Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері


Жоспар
Кіріспе
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
1. Кедендік қылмыстардың түсінігі
2. Кедендік қылмыстардың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ КЕДЕНДІК ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЕСКЕРТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1. Кедендік қылмыстардың түсінігі
Қылмыстық құқықта экономикалық қылмыстар үшін жауаптылықтың белгіленуі Қазақстан Республикасы экономикасының қайта қалыптасуымен тығыз байланысты екендігі даусыз. Экономикалық қылмыстар ішіндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты жаңа қылмыс құрамдарының пайда болуы, кедендік және салықтық қылмыстардың жаңа сипатталуы соның дәлелі.
Біздің елімізде жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейін кедендік қылмыстар мүлдем қаралмады деп айтуға болады. Оның куәсі бұрын күші болған қылмыстық заңда кедендік қылмыстардың санатына жататын бір ғана норма орын алды (1960 жылғы ҚССР ҚК 78-бабы) . Кейіннен Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1995 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығымен кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын реттейтін норма енгізілді, онда да аталған қылмыс құрамы салықтық қылмыстармен біріктіріліп қарастырылды. Алайда, аталған норманың мазмұнының дәлме-дәл анықталмауы, сыртқы экономикалық қызмет саласында осы кедендік қылмыстармен күрес жүргізуде тиімсіз болды.
Мемлекетіміздегі кеден органдарының қызметінің қайта ұйымдастырылуы, рөлінің өсуі, олардың құқықтық негізі шеңберінің кеңеюі, Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында біртектес құқықтық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайтын жаңа қылмыстық құқықтық нормалардың пайда болуына әкелді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың, еркін кәсіпкершіліктің дамуына және қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі зерттелуі тиіс.
Соңғы жылдары кедендікте қылмыстардың ұғым шеңбері, ерекшеліктері туралы Н. М. Әбдіров, М. М. Әлиев, М. С. Нәрікбаев, Б. С. Сәрсеков, М. Ш. Қоғамов, Р. Н. Юрченко сынды Қазақстандық ғалымдар өз еңбектерінде жазуда.
Алайда аталған қылмыстардың шеңбері осы уақытқа дейін даулы болып отыр. Дегенмен, осы мәселелермен айналысып отырған ғалымдардың ішінде аталған қылмыс құрамдарын кедендік қылмыстар ретінде бір топқа біріктіріп қарастырмайтындарда бар. Мәселен, Н. А. Лопашенко бұл қылмыстық қол сұғушылықтардың обьектілерін негізге ала отырып, үш топқа бөліп қарастырады:
- экономикалық қызметті заңсыз негізде жүргізу принципін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар;
- экономикалық қызмет субьектілерінің әділетті қызмет етуі принципіне қол сұғатын қылмыстар (бұл қылмыстар қатарына кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын жатқызады) ;
- экономикалық қызметтің криминалдық нысандарына тиым салу принципіне қол сұғатын қылмыстар (бұл қылмыстар қатарына, экономикалық контрабанда, айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасын жатқызады) .
Ал, кеден ісі саласында жасалатын қылмыстарды бірінші топқа, яғни экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында жасалатын қылмыстық қол сұғушылықтар қатарына жатқызады. Аталған қылмыс құрамдары экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында жасалғанымен, экономикалық қызметтің барлық жекелеген салалары мемлекетпенреттеледі. Оның кез келген саласын мемлекеттік реттеу мен қорғаудың бір нысаны ретінде бұл салаларда жасалуы мүмкін құқықбұзушылықтарға заңды жауаптылықтың белгіленуін айтуға болады, яғни экономикалық қызметтің жекелеген салалары жалпы мемлекеттік реттеу саласымен қамтылады. Сол секілді кеден ісі саласы да қаржылық-фискальді қызметті атқара отырып, экономикалық қызметтің жекелеген дербес саласын құрайды. Сөйтіп, ол экономикалық қызметте мемлекеттік реттеу саласы болып, міндетті кедендік төлемдер мен алымдарын, кеден бақылауын, Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан әкелу, әкету, алып өту ережелерін және реттеудің тарифтік және бейтарифтік шараларын белгілей отырып, мемлекеттің сыртқыэкономикалық қызметінің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп отыр. Бұл жерде кедендік қылмыстарды В. Е. Мельникова ұсынған экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың екі тобына да жатқызуға болады [13, 6] .
Ал Т. А. Диканова мен В. Е. Осиповтың айтуынша, кеден саласындағы қылмыстарға тек қана экономикалық қылмыстардың түсінігі тұрғысынан ғана қарап қоймай, сонымен бірге басқа жағынан да қарауымыз керек. Мәселен, қару-жарақтың контрабандасына келетін болсақ, ол экономикамен емес, керісінше саясатпен байланысты. Біз осы айтылған пікірлерді қолдай отырып, кедендік қылмыстарға тек қана сыртқы экономикалық қызмет саласында жасалатын қылмыстарды ғана жатқызып қана қоймай, сонымен бірге осы кеден саласында жасалатын басқа да қылмыстарды жатқызған дұрыс деп ойлаймыз [4, 12] .
Бүгінгі күні кедендік қылмыстар қылмыстық құқық ғылымының өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Аталмыш құқық бұзушылықтарды қылмыстық заңға енгізіп, қылмыстық жауаптылықтың белгіленуі төменде аталған факторлармен тығыз байланысты:
- кеден органдары қызметінің дербес сала ретінде қалыптасуы;
- аталған қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың кеңінен таралуы және олардың өсу тенденциясының байқалуы;
- аталған қылмыс құрамдары келтіретін зардаптың аса үлкен мөлшерде болуы;
- басқа да құқық салаларының кеден ісі саласын жеткілікті дәрежеде қорғамауы салдарынан қылмыстық құқықтық қорғаудың тиімділігі.
Қылмыстық құқықтың кеден ісі саласын қорғау функциясы қылмыстық құқықтық тыйымдардың белгіленуі және аталған саладағы қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғылмаушылықтың белгіленуі арқылы көрініс табады.
Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде кеден қызметі аса маңызды орынға ие, ол аталған саладағы негізгі құқық қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымы, яғни, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатыса отырып және фискальді қызмет атқара отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, кеден ісі аясында орын алатын қылмыстар сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір тобын құрай отырып, кеден органдарының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады.
Өкінішке орай, сот тәжірибесінде кедендік қылмыстарға қатысты заңсыз және негізсіз үкімдер шығарылу фактілері жиі кездеседі. Себебі, кейбір жағдайларда қылмыстық іс материалдары соттармен үстірт зерттеледі, дәлелдемелерді бағалау барысында қателер жіберіледі немесе материалдық және процессуалдық заңнамаларды дұрыс емес қолдану жиі орын алып отыр.
Бүгінгі күні Қазақстанның кеден және басқа да құқық орғау органдары үшін өзекті мәселе кеден саласында жасалатын қылмыстармен күрес болып отыр. Жоғарыда айтылып кеткендей, кеден саласында жасалатын қылмыстардың қарқын алып дамып, өрістеп бара жатуы еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Сондықтан да, осы кеден қылмыстарымен еліміздегі күрестің тиімділігін арттыру, осы бағытта кешенді ғылыми жан-жақты зерттеу жүргізуді қажет етеді.
2. 2. Кедендік қылмыстардың түрлері
Кедендік қылмыстарды сараптағанда, көптеген зерттеушілер Қылмыстық кодекс бойынша қылмыс түрлерін ажыратып отыр. А. А. Смағұловтың пікірінше, негізінен, кеден ісі саласында жасалатын қылмыстар түрлеріне мына қылмыс құрамдарын жатқызады:
- адамдарды пайдалану үшін, сондай-ақ әкету және олардың транзиті (128-бап) ;
- экономикалық контрабанда (209-бап) ;
- шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап) ;
- кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап) ;
- жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап) ;
- айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап) . Бұл жерде кедендік қылмыстар түрлерін кеден органдары анықтама жүргізетін кедендік қылмыстардан ажыратып алуымыз керек [14, 19] .
Ал, кеден органдарының анықтау құзіретіне жататын кеден ісі саласында жасалатын қылмыстарға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 285-бабының, 4-ші және 9-шы тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының бірінші бөлігінде, 214-бабының бірінші бөлігінде және 250-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды кеден органдары немесе басқа құқық қорғау органдары жүргізеді.
Кедендік қылмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 7-тарауында (Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар) және 9-тарауында (Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар) көрсетілген [7] .
Экономикалық контрабанда
Дүние жүзінде контрабанда ұғымына мемлекеттің шекарасы арқылы заңды айналымнан алынған тауарларды немесе заңды айналымнан алынбаған тауарларды жасырын өткізуді жатқызған. Ал біздің елдің қылмыстық заңында тауарларды контрабандалық жолмен өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік екі нормамен қаралып отыр. Яғни, қылмыстық жауапкершілік экономикалық контрабандасы үшін және айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы үшін қарастырылған.
Қылмыстық заңда экономикалық контрабанда деп Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге заттарды Қылмыстық кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізуді айтамыз.
Контрабанданың негізгі тікелей объектісі - мемлекеттің қаржылық қызметі. Қосымша объектісі - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өту ережесі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органның қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдік бастауы, Қазақстан халқының тарихи және мәдени мұралары жатады. Қылмыстың заттары - тауарлар мен басқадай заттар.
Ал енді аталмыш қылмыстың объективтік жағы - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабының ескертуіне, егер тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотың Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысына сәйкес, контрабанда жасаудың бірінші тәсіліне - контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік ресімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа орындарды айналып өтіп немесе ресімдеу жүргізетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе айналып өтеді [8, 2] .
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі - тауарларды немесе өзге құндылықтар мен заттарды жасыру, оларды құпия жерлерге тығу немесе табуды қиындататын басқа да әдістерді қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Контрабанданың үшінші тәсілінде кеден органдарына, сондай-ақ шекара бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды мөрлер, мөртабандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай құралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады.
Бұл тәсіл - контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі, себебі өз құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі құнды шикізат пен материалдарды, қуат көздерін (мұнай, бензин, мазут т. б. ) көптеп алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан мемлекет ондаған, жүздеген мың доллар көлемінде зиян шегеді.
Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып кетуге тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құндылықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.
Экономикалық контрабанда қылмысы өзінің құрылымы жағынан формальдік құрамға жатады. Қылмыстың субъективтік жағы - адамның өзі жасаған қылмыстық іс әрекетіне деген психикалық қатынасын сипаттайды. Қылмыстық құқы теориясы және қылмыстық заң қылмыс жасаған адамның кінәсі бар болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін деген қағидаға негізделеді. Ал кінә - кез келген қылмыстың субъективтік жағынан негізгі және міндетті белгісі. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы субъективтік кінәлау позициясында тұр, яғни қасақана немесе абайсызда жасаған қылмыстық іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылық тағайындалады.
Экономикалық контрабанда қасақаналық, соның ішінде тек қана тікелей оймен немесе ниетпен жасалады. Яғни кінәлі, кеден заңдарын бұзып отырып тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекрар арқылы ірі мөлшерде өткізіп отырғанын және 209-баптың диспозициясында көрсетілген тәсілмен контрабанданы жасап жатқанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қалайды.
Аталмыш қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған Қазақстанның азаматтары, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады. Кейбір ғалымдардың айтуынша көп жағдайларда 20-60 жас аралығындағы ер адамдар, ал контрабанданың басым бөлігі ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалады.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару
Сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстанның ішкі нарығын мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдарының бірі кедендік шекарадан өтетін тауарлардан алымдар алу ережесін қалыптастыру тәртібі болып табылады. Ал кеден төлемдері мен алымдарын төлеу тәртібін және механизмін бұзу еліміздің мемлекеттік ақшалық қорды құрау саласындағы еліміздің экономикасына елеулі шығын келтіреді. Бұның қоғамдық қауіптілігі кінәлілердің негізсіз баюына, нарықтық сайыстың ережесінің әлсіреуіне, бюджетке келіп түсетін төлемдердің азаюына байланысты мемлекеттік мүдделерінің бұзылуына әкеледі.
Кеден төлемдерін және басқа да алымдарды төлеуден жалтару қылмысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабында қарастырылған. Мұнда ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдары немесе басқа да төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Мәселен, Қылмыстық кодекске берілген түсінікке сүйенсек, аталмыш қылмыстың объектісі деп еліміздің сыртқы және ішкі саясаттарының бөлігін құрайтын, кедендік саясатты реттейтін мемлекеттің қаржы қызметі облысында пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды көрсеткен. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, көрсетілген қылмыстың объектісі ретінде мемлекеттің қаржы қызметі саласында пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастар деп атап кеткен. Ал, профессор А. Н. Ағыбаевтің, көзқарасынша, аталмыш қылмыстың объектісі мемлекеттік кеденді реттеу саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар деген. Біз соңғы айтылған көзқарасты бөлісе отырып, бұл қылмыстың тікелей объектісі ретінде мемлекеттік бюджеттің құрау бөлігіне қатысты қаржы мен кедендік-тарифтік реттеу саласындағы қалыптасқан қоғамдық қатынастарды қарауды ұсынамыз.
Ал, аталмыш қылмыстың затына келетін болсақ, ол кеден кеден төлемдері мен алымдары. Демек, Қазақстан Республикасындағы Кеден кодексінің 290-бабына сәйкес, кеден төлемдеріне - кеден бажы, кеден ақы, арнайы кеден бажы, антидемпингтік бажы және басқалар, ал кеден алымына - лицензиялар бергені үшін алым, маманның кедендік ресімдеу жөніндегі біліктілік аттестатын бергені үшін алым, кедендік ресімдеу үшін кедендік алым, тауарларды сақтау үшін кедендік алым және тағы басқа алымдар жатады.
Объективтік жағынан қылмыс әрекетсіздік арқылы - кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден нақты бір уақыттың ішінде жалтару арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай, кінәлі адамның кеден төлемдері мен алымдарын төлеуге міндетті болғанын және оны жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болғанын анықтау қажет.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Яғни кінәлі адам ірі мөлшердегі кеден алымдары мен төлемдерін төлеуден жалтарғанын біле отыра, соны тілеп әрекет жасайды. Қылмыстың ниеті пайдакүнемдік.
Қылмыс субъектісі - кеден төлемдері мен алымдарын төлеуге міндетті кез келген 16-жасқа толған, есі дұрыс адам. Бұл қылмыстың субъектілер қатарына, Кедендік кодекске сәйкес декларант, брокер, кедендік ресімдеу бойынша мамандар, заттарды уақытша немесе көп уақытқа сақтайтын кедендік қоймалардың иелері, бажсыз сауда дүкендердің немесе заңды тұлғалардың басшылары жатуы мүмкін.
Егер тұлға, кеден төлемдері төленбеген тауарлар мен көлік құралдарын, алдын ала біле тұра, өз меншігіне аударса, онда осы қылмысқа қатысушы ретінде жауапқа тартылады.
Бүгінгі күні кеден төлемдері мен алымдарын жалтарудың ауырлататын түрлері ретінде төмендегідей саралау белгілерін қараған: бірнеше рет; лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеті; ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық ұйыммен жасалған әрекеттер. Дегенмен, біздің көзқарасымызша, аталған қылмыста тап осы саралау белгілерді көрсетіп қойғаны, осы қылмыспен соттық-тергеу практикасында күрестің тиімділігін арттыруда әлі жеткіліксіз. Сондықтан біз бұл бапқа төмендегідей саралау белгілерін кіргізуді ұсынамыз, ол адамдар тобының алдын ала сөз байласыу бойынша және аса ірі мөлшерде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылықтар.
Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей, «Қазақстан есірткі тоқтатусыз тасымалданатын белдеуде жатыр. Орналасқан жеріне байланысты Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Бұл мәселенің географиялық, экономикалық тұрғыдан қарағандағы өлшемдерінің иаңыздылығын ескерумен қатар, есірткіге салынушылық пен есірткі бизнесімен күресті қазақстандықтардың өздерінің қолдануынсыз жүргізуге болмайтынын да түсінуге тиіспіз».
Есірткінің мемлекеттегі заңсыз айналымы мәселесі жалпы ұлттық сипат алып отыр, өйткені халықтың барлық жігі, соның ішінде балалар да бұл қатерлі құбылыстың аясына тартылған. Есірткі саудасы дүние жүзі бойынша, қағаз бетінде айқын көрінбесе де, басқа сауда түрлеріне қарағанда алда келеді. Сауданы қыздыратындар осы есірткі заттарды тасымалдайтындар деп айтсақ қателеспеген болар едік. Есірткі саудасының аумағы күннен-күнге кеңейіп бара жатыр. Бұлардың қарамағына хал-ахуалдары, жай-күйлері әлсіз адамдар да ілігіп жатыр. Олардың ішінде әйелдер де аз емес, әсіресе балалы аналар.
Өкінішке орай, бүгінгі күні Республикамыз есірткі тасымалдаудың көпірі болып отырғаны да ешкімге жасырын емес. Бұрын құқық қорғау органдары қылмыскерден қаншама килограмм есірткі табатын болса, қазір тонналап есірткі заттарын кеден шекараларында және басқа да елді мекендерде де тәркілеп жатқаны белгілі. Бұл өте үлкен көлемдегі есірткінің мемлекетімізде табылып отырғаны, Қазақстан аумағын транзиттік дәліз ретінде пайдаланудың жалғасуымен, соның салдарынан есірткінің анағұрлым қауіпті түрлерінің (героиннің, апиынның және синтетикалық есірткілердің) контрабандасы мен транзитінің ұлғаюынан көруге болады. Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ дәрілерді, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттік кеден шекарасы арқылы өткізу - айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген (есірткі) заттардың контрабандасы болып табылады.
Қылмыстың объектісі - айналыстан алынған заттардың айналысы аясандағы қоғамдық қауіпсіздік.
Есірткі заттары, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақ, әскери техника, жару құрылғылары, атыс қаруы мен оқ дәрілер, жаппай қырып жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа түрлері, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтар қарастырылуы қылмыстың заты болып табылады.
Қарастырылушы қылмыстың объективті жағы айналыстан алынған заттардан немесе айналысы шектелген заттарды кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын, құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана
Контрабанда жасаудың алғашқы жолы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдеде қабылданған «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысына сәйкес, контрабандалық заттарды кеден бекеттерінен, өткізу нүктелерінен және кедендік дайындауды жүргізу үшін ҚР кеден органдары мен заң арқылы белгіленген өзге жерлерден тыс немесе кеден жұмысы үшін белгіленген уақыттан тыс мерзімде жөнелтуден немесе алып өтуден тұрады.
Контрабанданың екінші жолы заттарды алып өту кезінде құпия орындарды немесе іздеп-табуды қиындата түсетін басқа тәсілдерді пайдаланудан немесе бір затты екінші заттың түріне келтіруден тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz