Жазаның мақсаты мен және оның маңызы



I. ЖАЗА ТҮСІНІГІ
II. ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
III. ЖАЗА ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
IV. ӘДЕБИЕТТЕР
ГЛОССАРИЙ
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып еткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, занда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Біріншіден, қылмыстық шара — мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетгі тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық занда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды.
1. Ағыбаев А.Н – Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.А.,2005
2. Абдиров, Нурлан Мажитович и др. Уголовно-правовые меры борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками: Учебно-практич. Пособие/ Н.М.Абдиров, К.А.Мами, Б.С.Сарсеков.-Алматы:1998.-128с.
3. Онгарбаев, Еркин Ануаровмч. Тяжкие преступления по уголовному праву Республики Казакстан: Моногр /Е.А.Онгарбаев, К.Б.Есмагамбетов. Астана;Фолиант, 2001.-192с.
4. Ветров Н.И. Уголовное право. Общая часть: Учеб. Для вузов.-М.ЮНИТИДАНА, 1999.-415с.
5. Гета М.Р. Квалификация преступлений против личности по уголовному праву Республики Казакстан: Учеб.пособие /М.Р Гета, Н.С. Кайгородов, Ю.Р. Гета; М-во образование и науки РК.-Усть-Каменогорск: Изд-ао ВКГУ, 2002.-81с.
6. Дроздов Г.В, Мамыкин А.С. Учебное уголовное дело. М.МНЭПУ, 1995
7. Елисеев С.А, Прозументов Л.М. Общеуголовное корыстные преступления: криминологическая хар-ка, уголовная ответственность. Томск, Томский ун-т, 1991
8. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казакстан. Общая часть /М-во образования, культуры и здравохранения РК; Ун-т Кайнар -2-е изд. доп.-Алматы: Компьютерно-издат, 1998-220с.
9. Комментарий к уголовному кодексу РК-Караганда; РГК РО “Полиграфия” 1999
10. Курс уголовного право: Общая часть: Учебник для вузов /МГУ; Под ред, Н.Ф.Кузнецовой, И.М Тяжковой-М; Зерцало. Т.1. Учение о преступлений.- 1999-577с.
11. Международное уголовное право: Учеб.пособие для вузов /Под общ. Ред. В.Н Кудрявцева; РАН.Ин-т гос. И права.-(2-е изд., прераб идоп)- М; Наука,1999-236с.
12. Миньковскийй Г.М и др.Уголовное право Россий.Общая и особенная части: Учеб.-М;Брандес, 1998
13. Назаренко Г.В Уголовное право Россий:Альбом схем по общей части УК РФ: Учеб.пособие /Г.В Назаренко.-М;Ось-89, 1998-144с.
14. Наумов А.В Российское уголовное право.Общ.ч:Курс лекций.-М;БЕК,1996
15. ПановВ. Международное уголовное право:Учеб.пос.-М;Инвра,1997
16. Планы семинарных занятий по уголовному праву. (Общ.часть). Для ст.з.о.М; 1994
17. Поленов Г.Ф., Сыздыков М,Н Сборник задач по уголовному праву РК.-А-Аты. Рауан. Демеу, 1994
18. Поленов,Г.Ф., Уголовное право РК.Общая часть:Учеб.пособие.-Алматы: Әділет Пресс, 1997-184с
19. Поленов,Г.Ф Уголовное право РК.Общая часть.Учеб пособие.-Алматы: ЮРИСТ, 1999-184с.
20. Рарог А.И,. Степалин В.П уголовное право.Общая часть.В вопросах и ответах: (Учеб.пособие) / Под.ред А.И.Рарога .- М; ЮРИСТЬ,1999.-232с
21. Российское уголовное право.Особ.ч. М; Юрист,1997
22. Советское уголовное право.Общая часть.М;МГУ,1988
23. Сборник задач по общей части уголовного права .-А-Аты:Жеті жарғы,1997
24. Словарь по уголовному праву/ Отв.ред.проф. А.В Наумов.-М;БЕК,1997.-702с.
25. Словарь терминов уголовного права на четырех языках= Қылмыстық құқық терминдерінің төрт тілдегі сөздігі/ Н.О.Дулатбеков и др.-Астана:Фолиант,2000.-176с.
26. Таганцев Н.С Русское уголовное право.Лекций.Ч.Общая.М; Наука,1994 Т.1
27. Уголовное право:Слов.-справ./Авт.-сост.Т.А Лесниевский-Костарева.-М; НОРМА-ИНФРА*М; 2000.-423с.
28. Уголовный кодекс Республики Казахстан:Офиц.текст по сост.На 1 января 2000 года.-Алматы: Юрист.2000.-141с.
29. Уголовное право.Общая часть.М.МГУ,1993
30. Уголовное право.Особенная часть.М.Юрид.лит.,1995
31. Уголовное право КазССР.Особенная часть.А-Ата,Мектап,1979
32. Уголовное право Россий.Особенная часть.Учеб.для студ.вузов, обучающихся по напр. и спец.”Юриспруденция”/ Б.В.Здрамыслов,М.П.Журавлев,А.В.Наумов и др,Под ред.А.И.Рарога;Инт междунар.права и экономики.-М; ИМПЭ,1996.-476с.
33. Уголовное право. Особенначасть /под.ред. Здрамыслова. М.Юрид .М.Юрид.лит., 1996
34. Уголовное право Россий. Общая часть. Учеб.для вузов. /Отв.ред. Б.В.Здравомыслов.- М; Юрист,1996.-512с.
35. Уголовное право Российской Федерацийй. Особенная часть. Учеб.для вузов/ Под.ред. А.В.Здравомыслова, М-во общего и проф.оброзования.-2-е изд,перераб. И доп.-М,Юрист,199.-552с.
36. Уголовное право Россий.Часть особенная.М,Юрист,1993
37. Уголовный кодекс КазССР (с доп. И изм.на 1 марта 1997г.): Учкб. Изд.-А-Аты:Б.и,1997.
38. Уголовное право. Общая часть: Курс лекций. М,ИНФРА М-Норма.1996.Лекция О.:Красиков Ю.А Соучастие в преступлений
39. Уголовное право. Общая часть.: Учеб.для вузов /Т.И.Ваулина, П.А.Волостнов, М.И.Ковалев и др.М.: ИНФРА М:Норма,1997.-755с.
40. Уголовное право.Общая часть.:Учеб.для вузов.-М.:Инфра,1997
41. Уголовное право.Особ.ч..-М.:Инфра,1997
42. Уголовное право РФ.Общая ч.:Учеб.для вузов.-М.:Юрист,1996(ФС)
43. Уголовное право Россий.Особ.ч./Под.ред.А.И.Рарога.-М.:Юрист,1996
44. Уголовное право РФ. Общ.ч. Конспект лекций: (Пособие для подгот.к экзаменам/ Авт..- Сост.М.М.Смирнов,А.Толмачев).-М.Приор,1999.-108с-(В помощь студенту)
45. Уголовное право РФ. Особ.ч. Конспект лекций.: (Пособие для подгот. К экзаменам/ Авт..-сост.М.М.Смирнов.А.Толмачев). М,Приор.199.-301с. (В помощь студенту)
46. Уголовное право. Общ.ч. Курс лекций /Под.ред.А.Н.Игнатова.М.:ИНФРА-М-Норма,1996.Лекция 7.
47. Уголовное право. Общ.ч. Курс лекций /Под.ред.А.Н.Игнатова.М.:ИНФРА-М-Норма,1996.Лекция 2-3.
48. Уголовное право. Общ.ч. Курс лекций /Под.ред.А.Н.Игнатова.М.:ИНФРА-М-Норма,1996.Лекция 4.
49. Уголовное право Россий. В 2-х т.:Учеб. Для вузов/ Отв.ред. А.Н.Игнатова. Ю.А.Красиков. -М.НОРМА-ИНФРА М,1999.Т.1: Общая часть..-1999.-624с..:ил
50. Уголовное право. Право казахстанское, право международное: Учеб.пособие.-Алматы:Ғылым.1998.
51. Уголовное право. Практикум; Общая и Особенная части /Авт.С.В.Комишан;Под. Ред.А.А.Тер-Акопова.-М.:Юрайт.2000.-224с.
52. Уголовное право Россий. Общая часть: Учеб./ИМПЭ;Под.ред.,А.И.Рарога.-2-е изд.М,ИМПЭ,1998-319с.
53. Уголовное право Россий. Общая ч. Учеб.для вузов /Под.ред.А.И.Рарога;Инт. Междунар.права и экономики.-М.:Триада,1997.-320с.
54. Уголовное право Россий: В 2-х томах..: Учеб.для вузов/Изд.группа НОРМА-ИНФРА.М; (Под.ред.А.Н.Игнатова,Ю.А.Красикова.)-М,ИНФРА*М.т.1Общая ч.-2000-639с.
55. Уголовное право Россий: В 2-х томах..: Учеб.для вузов /Изд.группа НОРМА-ИНФРА.М;(Под.ред.А.Н.Игнатова,Ю.А.Красикова.)-М,ИНФРА*М. Т.2:Особенная часть-1999-808с.:ил.
56. Уголовное право. Особенная часть:Учеб./Под.ред.В.Н.Петрашева.-М.:ПРИОР 1999.-608с.
57. Уголовное право.Общая часть:Учеб./Под.ред.В.Н.Петрашева.-М.:ПРИОР 1999.-544с.
58. Уголовное право. Общая часть: Учеб. Для вузов. /М.И.Ковалев, И.Я.Козаченко, З.А.Незнамова и др.; Отв.ред. И.Я.Козаченко, З.А.Незнамова. -М.:ИНФРА*М-НОРМА;1998-503с.
59. Уголовное право. Особенная часть. Учеб.для вузов /Отв.ред. И.Я.Козаченко, З.А.Незнамова. -М.:НОРМА-ИНФРА*М,1998.-768с.
60. Уголовное право. Общая часть. Учеб.для вузов /Отв.ред. И.Я.Козаченко, З.А.Незнамова. -М.:НОРМА-ИНФРА*М,1999.-516с.
61. Уголовное право РК. Общая часть. Учеб.для вузов /Отв.ред. И.И.Рогов, Г.И.Баймурзин. -Алматы:Жеті Жарғы 1998-288с.
62. Уголовное право РК. Общая часть. Учеб.для вузов /Отв.ред. И.И.Рогов, С.М.Рахметова; Алматинский юрид.ин-т;МВД РК.- Алматы;Баспа,1998.-228с.
63. Уголовное право РК. Особенная часть; Учеб.:В2-х ч. /Под.ред. И.Ш.Борчашвили, С.М.Рахметова -Алматы:Данекер,2000.Ч.1-2000-426с.
64. Уголовное право РК. Особенная часть; Учеб.:В2-х ч. /Под.ред. И.Ш.Борчашвили, С.М.Рахметова- Алматы:Данекер,2000.Ч.2-2000-481с.
65. Уголовное права буржуазных стран: Общая часть: Сб.законадат. актов /Под.ред. А.Н.Игнатова И.Д.Козочкина.-М.:Изд-во УДН,1990-312с.
66. Уголовный кодекс РК.По сост.на 01 сентября 1999 года.-Алматы:ЮРИСТ, 1999.-141.
67. Уголовнный кодекс РК. Общая часть. Комментарий.-Алматы: Жеті Жарғы, 1999-271с.
68. Флетчер Д.Ж., Наумов.А.В. Основные концепций современного уголовного права.-М.:Юрист, 1999(ФСК)
69. Панов В.П. Сотрудничество государств в борьбе с международными уголовными преступлениями: Учеб.пособие.-М.: Юрист, 1993
70. Жевлаков Э.Н.Экололгические преступления и экологическая преступность Уч:пос..-М.:Белые альвы,1996.
71. Информоцирнные компьютерные преступления: Учеб. И практич. пособие.-М:Инфра-М-норма, 1997
72. Волженкин Б.В.Экономические преступления.-СПб:Юрид.центр Пресс,1999-299с.- (Теория и практика уголовного права и уголовного процесса)
73. Рахметов С.М. и др.Наказание:Учеб. И прак.пособие.-Алматы,1998
74. Уголовный кодекс РК.-толкование и комментирование(по разделам и главам): (Науч.-прак.аособие) Алматы:ТОО “Баспа”,1998.Вып..3.-1998-160с.
75. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. (өзгертулер мен толықтырулар): Алматы.: 2005
76. Гаухман Л.Д., Максимов С.В. Преступления в сфере экономической деятельности.- М.: Юринформ,1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I. ЖАЗА ТҮСІНІГІ
II. ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
III. ЖАЗА ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН  ТҮРЛЕРІНЕ  ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
IV. ӘДЕБИЕТТЕР
ГЛОССАРИЙ

Жаза түсінігі
 
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және
ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде
қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі
ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін
кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл
бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл
құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып еткен
экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың
құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, занда
көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай
шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде
қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып
табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық
құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да
жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола
отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Біріншіден, қылмыстық шара —
мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді.
Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетгі тізбектері мен оны қолданудың
тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық занда
көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек
ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза
тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет
атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында "жаза
дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы"
делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу
шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге
асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы
әкімшілік жауапка, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан
бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік
комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды
жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-
біреуі қылмыстық жаза колдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану — тек
қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, занда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату,
сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге
асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату
немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа
жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да
қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін
көрсетеді.
Тертіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу,
қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе занды
тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстык жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе
лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, занды
күшіне енген сот үкімі мем-лекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме,
лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті
болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық
занда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін.
Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-
құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық занда "адам өз
кінәсі анықталған коғамға қауіпті Әрекет немесе әрекетсіздік және пайда
болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қыл-мыстық жауапқа тартылуға
тиісті", —делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау
міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта
қараған кезде жағдайдың езгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының
қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның езі қоғамға енді қауіпті емес деп
танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық
жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік
немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің
кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады.
Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің
жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына
тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты
болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір
кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы,
мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге занда
көрсетілген негізде ерекше жаза — өлім жазасын тағайындауы да мүмкін.
Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам
материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні
жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ
береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол
сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір
жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық
атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін
колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық
жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық
заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылык үшін қолданылатын жазадан
айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың
зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат
теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады.
Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья
тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол
сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атак,
береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап
болмайды.

Жазаның мақсаты мен және оның маңызы
 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабынын, 2-белігінде
жазаның мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ
сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да
жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза
тағайындау және жазаны орындау аркылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс
істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға
әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ
жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
үшін зандылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ
құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы
белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң
корғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру
үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады,
қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен езге де қылмыстық-
құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сактандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің
орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына
жетуінің құралы — сотталғандарды түзеу арқылы, енбекке адал, заң талаптарын
мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу
дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық
көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз
күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу
болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан
қорықса да кылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз
орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты
— басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс
істемеген, бірақтәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық
күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге
бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды кылмыстық қүқықга
керсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз
қолдануын ескерту, қылмыстан сақгандырудың жалпы түрі болып табылады.
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі
болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында
көрсетілген жазаларда кылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып
қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-
сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің
қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының
қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза—қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы
Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген занды сұрақ
туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою
арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде
қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс
айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен
бостандықтарына занда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұмын, ал арнаулы
және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құралын
құрайды. Сотталған адамның қоғамнан окшауланып, түзеу мекемесінде жазасын
өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері
болып табылады.

Жаза жүйелері мен  түрлеріне  жалпы түсінік
 
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген
соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен
орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін
айырудың мәніне карай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметгі
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан
және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан
айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік әскери белімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа
түрлері жалпыға мәлім Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен
үш топқа белінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар
дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру
үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде үстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін (39-бап, 1-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның
мақсатын жүзеге асыруда оған кемекші роль атқаратын жазаларды айтамыз.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Жаза тағайындалғанда
соттардың зандарды дұрыс қолдануы туралы" 24 маусым 1993 жылғы № 3
қаулысының 16-тармағында "соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне
баса назар аударғаны жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс
үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға,
жазаның мақсатына жетуге көмектеседі", — делінген. Ал қосымша жаза
қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің
қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа
тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп
көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар
болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің
дәлелдерін үкімде міндетгі түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны
қолданбауы мүмкін.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі). Үшінші топқа
негізгі де, қосымша да жаза ретінде колданылатын жазалар жатады.     
Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза
түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға занда
белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін.
Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза
түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дүрыс қолдану — қылмыспен тиімді күрес
жүрпзудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген
түрлеріне сипаттама береміз.
Қылмыстық кодекстің 40-бабы бойынша: "Айыппұл — осы Кодексте көрсетілген
шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген
айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не
сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір
кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу
(40-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгендей айыппұл негізгі немесе
қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде
айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындыққа тап
болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады.
Кінәлі адамнан үкім бойынша ақшалай ендіру сотталған адам және басқалар
үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекше роль
атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана занда
көрсетілген ретте және соның шегінде ғана қолданылады.
Айыппұл Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген айлық есептік
көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған
адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезендегі езге де
табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың
ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот
белгілейді.
Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына, кінәлінің
материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақгы жағдайларына байланысты
сот арқылы жеке-дара анықталады. Занда айыппұлдың төменгі және жоғарғы шегі
көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне айлық есептік көрсеткішті
алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шекте тағайындалады. Егер
сот айыппұл төлеудің негізіне сотталған адамның жалақысының немесе ол
қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге табысының мөлшерінде:
екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Занда айтылған өзге де табыстар
деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек қызметі, авторлық қаламақы,
мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады. Қылмыстық-атқару құқығы
бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне енгеннен кейін
бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер
сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы жоқ болса, онда сот
сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеуді занда
белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Егер сотталған адам
айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен
орындалуға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден әдейі жалтарғаны үшін
жауаптылық белгіленген. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-
өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір
кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41-бап).
Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген:
белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу
құқығынан айыру.
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған
адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен
шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне
қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір
қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы
құқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде
қолданылады.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкцияда ол туралы
арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-бабының
талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Қылмыстық кодекстің 41-бабының талабына сәйкес сот белгілі бір лауазымды
атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан бұл жаза түрі
заңның санкциясында керсетілмесе де оны қолдану қажеттілігі туралы үкімде
көрсетіле отырып қосымша жаза ретінде қолдануға құқылы. Сотталған адамдар
сот белгілеген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген жүйесінде мүлдем жүмыс
істемеу туралы тыйым салуы занда көрсетілмеген.
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген
жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана
қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа
дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды және сотталған адам
оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған
адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе
жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам
қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше
45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен
не-месе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам қоғамдық
жұмысты етеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығынан
шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.
Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар
әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа
тарту тағайындалмайды.
Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде
көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлегін мемлекет
пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл
жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана колданылады.
Түзеу жұмысына сотталған адам бас бостандығынан айырылмайды, отбасынан,
еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға дейін еңбек
еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы
шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның езі сотталған
адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау
жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жұмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты
сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі бойынша түзеу жұмыстары
адамның жұмыс орны бойынша ғана өтеледі. Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу
деген сөз сотталған адамды бұрынғы сотталғанға дейін лауазымында немесе
кәсібімен шұғылдана беруге болады деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс
лауазымды жағдайына немесе кәсіби қызметіне байланысты жасалған болса, онда
сотталған адам басқа жұмысқа немесе басқа жұмыс өрнына ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес:
Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен
белгіленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте
мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.
Жаңа Қылмыстық кодексте түзеу жұмыстарына сотталған адамның жазасын
өтеуден әдейі бүлтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай жағдайда сот
түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын
шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға
ауыстыра алады.
Қылмыстық орындау заңы бойынша: 1) Сотталған адамға инспекцияның жұмысқа
кірісу туралы берген ескертпесінен 15 күн өтіп кетсе; 2) инспекцияға
жазбаша ескертпеден кейін себепсіз жағдайлармен келмесе; 3) белгіленген
міндеттерді және тыйым салынған әрекеттерді жазбаша ескертуден кейін бұзса;
4) бұрынғы ескертуге қарамастан тағы да жұмысқа мас күйінде келсе немесе
жұмысқа мүлдем келмей қалса; 5) сотталған адам түзеу жүмысын өтеуден бас
тарту мақсатында бой тасалап қалса, олар өдейі жалтарған деп саналады.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау қылмыстық орындау
инспекцияларына жүктелген. Оны орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасы
Қылмыстық атқару кодексімен реттеледі.
Әскери қызмет бойынша шектеу жазаның негізгі түрі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес: келісім-шарт бойынша
әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ
шақыру бойынша әскери қызметін етеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше
белімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы
қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет еткеріп
жүрген, сотталған әскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің
тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға
дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Сонымен, қылмыстық заңда осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар
белгіленген. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп
жүрген сотталған әскери қызметшілерге; екіншіден, шақыру бойынша әскери
қызметін етеп жүрген офицерлерге; үшіншіден, бұл жаза көрсетілген
адамдардың тек әскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің 16-тарауы) қылмыс
жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында
көзделген түзеу жұмысының орнына қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-белігінде әскери қызмет бойынша
шектеудің екі түрі көрсетілген: 1) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған
адамның лауазымы көтерілмейді.
2) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті әскери атағы
жоғарыламайды (мысалы лейтенант аға лейтенантқа, аға лейтенант капитанға
жоғарыламайды). Бұл жазаны өтеу мерзімі әскери атақ беру үшін еңбек
сіңірген мерзімге есептелмейді.
Қылмыстық кодекстің 44-бабында көрсетілмеген әскери қызмет бойынша
шектеуге жол берілмейді.
Осы жазаны өтеу мерзімі Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлігінде үш
айдан екі жылға дейінгі мерзім деп белгіленген.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың
үкімімен белгіленген, бірақ 20 проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттің
кірісіне ақша ұсталып қалады (44-бап, 2-бөлігі).
Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы
мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге оны қадағалауды жүзеге асыру
жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға
тартумен немесе түзеу жүмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір жылдан
аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін (45-бап, 1-бөлігі).
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке-дара тағайындалады. Бас
бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің
Ерекше белімінің көптеген баптарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазалар және оның түрлері
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Қылмыс түсінігі, жаза
Кінәліге әділ жаза таңдау
Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары
Жазалар жүйесі және олардың түрлері
Қылмыс жасаушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасынан босатылу мәселелері
Пәндер