“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН



1. Лекция тақырыбы : Кiрiспе
2. Лекция тақырыбы : Дiн әлеуметтiк феномен ретiнде
3. Лекция тақырыбы : Дiн социологиясының пайда болуы мен дамуы
4. Лекция тақырыбы : Дiн символикалық жүйе ретiнде
5. Лекция тақырыбы : Дiн мен қоғам интеграциясы
Дін социологиясы екі басты ұстынға сүйенеді: социология және дін. Осы тұрғыдан эстетика социологиясы және хұқық социологиясы тәрізді социологияның өзге салалары сияқты дін социологиясы да екі түрлі құрылымға негізделген: қоғамды зерттеу, дінді зерттеу. Міне, осылайша қоғамдық дәрежеде діни құбылыстарды зерттеуді негізгі тақырып ретінде қарастыратын дін социологиясы кейбір мәселелерді жалпы социология мен оның өзге де салаларымен бірлесе қарастырумен қатар, діни тәжірибе мен оған қатысты басқа да проблемаларды дінтану ғылымдарымен бірге зерттейді.
Жалпы социологияның тақырыбы турасында жалпы шолу
А) Социология дегеніміз не ?
Социология латын тіліндегі «қоғам» мағынасына сәйкес келетін «socius» және грекше «ілім» мағынасын беретін «logos» деген сөздерден құралған.
Социлогияның негізгі тақырыбы ретінде қоғам және ондағы пайда болатын әлеуметтік оқиғаларды ғылыми тұрғыдан зерттейтін жас ғылым саласы. Қоғамның қанша жылдар бұрын пайда болғанымен, оны ғылыми тұрғыда зерттеу ҮІІІ ғасырдың соңына таман қолға алына бастап, ХІХ ғасырдың соңында ол тәуелсіз бір ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Социологияны «белгілі бір заман мен ортадағы қоғамды және әлеуметтік ақиқатты айқындайтын, салыстыратын және түсіндіретін бір ғылым саласы» деп анықтама жасар болсақ ол қоғам ілімі ретінде айқындала түседі. Осы сәтте қоғам дегеніміз не ? – деген сұрақ туындайтыны айқын.
Ертеден адамдар топтасып өмір сүріп келеді. Аристотель адамзаттың қоғамдық сипатын айқындау үшін «әлеуметтік тіршілік иесі» деген ұғімды қолданған. ХІҮ ғасырда өмір сүрген атақты мұсылман ғұламасы Ибн Халдун да «адам қоғамы міндеттілік» деп, қоғам өмірінің маңыздылығын одан ары айқындай түскен. Демек, қоғамдық өмірден тысқары адамның жалғыз басымен өмір сүре алмайтыны анық, тіпті, тарихтан алдыңғы қараңғылық дәуірінде де адамдарды үнемі бірлесіп, өмір сүретін қауымдар немесе қоғамдар түрінде ғұмыр кешкенін білеміз.
Сырттай көзбен қарағанымызда белгілі бір қоғам адамдар жиындығы ретінде көрінеді. Бірақ бұл қарапайым түрдегі сыртқы көрінісі ғана. Ал қоғамның шынайы мәніне келер болсақ, ол адамдардың бір жерге топтасып өмір сүруімен ғана шектелмейді. Қоғамдық өмірдің мәні аз дегенде екі немесе одан да көп адамдардың өзара қарым-қатысқа түсуінен тұрады. Сонымен қатар, тәртіпсіз, формасыз қоғамды елестету де мүмкін емес. Демек, әр қоғамның өзіне тән формасы, құрылымы, орныққа әдет-ғұрыптары мен қағидалары болады. Сонымен қатар, әрбір қоғам үнемі өзеру, даму, қайта пайда болу процестерін басынан кешіру үстінде, ал өзгеріске түсудің басты негізі қоғамды құрайтын жеке адамдар болып табылады. Жоғарыда айтқанымыз сияқты қоғамның құрысы, жүйесі, әдет-ғұрыптары заман өткен сайын өзгеріп отырады. Сондықтан, оны үнемі әрекет үстіндегі бір құбылыс ретінде тану дұрыс сияқты.
1. Гараджа В.И. Социология религии. М., 1995
2. Гараджа В.И. Религиоведение. М., 1995. 2-е изд.
3. Здравомыслов А.Г. Социология конфликта. М., 1994.
4. Белла Р. Социология религии // Американская социолог Гараджа В.И. ия. Гараджа В.И. 5. Перспективы, проблемы, методы: под ред. Т. Парсонса. М., 1972.
5. Бергер П., Луман Т. Социальное конструирование реальности. М., 1995.
6. Булгаров С.Н. Народное хозяйство и религиозная личность // Булгаров С.Н. Соч.: В 2 т. М., 1993. Т II.
7. Вах И. Социология религии // Социология религии: классические подходы.
8. Вебер М. Протестанская этика и дух капитализма // Вебер М. Избарнные произведения. М., 1990.
9. Гайденго П.П., Давыдов Ю.Н. История и рациональность. Социология макса Вебера и веберский ренессанс. М., 1991.
10. Глок Ч. Социология религии // Социология сегодня. Проблемы и перспективы. М., 1965.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Археология-этнология және дінтану кафедрасы

" Бекітемін"
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Тарих-педагогика факультетінің деканы

т.ғ.к., профессор
___________К.Жетібаев
"_____"_____________________2010ж.

“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ”
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(5В020600-Дінтану мамандығына арналған)

Оқу формасы күндізгі
Курс 2
Семестр 3
Барлық сағат (кредит) саны 90
Лекция 15
Семинар (практикалық) 15
ОБСӨЖ 30
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау - емтихан
Блоктар саны 2

Түркістан 2010

Оқу-әдістемелік кешенді құрастырған(дар): Д.Шауенов

Кафедрадағы жұмыс уақыты : 900 - 17.00 сағ.
СӨЖ қабылдау уақыты: Жұма, сағ. 17.00, тарих ғимарат ауд. 208

Оқу-әдістемелік кешенге түсініктеме: Дін социологиясы пәні бойынша
оқу-әдістемелік кешен екі бөлімнен тұрады: пәннің оқу бағдарламасы және пән
бойынша лекция тезистері. Пәннің оқу бағдарламасында пән туралы пәннің
пререквизиттері мен постреквизиттерітуралы мәліметтер, пәннің қысқаша
түсініктемесі, әдебиеттер тізімі, студенттердің білімін бағалау туралы
ақпараттар бар. Осы пән бойынша лекция сабақтарының тезистері қамтылған.

Дінтану мамандығына арналған Дін социологиясы пәні бойынша оқу-
әдістемелік кешен ... ... ... ...2010 ж. кафедра мәжілісінде талқыланып
бекітілуге ұсынылды. № хаттама.

14. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

ЛЕКЦИЯ

1. Лекция тақырыбы : Кiрiспе

2. Лекция жоспары:

Ғылым ретiнде қалыптасу тарихы;

Дiн социологиясының объекттерi;

1. Дiн социологиясының әдiстерi;
2. Дiн социологиясының өзге дiн ғылымдарымен байланысы
3. Лекция мақсаты: Дін социологиясына жалпы сипаттама жасалынады.
4. Лекция мазмұны:
Кіріспе
Дін социологиясы екі басты ұстынға сүйенеді: социология және дін. Осы
тұрғыдан эстетика социологиясы және хұқық социологиясы тәрізді
социологияның өзге салалары сияқты дін социологиясы да екі түрлі құрылымға
негізделген: қоғамды зерттеу, дінді зерттеу. Міне, осылайша қоғамдық
дәрежеде діни құбылыстарды зерттеуді негізгі тақырып ретінде қарастыратын
дін социологиясы кейбір мәселелерді жалпы социология мен оның өзге де
салаларымен бірлесе қарастырумен қатар, діни тәжірибе мен оған қатысты
басқа да проблемаларды дінтану ғылымдарымен бірге зерттейді.
Жалпы социологияның тақырыбы турасында жалпы шолу
А) Социология дегеніміз не ?
Социология латын тіліндегі қоғам мағынасына сәйкес келетін socius
және грекше ілім мағынасын беретін logos деген сөздерден құралған.
Социлогияның негізгі тақырыбы ретінде қоғам және ондағы пайда болатын
әлеуметтік оқиғаларды ғылыми тұрғыдан зерттейтін жас ғылым саласы. Қоғамның
қанша жылдар бұрын пайда болғанымен, оны ғылыми тұрғыда зерттеу ҮІІІ
ғасырдың соңына таман қолға алына бастап, ХІХ ғасырдың соңында ол тәуелсіз
бір ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Социологияны белгілі бір заман мен ортадағы қоғамды және әлеуметтік
ақиқатты айқындайтын, салыстыратын және түсіндіретін бір ғылым саласы деп
анықтама жасар болсақ ол қоғам ілімі ретінде айқындала түседі. Осы сәтте
қоғам дегеніміз не ? – деген сұрақ туындайтыны айқын.
Ертеден адамдар топтасып өмір сүріп келеді. Аристотель адамзаттың
қоғамдық сипатын айқындау үшін әлеуметтік тіршілік иесі деген ұғімды
қолданған. ХІҮ ғасырда өмір сүрген атақты мұсылман ғұламасы Ибн Халдун да
адам қоғамы міндеттілік деп, қоғам өмірінің маңыздылығын одан ары
айқындай түскен. Демек, қоғамдық өмірден тысқары адамның жалғыз басымен
өмір сүре алмайтыны анық, тіпті, тарихтан алдыңғы қараңғылық дәуірінде де
адамдарды үнемі бірлесіп, өмір сүретін қауымдар немесе қоғамдар түрінде
ғұмыр кешкенін білеміз.
Сырттай көзбен қарағанымызда белгілі бір қоғам адамдар жиындығы
ретінде көрінеді. Бірақ бұл қарапайым түрдегі сыртқы көрінісі ғана. Ал
қоғамның шынайы мәніне келер болсақ, ол адамдардың бір жерге топтасып өмір
сүруімен ғана шектелмейді. Қоғамдық өмірдің мәні аз дегенде екі немесе одан
да көп адамдардың өзара қарым-қатысқа түсуінен тұрады. Сонымен қатар,
тәртіпсіз, формасыз қоғамды елестету де мүмкін емес. Демек, әр қоғамның
өзіне тән формасы, құрылымы, орныққа әдет-ғұрыптары мен қағидалары болады.
Сонымен қатар, әрбір қоғам үнемі өзеру, даму, қайта пайда болу процестерін
басынан кешіру үстінде, ал өзгеріске түсудің басты негізі қоғамды құрайтын
жеке адамдар болып табылады. Жоғарыда айтқанымыз сияқты қоғамның құрысы,
жүйесі, әдет-ғұрыптары заман өткен сайын өзгеріп отырады. Сондықтан, оны
үнемі әрекет үстіндегі бір құбылыс ретінде тану дұрыс сияқты.
Міне, социологияның міндеті адамдардың дүниеге әкелген қоғамның және
онда туындаған қоғамдық оқиғалардың ғылыми тұрғыдан зерттелуі болып
табылады.
Социология қоғамдыө өмірді сүретін адамды негізгі тақырып ретінде
алады. Алайда бұл ғылым саласының зерттеу алаңы жеке басты индивид емес,
топталып өмір сүретін адамдардың дүниеге әкелген қоғам мен олардың өзара
әсері болып табылады. Адамдардың түйсіну, ойлау және әрекет етуіндегі
бірлік пен ынтымақтастық әлеуметтік оқиғаларды дүниеге әкеледі, қоғамның
тіршілік етуін қамтамасыз ететін де осы. Әлеуметтік оқиға тек бір индивид
тарапынан жүзеге асса да, ол мұны өз ортасынан алған. Осылай әлеуметтік
оқиға бір желіге түседі.
Дін социологиясы пәні
Жоғарыда айтылып өткені сияқты социолог дінді әлеуметтік феномен
ретінде қарастырады, яғни діни жүріс-тұрысты ұжымдық жүріс-тұрыс
дәрежесінде, әлеуметтік әрекет системаларының бірі ретінде зерттейді.
Социологияның негізгі зерттеу объектісі адамдар тобыры, ондағы жекелеген
адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы болып табылады. Сонымен дін
социологиясының қарастыратын мәселесі діни топтар, олардың пайда болуы мен
атқарар функциясы екені даусыз. Осыған орай әлеуметтік өмір жеке
салаларының бірі ретінде дінді зерттеумен қатар, діни топтардың әрекетіне
және діни адамдардың жүріс-тұрысына сыртқы факторлардың тигізетін әсерін,
сондай-ақ, діни топтардың өзі өмір сүріп жатқан қоғамға ықпалы мен әрекет
ету мәні қарастырылады. Сонымен қатар, дін әлеуметтік институт ретінде
өзара іштей байланысты және және әлеуметтік мінез-құлықтың өзге
сфераларынан ерекшеленіп тұратын мінез-құлық пен адамдар арасы қарым-
қатынас үлгісі ретінде қаралады.
Діннің жеке индивидтің жүріс тұрысына әсері сенім арқылы жүзеге
асады. Бірақ діни мекемелер мен ұйымдар қатаң тәртіпке негізделген, кейде
діни сенімге қайшы келетін әдістерді қолданып, ресми қабылданған догмаға
теріс белгілі бір жағдайды қолдап, өз жолын ұстаушыларға ықпалын жүргізуі
мүмкін. Мұның соңы тотальдік институтқа алып барады.
Тотальдік институт дегеніміз мүшелері үнемі бақылауда ұсталатын
бірлестік. Олардың мұқтаждықтары мекеме немесе ұйыммен шешіледі, олардың
жүріс-тұрыстары мекеме немесе ұйым қағидаларымен реттеледі. Белгілі бір
дәрежеді тотальдік институттың моделіне мектеп-интернаттар, армия
казармалары, түрмелер, психиатриялық ауруханалар жақын келеді. Олар күндіз-
түні бақылауда ұсталады, ал егер де қағидалардан ауытқып кетсе, жазаланады
немесе тәртіпке түсіріледі.
Діни ұйымдардың арасында тотальдік институттың осы тектес модельдерін
орнатқандары да бар. Себебі, оның қағидалары әлеуметтік әрекет ретінде
саналы түрде айқындалған, яғни оның негіздерін діни сферада реттелген
нормалар, құндылықтар, сенімдер құрайды.
Дін социологиясының басқа ғылымдармен байланысы
Тек социологтар ғана емес тарихшылар, филологтар, психологтар т.б.
адам мен оның мәдениетімен айналысатын ғалымдар зерттеулерінде дінді
айналып өте алмайды. Сонымен қатар, дінтанулық ғылымдар қатарындағылардың
басты зерттеу объектісі дін екендігі баршамызға мәлім. Осындай дінтанулық
ғылымдар қатарына дін социологиясымен бірге дін психологиясы, діндер
тарихы, сонымен қатар, бүгінгі күні қарқынды даму жолына түскен бағыттар –
дін семиотикасы, дін географиясы, дін феноменологиясы жатқызылады. Міне,
аталған және өзге де ғылым салаларымен дін социологиясы тығыз байланысты.
Дін социологиясы және ғылыми дінтану. Дін –күрделі, көп қабатты
құбылыс. Ол адам ғұмырының барлық салаларын қамтиды. Сондықтан дінді түрлі
қырмен, түрлі көзқараспен және түрлі бағытпен түсіндіруге болады.
Дін психологиясы адамның діни жан дүниесін, жеке адамның ішкі жан
дүниесіндегі діни сенімнің мәні мен маңызын қарастырады. Арнайы
психологиялық зерттеусіз адамға діннің әсер ету механизмін түсіну мүмкін
емес. Сондықтан дінді социологиялық, психологиялық бағытта зерттеу бір-
бірін толықтыра түседі. Адамның діни әсерленуін әлеуметтік тұрғыдан
түсіндіруге де болады. Бұл әлеуметтік психологияның үлесінде болса да
діннің әлеуметтік рухани өмірге ықпалын зерттеуде аталған екі ғылым
саласының әдістері мен тәсілдеріне мұқтаж.
Дін – тарихи бір құбылыс. Сондықтан тарих иіріміне қарай ол да
құбылмалы, дін тарихы адамзатты зерттейтін ғылым саласының бір бөлігін
құрайды. Сондықтан белгілі бір кезеңдегі қоғамның діни ахуалын зерттеу
социология мен тарихы ғылымдарының еншісінде.
Дін жайлы ғылымның методологиялық негіздері
Дін турасындағы барлық ғылымдарға ортақ нәрсе эмпирикалық мәліметке
сйену принципі болып табылады. Бұл діннің феноменологиялық, философиялық,
және теологиялық бағыттан ерекшелеп тұратын тұсы. Дін социологиясының
тақырыбы құдайдың өзі емес, құдайға сенетін адамдардың жүріс-тұрысы,
әлеуметтік себептері, сол сенімнің мәні мен оның салдарыболып табылады. Ал
құдай бар ма, қандай дін шынайы болмақ, бұлар теологияның үлесінде. Ал оны
ақылмен дәлелдеу немесе терістеу сияқты мәселелер дін философиясы
айналысады. Социологты әртүрлі елдерде түрліше болғанымен, адамдар құдайға
сенеді және теориялық тұрғыда негіздеуге және түсіндіруге болатын
әлеуметтік факт ретінде діннің мәні мен мағынасын айқындайды деген факт
қызықтырады. Дін социологы үшін индивидтер мен топтардың жүріс-тұрыс
акттарыжиындығы, әрекеттерінің өнімдері мен нәтижелеріқызықтырады.
Дін социолгиясының пайда болуы мен дамуы
Дін социологиясы ғылыми дисциплина ретінде ХІХ ғасырдың ортасында
қалыптаса бастады. Өзінің пайда болуымен ол көп жағынан Ағартушылық және
антифеодалдық буржуазиялық дәуір бастамасымен болған Еуропа қоғамының
процесіне тәуелді болды. Дін социологиясының негізгі қайнарларының бірі,
әсіресе, ХҮІІІ ғасырдағы француз философтары тарапынан әлеуметтік институт
ретінде феодалдық қоғамдық қатынас пен шіркеуді әлеуметтік-философиялық
тұрғыда сынау болды.
Дін және азаматтық қоғам. Еуропалық Орта ғасыр мен Жаңа заман дін
мәселесі бойынша көптеген келіспеушіліктерге толы болды. Реформация
қоғамдағы салыстырмалы бейбітшілік пен тыныштыққа жету үшін шіркеудің
мемлекетке ықпалын шектеу және діни фанатизмге қарсы тұру тәсілдерін
іздестіру қажеттілігін көрсететін дін турасында тартыстарға жол ашты. Сол
заманның әлеуметтік теоретиктері Гоббс, Локк, Юм діннен қоғамды
бірлестіретін, адамдарды татуластыратын және оны тұрақтандыратын қасиет
таппаған. Керісінше, Гоббс еңбектерінде христиан тарихының мәліметтеріне
сүйене отырып, діннен қоғамға қауіпті, керітартпа күштер бар екендігін
жазады. Сол заманның идеологтары католик шіркеуі билігі кезінде олар
феодалдық системаның арқасында ерекше билікті иеленгендігін байқаған. Сол
заманның француз ағартушылары (Гольбах, Дидро) бастамасымен дінді
радикалдық тұрғыда сынаушылар дінді жоюға және оның орнына табиғи адамның
ақылы мен моральін қоюға шақырған. Ал дінді сынауға байыптылықпен қарайтын
Ағартушылық бағыт қоғам нормативтік системаларды қолдауға мұқтаж және
қоғамға тек жақсы заңдар ғана емес, оған бағынтын азаматтар да керек деп
санап, діннің әлеуметтік қажеттігін мойындаған.
Проблема Жаңа заманның еуропалық тарихында ресми дін бейбітшілік пен
қауіпсіздіктің кепілі болғанымен тартыстар мен әлеуметтік
келіспеушіліктердің өзегіне айналуынан тұрады. Осыған орай, діннің
қоғамдағы шынайы бейнесін айқындау қажеттілігі және діннің қоғамдағы орнын
көрсететін оған деген діни емес көзқараста қарау қажеттілігі туды.
Локк дінді ресмисіздендіріп, яғни оны мемлекеттен бөліп, адамдардың
хұқықтары мен бостандықтарының бірі ретінде белгілі бір діни сенімге сену
оның жеке ісі деп танып, тұрақтылық пен азаматтық тыныштық қолдауымен
азаматтардың діни сенім еркіндігін беруді керек деп санаған. Ал мемлекет
жеке өміріне араласпай, азаматтардың мүлкін қорғайды және оның көбеюіне
жағдай жсайды.
Осы проблеманың өзге бір шешімін Х.-Ж. Руссо: әрбір азамат өзінің
міндеттерін сүюге мәжбүр еткен дінге сенуі мемлекетке маңызды, - деп
азаматтардың сөзсіз мемлекетке бағынуының негізгі кепілі дін деп тапқан.
Оның пікірі бойынша, діни догмаларға сенбеген адамды тек дінсіз ретінде
емес, қоғамға қарсы, заңдарды шынайы сүюге қабілетсіз адам ретінде қоғамнан
аластату керек.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырда қуатты даму жолына түскен дінді сынға алу процесі
дінді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету және оның қоғам өміріндегі рөлі
турасындағы сұраққа деген назар аударуымен байланысты. Дін ерекше түрдегі
сакральдік, қоғамда шексіз рухани билікті иеленетін институт ретінде
қоғамдық институттың жиындығынан ерекшеленді. Ал қалғандары өмірлік,
зайырлық тұрғыда қаралды. Діни мәдениет негізінде дамыған ортағасырлық
Еуропадан соң Қайта өрлеу дәуірінде зайырлы мәдениет дами бастады. Осы екі
бағыттың қатар өмір сүруі Жаңа дәуір бойы қоғамдық өмірдің барлық салалары
осы екеуі арасында бітіспес тартыс алаңына айналды. Дегенмен, оның маңызды
сипаттамаларының бірі деп, қоғамдағы секуляризациялаудың біртіндеп алға
басуын айтуға болады.
Ағартушылық идеологиясы адамды бәрінен бұрын ақылды адам ретінде
қараған. Білімді адам өз ақылына, ғылымға сүйене отырып, өз өмірін жасауға
қабілетті. Оның алдында ақылдың жетелеуімен шексіз прогресс көрінісі
ашылады. Қорыта айтар болсақ, осы дәуірдегі еркін ойшылдар діни дүниетаныды
бір шетке ысырып қойып, ақылдың мәніне, қоғам өміріндегі оның маңызына мән
берген.
Социомәдени алғышарттар. Батыс Еуропа типіндегі әлеуметтік динамика
әлеуметтік институттардың бөлшектенуімен ерекшеленеді. Осының арасынан
экономика, жанұя, білім беру, саясат т.б. сияқты жеке салалармен қатар
діннің орны жайлы сұрақ туындады.
ХҮІІІ ғасырда француз революциясының нәтижесінде болған күйзелістен
соң және ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары аралығындағы индустриялизациялау
барысында діннің әлеуметтік функциялары және революциядан соң қайта жасаған
адамдар алдындағы оның рөлі, оның қоғамды тұрақтандыру қасиетін қолдау
жайындағы сұрақтар қойылды. Ерекше орынды ағартушылар тарапынан қоғам
дамуының дамушы күші ретінде қаралған ғылымға діннің қатысы жайлы сұрақ
иеленді. Әлемнің ғылыми картинасын дүниеге әкелген Коперник пен Галилей
атымен байланысты басталған ғылым мен дін арасындағы күрес дін жақтаушылары
мен дарвиндік эволюциялық теорияның клерикальдік өкілдері арасындағы айқас
ХІХ ғасырдың ортасында шарықтау шегіне жетті.
Радикальдік критиктер (Фейербах, Маркс) дінді ғылыми танымның даму
жолын тежегіш, әлеуметтік прогреске керіағар ретінде таныды. Керісінше,
ағартушылық рационализміне романтикалық реакия қоғамдық күштерді
жандандырушы ретінде дінді жақтады.
Пайдаланылған әдеитеттер
1. Гараджа В.И. Социология религии. М., 1995
2. Гараджа В.И. Религиоведение. М., 1995. 2-е изд.
3. Здравомыслов А.Г. Социология конфликта. М., 1994.
4. Белла Р. Социология религии Американская социолог Гараджа В.И. ия.
Гараджа В.И. 5. Перспективы, проблемы, методы: под
ред. Т. Парсонса. М., 1972.
2. Бергер П., Луман Т. Социальное конструирование реальности. М., 1995.
3. Булгаров С.Н. Народное хозяйство и религиозная личность Булгаров
С.Н. Соч.: В 2 т. М., 1993. Т II.
4. Вах И. Социология религии Социология религии: классические подходы.
5. Вебер М. Протестанская этика и дух капитализма Вебер М. Избарнные
произведения. М., 1990.
6. Гайденго П.П., Давыдов Ю.Н. История и рациональность. Социология макса
Вебера и веберский ренессанс. М., 1991.
7. Глок Ч. Социология религии Социология сегодня. Проблемы и
перспективы. М., 1965.

ЛЕКЦИЯ

1. Лекция тақырыбы : Дiн әлеуметтiк феномен ретiнде

2. Лекция жоспары:

1. Дiн түсiнiгiнiң анықтамасы: субстанциалдық және функционалдық;
2. Дiни топтар мен институттардың маңыздылығы мен функциялары
3. Лекция мақсаты: Бұл лекцияда студенттерге діннің әлеуметтік
анықтамаларына мәлімет беріледі.
4. Лекция мазмұны:
Әлеуметтік факт ретінде дін. Дюркгейм дінді қасиетті нәрселерге
бағытталған сенімдер мен практикалар системасы ретінде анықтама жасаған.
Бұл анықтама шешілуі тиіс проблеманы айқындағандықтан социологиялық мәнге
ие: адамар нені қасиетті деп таниды және оған деген қатынасына қарай
адамдар өздерін қалай ұстайды ? Осы сұрақтарға жауап беру арқылы дінді
әлеуметтік факт ретінде түсінуге болады.
Социологтардың дінді теориялық және эмпирикалық зерттеулерінде
қолданылатын дін ақытамасы екі типке бөлінеді: субстанционалдық (осы типпен
дінде бар мәндер қарастырылады, философиялық тұрғыда субстанция – оның
негізінде жатқан мәні деген мағынаны білдіреді) және функционалдық (осы тип
бойынша діннің атқаратын функциясы айқындалады).
Діннің субстанционалдық анықтамасы. Діннің субстанционалдық
анықтамасына, мәселен, табиғаттан тыс күшке сенім тәрізді көптеген дін
анықтамаларын келтіруге болады. Тайлор дінді анимизм теориясынан туындаған
рухани тіршілікке сенім деп анықтама жасағн. Діннің орындайтын
функцияларын түсіндіру үшін алдымен оның негізінде не жатқандығын түсіну,
белгілі бір дәрежете қызмет атқаратын органын айқындап алу қажет.
Дюркгеймнің жасаған дін анықтамасы субстанционалдық элементті қамтиды: дін
дегеніміз қасиетті нәрелерге қатысы бар, топтарға бөлшектенетін сенімдер
практикалар жиындығы. Субстанционалдық анықтаманың негізгі ерекшелігі
ретінде діннің өзі сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ, діннің нағыз өзі
бола алмайтын діни феномендердің функционалдық баламасынан сақтайды деп
айтуға болады.
Діннің субстанцоналдық анықтамасы саяси партиялар мен түрлі
идеологиялық т.б. жүйелердің жетегінде кеткен жалған діни феноменнің
типтерін електен өткізуге мүмкіндік жасайды.
Әрине, діннің субстанционалдық анықтамасы оңай айқындалмайды, оның
өзіне тән қиыншылықтары баршылық. Дінді анықтауға тырысқандар одан адамның
ерекше субстанциямен, қасиеттілікпен байланысын байқаған. Ал қасиеттілікке
келер болсақ, ол адамдарға үкім жүргізу қабілетіне ие, құрметтеу,
қастерлеу, сүю, бас ию сияқты өзімен ерекше қатынаста болуды талап етеді.
Ал мұндағы қиыншылық қасиеттіліктің табиғатын түсінумен байланысты.
Профандық заттарды қасиеттіден ажырата отырып, Дюркгейм заттарға онда
болмаса да, адамдар тарапынан қасиеттілік сипат беріледі деп қуаттаған.
Кезкелген зат, кезкелген объект (тіршілік, әлеуметтік құбылыс, құндылық)
қасиеттілік функциясын орындауы мүмкін. Осыған мысал ретінде ойда тұрған
идеяларымызды (қасиеттілік) белгілеп алу үшін, - деп жазды Дюркгейм, - осы
идеяларды символмен көрсететін белгілі бір заттарға көңіл аударамыз: өз
туын қорғап, құрбан болған жауынгер бір жапырақ матаға бол жанын қияды.
Коллективтік ой индивидуалдық ойға оған лайықты түрде қарауын міндеттейтін
қабілетке ие. Енді қасиеттілік дегеніміз әлеуметтік ортаға тән құбылыс.
Дюркгеймнің пікірі бойынша, дін дегеніміз табиғаттан тыс күшке емес,
әлеуметтік мәнділікке сену. Дін анықтамасының негізі ретінде ұсынылған
қасиеттілік-профандық дихотомиясы табиғат-табиғаттан тыс, имманенттік-
трансценденттік дихотомиямен сәйкес келмейді. Алайда, бұл құдай, махаббат
өсиеті немесе христиан үшін шоқыну құпиясы сияқты қасиетті нәрселер ата-
бабадан қалған отан, дәстүр, патриоттық үшін қызмет жасау болып табылатынын
білдірсе керек. Егер дінде табиғаттан тыс құбылыс болмаса еді, оның ұлттық-
патриоттық идеядан айырмашылығы неде ? Ұлтшылдық мәселен, діннің формасы
болмас па еді ? Өз отанын дәріптейтін оны басқадан артық көретін, оның ән
ұраны мен байрағын құрметтейтін, оның өркендеуі үшін өз жанын да құрбан
ететін іс-әрекеттер діни жүріс-тұрыс болмас па еді ?
Діннің фукнционалдық анықтамасы. Дюркгейм. Діни өмірдің қарапайым
формалары атты еңбегінде Дюркгейм дінді қасиетті нәрселерге бағытталған,
өзгелерден ерекшеленетін әлеуметтік әрекеттің бір түрі ретінде қараған. Бұл
қасиетті нәрселер әдеттегі, профандық әлемнен ерекшеленетін тыйымдар
системасымен айқындалатын ерекше, сакральдік әлемді құрайды. Қасиетті
нәрселерге кіруге және одан профандық әлемге, әдеттегі өмірге қайтуды
ритуал қамтамасыз етеді. Сондықтан дін қасиетті нәрселермен байланыс жасау
және онымен ритуалдық әрекет арқылы қатынасқа түсу сферасы ретінде
анықтауға болады.
Салыстырмалы әдісті қолдана отырып, социолог барлық діндерге ортақ
белгілерді анықтауы тиіс. Осы бір ғылым тәсілін тек бір діннің ерекшелігі
емес, барлық діндерге ортақ құрылымдар мен функциялар қызықтырады, мәселен,
христиандықты шаманизмнен айыратын ерекшелікке емес, керісінше оларға ортақ
ұқсастықтарға мән беріледі. Дюркгейм бізге мәлім барлық қоғамдарда діннің
кездесетіндігі, яғни, олар универсалдық әлеуметтік феномен болып
көрінетіндігі өте маңызды деп санады. Бірақ олар әртүрлі қалыптасқан.
Осыған орай, салыстырмалы әдіс дін қоғамның өмір сүруіне қажет кейбір
функцияларды орындайтынын немесе дінге социологиялық анализ жасау қоғамды
жалпылама түсінуге мүмкіндік жасайтын ерекше маңызды мәнге ие екендігін
болжауға мүмкіндік береді. Жоғарғы тәсіл бойынша діндердің ортақ мәнін
тапқан Дюркгейм мынандай тоқтамға келген: дін дегеніміз - қасиетті,
жекеленген, тыйым салынған нәрселермен байланысты сенімдер мен практикалар.
Осы сенімдер мен практикалар балық адамдар бой ұсынатын және шіркеу деп
ататын ортақ моральге бірігеді.
Дюркгейм адамдар қасиетті деп атайтын және оған құрмет көрсететін
заттарға өз әрекетімен қатынас жасалған кезде ғана дін жайлы әңгіме қылуға
болады деп санады. Мұндай заттар тастар, өсімдіктер, жануарлар т.б. болуы
мүмкін. ТОптасып өмір сүретін адамдардың аса қадірлі деп санаған
заттарынан, әлеуметтік қатынастан тысқары зат қасиетті бола алмайды,
мысалы, тотемдік аю сол тайпаға жататын адамдар үшін ғана қасиетті болып
табылады. Дюркгейм үшін негізгі проблема шынымен де қасиеттілік деген нәрсе
бар ма емес, неге адамдардың күнделікті өмірінде қолданатын заттарының
қандай да бірі ерекше деп саналады ? Профандық заттардың қасиетті заттарға
айналу себебі неде ? Оның салдары қандай ? ол адам өміріне қалай әсер етеді
?
Дюркгеймнің жасаған діннің анықтамасы ғылыми шеңберде топтасқан:
социологиялық анализдің тақырыбы дінге сенушіден тысқары, өздігінен болатын
қасиет және адамдардың осы осындай қасиетпен байланыс жасауы емес,
адамдардың қасиетті деп құрметтейтін және әлеуметтік факт шеңберіндегі
заттармен қатынасы болып табылады.
Дюркгейм тарапынан берілген дін анықтамасы оның функциясын сипаттауға
бағытталған, функционалдық анықтама элементін қамтиды: дін адамдарды
моральдік бірлікке біріктіреді. Діннің функциясы әлеуеттік бірлікті
нығайтумен ерекшеленеді. Бүгінгі социологиядағы діннің функционалдық
анықтамасы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мәселен, М.Йингер дінді сенімдер
мен практикалар системасы, оның көмегімен өлімнен қорықпау, түңілушілікті
жеңу, адам қоғамын күйретуге жол бермеу тәрізді адамдардың белгілі тобы
өмірдің соңғы (шешімі жоқ) проблемаларын шешеді. Діни тіршілік ету
зұлымдық, ауру, апат, әділетсіздік кездейсоқтықтан туындамаған, ол өмірдің
негізгі шартына қатысты болғанмен, бір күш (қасиет) екендігіне адамның
сенуін қамтиды, осы күштің арқасында адам күнәдан арылады, бойына тарала
бастаған зұлымдықты жеңіп шығады. Сондықтан дін теодициялық проблемалардың,
өмір мен өлімнің мәнін шешуге көмектеседі деп түсіндіріледі. Шегіне жеткен
осындай проблемаларды Т.Парсонс кездейсоқтықтан, сабырмен шешуге болмайтын
оқиға (өлім, стихиялық апаттар, сонымен қатар ойда жоқта келген бақыт)
ретінде суреттеген. О’Ди осындай келеңсіздікті үш фаторға бөлген:
кездейсоқтық, дәрменсіздік (шешу мүмкіндігі жоқ элементтер - өлім, қасірет
т.б.) және аштық (қаза, апат). Міне, дін арқылы адам өзін көптеген қауіп-
қатерден қорғана алады, белгілі бір әлеуметтік тәртіпті, қағидаларды
қалыптастыру арқылы күшті болу мүмкіндігіне ие бола алады.
П.Бергер мен Т.Лукман тарапынан оларың Реалдықтың әлеуметтік
құрылысы атты еңбектерінде діннің функционалдық анықтамасының келесі бір
кілті жасалынған. Дінді әлеуметтік тәртіпті қасиетті сипатта космостандыру
ретінде айқындап, әрбір қоғам қауіп-қатерге, күйзеліске, апатқа душар
болады деп есептеген. Ұйымдасқан, әлеуметтік түрде тәртіптелген қоғам,
номос – құбыжыққа толы, тәртіпсіз астаң-кестең аймақтан сақтайтын қорған,
саналылық сферасы – жунглияның сансыз бәлекеттерін төндіретін қараңғы
қапастағы бір жарық ұшқыны. Ал дін болса, номос пен космостың қосылған
нүктесі. Әлеуметтік институттар және ондағы адамның ойнайтын рөлі космостық
статусты иеленген кезде, индивид өзін оған ұқсатуы тереңдей және бекемдей
түседі, ал құдай адам өміріне құндылықтар ұсынатын, тәртіпсіздік
құбыжығынан сақтауға кепілдік беретін сенімді мәнге ие.
Қорыта айтар болсақ, барлық функционалистік анықтамаларда адам
тіршілігін кейбір проблемаларды шешуге дәрменсіз, оның алдында өзін ұстап,
сабыр сақтаудан басқа қолынан еш нәрсе келмейтін тіршілік ретіндегі
түсінікке негіздеу тән. Міне, осындай жағдайларда діннен сүйеніш табуға
болады. Малиновскийдің пікірінше, дін адамның еш нәрсеге нанбай қалған
жағдайда өз септігін тигізе бастайды.
Құрылымдық функционалдық анықтама: Т. Парсонс. Діннің мәнін анықтау
кезінде туатын қиыншылықтар эмпирикалық мәліметтердің жетімсіздігіне
байланысты емес. Дінді анықтау мүмкін емес деп жазған Вебер оны материалдық
жетімсіздігінен емес, әрбір діннің тек өзіне тән ерекшеліктер болуымен
байланыстырған. Сондықтан ол дінді көп қырлы құбылыс ретінде әлеуметтік
тіршіліктің түрлі дәрежесінде түсіндіруге тырысты. Діннің дәстүрлі
анықтамасы да оның көлемін толық ашып беруге жетімсіз.
Жүйелі функционализм шеңберінде дінге анықтама жасауды Т.Парсонс
ұсынды. Оның анықтама жасау тәсілі екі негізгі жағдаймен сипатталады.
Біріншіден, Парсонс дінді тар аумақта емес адам өміріндегі бір
феномен, адамның мәнін тереңдеп зерттеу жолы ретінде анықтауға тырысты.
Екіншіден, Парсонс дінді зерттеу зерттеу алаңы ретінде діннің
ерекшеліктеріне қарай ғылымаралық болуы тиіс. Ол адам өмірінің барлық
жүйелерімен дін тығыз байланысты және оның әрбірінде дін белгілі
функцияларды атқарады деп белгілеген. Парсонс адам өміріндегі системаларды
үшке бөледі: 1) жеке бас системасы 2) топтардың (қоғам) әлеуметтік
системасы 3) мәдениет системасы. Дін мәдениет системасы мен әлеуметтік
системаның қабатында орын тебеді, дін арқылы мәдени құндылықтар қоғам
өміріне енеді және дін арқылы қоғамның қабылдаған мәдени құндылықтары жеке
адамға ықпал етеді. Осылай болғанмен, дін социологиясы антропологиямен,
психологиямен тығыз байналыс орнатуы тиіс. Сонымен қатар дін белгілі бір
топтың ұстанатын дәстүрін өз ішіне қамтығанмен және ол тарихи бір феномен
болып көрінгенмен оны заман талабына сай бейімделген қоғаммен қатар дамитын
эволюциялық құбылыс ретінде қараған жөн. Жеке адам дамуының бастапқы
кезеңін қосқанда жеке адамды құрайтын индивидуалдық система дәрежесінде
діннің функциясын және оның пайда болуын, адам дамуы процесінде оның
қалыптасуын түсіну, яғни, индивидтің діни жүріс-тұрысының шығу тегі мен
даму жолдарын айқындау мүмкіндігі туады. Адам мінез-құлқы, жүріс-тұрысы тек
биологиялық құрылымнан қалыптаспаған, ол мәдениеттің ұсынған жүріс-тұрыс
үлгілері негізін таңдау мүмкіндігіне ие, яғни, адам белгілі бір дәрежеде
басқа адамдарға, әсіресе, өзінен бұрын өмір сүргендерге қарап қалыптасады.
Бұл - адамның жануарлардан ерекшелігі, бірақ оның келесі қыры да бар:
нәрестенің ешнәрсеге қауқары жоқ, ол инстинкпен де еш нәрсені сезбейді, өз
эмоциясына, өз әрекетіне билігін жүргізе алмайды.Ұрпақтың өсіп өркендеуіне
де әлеуметтік тәртіптің тигізер әсері орасан зор. Нәресте физикалық және
әлеуметтік ортаның шарттарына сай оған ілесу үшін үйренуге міндетті. Әрбір
жаңа тәжірибе оның таңдау мүмкіндік алаңын кеңейте түседі, сонымен қатар
оны екі аймаққа, шешімсіздікке де алып барады.
Мәселен әрбір адамның алдында тәртіпсіз, астаң-кестең хаос қаупі
туындайды. Осы сәтте нәресте дұрыс жолды, белгілі бір жағдайды шешетін
жетекшіге мұқтаж. Осы шешім қабылдау, абстракциялау, жағдайлардың кейбір
үлгілерін бөлу адамның бүкіл ғұмырында жалғасады және индивидтің кіретін,
үнемі дамып отыратын мәдениеттің бір бөлігін құрайды.
Көптеген адамдар ұстанатын мінез-құлық, жүріс-тұрыс үлгілері белгілі
бір қоғамның шарттарына қарай өңделеді. Олар индивидтің өзін жеке тұлға
ретінде және қоршаған ортаға қатынасын сезінетін бір қаңқа қызметін
атқарады. Осы үлгілер адам жүріс-тұрысын реттейді және хаостан сақтайды.
Басқалай сөзбен айтар болсақ, жеке адам өзімен бірге өмір сүретін
әлемдегілермен қарым-қатынас, диалог жасайтын және өзіне тән жүріс-тұрыс
үлгілерін бөлісетін әлемде өмір сүреді.
Осы шешім қабылдау мүмкіндігі тек күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыс
үлгілерінің қалыптасуын ғана емес универсум шеңберіне кіретін адам өмірі
жиындығын жүзеге асырады. Сондықтан әрбір индивид әрбірінде ерекше
функциялар атқаратын үш әлемде өмір сүреді: табиғи ортада (биологиялық
организм), индивидтің өмір сүру мәнін ұғынуға көмектесетін жүріс-тұрыс
үлгілерін жасап, күнделікті өмір әлемінде және үлгілерді қоса, күнделікті
ақиқат шеңберінен тысқары шығатын идеалдық әлемде. Дін осы үш әлеммен
байланысқа түсуге тырысады. Ол системалық функционализм шеңберінде ең
алдымен адам тіршілігінің соңғы, шектеулі проблемаларын шешуші ретінде
қарастырылады. Осы функционалдық анықтама көптеген вариаттармен
түсіндірілуі мүмкін, оның әрбірінде осы бір күрделі феноменнің қандай да
бір аспекті ерекше аталады.
Әлеуметтік система дәрежесінде қарастырыла отырып, дін социологиялық
анализдің негізгі аумағын құрайды.
Социолог діннің функцияларына үнемі бір тоқтам жасауға тиіс
болғанымен, ол индивидуалдық өмірдегі діннің функцияларын шектей алмайды.
Бірінші планға әлеуметтік топқа, қоғам өміріне діни жүріс-тұрыс пен діни
ұйымдардың әсерін зерттеу тұрады.
Алдымен діннің шығу тегін айқындау, ал ол үшін адамзаттың тарихи
дамуына, мәдениеттің ескі қабатына мән беру қажет. Дюркгейм біздің
заманымызға дейінгі алғашқы қауымдық қоғамды адамзат дамуының осындай
қабатының молельі ретінде қарауға болады деп болжаған. Австралия
аборигендерінде таралған тотемизмді ол діннің қарапайым формалары ретінде
қарады. Бұл діни өмірдің бастапқы қайнары және мұнда дін табынушылықтың
объекті тотемде символмен көрсетілген әлеуметтік тұтастық деп анықталған.
Парсонстың сөзімен айтқанда бұл діннің қоғаммен арақатынасының бастапқы
сатысы: жануар-тотем мен ру – бір текті. Рудың мүшелері ритуалдарды дүниеге
әкеліп, өздерін мифтік тіршілік ретінде сезінеді. Осыған қарағанда дін
әлеуметтік мазмұннан құралған ритуалдық символизм ретінде көрінеді.
Діннің қоғаммен арақатынасының екінші сатысы діни ритуалдың бастапқы
функциясы бірлестіктің қалыптасуы мен күшеюінен тұратындығымен
ерекшеленеді: ортақ сенім адамдарды біріктіреді. Дюркгеймнің пікірі бойынша
ортақ сенім бүгінгі түсініктің тілімен айтқанда шіркеу деп аталатын
моральдік бірлікті қалыптастырады. Түрлі қоғамдардағы діни ұйымдардың
шынайы формалары әртүрлі болғанымен, барлық жағдайларда дін бірліктің
кейбір типі – ортақ сенім мен жүріс-тұрыс үлгілерін бөлетін адам топтарын
көрсетеді.
Дюркгейм тарапынан анықталған моральдік бірлік ретіндегі шіркеу
адам әрекетінің екі негізгі нормативтік компонентіне бөлінумен байланысты:
когнитивтік (тануға болатын) және моральдік, мәдениеттің екі бастапқы
категориялары: когнитивтік құрылымдарды айқындайтын кодтар, моральдік
тәртіпті айқындайтын кодтар. Дюркгеймнің пікірінше, аталған екі компонент
әлеуметтік сипатқа ие.
Парсонс Діни өмірдің қарапайым формалары кітабында Дюркгейм адамзат
әрекеті системаларының негізгі принциптерін ұлы үш тағанға бөлген: оның
түсініктемесі бойынша мәдени системаның үш бастапқы өзегі – конструктивтік
символ арқылы белгілеуді, моральдік құндылықты және когнитивті құрайтын
діни, моральдік және когнитивтік компонетттер дегеніне баса назар аударды.
Осы үш тағанға Парсонс аффект (қалау, құмарлық) категориясымен байланысты
экспрессивтік (бейнелі, мәнерлі) символ арқылы белгілеуді де қосты. Соңғы
төртінші символ арқылы белгілеу арқылы діни ритуалға анализ жасауда маңызды
құрал болып табылады.
Түрлі дәрежедегі осы категориялардың бас қосуы адамдардың тек
күнделікті өмірдегі жағдаймен ғана байланыстырып қоймай, космостық
тәртіппен байланыстырып, адам әрекетін қалай мотивтендіргенін түсіндіреді.
Осыған орай діни институттар тек әлеуметтік бейбітшілікке ғана емес, адам
тегінің тіршілік етуіне де қауіпті жүріс-тұрысқа қарсы тұра отырып, қатаң
санкциялар мен тыйымдар ретінде ортаға шығады. Жеке адамға ықпалын
айтпағанның өзінде діни институттардың жетекшілігі тек өзге әлеуметтік
институттардың ғана емес, бүкіл қоғам күшіне басым келеді.
Сонымен қатар, дін мәдени, әлеуметтік және жеке адамдық системалардың
басын қосатын адам феномені болып табылады. Парсонстың Структуралық
функционализмі адам әрекетіндегі діннің функционалдық, субстанционалдық
анықтамаларын ұштастырып, дінге басқаша тәсілмен анықтама жасаумен
ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдеитеттер
2. Гараджа В.И. Социология религии. М., 1995
3. Гараджа В.И. Религиоведение. М., 1995. 2-е изд.
4. Здравомыслов А.Г. Социология конфликта. М., 1994.
5. Белла Р. Социология религии Американская социолог Гараджа В.И.
ия. Гараджа В.И. 5. Перспективы, проблемы,
методы: под ред. Т. Парсонса. М., 1972.
6. Бергер П., Луман Т. Социальное конструирование реальности. М.,
1995.
7. Булгаров С.Н. Народное хозяйство и религиозная личность Булгаров
С.Н. Соч.: В 2 т. М., 1993. Т II.
8. Вах И. Социология религии Социология религии: классические
подходы.
9. Вебер М. Протестанская этика и дух капитализма Вебер М.
Избарнные произведения. М., 1990.
10. Гайденго П.П., Давыдов Ю.Н. История и рациональность. Социология
макса Вебера и веберский ренессанс. М., 1991.
11. Глок Ч. Социология религии Социология сегодня. Проблемы и
перспективы. М., 1965.

ЛЕКЦИЯ

1. Лекция тақырыбы : Дiн социологиясының пайда болуы мен дамуы

2. Лекция жоспары:

1. Дiн социологиясының дiн туралы басқа ғылымдар арасындағы орны;
2. Дiни феномендi қарастырудың феноменологиялық және тарихи тәсiлдерi;
3. “Дiни социологияның” дiн социологиясынан айырмашылығы;
4. Дiн социологиясының әдiстерi.
3. Лекция мақсаты: Бұл лекцияда студенттерге дін социологиясының тарихы
және әдістері турасында баяндалады.
4. Лекция мазмұны:
Дін социологиясына кіру: Конт, Спенсер. Дінді ақылдық идеологиялық
дәйектемелерімен түсіндіруден өзге ол жайлы өзге ғылымдармен бірге
социология адам өміріндегі діннің рөлін ашуға тырысып, олардың діни жүріс-
тұрысын зерттеу фактілеріне сүйенген кездейсоқ дәйектемелерге мән береді.
Осы бағыттағы алғашқы қадамды О. Конт (1798-1857) жасады. Ол әлеуметтік
өмірде табиғи ғылымдарды қолданумен, танымның индуктивтік (жалқыдан жалпыға
өту) әдістері арқылы зерттеуге болады деп, осы арқылы қоғам жайлы ғылым –
социологияны жасауға болады деп санады. Француз революциясы салдарынан
Еуропа қоғамында болған тоқыраудан шығудың жолы деп, Конт социология арқылы
қоғамның тұрақтылығы мен даму жолын іздеуге әрекеттенді. Осының нәтижесінде
мынандай сұрақтар туындады: әлеуметтік тәртіптің негізін не құрайды ?
ондағы діннің әлеуметтік рөлі қандай ?
Әлеуметтік динамика жайындағы Конт ілімі діндер тарихынан алынған
түсінікке негізделген қоғамның эволюциялық модельі құрайды. Қоғам
прогресі жайлы осы ілім адамның өмірлік кезеңдері – балалық, жастық және ер
жетуге сәйкес келетін үш сатыдан өткен. Бірінші саты – теология. Аталған
сатыда адам құбылыстарының ішкі мәнін тануға және олардың пайда болу
себептерін білуге ұмтылады. Бұл сатыда діни сана үш типпен байқалады:
фетиштік, политеистік және монотеистік. Екінші саты деп аталатын
метафизикалықта абстрактілік түсінік басым болады. Құдай өзінің мәнділігін
жоғалта бастайды. Ал үшінші саты – позитивтікте адам құбылыстардың нақты
мәнін ашуға тырысады, адамға ғылым жетекшілік етеді.
Конт ілімінде дін жайлы ілім үшін екі сәт маңызды:
1. Дін қоғамның ажырамас бөлігін және маңызды элементін құрайды.
Алайда қоғамның дамуы барысында дін өзінің орнын ғылымға береді. Осының
нәтижесінде бұл адам қоғамының дамуы жолында дінге мұқтаж болмайтын
секуляризация теориясы дамуын қамтамасыз етеді, қоғамдық өмір рационалдық
негізде қалыптаса бастайды, оның айқындаушы күші ғылым болады.
2. Әрбір тарихи қабат белгілі бір әлеуметтік құрылыммен, билікпен
байланысты.
Басталуынан ХІІІ ғасырға дейін адамзат тарихын қамтитын теологиялық
идеялардың үкім жүргізуі қоғамдағы руханилық пен әскери қолбасшылардың
үстемдігіне, метафизикалық сатыда бюрократия мен заңгерлер үстемдігіне
сәйкес келеді.
Нәрселердің теологиялық тәртібінің соңғы тарихи формасы, Конттың
пікірі бойынша, христиан монотеизміне сәйкес келетін католиктік және
феодалдық режим болған. Егер бүкіл тарих бойында діни сенімдер әлеуметтік
тәртіпті байланыстырып тұратын күш қызметін атқарса, соңғы кезеңдегі діннің
құлдырауы әлеуметтік байланысты бұзады. Енді әлеуметтік құрылысқа жаңа
тірек қажет. ХІХ ғасырда қуатталған қоғамдағы позитивтік қабатқа жетекші
рөлді инженерлер мен оқымыстылар ойнай бастады. Қоғамдағы діннің ықпалы
жоғалған кезде, қоғамды біріктіруші күшке ғылыми білімнің позитивтік
синтезі айналған. Ақылдың көмегімен қоғамды саналы түрде ұйымдастырудан
үмітін үзген Конт соңында әлеуметтік байланыстың рухани тірегі ретінде
екінші теологиялық синтездің қажеттігі турасындағы қорытындыға келді. Ол
позитивтік діннің орнына ұлы тіршілік бірлестігі, алып әлеуметтік
организм ретінде адамзат культін ұсынды. Осы діннің жоғарғы абызы қоғамға
жетекшілік ету қабілетіне ие, әлеуметтік өмірдің қыр-сырын меңгерген
социолог болуы тиіс.
Конт тек ғылыми дисциплина ретінде дін социологиясын дүниеге әкеліп
қана қоймай, дін, тым болмағанда, дәстүрлі қоғамда оның әлеуметтік
құрылымының бір бөлігі болып табылады және қоғамда белгілі, оның ішінде
позитивтік функцияларын орындауға қабілетті деген ой тудырып, оның
қалыптасуына негіз жасады.
Әлеуметтік системалардың табиғи бірлігі идеясы және оның эволюциялық
процесі ХІХ ғасырдың ІІ ші жартысында Еуропа қоғамы ойының иегері Г Спенсер
(1820-1903) социологиясында орталықтандырылған. Спенсер эволюция қоғам
құрылысының өнеркәсіптік типін қуаттауға, индивидуализм мен утилитаризм
принциптері жеңісіне алып барады деп ойлаған. Толығымен осы принциптер
бойынша Англиядағы әлеуметтік пікір дінді әлеуметтік тәртіп негізі деп те,
әлеуметтік прогресс жолына кедергі деп те қарамаған. Утилитарлық
индивидуализм көзқарасы бойынша қоғам өмірінің едәуір мағызды реттеушісі
дін емес, рынок (базар), саяси әрекет болып табылады. Ал дін турасында сөз
қозғар болсақ, ол оншалықты мәнге ие емес.
Дін социологиясының негізін қалаушылары: Дюркгейм, Маркс, Вебер,
Малиновский. Э.Дюркгейм (1858-1917) француз философы,
социолог, оның негізгі еңбегі – Діни өмірдің қарапайым формалары.
Австралиядағы тотемдік система.
Дюркгейм барлық діндерге тән, дінді дін қылатын нәрсені ашуға тырысты.
Әлеуметтік факт ретінде әлеуметтік құбылыстар мен діндерді зерттеудің
негізгі мақсаты олардың функциясын зерттеу деп санады. Ол үшін діннің көп
түрлі варианттарын қалыптастыратын және қоғамдағы кейбір функцияларының
жүзеге асуына мүмкіндік жасайтын қарапайым құрылымдарын табу маңызды болды.
Егер дін белгілі болғандай қоғамда өмір сүрсе, Дюркгеймнің пікірі бойынша
ол қарапайым түрдегі қиял, адасушылық бола алмайды.
Діни өмірдің қарапайым формалары кітабында Дюркгейм түрлі дәрежедегі
өзара байланысты тақырыптарды көрсеткен. Дін тұрақтылықты қамтамасыз ететін
фактор ретінде байқалатын қоғамның жалпылама теориясы. Социомәдени феномен
ретіндегі дін теориясының негізінде қасиеттілік және профандық дихотомия
жатыр, ал сол заман этнологиясында орныққан білім дәрежесіне жауап беретін
тотемизм теориясы. Дюркгеймнің көпшілік зерттеулері әсіресе тотемизм
трактовкасы, ал бұл ескірген теория. Алайда социологиялық теория үшін
өзектісі ретінде қоғамдағы діннің құрылымы мен функциясын айқындау болып
табылады.
Бізге белгілі қоғамдарда дін кездеседі және ол универсалдық әлеуметтік
феномен болып табылады дей отырып, Дюркгейм оның қоғамның өмір сүруі үшін
қажетті кейбір функциялар орындайтынын жазады. Ал егер олай болса, дінді
әлеуметтік тұрғыда анализ жасау тек діннің өзін тану үшін ғана емес, қоғам
жайлы жалпы теорияны қалыптастыру үшін де ерекше маңызды. Дюркгеймнің
көзқарасы бойынша дін социологиясын жалпы дінге тән құрылымдық-
функционалдық сипаттамалар қызықтырады. Осы сәтте діни сенімдердің мазмұны
әртүрлі оғамдарда түрлі-түрлі болуы мүмкін және тарих барысында ол өзгеріп
отырады, бірақ түрлі типтегі қоғамдардағы адамдарарасы әлеуметтік
байланысты қолдайтын діннің функциясы сақталатындығы айқындалады.
Дюркгеймнің пікірінше социолог үшін оның дінге деген көзқарасы, оның
шынайы және жаңылыс екендігін табудың мәні жоқ: өз көзқарастары бойынша жер
бетіндегі діннің барлығы шынайы. Діни ойлау мен жүріс-тұрыстың элементтері
едәуір алғашқы қауымдық діндерден айқындалуы мүмкін дей отырып, Дюркгейм
тотемизмдегі діннің едәуір қарапайым формасына назар аудара отырып,
Австралия аборигендерінің тотемдік сенімдерін зерттеуге мән берген. Оның
анализі қоғам адамдарды қажетті нормативтік тәртіпті қолдауға мәжбүр етеді
деген түсінікті социологияға ендірді. Дюркгейм қоғамды оны құрайтын
индивидтердің жиындығы деген тоқтамға келген. Жалпы Дюркгеймнің идеясы:
индивид – қоғамның өнімі.
Адамдар қоғамда бір-біріне мұқтаж, өйткені, жеке дараға қарағанда олар
топтаса қуатты күшке айналады. Осындай қоғамды ұстап тұратын индивидтер
арасында өзара түсіністік және сенім: өмір адамдарды бір топқа байлайтын
және индивид жоғарғы күш ретінде тотемдегі символдық түсінікке бой
ұсындыратын әмірлермен, тыйымдармен басқарылады. Осы күш – қоғамның
әміршісі.
К.Маркс (1818-1883) ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында Германияа
әлеуметтік ғылымдардың даму ерекшелігі қоғамдық өмірде саяси қызығушылықтың
ерекше болуымен байланысты. Дін әлеуметтік бірліктің факторы ретінде емес,
саяси күштің идеологиялық компоненті ретінде қаралды. Егер қоғам құбылмалы
болып көрінсе және мақсаты оны өзгертуден тұрса, онда осы қоғамда үстемдік
құрған дінді де қоса, идеяларды сынау, деп жазды К. Маркс, еш нәрсені
шешпейді. Бұл әлемді жаратқан дін емес, керісінше, ол адам әлемінен
жаралған және қоғамды теңсіз еткен: дін – қатігез мына әлемнің өзегі. Маркс
дінді саясатпен, хұқықпен, моральмен және өнермен қатар қоғамдық қатынас
системасына кіретін және экономикалық қатынасты айқындайтын қондырмалы
құрылым ретінде қараған. Діннің маркстік түсінігі шеттету (жатырқау) болып
табылады. Діни жатырқаушылық әлеуметтік жатырқаушылықпен астасып жатыр:
капиталистік өндірісте адамға оның өз қолымен шыққан өнімі билік
жүргізетіні сияқты, дінде адамға оның өз басынан шыққан өнімі үкім
жүргізеді. Өмірдегі қиыншылықтың марапаты о дүниеде беріледі деп уәде
беріп, дін өмірдегі шарттарға бой ұсынуды, әлеуметтік әділетсіздікті
үйретеді. Сондықтан ол халыққа - опиум. Алайда әлеуметтік теңсіздік дінді
тыюмен саябырсымайды. Маркс дінді сынау арқылы әлеуметтік қатынастарды
сынаған.
Маркс әлеуметтік институт ретінде дінге анализ жасаудың функционалдық
бағытын дамытты. Маркс теориясы ерекшеліктерінің бірі – ауыспалы әлеуметтік
шарттардың туындысы ретінде діннің тарихи табиғаты жайлы түсінік, оның
негізінде өзгенің еңбегін иелену, әлеуметтік теңсіздік және билік жүргізу
мен бой ұсыну қатынасы.
Бір-бірін құптамайтын кластарға бөлінген қоғамда дін құдайдың жазған
тағдыры ретінде болып жатқан әлеуметтік процестерді жақтап немесе оларды
құдайдың қалауына қайшы деп айыптап, идеологиялық функцияны орындаған. Дін
әлеуметтік конформизмді қолдауды немесе керісінше, жаппай бас көтеруді
тудыруды және таралуды қамтамасыз етіп, әлеуметтік наразылыққа дем беруі
мүмкін. Тарих бойында ұзақ уақыт элементтік өзгерістердің негізгі әрекетшіл
күші діни әрекеттер болды. Ескі христиандық Рим қоғамы қаналушы таптардың
революциясына түрткі болды. Аталған дін Рим империясының мемлекеттік дініне
айналған өзінің екі мың жылдық тарихының нәтижесінде христиандықтың
әлеуметтік принциптері әлеуметтік теңсіздікті құптады және осы өмірдегі
азап келесі өмірде, құдай патшалығына жеткенде марапатталады деп уәде
беріп, шыдауға үйреті.
М.Вебер (1864-1920) дін социологиясы бойынша еңбектерінде өмірдің
түрлі салаларындағы және түрлі мәдениеттердегі адамның жүріс-тұрысы мен
діни сенімдердің арақатынасын зерттеді. (Протестант этикасы және капитализм
рухы 1905, әлемдік діндердің шаруашылық этикасы 1916-1919, Дін социологиясы
бойынша 3 томдық шығармалар жинағы 1920-1921).
Өзінің зерттеулерінде ол дін деген құбылысты айқындауға мән берді.
Алайда ол еңбектерінде оған арнайы анықтама жасамаған, бірақ осы мәселені
шешуге болатын жолды нұсқап жіберген.
Вебер ғылымдарды табиғат жайлы ғылым және мәдениет (әлеуметтк) жайлы
ғылым деп бөлді. Табиғат ғылымдары талдап қорыту әдісін қолданады, жалпы
заңдылықтарын қалыптастырады және оның негізінде табиғи құбылыстар
түсіндіріледі. Әлеуметтік ғылымдарда жекелендірілген әдіс қолданылады,
себебі, зерттеушінің назары әлеуметтік өмірдегі индивидке бағытталған және
ол рухани процестерді зерттеумен айналысады. Мәдениет жайлы ғылым оның
мәдени мәніндегі әлеуметтік құбылыстарды түсінуге тырысады. Аталған мән
жалпы заңдылықтар арқылы түсіндіріле алмайды, тек құндылық идеясының мәдени
құбылыстармен арақатынасы шамаланады.
Вебер мәдениетке оның экономикалық шарттары бойынша анализ жасауға
тырысқан, дегенмен, оның ақиқатын табуға осы бағытпен анализ жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық білімнің құрлымы
Социология түрлері
Социология ( оқу құралы )
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Зерттеудің деңгейі
Жастық шақ теориялары
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Әлеуметтік педагогика ғылымының қалыптасуы мен даму мәселелері
Пәндер