Нарықтық экономикадағы бағаның ролi мен маңызы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Нарықтық экономикадағы бағаның ролi мен маңызы.

1. 1. Баға жүйесi және оның құрылымы.

Нарық жағдайында баға тауар қозғалысының әдiстерiне байланысты белгiленедi.

Массалық тауар қозғалысының үш белгiлi кезеңдерi бар:

  • кәсiпорын - көтерме сауда
  • көтерме сауда - бөлшек сауда
  • бөлшек сауда - тұтынушы

Осы кезеңдерге сәйкес тауар қозғалысы бағаның үш негiзгi түрлерiн айқындайды:

  1. Кәсiпорынның көтерме сауда бағасы
  2. Өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы
  3. Бөлшек сауда бағасы

Кәсiпорынның көтерме сауда бағасы дегенiмiз - бұл кәсiпорыннан шыққан тауар бағасы, ол тауардың өзiндiк құнынан және кәсiпорынның пайдасынан құралады.

Өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы дегенiмiз - бұл баға кәсiпорынның көтерме сауда бағасынан және өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiктерiнен құралады.

Өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiктерi дегенiмiз - жабдықтау және өтiмдiлiк қызметерiне байланысты бағалар.

Барлық бағалар сияқты өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiктерi жабдықтау өтiмдiлiк ұйымдарының шығындарын өтеуi қажет.

Бөлшек сауда бағасы дегенiмiз - бұл баға соңғы тұтынушыға тауарды жеткiзу, яғни баға белгiлеу процесiн аяқтайтын баға. Бұл баға өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасынан сауда жеңiлдiктер көлемiне ерекше болады.

Сауда жеңiлдiгi дегенiмiз - бұл соңғы тұтынушыға тауар жеткiзу қызметтерiнiң бағасы. Сауда жеңiлдiктерi әдетте бөлшек сауданың пайыздарымен байланысты белгiленедi.

Баға белгiлеу- бұл нақты бiр тауарға баға орнату процесi. Көбiнесе баға белгiлеу шешiмiне кәсiпорынға қатысты сыртқы факторлар себеп болады. Кейде бұл себептер белгiленген бағада кәсiпорынның бостандығын шектейдi, басқа жағдайда - баға белгiлеу бостандығына үлкен әсер етпейдi, ал кейбiр жағдайларда бұл себептер бостандықты белгiлi дәрежеге дейiн кеңейтедi. Бiрiншi баға белгiлеу кезеңiнiң қорытындысы бойынша кәсiпорын өнiмiне баға белгiлеуде ''бостандық шекарасын'' анықтау қажет.

Баға белгiлеу процесiнiң кезеңдерi:

Баға белгiлеу процесiнiң сыртқы факторлары.

Тауарға баға белгiлеу процесiнiң схемасы

ӨзiндiкҚұн100:

Өзiндiк

Құн

100

Пайда20:

Пайда

20

өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiгi: өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiгi
Сауда жеңiлдiгi: Сауда жеңiлдiгi
ӨзiндiкҚұн100: шығын
Пайда20: Табыс
өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiгi: Шығын
Сауда жеңiлдiгi: табыс
ӨзiндiкҚұн100: өтiмдiлiктi жабдықтау ұйымдары
Пайда20: Сауда ұйымдары
ӨзiндiкҚұн100: 10
Пайда20: 5
өтiмдiлiктi жабдықтау жеңiлдiгi: 10
Сауда жеңiлдiгi: 5
ӨзiндiкҚұн100: 15
Пайда20: 15
ӨзiндiкҚұн100:

Кәсiпорынның көтерме сауда бағасы

100+20=120

Пайда20:
ӨзiндiкҚұн100:

өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы

120+15=135

Пайда20:
ӨзiндiкҚұн100: Бөлшек сауда бағасы 135+15=150

Нақтылы тауар мен қызмет көрсету ұсынысына бағаның әсерi

Баға бәсекелестiгi.

Нарықтық экономика жағдайында баға маңызды синтетикалық көрсеткiштердiң бiрi болып табылады, ол кәсiпорынның қаржы жағдайына әсер етедi. Сондықтан өнiмнiң бағасын есептей отырып, кәсiпкерлер оның оптималды, яғни меншiк иесi және нарық көзқарастарымен сәйкес келуiне тырысады.

Кәсiпорын белгiлейтiн өнiм бағасының дәрежесi алдағы уақытқа және бағдарламаға қойылған мақсатқа байланысты белгiленедi. Нарықтық экономика жағдайында көп таралған кәсiпорынның баға стратегиясы келесiлер болады:

  • бiркелкi рентабельдiлiк жағдайында нарықтың тұрақ- тылығын сақтау;
  • нарықтан ''қаймағын алу'' саясаты арқылы жоғары пайда алу;
  • бәсекелестердi ығыстыру;
  • нарық жағдайында тiрi қалуды қамтамасыз ету және банкроттықты тоқтату;
  • нарыққа жаңа өнiмдi енгiзу;
  • сапа көрсеткiштерiне байланысты лидерлiктi жаулап алу.

Баға саясатын таңдау кәсiпорын қызметiне негiзделген. °р баға стратегиясы пайда дұрыс сәйкестiктермен қатар, бұрыс сипаттамасына ие. Сондықтан, оның бiрiн алуы екiншiсiне бұрыс әсер етедi. Қорытындыда, шындық баға шынында кәсiпорын қызметiне аралас баға белгiлеу стратегиясына бейiмделуге келедi.

Әр фирманың өз өнiмiне анық және алғашқы баға белгiленген әдiс болуы керек. Анық белгiленген баға саясатының болмауы бұл аймақта түрлi кәсiпорынның қызметi шешiм қабылдауда белгсiздiкке, шешiмнiң сәйкессiздiгiне алып келуi мүмкiн. Нәтижесiнде нарықтағы кәсiпорынның әдiстерi әлсiреп, кәсiпорын пайданы жоғалтады.

Кәсiпорында баға белгiлеу процесiн келесi негiзгi этаптарда көрсетуге болады:

  • баға белгiлеуде мақсат қою;
  • берген өнiм түрiне сұраныс дәрежесiн анықтау;
  • өндiрiс шығындарын бағалау және өнiм бағасын реттеу дәрежесi;
  • бағаны және өнiм бәсекелесiн талдау;
  • баға белгiлеу саясатын таңдау;
  • өнiмнiң алғаш бағасын есептеу;
  • қосымша факторлардың өнiм бағасына әсер ету есебi;
  • соңғы бағаны орнату;

Баға белгiлеу аймағында кәсiпорын стратегиясын таңдау және бағалау күрделi, үлкен көңiл бөлудi қажет ететiн процесс болып табылады. Таңдау жүргiзе отырып, кәсiпорын осы немесе басқа даму вариантын таңдайды. Сонымен бiрге әр даму бағыттың өзiне сай жақсы және жаман тарапы болады. Мысалы, кәсiпорын стратегияны қабылдауы өнiмдi өндiру арқылы нарық үлесiн көбейту негiзiнде баға бәсекесiне қарсы баға төмендеуiне байланысты, бұл пайданы азайтады. Төлем қабiлеттiлiк үмiтiмен тапсырыс берушiлерге бейiмделу, кәсiпорынға баға дәрежесiн өзгертуге алып келедi. Бөлек жағдайда фирма бiр уақытта өз алдына бiрнеше мақсат қоя алады. Мысалы, өнiм өндiру көлемiн ұлғайту оның сапасын жақсарту және белгiлi пайда дәрежесiн қамтамасыз ету. Қандай жағдайда болмасын кәсiпорынның баға саясаты қатаң фиксирленген проблема болып табылмайды. Нарықтағы өзгерiстерге байланысты ол әрқашан өзгерiстерге ұшырап отырады, сондықтан ол жүйелiк оперативтiк жөндеудi талап етедi.

Баға белгiлеудi стратегиялық эффективтi жүзеге асыру үшiн және тауарларға бағаны анықтау үшiн кәсiпорынның қызмет атқаратын нарығын таңдау қажет. Ол түрлi нарықты игеруге және кәсiпорынның нарықтық сұранысын қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi.

Өтiмдiлiк нарығын анықтауда мыналарды ескеру керек:

  • сыртқы және iшкi нарықта кәсiпорынның қызметiн бiлу. Бұл нарықтар қызмет түрiне және құқықтық реттеу нормасына байланысты ерекшеленедi;
  • нарықтың территориялық геологиясы;
  • қалалық және ауылдық нарықтың ерекшелiгi;
  • ағымдағы нарықтық сұраныс ерекшелiктерi мен инвестициялық нарықтағы сұраныс. Ағымдағы нарықтың сұранысқа соңғы тұтынушыға жеткiзетiн тауарды таратуды жатқызамыз. Инвестициялық сұраныс нарығына - негiзгi қорлар нарығы және материалды айналым қорлары жатады.

Бұл нарықтар қызмет және тауарларға сұраныс құрамымен және түрлi сұраныс тиiмдiлiгiмен ерекшеленедi. Бағаға сұраныс әсерiн анықтап болғаннан кейiн, бұл өнiмдi нарықта көпшiлiгi мойындайды. Өнiм бағасымен сұраныс арасындағы қатынас икемсiз сұраныспен де түсiндiрiледi. Өнiмге баға және сұраныс керi қатынаста болады, яғни баға жоғары болған сайын сұраныс төмен болады және керiсiнше. Сұраныс заңы бойынша фирма өз өнiмiне қоя алатын максималды бағаны анықтайды. Өнiмнiң минималды бағасы жалпы шығындар сомасы бойынша анықталады. Сондықтан да фирма қорытынды жасау кезiнде шығындарды әр түрлi көлемдегi сатылуы бойынша есептеп оптималды шешiмдi таңдайды.

Кәсiпорынның баға стратегиясы оның өмiрлiк циклдiң қай сатысында тұрғандығына тiкелей тәуелдi.

Енгiзу фазасында жаңа тауар бағасы жоғары болады және өрлеу фазасында бiршама төмендейдi, ал өсу және құлдырау фазасында төмендеуiн жалғастырады.

Қазақстан үшiн бағаны мемлекеттiк реттеу маңызды фактор болып табылады. Мемлекет активтi баға саясаты арқылы өндiрушiлер жұмысын табысты етедi, ол таза шаруашылық нарыққа тиiмдi болмайды.

Ол түрлi келiсiм бағалары және мемлекеттiк тапсырыстар мен сатып алулар арқылы жүзеге асырылады.

Тауардың максималды бағасы сұраныс арқылы анықталады, ал минималды бағасы өндiрiстiң шығындары арқылы анықталады. Бiрақ тауар бағасына бәсекелес өнiмнiң сапасы әсер етедi.

Бәсекелестiк жағдайда кәсiпорын өзiнiң тауарын өткiзу барысында тиiмдi бағаны орнатуға тырысады. Өнiмнiң нақты бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады. Маңыздысы, кәсiпорынның тиiмдi бағасы нақты баға деңгейiне ұмтылу қажет.

Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бiр қауым өз тұтынуынан ауысқан өзiнiң қандай да болсын еңбек өнiмiн анда -санда кездейсоқ кездескенде басқа бiр қауымның өнiмiне айырбастайды. Ал өндiрушiлердiң белгiлi- бiр қоғамдық қатынастарын, яғни өнiмдi сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтiн түрi -тауар.

Тауар дегенiмiз - сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнiмi, немесе тауар- еңбек өнiмiнiң айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндiрушiнiң басқа өнiмдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнiмi түрiнде айырбас кезiнде, немесе рынокқа көрiнедi. Егер өнiм өндiрушiнiң өзiнiң тұтынуы үшiн жұмсалса, ондай еңбек өнiмi тауар сипатын алмайды. Мәселен, етiкшi өзi тiккен етiктi өзi пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.

Бiрақ, кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектiң нәтижесi- тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, себебi ол қоғамға керексiз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетiн қанағаттандратын қасиетi тауардың тұтыну құны болады, немесе тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндiрушiнiң өз қажетiн емес, басқа өндiрушiнiң тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетiн өтейдi. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетiн оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана iлесе жүретiн бағалық көрсеткiш айқын көрсетедi. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетiн қанағаттандыру қасиетiнен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетiнен айырбас құны шығады. Әрбiр тауар өзiнiң өндiрушiсiне айырбас құны ретiнде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол -құнның айырбас актiсiндегi сыртқы көрiнiсi.

Айта кететiн жәйт, кез-келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебi адам еңбегi жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тң жер, өзендер мен теңiздер, жабайы жемiстер, т. б. сонда құн деген не? Құн дегенiмiз- тауар өндiргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негiзi- еңбек. Сондықтан, тауарға сiңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бiр жағынан, ал екiншi жағынан еңбек шығындары өздiгiнен өнiмдi құн ете алмайды. Құнды көруге, сезiнуге бола ма? Өнiмнiң құны болуы үшiн белгiлi -бiр қоғамдық жағдай болуы қажет- ол тауар өндiрiсi, немесе өндiрiстiк қатынастар, оның iшiнде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндiрушiлердiң ғана қатынастары. Айырбас кезiнде олардың белгiлi бiр тауарды басқа тауарларға теңестiрулерi кезiнде, яғни айырбас құны арқылы көрiнедi. Тауардың құнын зертханада физикалық, не болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта -нарықта, айырбас кезiнде байқауға болады. Сөйтiп құн деген заттық қоғамның қасиетi.

Құн тарихи категория. Құнның негiзi-адам еңбегi. Құн -еңбектiң нәтижесi, еңбек жемiсi. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал оның еңбек теориясының негiзiн қалаушылар XVII ғасырдағы ағылшын экономисi У. Петти, XVII ғасырда өмiр сүрген шотландық А. Смит, XIX ғасырдағы ағылшын бизнесменi Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлестi XIX ғасырда К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектiң екi жақты сипатын, яғни белгiлi -бiр тұтыну құнын жасайтын нақты еңбектi және құнның сыртқ көрiнiсiн жасайтын абстрактылы еңбектi ашып, оныы жан-жақты талдады. Тауардың екi жағының -тұтыну құны мен құнының -қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз бiрлiк түрiнде көрiнедi. Тауардың iшкi қайшылықтары қандай жағдайда шешiледi деген сұраққа жауап iздейiк. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшiн еңбек ету қоғам дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да адамдар өз күш қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажеттi өнiм шығарып, бiр-бiрiне еңбек еттi. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебi, тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнiмдерi айырбасқа түскен жоқ тауар болу үшiн өнiмнiң басқа бiр өнiмге айырбасталу қасиетi ол өнiмдi сату-сатып алу кезiнде, яғни нарықта он тұтыну құны және құн етедi. Өйткенi, егер өнiм сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетiн өтеуге керек болғаны. Бұл бiрiншiден. Екiншiден, оның құнының бар екенi дәлелденгенi. Мiне дәл сатып алу- сату жағдайында тауардың iшкi қарама-қайшылықтары шешiледi.

Нарықтық немесе тепе-теңдiк баға

Нарық жағдайында баға бәсекелестiгi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасындағы күрестiң негiзгi формасы болып табылады. Бағада барлық субъектiлердiң мүдделерi шоғырланған. Баға экономикалық категория ретiнде өнiмдi сипаттайтын және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әрекетiн көрсететiн түпкi бағалау көрсеткiшi, яғни өнiмнiң өзiндiк құнын бiлдiредi.

Баға бәсекелесiндегi бәсекелестiк шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қарсыласына қарағанда төмен баға белгiлеп, тұтынушыларды өзiне тарту мақсатымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар олар тұтынушылардың тауарға жету шығындарын төмендетiп, тұтынушылардың өнiмнен табатын табысын және өз өнiмiнiң бәсекелестiк қабiлетiн жоғарылатады. Осындай бесекеден кейiн өндiруге кеткен шығындарды өтейтiн баға қойылады және нарықта ресурстарды орналастыру тиiмдiлiгiн арттырады, бұл iс-әрекет нарықтағы жоғарғы өндiрiстiк шығындары бар тиiмсiз өндiрушiлердi жою арқылы жүзеге асады.

Баға бәсекелестiгiнiң керi түрiне өз шешiмдерiмен өндiрушiлердiң iс-әрекетiне ықпал жасайтын тұтынушылардың баға белгiлеуi жатады.

Тұтынушылардың бағаны таңдауы сұраныс дәрежесiн анықтайды, сұраныстың өзгерiсi бәсекелес өндiрушiлердiң ұсыныс көлемiне ықпал етедi.

Баға бәсекелестiгiнiң себептерi мыналар болып табылады:

Нарықта қалуды қамтамасыз ету, ағымдық пайданы максимизациялау, өтiмдiлiктi қолдау, яғни үздiксiз жүргiзу және өтiмдiлiктi қамтамасыз ету, нарықта үлкен үлеске ие болу, нарықта лидер болу. Шетелдiк iрi және өте iрi корпорациялардың көп жағдайда нарықта қалуын қамтамасыз ететiн акционерлiк капиталдың 10% рентабельдiлiгiмен қанағаттандырылуда.

Нарықта қалуды қамтамасыз ету - бұл нарықта өндiрушiлер саны өте көп болғанда және таза бәсекелестiк немесе тұтынушылар қажеттiлiгi кенеттен өзгеретiн жағдайлар болғанда шаруашылық субъектiлердiң қажеттiлiктi қанағаттандыруы болып табылады.

Нарықта қалу мақсатында баға белгiлеу бұл өндiрушiлердiң баға бәсекесiне төтеп беруде немесе баға бәсекесiн жасырын өзгерту iс-әрекетiмен тығыз байланысты. Бұл жағдайда бағалар зиянсыз (заласыз) жұмыс жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында белгiленедi. Мүндай саясат қысқа мерзiмдiк сипат алады және пайда табу мақсатында шығындарды жеткiлiктi дәрежеге дейiн төмендету жағдайына ие болмағанша уақытты “өтеп алу” саясаты болып табылады. Мұндай жағдай болмаған жағдайында нарықта бағаның өсуiне алып келмейдi. Бұдан ағымдағы пайданың барынша жоғарылауы кiрiстiң көбеюiне, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өндiру мүмкiншiлiгiнiң кеңеюiне алып келедi.

Қазақстанда баға бәсекелестiгi экономиканы түрлi салаларында таралған.

Бiрақ мұны Қазақстандағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жеткiлiктi дәрежеде пайдаланбайды.

Баға бәсекелестiгi сату, сатып алу, өткiзу нарығын кеңейтедi, өнiм бағаны төмендетiп және үлкен тұтынушылар ортасын ұсынатын өндiрушi компаниялардың қуаттылығын қамтамасыз етедi.

Нарық үлесiнiң өсуi белгiлi шығындардың төмендеуiне алып, келедi, бұл жаңадан бағаның түсуiне алып келедi. Көптеген жекешелендiрген кәсiпорындарда қуаттылығын ақырына дейiн дұрыс қолданбауы байқалады, бұл жағдай белгiлi шығындардың өсiп, бағаның да жоғарлауына септiгiн тигiзедi.

Нарық жоғарғы бағамен “қыспаққа алу” жағдайына қалады.

Мұндай жағдайда Қазақстандық өндiрушiлерге баға дискриминациясын бәсекелестiк күрес құралы ретiнде пайдалануға болады.

Ол нарықты мақсатқа сәйкес түрлi бағада тауар және қызметтi сатып алу қабiлетi бар тұтынушылар топтарына бөледi.

Әр тұтынушылар топтарына өзiне сай баға белгiлеу қортындысы бойынша өндiрушiлер жиынтық жалпы табысты молайту мүмкiндiгiне ие болады, өйткенi ол арзан және қымбат нарықтарға бөлiнiп қойылады. Баға бәсекелестiгi бiрiншiден сұраныстың бағалық икемдiлiгiне негiзделуi керек, себебi төмен табысты тұтынушыларға баға өзгерiсi бiрден өсуi немесе төмендеуiн тудырады.

Жетiлген баға дискриминациясын, яғни өнiмдi сатып алу көлемiне және тұтынушылар тобына байланысты баға дискриминациясын анықтайды.

Жетiлген баға дискриминациясы - бұл берiлген нарықтық барлық бөлiгiн тұтынудан қалған артық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң иелiгiне көшiру кезiнде баға белгiлеу. Бұл жағдайда әр тұтынушы өнiмдi қаншаға бағаласа, сол сомаға сатып алуға мүмкiндiгi бар. Шаруашылық жүргiзушi субъект өз өнiмiн қосымша сатылған өнiмдi өндiруге кеткен шығындарды жабатындай бағаға жеткенше сата бередi.

Жетiлген баға дискриминациясы екiжақты тариф жүйесi арқылы жүзеге асырылады, өнiм құны екi бөлiмнен құралады: аккордты белгiленген жарнаны, өнiмдi сатып алу құқығы мен бағаның әр қосымша бiрлiгiнiң құны. Пайданы максимизациялау шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң баға аккордтық жарна және өндiрудiң шектi шығындары деңгейiне тең болатын, бағаларға сатушыдан сатып алынған кейiнгi тұтыну шығындарының көлемiне сай болатын бағаларға тең.

Екiжақты тарифты бiр-бiрiне толықтырушы өнiмдерге баға белгiлеуде қолданады. Оның бiрiне жоғары баға (акордтық жарна) белгiленедi, ал екiншiсiне бiршама төмен баға өз өндiрiсiнiң шектi шығындар көлемiне тең.

Баға дискриминациясы өнiм көлемiне байланысты өнiмдi түрлi көлеммен сатып алғандағы бiрлiк өнiм бағасы. Мысалы ретiнде көтерме саудаға қарама-қарсы бөлшек сауда.

Мұндай жағдайда шаруашылық жүргiзушi субъект екiжақты тарифтiң жинақтарын ұсынады және тұтынушы тарифты өзi таңдап алады, өзi иемденгiсi келетiн өнiм көлемiне байланысты. Мысалыға, дисконтты карточкалар: дисконтты карточкалардың бағасы жоғары болған сайын, сатып алушыға өнiм бағасынан сонша жоғары жеңiлдiк берiледi.

Тұтынушы жасалған сатып алу көлемiне байланысты қандай дисконт карточканы таңдайтынын өзi бiледi.

Әр тұтынушыға сәйкес келетiн әр өнiм бiрлiгiнiң нақты құндылығын (шектi бағалығын) тиiмдi белгiлей алмаған жағдайда, шектi құндылығы бiрдей өнiмге тұтынушының жинақ сұраныс бойынша топтастыру дискриминациялық саясатын қолдануға болады.

Шаруашылық жүргiзушi субъект тұтынушының әр топтарына әр түрлi баға болуы, электр энергиясының құқықтық және физикалық тұлғалар үшiн тарифтерiнiң әр түрлi болуы. Мұндай дискриминация арбитраж қолдану болмаған жағдайда ғана мүмкiн.

Эффективтi баға бәсекелестiгi экономикалық өсiмге алып келуi. Бiрақ бақылаусыз баға бәсекелесiнiң әдiстерiн терiс пайдалану елдердегi экономикалық жағдайдың нашарлауына ұшыратады, Осылайша, баға бәсекелесiндегi “бағалар күресiнiң” мiнезiне сипат бере бастайды, бұл күрестiң мақсаты бағаны минималды төмендетiп өнiм көлемiн жоғарлату арқылы максималды пайда табу және кейiнiрек жеке монополия болып, нормальды бағаны белгiлеу. “Бағалар күресi” әлсiз бәсекелестердi жоя отырып, нәтижесiнде көп артықшылыққа ие болу, бұл олардың бәсекелестiктегi өзiндiк шығындарын жабады. Қазақстанда баға бәсекелестiгiнiң кең тараған әдiсi демпинг блып табылады. Бұл отандық және ұқсас шетелдiк өнiмдердiң шығын дәрежесiнiң айырмасына негiзделеген. Мысалы, Дондық тау-кен байытушы комбинат хром рудасын сатуда 21 тоннасын - 18$-ға келiсiмге отырады, ал дүниежүзiлiк нарықта баға 24$ құрайды. Қазақстандық мұнай орташа дүниежүзiлiк бағадан төмен бағамен келiсiмге отырады.

Демпингтiң көлемi мен өнiмдi өндiру көлемi экспорт жасайтын елдерге байланысты ерекшеленедi. Мысалы, отандық табиғи газды Россияға сату орташа дүниежүзiлiк бағаға қарағанда 10-20 арзан Қазақстан шекарасынан тыс табиғи газдың сатылуы орта келiсiм баға мыңдаған куб метрге 8-31$-ға өзгередi, ал шетелде оны яғни Европада 125$ көрсеткiшiнен төмен түспейдi.

Қазіргі нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндеттемелерінің кең түрде айналымда жүруі. Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әржақтарын сипаттайды. Солардың екі - үшеуін қарап өтейік.

  1. Тепе - теңдік жағдай. Ол кіріс пен шығынның теңдігінен туындайды
  2. Артық жағдай. Ол кіріс шығыннан көп болғанда туындайды. Демек, сақтаудағы қоры мол, сондықтан бұл субъектінің басқаға несие беруге мүмкіндігі бар.
  3. Қаржыға тапшылық жағдай. Ол шығын кірістен көп болғанда туындайды. Демек, бұл субъект қаржыға мұқтаж, яғни оған несие алу қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға теориясы. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі
Қаржы және инфляция туралы
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Рыноктық экономикадағы баға: қызметтері, түрлері, қалыптасу механизмі, баға теориясы
Нарықтық экономика жағдайында бағаны реттеу
Бір ғана бәсеке өндіруші
Нарық тепе-теңдiк
Монетаризмнің пайда болуы және мәні
Тауар өндірушілер
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz