Азиядағы хундар мемлекеті


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Азиядағы хундар құрған мемлекет
- Хундардың экономикасы және мемлекетті басқару дәстүрі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-түра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды.
Сюнну этнонимінің мазмұны мен накты калай айтылатыиы әзірше айкын емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, оның ежелгі кытайлык транскрипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюн-нуларға сабактастығын сақтап калған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай ксліп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапкыда «ғұн» тайиаларының ақсүйектеріне арналып аптылса, сюнну (хунну), яғнитрундар ғұндар деп саналмаіанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалык-саяси қауым жөнінде колданылған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині әлде қайда мол қауымды білдірді.
Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй басқарды. Меде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде ақ Қытайдың шекаралык аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соқкы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстык туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сыйлық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды.
- Азиядағы хундар құрған мемлекет
«Сүй патшалығының тарихы» деген кітаптың «Жағрапиялық дерек» деген бөлімінде былай делінген: «Бес-балық құмды аймағының терістігі - алдыңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 223-206 жылдарда) үйсіндердің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 225-220 жылдары) хундардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хундардың, әскери лагері мен әскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хундардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Соғыстан қауіптенген ақсақалдар хундардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кенес айтты. Бұған Моде: «Жер - мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сі-рә?»- деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шығысқа карай жылжиды. Дунхуларға тұтқылдан шабуыл жасап, оларды талқандады, басшысын өлтірді, адамдарын және малдарын өзіне қосып алды». Хун тәңіркұтының алғашкы қадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.
Б. з. б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы-аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді. Оның негізін қалаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын қауіпсіздендіруге тырысып, 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған Хундар шегіністі бірден тоқтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында коршауға алды. «Жеті күн бойы таудағы және одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азық-түлік көмегін де, әскери көмек те бере алмады»- деп жазады тарихшы Сыма Цянь.
Батыстағы сюннулар атты әскері - ақ аттарға, ал шығыс беттегілер - тұмсығында ақ дағы бар сұр аттарға, солтустіктегілер - қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар - жирен аттарға мінген».
Императорға хундармен туыстыққа негізделген бей-біт келісім шартын жасауға уәде беруден басқа жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайымды беруге тура келді. Бірақ император өз уәдесін хундардың дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орындады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлықтар - жібек маталар, шарап, күріш, әшекей бұйымдар еді. Шындығына келгенде бұл салықтар көзбояушылық еді. Хундар мен Хань арасындағы бейбіт қатынас б. з. б. 166-163 жылдарға дейін созылды. Бұдан соң туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.
Моде мен оның мұрагерлері, дәлірек айтқанда, тәңір-құт Лаошань ең қатал соғысты ұлы жүздермен (юэчжи-лермен) жүргізуге тура келді (б. з. б. 177-176 жылда-ры) . Күрес ширек ғасырға созылды және біздің зама-нымыздан бұрынғы 174-167 жылдары хундар үйсіндер-мен одақта болудың нәтижесінде катты шйвленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі ұрыста қаза тауып, оның бас сүйегінен тәңірқұт Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бұл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: «Хундардын, тәңіркүты Аслан (Лауо-шань) үлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасатқан. Алғашында ұлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында бтыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге карай ауып кеткен. Ұлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жа-сап, оларды бағындырып, өз ордаларын күрғаң» делінген. Осылайша бұл жолғы шабуылдар арқылы хундар мен үйсін тайпалары ұлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.
Хун империясының кұрылуымен және ұзаққа созыл-ған хун - юэчжи (ұлы жүз) соғысының аяқталуымен кең далада бейбітшілік орнады. Б. з. б. II ғасыр хундардың көшпелі шаруашылығының өркендеген уақыты болды.
Біздің заманымызға дейінгі 119 жылы орасан мол кытай армиясы Тәңіркұтының ставкасын басып алып, 90 мыңға жуық хундарды қырып салды, қытайлықтар-дың өздері де үлкен шығынға ұшырады.
Сонымен бірге Қытай әскерлері Батысқа Орта Азия бағытына жылжи бастады, ол жерде біздің заманымыздан бүрынғы 101 жылы Ферғана калалары тоналып, хундар Шығыс Түркістан алқаптаррынан бөлініп калған еді. Б. з. б. 99-97 жылдары ханьдықтар (кытайлар) хундарға қарсы тағы ірі екі шабуыл жасады. Жетпіс мыңдай қытай армиясы колбасшы Ли Гуан-лидің басшылығымен хун жеріне басып кірді. Бірақ бұл жолы қытайлар өз күштерімен хундарды жене алмады, тек 20 жылдан соң ғана оларды басқа көшпелі халықтардың батыстағы үйсіндердің, шығыстағы ухуан (дунху) және солтүстіктегі Енисей динмендіктерінің көмегімен жеңіске жетті. Жан-жақтан жау анталаған ауыр соғыста хундар көп қырғынға ұшырады. Хундардың саяси дағдарысы басталды.
Б. з. б. 56 жылы оңтүстік хундар тәңірқұты Хуханье-нің басшылығымен шапкыншылықтан бас тартады да, қытаймен бейбіт катынастар орнатады, ал қытайлар олардың тынышталуы үшін бәрін істеді, сөйтіп 50 жыл-дай уақыт бойы хун- кытай шекарасында қақтығыс болған жоқ. Солтүстік хундар тәңірқұты Чжичжидің басшылығымен Орта Азияға кетіп, одақтас қаңлы мемлекетіне өтті, бірақ бұл жерде хундар қытайдың экспедициялық корпусына тап болып талқандалады.
Біздің заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік және оңтустік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хундардың тағдыры негізінен Хань империясына тәуелді болды. Солтүстік хундар - Енисей (ежелгі қырғыз) тайпалары-нан, әсіресе дуньху - үйсін ұрпактарынан, сәнби-Манчжуриядан айырыла бастады. Хундардың ставкалары Батыс Монғолияға, солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың II ғасырының бірінші жартысында хун тайпаларының миграциясы әуелі Қазақстанның шығысына - Тарбағатайға және Жетісуға карай ығысты. Осы кезде хундар өздерінің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін кұрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орна-ласты. Ал кейін хундар Батыс Сібір угор тайлаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңындағы жерлерге қоныс аударды.
- Хундардың экономикасы және мемлекетті басқару дәстүрі
Сыма Цяньнің жазғанына қарағанда, хун қоғамының экономикасы тіптен қарапайым болғанға ұқсайды: «Жай уақытта олар мал бакты, әрі аң, құс аулаумен айналысты, ал қиын-қыстау кездердегі шабуылдың дайындығы ретінде әркім өзінше әскери істерге үйренді.
Жылқы табынынан басқа хундардың негізгі байлығы - сиыр, қодас, түйе, қой және ешкі отарлары болады. Мал жеке меншікте ұсталды, әр отбасы туыстығына байланысты аумактың белгілі бір бөлігіғіде мал жайды, әрі ол жерді бүкіл туыстарына қорған түтты. Адам баласы мүліктерінің бүтіндігін сактау мақсатымен, Сыма Цянь айтпакшы. «Әкесі немесе баласы өлген жағдайда, олардың әйелдерін туыстары әмеңгершілік жолымен өздері алып отырған», басқа көршілері сияқты хундар да көп әйел алу болған. Бөтен мүлікті ұрлағандығы үшін бүкіл отбасы катаң жауапқа тартылып, ал мал ұрлаған кінәлі отбасы кұлдыққа түсіп отырған.
Хун коғамының жоғарғы тұсын төрт аристократиялық ру құрды, олар - яғни кез-келген бір ер кісі өзіне әйелді тек қалған үш рудан ғана алуға болатын, бір-бі-рімен некелік қатынаста байланысқан рулар еді.
Бағынышты тайпалар осы төрт тайпаға мата, қой терісін және басқа да салық түрлерін төлеп отырды. Егер салықты дер кезінен кешіктірсе, хундар олардын. ру бас-шыларын дарға асты. Борышкердің әйел-баласын ездері алатын болды. Бостандыққа шығу үшін ерекше төлем талап етті. Хундардағы қүлдықты көрсететін мәліметтер жиі кездеседі. Құлдыққа негізінен тұтқындар алынды, ал кейде әр түрлі қылмыстары үшін хундардың өздері де құлдыққа түсіп отырды. Өзге тайпалықтар яғни қүл-дар көбінесе отырықшы шаруашылықта пайдаланылды, олар бекітілген калада хундармен бірге өмір сүрді, жер жыртты, тас қалау және құрылыс жұмыстарына қатысты, қолөнер өндірісіне араласты.
Құлдықтағы хундардың жағдайы онша анық емес, олар патриархалдық отбасынын, ең төменгі тобын құрауы мүмкін. Хун мемлекетінің кұрылымы да қатал иерархиялы болды. Б. з. б. V-IV ғасырларда жун (хун) тайпасының әскери демократиясынан өсіп шыққан хун державасы көршілес тайпа одактары және кытай патшалығымен соғыста әбден шыңдалды. Мұндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен ұйымдастырылған, орталықтан-дырылған империяда ғана болуы мүмкін.
Қатал билік жүргізген ел басын «тәңірқұты» деп атаған. Оны «Аспан мен Жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп қойылған ұлы хун- Тәңірқұты» деген арнайы титулға ие болған. Оны «Көк ұлы» деп те атаған. Оның билігі мынадай міндеттер мен функциялардан көрінеді:
а) мемлекеттің барлық аумағы мен басқару мін-деті, осы аумақты корғау функциясы;
ә) соғыс және бейбітшілік шартты жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік ету функциясы;
б) мемлекеттің барлық қарулы күштеріне жүмсалатын шығынды өз қолына жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы;
в) қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өліміне жауаптылық міндеті. Тәңірқұты «таңертең ордадан шығып, шығып келе жатқан күнге, ал кеште туып келе жатқан айға иіліп тағзым еткен». Осыдан Тәңірқұты мәдениеттілікті сақтау мен корғау ісінін, кепілдігіне ұқсайды. Жоғарғы иелік етушіні көмекші, кенесші, әскербасылардың көпте-ген топтары қоршаған, алайда айналасындағылардың пікірімен санасқанның өзінде шешуші сөз ылғи да Тәңірқұтының өзінде қалып отырған.
Мемлекетте Тәңіркұтынан кейінгі лауазымды кісілер - сол және оң (батыс, шығыс) «дана басшылар», яғни олар Тәңірқұтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын басқарды, әскердің сол және оң қанатын басқарды. Бұлардан кейін Тәңірқұтының белгілі бір аумағын басқаратын басқа да туыстары тұрды, олардың бәрі әр түрлі лауазымға ие болды және «он мың жауынгердің үстінен қарайтын басшылар» деп аталды.
Бұлардың жалпы саны, империяның батыс, шығыс жақ бөліктеріне, әскердін. сол, оң қанаттарына бекітілген 24 жоғары әскер басы-лардан кұралды. Бұл орындарға Тәңіркұтына туыстық жакындығына қарай алынды. Басшыларды Тәңіркүты езі белгіледі. Ол эр басшының иелігіне сонда мекендеуші тұрғындарымен бірге аумақтар беліп берді. Тәңірқұтының рұқсатынсыз тайпалардың баска жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды.
Басшының билігі мен әскери куші онын. әскер үлесі-не емес, тұрғындарының санына қарай аныкталуына көбірек мән берілді. Онын, кол астында он мың жауынгер болды, «24 басшының әрқайсысы 10 мыңнан бірнеше мыңға дейінгі әскерге ие болды», - дейді Сыма Цянь.
Басшы ез иелігінің шегінде мыңдықтарды, жүздіктер-ді, ондықтарды тағайындады, оларға көшпелі түрғындары бар жер берді. Басшыны ауыстыруға не жазалауға тек Тәңіркұтының әлі жетті. Кейін басшылар сайлау қатаң мұрагерлік жүйеге ауысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz