Қазақстан Республикасы бойынша еңбекті қорғау мен еңбектік құқықтық қатынастар


КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігінің жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен қамтылған еңбектік құқықтық қатынастар барысында тындайын еңбекті қорғау мәселесі ауқымындағы, сондай-ақ жұмыспен қамту аясындағы еңбекті қорғаудың теориялық мәселелері, ерекшеліктері, түрлері, оның ішінде олардың құқықтық аспектісі еңбектік кұқыктық қатынастармен байланыстырылып, мемлекеттің маңызды іс-шарасы ретінде айқындалып қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының еңбекті қорғаудың тұрақты әрі міндетті субъектілері, әрине мемлекет болып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының жоғарғы деңгейіне көтерілуіне және еңбекті қорғаудың ынтымақтасуына септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа жолдауында «еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері белгіленген болатын. Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды. Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет теңдестірілген негізде Парламент сайлауы өткізілді. Сайлауда "Нұр Отан" партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алғаш рет Үкімет жасақтады. Әкімшілік реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттік органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды. Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8, 5 пайызды құрады. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды. Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық» деп айтылған [1, 2б. ] .

Осыған орай, Қазақстан Республикасы еңбек құқығының нормативтік - құқықтық базасын құрайтын еңбекті қорғау мәселелері, еңбектік құқықтық реттеу тәсілдері, елдегі еңбекті қорғау саясатының мән-жайлары, еңбектік құқықтық қатынас субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделері, Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғауды нарықты дамыту ісіне қосатын үлестері, еңбектік құқықтық қатынастардың экономикалық және заңнамалық негіздерін олардың қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін есепке ала отырып жетілдіру жолдары бүгінде Қазақстан Республикасының еңбек құқығының маңызды және тиімді ұйымдастыру және оның құқықтық негіздерін өркениетті капитализм стандарттарына сай дамыту тұрғысынан аса өзекті көрініс тауып отыр деп санаймыз.

Бүгінгі нарықтық қатынастарға негізделген құқықтық жүйедегі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы еңбектік құқықтық қатынастары ел экономикасының маңызды секторы ретінде дамуда. Осы еңбекті қорғау мәселесі - Қазақстан Республикасының еңбек құқығының көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұйымдарындағы еңбекті қорғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады.

Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік - құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс- шараларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады [2 б. ] .

Осыған орай, бүгінде өндірістік жарақаттану деңгейі төмендеп келеді деп аитсақ-та болады. Мәселен, Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау мәселесі арнайы нормативтік құқықтық актімен реттеледі.

Осы заңға сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз - еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып, жұмысшының қорғалу жағдайы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты және міндеті. Дипломдық зерттеудің негізгі мақсатына Қазақстан экономикасының еңбектік құқықтық секторындағы еңбек қызмет ауқымында туындайтын еңбекті қорғаудың теориялық мәселелерін жан-жақты саралап, қарастыру, ғылыми сипаттамасын беру, еңбектік құқықтық қатынастардың құқықтық аспектісін, оның ерекшеліктерін нақтылы айқындау, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің және жұмыс беруші ретінде көрініс табатын ұйымдар мен жұмысшылардың еңбектік қызметі (олардың қатысуымен) барысында туындайтын еңбектік құқықтық қатынастардың теориялық және тәжірибелік мән-жайларын тұжырымдап, түйіндеу әрі қазіргі заманғы даму тенденциялары мен ағымдағы жағдайларын ашып көрсету жатады.

Осындай мақсаттарға орай диплом жұмысының мынадай өзара байланысқан міндеттері қойылады:

  • еңбекті қорғаудың түсінігін, белгілерін, оның маңыздылығын және еңбектік құқықтық жүйеде алатын орнын анықтау;
  • Қазақстан Республикасында еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін еңбектік заңнама ұғымын айқындау және еңбектік заңнаманы жетілдіру жөніндегі нақтылы ұсыныстар жасау;
  • еңбекті қорғаудың қағидаларын және ел экономикасының еңбектік секторының орнын және мазмұнын ашып көрсету болып табылады.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, еңбектік заңнама және өзге де заңнамалық актілер, оның ішінде еңбекті қорғауға бағытталған заңнама негізінде жұмыс істейтін еңбектік қорғау жүйесінің, жалпы теориялық-тәжірибелік мәселелері мен нақтылы мемлекеттік құқықтық аспектісі.

Зерттеу пәні: еңбектік құқықтық қатынастар және нақтылы еңбекті қорғауға бағыталған іс-шаралар, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормативтік-мәнділік және құрылымдық-функңионалдық мән- жайларын, еңбекті қорғаудың ғылыми негіздемелерін қалыптастыру және құқықтық жүйесіндегі мемлекеттік құқықтық іс-шаралардың экономикалық-заңды табиғатын ашып көрсету.

Зерттеудің әдістемелік негізін қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, еңбектік және еңбекті қорғауға және зерттеуге орай қолданылатын жалпы және арнаулы ғылыми таным тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы (диалектикалық, салыстырмалы-құқықтық, талдау, қыйсындылық-заңды, құрылымдық- функционалдық, нақтылы-социологиялық, жүйелік әдістер), т. б. диалектикалық танымның іргелі ережелері құрайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы бойынша еңбекті қорғау мен еңбектік құқықтық қатынастар мен олардың теориялық және құқықтық мәселелеріне байланысты жүргізілген ғылыми ізденіс нәтижесінде мемлекеттік тілде жазылған еңбектердің бірі болып табылатындықтан өзіне тән жаңалығымен, жұмыста жасалған тұжырым- қорытындылары мен қалыптастырылған ұғым, түсініктемелердің және алынған дәйекті ережелердің теориялық әрі тәжірибелік қажеттілігімен ерекшеленеді.

Диплом жұмысының көлемі және құрылымы . Диплом жұмысы құрылымы зерттеу жүргізудің сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден, төрт бөлімшеден тұратын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

  1. Еңбекті қорғау адамға және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде

Еңбек - адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек - адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.

Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше болып келетін белгілі тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.

Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемлекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдарды жекешелендіруді, жеке меншіктітің дамуына әкеледі. Мұның бәрі еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Соныдқтан, еңбек құқығы еңбек ету процессінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысндағы қатынастары болып табылады.

Ал жалпылама алғанда еңбек құқығы дегеніміздің өзі - меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке саласы.

Еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілер еңбек құқығының көздері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер «еңбек туралы нормативтік актілері», «еңбек туралы заң актілер», «еңбек құқығының нормативтік актілер» және т. б. деп аталады.

Еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы қажет. Олар мыналардан тұрады:

  1. Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;
  3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан;
  4. Министрліктер мен ведомстволпрдың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заң жатады, осы заң қабылданғаннан кейін мынадай заңдар өз күшін сақтаған:

  • 1992 жылы 4 шілде қабылданған «Ұжымдық шарт туралы»
  • 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы»
  • 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы»
  • 1996 жылы 8 шілде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулар мен ереуілдер туралы»
  • 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» заңдар.

Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап егеменді мемлекет ретінде өз халқының мүддесі үшін экономикалық және әлеуметтік саясатын өз бетінше анықтауда және жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде заң саласын реформалау жалғасуда, кең көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда.

Конституциямен өзін құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік кұндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды.

«Адамды адам еткен - еңбек» демекші, адамзат тіршілігінің барысында еңбек оның тіршілігінің негізгі нысаны және дамуының басты механизмі болған және болуда. Адам өзінің саналы ғұмырын рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбектенумен өткізеді. Қазіргі кезде еңбекке және оның негізгі элементі қызметкерге деген көзқарастың өзі мүлде өзгеруде. Еңбек пен денсаулық бір - бірімен тығыз байланысты, өйткені еңбектің негізгі мақсаты адамға игілікті жағдайлар жасау болып табылады.

Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса манызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану максатында және қызметкерлердін енбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында енбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудын құқтық негіздері ағымдағы зандармен нақты айқындалған. Мемлекет тарапынан көзделген ең негізгі кепілдік - ол қызметкерлердін заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес енбегіне ақы алу құқығы. Бұл кепілдік ұйымдық-құқықтық, меншік нысанына және ведомстіволық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істсйтін қызметкерлерге таратылады.

Жалақы дегеніміз - жеке енбек шартынын негізінде орындалған енбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге міндетті сыйақы (табыс) .

Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады. Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разрядаралық тарифтік коэффиииенттерін, барлық кызметкерлердің енбегіне ақы төлеудің Бірыңғай тарифтік кестесін, жалакы тарифтерін енгізу арқылы жүргізіледі. Енбекке ақы төлеудін орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады.

Материалдық салада еңбек ететін адамдар мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы деңгейлерін жақындастыру үшін жана бірынғай тарифтік кесте белгілеңді. Ол экономиканың барлық саласының қызметкерлерін қамтиды. Бұл орайда разрядтар аумағы бұрынғысынша қалды - бірінші разрядтан 21 разрядқа дейін, алайда тарифтік коэффициенттер айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Меселен, бұрын бірынғай тарифтік кестедегі бірінші разрядтың тарифтік коэффициенті - 2-ге, ал жиырма бірінші разряд- ІЗ, О8-ге тең болса, жана тарифтік кесте бойынша олар тиісінше - 1 және 4, 24-ті құрайды.

Бірынғай тарифтік кестенің негізіне еңбекке ақы телеудін принципті жана жүйесі алынған.

Еңбек ақы төлеу жүйесінің негізі ретіңде «1 разряд ставкасы» көрсеткішін, ал әлеуметтік төлемдер жүйесінің негізіне бюджетте бекітілетін айлық есептік керсеткішті» қабылдау жолымен әлеуметтік төлемдер жүйесін және еңбекке ақы төлеу жүйесінің аражігін ажырату - кірістер саясатын реформалаудың басты қағидасы болып табылады. Ол бұрын заң жүзінде қалыптасқан «ең аз жалақы» ұғымындағы қайшылыктарды жойды.

Өндіріс саласындағы қызметкерлердің жалақысынын көзі салықты және басқа да төлемдерді бюджетке төлегеннен кейін қалған пайда, ал өндірістік емес кызметкерлердікі - әдетте, бюджеттік бөлінетін қаржы болып табылады.

Мемлекеттің еңбекке акы төлеуді қатаң реттеуден бұл саладағы кен құқықтарды кәсіпорындардың өзіне берілуге көшуі нарықтық қатынастарды дамытудын жағдайларындағы ерекшелік болып табылады.

Сонымен бірге енбекке ақы төлеу мелшері барлық жағдайларда Қазакстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджеті туралы занмен белгіленетін минимумнан төмен болмауы керек.

Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілгі жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді. Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен қолданудың тәртібін енбек жөңіндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және кызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығына және кызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес жүргізеді (Ет З-ның 70-бабының 5 тармағы) .

Тарифтік манавдық анықтамалық - белгілі бір саладағы барлык кәсіптер мен мамандықтардың, жұмыстардың түрлері енген және оларға біліктілік сипаттамалары берілген тізбе.

Экономика саласында тарифтік-мамандық анықтамалықтың екі түрі: салалық және кірме мамандықтардың Бірыңғай тарифті - біліктілік анықтамалықтары қолданылады.

Салалық тарифтік-мамандық анықтамалығы белгілі бір өнеркәсіп саласының немесе өндірістін өзіндік жұмыстары мен мамамдықтарын анықтайды. Анықтамалықта мамандық атауы, тарифтік (біліктік) разряд, біліктілік разрядын тағайындау үшін талап етілетін біліктілік сипаттамасы көрсетіледі.

Кірме мамандықтардың Бірыңғай тарифтік-мамандық анықтамалығы экономиканың әр саласында кездесетін біртекті жұмыстар мен мамандықтар тізбесін құрайды.

Әр үш жыл сайын кәсіпорындарда (ұйымдарда) белгіленген мерзімдерде қызметкерлер қайта тарифтеуден етеді.

Бірынғай тарифтік кесте негізінде айлық тарифтік ставкалар есептелінеді.

Тарифтік кесте (сетка) тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффиииенттерден тұрады. Тарифтік разряд қызметкердің атқаратын жұмысының күрделілігіне қарай мамандық дәрежесін көрсетелі. Демек, разряд жоғарылаған сайын төленетін жалақы да өсе түседі. Олай болса, жоғары разрядта көтеріңкі тарифтік коэффициент белгіленеді. Бірыңғай тарифтік кесте 21 тарифтік разрядтан тұрады және жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге тарайды. Бірыңғай тарифтік кестенің алғашқы 8 разряды жұмысшыларға, ал 2 және 18 разрядтары - кызметшілерге арналған.

Тарифтік ақы (ставка) . Белгілі бір саладағы немесе өндіріс орнындағы жұмыстын күрделілігінс қарай енбекке төленетін ақы мөлшерін көрсетеді.

Бұл бір сағатқа, біртәулікке немесе бір айға сәйкестендіріліп белгіленеді. Тарифтік ақы разрядқа қарай анықталады. Көптеген салаларда жалақы жүйелері ескеріле отырып, әрбір разрядка екі түрлі тарифтік ақы қойылады: бірі - мерзімдік жалақы үшін, екіншісі кесімді жалақы үшін.

Ақы мөлшері, жоғарыда айтылғандай, атқарылатын жұмыстың киындығына қарай өсіп отырады. Мысалы, жер астында, ыстық цехтарда немесе енбек жағдайы денсаулыққа зияңды жұмыс орындарында істейтін еңбеккерлердің ставкалары көтеріңкі болады.

Қазіргі кезде тарифтік кестелер (бюджеттік саладан басқа) мен ставкаларды ұйымдар өздерінің ұжымдық шарттары мен келісімдерінде немесе басқа да жергілікті нормативтік актілерінде белгілейді.

Тарифтік жүйенің элементтеріне үстемелер мен қосымшалар кіреді. Олар орталықтан, яғни заңдарда белгіленген және жергілікті - ұжымдық шарттармен, келісімдерімен немесе жеке енбск шарттарында көзделген үстемелер мен қосымшалар болып екіге бөлінеді. Үстемелер белгілі бір аудандарда, мамандыктарда істейтін енбеккерлерді материалдық ынталандыру мақсатын көздесе, қосымшалар еңбектің жоғары үдемелігі, қолайсыз жағдайдағы жұмыс, кезекті ауысым әдісімен орындалатын, дала жағдайындағы жұмыстар т. б. үшін берілуі мүмкін.

Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке енбек, ұжымдык шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс орындайтын жерінде жүргізіледі. Жұмыс істеп жүрген жерінен тыс жерде (іссапарда, басқа ұйымдарда, тапсырыс шынын ұйымында) жұмыс берушінің тапсырмасын орындаушы қызметкердің жалақысын жеткізуді жұмыс беруші өз есебінен қамтамасыз етеді.

Жалақы бір айда кем дегенде бір рет төленеді. Ұйымдарда жалақыны төлеу күндері жеке енбек, ұжымдык шарттарда белгіленеді. Жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келсе, оны төлеу олардың қарсанында жүргізіледі. Жұмыс берушінің кінәсінен жалақы, ал қызметкермен жеке енбек шарты бұзылған кезде - оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзімдермен салыстырғанда кешіктірілген жағдайда жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақы төлейді. Өсімақының мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Казакстан Республикасы ¥лттык банкінің қайта қкаржыландыру ставкасы бойынша белгіленуі және төлем жүргізілуге тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеліп төленген күнмен аяқталады (ЕтЗ-ның 76-бабы) .

Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу сонғы жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Зейнетакы төлемдерін, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік пен босану жөніндегі жәрдемақыларды және басқа да төлемдерді есептеу үшін ұйымдар қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоксандағы № 1942 қаулысымен бекітілген «Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу тәртібі жөніндегі» нұсқаулық белгілейді.

Орташа жалақыны есептеу үшін заңнамаға сәйкес төлеуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы күнтізбелік 12 ай (1-нен 1-не дейінгі күндер) есепті кезең болып табылады. Есепті кезең деп ұзактығы күнтізбелік он екі ай ксзек (жыл) не кызметкер жұмыс берушіде күнтізбелік он екі айдан (жылдан) кем істеген болса, нақты жұмыс істеген кезең түсініледі. Оқиға деп кызметкердің демалысқа шығуы, жеке енбек шартын тоқтатуы немесе бұзуы, енбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мсн босануы және орташа жалақының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енбекке уақытша жарамсыздығына, жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақысының, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік жәрдемақыиың сақталуымен немесе төленуімен байланысты басқа да жағдайлар түсініледі. Есепті кезеңнен республикада белгіленген мейрам күндері алынып тасталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастарының жалпы сипаты
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастары
Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Халықаралық еңбек ұйымының еңбек құқығы
Еңбек құқының әдістері
Еңбектік құқықтық қатынастарға қатысушы тараптар
Еңбектік құқық қатынастарының ерекшеліктері
Еңбек және еңбек құқығы туралы жалпы түсінік
Материялдық жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz