Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім
1.1. Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру ... ... ... ... ... ... ..4.13
1.2. Діндерді исламдық тұрғыдан бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
II Бөлім
2.1. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ...15.18
2.2. Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады.
Діндер классификациясы деп – барлық діндердің шығу тегі, таралу аймағы, табынатын объектісі және тағы да басқа принциптеріне қарай топтастырылып бөлінуін айтамыз. Жалпы діндердің түрлері мен не себепті бөлінетінін, классификациясын қоғамға насихаттап түсіндіру өте маңызды екенін білген жөн. Жоғары дәрежеде насихатталса теріс пиғылды жат ағымдардың саяси әрекеттеріне тосқауыл болатыны күмәнсіз. Демократиялық мемлекетте әр түрлі ұлт өкілдері, онымен қоса әр түрлі дін өкілдері де көп болатыны даусыз. Егерде мемлекет дінге қатысты дұрыс саясат жүргізе білсе, халықтың тату-тәтті өмір сүруіне белді орын алатындай кепіл болатынын сеніммен айтуға болады.

1. Ғ.Есім, А. Артемьев. Дінтану негіздері А, 2003 5-20 б.
2. М.Орынбеков. Қазақ сенімдерінің бастаулары.А.,2002.
3. В.А.Иванов..Я.Ф.Трофимов.Религии вКазахстане.А.,2003.
4. М.Ж.Бұлытай.Ата Баба діні.Түркілер неге мұсылман болды.А.,2000.
5. Д.Кенжетай.Дәстүрлі түркілік дүниетаным.Түркістан.,2004.
6. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер заңы» А.,2011
7. Васильев Л.С. История религии востока. Москва, 1998.7-9
7. б.Радугин А.А.Введение в религиоведение.Курс лекций.М,2004. 53-73 б.
8. Религия в истори и культуре. под.ред Писманика. Москва,2000. 7-45 б.
9. Кислюк К.В Кучер О.Н.Религиоведение.Ростов, 2003. 17-19 б
10. Г.Тумер, А.Кучук. Діндер тарихы. Анкара, 1997. б.
11. Основе религиоведение. под ред. И.Н.Яблокова. М, 1994.67-71 б
12. А.Мень.История религии.М,2000.
Web сайттар:
1. http:// www. relіgіovedenіe.ru
2.http:// www. relіgіo.ru.
3.http:// www. //relіgіon.ru/;
4.http:// www. upelsіnka.com
5.http:// www. relіgіon.ng.ru

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім
1.1. Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
... ... ... ... ... ... ..4-13
1.2. Діндерді исламдық тұрғыдан бөлу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
II Бөлім
2.1. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың классификациясы
... ... ... ... ... ... ... ...15-1 8
2.2. Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...34
Кіріспе
Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап,
демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған
адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады.
Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды.
Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды
және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда
діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың
өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын
алады.
Діндер классификациясы деп – барлық діндердің шығу тегі, таралу аймағы,
табынатын объектісі және тағы да басқа принциптеріне қарай топтастырылып
бөлінуін айтамыз. Жалпы діндердің түрлері мен не себепті бөлінетінін,
классификациясын қоғамға насихаттап түсіндіру өте маңызды екенін білген
жөн. Жоғары дәрежеде насихатталса теріс пиғылды жат ағымдардың саяси
әрекеттеріне тосқауыл болатыны күмәнсіз. Демократиялық мемлекетте әр түрлі
ұлт өкілдері, онымен қоса әр түрлі дін өкілдері де көп болатыны даусыз.
Егерде мемлекет дінге қатысты дұрыс саясат жүргізе білсе, халықтың тату-
тәтті өмір сүруіне белді орын алатындай кепіл болатынын сеніммен айтуға
болады.
1. Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Дінтану ғылымы сан алуан діндерді сенім ерекшелігіне, аймақтарға
таралуына, шығу тегіне және т.б принциптерді негізге ала отырып
топтастырады. Жалпы діндерді классификациялаудың өзі шартты екенін есте
ұстаған жөн.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын классификацияларды қарастырамыз.
І. Табыну обьектісіне қарай бөлу:
1. Монотеизм (бір құдайлық) – бір ғана жаратушығы сенетін. Ислам, Иахуди,
Христиан және т.б.
2. Дуализм (екі құдайлық) – екі құдайға ғана сыйынатын. Иран діндері.
3. Политеизм (көп құдайшылдық) – қөп құдайға сыйыну немесе пұтқа табыну.
Үнді діндері, Қытай діндері және т.б.
ІІ. Әлемге таралуына байланысты бөлу:
1. Діни сенімнің көне нысандары – көне дәуірдегі діни наным-сенімдер.
Тотем, фетиш, анимизм, магия, шамандық және көне діни табынушылық
ғұрыптары.
2. Ұлттық діндер – бір ғана халық немесе мемлекетпен шектелген, сол
халықтың ұлттық дәстүріне негізделген, тек бір ұлттың мүддесін көздейтін
діндер. Үнді діндері, иахуди, даосизм, синтойзм, ежелгі өркениет діндері
және т.б.
3. Әлемдік діндер – әлемнің барлық жеріне таралған, адамдарды нәсіліне,
ұлтына, тегіне және әлеуметтік жағдайына қарап бөлмейтін діндер. Буддизм,
христиан және ислам діндері.
4. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діндер) – соңғы кездерде пайда болған,
шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан, бірақ
қазір қайнарынан байланысын үзген, өзіндік ерекшелік пен әмбебептыққа
ұмтылатын жаңадан шығып жатқан діни сенімдер. Олар әлеуметтік тұрғыда
діни секта деп аталады. Құқықта секта термині қолданылмайды сондықтан
ғылыми әдебиеттерде бұл термин көп кездесе бермейді.
4. Алғашқы қауымдық діни сенім түрлерінің ерекшеліктері. Зерттеушілердің
көпшілігі көне діни сенім түрлеріне төмендегідей ерекшеліктер тән
екендігіне келіседі:
- Құдіретті, жаратушы, әлемді басқарушы құдай деген сенімінің
жоқтығы. Оның орнына материалды заттар, табиғат құбылыстарына, жануарлар
мен өсімдіктерге ерекше тылсым қасиетке ие деп табыну.
- Ғалымдар алғашқы қауымдық діндердің пайда болуын адамның ойлау
жүйесінің ерекшелігінен, олар қоршаған дүниені сезімі, эмоциясы же еркі
бар жанды тіршілік ретінде сезінген деп жорамалдайды. Исламдық тұрғыдан
қарағанда алғашқы діни сенім түрлерінің пайда болуының себебі адамдардың
таухид сенімінен ажырап, адасуынан деп түсіндіріледі.
5. Фетишизм (португал тілінде- сиқыр заты) керемет әсер ететін қасиеттері
бар деп саналатын жансыз заттарға табыну. Бұл термин ғылыми айналымға 18
ғасырдың аяғында кірді, алғашқыда Франсуз ғалымы Шарл Деброс, кейін О.Конт
(19ғ.) кеңінен қолданды.
Фетишке сенім негізінде затты адам сияқты сезімі, эмоциясы т.б. қасиеттері
бар деп қабылдау жатыр. Фетиш ретінде – ағаш, тас, сүйек, үй заттары,
жануарлардың тісі, мүйізі т.б. нәрселер алынған. Ежелгі адамдар фетишке
арнайы орын дайындап, оған сиынған. Кейінгі дәуірлерде адамдар фетиштерді
жануар және адам кескінінде жасап, оларға тылсым құдірет күші ретінде
сиынатын болған. Алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы дәуірлерінде қарапайым
фетиштіктің жаңа түрі пұтқа табынушылық қалыптасты. Енді құдайларды,
рухтарды кескіндеп табына бастады. Мұны пұтқа табынушылық (язычество,
идолопоклонства) деп атайды.
Фетиштіктің тағы бір түрі тұмар (амулет, талисман) –тылсым күш.
Төтеннен болатын жағдайлардан қорғайды деген сенім-наным. Сонымен қатар
тұмар тіршілікте бақыт, сәттілік әкеледі деп сенген. Фетиштіктің
сарқыншақтары барлық діндерде кездеседі,бірақ оның мазмұны әр түрлі.
6.Тотемдік. Тотем Солтүүстік Америка үнді тайпаларының тілінде – оның туысы
деген мағынаны білдіреді. Тотемдік адамның және жеке әлеуметтік ұжымның
жануарлар мен өсімдіктер арасында туыстық байланыс бар дейтін алғашқы
қауымдық түсінік (сенім). Тотем термині 18ғ. басында ғылыми қолданысқа
еніп, Х1Х - ХХғ.ғ. Ағылшын этнографы Дж. Фрейзер (1854-1941) оны толық
бекітті. Жалпы тотемдік туралы елуден астам түрлі теориялар бар, оның
пайда болуының себебі басы ашық мәселе.
Ғылымда тотемдік сенім мен ғұрыптар жайлы деректер жеткілікті.
Тотемдік жануар және өсімдіктер рудың немесе тайпаның тұрған жеріне және
шаруашылығымен кәсібіне байланысты. Жануар сол тайпаның арғы түпкі атасы
(первопредок), бәрі содан тарайды, ол туралы аңыз шығарылып,ұрпақтан-
қрпақққа беріледі. Тотемді қасиетті деп етін жеуге немесе тұрмысқа
пайдалануға табу(тыйым салу) жариялайды,бірақ екінші жағынан тотемдік
хайуан етін рәсімдік астарға пайдаланған.
Тотемдік тек діни сенім ғана емес, әлеуметтік институт ретінде реттеу,
тәртіпке келтіру т.б. қызметтер атқарды. Тотемніңә әлеуметтік функциялары:
- Адамның жеке бірегейлігін (идентификация) білдіру,яғни бір тайпаның
мүшесі екенін көрсету. Мыс:Европалық зерттеушілер Австралияның тұрғылықты
(абориген) адамдарынан сен кімсің деп сұрағанда, мен кенгурумін және т.б.
деп жауап берген.
- Экономикалық функциясы-территорияны бөлу, жерді игеру және шаруашылықты
жүргізу т.б.
- Некелік қатынастарды реттеу функциясы. Бір тотемдік ру мүшелерінің
некелік қатынасына тыйым салынған, бірақ бір тайпа ішінде түрлі тотемдік
рулар арасында рұқсат етілген. Тотемдік негізінен ұжымдық сипатта болған.
Кейінгі дәуірлерде барлық діндерде тотемдік адам және хайуан кескінінде
дамыды. Мысалы: Ежелгі гректердегі жартылай адам және хайуан (кентавр)
кескінінде көрініс тапты. Тотемдік өнердің дамуына да ықпал етті, тотемді
заттарға және адам өз денесіне де кескіндеген. (мысалы; татуировка өнері)
Түркі халықтарында тотемдік жануар – қасқыр, түркі аңыздарында олардың көк
бөріден жаралғандығы айтылады.
7. Анимизм (латын. апема-рух, жан) рухани мәндер мен тіршілік иелерінің бар
екендігі және олармен адамның қарым-қатынас жасау мүмкіндігі туралы сенім.
Басқалай айтқанда анимизм табиғат күштерінің,жан-жануардың, өсімдіктер мен
жансыз заттардың рухы, жаны бар деген түсінік. Анимизм терминінің авторы
Э.Тайлор (1832-1917) “ Алғашқы қауымдық мәдениет” - атты еңбегінде анимизм
теориясын жасады. Э.Тайлор анимизм барлық діннің бастауы деп тұжырымдаған,
бірақ қазіргі ғылым ол пікірмен келісе бермейді. Оның ойынша анимизмнің
шығуына ежелгі адамдардың екі мәселеде ойлануы себеп болды. Ол екі мәселе
тірі және өлі дене айырмасы неде,түс,ояу болу, экстазбен ауыру себептеріне
жауап іздеуде, міне осыларға жауап іздеу анимизмді шығуына себеп болды
дейді. Э.Тайлор былай дейді: Жеке жан жайлы түсінік шықты,жан нәзік заттық
емес, ол адам бейнесі, бу, ауа немесе көлеңке сияқты. Жан тіршілік
иесіндегі өмірдің және ойдың себебі. Жан көрінбейді,басқа денелерге кіре
алады. Адамның бірнеше жаны бар, олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет
атқарады; біреуі өмірлік қызмет,екіншісі ойлануға,ал үшіншісі адамның
тұлғалық бейнесін көрсетеді.Адам өлген соң оның жаны (рухы) жеке дербес
өмір сүре алады.өлген адам жаны өзінің денеден тыс екенін сезеді,оны
сырттай көреді.Жан басқа рухани денеге кіргенін, яғни физикалық денесін
тастап кеткенін біледі, нәтижесінде жан мына дүниеге, ондағы процесстерге
араласады. Кейін анимизмнің даму барысында ата-баба рухына табыну пайда
болды. Ата-баба рухы ұрпақтарын қолдап, жебеп жүреді деп түсінген.
Сондықтан оларға арнап арнайы рәсімдер атқарылған. Дұға ету, құрбандық шалу
т.с.с.
Сонымен қатар таудың, судың, жердің, үйдің, жан-жануардың, тіпті Көне
Гректер мен Римдіктерде адам сезімдерінің де киесі, иесі бар деген
анимизмнің түрлері шыққан. Мысалы су перісі, таудың, үйдің иесі(домовой),
жануарлардың киесі т.б. анимистік сенімдер барлық халықтарда болған.
Алғашқы қауымдық дәуіріндегі адамдар зияны тимесін, қолдап, жебеп жүрсін
деген мақсатта, оларға арнап салтанатты рәсімдер атқарған. Орман ішінен
бір ағашты таңдап алып,оған шүберек т.б нәрселер байлап белгі қойып, арнайы
дұғаларын, рәсімдерін жасайды. Дәл осылай тау иесінің құметіне арнап,
белгілі бір жерді таңдап алып, тау тастарын үйіп, соңынан рәсімдер
орындаған. Анимистік салт-жоралар қазіргі уақыттада халық арасында
сақталынған.
8. Магия (грек сөзі-сиқыр)-көз алдына елестететін құпия күштерге және
олардың көмегімен айналадағы шындыққа әсер ету мүмкіндігіне сенумен
байланысты салт-жоралар және әрекеттер жиынтығы. Магия анимизм және
тотемдікпен қатар пайда болған құбылыс. Оның негізінде рухқа, жанға иланым
жатыр. Магияның пайда болуы мен мәні және де дінмен арақатынасы мәселесі
туралы ғылымда әлі керіағар тұжырымдар бар. Дж.Фрейзер өзінің “Алтын бұтақ”
еңбегінде магияның пайда болуы жөніндегі теориясын жасады. Оның теориясы
(идеялар ассоциациясы) екі заңына негізделген,яғни магиялық ойлау екі заңға
байланысты. Бірінші заң “Ұқсастық заңы” - Ұқсас нәрсе өзіне ұқсасты
шығарады немесе салдар өз себебіне ұқсайды.
Алғашқы қауымдық құрылыста адамның дүниетанымы табиғат пен әлемге
нақты - сезімдік қатынаста болған. Екінші заң”жұғу заңы” - бір-бірімен
байланысқа түскен заттар тікелей байланыс біткен кезде алыстан өзара әсер
етеді. Бірінші заңдылық бойынша сиқыршы(маг) қалаған нәрсесін сол нәрсеге
ұқсау арқылы жүзеге асырады. Найзағай мен күркіреудің ұқсасын (имитация)
жасау арқылы жауын жаудыруға болады. Екінші заңдылық негізінде сиқыршы бір
затқа әсер ету арқылы сол заттың иесіне әсер етеді. Дж.Фрейзер магияны
осылайша түсіндіреді.
Дін және магия. Магияның дінмен арақатынасы қандай, магиядан дін шығады
ма,әлде діннен магия шығады ма деген сұраққа ғылымда жауап та сан алуан.
Дж.Фрейзердің айтуынша магия мен дін бір-бірімен сәйкес емес, оның үш
себебі бар. Біріншісі, магияның негізінде табиғат құбылыстары бірыңғай
заңдылықтарға бағынады деген сенім жатыр, ал дін заттардың табиғи тәртібі
мен процесіне жоғарғы тылсым құдірет араласады деп сенеді. Екіншіден, дін
өз болмысы бар құбылысқа сену, ал магия жансыз немесе кескінсіз күштермен
әрекет ету. Үшіншіден, дін сұрайды жалбарынады, ал магия күштейді.
Діндер магияға тыйым салады. Сонымен сиқыр адамның дәрменсіз, шамасы
келмеген кезде тылсым бір күш арқылы армандаған нәрсесін іске асыру. Ал дін
нақты саналы іс-әрекетке сүйенеді. Дін магиядан жоғары тұрады.
9.Шамандық. Шаман – (тунгус сөзі – сиқыршы) термині ғылымда XІX ғ. бері
қолданылып келеді. Бұл көне діни сенім нысаны (формасы). Көбіне Орталық
және Солтүүстік Азия, Корея, Жапон, Үнді - Қытай елдері мен Америка
халықтарында кеңінен таралған. Шамандықтың негізгі мәні рухтарға сенім,
олардың шаманға бағынуы, оның арнайы тәжірибе (камления) барысында жоғарғы
және төменгі әлемдерге сапар шегуі, зұлым рухтарды жеңуі. Рухқа сену барлық
діндерде бар, бірақ шаман жәй сеніп қана қоймай сол рухтармен байланысқа
түседі, олардың көмегімен басқа жаман рухтарды аластайды. Шамандық қиын
ауруды емдеу, жаман энергияны аластау, жоқ іздеу және т.б. жағдайларда
атқарылады. Шаман қазақтарда бақсы, түркімендерде бакса, қалмақ, монғол,
манжурларда бакши деп аталады. Шамандықтың себебін ғалымдар осы уақытқа
дейін жүйке ауруынан деп тұжырымдап келді, әлі де осы пікірді қолдайтындар
көп, өйткені шаман болатын адам ауырады, оның ауруы ұзаққа шалдығып, есі
дұрыс емес көрінеді, бірақ кейін оны мазалаған рухтардың айтқанын істесе,
оларға сенсе өз қалпына қайта келеді, яғни ерекше қабілет сезімге ие
болады. К. Леви – Строс: Шаман дені сау, ақыл есі бүтін адам, ол аурудан
гөрі психотерапевтң – деп айтты. Бұл ойды М. Элияде одан әрі дамытып
шаманның психикалық ауруға еш қатысы жоқ екенін жазды. Шамандық
және дін. Шамандық дін емес, бұл экстатикалық және емдік әдістер жиынтығы,
оның мақсаты – параллел көрінбейтін рухтар әлемімен байланысқа түсіп,
олардың көмегі арқылы адам істерін шешу. Шаман дін істерімен шұғылданбаған.
Оның қызметі адамдарға көмектесу ғана. Адамдар шаманның ерекше қабілетіне
сенген.Жақсы рухқа сену барлық діндерде бар. Исламда рух жайлы мәлімет аз,
Құранда рухтың мәні Аллаға ғана аян екендігі айтылған. Рух түссіз
көрінбейтін саф таза құдайлық бастаудан шыққан деп қабылданады. Ислам
сенімі бойынша адам мен өлген адамның рухы тікелей байланысқа түспейді, ал
шамандықта керісінше адам мен рух тікелей байланысады. Шамандық Орталық
Азияда кеңінен таралған. Исламның келуімен шамандық онымен синтезделіп жаңа
арнаға түсті.
10.Ежелгі өркениет діндері. Ежелгі месопотамия діндері. Шумер, Аккад,
Ассир сияқты қауымдар мекендеген ежелгі Месопотамия өлкесінде түрлі
сенімдер болған. Осы өлкеге жасалған археологиялық қазбалардың нәтижесінде
Месопотамия түрлі діндерді басынан кешіргенін байқауға болады. Қазба
жұмыстарына қарағанда, ежелгі дәуір діндеріне тән месопотамия діндерінде
политеистік сенім басым болғанымен, монотеистік діндер де байқалып отырады.
Шумерлер б.д.д. 4 мыңыншы жылдары Орта Азиядан Месопотамияға қоныс
аударған түркілермен туыс қауым деген болжамдар бар. Себебі шумер мәдениеті
Орта Азиядағы түркі мәдениетіне жақын келеді. Сонымен қатар, ежелгі шумер
құдайының аты Дингирдің қазақ тіліндегі Тәңір сөзіне ұқсастығы оған
дәлел бола алады.
Шумерлер алғашында түркілер сияқты бір тәңірге табынған қауым
болғанымен, кейін оларда семит тайпаларымен араласуына байланысты тотемизм,
анимизм және натуризм сенімдері кездесетін болған. Себебі бұл қауымның
дінінде арыстан, бүркіт тәрізді жануарлар мен құстар қасиетті саналып, ай,
күн және жұлдыздар құдай болып есептелінген. Олар қоршаған ортадағы
заттардың рухтары болғанына сенген. Сонымен қатар әр қаланың жеке өз
құдайлары болып, олар Ана құдай деп аталатын ортақ бір құдайдың бөлшегі
болып есептелінген.
Шумер сенімі бойынша ең ұлы құдай адамзатты өзіне табыну үшін
топырақтан жаратқан. Сонымен қатар олардың ескі саз балшық жазбалары жер
бетін топан су қаптағаны туралы мәлімет береді.
Шумерлерде патшалар құдайдың ұлы есептелген, тіпті патшаларға құдай
сияқты табынған.
Сонымен қатар шумерлердің Думузи, Нисан ну, Улу ку, Кину ну
т.б. сияқты 1500-ге тарта құдайлары және үштік құдай сенімі (Ану, Энлил,
Энки немесе Уту, Нанна және Инанна) болған. Ану - аспан құдайы және барлық
құдайлардың патшасы, Энлил – жер жүзінің құдайы деп есептелсе, Энки – су
мен теңіз құдайы болып есептелген. Олар аталмыш құдайлардан басқа Шамаш -
күн құдайы, Син - ай құдайы, Иштар - жұлдыз құдайы, Ишкур - боран
құдайы сияқты құдайларға табынған.
Шумерлерде ғибадатханалар жоғарыға қарай баспалдақ пішімінде
тұрғызылатын (пирамида) болған және ғибадатханалар аспандағы құдайдың үйі
болып есептелінген. Ғибадатханалардың жанында шумер дінбасыларының
ғибадатханалары да кездесетін болған.
Б.д.д. ІІІ ғасырда Месопотамиядағы билік шумерлерден кейін семит
тектес ассириялықтарға өткен. Ассириялықтардың діні шумер дініне ұқсас
келеді. Шумер діні сияқты ассириялықтардың әр қаласында жеке құдайлары
болған. Сонымен бірге күн құдайы – Шамаш, ай құдайы – Син, жұлдыз
құдайы – Иштар деген шумер құдайлары ассир дінінде де жалғасын тапқан.
Ассириялықтарда балгерлік кең етек алған. Олар жауынгер халық болғандықтан,
соғыс кезінде немесе соғысар алдында құдайларына құрбандық шалып отырған,
яғни құдайға құрбандық шалу бұл дінде маңызды орынды иеленген.
Ежелгі мысыр діні. Ежелгі мысыр дінінде пирамида жазбалары,
құлпытастар жазбалары және өлілер жазбалары атты ескерткіштер берген
мәліметтерге қарағанда анимизм, натуризм және тотемизм сенімдері кездеседі.
Ежелгі мысыр діні негізгі мына шарттардан тұрады: өлілерді құрметтеу,
өлгеннен кейін о дүниенің бар екеніне сену және өлілерге жасалынатын
рәсімдер; жануарларды құрметтеу және жануарларға жасалынатын рәсімдер.
Бұл дінде құдайлар маймыл, қошқар, қолтырауын (крокодил), сиыр, т.б.
жануар кейпінде бейнеленген және ежелгі мысырлықтар сол жануарларға
табынған. Ежелгі мысырлықтар өлі рухтарды құрметтеп, олардың араларында
жүретініне, біршама уақыттан кейін денесіне қайта оралатына сенген және
өлген адамның денесін шірітпей, сақтауға тырысқан.
Ежелгі мысыр дінінде тотемизм, анимизм сенімімен қоса натуризм сенімі
де кездеседі. Оған олардағы Ра немесе Амон-Ра – күн құдайы, түнек
құдайы – Апоп, аспан құдайы – Нут, құйын, дауыл құдайы – Сет, Изис
пен Сириус – жұлдыз құдайлары дәлел бола алады. Осы құдайлардан басқа
ақыл құдайы – Геб, перғауын жарылқаушысы – Гор, әйелдер мен аналар
құдайы – Исида, шындық құдайы – Маат, өлілер құдайы – Анубус сияқты
құдайлар кездеседі. Сонымен қатар ежелгі мысыр дінінде Изис, Осирис
және Хориус деген үштік құдай сенімі де кездеседі. Бұл дінде
ғибадатханалар пирамидалық пішімде тұрғызылған. Пирамиданың ішкі бір
бөлімінде халықтың көзінен таса құдай мүсіндері орын алған.
Ежелгі грек діні. Ежелгі гректер Үнді-Еуропа тобына жататындықтан,
олардың діні ежелгі Еуропа мен Үнді діндеріне жақын келеді. Ежелгі Грек
діні политеистік дін және бұл дінде натуризм, анимизм сенімдері де
кездеседі. Кейбір дін зерттеушілері ежелгі грек дінін құдайларға құрбандық
шалу сияқты жалпы грек халқы орындайтын халық діні және ежелгі грек ақыны
Орфей құрған мистикалық (сыр) дін деп екіге бөледі. Бірақ бұл дінді гректің
беделді адамдары ғана ұстаған. Ежелгі грек сенімі бойынша мистикалық дін
арқылы адамдар құдайларға тән сипатты өз бойына жинақтайтын болған. Олар
осы жол арқылы құдайлар дәрежесіне жетеді деп сенген. Ежелгі гректер
құдайларын адам кейпінде елестеткен және құдайлар аспанның ең биігінде
отырады немесе аспанмен таласқан Олимп тауының ұшар басын мекендейді деп
сенген. Оларда ең үлкен құдай – Зевс, адамзаттың, құдайлардың құдайы әрі
күн тәңірісі. Одан басқа мейірімділік құдайы – Аполлон, Зевстің әйелі,
жанұя мен әйелдердің құдайы – Гера, Афины қаласын қорғаушы құдай –
Афина, теңіз құдайы – Посейдон, берекелік құдайы - Гермес, аңшылық
құдайы – Артемида, сұлулық құдайы – Афродита, ғашықтық құдайы – Элена
сияқты құдайлары болған. Ежелгі грек дінінде Посейдон, Зевс және Аид
(өлілер құдайы) атты үштік құдай сенімі де кездеседі. Ежелгі гректер
құдайларын адам кейпінде түсінгендіктен, олар үйленіп бала-шағалы
болатынына, тіпті олардың түрлі қылмыс жасайтындығына сенген. Сондықтан
ежелгі грек құдайлары арасынан ұры, қанішер, өтірікші, залым құдайлар да
кездеседі. Ежелгі грек дінінде құдайлардың өздеріне тән мүсіндері болған,
тіпті құдайларға арнап храмдар салған.
Ежелгі рим діні. Ежелгі рим дінін анимизм сенімі құрайды. Олар өлі
рухтардың адам өміріне әсер ететініне, тіпті адам тағдырын басқаратынына
сенген. Сондықтан ежелгі римдіктер жылына екі мәрте өлілерге арнап діни
рәсімдерін өткізетін және зираттарға барып, өлі рухтарға сыйлықтар ұсынатын
болған. Олар құдайлармен қатар жанұя рухтарына да ерекше маңыз берген,
олардан жәрдем сұрайтын болған.
Ежелгі римдіктер құдайларының мүсінін жасамағанымен, кейінгі заманда
гректерге еліктеп, құдайларының мүсінін жасау етек алған. Тіпті құдай
аттары да грек құдайларының аттарынан алынып отырды.
Ежелгі рим дінінің басты құдайларына аспан құдайы – Юпитер,
Юпитердің әйелі – Юнон құдай, ақыл құдайы – Минерва, жарық пен музыка
құдайы – Аполлон, соғыс құдайы – Марс, тағы Меркурий, Венус,
Оптимус т.б. құдайлар жатады. Сондай-ақ иран діні митраизмдегі Митра
атты құдай римдіктерде күн құдайы болып есептелінеді. Тіпті олар ошаққа,
отқа табынған және Римде балгерлік, сиқырлық етек алған.
2. Діндерді исламдық тұрғыдан бөлу
Алғашқы адам баласы болған Хазіреті Адам (аләйһиссәләм) алғашқы
пайғамбар. Адамзаттың алғашқы діні - хақ дін. Хазіреті Адамнан Хазіреті
Исаға дейін келген барлық пайғамбарлар адамдарға Аллаһтың бір екендігін
баяндаған және Аллаһқа қалай ғибадат етілетіндігін үйреткен. Бірақ бұл
пайғамбарлар жеткізген Иман негіздері және діни қағидалар уақыт өткен сайын
бұрмаланып, түп нұсқалары жойылған. Осыған байланысты ұлы Аллаһ соңғы
пайғамбар Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арқылы бүкіл
адамзатқа соңғы және ең тамаша – Ислам дінін жіберген. Қазіргі таңда дүние
жүзіндегі шынайы, ақиқат дін – Ислам діні. Батыл және мұхарраф діндердің
Аллаһ алдында ешқандай құны жоқ. Аллаһ алдында қабылданатын тек Ислам діні.
Бұл шындың ұлы Аллаһ тарапынан Құран Кәрімде былай білдірілген: Аллаһ
құзырындағы дін тек ислам ғана. (Әли Имран сүресі 19-аят)
Кімде-кім Исламнан басқа дін іздесе одан осындай бір дін әсте
қабылданбайды да, ол ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады. (Бұхари, Әнбия
48)
Ислам ғалымдарының көз-қарасы бойынша діндер негізінен үшке бөлінеді:
1) Хақ дін. Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізіліп,
ешқандай өзгеріске ұшырамастан және бұзылып, бұрмаланбастан күнімізге дейін
жеткен дін. Бұл ерекшеліктер мен қасиеттерді өз бойына сіңірген дін – Ислам
діні. (Бұл жайында келесі беттерде кеңінен тоқталамыз)
2) Иләһи Мұхарраф діндер (бұзылған, бұрмаланған діндер). Аллаһ
тарапынан пайғамбарлар арқылы білдірілгенімен кейіннен адамдар тарапынан
өзгертіліп, негізі бұрмаланған діндер. Қазіргі кездегі Христиандық пен
Яһудилік (иудаизм) мұхарраф діндер болып табылады.
3) Батыл діндер (жалған). Адамдар тарапынан ойдан шығарылған
діндер. Бұл діндердің пайғамбарлар баяндаған діндермен ешқандай
қатысы жоқ. Өз ойларынан шығарған Буддизм, Конфуцизм сияқты
діндер.
1. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың классификациясы
Дәстүрлі емес діни ұйымдардың діни ілімдері қатаң бір жүйеге
келтірілмегендіктен, эклектикалық негізде болғандықтан, табынушылық
ғұрыптары жетілдірілмегендіктен белгілі бір топқа бөліп жіктеу қиын.
Олардың арасында шекара жойылып кеткен. Дегенмен де, діни іліміне, догмалық
ерекшелегіне, культ ерекшелігіне, мақсат міндеттері мен қолданатын
әдістеріне қарай дәстүрлі емес діни ұйымдардың негізгі деген бағыттары
зерттеу әдебиеттерінде былай көрсетілген:
1. Христиандық бағыттағы қозғалыстар бірлестік Шіркеуі немесе Құдайдың
балалары, Христос Шіркеуі т.б. Бұл бірлестіктер дәстүрлі христиандық
сенімге сүйенеді. Солай бола тұра олар Библияны өздерінше түсіндіріп, дін
туралы басқа да деректерге өзгерістер енгізеді. Олар негізгі басымдықты
эсхатология (ақыр заман туралы ілім) мен мессиандыққа бере отырып,
басшылары Құдайдың жіберген елшісінің деңгейіндегі пайғамбарларға саналады.
2. Ориенталистік бағыттағы ағымдар (қозғалыстар) Кришна санасының қоғамы,
Құдайлық Сәуленің миссиясы, Трансцендентальдық медитация, Вайшнав-тар
т.б. Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм,
кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Олардың ілімдерінің мазмұны
– медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі жанды құтқаруға арналған.
Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар
шығарып оларға мистикалық маңыз береді.
3. Сатанистік, оккультты-мистикалық ағымдар (қозғалыстар) христиандық
ілімге қарсылық ретінде пайда болды. Бұл ағымның өкілдері саналы түрде
зұлымдық пен жауыздықты ұлықтап, Сатана, шайтан сияқты зұлымдықтың
көздерімен мистикалық байланысқа түсуге шақырады. Бұл ағымның белді өкіліне
Сатана Шіркеуі жатады.
4. Сцентистік бағыттығы ұйымға Саентология Шіркеуі жатады. Аталған
бағыттың өкілдері әртүрлі белгісіз мистикалық құбылыстарға назар аудара
отырып, ол адамның физикалық, психикалық табиғатына әсер етеді деп
түсіндіреді. Ұйымдарына жаңадан кіргізгісі келген адамның психикасына
агрессивті түрде шабуыл жасайды. Жаңа ғасыр ағымы мектептер мен
үйірмелер, қауымдастықтарға атын беріп көне өркениеттерге баса назар
аударады (Атлантида, Гипербория). Олар бұл өркениеттерге балама тарих
ретінде өздерінше сипат беріп әртүрлі теорияларды, құпия ұйымдар туралы
ілімді ойлап тауып бір кездері осы өркениеттерді басқарамыз деген ойларын
білдіреді. Жалғанпсихологиялық және парамедициналық ұйымдар
психотерапевтикалық, дәстүрлі емес халықтық емдеу әдісі арқылы емшілікпен
айналысады. Олардың ішінде көп тарағаны Әлла-Аят (фархатшылар), Ата
жолы, т.б.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстарды жіктелуінің ғылымда ортақ принциптері
қалыптаспаған, оның себебі мәселенің күрделігінде. Сол себепті кейбір
зерттеушілер бір діни сектаны белгілі топқа жатқызса, екіншілері оны
басқаша жіктейді. Дінтануда діни секталарды генетикалық шығу тегіне,
дүниетанымдық негіздеріне байланысты шартты түрде топтастыру қалыптасқан.
Осы принциптер бойынша діни секталардың классификациясы төмендегідей
беріледі:
Бірінші замануи тәртіпке (принципі) қатысты дәстүрлі емес діни
қозғалыстар үшке бөлінеді:
1) Дүниеге төзімділікпен қарайтын яғни дүниелік заңдар мен саяси-
әлеуметтік қағидалардан тыс олардың үстінде тұратын кемел қоғам құру
идеясын қолдамайтын діни секталар. Бұл топқа тантралық бағыттағы діни және
дүниетанымдық ілімдер жатады.
2) Дүниені жоққа шығаратын дәстүрлі емес діни қозғалыстарда негізгі
мәселе дуалистік ілімдерінде, яғни әлемде өзара күресуші бітіспейтін
ізгілік жэне зұлымдық секілді екі күш бар, ақырзаманның орнауы барлығын
орнына қояды, мәңгілік ізгілік орнайды деген эсхатологиялық сенім. Бұл
топқа жалған христиандық (псевдохристианства) бағыттағы Виссарион шіркеуі
жатады. Иеговаларды да армагедон идеясына байланысты осы топқа кіргізуге
болады.
3) Дүниені түзетуші діни секталар дүниені мүлдем жоққа шығармай, ондағы
зұлымдықпен күресу күш салады. Адамның интеллектуалдық қабілетін арттырудың
әдіс тәсілдерін ұсынады. Оны ғылыми негіздеуге талпынады. Мысалы:
саентология шіркеуі, Бірігу шіркеуі
Екінші классификация генетикалық принцип бойынша:
1) Жаңа христиандық діни секталар- бұл қозғалыстар Библияны өз
ілімдерінің басты қайнары ретінде таниды. Иса-ілімдерінің орталық фигурасы,
бірақ олардың Иса туралы түсініктерінің дәстүрлі христиан шіркеуінен
ерекше. Мессиандық (құтқарушы), құтылу, ақырзаман ілімдеріне аса мән беріп,
ресми шіркеуді мойындамай, ғұрыптарын басқаша атқарады. Бұл топқа Иегова
куәгерлері, Мормондар, Христос тәні, Құдай уағызы және т.б. көптеген
інжілдік христиандар діни секталары жатады.
2) Жаңа шығыстық діни ғұрыптар- бұл діни ғұрыптардың негізінде қазіргі
заманға бейімделген (модернизация) будда, синтоизм, индуизм діндерінің діни
ілімге аса мән бермейтін,ғұрыптық практиканы жоғары қоятын (медитациялармен
шұғылдану) Кришна қоғамы, Йога, Дзэн-буддизм, жаңа синтоизм ғұрыптары және
т.б діни секталар.
3) Саентологиялық бағыттағы -дін, ғьлым және құпия ілімдерді біріктіріп
адам психикасының құпия тылсым сырларын ашып оны ізгілік пен молшылыққа
кенелтіп, бақытты етуді мақсатындағы діни секталар. Саентология шіркеуі,
Ақыл ілімі, Христиан ғылымы тәрізді діни секталар осы топқа кіреді.
4) Синкреттік бағыттағы-бүкіл адамзатты бір дінге біріктіруді мақсат
етуші Бірігу шіркеуі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz