«АҚШ-та басталған Қаржы дағдарыстың Қазақстан Республикасына тигізер әсері»



1. АҚШ.та басталған Дұниежүзілік дағдарыс
2 Дағдарыстың салдары, Әлем елдерінде
3 Қаржы дағдарысының, Қазақстанға тигізген әсері
4 Қазақстанның дағдарысқа қарсы жүргізіп жатқан саясаты.
Бүгінгі таңда қаржы дағдарысы салдарынан Америка экономикасы баяулай бастады. Соның салқыны Қазақстанғада тиіп отытғаны баршаға мәлім. Қазақстанда өндіріс біршама бәсеңдап, мемлекетің қолдуына мұқтаж болып отыр. Үкіметте бұл дағдарысқа бей жай қарап отырмай тезде бағдарамаларын жасап жұмысқа кірісті. Алдағы ұақытта өз жемістерін берері анық.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі АҚШ-та басталған Дұниежүзілік дағдарыс тек Қазақстанда ғана емес бүкі әлемдегі дамыған және дамушы елдерді қамтып отыр. Әрине бұл табиғи тұблыс болып таблады. Қазіргі кезде Дағдарыстаың қайдан шыққаны маңызын жоғалтып, бұл дағдарыстан шығу жолдарын, әр ел өз бағдарламаларын жасап, Экономиканы тұрақтандаруға жұмыстар жасап жатыр. Сонымен қоса Қазақстанда өз бағдарламаларын жасап сәті жұмыстар жасауда.
Жоғарыда аталған автор ғылыми жұмысында жан-жақты қамтылған отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік материалдары мен статистикалық мәліметтерін пайдаланды. Ғылыми жұмысында талдаулық тұрғысынан дайын дүние.
Сонымен, жоғарыда аталған автордың ғылыми жұмысы барлық талаптарға сәйкес орындалған және Республикалық студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына жіберілуіне толық болады деген пікірдемін.
1. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі» www.enbek.kz
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі» www.govermet.kz
3. «Қаржы министірлігі» www.mf.minfin.kz
4. «Туризм және спарт министірлігі» www.mts.gov.kz
5. «Егемен Қазақстан» газеті 10 ақпан 2009
6. «Егемен Қазақстан» газеті 23 қаңтар 2009
7. «Жас Алаш газеті» 10 ақпан 2009
8. «Жас Алаш газеті» 27 қаңтар 2009
9. «Нұр Астана газеті» 5 ақпан 2009
10.«Қазақстан Республикасы Призизидентінің ресми сайты www.akorda.kz
11. http: //www.myoffshoreaccounts.com 09.11.2009
12. Ескендір ТАСБОЛТАОВ,«Ислам және өркениет»,№32, 11-20 қараша, 2008 ж ыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ќ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ КАФЕДРАСЫ

Студенттердің кезекті ХVIІ ғылыми-теориялық конференциясына

БАЯНДАМА

Тақырыбы:АҚШ-та басталған Қаржы дағдарыстың Қазақстан Республикасына
тигізер әсері

Ғылыми жетекші: Магистыр оқытушы
Г.Сұлтанханова

Орындаған: ЭМБ-615 тобының
студенті Э.Айнабеков

Түркістан 2009

Ғылыми жұмысына аннотация

1. Аты: АҚШ-та басталған Қаржы дағдарыстың Қазақстан Республикасына
тигізер әсері
2. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы: -
3. ЖОО: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
4. Жұмыстың аяқталған уақыты: 20022009 жылы
5. Жұмыстың көлемі: 20 бет
6. Қосымша саны: -
7. Иллюстрация саны: -
8. Кесте саны:
9. Пайдаланылған әдебиеттер саны: 12

Жұмыстың сипаттамасы:
1.Ғылыми жұмыстың мақсаты:
- Қазақстан экономикасының қаржы дағдарыстың салдарын анықтап, даму
үрдісін айқындау

2.Зерттеуде пайдалынылған әдістер:
- ғылыми талдау және сараптама әдістері.

3.Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми тәжірибелік)
- Республика деңгейінде маңызды салалардың мемлекеттік денгейде дамуын
талдау

4.Ғылыми зерттеуді қолдану туралы құжаттар жиынтығы (иә, жоқ): жоқ

Автор қолтаңбасы: Э.Айнабеков

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына ұсынылған ғылыми-зерттеу
жұмысының авторы (Д.Еркебалаев) мен ғылыми жетекшісі туралы
МӘЛІМЕТ

Авторы
1 Фамилия Айнабеков
2 Аты Эржан
3 Әкесінің аты
4 Курс 3
5 Мекен-жайы ОҚО Қазығұрт ауданы, Төлеби көшесі №20

Ғылыми жетекшісі
1 Фамилия Сұлтанханова
2 Аты Гүлнұр
3 Әкесінің аты
4 Қызметі Магистор оқытушы
5 Мекен-жайы ОҚО Түркістан қаласы,

Ғылым және халықаралық
Қатынастар жөніндегі
вице-президент, тех.ғ.д., профессор: Т.П.Раимбердиев

Ғылыми жетекші:
Г.Сұлтанханова

Автор, ЭМБ-615
тобының студенті Э.Айнабеков

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Экономика факультеті

Қазақстандағы инновацияның даму проблемалары және шешу жолдары тақырыбына
жазылған баяндамаға
(автор студент Д.Еркебалаев)

ПІКІР

Бүгінгі таңда қаржы дағдарысы салдарынан Америка экономикасы баяулай
бастады. Соның салқыны Қазақстанғада тиіп отытғаны баршаға мәлім.
Қазақстанда өндіріс біршама бәсеңдап, мемлекетің қолдуына мұқтаж болып
отыр. Үкіметте бұл дағдарысқа бей жай қарап отырмай тезде бағдарамаларын
жасап жұмысқа кірісті. Алдағы ұақытта өз жемістерін берері анық.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі АҚШ-та басталған Дұниежүзілік
дағдарыс тек Қазақстанда ғана емес бүкі әлемдегі дамыған және дамушы
елдерді қамтып отыр. Әрине бұл табиғи тұблыс болып таблады. Қазіргі кезде
Дағдарыстаың қайдан шыққаны маңызын жоғалтып, бұл дағдарыстан шығу
жолдарын, әр ел өз бағдарламаларын жасап, Экономиканы тұрақтандаруға
жұмыстар жасап жатыр. Сонымен қоса Қазақстанда өз бағдарламаларын жасап
сәті жұмыстар жасауда.
Жоғарыда аталған автор ғылыми жұмысында жан-жақты қамтылған отандық
және шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік материалдары мен
статистикалық мәліметтерін пайдаланды. Ғылыми жұмысында талдаулық
тұрғысынан дайын дүние.
Сонымен, жоғарыда аталған автордың ғылыми жұмысы барлық талаптарға
сәйкес орындалған және Республикалық студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстары
конкурсына жіберілуіне толық болады деген пікірдемін.

Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы:
Г.Сұлтанханова

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Түркістан қ. 19.02.09 ж.
Көшірме
Студенттердің кезекті ХVIІ ғылыми-теориялық конференциясы
Экономика факультеті
Менеджмент және маркетинг секциясы комиссиясы
ХАТТАМА №1

Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару және
Маркетинг мамандығы бойынша
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстық комиссиясының
бөлімі бойынша Университет Президентінің бұйрығымен бекітілді. Жалпы
Менеджмент және маркетинг секциясы бойынша 16.02-19.02.09 жж. күндері
аралығында 50 студент және ғылыми жетекшілері қатысты.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жете талдап және
сапасын қарап, конкурстық комиссия марапаттауға ұсынып, төмендегілерді
базалық конкурсқа жіберуді ұсынды:

Студенттің аты-жөніТобы Ғылыми баяндама тақырыбы Жетекшісі
1. Еркебалаев Дәурен ЭЭМ-615 Қазақстандағы инновацияның Аға оқытушы
Назымханович даму проблемалары және шешу Тохаева Ж.О.
жолдары .
22 Каликулов Ерлан ЭҚЖ-715 Кәсіпорын персоналын Э.ғ.к., аға
Жұмабайұлы мотивациялау. оқытушы
Ерманкулова Р.И.
Шонжанова Гүлназ ЭМБ-615 ҚР-ғы мемлекеттік басқару Аманова Г.М.
Ауелбековна жүйесін жетілдіру мәселері.
4. Каранов Рахим ЭЭМ-615 ҚР-ғы инновациялық Аға оқытушы
инфрақұрылымды. Тохаева Ж.О.
5. Четин Бугра ЭЭМ-615 Өндірісті ұйымдастыру Мустафа Нурсой
6. Айнабеков Ержан. ЭМБ-615 АҚШ-та басталған Қаржы Г.
дағдарыстың Қазақстан Сұлтанханова Г
Республикасына тигізген әсері
7 Сыздыкова Меруерт ЭЭМ-615 Шағын және орта кәсіпкерліктіңАбубакирова А
нарықтық экономикадағы маңызы
8 Баетов Мейрман ЭЭМ-715 Лизингтік бизнесті Исабеков Б.Н
қалыптастыру және дамыту
жолдары
9 Төлегенова Майра ЭМБ-615 Оңтүстік еркін экономикалық Иматаева Э.У.
аймақтың даму барысы.
10 Сарсенова Айнур ЭЭМ-715 Дәнді дақылдың ҚР­да мемлекет Жақсыбаева А
тарапынан реттелуі
11 Абилов А. ЭҚЖ-721 Мотивация как элемент э.ғ.к., аға
оптимального ведения трудовой оқытушы
деятельности . Ерманкулова Р.И.
12 Оразбаев Қуатбек ЭМБ-715 Қазақстан экономикасына шетел Абубакирова А.Т.
инвестицияларын тарту процесін
басқару.
13 Абызбаева Самал ЭМБ-615 Әлемдік тұрғын үй дағдарысы Кенешбаев Б.Ж.
себептері және болдырмау
жолдары
14 Жумаева З. ЭЭМ-615 Кәсіпорындағы өндірісті Аға оқытушы
ұйымдастыру. Мейірбекова Р.О.
15 Қожанова А ЭЭМ-615 Қазақстан және Дүние жүзілік Абубакирова А
сауда ұйымы

Секция төрағасы:
э.ғ.д., профессор Б.Н.Исабеков

Секция мүшелері:
э.ғ.к., аға оқытушы Б. Дандаева

аға оқытушы: Ж.Тохаева

хатшы А.Алимбаева

2007 жылдың жаз айларындағы әлемдік қаржы дағдарысы өз түзетуін
енгізді. Өтімділік проблемалары, сыртқы қарыздардың қымбаттауы, актив
сапаларының нашарлауы, несие рейтингтерінің төмендеуі мен банк жүйесіндегі
басқа да бірқатар тәуекелдер әсерінің күшеюі сияқты мәселелер екінші
деңгейлі банктердегі несие саясатының қайта қаралуына әкеп тіреді.
Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын былай деген
екен: “Сыртқы күш дегеніміз – ішкі күштің туындысы”. Бұл ойды басқаша
айтсақ, “Сыртқы дағдарыс дегеніміз – ішкі дағдарыстың туындысы” екенін
әбден анық пайымдауға болады.
Солай болып отыр, бүкіл біздің әлеміміз күтпеген ретте және байқаусызда
жаһандық дағдарыс туннелінің “кіреберісінен” өтіп кеткен, ал одан “шығар
есік” бүгінде ешкімге дерлік көрінбей тұр.
Бүгінгі дағдарыс өзінің бастауын Американың жылжымайтын мүлік
рыногындағы проблемалардан алады. Ол қазіргі таңда әлем жұртшылығын, оның
ішінде қазақстандықтарды да алаңдатып отыр.
2007 жылдың тамыз айында басталған, қазір дүниежүзін алаңдатып
отырған дағдарыс алғашында әлемдік өтімділік дағдарысы деп аталды. АҚШ-тан
бастау алған өтімділік дағдарысын ипотекалық нарықтан басталды дейтіндер
бар. Шын мәнісінде, ол ипотекалық нарықтан басталды ма, не болмаса нақты
өндірістік сектордан басталды ма, осыған байланысты сарапшылардың ой-пікірі
әртүрлі. Негізінен әлемдік өтімділік дағдарыстың себебі ипотекалық нарықтан
басталған жоқ. Оның себебі әріректе, алғышарттарының тамыры тереңде жатыр.
Біріншісі – Американың сыртқы экономикалық саясаты. Екінші – Американың
сыртқы дипломатиялық саясаты. Үшінші – Американың басқа мемлекеттермен
экономикалық қарым-қатынасы. Төртінші – Америка банктерінің сыртқы дамушы
елдерге, төмен пайызбен ипотекалық несие беруінде. Соңғы кездері Американың
сыртқы саясаты көптеген алдыңғы қатардағы және жаңа дамып келе жатқан
мемлекеттердің наразылығын туғызды. Оның ішінде Қытай да кезінде Америкаға
оң көзбен қараған жоқ. Мысалы, Билл Клинтон президент болып тұрған кездері
Қытай өзінің Америкамен теріс сальдосына ренжіп, өз юанын девальвация
жасағысы келді. Қытай юаньді девальвация жасайды деген күннің ертеңінде
Билл Клинтон Қытайға ұшып барды. Неге? Себебі юаньнің девальвациясы
Американың импортына үлкен соққы тигізетін еді. Өйткені Американы киіндіріп
отырған – Қытай, тамақтандырып отырған – Қытай, тіпті бүкіл әлемдегі
трансұлттық брендтердің барлығы Қытайдың территориясына орналасып, арзан
жұмыс күшін пайдаланып, тауар өндіруді, басқа да қызмет түрлерін халыққа
ұсынуды әбден дәстүрге айналдырған.
– Негізі, АҚШ-тың өзге елдерге әлімжеттік жасауы, соғыс ашуы да
экономикалық жағынан алып қарағанда қып-қызыл шығын емес пе?
– Расымен де, өтімділік дағдарысының екінші бір себеп-салдары әсіресе,
Кеңестер Одағы құлағаннан кейін Америкада сыртқы саясатта үлкен бір
арандатушылық қадамдар басталып кетті. Бұрын Америкаға саяси, әскери
күшпен, экономикалық қуаттылығымен КСРО ғана баланс ұстап тұратын. Ол
құлады. Содан келді де Америка сыртқы саясатын, соғыс әскери саясатын
ешкіммен санаспай жүргізе бастады. Соның айқын дәлелі – Иракқа, Ауғанстанға
соғыс ашуы. Бұл соғыстың бәрі Америка экономикасына салмағын түсірмей
қоймайды. Мысал үшін, Пентагонның жылдық әскери бюджеті 700 миллиард
доллар деген ресми мәлімет бар. Бұл – ресми ақпарат көздерінде жарияланған
цифрлар. Ал біз білмейтін әскери соғыс шығындары қаншама?!
Бүгінгі таңда Америка экономикасы баяулай бастады. Бұл – осы
факторлардың әсері. Бұл елде рецессия (экономиканың баяулауы) құбылысы
айқын байқалып отыр. Егер мемлекеттік бюджеттің бәрі әскери шығындарды
қаржыландыруға кететін болса, нақты секторға, өндіріске, халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсайтын бюджеттің үлес салмағы азаяды.
Осының бәрі келді де Американың экономикасын бүгінгі таңдағы қиындыққа
әкеліп соқтырды. Мысал үшін, Ирактағы соғысты алайық. Бұл Америка
экономикасына тікелей ықпал етеді. Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі
экономист Джозеф Стиглицтің есебі бойынша Ирактағы соғыстың құны 3 триллион
долларға тең екен. Осы қаржыны Ирактағы соғыстың болған уақытына бөлсеңіз
жыл сайын қаншама қаржыны Америка өз қалтасынан Ирактағы соғысқа жұмсауға
мәжбүр болғанына көз жеткізуге болады. Мұның барлығы АҚШ өнеркәсібінің
баяулауына, жалпы, экономикасының құлдырауына әкеліп соқты.
Қазір бұрынғы Кеңестер Одағынан тараған ТМД мемлекеттері пайда
болды да, ол мемлекеттер өз аяғынан тұру үшін талпына бастады. Әу бастан
Қазақстан да өз экономикасын ашық деп жариялады. Қытай үшін АҚШ-тың
нарығынан да өте тартымды нарық пайда болды. Қытай тауардың, инвестицияның
бір бөлігін осы елдерге бұрды. Бұл да Америка экономикасына оңай тиген жоқ.
Осының нәтижесінде салмақ коммерциялық, ипотекалық банктердің несиесіне
түсті. Үй сатып алайын десе, халықтың тауып жатқан жоғары жалақысы жоқ.
Олар, амал жоқ, банктік несиеге қарады. Алғашында банктік несиенің пайыздық
ставкасы төмен болды. Елдің бойы несиеге біраз үйренгенде пайыздық ставканы
көтеріп жіберді. Себебі экономика баяулап, инфляция күш алып бара жатты.
Өзі қаржы нарығы деген өндірістік сектормен салыстырғанда конъюнктуралық
өзгерістерге тез сыңай танытатын сезімтал сектор. Осыдан келді де
Америкадағы ипотекалық дағдарыс басталды. Халық алған несиелерін қайтара
алмайтындай жағдайға жетті. Өйткені жалақысы азайды. Олар өзі аз жалақысын
10-15 жылға алған несиесіне қайтара ма, әлде нанға жұмсай ма? Бұл процесс
бізде 2007 жылдан бері орын алғанмен, АҚШ-та ертерек басталды. Бұл –
халықтың табысының төмендеп кетуінің, өндірістің құлдырауының нәтижесі.
Себебі өндіріске келіп жатқан жаңа инвестициялар жоқ. Бар болған күннің
өзінде оның мөлшері азая түсті. 2007 жылдың тамыз айында дүниежүзілік сипат
алған дағдарыстың себептері осындай.
2008 жылы өтімділік дағдарысы АҚШ-та асқына түсті. Ол, біріншіден,
ипотекалық компаниялардың құлдырауына, екіншіден, банктердің банкротқа
ұшырауына әкеліп соқты.
Әрине, Америка қол қусырып қарап отырған жоқ. Өтімділік
дағдарысымен күресуді Үкімет қолға алып жатыр. Американың қаржы министрі
Генри Полсон өз бағдарламасын ұсынды. Ол ел арасында Полсон бағдарламасы
аталып кетті. Бағдарлама бойынша мемлекеттік бюджеттен 700 миллиард доллар
Америка экономикасына, банк секторына инвестиция жасау жөніндегі ұсыныс
енгізді. Сенаторлар біраз тартыншақтағанмен экономикадағы жағдай тым ушығып
бара жатқан соң олар да қолдауға мәжбүр болды. Оның бер жағында Америкадағы
кейбір ипотекалық банктердің үлкен сақтандыру компанияларының акцияларын
мемлекеттің өзі сатып алды. Мысал үшін, үлкен сақтандыру компаниясы AІG
(Amerіcan Іnternatіonal Grouf) акцияларын 85 миллиард долларға сатып алды.
Осы компания акциясының 79,7 пайызы Федералдық резервтік жүйенің меншігіне
айналды. Ал кейбір банктерге тиіскен жоқ. Ағайынды Лемондардың 150 жылдық
тарихы бар Lehman Brothers Holdіng Іnc банкі банкротқа ұшырады.
Дағдарыстың салдары, Әлем елдерінде.
Тарих табалдырығын аттаған 2009 жылды әлем жұртшылығы бір күдік, бір
үмітпен қарсы алды. Жаһандық қаржы дағдарысы талай елдің экономикасын
тығырыққа тіреп, қаржы жүйелерін қақыратып өтті. Бұл дағдарыс қиындығынан
кешегі кеңестік кеңістіктен шыққан елдер де сырт қала алмады.
2008 жыл әлем рыногына, соның ішінде мұнай саласына оңай тиген жоқ.
2008 жылдың желтоқсан қара алтынның 1 баррелі Нью-Йорк биржасында 35
доллар 35 центке дейін төмендеді. Сөйтіп, шілде айында 147 долларға жеткен
шикізат жыл соңында 112 доллар жоғалтып отыр. Бұған себеп – дүниені
жайлаған экономикалық дағдарыс пен сұраныстың аздығы. Әсіресе, АҚШ-та
сұраныс кемігендіктен, жанармайдың нарқы осыдан 5 жыл бұрынғы деңгейге
түскен.
2008 жыл әлемнің қор рыноктарын да теңселтіп кетті. Американың орталық
банкінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің есебіне жүгінсек, биыл қаржы
дағдарысы басталғалы, дүниежүзі компаниялары жалпы алғанда 30 триллион
доллардан айрылыпты. Соның 7 триллионнан астамы Нью-Йорк биржасында желге
ұшты. Жаңа жыл қарсаңында планетада жаңа ұйым пайда болды. Ол – Газ
Экспорттаушы Елдер Форумы. Мұндай келісімге 14 мемлекеттің энергетика
министрлері сейсенбі күні Мәскеуде қол қойды. Жиынның кіріспесінде Ресей
премьер-министрі Владимир Путин сөз сөйлеп, көгілдір отынның арзан дәуірі
өткенін ескертті.
Жапон үкіметі рекордтық бюджет қабылдады. Оның көлемі - шамамен 1
триллион долларға жуық. Премьер-министр Таро Асоның министрлер кабинеті
қаржылық құжатты мақұлдады. Ал, парламент оны қаңтарда дауысқа салады. Ел
тарихындағы ең қомақты бюджет әлемдік кризис кезінде халықтың тұрмысын
нашарлатпай, ел экономикасын қорғауға арналған. Яғни, 990 миллиард
доллардың бір бөлігі жұмыссыздыққа жол бермеуге, экономиканың құлдырауын
тежеуге жұмсалады. Бұл бюджеттің негізгі мақсаты - халықтың тұрмысын
нашарлатпау. Әлем елдері мұндай рецессияға бір ғасырда бір рет душар
болады. Сондықтан, ерекше дағдарыспен күресу үшін ерекше әрекет қажет.
Дағдарыс қыспағы 2008 жылдың өзінде бірнеше елдерге өзінің әсерін
тигізбей қоймады. Сөйтіп, азуын айға білеген Америкада 67 компания қазірдің
өзінде шаш-етектен шығынға батып, шаңырағы ортасына түскен. Америка
компаниаларында жұмыс орындарының қысқаратыны айтылған Wall Street journal
блай деп қабарлайды: АҚШ-тың шетелдердегі 20 компаниасы жұмыс орындарын
қысқарты. Олар Руминядағы тыңайтқыштар өндіру жөнінен екінші орын алатын
Amonil SA-lfy бастап, АҚШ-та денсааулық сақтау жөнінен екінші орындағы Fiat
Spa Magnet Marelli-ге дейін 1,5 мың вакансия қысқаратын болды. Әрқайсысы
осыншалықты қысқартса, 30 мыңдай қызметкер жұмыссыз қалатыны белгілі болып
отыр. Болжам бойынша АҚШ-та 2009 жылы 2,1 милионға жуық жұмыс орны
қысқарады.
Ал, Укркина статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтеріне
қарағанда, елдің 2008 жылғы 7,6 пайыздан 2,1 пайызға дейін түсіп кеткен.
Қытай бюджетінің тапшылығы 100 млрд. доллар болуы мүмкін. Қытай
экономикалық дамудың арнасын өзгертуді қалайтын сыңайлы. Онда тауар шығару
енді сыртқа емес, ішкі рынокқа бағдарлануда. Экспорт құрылымы өзгеріп,
жеңіл өнеркәсіп тауарларын ғылымдық мұғдардағы өнімдер алмастырмақшы.
Сондай-ақ мұнда азық-түлік секторын дамыту да ұтылыссыз бағыт деп саналуда.
Расында, ешкім де тамақ жемей тұра алмайды ғой. Осы қытайлық бағыттың
бірсыпыра орайда қазақстандық тұрақтандыру жоспарымен үндестігі атап
көрсетілді.
Қаржы дағдарысы Японияныда қыспаққа алды. Японияның беделді компаниясы
Panasonik компаниясы шетелдердегі 37 компаниясының жабылатынын мәлімдеді
соның нәтижесінде 15 мың жұмысорны қысқаратын болды. Nisan компаниясы 20
мың жұмыс орнын қысқартты.
Арап елдері 2,5 триллион доллар жоғалтқан Франс-престің жазғанына
қарағанда Кувейттің сыртқы істер министрі Мохаммед ас-Собах Араб
экономикалық самитінің қарсаңында мәлімдегеніндей, қаржы дағдарысының
салдарынан Араб елдері өздерінің сыртқы активтері құнының 40 пайыздайын,
немесе 2,5 трлн. доллар жоғалтқан.
Қаржы дағдарысының, Қазақстанға тигізген әсері. 2007 жылдың екінші
жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның
даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық
ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға
кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-
түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға
инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар
нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші
кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны
әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс
әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір
және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы
байқалады. Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа
қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.
2008 жылы дағдарысқа қарамай бағдарламаларының нәтижесінде елімізде
12 өндірісті іске қостық. Олардың қатарында Қарағанды облысындағы металл
кремнийін өндіру зауыты, Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы құрылыс
материалдары өндірістері, Алматыдағы көлік-логистикалық орталығы, Ақтаудағы
металл-прокат өнімдерін өндіру зауыты, Ақмола облысындағы ет өнімдері
комбинаты, Оңтүстік Қазақстандағы тоқыма өндірісі бар.
Солтүстік-Оңтүстік электр желісінің құрылысы бойынша жобаның
бірінші кезегі жүзеге асырылды, Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы жоғары
кернеулі желісі пайдалануға берілді, Өзен-Жетібай газ құбыры тармағы
тартылды. Қысқасы, барлық қиыншылықтарға қарамастан, 2008 жыл біздің
банкіміз үшін табысты болды.
Ал егер толық жүзеге асыра алмаған істерге тоқталар болсақ, біз барлық
несие өтінімдерін қанағаттандыра алған жоқпыз. Бұл капиталдың сыртқы
рыногының жабылуымен байланысты. Біз сараптама жұмыстарын жүргізіп, электр
энергетикасы, металлургия, химия сияқты маңызды салаларда 29 жаңа жобаны
мақұлдаған. Дейтұрғанмен, қорлардың жасалуын қамтамасыз еткенше, оларды
қаржыландыруды кейінге қалдыруға тура келді.
Олардың несие саясатын қатайтуы елдегі банктік несие көлемінің күрт
төмендеуіне әкелді. ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, 2008 жылы
екінші деңгейлі банктер берген несиелердің көлемі, 2007 жылғы көрсеткіштен
екі есеге аз. Әсіресе, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың маңызды
көзі болып табылатын ұзақмерзімдік несиелер үлесінің азаюы экономикаға
қатты әсер етіп отыр. Тағы бір айта кететін жайт, банктік несие дағдарысы
құрылыс саласынан гөрі, өңдеу саласындағы ең әлсіз өндірушілерге қаттырақ
әсер етуде
Біз өз еліміздің экономикасына сеніп едік, бірақ қазір үмітіміз
ақталмай отыр, өйткені бізде ештеңе қалған жоқ, — деп шағынады ВВС
тілшісіне оңтүстік астананың тұрғыны.
Басқаларға қарағанда, Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе
жатқан құрылыс саласы мен сыртқы қарыздарға тәуелді, — дейді
Казкоммерцбанктің басшысы Андрей Тимченко. — Бұл екі қаржы көзіне де қауіп
төніп тұр. Қаржының кері қайтарылуы жаңа басталғанда біз қиындықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми кеңесші экономика ғылымдарының докторы
Әлемдік қаржы дағдарысы
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Қазақстан экономикасына және әлемді алаңдатқан қаржы дағдарысына жалпы сипаттама беріп, қаржы дағдарысының түрлерін және Қазақстан экономикасына тигізер кері әсерлерін ашып көрсету
Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері
Елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс
Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Бағаның инфляциядағы рөлі
Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары
Пәндер