1986 жылғы Желтоқсан жастар қозғалысының тарихи-саяси маңызы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жастар қозғалысының тарихи маңызы.

Кеңестік жүйенің озбырлығы мен үстемдігіне қарсы қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы ұлттық қозғалысы бүкіләлемдік үрдіске өзіндік ықпалын тигізгені белгілі. Кеңестік дәуірден дербес мемлекет болуға серпін берген Желтоқсан - қаншама қыршын бозбалалар мен бойжеткендердің қиылған тағдыры мен ағылған қаны үшін тағзым ете отырып, еске алатын қасіретті де ерлік тарихымыз. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Ерлікті еншілеген жас ұландардың сол күндердегі бет-бейнесі де, іс-әрекеті де рухы мықты қайсар жандардың бітім-болмысын көз алдымызға әкеледі.

Бүкіл әлемді елең еткізген жастар қозғалысы қазақ жерінде халқының намысын ту етіп көтерген қайратты да табанды өскелең ұрпақ жетілгенін дәлелдеді. Қазақстанның жетпіс жыл бойы тартқан тауқіметіне орталық жүргізген әміршіл де әкімшіл саясатына жас буын тарапынан лайықты тойтарыс берілді, бұл үрдіс бүкіл Кеңес Одағы қайта құру арнасындағы демократиялық қозғалысқа қамшы болды. Бұл демократиялық жаңғырудың бастауы десек те болады. Сол кезең қазақ жастарының ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Желтоқсан дауылының өртінен бастау алған ғаламат сілкініс әміршіл-әкімшіл жүйенің әл-қуатының әбден титықтағанын көрсетіп, отарлық қызыл империяның күйрей бастағанын әлемге аян етті.

Әйтсе де, сол кездегі билік жүйесі оқиға болғаннан кейін көптеген адамдардың негізсіз сотталуына, қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазалар қолдануына жандәрменмен ат салысты. Белең алған қайта құрудың, жариялылықтың екпіні дамудың өз жолымен жүре беретіндігін анық көрсетті.

Бірақ, қайта құру тарихындағы алғаш әлеуметтік ашық қақтығысты әлемдік жұртшылықтан көлегейлеп қалу мүмкін болмады. Батыстың белгілі ақпарат құралдары - Рейтер, АП (Ассомейтед Пресс), ғ ЮПИ, Франс Пресс агенттіктері сондай-ақ «Гардион» (Англия), «Вашингтон Пост»(АҚШ), «Нью-Йорк таймс» газеттері Алматыдағы оқиғаларды жан-жақты талдап жария етті. Олар билік орындағылардың халықтың азаматтық құқықтарын аяққа таптағандықтарын, демократия мен жариялылықтың жалған ұран екендігін қатты айыптады. Ал, КОКП ОК - нің партиялық - бюрократтық аппарат тарапынан тоталитарлық жүйенің өздері жасаған қылмысты жасыру үшін ақпарат құралдарын, идеологиялық ұйымдарды пайдалана отырып қазақ жастарының шеруі «экстремистік пиғылдағы ұлтшылдар тобының бүлігі» деп бағаланды. Қазақ жастарының желтоқсан қозғалысында ұлтшылдық сарын болған емес. Ол басқа халықтарға, оның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған еді. Оның үстіне алаңға қазақ жастарымен қатар олардың орыс, украин, ұйғыр, неміс т. б. құрбылары қоса шыққан - милиция ұстаған адамдардың тізімі осыны растайды. Митингінің саяси астары болғанымен, онда мемлекеттік билікті күшпен өзгертуге немесе басқа халықтарға қарсы пікір айтуға үгіттелген жоқ. Жастар тек Пленум шешімдерін түсіндіруді талап етті және ол шешімдермен келіспейтіндіктерін білдірді.

Бұл жайлы ол кезде Министрлер Кеңесінің төрағасы, қазірде Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деп жазды: «Мәскеуден келген өкілдердің бізді алаңда болып жатқан оқиғалардан мүлде оқшаулауға ұмтылғаны - біз халықтың көңіл - күйін пайдаланып өз мүдделерімізге жаратады деп күдіктенгендіктерінен болды деп ойлаймын. Демонстранттар жіберген запискалар легінен олардың зәрелері ұшты, алаңдағылар Қазақстан Компартиясы ОК - нің бірінші хатшылығына Е. Н. Әуелбековті, В. П. Демиденконы, О. С. Мирошхинді, Н. Е. Морозовты, С. М. Мұқашевты, Н. Ә. Назарбаевты және тағы басқаларды сайлауды ұсынды. Осы фамилиялардың өзі жастардың республика басшылығының басына орыс ұлты өкілдерінің сайлануына қарсы болмағандығын көрсетеді».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи және саяси маңызы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: тарихи маңызы мен саяси-құқықтық бағалау қажеттігі
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи және ұлттық маңызы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері, өрбіуі және тарихи маңызы
1986 жылғы Алматы Желтоқсан: құжаттық деректер мен тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері, барысы және тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің себептері, өрбуі және тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай, себептері және тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасындағы қазақ жастарының рөлі мен тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасындағы қазақ жастарының үлесі мен тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz