А.Байтурсынов өмірінің негізгі кезеңдері мен қоғамдық өмірге араласуы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. А.Байтурсынов өмірінің негізгі кезеңдері мен қоғамдық өмірге араласуы
2. А.Байтұрсыновтың «Қазақ» газетіндегі қызметі
3. А.Байтұрсынұлының аудармашылық шеберлігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен оқып білімін жетілдіреді. 1895—1909 жылдар арасында Ахмет Актөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыс-тық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін, елдігін сақтап қалу мәеелесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та қүриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді колға алу керек деп ойлайды Ахмет. Осы ойын іске асыруға кіріседі.
Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастаған. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұрған болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын, олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандрдың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері — Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
А. Байтұрсынов 1905 жылғы революцияны Қарқаралыда қарсы алады. Қарқаралыда тұрған жылдары А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасы жан-жақты кеңейе түседі. Оның маңына қазақтың зиялылары топтала бастайды. Осы жылдары А. Байтұрсыновты ел мұңы, халық қамы, әділетсіздік жағдайлар қат-ты толғандырады. Әсіресе отаршылдық қыспақта күн кешкен қазақ халқының ауыр тұрмысы ашындыра түседі. Отаршылдық саясатты айыптаған өлеңдер жазады. Жер мәселесін әділетті шешу жөнінде патшаның атына бір топ қазақ оқығандарының хатын ұйымдастырады. Сол үшін айып тағылып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады. Бұл Ахметтің Қарқаралыда екі сыныпты училищенің меңгерушісі болып істеген кезі еді.
1.Дулатов М. Ахмет Байтұрсынов.- Алматы, 1991.
2.Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов.- Алматы, «Білім қоғамы» 1991.
3.М. Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы Қазақстан тарихы (оқу құралы) 2012ж.
4. Қозыбаев Нұрпейіс «Қазақстан тарихы 5 томдық» 3 том.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. А.Байтурсынов өмірінің негізгі кезеңдері мен қоғамдық өмірге араласуы
2. А.Байтұрсыновтың Қазақ газетіндегі қызметі
3. А.Байтұрсынұлының аудармашылық шеберлігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында
туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі
ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне
оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны
жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен
И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы
жинағын Қырық мысал деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай
шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта
мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте
бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі
сыныптық мектепте, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын
мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен
оқып білімін жетілдіреді. 1895—1909 жылдар арасында Ахмет Актөбе, Қостанай,
Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыс-тық және екі сыныптық училищеде бала
оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті
халықтың тілін, мәдениетін, елдігін сақтап қалу мәеелесін күн тәртібіне
қояды. Тіл құрыса, халық та қүриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ
әдебиеті мен тілін өркендетуді колға алу керек деп ойлайды Ахмет. Осы ойын
іске асыруға кіріседі.
Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастаған.
Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін
басқарып тұрған болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы
туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын, олардың
қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді.
Осыдан секем алады. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі
тектес оқығандрдың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері —
Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ
тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов
Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар
қоюына елеулі әсерін тигізеді.
А. Байтұрсынов 1905 жылғы революцияны Қарқаралыда қарсы алады.
Қарқаралыда тұрған жылдары А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасы жан-жақты
кеңейе түседі. Оның маңына қазақтың зиялылары топтала бастайды. Осы жылдары
А. Байтұрсыновты ел мұңы, халық қамы, әділетсіздік жағдайлар қат-ты
толғандырады. Әсіресе отаршылдық қыспақта күн кешкен қазақ халқының ауыр
тұрмысы ашындыра түседі. Отаршылдық саясатты айыптаған өлеңдер жазады. Жер
мәселесін әділетті шешу жөнінде патшаның атына бір топ қазақ оқығандарының
хатын ұйымдастырады. Сол үшін айып тағылып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде
біраз отырып шығады. Бұл Ахметтің Қарқаралыда екі сыныпты училищенің
меңгерушісі болып істеген кезі еді.

1. А.Байтурсынов өмірінің негізгі кезеңдері мен қоғамдық өмірге араласуы
Бұдан былай Ахмет халық арасында насихат жұмысын астыртын жүргізеді. Бұл
әрекеті полиция тыңшыларына сезіліп қалып, 1909 жылы шілдеде қайта ұсталып,
сегіз ай бойы Семей абақтысына қамалады. Азаттық жолындағы күрес пен көрген
азап оны ширықтыра түседі. 1910 жылдың 21 ақпанында Ахмет Орынбор қаласына
жер аударылады.
Ағартушылық жолға түсіп, қайтсем, халқыма пайдамды тигізем, қалай көзін
ашам, ұйқысынан қалай оятам деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол
әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлендер шығарады,
И. А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның
1909 жылы Петербургте Қырық мысал деген кітабы, 1911 жылы Орынборда
Маса деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі
қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913
жылы 2 ақпанда шыға бастаған, өзі ұйым-дастырған Қазақ газетінде
жариялана бастайды. Ол Қазақ газетінде патша үкіметі орындарының құлағына
жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып
салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1917 жылы патша тақтан түседі. Осы кезде қазақтың зиялы азаматтары Алаш
партиясын ұйымдастырады. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің
негізгі мақсаты Ресей федерациясының құрамында Қазақстан автономиясын құру
еді. Бірақ 1917 жылдың қарашасында билікке ие болған Кеңес өкіметі оған жол
бермеді. Аласапыран кезеңнің шындығын байыптай келе, Ахмет Ә. Жангелдин
арқылы Кеңес өкіметімен келіссөз жүргізіп, жаңа өкімет жағына шығады. 1920
жылы Қазақстан Кеңестерінің 1-съезінде Қазақстан үкіметіне мүше және Халық
ағарту комиссары болып сайланады. 1921 жылы Халық ағарту комиссариаты
жанындағы Ғылыми-әдеби комиссияның төрағалығына тағайындалады. Ол әуелі
Орынбордағы, 1926—28 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту
институттарында, кейін Алматыда ашылған Қазақ университетінде сабақ береді.
1925—1931 жылдар ішілде Қазақстанды басқарған Ф. И. Голощекин Қазақстан
кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда Кіші Октябрь төңкерісін
жүргізу саясатын ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын
жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны
қолдаған жоқ. Голощекин өзіне қарсылық білдіргендерді ұлтшыл деп
жариялап, олардың көзін жоюды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге
ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер
аударылды. Азапты қуғын-сүргіннен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937
жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бүқараның
жүрегіне қозғау салар, ұйқысынан оятар қаруы — өлең сөз деп түсінді. Қазақ
халқының тағдыры, бүгінігісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды.
Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия
тілімен жеткізуді қалады.
А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын Маса деп атауы да тегін емес еді. Ол
ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқын құлағына маса боп ызындап оятуды
ойлады.
Ызындап ұшкан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары ұзын маса. ...
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,
Үйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызындаса?!
Ақын арманы —адамдық диханшысы болып халқына қызмет ету.
Адамдық диханшысы қырға шықтым,
Көгі жок, көгалы жоқ — қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге кұл халықтың.
Бұл үзінді де үлкен мұратты танытады. Көгі жоқ, көгалы жоқ сусыз қырда
диханшы болу, адамдықтың тұқымын егу — оңай шаруа емес. Оның үстіне халқы
еріксіз, біреуге құл болса... Автор осы қиын міндет жолына басын тігеді.
Ақын өзі өскен ортаға, қазақ қоғамының қалпына сын көзімен қарап, көңілін
жүдеткен, күйіндірген көкейкесті шындықты ашына сынайды. Оның Қазақ
салты, Қазақ қалпы, Жиған-терген өлендерінің мазмұны бірін-бірі
толықтырады. Ақын ел тарихына көз жібере отырып, өз халқының бүгінгі мүшкіл
халін:
Қаз едік катар ұшып каңкылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған,—
деп суреттейді. Елдегі мен жақсымын дегендердің халық үшін еш нәрсе
тындырмай жүргеніне қынжылады. Одан әрі өзін-өзі күйттеген, байлық, мансап
үшін ар-абыройын сатқандар, бос белбеу, босаң туған бозбалалар, қайырымсыз
байлар, жарқылдаған түймеге мәз болған өнер-білімін тиісті жеріне жұмсай
алмайтын оқығандар сыталады. Қай өлеңінде де Абайдың сатиралық бейнелері
елестейді. Бүгінгі Қазақ қалпын ақын:
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз калқып кешпесі жоқ,
Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру,
Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ,—
деп суреттейді. Онда басында билігі жоқ елдің күңгірт болашағын үлкен
теңізде ескексіз қалқып жүрген қайықпен салыстырады. Осы жағдайға жеткізген
қазақтың бейқамдығын, алтыбақан алауыздығын, Құдайдың өзі сақтар, Көппен
бірге көрген ұлы той деп ойсыз жүре берушілікті сынайды. Бұл күйге бүгін
емес, көптен кірдік тармағына ақын қазақ елінің отарлау тарихын аңғартар
үлкен мазмұн ұялатады.
Осы өлеңдердегі бейнелілікке көңіл аударсақ, талай тың теңеулерді
көреміз. Қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара сазға қонып салқындаған— өзінің
туған халқы болса, өрт — оның бостандығына тиген патшаның отаршылдығы.
Отаршылдық жағдайындағы ел қалтылдақ қайық мініп, теңізде жүрген адам
сияқты. Осы жағдайларды халқына түсіндіре отырып, дихан болып, адамдықтың
ұрығын егеді.
А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол
орыс ақындарын беріле мол оқыған. Ауыл мүғалімі боп істеген жылдарынан
бастап шәкірттеріне И. А. Крылов мысалдарын оқытқан. Орыс ақындары А. С.
Пушкинді, М. Ю. Лермонтовты, С. М. Надсонды оқып, кейбір шығармаларын
аударған. Ақыннан қалған мұраның ішінде А. С. Пушкиннің Ат деген өлеңі,
Данышпан Аликтің ажалы, Балықшы мен балық, Алтын әтеш ертегілері бар.
1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысалдар
жаза бастайды. А. Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар
еді. Ондағы моральдық, адамгершілік тағылымын ол қазақ қоғамы үшін аса
қажет үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік,
алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз
мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын тандады. Әр түрлі
андардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың ара-сындағы түрлі қарым-
қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.
Крылов мысалдарын аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталса, Ахмет өз
кезіндегі зиялы ақын-жазушылар С. Көбеев, Б. Өтетілеуовтермен қатар жұмыс
істеп, мысал, ертегілер аударып, әдеби қазынаны байытты. Бір мысалдың өзі
әрқайсысының аудармасына ілікті. Оны бір ақын өлеңмен аударса, енді бірі
қара сөзбен аударды. Бұл тәжірибе әдебиет тарихындағы нәзирагөйлік тәсілді
байытты. Ұқсас өмір шындығын қамтып, ойға ой қосып отыратын үлгілер ұлттық
әдебиеттегі мысал жанрының дамуына жол ашты. А. Байтұрсынов И. А. Крылов
мысалдары сюжетін сақтағанмен, қазақ тұрмысын танытатын жаңа ойлар қосып
молайтады. Мысалы, Қасқыр мен тырна түпнұсқада 19 жол болса, аудармада —
76 жол. Өгіз бен бақа түпнұсқада 17 жол болса, аудармада — 36 жол. Басқа
мысалдар да осындай жолмен аударылған. Ұлттық сипат тек көлемінен ғана
емес, кейіпкерлер атынан да аңғарылады. Қасқыр мен мысық мысалындағы
Васька, Степан, Демьян, Трофим аттарын Ахмет Қоянкөз, Құрамыс, Көпберген
бай, Қисықбас деп өзгертіп алады.
Бұл тәжірибе А. Байтұрсыновтың аудармашы ғана емес, ұлттық әдебиеттегі
мысал жанрын дамытушы болғанын дәлелдейді. Ахмет мысалдарының бір тобы адам
бойындағы алауыздық, мақтаншақтық, қайырымсыздық, тәкаппарлық, күншілдік,
зорлық, топастық, надандық, қулық, күндестік, үлкенді сыйламау,
тойымсыздық, достықты қадірлемеу, жала-қорлық, қанағатсыздық сияқты
келеңсіз мінездерді мінеуге құрылады. Кейбір мысалдарда тұтас халықтық
әлеуметтік мәні бар тақырыптар (отаршылдық, әкімшілдік, зорлық пен
зомбылыққа қарсы халық санасына қозғау салатын, қайрат пен жігерге, намысқа
шақыратын) қозғалады. Бұған Қасқыр мен тырна, Ала қойлар, Қасқыр мен
қозы, Андарға келген індет, т. б. жатады.
Қасқыр мен тырнада сүйекке қақалып өлгелі тұрған жерінен құтқарған
тырнаға қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болады.
Мысалдағы оқиға желісі көптеген мысалдарға ортақ болғанмен, авторлардың әр
қайсысы өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады.
Қасқырдың тырнаға мақтау — монологін өз жанынан қосады. Мысал соңындағы:
Қиссасы Қаскыр, Тырна болды тамам,
Мінездес, касқырменен кейбір адам.
Басына пәле түсіп, кысылғанда,
Жалынып-жалпаяды келіп саған...
Қайырды қарап істе адамына,
Қарайлас өзіңменен шамалыға
Қасқырдай каражүрек залымдардың
Жүрмендер түсіп кетіп тамағына,—
деген тұжырым қазақылық ұғымға сай келеді.
Ала қойлар мысалында жадағай зорлық-зомбылық қана емес, отаршылдық
саясаттың зұлымдық бет пердесі ашылады. Ахметтің түпнұсқадағы 38 жолдық
мысалды 64 жолға жеткізіп аударуы өзінің айтар ойын оқырманның тереңірек
үұғынуына жол ашу еді. Мұнда Ахмет ақ патшаның құлқынқұмар саясатын, отар
елдерді айлалы тәсілмен қанап отырғандығын суреттейді. Арыстан — орыстың ақ
патшасы, аю мен түлкі — жақын кеңесшілері, ала қойлар — бұратана халық.
Әділ патша ала қойларды көргенде көзі ауыратынын айтып, олардан
құтылудың жолын кеңесшілерімен ақылдасады. Оларға өз ойын ашық айтып,
беделіне көлеңке түспейтіндей болуын сұрайды. Сонда аю:
Бәрін де ала қойдың қырсаң, тақсыр,
Тұқымын не бар кұртып, жоймайтұғын?—
деп, бірден жауыздық ойын жеткізеді. Оны арыстан қүптай қоймайды. Сонда
саясатқа шебер сүм түлкі қойларды қысқырға бақтыруды ұсынады. Арыстан бүл
ақылды қабыл алады. Ақыры қасқыр баққан қойдан ала түгіл ағы да аз
қалады. Қойлардың таусылғанын көрген жандар оны арыстаннан емес, қасқырдан
көреді. Мысал аяғында:
Бұл сөзге дегенім жоқ жылар-күлер,
Адам аз алдын болжап, анық білер.
Көкжалдар қойшы болса, кім біледі,
Береке ала койға кірсе, кірер,—
деп, Ахмет түйінді ойды оқырманның өзіне тастайды.
Осындай саяси мәні бар мысалдың бірі —Қасқыр мен қозы. Ол түпнұсқада 36
жол болса, тәржімада 68 жол. Бұлаққа су ішуге келген қозыны қасқыр ұстап
алып, кінәлап, сол кінәсы үшін жеп қоймақ болады. Қозы өзінің кінәсыздығын
қанша дәлелдесе де, болмай, қасқыр оны көтеріп ала жөнеледі. Ахметтің
өзіндік өрнегі мысалдың басталуы мен аяқталуындағы өзгешеліктер және қасқыр
мен қозы диалогіндегі қазақы сөз саптауынан байқалады. Ахмет былай
бастайды:
Бұлаққа су ішуге келді қозы,
Жанында серігі жоқ жалғыз өзі.
Бөрі жоқ десең, шығар бөрік астынан
Пәле мен қаза алыс па келсе кезі.
Шумақтағы Бөрі жоқ десең, шығар бөрік астынан деген тармақ ерекше өң
беріп, мысалдың таза ұлттық тынысын танытады. Крыловта оқиғаның қалай
аяқталары басынан-ақ белгілі болса, Ахмет оқиға дамуына өзіндік әдіс
қолданып, мысал кілтін сонына дейін сақтайды. Қасқырдың қойған кінәсынан
қозы ақталып шыққандай болғанмен, қасқыр тағы бір бүлтарпас кінә тағады.

Алыпсың жаман әдіс қарсыласып,
Сенімен тұрам ба мен мылжындасып.
Айтайын, білгің келсе, қозым, саған,
Кінәң сол — жегім кеп тұр, қарным ашып.
Ахмет мысалынан күштінің озбырлығын бірден тануға болады. Бұдан сол
кездегі патшалық Ресей қазақ даласына әкелген үстемдіктің әділетсіздігі
көрінеді. Отаршылдық құр-сауындағы халықтың басты кінәсы қозы тағдырына
ұқсас. Мысалдың негізгі түйіні — халықты ояту, ой салу.Отаршыл әкімдердің
момын халыққа істеген қулық, зорлық-зомбылық әрекетін Авдарға келген
індет деген көлемді мысалында суреттейді. Аң патшасы арыстан бар андарды
жинап алып: Күнәміз көп болған соң, кұдай бізге індет жіберді. Менің де
күнәм жетерлік, талай қойды қойшысымен жеп едім. Кімнің күнәсы көп болса,
жүрт үшін құрбандыққа жанын қисын,— дейді. Сонда жағымпаз түлкі: Кім оны
кінә дейді, оны кінә десек, біз аштан өлеміз ғой, адамды жесеңіз де, кінә
емес, қайта сауап,— дейді. Бұны жолбарыс, аю, қасқыр бәрі де қолдайды.
Әркім өз сырын айтады. Өгіз түрып: Бұдан бес жыл бүрынғы аштықта біреудің
шөбін рұқсатсыз үзіп жеп едім,—дейді. Іле-шала, аю, қасқыр:
Япырмай, бұл не деген күнә, тақсыр!
Шуылдап қоя берді аю, қасқыр:
Былғады бір өзі емес, бәрімізді,
Біреудің шөбін ұрлап кара басқыр!
Соншама не көрді екен, құдай ұрған?
Обал жоқ бұл көрімге жұртты кырған.
Өзгелер мұнан ғибрат алмас үшін,
Жоялық жылдам көзін, етіп құрбан,—
деп, өгізді алып ұрып, құрбандыққа шалады, күнәдан тазарсын деп отқа
салады. Автор адамның шөбі түгіл, өзін жеген, тісті мен тырнақтылар аман
қалды, Айтуға түсін ашып қаймығамын, біреуге кетті ме деп тілім тиіп,
деп аяқтайды.
Тауыса алман дүние кебін айтып, санап,
Хәкім аз іс ететін ғаділ қарап.
Залымдар айран ішіп аман кетіп,
Момындар тұтылып жүр шелек жалап.
Мысал Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады деген халық мақалын
еске салады. Ахмет мысалдарында ұлттық мақал-мәтелдер мазмұнына қарай
талғампаздықпен қолданылады. Мәселен, Әлін білмеген әлек, (Өгіз бен ба-
қа), Бастан құлақ садаға, (Қасқыр мен тырна), Халық айтса қалып
айтпайды (Қарға мен түлкі), Жақсылықты басыңа қыл, басыңнан асса,
досыңа қыл (Қара бұлт), Не ексең, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Алаш қозғалысының бастау көздері
Қазақ тіл ғылымының атасы
1930 жылдардағы мектеп және педагогика
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
А. Байтұрсыновтың өмірі
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер