Азаматтық іс жүргізу құқықғы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының теориясы мен практикасында азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары тақырыбының орны өте зор болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай - ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай - ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы-мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.

Біздің бұл реферат жұмысымыздың негізгі мақсаты алынған тақырыптын ауқымын ашып, оның ұғымын, мазмұнын тереңірек зерттеу.

Міндеттер бұл мақсаттарға қол жеткізудің жолдары. Сондықтан реферат жұмысының міндеті ретінде:

  • азаматтық іс жүргізу құқығының пәнің ашу;
  • азаматтық іс жүргізу құқығының әдісін мен жүйесін анықтау;
  • азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаттарын анықтап көрсету;

Зерттеу объектісі болып азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары. Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы, сондай - ақ арнайы әдебиеттер болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқықғының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.

Азаматтық іс - азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау - дамайлар жөніндегі іс басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан келтірген іс - әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни ар - намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т. б. Қ қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай - ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай - ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.

Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 76 бабы) .

Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75 бабы) .

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы-мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т. б. тұлғалар болуы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5 бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде қолданылуға тиісті құқық нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды талап етеді.

Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

1) сотта азаматтық істің қозғалуы;

2) істі сотта қарауға әзірлеу;

3) істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

4) істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5) заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;

6) заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;

7) атқару ісін жүргізу;

Азаматтық процестің сатылары-біртұтас азаматтың сот ісін жүргізудің аса жақын мақсат біріктірген құрамдас бөліктері. Әрбір азаматтық істің жоғарыда аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес екенін айта кеткен жөн. Бұл тараптардың қалауына байланысты.

Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.

Азаматтық істердің көпшідігі талап істер жүргізу ережелері бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді, сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.

Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа салаларымен, әсіресе материалдық салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты, өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейді. Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс жүргізу сатыларындағы іс жүргізу нысанында болып табылады. Олардың арасында айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың ғана емес, сонымен қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Құқықтың бұл саласын реттеу мәселесінде де айырма бар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар баянды етілген нормативтік актілер болып табылады.

Ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының деректемесі сот әділдігін жүзеге асыруды сот органдарына ғана жүктеп, сот әділдігін салааралық принциптерін, судьялардың тәуелсіздігін және олардың тек заңға бағынуын; барлық соттарда істердің ашық қаралуын, заңдылықты және т. б. нығайта отырып, сот жүйесін анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының келесі бір аса маңызды деректемесі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі болып табылады. Онда азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу егжей-тегжейлі регламенттелген. Азаматтық іс жүргізу кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы білімге азаматтық процестің барлық түрлері мен сатыларына қатысты нормалар енгізілген.

Құқықтың осы саласының нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы 1995 жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығында, Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығында; Мемлекеттік баж туралы Заң мен басқа заңдарда баянды етілген».

Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелері ерекше орын алады. Ғылымда бір авторлар басшылыққа алынатын түсіндірмелер нормативтік сипатта болады деп санайды, басқалары өзгеше пікір ұсынады.

Мемлекетте заң шығарушы және атқарушы билікпен бірдей үшінші билік ретінде соттардың рөлін нығайту Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алынатын қаулыларын құқық нормалары бар нормативтік актілер деп санауға негіз береді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот қорғауының кеңейтілуі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын қамтитын заң актілерінің шеңберін ұлғайтады, атап айтқанда, сотқа қарасты мәселелер материалдық құқықтың түрлі салаларының заңдарына енгізілген.

Сотта азаматтық іс: 1) өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша; 2) прокурордың арызы бойынша; 3) заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8, 56, 57 баптары) .

Азаматтық іс қозғау-процестің бірінші және маңызды сатысы.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152 бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскен күннен бастап бос күннің ішінде судья істі қозғау жөніндң ұйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.

Құқықты сот қорғауының маңызды кепілдігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 153 бабында арызды қабылдаудан бас тарту үшін негіздердің бәрін қамтитын тізбесі көзделген. Судья арызды қабылдаудан бас тарта отырып, бұл туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Ұйғарымда судья, егер іс соттың қарауына жатпаса, арыз берушінің қандай органда жүгінуі керек екенін не істің пайда болуына кедергі жасайтын мән-жайларды қалай жоюға болатының көрсетуге міндетті. Заңда судьяның арызды қабылдаудан бас тарту ұйғарымына жоғарғы тұрған сотқа шағым жасауға немесе прокурордың наразылық келтіруіне жол береді.

Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап-арыз, шағым (арыз) береді.

Талап-арыздың берілуімен талап бойынша іс қозғалады. Талап бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.

Мүдделі адамның бұзылған немесе дау туғызған субъективті құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды талап етіп сотқа жүгіну талап-арыз деп алады.

Талап қоюшының қандай талап қоюына қарай талаптар беру туралы, тану және өзгертушілік туралы талап қою болып бөлінеді. Талаптардың көпшілігі өндіру туралы (алимент өндіріп алу) болады. Тану туралы талап қою соттың өз шешімімен талап қоюшы мен жауапкер арасында құқық қатынастары бар-жоғын анықтап, айқын емес, күмәнді жәйттерді жоюына бағытталған.

Талап-арыз оның нысанасы мен негіздемесіне бөлінеді. Олар талаптың элементтері, оның құрамдас бөліктері деп аталады. Практикада бір талап арыз екіншісінен солар бойынша ерекшеленеді. Заңда сотқа қайталап ұқсас талап қоюға жол берілмейді (Азаматтық іс жүргізу кодексі 153 бабының 4 тармағы) . Ол сотта қағазбастылық туғызады, соттың беделін түсіреді және сот қаулыларының тұрақтылығын бұзады.

Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150 бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар арыз беру арқылы қозғалады. Егерде арызды өкіл (адвокат, юрисконсульт) берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет.

Талап қойылған арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші жақтың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талапкерді талап қойылған арызға қосылған құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (151 бабы) . Талап қойылған арыз бен құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.

Істі сотта дербес жүргізу үшін мүдделі адамның іс жүргізу қабілеті болуға тиіс (Азаматтық іс жүргізу құқығының 46 бабы) . Бұл-сотта өз құқықтарын тікелей өзі жүзеге асыруға және істі жүргізуді өкіліне тапсыруға қабілеттілік деген сөз.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қамқоршылары қорғайды, алайда сот мұндай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін де тартуға міндетті.

Еңбек қатынастарынан және алатын табысына, стипендиясына, өзге де кірісіне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік етуге байланысты мекемелерден туындайтын істер бойынша кәмелетке толмағандардың сотта өз құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін тікелей өзі қорғауға құқығы бар. Мұндай істерге қатысу үшін кәмелетке олмағандарда көмек көрсетуге олардың ата-аналарын, асырап алушыларын немесе қамқорщыларын тарту соттың ұйғаруына байланысты болады.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ психикалық аурудың немесе ақыл-есінің кемістігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері-ата-аналары, асырап алушылары және қорғаншылары қорғайды.

Заңды өкілдің өкілеттігі төлқұжатпен немесе арнаулы куәлікпен куәләндырылады (63 бабы) . Басқа өкілдердің істі жүргізуге өкілдігі Азаматтық іс жүргізу кодексі 62 бабының талаптарына сәйкес рәсімдеуге тиіс.

Сотқа берілетін талап қойылған арызға баж төленуге тиіс.

Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья ұйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өндірісіне қабылдайды және сло кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады.

Осыдан кейін судья істі соттың қарауына әзірлейді, мұнын мақсаты істі дұрыс және мезгілінде қарау мен заңды және негізді сот шешімін шығару болып табылады (166 бабы) .

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174 бабына сәйкес аталған істерді қоспағанда, азаматтық іс екі ай ішінде қаралуға тиіс. Істі дайындау 7 күн ішінде жүргізіледі, күрделі істер бойынша судья дәлелді ұйғарым арқылы оны бір айға дейін ұзарта алады.

Істі дайындау кезінде судьяның алдында мынадай міндеттер тұрады: 1) дәлелдеу нысанасын, яғни істі сот отырысында қарау кезінде сот нақтылауға тиіс болатын заңдық фактілер шеңберін дұрыс анықтау; 2) тараптардың арасындағы құқықтық қатынасты анықтайтын және қандай заңды басшылыққа алатынын шешеді;

3) іске қатысатын адамдардың құрамын, яғни іс кімнің (прокурордың, үшінші тұлғалардың, мемлекеттік басқару органының, кәсіподақтардың және басқалардың) қатысуымен қаралуға тиіс екенін анықтау;

4) іске қажетті айғақ материалдарының бәрін шоғырландыру;

Азаматтық іс бойынша айғақтар сот заңмен белгіленген тәртіппен негізге алып, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтайтын кез келген нақты деректер мен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар болып табылады.

Бұл деректер мынадай амалдармен: тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың көрсетуімен, жазбаша айғақтармен, заттай айғақтармен және сарапшылардың қорытындыларымен анықталады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64 бабы) .

Дәлелдеу міндетін заң тараптарға (талап қоюшы мен жауапкерге) жүктеледі. Дәлелдеу процесіне іске қатысатын басқа да тұлғалар (үшінші жақтар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары және басқалар) қатысады.

Істі мәні бойынша шешу байланысты болатын фактілер дәлелдеу заты деп аталады. Іс үшін маңызы бар, дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер болатынын атап өткен жөн.

Олардың қатарына мыналар жатқызылған: 1) сот таныған жалпыға мәлім фактілер (дүлей зілзала, жер сілкінісі, су басу, өрт және басқалар) ; 2) преюдициялық фактілер, яғни бір азаматтық іс бойынша соттың шешімімен заңды күшіне енген анықталған фактілер нақ сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 71 бабы) .

Талаптардың сипатына, істің қарапайымдылығы мен қиындығына қарамастан, судья істі сотта қарауға дайындық жүргізуге тиіс, өйткені азаматтық процесте алдын ала тергеу сатысы болмайды. Істі тыңдау белгіленген бір сот отырысында қарау дайындықтың жүргізілу сатысына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Адвокатураның құқық қорғау қызметі
Мемлекет функциясының түрлері, орындалу нысаны
Азаматтық іс жүргізу құқығы
Халықаралық құқық қайнар көздері
Өсиеттерді куәландыру
Халықаралық құқығының негіздері
АДАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Заң мамандығы бойынша оқу практикасының есебі
Мемлекеттік меншікке түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz