«Электрондық кесте»


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
Кіріспе
1. MS EXCEL - ұялар ішінде мәлімет. Қатарлар, бағаналар, блоктармен операциялар орындау.
2. Ұялар мен бағандардың адрестері.
3. Функцияларды пайдалану.
4. Кесте текстерін көркейту. Туралау.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
«Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:
- Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.
- Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
- Тиімді ету мәселелерін шешу.
- Белгілі бір критерийлерді қанғаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.
- Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
- Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы, олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.
Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.
MS EXCEL - ұялар ішінде мәлімет.
Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәлімметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе «» (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе «=» болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.
Қатарлар, бағаналар, блоктармен операциялар орындау .
Бұл операциялар алмастыру буферінің (қиып алу, көшіру, кірістіру) көмегімен, сондай-ақ тышқан тетігінің көмегімен де меню арқылы орындалады.
Ұялар мен бағандардың адрестері.
Ұяшық адрестерін бұған дейін көрсетілген В3, А1:G9 және т. б. тәсілдермен жазуға болады. Бұлай бейнелеу адресті салыстырмалы түрде жазу деп аталды, мұнда адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде беріледі. Мысалы, В4 ұяшығына =В1+В2 формуласын енгізсек, Excel мұны үш жол жоғары орналасқан ұяшықтағы санды бұдан екі жол жоғары орналасқан ұяшықтағы санға қосу деп ұғады.
Егер =В1+В2 формуласымен В4 ұяшығына С4 ұяшығына көшіріп жазсақ, онда Excel ол формуланы тағы үш жол жоғары ұядағы санға қосу деп түсінеді де, С4 ұяшығына =С1+С2 деген салыстырмалы түрдегі формуланы көшіріп жазады.
Егер де формуланы көшіру кезінде біз бір ұяшықтың адресін салыстырмалы емес, нақты күйде бергіміз келсе, онда абсолютті түрдегі адресті жазуға тиіспіз. Ол үшін сол адрестің бағана атына сәйкес әріптің екі жағына да $ символын жазуға тура келеді. Мысалы, $B$4 немесе $C$2 : $C$48 және т. с. с.
Функцияларды пайдалану.
Функциялар есептеулерді жеңілдетеді. Олар y=f(x) түрінде жазылады, мұндағы y - есептелуге тиіс функция мәні, x - аргумент, f - функция.
Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =A5+sin(C7) формуласын келтіруге болады, мұндағы А5 - ұяшық адресі, sin() - функция аты, жақша ішіндегі оның аргументі тұрады, С7 аргумент (сан, мәтін және т. б. ), бұл сәтте С7 ұяшығында сан болуы тиіс.
Excel программасының кейбір функциялары:
- SQRT(х) - х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы, sqrt(25) =5. SIN(x) - радианмен берілген х бұрышының синусын анықтайды. Мысалы: sin(0. 883) =0. 772646. MAX(тізім) - берілген тізім ішінен ең үлкен (максимум) мәнді анықтайды, мысалы: max(55, 39, 50, 28, 67, 43) =67. SUM(тізім) - берілген тізімнің (блоктың) сандарының қосындысын анықтайды. Мысалы: sum(А1:А300) - А1:А300 блогының 300 ұяшығындағы сандардың қосындысын табады.
Функция аттары орыс тіліне аударылған Excel нұсқаларында орысша беріліп, басқаша жазылуы мүмкін.
Жиі пайдаланатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында арнайы батырма бар.
Функция атын формулаға кірістіру үшін
Функция шеберін
пайдалануға болады, ол
Кірістіру
Функция (Вставка
Функция)
командасымен немесе
бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесі шығады. Соның ішінен керектісін таңдап алып
Қадам (Шаг)
батырмасын басу керек. Сонда
Функция шеберінің
екінші терезесі экранға шығады да, одан аргументті таңдап алуға болады.
Енді Excel функцияларымен танысайық. Жоғарғы жақтағы
батырмасын басайық та,
Бәрі (Все)
деген категорияны таңдап,
X7, min, Қадам (Шаг)
функциялары қалай белгіленетінін қарастырайық.
Есептелген у мәндерінің қосындысын тауып, оны F25 ұяшығына жазып қояйық. Ол үшін стандартты аспаптар тақтасының батырмасы басылады. Оған қоса Е25 ұяшығына түсінік беретін «у-тер қосындысы=» деген мәтін жазамыз.
Есептелген у мәндерінің арифметикалық орта мәнін (қосындысы тәрізді етіп) анықтаймыз, ол үшін Е26 ұяшығына түсінік беретін мәтінді, ал F26 ұяшығына - арифметикалық орта мәнін жазамыз.
У
функциясының ең кіші және ең үлкен (min, max) мәндерін тауып, оларды F27 мен F28 ұяшықтарына орналастырамыз да, оған сәйкес түсініктеме беретін мәтінді Е27, Е28 ұяшықтарына жазамыз. Арифметикалық орта мәнді табу үшін
Функция шеберін
пайдаланамыз, ол үшін:
Ендіру
Функция
Бәрі (Все)
МАКС
Қадам (Шаг)
F4:P24
командасы тізбегін орындау қажет.
Е25:F28 ұяшықтар блогын былай қалыптастырамыз:
- Е25:F28 блогын тіктөртбұрышты жақтаулармен қоршаймыз;
- Бұл блокты кесте тақырыбы тәрізді фонмен толтырамыз;
- Е25:Е28 блогындағы түсінік беретін мәтінді Times/Kazakh қарйтылған қаріппен жазып, оны оң жақ шетке туралап орналастырамыз.
Кесте текстерін көркейту.
Кез келген ұяшықтағы немесе блоктағы символдарды әртүрлі қаріптермен даярлауға болады. Ол үшін ұяшықты немесе блокты ерекшелеп алып, содан кейін
Форматтау
аспаптар тақтасында батырмаларын немесе
Формат
Ұяшық
Қаріп
командасын орындаса болғаны. Команда орындау барысында мынандай сұхбат терезесі шығады.
«Кестелер» деген тақырып үшін Courier New Cyr қаріптерін пайдаланып, оның мөлшерін 14 етіп, өзін қалыңдатылған түрде жазып шығыңыз.
Форматтау аспаптар тақтасының батырмасы арқылы «негізгі» және «қосалқы» сөздері үшін Times Kazakh қаріпінің 12 мөлшерін алып, оны қалыңдатылған (полужирный) түрде жазып шығыңыз.
Формат
Ұяшық
Қаріп (Формат
Ячейка
Шрифт)
меню командасы арқылы кесте тақырыптарын Times Kazakh қаріптеріне өзгертіп, мөлшерін 12 етіп, қисайтылған (курсив) түрде жазыңыз.
Бағаналар енін жаңа қаріптермен жазылған мәтін толық сиятындай етіп өзгертеміз. Тақырыптарды бағаналар ортасында орналастыру қажет.
Туралау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz