Астана қаласының денсаулық сақтау жағдайы туралы


Астана қаласының денсаулық сақтау жағдайы туралы
2006 жылы Астана халқына 22 аурухана және 114 емхана мекемелері мен оның бөлімшелерінде медициналық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, қаланың денсаулық сақтау жүйесінде жедел медициналық жәрдем бекеті, апат медицина Орталығы, қан Орталығы, Мамандандырылған балалар үйі, ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын-алу Орталықтары және ведомстволық медициналық мекемелері қызмет атқарады.
Астана қаласының медициналық мекемелері
Дәрігерлік емхана мекемелерінің саны
(жеке және басқа ұйымдардың құрамына кіретіндер)
Тіс дәрігерлерін қоса есептегенде,
орта медициналық қызметкерлер саны
оның ішінде туатын және жүкті
әйелдер төсегі
Соңғы үш жылда емдеу-алдын алу мекемелерінің жүйесі азын-аулақ кеңейді, ол негізінен жеке меншік емханалық жәрдем мекемелері санының 2004 жылы 66-дан 2005 жылы 98-ге дейін өсуінен болды. Олардың негізгі үлесі (90%) халыққа стоматология, гинекология, венерология және дәстүрлі емес медицина салалары бойынша емханалық медициналық жәрдем көрсететін мекемелерге тиесілі.
Қаланың медициналық мекемелерінде 2006 жылы барлық мамандықтардағы 3716 дәрігер мен 4349 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Медициналық қызметкерлердің жалпы саны 2004 жылмен салыстырғанда 19, 3%-ға өсті, бұл қызмет көрсетілетін халықтың өсуімен байланысты болды. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында - 96, 6%-ын әйелдер құрайды.
Дәрігерлердің арасында терапевтикалық бейінділері - 25%, хирургиялық - 14%, педиатрлық бейінділері - 9, 4%.
2007 жылдың басында дәрігерлермен қамтамасыз етуді Астана қаласы халқының 10 мың тұрғынына шаққанда 66 дәрігер, 77 орта медициналық қызметкерлер құрады.
Дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлермен
қамтамасыз ету
халықтың 10 мың тұрғынына шаққанда
Астана қаласының халыққа стационарлы медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аурухана мекемелерінде 2007 жылдың басында 2004 жылмен салыстырғанда төсек қоры 14, 0%-ға көбейіп, 4121 төсекті құрады. 2006 жылы 108, 5 мың адам ауруханаға жатқызылып, орта есеппен бір науқас стационарда 12 күн жатты.
Басымдықты қайта бөлу үрдістері жеке емханалық мекемелер жағында сақталып, 2006 жылы олардың қуаты орта есеппен бір ауысымда 22 келіп-кетуді құрады. Жеке емханалық жәрдем мекемелерінің мамандарымен 982, 1 мың келіп-кетулер тіркелді, бұл 2004 жыл деңгейінен 22, 3%-ға жоғары. Жеке емхана жүйелерінің бар болғанына қарамастан қала тұрғындарының басым бөлігі медициналық көмек үшін мемлекеттік мекемелерге қаралғанды қалайды, бұл келіп-кеткендердің жалпы санынан 98, 1%-ды құрайды.
Аурулардың кейбір топтары бойынша
тұрғындардың ауру-сырқаулығы
халықтың 100 мың адамына шаққанда
2006 жылы емхана мекемелеріне қаралғандар бойынша 539, 5 мың ауру немесе халықтың 100 мың тұрғынына шаққанда 95, 9 мың ауру тіркелді. Аурулардың өсуі барлық негізгі ауру топтары бойынша байқалады. Ауру-сырқаулық құрылымының алғашқы орнында тыныс мүшелерінің аурулары (29%), екінші - қан айналым жүйелерінің аурулары (9, 5%), үшінші орында - несеп жүйелерінің аурулары (9, 0%) тұр. Ауру-сырқаулықты жас ерекшеліктердің жеке топтары бойынша салыстырғанда қаралатындардың жалпы санынан үлкен жастағы тұрғындар, яғни 67, 0%-ы, жастардың 7, 7%-ы дәрігерлерге үнемі қаралады. Астана қаласының МСЭБ Департаментінің деректері бойынша халықтың 100 мың тұрғынына шаққанда 2006 жылы жұқпалы аурулар 2005 жылы тіркелген сифилиз (20, 2%-ға), қышыма (2 есеге), педикулез (27, 9%-ға), тұмау (16, 4 есеге) жағдайларына қарағанда төмендеуімен сипатталады. Сонымен бірге, эхинококкоз (39, 4%-ға), жоғары тыныс алу жолдары инфекцияларымен (3, 9%-ға) ауырғандар санының өскені байқалды, сондай-ақ, 31 АҚТҚ-ын жұқырғандар тіркелді.
Өлім - халық денсаулығы жағдайының маңызды әрі әділ көрсеткіші. Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 2004 жылы - 6, 5 жағдайға қарсы 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына шаққанда 6, 6 жағдайды құрады. Аурулар қатарынан қан айналым жүйелерінің аурулары, сәтсіз жағдайлар, улану мен жарақаттанулар, онкологиялық аурулар өлімнің басты себептері болып табылады. 2006 жылы 3724 адам өлген болатын, олардың 51%-ы еңбекке қабілетті жастағылар еді. Сәтсіз жағдайлар, улану мен жарақаттанулар (40, 7%) және қан айналым жүйелерінің аурулары (23, 2%) 2006 жылы еңбекке қабілетті халықтардың жиі өлу себептері болып табылады. Еңбекке қабілетті ерлер арасында сәйкесінше 43, 3% және 24, 3%, ал әйелдер арасында - 31, 6% және 19, 1%. Мұның барлығы халық өмірінің ұзақтығын күтетін көрсеткіштің биігінен көрінеді, қазіргі уақытта өмір ұзақтығы шамамен ерлерде 66, 7 жас пен әйелдерде 75, 8 жасты құрайды.
Негізгі ауру топтары бойынша 2006 жылы өлгендер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz