Бағалы қағаздарға байланысты қылмыстылықтың негізгі себептері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Заң ғылымдарының кандидаты Бижанова А. Р

Бағалы қағаздарға байланысты қылмыстылықтың негізгі себептері

Тарих куә болғандай, қылмыстың себебін білу - әртүрлі мемлекеттердегі қылмыстық статистикалық есеп беру түріндегі материалдың жиналғанынан кейін мүмкін болады. Бірақ бұрынғы кездегі жалпы сенім бойынша қылмыстың басты себебі қылмыскердің ызалы еркінде жатыр. Мысалы, Платон, Плутарх, Аристотельдер қылмыстың адам еркінен тыс себептері туралы өз ойларын айтқан. XVI ғасырдың бас кезінде жазушы Томас Мор өзінің «Утопия» деген саяси романында байлар мен кедейлер арасында болатын қылмыстың басты себептерін көрсеткен. Оның ойынша, байлар тобы жойылмайынша, қылмыс жойылмайды. Мордың кейінгі ізбасарлары, мысалы, Кампанелла, Монтескье, Руссо, Сен-Симон жердегі барлық бақытсыздықтың себептерін, соның ішінде қылмыстың да себебін көрген. Алайда аталған барлық ұлы тұлғалар қоғамдық орта мен қылмыс арасындағы байланысты терең айтса да, өздерінің көзқарастарын дәлелдейтін нақты дәлелдер келтірмеген.

Криминология ғылымына Энрико Ферридің ұсыныстары да белгілі. Оның айтуынша, қылмыстың себептері келесі үш топқа бөлінеді:

- жеке немесе антропологиялық, қылмыскердің өз бойында жататын қасиеттері (жынысы, жасы, мұрагерлігі, психикалық және соматикалық ерекшеліктері) ;

- физикалық - табиғаттың әсері (климат, температура, жер құрылысы және т. б. факторлар) ;

- әлеуметтік - қоғамдық жағдайдың әсері (байлық, жарлылық, тұрғын жайы, білімі, қоғамның саяси құрамы т. б. ) .

Қылмыстылықтың себептеріне көптеген концепциялар мен ғылыми зерттеулер арналған. Олардың шығуы, бірінші кезекте, дүниетанудың идеологиялық және ғылыми түрлерімен психология, психиатрия, биология, антропология, теология, астрология т. б. ғылыми бағыт салаларымен түсіндіріледі. Қылмыстылықтың себептері әлеуметтік әдебиеттерде екі бағытта түсіндіріледі: әлеуметтік және биологиялық жағынан.

Қылмыстылықтың себептері ұғымына қатысты түрлі көзқарастар да бар. Бір ғалымдар қылмысқа әсер ететін құбылыстарды себеп пен қылмысқа жол беретін жағдайларға айыру жөніндегі «фактор теориясын» жоққа шығарады. Бір жағынан фактор - бұл қандай да бір процестің сипаты мен белгілерін анықтайтын, оның қозғаушы күші, себебі болып табылады. Екіншіден, фактор -құбылыстың өзгеріп, дамуы кезінде басшылыққа алатын белгілердің жиынтығы, себептердің тобы. «Фактор» - «себеп», «шарттар», «жол беретін жағдай», «мән-жайларды» алмастырады [1, 18 б. ] . С. И. Курганов қылмыстардың себебі мен жол беретін жағдайларын, қылмыстылықтың шарттарына ортақ «мән жайлар» деген атау беруді ұсынған.

Н. Ф. Кузнецова қылмыстылықтың себептері мен шарттарын «криминогенді детерминант» ұғымына жатқызады [2, 48 б. ] .

Кейбір ғылыми еңбектерде «қылмыстардың себептері» мен «қылмысқа жол беретін жағдайлар, шарттар» ұғымдарының арақатынасы зерттеледі. Е. І. Қайыржанов, қылмысқа себеп пен жол беретін жағдай ұғымдары арасында салыстармалы ерекшеліктер бар екенін айта келе, себеп генетикалық сипатқа ие болғандықтан нәтиже тудырады, оған итермелейді, ал жол беретін жағдай - нәтиженің болуына ықпал жасайды, мүмкіндік береді, деп есептейді [3, 26 б. ] .

Қылмыстылық себептері мәселесін дұрыс, нақты шешудің жолы оны ғылыми топтау болып табылады. Криминологияда қылмыстылық себептері, кеңес дәуірінде логикалық жүйеге келтірілді. Қылмыстылықтың себептері қамтылу деңгейіне, әлеуметтік құбылыстардың мазмұны мен сипатына, мақсатына, әлеуметтік факторлардың қылмыстылыққа әсер ету механизміне, қоғамдағы әлеуметтік формациялардың ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Профессор Е. І. Қайыржанов қылмыстардың себептерін екі топқа бөледі: макродәрежедегі мән-жайлар (әлеуметтік-экономикалық формацияның, идеологиялық, әлеуметтік құндылықтардың және т. б. өзгеруімен), екіншісі - нақты қоғамға қауіпті әрекеттердің жасалуына әсер ететін микродәрежедегі мән-жайлар.

Детерминация - «детерминант» «детерминдеу» сөздерінен туындаған ұғым. Латынның determinare сөзі «анықтау» дегенді білдіреді. «Детерминация» - белгілеу, анықтау процесі. Бұл жерде әзірге өзара байланыстың әр қилы түрлері бөлініп алынбайды. Детерминанттар немесе «мән-жайлар», «факторлар» туралы себептер мен жағдайлар үшін біріктіруші терминдер ретінде айтады.

Детерминация процесі байланыстардың әр түрлі нысандарының күрделі өзара әрекеттесуі болып табылады: ол күйдің және өзгелердің тек себептік қана емес, сонымен қатар функционалдық, статистикалық байланыстары. Олардың саны отыздан асады.

Қылмыстылықтың қандай да бір басқа құбылыспен немесе процеспен өзара байланыстық фактісін айқындауды жеткілікті деп санауға болмайды. Одан кейін өзара байланыстың сипатын анықтап тұру керек.

Себептілік - әмбебап өзара әрекеттестік нысандарының бірі ретінде, детерминацияның генетикалық байланысын ғана білдіретін түрі.

Орыс тілінде «келтіру (причинять) » сөзі бірдемені «өндіру» мағынасында қолданылды. «Себептілік» - бұл заттар мен құбылыстар байланыстарының бір түрі, бұл - өндіруші, немесе басқаша айтқанда «генетикалық» байланыс, яғни қандай да бір құбылыстың, процестің туындау фактісін анықтаушы байланыс. Себептілік туралы айтқанда «себеп және салдар», «себептік-салдарлық байланыстар», «себептік тізбектер», «себептік кешендер» және басқа да санаттар пайдаланылады.

Себептік байланыстың айрықша ерекшелігі мынада: біріншіден, себеп әрекетке апарады, одан салдар туындайды. Себептен әрекет туындауы үшін қандай да бір жағдайлар болуы тиіс, бірақ бұл жағдайлар өздігінен салдар әкелмейді.

Қылмысты көзімен көргендердің енжарлығы - қылмыс нәтижесінің ойдағыдай болуының жағдайы, бірақ қылмыстың себебі емес.

Себептің әрекет ету аймағы, ол, бәрінен бұрын, сылтаурату және шешім қабылдау кезеңдері. Нақты тәсілді таңдау (қорқытып талап ету немесе алаяқтық), қылмыстық қастандық жасаудың нақты объектісін таңдау және іс-әрекеттің өзге де бірқатар сипаттамалары едәуір шамада жағдайлармен анықталады (әр түрлі объектілердің күзетілу жағдайы, криминалдық дағдының бар-жоғы және т. б. ) .

Екіншіден, себептер мен салдарда уақыт бойынша кезектілік бар. Себеп бойынша уақыт әрқашанда салдардан ерте келеді, бірақ ол уақыт аралығы кейде аз болуы мүмкін. Сондықтан да қылмыстылықтың әлеуметтік салдарын оның себебі мен оның өзгеруінің себебі деп қабылдау дұрыс емес.

Үшіншіден, салдар сол себептің себебі бола алмайды. Мысалы, қылмыстылықтың жаңа күйі қоғамның жаңа күйін тудырады, ал қоғамның мұндай жаңа күйі өз кезегінде, бұранғы қылмыстылықты емес, жаңа сипаттамасы бар басқа қылмыстылықты тудырады.

Төртіншіден, себеп пен салдардың бір мағыналы қатынасы бар: бірдей себептің бірдей жағдайдағы әрекеті бірдей салдар әкеледі.

Бесіншіден, себепті салдармен біріктіруге болмайды. Салдар себепті қайталамайды. Ол - объектінің қайта құрылуының, өзгеруінің нәтижесі. Егер, мысалы, мекемеде іс-қағаздарын жүргізу нашар болса, кадрлар бетімен кетсе және олардың біліктілігі төмен болса, онда бұл мекемеде парақорлық жаппай сипат алғанға дейінгі жағдай осындай болған деп санау керек. Жағдайдың нашарлауына парақорлар өз үлесін қосқан, олар жоғары білікті және тәртіпті қызметкерлерді жұмысқа алмаған немесе ұстап қалмаған.

Қылмыстылық себептері мен шарттары әр алуан және олар әр түрлі деңгейде болады. Осыған байланысты оларды ғылыми және практикалық тұрғыдан танып білу үшін тиісті бір дәрежеде жіктеу қажет. Ол былайша жүзеге асады: а) әрекет ету деңгейі бойынша (субординация), б) мазмұны бойынша, в) табиғаты және басқа да өлшемдері бойынша.

Әрекет ету деңгейі (субординация) бойынша себептер мен шарттар былайша ажыратылады: а) тұтастай қылмыс бойынша (кейде жалпы себеп деп айтылатын), б) қылмыстың түрлері бойынша (санаты, тобы), в) жекелеген қылмыстар бойынша.

Өзінің мазмұны жағынан криминогенді детерминанттар әлеуметтік-экономикалық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, тәрбиелік, құқықтық, ұйымдық-басқарушылық болып бөлінеді.

«Себеп - салдардың» өзара әрекеті - құбылыстық және қажет ортаны туғызатын жағдайдың жиынтығына байланысты, оның дамуын қамтамасыз етеді. Орынның себебі мен жағдайы әртүрлі: себеп салдарды туғызады, жағдай - бұған болысады, алайда олардың арасындағы ерекшелік бір қалыпты, себебі бірдей әлеуметтік құбылыстар туындаған жағдайға байланыс та бірдей көрінуі мүмкін. Осылайша, әлеуметтік құбылыстар мен процестер орындарымен ауыса береді. Осыған байланысты кейде әлеуметтік құбылыстар мен процестердің қайсысы олардың тек себебі екенін немесе тек жағдйы ғана екенін айқындау қиын. Олар әртүрлі нақты жағдайларға байланысты функциялардың өзгеруімен түсіндіріледі.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс жасаудың келеңсіз жағдайлары әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық - шаруашылық, әлеуметтік - психологиялық және құқықтық болып бөлінеді. Криминологияда қылмыстың себептерін класификациялау жүйесі де белгіленген: мазмұнына қарай (экономикалық, психологиялық, идеологиялық) ; көлеміне қарай (толық және арнайы) ; әсер ету механизміне қарай (себептері мен жағдайлары) ; генезисіне қарай (объективті, субъективті, объективті - субъективті) ; тереңдігі бойынша (тұрақты, тұрақсыз) .

Қазақстандық ғалымдар қылмыстың туу жағдайлары мен себептерін классификациялау дың келесі түрлерін ұсынады:

- қылмыстық себептердің мөлшері бойынша (бір факторлы және көп факторлы) ;

- қылмыстық кәсіптің түрлері және сипаты бойынша (заттық, әскери, мұрагерлік, антимемлекеттік және т. б. себептер) ;

- солардың сипаты бойынша (ауылшаруашылық аумағында, саудада, құрылыста, қоғамдық орындарда, т. б. ) ;

- қылмысты жасаушы тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты (сотталушының қылмыстық ортасында, рецидивистер ортасында, жасөспірімдер ортасында, т. б. )

- күш түрлері бойынша (байқаусыз қылмыстың себептері мен жағдайлары, әдейі жасалған қылмыстың себептері мен жағдайлары) .

Жоғарыда айтылған жалпы теориялық түсінік бойынша бағалы қағаздар аясында мынадай негізгі себептер болады:

Экономикалық себептер:

- экономикалық қатынасты жөнге салушылық;

- нарықтық иниституттағы мемлекеттік диктаттың бар болуы;

- мемлекеттік меншіктің жеделдетілген және латентті денационализациясы;

- экономикадағы структуралық диспропорция;

- бюджеттік салада дамыған монополизм;

- экономикалық қызметтің тез ағымдық либерализациясы;

- қоғамға қарама - қарсы «серіктестік»;

- мемлекеттік бақылаудың тиімсіздігі.

Әлеуметтік себептер:

- тұрмыстық жағдайдың төмендеуі және халықтың айтарлықтай әлеуметтік дифференциясы;

- халықтың айтарлықтай бөлігіндегі еңбек мотивациясының күрт төмендеуі;

- заңды кірістердің шынайы тұрғылықты минимумға сәйкес еместігі;

- жұмыссыздықтың жоғары деңгейде сақталуы;

- үкіметтің мемлекеттік институттары мен атқамінерлік бөліктің қарама - қайшылығы;

- азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттерді орындамау әсерінен халықтың заңды тыңдаушылық деңгейінің төмендеуі;

- экономика саласында криминалдық ортаның өсуі;

- ақшалай қаржыны заңсыз қолдануға жағдай туғызу;

- заттарды және заттық құқықтарды легализациялау.

Моральді - психологиялық себептер:

- бизнесті жүргізуде адал және қалыпты этиканың болмауы;

- тұлғаның тұтынушылық сезімдері, физикалық мотивтер, пайда табуда көптеген қызығушылықтардың бар болуы;

- ертеңгі күнге сенімсіздік;

- жағдайдың сенімсіздігінен уайымдау және әлеуметтік статустық, материалдық және қызметтік жағдайлардың әлсізденуі;

- әлеуметтік депрессия (дағдарыс), писсимизм мен бейжайлық, өмір сүру мәнін жоғалту;

- дүниеге деген көзқарастың өзгеруі;

- жоғары әлеуметтік статус пен материалдық жағдайға оңай қол жеткізуге болады деген қалыптасқан ой;

- жұмыста, отбасында, оқу орындарында дүниеқорлық мінездің қалыптасуы;

- криминалдық субмәдениет элементтерінің тұтынушылармен кең көлемде әрекеттесуі;

- экономикалық және қаржылай секторлардағы жұмыс тәртібінің сақталмауы.

Қылмыстық іс-құжаттар мен статистикалық материалдарды талдап, сұрақ-жауап алып, ғылыми еңбектермен таныса отырып, ұйымдастыру шараларына байланысты бағалы қағаздар нарығы саласындағы қылмыстың негізгі себептеріне мыналарды жатқызамыз:

- өндірістің дамуына қарағанда тауар мен көрсетілетін қызмет құнының өсуі;

- делдалдықтың және банктік капиталдың алға шығуымен экономикада инфляциялық процестің дамуы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу
Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
Кәсіпкерлік пен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды саралау мәселелері
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz