Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін, төлем қабілеттілігін және несие қайтару қабілеттілігін талдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МҰСАБЕКОВА АЙГҮЛ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІН, ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ НЕСИЕ ҚАЙТАРУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
Мамандық - 6N0508 Есеп және аудит
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Ғылыми жетекшісі:
Экономика ғылымдарының
кандидаты Дюсембиев А. С
Қазақстан Республикасы
Түркістан 2011
МАЗМҰНЫ
Нормативті сілтемелер . . . 3
Қысқартулар мен белгілер . . . 4
Кіріспе . . . 5
І. Кәсіпорынның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасы ретінде қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері.
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты мен әдістері . . . 9
1. 2 Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негізі . . . 20
1. 3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік және несие қабілеттілік көрсеткіштерінің сипаттамасы . . . 30
ІІ. «Түркістан мақта» ЖШС-нің төлем қабілеттілігін, несие қабілеттілігін және іскерлік белсенділігін талдау
2. 1. «Түркістан мақта» ЖШС-нің мүліктік жағдайы мен төлем қабілеттілігін талдау . . . 38
2. 2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен несие қабілеттілігін
талдау . . . 46
2. 3. Кәсіпорынның табыстылығы мен іскерлік белсенділігін талдау . . . 58
ІІІ. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі және іскерлік белсенділігін жетілдірудің негізгі бағыттары
3. 1. Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел тәжірибесі . . . 66
3. 2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін
арттыру . . . 70
3. 3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру . . . 73
Қорытынды . . . 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 81
Нормативті сілтемелер
Магистрлік диссертация жұмысында келесі нормативті құжаттар мен стандарттарға сілтемелер жасалған:
- Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы №234-ІІІ 28. 02. 2007 жыл.
- Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы 20. 11. 1998 жыл. №139-ІІІ ҚРЗ 05. 05. 2006 жылғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып
- ҚР азаматтық кодексі. Алматы, юрист, 2007ж-95 б
- ҚР қылмыстық кодексі. Алматы, юрист, 2007ж-105 б
- ҚР қаржы министрінің «Қаржылық есептіліктің №2 ұлттық стандартын бекіту туралы» бұйрығы. №217 21. 06. 2008ж.
Қысқартулар мен белгілер
ҚР Қазақстан Республикасы
ХҚЕС Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
GAAP General Accepted Accountung Principles - АҚШ бухгалтерлік есебінің жалпы қабылданған қағидалары
ХАС Халықаралық аудит стандарттары
ҚЕҰС Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары
АЕК Айлық есептік көрсеткіш
ЖШС Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасы кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде соңғы жылдары түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары жоспарының қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкершіліксіздікті іскерлік, басқарушылық, тәртіпті қатаң орындаушылық, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс әрекетті талап етеді. Ол кәсіпорын қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді.
Қазіргі уақытта кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашылған. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) өз қалауы бойынша алады.
Олардың іскер серіктестерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалауды объективті, ғылыми негіздеу үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін артыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Магистрлік жұмыстың бірінші бөлімі кәсіпорынның төлемқабілеттілігі, несие қабілеттілігі және іскерлік белсенділігі көрсеткіштерімен сипатталатын қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды біріктіреді.
Жұмыстың екінші бөлімі «Түркістан мақта» ЖШС-нің қаржылық жағдайын, оның ішінде нақты төлемқабілеттілік, несие қабілеттілік және іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға негізделген.
Жұмыстың үшінші бөлімі кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, несие қабілеттілігін және іскерлік белсенділігін жетілдіру бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.
Ғылыми зерттелу дәрежесі. Жұмыстың теориялық базасы болып К. Ш. Дүйсенбаевтің, М. С. Ержановтың, К. Т. Тайғашынованың, Б. А. Мархаеваның, Б. С. Мырзалиевтің, Э. Т. Төлегеновтың, Ж. Г. Жұмағалиеваның, В. В. Ковалевтің, А. Д. Шереметтің, Г. В. Савицкаяның еңбектері табылады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлемқабілеттілігін, несие қабілеттілігін және іскерлік белсенділігін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жетілдірудің негізгі бағыттары мен нақты ұсыныстарын жасау және негіздеу.
Қойылған мақсаттарға сәйкес жұмыста келесідей міндеттер анықталған :
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін талдау;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
- қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
- кәсіпорын активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру жолдарын анықтау;
-кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеудің пәні болып кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштері ретінде төлемқабілеттілігін, несиеқабілеттілігін және іскерлік белсенділігін талдау табылады.
Зерттеудің нысаны. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан мақта» ЖШС.
Ғылыми зерттеудің теориялық - әдістемелік негіздері . Жалпы зерттеудің теориялық - әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, жалпы есепті ұйымдастыру есебін реттейтін ҚР нормативтік және құқықтық актілері табылды.
Жұмыста зерттеудің келесідей жалпы ғылыми әдістері пайдаланылған : аналитикалық, монографиялық, экономико-статистикалық, салыстырмалы талдау әдісі және бухгалтерлік есеп әдістері.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы . Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика жөніндегі басқармасының материалдары, «Түркістан мақта» ЖШС-нің жылдық есептерінің мәліметтері, алғашқы есеп құжаттары, синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері, бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері пайдаланылды.
З ерттеудің ғылыми жаңалығы келесіден тұрады :
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштері ретінде төлем қабілеттілік, несие қабілеттілік және іскерлік белсенділік мәселелеріне және олардың теориялық концепцияларының дамуы мәселелеріне зерттеулер жүргізілді;
- халықаралық стандарттар қағидаларын зерттеу негізінде, қазақстандық есепті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен үйлестіру жағдайларымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды жетілдіру жолдары ұсынылған;
- кәсіпорынның қаржы-бәсекелестік қабілеттілігін талдаудың мақсаттарын жалпы топтастыру мен талдаудың әдістері негізделген;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау бойынша оның қызметінің тиімділігін сақтап тұру және кемшіліктерін жою бойынша іс- шаралар ұсынылды;
Қорғауға шығарылатын магистрлік диссертацияның ғылыми тұстары:
- кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру бойынша ұсыныстар
- қаржылық тұрақтылықтың және іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ағымдағы деңгейде сақтау мәселесі
- кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру жолдары
Магистрлік диссертациялық жұмыстың зерттеу жоспарымен байланысы. Магистрлік диссертация жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес Б-ҒТ-02-02-09 «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін қаржылық есептің халықаралық стандартына өтуді қамтамасыз ету» бағытында орындалған.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. З ерттеудің нәтижелерін жүзеге асыру келесіге мүмкіндік береді :
- жедел басқару мен өндірістік қызметті ағымдағы жоспарлау мақсатында кәсіпорында қаржылық талдаудың тиімді жүйесін құруға;
- кәсіпорынның өндірістік процесін басқару мақсаттарын шешуді қамтамасыз ету мақсатында, өндірістік шығындарды дұрыс жасақтауға;
- қаржылық талдаудың тиімді жүйесін пайдаланудың негізінде нормативтік-құқықтық ережелер мен ұйым ішіндегі ережелердің бұзылуын қысқартуға;
Магистрлік диссертация жұмысының нәтижелері жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеулері мен оқу процесінде «Шаруашылық қызметін талдау», «Қаржылық есеп», «Басқару есебі», «Қаржылық талдау» курстарын оқу барысында пайдалана алады.
Жарияланған мақалалар. Диссертацияның негізгі материалдары жалпы көлемі 0. 62 баспа табақтан тұратын 2 ғылыми еңбектерде жарияланды. Оның ішінде 1 мақала ҚР БҒМ бақылау комитетімен ұсынылған басылымдарда, 1 - халықаралық конференция еңбектерінде.
Магистрлік диссертацияның көлемі мен құрылымы . Жұмыс компьютерлік мәтіні 82 бетте баяндалды, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және 38 пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Жұмыста 11 кесте келтірілген.
1 Кәсіпорынның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасы ретінде қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері.
1. 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты мен әдістері
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шеремет пен К. Ш. Дүйсенбаевтар "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған[1, 2] .
Профессор Н. А Русак [3] бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады [4] .
М. Н. Крейнина [5], А. И. Ковалев және В. П. Привалов [6] қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И. Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады [7] .
Кейбір ғалымдар осы ұғым бойынша өздерінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау"[8] .
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қар-жылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та ар-найы оқулықтарда әр-түрлі түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады [9] . Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады [10] .
Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы"[2. 127б. ] .
В. М. Родионова мен М. А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу үрдісінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды[9] .
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс алуы қажет.
Бірақ, біз олардын кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В. Т. Артеменко мен М. В. Беллендир[9] .
Біздің ойымызша бұл ұғымды А. Д. Шеремет мен В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.
Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да дәл осындай көзқараста [10] . "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова және М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz