Намаз


НАМАЗ
Намазға дене шынықтыру ретінде қарау дұрыс па?Намазға көп ретте дене шынықтыру жаттығуы ретінде қарайтындар да баршылық. Осы бір қате түсініктің ара салмағын бағамдау мақсатында Түркиядағы Хажеттепе жедел жәрдем орталығының басшысы доктор Тимучин Алтуғдың 1976 жылы «Hakses» журналында жарияланған мақаласынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдік.
Бір қарағаннан-ақ намаз бен дене шынықтыру жаттығулары арасындағы айтарлықтай бес айырмашылықты байқауға болады. Олар:
- Бес уақыт намаз барысында 40 рәкат ерінбей-жалықпай иіліп-түрегелумен қатар, маңдай жерге тигізіліп 80 мәрте сәжде жасалады. Ал дене жаттығуымен айналысатын гимнастика шеберлерінің қаншауы күн сайын дәл осыншама қимыл-қозғалыс жасайды?
- Намаз жай, баяу оқылатындықтан жүрекке күш түспейді.
- Намаз күннің әр келкі уақытында оқылады. Гимнастикашылардың нешесі күн сайын бес бөлек уақытта дене жаттығуымен айналысады?
- Намаз тіршіліктегі дәм-тұзың таусылғанша, өмірдің соңына дейін - парыз. Ал өмірінің соңына дейін қай гимнастикашы дене жаттығуларын үзбей жасай алады?
- Намаз оқу үшін тазаланып, дәрет алу шарт. Кей жағдайларда бой дәретін (ғұсыл) алуды керек етеді. Ал гимнастикамен айналысу үшін ешқандай мәжбүрліктің болмайтындығы шындық.
Ал енді дәрігерге құлақ түрейік:
«Таңғы намаз 4 рәкат, түскі намаз 10 рәкат, екінді 8, кешкі 5, түнгі 13 рәкаттан тұрады». Барлығы-40 рәкат. Әр рәкат сайын екі рет сәждеге бас қою керектігін ескерсек, құлшылығын атқарған мұсылман адам толық есептегенде бір күнде сексен рет жығылып-тұрады. Ал гимнастикашылардың ешқайсысы күн сайын сексен рет мүлтіксіз түрде бұл қимыл-әрекетті атқара алмайды. Гимнастикашылар ертеңгі уақыттарда ғана жасалатын жиырма-отыз қимыл-қозғалыспен шектеледі. Жасаған қимыл-қозғалыстары жылдам болғандықтан көбінесе ентігіп, тез шаршайды, жүректері алқынады. Ертеңгілік уақыттан тыс кездері жаттығу тіптен жасалмайтын-дықтан, бұл жағдай денеде шамадан тыс колория жиналып, майлануға әкеледі. Намазда болса керісінше бар іс-қимыл өте баяу атқарылады. Ал қимыл-қозғалыстың баяу, жай орындалуы майлану мен денеге колория жиналуының алдын алады. Сондай-ақ намаздың бір мезгілде емес, әр түрлі уақытта атқарылуы адам бойын сергітіп, жүрекке салмақ түсірмейді.
Адам өмірінде қанның атқарар қызметі аса ерекше. Қанды тамыр-тамырмен қуалап, денеге түгелдей тарату қызметін жүрек атқарады. Ал бұндай істі атқара алу үшін жүрек ылғи да тың болу керек. Адамның өзіндік біршама қимыл-қозғалыс жасауы қан айналым жүйесін реттейтін жүректің қызметін едәуір жеңілдетеді. Бұған қоса, қанның клеткаларға тарауы дененің тың әрі сергек болуы тұрғысынан аса пайдалы. Егіні бітік шығу үшін үзбей суғарып, баптап күткен диқан тәрізді тканьдарда қан айналымы түзіліп, яғни әрбір клеткаға өз мөлшерінде қан жетуі қажет.
Мәселенің айшықтылығы тұрғысынан мына бір мысалды келтіре кетейік. Айталық, намаз оқудан ада күні бойы оқтаудай тіп-тік жүрген адамның қан айналымы мен күн сайын басын сексен рет жерге қойып, қырық рет жығылып-түрегеліп намаз оқыған адамның бойындағы қан айналымы бірдей емес. Екеуінің де жүрегінен басына таралатын қан мөлшері әр қалай болады. Бұл дегеніңіз, намаздың арқасында күн сайын сексен рет басына қан таралатын адамның бас терісіне де қан сексен рет толығымен барып отырады деген сөз. Ми қабыршақтары немесе менинкстер де (dura meter pia meter, arachoidea) намаз оқымайтындарға қарағанда намаз оқитындарда күн сайын сексен рет артық мөлшерде қанмен тазаланып отырады. Бұл дегеніңіз, қабыршақтардың үстіндегі айналма циркуляциясына тән синустардағы қан да намаз оқитындарда сексен рет артық айналымға енеді деген сөз. Есте сақтау және адамгершілік қасиетті қалыптастыру қызметін атқаратын мидың алдыңғы бөлігі намаз оқитындарда намаз оқымайтындарға қарағанда сексен рет артық қанмен тазаланады. Сол себепті, намаз оқитындарда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, адамгершілік қасиеттен айрылу секілді келеңсіз жағдаяттардың анағұрлым аз кездесуі-сөзіміздің бірден-бір дәлелі. Өмір жасы ұзақ болумен қатар бұндай кісілер «Demans senil» деп аталатын ақыл-естен алжасуға ұшырамайды. «Demans Proces» алжуына шалдыққан адамға жасаған операция кезінде «фронтал лоп» яғни мидың алдыңғы бөлігі кесіліп алынған. Миы күніге сексен мәрте қанмен тазарған адам қай жаста болмасын алжуға ұшырамайды. Міне, осы себепті намаз оқитын қарт кісілерде көп жасқа келгеніне қарамастан алжу, ақыл-естен алжасу оқиғалары кездеспейді. Ал керісінше жастары келмесе де аурудан төсек тартып, алжып, үлкен-кіші дәретін өздігінен атқара алмай басқаға күні түсетіндер негізінен намаз оқымайтындарда кездеседі. 1
Адам қалауымен жасалатын іс-әрекет, қимыл-қозғалыстарын, оның адымдап жүруін қамтамасыз ететін орталық «париетал лоп» болып табылады. Күніге сексен рет сәжде жасалғанда, бұл «париетал лопқа» да сексен мәрте қан барады. Көру, есту, иіскеу, дәм сезу орталықтары осиипитал яғни мидың артқы бөлігінде орналасқандықтан бұның да намаз оқитындарда намаз оқымайтындарға қарағанда сексен рет қанмен тазаратындығы белгілі. Тепе-теңдікті қадағалап, қамта-масыз ететін мишық пен ми құрамына түгелдей қан баратындығын түсіну үшін міндетті түрде дәрігер болудың еш қажеті жоқ. Бұған мына бір мысалды айтсақ та жеткілікті. Дәріхана сөресінде бір орында неше жылдан бері тұрған дәрінің әсері мен сол дәріні сексен мәрте шайқап барып қолданғандағы әсер бірдей емес. Шайқаған сайын дәрінің құты ішінде еркін таралып, жақсы араласып, гомогенге айналып, анағұрлым жақсы әсер ететіндігі анық.
Намаз оқитындар жердегі сәжде нүктесіне сексен рет көз түйістіретіндіктен көздегі қан айналым жүйесі де өзіндік артықшылықтарға ие болады. Көздің ішкі қан қысымы артпайды, алдыңғы камерадағы (қарашықтағы) сұйықтықтың ұдайы ауысып отыруы қамтамасыз етіледі. Осыдан барып намаз оқитындарда глоком секілді т. б. қауіпті көз ауруларының неғұрлым аз кездесетіндігі анықталған. Құлақтағы толыққанды қан айналым мен фронтал, этмоидал, сфендоидал және максиллер синус секрецияларының оңай түзілуі күн сайын сексен рет маңдайын сәждеге қойып намаз оқитындарда барынша жеңіл жүзеге асып, көп мөлшерде синузит пайда болуының алдын алуда.
Намаз оқитындарда жұтқыншақ пен тіс еттерінде де қан таралымы ретті болғандықтан бұл жерлерде қоздайтын әр түрлі ауруларды болдырмайды. Бұған қоса мойындағы «Iymh ganglion»-дары мен жүйке ұштарына қанның жақсы жетуі де тек намаз оқитындарда ғана кездесуде. Көп ауруларда өкпенің жоғарғы тұсына, «апекстерге» қан жақсы бара бермейтіндіктен «түберкүлез каверндері» көбінесе осы тұсты иектейді. Ал намаз оқитындарда 80 рет өкпелерінің жоғарғы тұсында өте жақсы қан таралымы жүзеге асатындықтан оларда өкпенің «апекс каверндері» де намаз оқымайтындарға қарағанда өте аз. Намаз оқығандағы бұл қимыл «плеврадағы» сұйықтықты сіңіріп жою (reabsorbsiyon) тұрғысынан аса пайдалы. Намаздың диафрагма астындағы дене мүшелеріне жақсы әсер етуі асқазандағы қоректің жақсы қорытылуын, өт жолдарының бітелмей жақсаруын қамтамасыз етеді. Бұған қоса, күн сайын намаз оқып бірнеше мәрте үздіксіз қимыл-қозғалыста болу «оментюмдағы» майларды азайтады әрі намаздағы барлық ритмикалық қимылдар ішек «перистализмін» көбейтіп, ішектердің жеңілдеуі мен үлкен-кіші дәреттің қиындықсыз жүруін қамтамасыз етеді. Дәл осы тұста намаз оқитындарда бүйрекпен қатар бүйрек үсті бездерінің де жақсы жұмыс істейтіндігін айта кету артық емес. Өйткені күн сайын намаздағы сексен рет жығылып-түрегелу бүйрек «пелвисинде» қалдық көбею мен тас жиналмаудың алдын алады. Намаз кезіндегі үздіксіз қимыл-қозғалыс бүйрек пен қоса зәр шығару жолдарының жақсы тазалануын қамтамасыз етеді. Қуықтың мезгілімен босап тұруына да көмегі зор.
Намаз оқыған адамда сан, тізе, тірсек, иық, қол буындары иіліп-бүгіліп үнемі қалыпты қимыл-қозғалысын үзбейтіндіктен ревматизммен қоса дегенеративті ауру атаулыдан аман болатындығы баршаға аян. Ондай ауру түрлері көбіне-көп құлшылық пен намаздан хабарсыз жандарда кездесуде. Ал соңғы айтып өткен намаздың адамды буын-буынға қатысты барлық аурулардан сақтауының өзі оның атап өтуге тұрарлық ең пайдалы тұстарының бірі2.
Намаз - құлшылық А) Әркімнің өз бақылаушысыБасқа тіршілік иелеріне қарағанда адам жеке-дара өте көркем бейнеде, аса таңдаулы кейіпте жаратылған. Көркем жаратылыс иесі болудан барып оның парасат-пайымы мейлінше кеңейіп, талғам-танымы барынша биіктей түседі. Сол себепті ол күнделікті тұрмыс-тіршілігінің, киім киіс, жүріс-тұрысының өзіне лайық болуын қалайды. Сондықтан ол әсемдік пен әдемілік атаулыға құмартады, не нәрсені қаласа да ең жақсысына, не нәрсені таңдаса да ең кісі қызығарлығына қол созады. Демек, ол өмірін адамдыққа сай абыройлы өткізуді қалайды. Алайда жападан-жалғыз өмір сүру адам баласы үшін о бастан мүмкін емес. Ол тумысынан топтасып, қоғам болып өзге адамдармен бірге өмір сүруге тәуелді. Өйткені адам білмеген нәрсесін басқалардан білуге, көрмеген нәрсесін басқалардан көріп-үйренуге, білім-тәжірибесін басқалармен бөлісуге мәжбүр. Алайда адам баласы топтасып өмір сүрген қоғамда ақылды, ақымақ, айлакер, қу, аңғал, арамза, күшті, әлсіз секілді неше түрлі адамдардың кездесетіндігі анық. Олай болса, жақсы-жаманды адамдар бірге жүрген жерде әділетсіздіктердің орын алмауы мүмкін емес. Оны реттеп
отыру үшін мықты заң керек. Ал орындалмаса, заңның да пайдасы жоқ. Көбіне-көп адам бойындағы өшпенділік, қатыгездік, пайдакүнемдік әрекеттері ерікті-еріксіз түрде заңды белден басуға апарып жатады. Айтарымыз, заңмен бекітілген үкімдерді ел көзінше ғана орындау емес, тірі жанның көзінен тыс таса жерлерде де сол заңды мүлтіксіз атқара білуде. Олай болса жеке қалғанда да адам баласын жамандық атаулыдан сақтап, оның ар-ұятын таразылайтын бақылау жүйесіне деген қажеттілік туады. Әркімнің не істеп, не қойғанын артынан қадағалап, қарап жүретін бір-бір тәртіп сақшысын бекіту немесе жалдау мүмкін емес, сондықтан осы тұста әр адамның жүрегіндегі Аллаһқа деген сенімді нықтап, бұ дүниедегі әрбір ісіміз үшін ақыретте жауапқа тартылатындығымызды, қандай да бір жасалған жақсылық пен жамандықтың міндетті түрде қайтарымы болатындығы турасында сенім ұялатуға міндеттіміз. Бұл әр адамның Аллаһқа және ақыретке деген сенімін мейлінше күшейтуге тікелей байланысты. Ал ол сенімдер күнделікті бес мезгіл құлшылық арқылы орнығатыны сөзсіз. Өйткені имани үкімдерді күшейтіп, күнделікті дағды ретінде қалыптастыру ісі тек ғибадатпен ғана жүзеге асады.
Иә, Аллаһ Тағаланың әмірлеріне мойынсұнып, тыйымдарына жоламау ісі - құлшылық арқылы ар-ождан мен имандылық тәрбиесі қолға алынбаса, оның әсер-ықпалы да неғұрлым аз болары сөзсіз. Оған қазіргі ислам әлемінің жағдайы куә.
Ә) Хикмет сырыҚұлшылық жасаудың астарында бар ақыл-ой, сана-сезімді бір ғана ұлы Жаратушыға бағыттау жатыр. Шын ынта-ықыласпен Аллаһқа бет бұру оның әмірлеріне құлақ асып, мойынсұнуға жетелейді. Аллаһ Тағалаға бағынып, оның хикметі мол үкімдеріне бас ию адамды таңғажайып тәртіпке үйретеді. Адамның керемет тәртіп пен реттілікке берілуі әлемнің хикмет сырын тануына жол ашады. Өйткені қасиетті Құранға үңілсек, «Көктер мен жердің әскерлері Аллаһқа тән» (Фатх сүресі-4), «Үлкен-кіші барлық нәрсе Аллаһқа мақтау айтады» (Исра сүресі - 44) аяттарынан әлемдегі жанды-жансыз барлық нәрсенің Аллаһ Тағалаға тікелей бағынатындығын әрі сол арқылы ғаламдағы осыншама тіл жетпес нақышы мол әдеміліктер мен әсемдіктерді құрап отырғанын көреміз. Бұл жансыз дүниелер өздеріне Аллаһ Тағала дарытқан әсемдіктер мен қасиеттерді тағы да сол Жаратушыға бас ие отырып паш етуде. Егер Аллаһ Тағаланың құдіретіне мойынсұнбаған жағдайда әсемдік атаулының болуы мүлдем мүмкін емес еді.
Дәл осы секілді адам бойында да Аллаһ Тағала дарытқан сан алуан қабілет-қасиет бар. Ол жасырын қасиеттердің барынша ашылуы, бүр жарып көктеуі Аллаһ Тағаланың бұйрықтарын екі етпей бағыну арқылы ғана жүзеге аспақ. Өйткені әлемді өзінше бір үлкен кітап деп алсақ, Аллаһ Тағала адамды сол үлкен кітапты қамтитын кішігірім нұсқа, сондай-ақ он сегіз мың ғаламның түйіні ретінде жаратқан. Бұған қоса, өзіндегі әрбір көркем есім атаулының (әсма-и хұсна) бір ұшығын адам бойына аманат ретінде дарытқан. Егер адам баласы әрбір дене мүшелері мен ішкі сезімдерін Аллаһ Тағаланың бұйырғанына жұмсап, құлшылығын адал атқарса, Жаратушы тарапынан бойына аманат ретінде дарыған әрбір асыл қасиеттің ұшығы қылаң беріп, өзіндегі ішкі әлемге бейнебір терезе ашылғандай сырлы күй кешеді. Адам сол терезе арқылы өзінің таңғажайып әлеміне көз салмақ. Көз сала отырып адам сол әлемге түскен иләхи (құдайылық) қасиеттің, сол әлемде көрініс тапқан иләхи атаудың айнасы рөлін атқарады. Сол сәтте-ақ адам ішкі рух, сыртқы денесімен қос әлемнің: ғайып (көзге көрінбейтін жасырын) және көзімізге көрінетін мына әлемнің өзіндік мән-мазмұнына айналады. Яғни екі әлемге тән қасиеттер адам бойына да дариды. Осы тұрғыдан алғанда, адам Аллаһтың кемел қасиеттеріне ие бола отырып, сол қасиеттерді сыртқа көрсете паш етуші болып табылады.
Осы себепті Жаратушыға қарата айтылатын «Мен жасырын тылсым қазына едім. Мені танысын деп жаратылыс атаулыны бар еттім» деген құдси (қасиетті) хадисты Ислам ғұламасы Мұхиддин ибни Араби «Жаратылысты өзіме айна ретінде жараттым. Мен өз дидарымды сол айнадан тамашаламақпын» деп түсіндірген.
Б) Орталық жүйе іспеттіАдам барлық жаратылыс өлшемдерінің, табиғат заңдылықтары мен қоса ғаламдағы құдайылық ұстанымдардың шұғыла-сәулелерін реттеп отыратын орталық іспетті. Осыдан барып адам сол өлшемдерге сай әрекет етіп, сол заңдылықтар мен ұстанымдарға бағынғанда ғана жалпылама реттілікті қамтамасыз ете алмақ. Ал адамның сол реттілікті қамтамасыз етуі барысында өзін әр түрлі қауіп-қатерден аман сақтауы тек қана ғибадат жасап, өзіне бұйырылған әмірге бағынып, тыйымдардан бойын аулақ салу арқылы іске асады. Өйткені ғаламда орнаған темірдей тәртіп құдайылық жоспарға сөзсіз бағынуды талап етеді. Ғаламдағы кішкене атомнан бастап ғарыштағы алып денелерге дейінгі көздің жауын алар әдеміліктердің әрбірі ұлы жаратушыға тән әдеміліктің сәулесін иеленуден барып туындауда. Ендеше, жаратушының әсмаи-хұснасымен көмкерілген, яғни көркем есімдеріне малынған оның барлық бұйрықтарына бас иіп, ғибадат жасаған жағдайда адамның да бар қабілет-қасиеті ашыла түспек. Әйтпесе, салғырттығы мен еренсіздігі себеп болып жұмыс істеп тұрған станокқа қолы шайналып кеткен бейбақ тәрізді ғибадат болмаса адамның да ішкі рухани сезімдерден қол үзіп қалары даусыз. Өйткені ғаламдағы үйлесімдік пен тәртіп бір ғана Жаратушыға бағынуға негізделген.
В) Жауапты міндетАллаһтың әмірін орындап, тыйымдарынан бас тарту қоғамдық өмірді реттеумен қатар адамның қоғаммен арақатынасын күшейтеді. Әсіресе, діни үкімдерді атқару ісі әр адамға жеке-жеке парыз болғандықтан нәтижесінде жеке адамнан құралған көпшілікке де оң ықпал тигізеді. Яғни Аллаһтың әмірін орындау сауабы мол ғибадат болып саналатындықтан, исламда айтылатын елді жамандықтан тыйып, жақсылыққа бұру ісінен әр мұсылманның шет қалмасы белгілі. Осы орайда ар-ұятты болу, адамгершілікке баулу, моральдық құндылықтарға тәрбиелеу ісін әр мұсылманның өз мойнына алуы арқасында қоғам алдау-арбау, зорлау, қорлау секілді жаман қылықтардан бірте-бірте арылмақ. Бір сөзбен айтқанда, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге тұрғысынан қоғамдағы жауапты іспен мұсылман адамның айналысары белгілі. Ал егер бұндай істі шын ықылас-пейілімен атқаратын адам болмаса, адами құндылықтардың аяқасты болары даусыз.
Г) Бауырмалдық және кемелдікИслам дінінің арқасында, құлшылық-ғибадаттың әсерімен адамда өзі секілді бүкіл мұсылмандарға деген жылы сезім қалыптасады, өзара мықты қарым-қатынас орнайды. Өйткені бір адаммен бір қатарда тұру немесе өзара рухани жақындық сол адамға деген достық сезімнің пайда болуына әкеледі. Айталық, бір басшының қоластына қарау да соның қарамағында істейтін кісілердің бір-біріне деген жақындығын туғызады. Бір елде тұру сол елді мекендеген халықтардың арасында татулық, өзара ынтымағы жарасқан бірлік пен достыққа себеп болады. Осы секілді бір қағбаға бет бұрып, бір кітапқа үңіліп, бір пайғамбардың соңынан еріп, бір ғана Аллаһқа құлшылық жасау мұсылмандардың да арасында бір-біріне деген берік достық, шынайы бауырмалдық сезімдерін арттырады. Өйткені, атап өткен бұл діни қатынастар адамдарды ғана емес, ғаламшардағы бүкіл құрлық тұрғындарын бір-бірімен тығыз қарым қатынасқа жетелейтін өте мығым рухани шынжыр іспетті. Бұндай жылы қарым-қатынас пен бауырмалдық өзара сүйіспеншілікке, мейірімділікке әкелді. Онсыз да қоғамның кемелденуі мен толысуы тұрғысынан ең алғашқы қадамның бауырмалдық пен өзара сүйіспеншілік сезімін ояту екені белгілі емес пе?!
Д) Ғибадат жеке кісілікті қалыптастырадыДене тұрғысынан адам кіші, әлсіз, дәрменсіз бола тұра жаратылыс тұрғысынан оның рухы өр, ерік-қалауы шексіз, қабілет-қарымы зор, арман-тілегі биік, ой-пікірі ұшқары. Оның құмарлық сезімдерімен қатар қатігездік сезімдері де баршылық. Жаратылысы о бастан ғажап адам баласы әлем атаулының мән-мазмұны ретінде жаралған. Міне, осындай кейіптегі адамның асқақ рухының кең тыныстауына, қабілет-қарымының ашылуына, ерік-қалауының жақсы-жаманды таразыла-уына, тазалықты қадағалауына бірден-бір септігін тигізер нәрсе ол - ғибадат. Сондай-ақ оның ой-пікірін жүйелейтін де - ғибадат, арман-тілегін шындыққа айналдыратын да - ғибадат, ішкі құмарлық сезімдерін шектеп дұрыс жолға бағыттайтын да - ғибадат, шәхуатты нәпсісін тізгіндеп, жамандықтардан қорғаушы да, ішкі-сыртқы сезім мүшелерін кірден тазартатын да - ғибадат. Адамның бар қасиетін арттыратын да, құл мен Аллаһ арасындағы ең жоғарғы қатынас әрі көркем мінез-құлықтың дәнекері де бір ғана ғибадат болып табылады.
Наным-сенімнің жеке адамға және қоғамға әсеріАдам мен наным-сенім арасында өте тығыз байланыс бар. Доктор Генри Линк «Дінге оралу» кітабында АҚШ Психологиялық зерттеу мекемесінің басшысы ретінде 15 321 әйел мен ер адамдарға жүргізген зерттеуін әрі 73 226 психологиялық тесттің нәтижесін былай деп түйіндеуде:
«Кісілік пен мінез дінге аса құлықсыз әрі ғибадат үйлеріне бас сұқпайтындарға қарағанда, бір дінге сенетіндер мен ғибадат үйлеріне үзбей барып тұратын жандарда әлдеқайда орнықты әрі анағұрлым жоғары».
Дэйл Карнеги «Ренішті таста, қалай өмір сүру керектігін ойла» атты кітабында реніш пен кірбіңді болдырмаудың бір жолын былай деп көрсетеді:
«Бүгін жарты сағатымды тынығуға арнаймын. Сол уақытта жаратушы Аллаһ жайлы ойламақпын».
Гарвард университетінің Философия профессоры Уиллиам Джеймс «Уайым-қайғыны емдейтін бірден-бір дәрі, ол - діни сенім» дейді.
Доктор А. А. Брилл шын діндар адамның психикалық ауруларға ұшырамайтындығын айтуда.
Психология мамандары тарапынан мықты наным-сенім мен қоса дұға арқылы адамның уайым, күйзеліс, үрейленуден арылатындығы анықталған. Ал бұл үшеуі (уайым, күйзеліс, үрейлену) көптеген ауруларды тудыратыны белгілі.
Ең танымал психиатрлардың бірі доктор Карл Юнг «Modern man in search of soul» атты кітабында былай дейді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz