Дәстүрлі діни танымның өркендеуіндегі исламның рухани құндылықтар әлемі



1 Қазақ халқының діни таным . түсінігін анықтауда ислам мәдениеті
2 Ахмет Ясауи ілімінің қазақ дүниетанымына әсері
3 Ахмет Ясауидің рухани.танымдық көзқарасы
Қазақ халқының діни таным – түсінігін анықтауда ислам мәдениеті арқылы енген рухани құндылықтардың орны ерекше. Жетпіс жыл дінді мәдени жүйеміздегі кері тартпа ұғым ретінде танып, ойшылдар шығармашылығындағы руханилықты барынша бұрмалап танытуға жол бердік. Қазіргі таңда қазақ халқының дін, діл, тіл мәселелерінің қоғамның дамуы үшін маңызы жиі талқыланып, актуальды тақырып ретінде көтерілгенімен оның іс жүзінде іске асуы өте баяу жүргізіліп жатқаны баршамызға аян.
Қазақ халқы дүниетанымында қалыптасқан мұсылмандық түсініктің тамыры тереңде. Тәңірлік сенім мен исламдық білімнің тұтастану процесі негізінде туындаған дәстүрлі танымды жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені бұл сенім кеңес заманындағы шектеулерге қарамастан мықтап санамыздан орын алған. Қазақ жерінде исламдық білімнің болашағы туралы мәселе біздің зерттеуіміз үшін аса маңызды. Исламдық ағарту жолының болашағына кәміл сенген имандар да ежелгі халық танымына назар аударуға міндетті. Біздің ғасырлар бойына қалыптасқан мәдени жүиемізден, діни таным-түсінігімізден Ахмет Ясауи ілімі арқылы енген исламдық түсініктерді алып тастау мүмкін емес. Халық санасында аңыз болып, әулиеге баланған тұлға жазған хикметтер атадан балаға мирас болып, жатқа да айтылған. «Даналық хикметтердің» шағатай тілінде «Қазан» баспасынан шыққан үлгілері қазіргі таңның өзінде халық сенімінде өз құдіреттілігін жоғалтпаған. Өиткені исламдық білімді нақ осы хикмет беттерінен танып білген халықтың санасынан ажырамас орынға ие болған.
Қазіргі таңда адамзат тарихы кең қанат жайған дағдарыс процесін бастан өткеруде. Әлем елдерінің арасында экономикалық бәсекелестік күшейіп, бір мемелекеттің екінші алып мемлекеттің тегеурініне шыдамастан экономикалық тұрғыдан боданға айналып, мәдени ерекшеліктерін сақталу жүйесінен ажыратып танымдық тұрғыдан жат сенімге илануы оның әлеуметтік белсенділігін арттырғанымен, ол мемлекеттің келешек жоспарларына қауіп төндіретіні айдан анық. Бүкіл әлемдік дағдарыс ықпалына да мойымай Елбасының жолдауын негізге алып дағдарыстан дамуға бет алған бағытымызда тек қана экономикалық тұрғыдан емес рухани өрлеуге де қол жеткізгенімізге әлем куә. Елбасы асқан көрегендікпен өз ұлттық мүддемізді қастерлеп, дінімізбен, тіліміз, ділімізді арттыру бағытында «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асуына үлкен мән берді.
Өз діни танымымызды жетілдіруде ата-баба ұстанған дәстүрлі ерекшеліктерімізді қастерлеп, иман бағытында ғалымдар жасаған орасан зор еңбектерді негізге ала отырып, түркі тілін хикметтер арқылы әлемге паш еткен Ахмет Ясауи іспетті тілімізді баршаға танытумыз қажет. Тарихымыздың қатпарлы бетіндегі ел басына түскен алапат кезеңдерге мойымай келешекке нық қадам басу үшін де ұлттық рух күшті болу керек.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дәстүрлі діни танымның өркендеуіндегі исламның рухани құндылықтар әлемі
Қазақ халқының діни таным – түсінігін анықтауда ислам мәдениеті
арқылы енген рухани құндылықтардың орны ерекше. Жетпіс жыл дінді мәдени
жүйеміздегі кері тартпа ұғым ретінде танып, ойшылдар шығармашылығындағы
руханилықты барынша бұрмалап танытуға жол бердік. Қазіргі таңда қазақ
халқының дін, діл, тіл мәселелерінің қоғамның дамуы үшін маңызы жиі
талқыланып, актуальды тақырып ретінде көтерілгенімен оның іс жүзінде іске
асуы өте баяу жүргізіліп жатқаны баршамызға аян.
Қазақ халқы дүниетанымында қалыптасқан мұсылмандық түсініктің тамыры
тереңде. Тәңірлік сенім мен исламдық білімнің тұтастану процесі негізінде
туындаған дәстүрлі танымды жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені бұл сенім
кеңес заманындағы шектеулерге қарамастан мықтап санамыздан орын алған.
Қазақ жерінде исламдық білімнің болашағы туралы мәселе біздің зерттеуіміз
үшін аса маңызды. Исламдық ағарту жолының болашағына кәміл сенген имандар
да ежелгі халық танымына назар аударуға міндетті. Біздің ғасырлар бойына
қалыптасқан мәдени жүиемізден, діни таным-түсінігімізден Ахмет Ясауи ілімі
арқылы енген исламдық түсініктерді алып тастау мүмкін емес. Халық санасында
аңыз болып, әулиеге баланған тұлға жазған хикметтер атадан балаға мирас
болып, жатқа да айтылған. Даналық хикметтердің шағатай тілінде Қазан
баспасынан шыққан үлгілері қазіргі таңның өзінде халық сенімінде өз
құдіреттілігін жоғалтпаған. Өиткені исламдық білімді нақ осы хикмет
беттерінен танып білген халықтың санасынан ажырамас орынға ие болған.
Қазіргі таңда адамзат тарихы кең қанат жайған дағдарыс процесін бастан
өткеруде. Әлем елдерінің арасында экономикалық бәсекелестік күшейіп, бір
мемелекеттің екінші алып мемлекеттің тегеурініне шыдамастан экономикалық
тұрғыдан боданға айналып, мәдени ерекшеліктерін сақталу жүйесінен ажыратып
танымдық тұрғыдан жат сенімге илануы оның әлеуметтік белсенділігін
арттырғанымен, ол мемлекеттің келешек жоспарларына қауіп төндіретіні айдан
анық. Бүкіл әлемдік дағдарыс ықпалына да мойымай Елбасының жолдауын негізге
алып дағдарыстан дамуға бет алған бағытымызда тек қана экономикалық
тұрғыдан емес рухани өрлеуге де қол жеткізгенімізге әлем куә. Елбасы асқан
көрегендікпен өз ұлттық мүддемізді қастерлеп, дінімізбен, тіліміз,
ділімізді арттыру бағытында Мәдени мұра бағдарламасының жүзеге асуына
үлкен мән берді.
Өз діни танымымызды жетілдіруде ата-баба ұстанған дәстүрлі
ерекшеліктерімізді қастерлеп, иман бағытында ғалымдар жасаған орасан зор
еңбектерді негізге ала отырып, түркі тілін хикметтер арқылы әлемге паш
еткен Ахмет Ясауи іспетті тілімізді баршаға танытумыз қажет. Тарихымыздың
қатпарлы бетіндегі ел басына түскен алапат кезеңдерге мойымай келешекке нық
қадам басу үшін де ұлттық рух күшті болу керек.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді
баршамызға ортақ мақсатқа, еліміздің одан әрі өркендеуіне жұмсауымыз
керек -деген. Көп ұлтты қоғамның тұрақтылығын сақтай отырып, ұлттық
мәдениетімізді жетілдіруде әрбір азаматтың Отан үшін жанқиярлық патриоттық
сезімі мен рухани асқақ сенімі қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері
халықтың мәдени өмірінде рухани құндылықтар өз деңгейінде бағаланып,
халықтың дінге деген көзқарасы түбегейлі өзгеріске ұшырады.
Ғасырлар бедерінде қараусыз қалған рухани байлығымызды аршу бізге де
оңайға түспейтіні анық. Дегенмен, соңғы жылдары көптеген туындылар өңделіп,
рухани мұрамыз біртіндеп болса да қалпына келтірілгендей. Түркі халқына
ортақ даналардың дүниетанымдық көзқарастары мен шығармалары ғалымдар мен
зерттеушілердің талқылауына ілігіп, жаңарған т‰рде көпшілікке қайта
ұсынылуда. Бұл еңбектердің арасында сопылық сарында жазылған қолжазбалар
философиялық тұрғыдан түсіндіруді және толықтыруды қажет етеді.
Қазіргі таңда түркі дүниесінің ұлы кемеңгер ойшылы Ахмет Ясауидің мол
мұрасын әр салада жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, осы арқылы түркі
халқының рухани бірлігін таныту қолға алынған.
Алланың мақамы ғажап мақам дүр,
Ол мақамда ғашықтар серуен қылар...
Ол мақамды білдіруге басшы керек,
Тариқаттың басында жақсы керек.

Ол мақамға жеткен ғашық шарап ішер,
Мал-мүліктен бас тартып, жаннан кешер.
Алланы ойлап дүниеден безіп кеттім,
Өлмей тұрып о дүние үшін жасын төккін [1].
Ахмет Ясауи сопылық ілім мақамдарының қоғам өміріне тигізер әсерінің
арасалмағын нақты бағдарлай алған секілді. Оның тариқаттағы сопылық
дәстүрлері муридтерге рухани жетілу мүмкіндігін беріп, мистикалық
тәжірибелер арқылы жүзеге асып отырған. Бұл Ясауийа муридтеріне берілген
рухани тәлім-тәрбие сопылық мақамдарға негізделіп, тариқатта қалыптасқан
дәстүрлердің ерекшелігі мен орнын айқындап берумен қатар, халықтың рухани
танымында өзіндік әсер қалдырған.
Даналық хикметтерді халық жанына жақын тұтып, рухани ілімнің
бастамасы ретінде оқып, өз танымдық деңгейіндегі ислам діні мен сопылық
ұстанымдарға өздігінше баға беру қазақ қоғамында орын алған. Оның айқын
көрінісі ретінде Бөкебаев Әнуарбектің хикмет жолдарын өз бетінше бес жыл
бойына шағатай тілінен аударып, баспаға дайындап халыққа ұсынуын айта
аламыз [2].
Бұл еңбектің түп нұсқасы сақталмаған. Дегенмен шәкірттері арқылы жеткен
бірнеше нұсқалары бар. Өз кезегінде тәуелсіздік алған күннен бастап осы
еңбекке деген қажеттілік артып, бірнеше түркі тектес халықтардың тілінде
аударыла бастады. Міне халық алғаш осы нұсқалардан Ахмет Ясауи даналығын
танып білді. Сопылық терминдердің мағынасына назар аудармау, ұйқас қуып өз
бетінше еркін аудару, философиялық тұрғыдан хикмет жолдарына логикалық
анализ жасамау орын алған нұсқалар да халық қолында көптеп кездеседі.
Дегенмен, бүгінгі рухани жаңарту барысы ескіні жаңамен алмастырып, ғылыми
апробациядан өткізіп, ғалымдар пікірлерімен негіздеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмед Йүгінекидің өмір жолы
Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
«Сопылық» («суфизм»)
Мәдениет туралы
Ислам теологиясы
Орта ғасырлық ислам мәдениетіндегі әлемді және адамды тану мәселелері
Cопылық таным және оның дәстүрлі сыны
Пәндер