Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың әдістемелік негіздері


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . .
4
: 1-тарау.
КІРІСПЕ. . ..:

МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . .

4: 6
: 1. 1.
КІРІСПЕ. . ..: Бағалау құндарының түрлері . . .
4: 6
: 1. 2.
КІРІСПЕ. . ..: Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидаттары . . .
4: 7
: 1. 3.
КІРІСПЕ. . ..: Бағалаудың мақсаты . . .
4: 9
: 1. 4.
КІРІСПЕ. . ..: Бағалау процессі . . .
4: 10
: 1. 5.
КІРІСПЕ. . ..: Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы шығын амалы . . .
4: 11
: 1. 6.
КІРІСПЕ. . ..: Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы нарықтық амал . . .
4: 18
: 1. 7.
КІРІСПЕ. . ..: Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы табыс амалы . . .
4: 22
: 2-тарау.
КІРІСПЕ. . ..: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР - ДЫҢ ТОЗУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ . . .
4: 31
: 2. 1.
КІРІСПЕ. . ..: Жалпы мәліметтер . . .
4: 31
: 2. 2.
КІРІСПЕ. . ..: Тиімді пайдалану уақытына байланысты әдіс . . .
4: 32
: 2. 3.
КІРІСПЕ. . ..: Жөндеу цикліне байланысты әдіс . . .
4: 36
: 2. 4.
КІРІСПЕ. . ..: Табыстың кемуіне негізделген әдіс . . .
4: 39
: 2. 5.
КІРІСПЕ. . ..: Машина құрылымын жекелей есептеу әдісі . . .
4: 40
: 2. 6.
КІРІСПЕ. . ..: Физикалық тозудың коэффициентін анықтағанда түзетілетін және түзетілмейтін тозуларды есептеу . . .
4: 42
: 2. 7.
КІРІСПЕ. . ..: Тұтыну қасиетінің төмендеуіне байланысты әдіс . . .
4: 48
: 2. 8.
КІРІСПЕ. . ..: Өнімділік диннамикасын талдау әдісі . . .
4: 49
: 2. 9.
КІРІСПЕ. . ..: Машина жағдайын сараптамалау әдісі . . .
4: 51
: 2. 10.
КІРІСПЕ. . ..: Корреляциялық талдау әдісі . . .
4: 53
: 2. 11.
КІРІСПЕ. . ..: Тікелей анықтау әдісі . . .
4: 56
: 2. 12.
КІРІСПЕ. . ..: Тозуды амортизация мөлшеріне байланысты анықтайтын әдістер . . .
4: 57
: 3-тарау.
КІРІСПЕ. . ..: МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛ - ДЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСКІРУІН (ТОЗУ) ЗЕРТТЕУ
4: 62
: 3. 1.
КІРІСПЕ. . ..: Функционалды ескіру (тозу) . . .
4: 62
: 3. 2.
КІРІСПЕ. . ..: Капиталды шығындардың әсерінен болған функционалды ескіру . . .
4: 62
: 3. 3.
КІРІСПЕ. . ..: Өндіріс шығындарының әсерінен болған функционалды ескіру
4: 65
: 3. 4.
КІРІСПЕ. . ..: Түзетілетін функционалды ескіру . . .
4: 66
: 3. 5.
КІРІСПЕ. . ..: Экономикалық немесе сыртқы тозу . . .
4: 68
: 4-тарау.
КІРІСПЕ. . ..: МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ ІС ЖҮЗІНДЕ БАҒАЛАУ . . .
4: 70
: 4. 1.
КІРІСПЕ. . ..: Жалпы мәліметтер . . .
4: 70
: 4. 2.
КІРІСПЕ. . ..: Техникалық жабдықтардың тағайындалуы мен техникалық сипаттамалары . . .
4: 71
: 4. 3.
КІРІСПЕ. . ..: Шығын амалын қолдану арқылы мүліктің нарықтық құнын анықтау . . .
4: 73
: 4. 4.
КІРІСПЕ. . ..: Нарықтық амалды қолдану арқылы мүліктің нарықтық құнын анықтау . . .
4: 78
: 4. 5.
КІРІСПЕ. . ..: Табыс амалын қолдану арқылы мүліктің нарықтық құнын анықтау . . .
4: 91
:
КІРІСПЕ. . ..: НӘТИЖЕЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ . . .
4: 94
:
КІРІСПЕ. . ..: МҮЛІКТІҢ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 97
:
КІРІСПЕ. . ..: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 98
:
КІРІСПЕ. . ..: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . .
4: 99

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға өткен жағдайда және нарықтық инфрақұрылымның құрылған жағдайында, әр түрлі активтердің, оның ішінде: машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын бағалаудың өзекті мәселесі туындады. Қазақстанда мүлікті заңдастыру және инвестицияларды активизациялау жағдайында негізгі нарыққа қатысушылардың қызметінің айқындылығын көрсету үшін өндірісті және өндірісті емес негізгі қорларды бағалау қажетті болып табылады.

Бұдан басқа, заңды және жеке тұлғалардың жылжитын, жылжымайтын мүлікті және активтерін объективті бағалау, несие қорларын алуға, меншікті сатуға, сатып алуға және айырбастау процессіне қатысуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кәсіпорын мүлігін бағалау үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорынның ең маңызды активтері - машиналар мен жабдықтарды бағалау болып табылады. Көптеген кәсіпорындарда жұмысқа жарамды жабдықтардың қалдық баланстық құны нөлге тең. Бірақ, сол уақыттағы жабдықтың шынайы тозуын ескерсек, жабдықтың нарықтық құны едәуір маңызды өлшемді құрайды.

Кейбір кезде керісінше жағдайлар болады. Тиімділігі төмен машиналар мен жабдықтардың баланстағы қалдық құны едәуір жоғары болады. Осындай жағдайларда машиналар мен жабдықтарды бағалау маңызды болып табылады.

Машиналар мен жабдықтарды бағалауда тозу факторы ең маңызды рөль атқарады. Жылжымайтын мүлікке қарағанда, машиналар мен жабдықтардың тозуы уақыт өткен сайын қарқынды түрде өседі. Негізінде машиналар мен жабдықтардың құны техникалық жағдайға және экономикалық факторларға тәуелді болып келеді.

Машиналар мен жабдықтарды бағалау негізгі үш кезеңнен тұрады:

  • жаңа объектінің құнын ағымдағы бағалармен анықтау;
  • тозудың жиынтығын анықтау;
  • бағалау объектісінің қорытынды құнын анықтау.

Осы кезеңдерге байланысты машиналар мен жабдықтарды бағалау әдістері қалыптасады.

Әр түрлі әдістермен анықталған бағалау объектісінің құндары, қолданылған әдіске байланысты әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан, нақты бір құнды шығару үшін нәтижелерді үйлестіру қажет.

1-тарау. МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Бағалау құндарының түрлері

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде әр түрлі құндардың түрлері қолданылады. Бірақ, құндарды түрлерін анықтамас бұрын оларды бағадан ажырата білу қажет.

Бағалаудағы құн - бұл:

  • меншік объектісінің ақшалай көрінісі;
  • меншік объектісінің болашақта әкелетін ағымдағы құны;
  • меншік объектісін сатудан түсетін ағымдағы табыстың ақшалай көрінісі.

Баға - бұл:

- бағалаудағы құнға тең емес, меншік объектісіне төленетін сомма.

Бағалау қызметінде нарықтық құнның түсініктемесі жиі қолданылады. Бұл құнның жалпы анықтамасы Халықаралық бағалау стандарттарында қалыптасқан. Нарықтық құн - бұл машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының ықтималды құны. Ол бойынша мәміле тараптары объектіні бағалау туралы ақпаратпен таныс болып, әрекет ететін жағдайда осы объект бәсекелестік шарттағы мәмілелер негізінде иелігінен айырылуы мүмкін, ал мәміле бағасында қандай да бір төтенше жағдайлар белгіленбейді. Тәжірибеде нарықтық құнның екі түрі қолданылады: жаңа машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының құны (бастапқы нарықтық құн) және қолданылған машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының құны (қайталама нарықтық құн) .

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде келесі құндардың түрлері кеңінен қолданылады:

Қайта өндіру құны - бұл ағымдағы бағалармен есептелген нақты көшірмені қайта өндіруге жұмсалған шығындар жиынтығы.

Толық ауыстыру құны - бұл бағаланып жатқан объектіге ұқсас жаңа объектінің ағымдағы құны.

Банкрот кезінде, реструктуризация, яғни, машиналар мен жабдықтарды сатуға мәжбүр болған жағдайда кәсіпорынның активтерін бағалағанда, құнның келесі анықтамалары қолданылады:

Жоспарланған ликвидтік құн - бұл сатушының объектіні жоспарланған уақытта сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні.

Жеделдетілген ликвидтік құн - сатушының объектіні тездетілген уақытта сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні.

Утилизациондық құн - бұл активтерді немесе оның құрама компоненттерін сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні. Бұл құнды «қалдық ликвидттік құн» деп атайды.

Ауыстырудың сақтандыру құны - сақтандыру полисінде көрсетілетін толық ауыстыру құны.

Тозуды есепке алудағы сақтандыру құны - бұл сақтандыру мақсаты үшін

ауыстырудың сақтандыру құнынан тозу көлемін алыптастағандағы құн. Бұл құнды «қалдық сақтандыру құны» деп атайды.

Жоғарыда көрсетілген құндардан басқа, бағалау тәжірибесінде мынадай құндарды да жиі қолданады:

Қайтадан қалпына келтіру құны - активтің нақты көшірмесін қайта өндіруге жұмсалатын шығындары.

Қалпына келтіру құны - бұл бастапқы жағдайдағы қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың мөлшері.

1. 2. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидаттары

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде әр түрлі қағидаттарды пайдаланады. Бағалаудың төрт қағидат топтары бар:

  • сатып алушы - инвестордың мақсатына негізделген;
  • өндіріспен байланысты;
  • нарық айналасымен байланысты;
  • неғұрлым тиімді пайдалану.

Арнайы объектіні бағалаған кезде жоғарыда келтірілген қағидаттардың

бірнешеуі пайдалануы мүмкін.

Сатып алушы - инвестордың мақсатына негізделген қағидаттар:

Пайдалылық қағидаты - бұл объектіні иеленушінің қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті. Пайдалылық - бұл потенциалды иеленушіге объектінің табыс әкелу қабілеті.

Алмастыру қағидаты - бұл сатып алушының пайдалылығы және сапасы бірдей объектінің біреуіне көп төлемеуіне негізделген. Бұл қағидат бағалаудың

үш амалында да қолданылады.

Күту қағидаты - бұл құнның болашақта түсетін табысқа байланысты құрылуы. Бұл сатып алушы - инвестордың логикасын анықтайтын маңызды принцип болып табылады. Қазіргі уақыттағы объектіге салынған ақша, болашақта ақталатын табыс ретінде қайтарылуы керек. Бұл қағидатқа бағалаудағы табыс амалы негізделген.

Өндіріспен байланысты қағидаттар:

Салым қағидаты -жеке компоненттің құны объект құнына салынған салым арқылы өлшенеді.

Баланстанған қағидат - объектіден түсетін табыс максималды болуы үшін, барлық өндіріс факторлары қатынаста болуы қажет.

Нарық айналасымен байланысты қағидаттар:

Сәйкестілік қағидаты - объектінің құны нарықтың талаптарына сәйкес құрылады.

Сұраныс және ұсыныс қағидаты - объектінің бағасы сұраныс жоғарлаған уақытта өседі, ал ұсыныс жоғарлаған уақытта төмендейді.

Бәсекелестік қағидаты - бірнеше сатушылардың арасында болатын бақталастық. Бәсекелестік - максималды табыс пен экономиканың дамуының негізі.

Өзгеріс қағидаты - объектінің құны уақыт өткен сайын және экономикалық факторлардың әсерінен өзгеріп тұрады.

Барынша тиімді пайдалану қағидаты:

Белгілі бір уақытта объектіге жоғары таза табысты қамтамасыз ететін нұсқауды пайдалану. Физикалық мүмкін, жеткілікті дәлелденген және қаржылық жүзеге асыру мүмкіндігі бар және объектінің құнын жоғарлататын нұсқауды пайдалану.

Бұл қағидат жан - жақты болып келген және бағалау қызметіне жататын барлық қағидаттарды байланыстырады.

1. 3. Бағалаудың мақсаты

Бағалау қызметінің негізгі мақсаты машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын иемденуі бойынша билік жүргізуге және пайдалануға, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет араларында құқықтық қатынастардың туындауында байланысты машиналар мен жабдықтардың, көлік құралдарының құнын анықтау болып табылады.

Машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын бағалаудағы сұраныс келесі жағдайларда туындайды:

1) «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қорларды қайта бағалау;

2) экспорттау және импорттау барысында кедендік құнын анықтау;

3) жекешелендіру;

4) сатып алу-сату, соның ішінде аукционды;

5) кепілді рәсімдеу;

6) жалға беру және лизингтік операциялар;

7) жарғылық капиталына салымдар ретінде рәсімдеу;

8) акционер салымдарын қоғамнан шығу барысында бөлу;

9) жоғалу, жою немесе зақымдану жағдайларынан сақтандыру;

10) зақымдану кезінде зиян құнын бағалау;

11) иелердің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;

12) сыйға беру (салық салу мақсаттары үшін) ;

13) мұрагерлік (салық салу мақсаттары үшін) ;

14) сот тәртібі бойынша мүліктерді бөлісу;

15) айырбастау шарты және бартерлік мәмілелер;

16) мүліктерді тәркілеу;

17) есептен шығару және қосымша пайдалану.

1. 4. Бағалау процессі

Бағалау процессі бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Мақсатты анықтау. Тапсырыс беруші мен бағалаушының арасында бағалаудың мақсатын анықтайды. Бағалау объектісі мен бағалау күні анықталады. Бағалау күні - бұл есептеулерді жүргізу үшін арнайы бекітілген күн.

2. Құнның түрін анықтау. Бұл кезеңде берілген жағдайда қарастырылатын

және есептелетін құнның түрі мен бағалаудың мақсатын салыстырады. Машиналар мен жабдықтарды бағалағанда әр түрлі құнның түрлері пайдаланылады. Олардың негізгісі нарықтық құн болып табылады.

3. Объект меншігін анықтау. Бұл кезеңде меншікті теңестіру мен түгендеу тізімімен салыстыру болып табылады.

4. Ақпаратты жинау. Бұл жұмыстың ең күрделі кезеңі болып табылады. Бағалаушы объектіні физикалық байқаудан өткізеді, объектінің жағдайын сипаттайды, машинаның физикалық жағдайын талдайды, техникалық қызмет көрсету әдістерімен танысады. Бұл машинаның жағдайын анықтауға мүмкіндік

береді.

Ақпаратты жинау кезеңі маңызды болып табылады. Өйткені, жұмыстың нәтижесі жиналған мәліметтердің сапасына тәуелді.

Ақпаратты жинау кезеңінде үш бағыттағы мәліметтерге аса көп көңіл бөлу қажет:

  • бұл ағымдағы нақты көшірмені қайта өндіруге жұмсалған шығындар.
  • машинаның жағдайы және тағайындалуы бірдей объектілердің сатылуы,

яғни сондай жабдықтың нарығын талдау.

- берілген меншіктің иесіне қаншалықты табыс әкелуі.

5. Тозуды талдау. Бұл кзеңде бағалаушы машинаның шынайы физикалық жағдайын анықтау үшін тапсырыс берушіден алған мәліметтерді және өз мәліметтерін талдайды. Белгілі бір дәрежеде тозған машинаның құны жаңа машинаның құнынан едәуір төмен болады.

Объектінің жағдайын талдаған соң, бағалаушы жұмыстың ең маңызды бөлігіне кіріседі, яғни есептеулер жүргізеді және объектінің құнын бағалайды.

6. Бағалаудың әдістемесі. Машиналар мен жабдықтарды бағалауда үш амал қолданылады: шығын, нарықтық және табыс амалдары.

1. 5. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы шығын амалы

Шығын амалымен бағалау объектісінің құнын анықтаған кезде, ең алдымен жабдықты құрастыруға кеткен шығындарды есептейді. Шығын амалымен анықталған құн әдетте нарықтық құнмен сәйкес келмейді. Өйткені, жабдықты құрастыруға кеткен шығындарға пайдалылық, сапа және бәсекелестік себептері әсер етпейді. Бірақ та, кейбір жағдайларда шығын амалын қолдану, арнайы мақсаттарға арналған жабдықтарға, арнайы тапсырыстармен құрастырылған және де нарықта ұқсас аналогтары жоқ жабдықтарды бағалау үшін жалғыз мүмкіндік болып табылады.

Шығын амалымен анықталатын нарықтық құн - қайта өндіру құны болып табылады.

Машиналар мен жабдықтарды шығын амалымен бағалау, келесі әдістер арқылы жүзеге асады:

  1. Біркелкі объект бағасы арқылы есептеу әдісі;
  2. Машина құрылымын жекелей есептеу әдісі;
  3. Шығындарды талдау және индекстеу әдісі;
  4. Үлкейтілген нормативтер арқылы есептеу әдісі.

Біркелкі объект бағасы арқылы есептеу әдісі. Бұл әдісте бағаланып жатқан объект үшін құрылымы жағынан, құрастырылған материалы және құрастыру технологиясы жағынан ұқсас біркелкі объектіні таңдап алады. Таңдалып алынған біркелкі объект басқа салада және де басқа мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Біркелкі объект нарықта белгілі бір сұранысқа ие болуы мүмкін және де оның бағасы белгілі болуы қажет.

Біркелкі объектіні құрастыруға кететін шығындар, яғни оның өзіндік құны бағаланып жатқан объектінің өзіндік құнына жақын болып келеді.

Біркелкі объектінің бағасы өзіндік құннан, кәсіпорынның таза табысынан, табыс салығынан, саудадағы баға үстемесінен және қосылған құн салығынан құралады. Біркелкі объектіні құрастырудың өзіндік құны төменгі формулада көрсетілген:

, (1. 1)

Мұнда, біркелкі объектінің бағасы;

қосылған құн салығына мөлшерлеме;

табыс салығының мөлшерлемесі;

өнімнің пайдалылық көрсеткіші.

Ең күрделісі пайдалылық көрсеткішін анықтау болып табылады. Бұл көрсеткіш нарықтағы біркелкі объектіге сұраныстың деңгейіне байланысты. Мысалы, сұранысы жоғары өнімнің пайдалылық көрсеткіші 25 - 35 % құрайды.

Ал сұранысы орташа өнімнің пайдалылық көрсеткіші 10 - 25 %, сұранысы төмен өнімнің пайдалылық көрсеткіші 5 - 10 % құрайды.

Бағаланып жатқан объектінің өзіндік құны біркелкі объектінің өзіндік құны бойынша есептеледі және де салмағына, көлеміне түзетулер енгізіледі:

, (1. 2)

Мұнда, бағаланып жатқан объектінің құрылымының салмағы;

біркелкі объектінің құрылымының салмағы.

Бағаланып жатқан объектінің қайтадан қалпына келтіру құны төмендегі формула бойынша анықталады:

. (1. 3)

Бұл формулада пайдалылық көрсеткіші бағаланып жатқан объектінің өтімділік дәрежесіне сәйкес келуі керек. Сұранысы төмен объектілерді бағалағанда, олардың құнын өзіндік құн деңгейіне сәйкес қабылдайды.

Мысал 1. 1. Арнайы жабдықтың қайтадан қалпына келтіру құнын анықтау қажет. Арнайы жабдық жеке тапсырыс бойынша құрастырылған және де нарықта ұқсас аналогтары жоқ. Арнайы жабдықтың көлем өлшемі .

Біркелкі объект ретінде көлем өлшемі арнайы жабдық таңдалып алынды. Арнайы жабдықтың бағасы 5000 теңге құрайды. Пайдалылық коэффициентін 0, 25 - ке қабылдаймыз. Біркелкі объектінің өзіндік құнын (1. 1) - формуламен анықтаймыз:

теңге.

Бағаланып жатқан объект пен біркелкі объект көлемінің арасындағы айырмашылығына түзету енгізу арқылы, бағаланып жатқан объектінің өзіндік құнын (1. 2) - формуламен анықтаймыз:

теңге.

Машина құрылымын жекелей есептеу әдісі. Бұл әдіс нарықта бағалары белгілі және сатып алуға болатын, бірнеше құрама бөлшектерден құрастырылған жабдықтар үшін қолданылады. Бұндай жабдықтардың құрылымы қарапайым және де тұтынушының өзі де құрастыра алуы керек. Мысал ретінде компьютерлерді және бірнеше жабдықтардан тұратын технологиялық бағытты қарастыруға болады.

Берілген әдіс келесі кезеңдерден тұрады:

1) Бағаланып жатқан жабдықтың құрамын талдайды және де жекелей сатып алуға болатын негізгі бөлшектердің тізімін құрастырады.

2) Әр бөлшектердің бағасы туралы мәліметтер жиналады.

3) Жиналған баға туралы мәліметтерді объектінің өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланады:

, (1. 4)

Мұнда, бөлшектердің жалпы құны;

құрастыруға жұмсалатын шығындар коэффициенті 0, 3-0, 4 - ке тең.

Содан кейін қайтадан қалпына келтіру құнын анықтайды:

. (1. 5)

Мысал 1. 2. Ауыр жұмыс орындарында қолданылатын ауаны тазарту жабдығының өзіндік құнын есептеу қажет. Жабдық арнайы тапсырыс бойынша құрастырылған және де нарықта ұқсас аналогы жоқ.

Бағаланып жатқан жабдықтың негізгі өлшемдері:

  1. Көлем өлшемі -;
  2. Жалпы салмағы -;
  3. Жұмыс істеу қуаты -

Жабдықтың құрамындағы негізгі үш бөлшекті қарастырамыз:

  1. Ауаны тазартатын блок;
  2. Металлды құрылым;
  3. Жарық түсіруші құрал.

Автотрансформатор, реле тағы да басқа ұсақ бөлшектер есепте ескерілмейді.

Әр бір негізгі бөлшек үшін біркелкі объектілерді таңдап аламыз.

Ауаны тазартатын блок сүзгіш жабдық ретінде жұмыс атқарады. Оның жұмысын төрт ауаны тазартатын КН 204 маркалы жабдықтар атқара алады. Мұндай төрт жабдықтың құны:

теңге.

Металлды құрылымның таза салмағы . металлдың бағасы 2000 теңге құрайды. Металлға жұмсалатын шығын:

теңге.

Жарық түсіруші құралға ұқсас аналог ретінде ЛПО 2 х 240 маркалы жарық түсіруші құрал алынды. Оның бағасы 65 000 теңге құрайды.

Негізгі бөлшектердің жалпы құны:

теңге.

Құрастыруға жұмсалатын шығындарды ескере келе, жабдықтың өзіндік құнын (1. 4) - формуламен анықтаймыз:

теңге.

Пайдалылық көрсеткіші 3 % жабдықтың қайтадан қалпына келтіру құнын (1. 5) - формуламен анықтаймыз:

теңге.

Шығындарды талдау және индекстеу әдісі. Бағалау тәжірибесінде жабдықтың ескі құнын немесе бағасын қазіргі уақыттағы құнға немесе бағаға арнайы түзету индекстері арқылы келтіру тәсілі жиі қолданылады. Егер де бағаланып жатқан жабдықтың қазіргі уақытқа дейінгі баға индекстері белгілі болса, онда объектінің бағасын тікелей индекстейді. Бұл әдіс индекс коэффициенттері арқылы негізгі қорларды қайтадан бағалаған кезде қолданылады.

Жабдықты құрастыруға кететін шығын көрсеткішінің мәнін қазіргі уақытқа келтіру үшін, сол көрсеткішті түзету индекстеріне көбейту қажет. Түзету индексі - бұл бағалау мерзіміндегі баға индексінің бастапқы кезеңдегі баға индексіне қатынасын айтады.

Жабдықтың өзіндік құнын формула бойынша анықтайды:

, (1. 6)

Мұнда, объектінің бастапқы құны.

Өзіндік құнның құрылымы экономикалық элементтер арқылы, яғни шығындалатын ресурстар арқылы анықталады. Тәжірибе мақсатында өзіндік құнға жататын шығындарды төрт экономикалық элемент арқылы топтауға болады. Олар: материалдар, қуат қорлары, еңбек ақы, амортизация. Өзіндік құнның құрамын бағалаған кезде жыл сайынғы статистикалық берілгендер қолданыла алады. Пайыз қатынасы арқылы құрамында көрсетілген төрт экономикалық элементтерді есептейді.

Индекстелген шығындарды қосу арқылы объектінің өзіндік құнын есептейміз. Кейін формула арқылы өзіндік құнды құнға айналдырамыз.

Мысал 1. 3. Арнайы станоктың 1993 жылы наурыз айындағы баланстық құны 3 423 теңге құрайды. Бағалау мерзімі 1996 жылдың маусым айы. Станоктың қайтадан қалпына келтіру құнын анықтау қажет.

Экономикалық элементтердің пайыз көрсеткіші бойынша өзіндік құндағы құрылымы:

Материалдар (М) - 46 %;

Қуат қоры (Қ) - 12 %;

Еңбек ақы (Е) - 28 %;

Амортизация (А) - 14 %.

Бастапқы кездегі пайдалылық көрсеткіші 20 % станоктың өзіндік құнын (1. 6) - формуламен анықтаймыз:

теңге.

Есептің мәні кестеде 1. 1 - кестеде көрсетілген:

Кесте 1. 1

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Экономикалық элементтер: Экономикалық элементтер
Көрсеткіштер: М
Экономикалық элементтер: Қ
Е
А
Көрсеткіштер: Экономикалық элементтер бойынша шығындар
Экономикалық элементтер: 1090
284
664
332
Көрсеткіштер: Бастапқы кездегі баға индексі
Экономикалық элементтер: 2, 01
2, 22
23, 6
2, 1
Көрсеткіштер: Қазіргі уақыттағы баға индексі
Экономикалық элементтер: 130, 57
161, 39
837, 2
121, 43

Кесте 1. 1 жалғасы

Түзетуші индекс: Түзетуші индекс
64, 96: 64, 96
72, 70: 72, 70
35, 47: 35, 47
57, 82: 57, 82
Түзетуші индекс: Бағалау күніндегі экономикалық элементтер бойынша шығындар
64, 96: 70806, 62
72, 70: 20646, 29
35, 47: 23555, 12
57, 82: 19197, 50
Түзетуші индекс: Бағалау күніндегі өзіндік құн
64, 96: 134206
Түзетуші индекс: Бағалау күніндегі қайтадан қалпына келтіру құны (пайдалылық көрсеткіші 10 %)
64, 96: 158607

Өзіндік құнды үлкейтілген нормативтер арқылы есептеу әдісі. Егер де жабдықтың құрылымдық құжаты бар болса, онда өзіндік құнды үлкейтілген нормативтер бойынша есептеуге болады. Бағалаушы жаңа объектінің құнын калькуляция арқылы есептей алмайды. Өйткені, өндіріс процессі жайлы үлкен көлемдегі ақпарат қажет. Бірақ та, жаңа жабдықтардың өзіндік құнын үлкейтілген нормативтер арқылы есептеуге болады. Ол үшін машиналар мен жабдықтарды құрастырып шығаратын кәсіпорындардан ақпараттарды жинау және талдау қажет.

Құрылысты жобалау және зерттеу ұйымдарында жаңа жабдық түрлерін шығару үшін өзіндік құнды үлкейтілген нормативтер бойынша есептеу әдісі жиі қолданылады. Нормативтік шығындарға бірлік факторға әсер ететін шығындарды сипаттайтын көрсеткішті жатқызады. Үлкейтілген нормативке бірнеше шығындардың қосындысын жатқызады.

Әр түрлі өндіріс саласынада өзіндік құнды үлкейтілген нломативтер арқылы есептеу әдісі қолданылады.

Бір жабдықты құрастырып шығаруының өзіндік құны:

, (1. 7)

Мұнда, негізгі материалдарға жұмсалатын шығын;

жинақтаушы өнімдерге жұмсалатын шығын;

жұмыскерлерге төленетін еңбек ақы;

өндірістегі жанама шығындар.

Материалдарға жұмсалатын шығынды формула бойынша есетеуге болады:

, (1. 8)

Мұнда, 1 тонна өнімге жұмсалатын материалдық шығындар.

өнімнің массасы, тонна.

Материалды шығындар - бұл нормативті материалдық шығындар. Олардың техникалық ұқсас жабдықтарды шығаруға кететін шығындарды талдау арқылы есептейді.

Жинақтаушы өнімдерге жұмсалатын шығынды формула бойынша есетеуге болады:

, (1. 9)

Мұнда, жинақтаушы өнімдерге жұмсалатын шығын.

жинақатушы өнімнің саны.

1. 6. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы нарықтық амал

Нарықтық амал қайталама нарығы дамыған машиналар мен жабдықтар үшін пайдаланылады. Бұл әдістің негізі, машиналар мен жабдықтардың қазіргі жағдайындағы нарықтық құнын анықтау болып табылады. Негізгі қолданатын қағидаты - салыстыру болып табылады. Ол үшін қайталама нарығындағы ұқсас аналогтар таңдалып алынады. Салыстыру элементтеріне мыналар жатады:

1. Объектінің жұмыс істеу уақыты;

2. Техникалық жағдайы;

3. Орналасу жері;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина мен жабдықтарды бағалау
Мүліктік кешеннің құны
Кәсіпорын маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру
НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Машиналар мен жабдықтардың тозуы
Негізгі құралдардың шығысының есебі
Негізгі құралдар аудитінің жүргізілуі
Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау
Кәсіпорынның өндірістік қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
Кәсіпорынның банкроттылығының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz