
ұсынады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін жинақтау
қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері объективтілік пен айқындылықты
сақтай отырып кезектілік тізіміне сәйкес жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы орган мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы қарым-
қатынас шартпен ресімделеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектепке дейінгі ұйым-дарда
орналастыруға арналған конкурсты өткізу тәртібі уәкілетті органның қосымша
ұсынымдарымен айқындалады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына шаққандағы қаржылан-дыру
әдісімен қаржыландырылады.
Бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі және
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін
ата-аналар төлемінің ең жоғарғы мөлшері облыс әкімінің жыл сайынғы шеші-
мімен белгіленеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына қаржыландырылған кезде тапсырыс
беруші мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын
баланың нақты болған уақытына төлейді. Осы ретте ай ішінде дәлелді
себептермен (баланың ауруы, баланың медициналық, санаториялық-курорттық
және өзге де ұйымдарда емделуі және сауықтырылуы, ата-аналарының біреуіне
еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында 2 айға дейінгі мер-
зімде сауықтырылуы) болмаған балалар есепке алынады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы транс-ферттер
арқылы қаржыландырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім
жасайды.
Келісімдерде объектілер мен орындарды енгізу кестесі олардың саны мен
қаржыландыру кестесі арқылы көрсетіледі. Ақша аудару төлемдер бойынша
қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаттарын мақсатты және тиімді пайдалану жөніндегі әкімдіктің
есептілігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне белгіленген нысанда және
белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
Жалпы, Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды іске асыру қосымша 297288
баланы 2003 балабақшаға және 75872 баланы 2969 шағын орталыққа, 300 628
баланы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тартуға мүмкіндік береді.
 2015 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 673 788 бала
қамтамасыз етіледі.
• Комитет туралы
o Комитет туралы Ереже
o Құрылымы
o Басшылық
o Бұйрықтар
o Жоспарлар
o Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 36
Қаулысы
o Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N744
Қаулысы
o МЕТОДИКА оценки эффективности деятельности сотрудников аппарата
Министерства образования и науки Республики Казахстан
o Отчеты о деятельности Департаметов по защите прав детей за 2011
год
• Жаңалықтар
o Жаңалықтар мұрағаты
• Баяндамалар
• Нормативтік құқықтық актілер
o Извлечение из Кодекса Республики Казахстан О браке
(супружестве) и семье (главы об усыновлении и аккредитации
агентств) от 26 декабря 2011 года
o Пресс-релиз к постановлению Правительства Республики Казахстан
от 1 августа 2011 года за № 893 Об утверждении Правил
назначения и размера вы
o Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім
балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
(балаларды) асырап-бағу
o Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға
арналған ақша қаражатын төлеу ережесi
o Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы
o Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсатты беру мүмкіндігі туралы
қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобасы

o Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
o Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және
олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы жобасы
o Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасы
o Қазақстан Республикасындағы патронаттық тәрбиелеу туралы ереже
o Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органдардың қызметін ұйымдастыру ережесі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы
Описторхоз - балық ауруы
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Балалардың ем – дәмдік тамақтануы
Теледидардың бала психологиясына әсері
Қазақстан Республикасы банкiнiң валюталық бақылауы
Балапан телеарнасының бағдарламаларына талдау
Электр энергиясының түрлену және тұтыну процесі
Салауатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының паспорты
Пәндер