Қазіргі әлемдегі Жапония


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе. Қазіргі әлемдегі Жапония

1 Жапония экономикасының даму ерекшеліктері

2 Жапония өнеркәсібі

3 Көлік қатынастары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жапония - тынық мұхитының батыс бөлігіндегі аралдарда орналасқан ұлы державалы мемлекет. Жапония Шығыс Азиядағы төрт ірі - ірі -Хоккайдо, Хансю, Сикоку және Кюсю аралдарында орналасқан мемлекет.

Жапон феномені бұл елге және мүмкіндіктеріне қатысты көптеген аңыздарды тудырған. Нәтижесінде Жапонияның әлемдегі мәртебесі шын мәніндегі мәртебесінен біршама жоғары тұр:

Біріншіден, Жапония жеткен жекелеген салалардағы көрсеткіштердің біржақты бағалануы;

Екіншіден, Жапония экономикасының бәсекелестері өз елдерінің Үкіметін жапон экспортын бөгеу үшін шаралар жасауға көндіру үшін әдейі Жапонияның экономикасының қуатын асыра көрсетуде;

Үшіншіден, жапон экспортерларының өздері жарнаманың сауданың қозғаушы күші екенін біліп, өз табыстарын жарнамалауды еш естен шығармайды (жарнамалық индустрия Жапонияның ірі салаларының алғашқы ондығына кіреді) .

Енді статистикаға жүгінсек: 80-жылдардың соңына қарай Жапонияның әлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 18% құраған (ЕЭҚ - 36%, АҚШ - 34%) . Егер АҚШ экономикасының техникалық жабдықталуын 100 деп алсақ, Германиянікі - 56, Жапониянікі - 50, Франциянікі - 38.

Жапония ЭЕМ өндірісі жөнінен американдық IBM компаниясына жол береді. Алайда IBM өнімдері тек америка рыногымен ғана шектеледі, ал жапон электроникасының көп бөлігі басқа елдерге экспортталады. Осылайша Жапония туралы әлемдік электроника державасы ретінде ой-пікір қалыптасады.

Көптеген параметрлері бойынша жапон экономикасы осалдау. Ел территориясының 17%-ы ғана ауыл шаруашылығына қолайлы. АҚШ-қа азық-түлік тәуелділігі бар: Жапонияға экспортталатын Калифорниядағы егістік көлемі Жапонияның өз егістік жерлерінен бірнеше есе үлкен.

Екі ел арасындағы тауар айналым шеңберінде АҚШ-қа жапон экспортының 20%-ы, ал Жапонияға американ экспортының 10%-ы ғана келеді. Яғни жапондық экономиканың берекелілігі оның тауарының АҚШ рыногына өтуіне байланысты (әрбір американдыққа жылына 360 долларлық жапон тауарынан келеді) .

Жапония - капиталистік дүниедегі ең жоғары дамыған индустриялық-аграрлық елдердің бірі. ІІ дүние жүзілік соғыста Жапония империализмінің жеңілуі және елді АҚШ-тың оккупациялауы Жапонияның империализм лагеріндегі бағытын біраз әлсіретті, бірақ АҚШ билеуші тобымен тіл табысқан Жапонияның монополистік капиталы көп кешікрей елдің шайқалған экономикалық жағдайын соғысқа дейінгі қалпына келтірді. Жапония тез қарқынмен қайта өрлеу жолына түсті. Жапония монополиясы мен мемлекеті арасында келісім және өте тығыз байланыс орнаған: монополияның күшеюіне, жаңа өнеркәсіп салаларын - электроника, автоматика, атом энергетикасы, мұнай химиясын дамытуға, ірі әскери тапсырыстардың монополияларға түсуіне және олардың даяр өнімдерін сатуға мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық көрсетіледі.

Тау-кен өнеркәсібі дамымаған, ол барлық өнеркәсіп өнімі құнының 1%-ға жуығын ғана береді. Өнеркәсіпке қажетті тас көмір, мыс және қорғасын, мырыш рудаларының, күкірттің 45-50%-ы, аздаған мөлшерде боксит, марганец, темір, қалайы рудалары, асбест, сурьма, кадмий, хромит, молибден өндірілуде. Электр станциясының қуаты 68, 3 млн. квт. электр энергиясын өндіру жөнінен капиталистік елдер арасында 2-ші орында. Атом энергиясы шұғыл дамуда. Металлургия өнімі, негізінен елдегі 15 ірі комбинатта өндіріледі. Жапония тұрмыстық электр бұйымдарын шығарудан капиталистік елдер арасында 2-ші орында, электроника бұйымдарынан 1-ші орында, магнитофон шығарудан 3-ші орында, қол сағат шығарудан 2-ші орында. Көптеген әйгілі өнеркәсіп салаларының бірі - кеме жасау: бүкіл капиталистік елдерде кеме жасау өнеркәсібінің 48, 3%-ы осында. Кемелердің үштен екісі экспортқа шығарылады. Автомобиль жасаудан 2-ші орында. Химия өнеркәсібі, әсіресе мұнай химиясы күшті дамыған. Жеңіл өнеркәсіп салаларында мата тоқу үлесі басым.

Жапонияның ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Жапонияның мал шаруашылығы мешеу жағдайда, оның дамымауына басты себеп - жайылым мен шабындықтың жоқтығы. Балық және теңіз жәндіктері - жапондықтардың негізгі тағамы. Қазір Жапонияда балық аулаумен айналысатын 232 мың шаруашылық бар.

Жапония дүние жүзінде автомобиль жасаудан 1-орын алады. Жапония 1998 жылғы есеп бойынша 10 млн. автомобиль жасап шықты. Жапонияның өзінде автомобиль зауыттары аз, өйткені Жапонияның жері аз, және жұмысшылардың еңбекақысы жоғары болғандықтан жапондықтар өз зауыттарын шетелдерде салған. Олар: Қытай, Австралия, АҚШ, Үндістан, Бразилия, Испания. Жапон автомобильдерінің сапасы өте жоғары. Жапондықтар автомобиль шығару кезінде алдымен белгілі мемлекеттің климатын, жолдарын, тұтынушылардың сатып алу қабілетін зерттеп, аналитикалық және статистикалық есеп жүргізеді. Жапонияның автомобиль шығаратын төрт ірі концерні бар. Олар: Мицубиси, Тойота, Хонда, Ниссан.

Жапонияның сыртқы саудасы соңғы ондаған жылдар ішінде мықтап өсті. Шаруашылығындағы бұл саланың даму қарқыны басқа капиталистік мемлекеттерден озып шықты. Дүниежүзілік капиталистік базарда Жапонияның импорты 5-орын, ал экспорты - 4-орын алады. Кен және басқа шикізаты - 13%. Машиналар және жабдықтар - 6%. Азық-түлік тауарлары - 11%. Жапонияның сыртқы сауда серіктесі - АҚШ. Жапония шетке экспорт шығарып қана қоймай, капитал да шығарады. Мемлекеттік заемдар мен несиелерді көмек ретінде шетелдерге береді. Мысалы: несие алушылардың ішінде Қазақстан мемлекеті де бар.

Жапонияда алғашқы мектептер ҮІ ғасырда пайда болды. Білім мәдениеттің дамуына үлкен роль атқарды. ХҮІІІ ғасырдың ортасында храм мектептері салынды. Оларды тэракал деп атаған. Бұл мектептерде кедей шаруалардың, самурайлардың, бай крестьяндардың балалары оқыған, оларды есеп шығаруға, жазуға, оқуға үйретті.

Жапонияда бірнеше дін тараған - буддизм, синтоизм, христиан және конфуциялық. Жапонияда адам өмірінің орташа ұзақтығы ерлерде 77, ал әйелдерде 82 жас. Жапония үлкен мәдениет пен әдебиеттің орталығы. Жапонияның мәдениетінің ішінде әдебиет, кино, музыка, бейнелеу, театр, архитектура өнерлері жақсы дамыған.

Жапонияда өзен көлігі мен құбырдан басқа көліктің барлық түрлері дамыған. Темір жол көлігі жоғары сатыда дамыған. Төрт аралды байланыстырған темір жол магистралі бар. Олар: Хоккайдо-Хонсю, Сикоку-Кюсю.

Кимоно - жапондықтардың ұлттық киімі. Ол түзу, ұзындау келген, түймесіз, оң жағынан байланатын халат. Кимоно Жапонияда ХҮІІІ-ХІХ ғасырдан ұлттық киім болып қалыптасқан.

1 Жапония экономикасының даму ерекшеліктері.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін Жапония аграрлы ел болатын. Дамудың капиталистік жолына түскен соң өнеркәсіп салаларын мемлекет қаржыландыратын болды. ХІХ ғасырдың соңына қарай мемлекеттік кәсіпорындар приватизацияланды. Ал қазір небары 4 мемлекеттік кәсіпорын бар. Олар - пошта-телеграф, монета сарайы, орман шаруашылығы, заң жинақтарын шығаратын типография. Қалғандары жеке секторда. Шикізаттың жетіспеушілігіне қарамастан ауыр және жеңіл өнеркәсіп дамып келеді.

Жапонияның соғыстан кейінгі индустриялық дамуын Дзэнтай (пошташылар кәсіподағы) мәлімері бойынша келесі даму кезеңдеріне бөлуге болады:

1. 1945-1953 ж. ж. экономиканы қалпына келтіру, соғыс салдарларын жою кезеңі қатал мемлекеттік саясатпен ерекшеленеді. 1950-1953 ж. ж. Корей соғысына байланысты түрлі салада өнімге сұраныстың өсуімен өнеркәсіптік даму байқалды.

2. 1953-1973 ж. ж. мемлекеттің қолдауына, өндірістік аппараттың жаңаруына негізделген өнеркәсіптің жоғары қарқында даму кезеңі. Бұл кезеңде Жапония батыс әлемінің екінші индустриялық державасыеа айналып, ірі экспортер ел болды. Кезең "йенаның қымбаттауымен" ерекшеленеді.

3. 1973-1985 ж. ж. дағдарыстар кезеңінде Жапония экономикасы екі мұнай дағдарысы мен "Плаза келісімінен" кейін йена бағамының жоғарылауын бастан кешірді. Кезеңнің негізгі ерекшелігі - даму факторы ретіндегі экспорт ролін шешетін микроэлектроника мен информатика базасында жоғары техникалық салалардың дамуына бағытталған бетбұрыс.

4. 1980-1992ж. ж. "Бабл" - "көпіршікті экономика" кезеңінде АҚШ пен Еуропа Экономикалық Қауымдастығы елдерінің қысымымен жапон үкіметі экономикалық құрылымды ішкі сұранысқа негіздеп, экспортты қысқартуды көздеді. Бұл саясат нәтижесінде бағалардың өсуіне әкелді.

5. 1991 жылдан бүгінге дейінгі кезең. "Баблдың" бітуімен депрессия кезеңі басталды.

Ал жапондық әлеуметтік-экономикалық даму үшін өнімділік орталығы болса ел экономикасын сипаттаудың басқа классификациясын ұсынады.

Мамандар Жапония экономикасы бастан кешірген 3 бетбұрыс сәтті бөліп көрсетеді. Олардың ойынша Жапония ІІ дүние жүзілік соғыс біткен уақыттан үлкен экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Оның себебі 80- жылдардың соңындағы "сабын көпіршік экономикасы" болып табылады. Қазіргі кезде ұзақ қалпына келу процесі жүруде. Алайда соғыстан кейінгі Жапонияның дамуын қамтамасыз ететін ішкі және халықаралық жағдайларды өзгерту, құрылымдық қайта құрулар қажеттілігі пісіп жетілді.

Бірінші бетбұрыс сәті (1955ж. ) .

Соғыста жеңілген Жапонияның түгелімен бұзылған өнеркәсібі 1950 жылы Кореяда басталған соғысқа материалдық құралдар жеткізетін плацдарм болуы арқасында тез қалпына келді.

1955 жылы өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Осы жылы ауыл шаруашылығындағы экспорттың жақсаруымен Жапония төлем балансында тепе-теңдікке қол жеткізді. Осыдан кейін Жапония экономиканың жылдам қарқынмен даму кезеңіне түсті.

Екінші бетбұрыс сәті (1973 ж. ) .

Экономикалық өсім белсенді техникалық модернизация нәтижесінде іске асты. Қырғи қабақ соғыс пен Еуропа және Америка елдерімен экономикалық деңгей айырмашылығы жаңа технологиялар енгізуге жағдай жасады. Жапон кәсіпорындары әлем бойынша лабораториялық зерттеу деңгейдегі технологияларды іздестірді, сосын оларды жасап, өндіріске енгізді.

Бұл кезең Жапонияның өнеркәсіптік құрылымы негізін құру кезеңі болды. Жапония тек шикізатты сырттан алды, ал дайын өнім жасауға дейінгі жұмыстар елде атқарылды. Осылайшы "толық циклді өнеркәсіптік құрылым" құрылды. Нәтижесінде жапон экономикасы экспортты өсірді. 1967 жылы экспорт көлемі 10 млрд. доллардан асты, 60-жылдардың екінші жартысынан бастап Жапония белсенді төлемдік балансқа ие болды.

1973 жылы қазанда әлем мұнай дағдарысына тап болды. Энергия көзінің 70%-ын құрайтын мұнай импортына 100% тәуелді Жапония қиын жағдайда қалды. Жапония өнеркәсібі мен қоғамы "жаңа экономикалық тәртіпке" бой үйретуге тиіс болды. Мұнай дағдарысы жапон экономикасына соққы болды және өндіріс көрсеткішінің төмендеуіне әкелді. Жұмыссыздар саны 1 млн-нан асты. Жапон кәсіпорындарында "кайдзэн" және "дәл мерзімінде" принциптері қолданылды.

Үшінші бетбұрыс сәті (1992 ж. ) . йена бағамының жоғарылауымен басталды: 1985 жылы Нью-Йоркте 5 мемлекет бірлесіп валюта интервенциясын жүргізу туралы келісім жасасты. Жапония үкіметі ресми бағаны төмендетті. Төменгі пайыздық салымдар кезеңі басталды. Кейбір кәсіпорындар йена бағамының жоғарылығын пайдаланып, шет елдерге қарыздар мен облигациялар шығарып, өсімсіз капиталға ие болды.

Кәсіпорындардың артық капиталдары жер мен жылжымайтын мүлікке инвестицияланды. Жапонияның 1986-1990 ж. ж. шет елдік инвестициясы бұған дейінгі 20 жыл көрсеткішінен асып түсті. Тікелей инвестицияның көп бөлігі дамушы АСЕАН елдеріне жұмсалды. Бұл Жапонияның Азия елдерімен саудада оң сальдоның құрылуына негіз болды. 1987ж. -1989ж. аяғына дейін акция мен жер құны 2 есе өсті, бірақ 1989 ж. соңынан бастап құны түсе бастады. Активтер дефляцияланды.

Әкімшілік бөлінісі. Жапониядағы қазіргі әкімшілік бөлінісі Мэйдзи Реставрациясы кезінде орныққан. 1871 жылы 29 тамызда император жарлығымен ұсақ князьдіктер жойылып, префектуралар құрылды. Алғашқыда бұрынғы сегундық иеліктерде құрылған префектуралар жүйесі бұкіл елге таралды.

Жарлыққа сәйкес елде 300 префектура ("кэн"), соның ішінде үш астаналық округ ("фу") - Токио, Осака, Киото құрылды. Келе-келе префектурадар саны 75-ке қысқарды, ал 1888 жылы - 46-ға азайды.

Қазіргі уақытта Жапония 4 категориядағы 47 префектураға бөлінген: "то" - Токио астаналық округі, "до" - Хоккайдо губернаторлығы, "фу" - Киото және Осака округтері және "кэн" - қалған 43 префектура.

Префектуралар арасында ұйымдастыру мен басқаруда айырмашылықтар бар. Әкімшілік-территориялық бөліністің төменгі звеносы - қалалар ("си") - 669, поселкалар ("мати") - 1993 және ауылдық қауымдар ("мура") - 570. Токио әкімшілік қатынаста "си" қалаларына теңестірілген 23 "арнайы ауданнан" ("токубэцу ку") тұрады.

Билеуші партия - либерал-демократиялық партия, партияның президенті өзінен-өзі премьер-министр болады, бірақ партияға іс жүзінде бас хатшы басшылық етеді. Олардың екеуі де әр түрлі фракциядан болады. Бас хатшы бюджет мәселелерімен айналысады, парламент мәжілістерін, ұйымдастыру жөніндегі комитетті басқарады, депутаттыққа кандидаттар іріктеу, сайлау алдындағы күресті ұйымдастыру, қаржыландыру мәселелерін шешу жөнінде көп жұмысты талап ететін сайлау істерін жүргізеді.

Жалпы мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы бар, ол комитет түрлі фракциялардың өкілдерінен тұрады және партияның саясатын талдап жасайды, съездерді ұйымдастырады. Съездер жылына бір рет өткізіліп, небәрі бірнеше сағатқа созылады, яғни барлық мәселелер іс жүзінде комитетте пісіп жетілдіріледі. Либерал-демократиялық партиядағы фракциялар шын мәнінде, шағын партиялар, олардың төртеуі - неғұрлым ірі және екеуі - ұсақ фракциялар.

Тағы да төраға басқаратын саяси комитет, министрлер санына сәйкес 20 шақты қосалқы комитет бар. Бұл заң жүзінде баянды етілмеген, бірақ 1946 жылдан бастап дәстүрлі жұмыс істеп келеді. Комитеттер мен қосалқы комитеттердің мүшелері сонымен қатар сайлануға да ұсынылып, парламент палаталарының депутаттары болып сайланады, сонымен бірге парламент комитеттеріне де кіреді. Депутаттар әлденеше рет сайланып, тәжірибе мен білім жинақтайды, сөйтіп партияның қосалқы комитеттері мен парламенттік комитеттерде енді кәсіби-мамандар ретінде жұмыс істейді және соның арқасында өте ықпалды адамдарға айналады.

Депутаттардың жалақысы стажына байланысты жылына 12 миллионнан 15 миллион иенге дейін болады, ал саяси қызмет жүргізу үшін қосымша қаражат беріледі.

Сонымен, билеуші партия парламент пен үкіметтің жұмысына толық бақылау жасап, оны ұйымдастырып отырады. Сонымен бірге партияны басқаратын немесе оның басшы активі болып саналатын саясатшылардың өзі парламентке де, үкіметке де басшылық етеді: парламент мүшелері де, үкімет мүшелері де кәсіптік жағының жоғары болуымен ерекшеленеді, бұл орайда олар парламеттен үкметке және керісінше үнемі ауысып отырады, яғни жүйе саясатшылардың тұрақты тобының тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып жұмыс істейді.

Бізде де - Орталық Комитеттегі адамдарда, министрлер де, депутаттар да белгілі бір адамдар болған деп айтушылар боуы мүмкін. Бірақ бізде көппартиялылық, яғни елді басқару мүмкіндігі үшін қатаң да шиеленіскен күрес, өз саясатын ұсыну және оны қарсыластарының үздіксіз сынауы жағдайында жүзеге асыру болған жоқ. Сондықтан парламент, барлық деңгейдегі жоғарғы кеңестер бізде жұмыс істемейтін де, түрі өзгертілген болып табылады.

Халық саны жағынан Жапония жетінші орын алады. Соңғы 100 жыл ішінде мемлекеттің халқы үш есе өсті. Жапонияның тығыздығы ұлттық біркелкілікпен ерекшеленеді (99 % жапондықтар) . Жапон тілі өте ерекше және ешқандай тілдік топқа жатпайды. Жапон халқының арасында корейліктер кездеседі, ал басқа ұлт өкілдері мүлдем аз кездеседі. Халықтың ¾ бөлігі қалада тұрады. Ауылды жерде қоныстанушылардың саны азайып барады. Қала халқының 60% ірі төрт қалада шоғырланған. Соңғы онжылдықта халықтың табиғи қозғалыс сипаты өзгере түсті. Оның себебі, жапон қоғамында болған әлеуметтік - экономикалық қайта құрудың және денсаулық пен білім беру саласындағы жетістіктерге байланысты болды. Жапония - әлем мемлекеттерінің арасында бала өлімінің төменгі деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен қатар үлкен әсерді демографиялық тигізді.

Жапонияда еркектер мен әйелдердің ара-қатынасы тең. Кейінгі кездері туу көрсеткішінің төмендеуі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі Жапонияда қиын мәселе болды. Бұл процесс басқа капиталистік мемлекеттерге қарағанда бұл жерде ертерек жүрді. Экономикалық белсенді халықтың өсу деңгейі мемлекетке жастардың ағылуының азайуына байланысты болды. Жапонияда жұмыссыздық деңгейі қазіргі кезде басқа капиталистік мемлекеттерге қарағанда біршама төмен. Ал басқа мемлекеттерге қарағанда Жапонияда жұмыссыздық еркектер арасында тараған, әсіресе орта жастағылар арасында көп тараған.

2 Жапония өнеркәсібі.

Соңғы жылдары Жапонияның өнеркөсібі өндірістік шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті, бірақ басқа дамыған елдердің көпшілігіне қарағанда, онда монополиялардың меншігіндегі ірі кәсіпорындармен контракт бойынша жұмыс істеп отырған ұсақ, көбінесе шағын шеберханалар көп сақталып қалуда. Мысалы, автокөлік үшін детальдар мен запас бөлшектердің басым көпшілігін ұсақ шеберханалар өндіреді, ал кораптар, моторлар шығаруды және машиналар құрастыруды ірі зауыттар атқарады.

Ақы аз төленетін ұсақ кәсіпорындарда жапон жұмысшыларының жартысы дерлік жұмыс істейді.

Өнеркәсіптің мұндай екі жақты құрылымы жұмысшыларды қанауды күшейтуге мүмкіндік береді және монополияларға қосымша пайда әкелуде.

Таяуда ғана экономиканың жедел өсуі шаруашылықтың әркелкі орналасу проблемасын шиеленістіре түсті. Шығыстағы теңіз жағалауы аудандарында халық пен өнеркәсіп орындары тығыз шоғырлана түсуде, керісінше бірқатар территориялар (Хонсю аралының солтүстік бөлігі, Хоккайдоның шалғайдағы аудандары) нашар дамыған күйінде қалуда.

Ал Жапонияның отын-шикізат базасы өте тапшы. Өзінің көмір ресурстары ел қажетінің ½-ін ғана қамтамасыз етеді. Кокстелетін жақсы көмір мүлде аз. Бір жыл бойы өндірген мұнайы АҚШ-тың жарты күнде өндірген мұнайымен шамалас. Сол сияқты темір және марганец рудалары да өте тапшы, боксит пен минералдық шикізаттың көптеген басқа түрлерін мүлде жоқ десек те болады.

Энергияның 4 / 5 -і импорттық шикізат есебінен өндірілетініне қарамастан, елдің жоғары өркендеген энергетикалық шаруашылығы бар. Сырттан әкелген мұнайға байланысты мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі өсті, оның кәсіпорындары Хонсю мен Кюсю аралдарының урбандалған алқаптарындағы көптеген қалаларында орналасқан.

Елде электр энергиясын өндіру жедел өсуде. ХХ-ғасырдын 70-80 жылдары электр энергиясының негізгі бөлігін Хонсюдің тау өзендерінде салынған көптеген су электр станциялары беретін. Соңғы кезде шығыс жағалаулардағы қалаларда импорттық отынмен жұмыс істейтін қуатты ТЭС-тер салынды, қазір олар Жапонияда өндірілетін электр энергиясының 4 / 5 -іне жуығын береді. Осылай АЭС-тің маңызы да арта түсуде.

Қазіргі кезде Жапон елінде металлургия саласы дерлік өзгеріске ұшырап, ол толығымен қайта құрылды. Ескі зауыттардың орнына ең жаңа техникамен жабдықталған аса ірі комбинаттар салынды. Жапонияда капиталистік дүниедегі ең ірі домна пештері жұмыс істейді, болаттың 3 / 4 пайызынан астамы оттегімен үрленетін конверторларда өндіріледі.

Өндірістің шоғырлануы және қара металлургияның техникалық жарақталуы жөнінен Жапония барлық елдерден озып шықты. Бұл саланың географиясы да дерлік өзгеріске түсті десек, артық айтпағандық болар еді. Соғысқа дейін ең үлкен кәсіпорындары Кюсю аралының солтүстігіндегі көмір өндіретін ауданда орналасты.

Жаңа комбинаттар импорттық темір рудасы, металл сынықтары және кокстелетін көмір жеткізілетін Орталық Хонсюдің портты қалаларында салынған. Мұнда импорттық боксит пен басқа да шикізаттарға бағдарланған түсті металлургия кәсіпорындары да салынған.

Машина жасау саласына келсек, ол - Жапония ауыр өнеркәсібінің жетекші саласы болып табылады. Әсіресе транспорт машинасын жасау, станок жасау, электротехникалық бұйымдарды, электрондық машиналар, медицина аппаратурасын, химия, тоқыма және тамақ өнеркәсіптеріне арналған жабдықтар өндіру кең өріс алған. Жапонияның кеме жасау технологиясы да өте алуан түрлі. Атап айтқанда Иокогама, Осака, Кобе, Нагасаки және көптеген басқа да кеме жасау орталықтарының кеме верфътерінің стапельдерінен дүние жүзіндегі ең ірі супертанкерлер, әр түрлі арнайы кит аулайтын кемелер, каботаждық жүк тасуға арналған ұсақ кемелер жасалып шығады.

Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін елде автомобилъ жасалмайтын, ал енді қазіргі танда Токио, Осака, Нагоя, Кавасакидің және теңіз жағалауындағы басқа қалалардың зауыттары Жапонияны автомашиналар өндіру жөнінен дүние жүзінде бірінші орынға шығарды (АҚШ-пен қатар) .

Сонымен қатар бұл елде электрондың өнеркәсіп - жаңа өнеркәсіп саласы ретінде, жедел даму бағытына өріс алды. Жапонның транзисторлы радиоқабылдағыштары, кинокамералары, фотоаппараттары, телевизорлары дүние жүзілік рынокта жақсы мәлім. Жапонияның робот жасау және олармен өзінің өнеркәсіп өндірісін жабдықтаудағы тәжірибесімен дүниежүзінде ешқандай мемлекет таласа алмайды.

Жедел өсіп келе жатқан химия өнеркәсібі де алуан түрлі өнім шығарады. Ол ішінара отандық шикізатты (ағашты, кокстеудің қалдықтарын және т. б. ), сонымен бірге көбірек мөлшерде сырттан әкелінетін мұнайды және сұйытылған газды пайдаланады. Органикалық синтез химиясының кең өріс алуы Жапонияға өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету проблемасын шешуге көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайын талдау
Жапония жайлы
Жапония елі туралы мәлімет
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Тойота компаниясының әлемдік нарығы
Жапон өнеркәсібі және экономикалық перспективасы
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Машина жасау салаларының орталықтары
Жапониядағы ғылыми-техникалық прогресстің жалпы дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz