Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
М а з м ұ н ы
Кіріспе3
I - Тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстардың
қылмыстық құқықтық сипаттамасы . . . ………. . 4
1. 1. Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы
сипаттамасы . . . . 5
1. 2. Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы . . . . ………5
1. 3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар . . . 21
1. 4. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар . . . . . . ………40
1. 5. Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне
қарсы қылмыстар . . . . ……… . . . 44
1. 6. Жыныстық қылмыстар . . . 46
ІІ-Тарау. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алудың
өзекті мәселелері . . . . . 54
2. 1. Адамның жүріс-тұрысын түзеудің теориялық
мәселелері . . . . …… . . . …54
2. 2. Тергеушінің түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың
алдын алуы . . . . 55
2. 3. Шартты түрде соттау қылмыстылықтың алдын
алудың шарасы ретінде . . . . . ………. . 57
2. 4. Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға
әкімшілік қадағалау қылмыстылықтың алдын алудың бір шарасы ретінде . . . . . 60
2. 5. Жеке адамдарға қарсы рецидивті қылмыстылықтың
алдын алудың мәселелері . . . . . 61
Қорытынды . . . . . . 63
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . 64
Кіріспе
Адам - қоғамның негізі. Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Жеке адам қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның жэне болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады. Менің еңбегім міне осы мәселелерге арналған.
І-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық
сипаттамасы
1. 1. Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституциясының I-бабында "ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылдаы. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (96-6. ) ; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-6. ) ; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-6. ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-6. ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-6. ) ; абайсызда кісі өлтіру (101-6. ) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-6. ) .
Денсаулыққа қарсы қылмыстар: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-6. ) ; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-6. ) ; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-б. ) ; денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру (108-6. ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-6. ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-6. ) ; денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-6. ) ; ұрып-соғу (106-6. ) ; азаптау (107-6. ) ; қорқыту (112-6. ) ; ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-6. ) ; соз ауруларын жұқтыру (115-6. ) ; адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыру (116-6. ) ; медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-6. ) ; заңсыз аборт жасау (117-6. ) ; науқасқа көмек көрсетпеу (118-6. ) ; қауіпті жағдайда қалдыру (119-6. ) .
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: Адамды ұрлау (125-6. ) ; бас бостандығынан заңсыз айыру (126-6. ) ; психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-6. ) ; адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру (128-6. ) .
Жеке адамның ар-намысын және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу (129-6. ) ; қорлау (130-6. ) .
Жыныстық қылмыстар: Зорлау (120-6. ) ; нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану (121-6. ) ; он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-6. ) ; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-6. ) ; жас балаларды азғындату (124-6. ) .
1. 2. Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы
Қазақ ССО-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. "Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру" деп ҚК-тің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылымыс құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қалмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және ден және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайнынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып танылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге белінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезеңі биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалқасғанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті - биологиялық өлім.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қаурыдың, өзге де заттарды пайдалануымен, улаңдыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айрылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі ксздеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік насанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді.
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас балалардын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды) . Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективті жағынан екінші белгісі қалмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылды. Өмірден айрыуға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткенен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам нақты келтірген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін) .
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективті жағы ҚК-тің 96-бабына сәйекс тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылды. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндендігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқүрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айрыуға қатысты - жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қарауын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтау себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тіртібін), оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болатындығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату әдетте адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да ескеру керек мұндай жағдайда. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтірумен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекетермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы) . Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғүрлым елеулі айырмашылық, заңда көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына неқұрайды қарайды. "Тілемейді" деген терминді "өлтіргісі келмейді" деген мағынада емес, "тікелей тілемейді" деген мағынада түсіну ксрек. "Саналы түрде жол береді" деген - кінәлі өлімді өз іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қабылдайды дегенді білдіреді.
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал ҚК-тің 97-102-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
Адам өлтіру (96-бап)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (96-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға (96-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекетіне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру ҚК-тің 96-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әртүрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективті жаққа және субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
а) екі немесе одан көп адамды өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының “а” тармақшасы) .
Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айрыған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мындай жағдайдың да болуы мүмкін: кінәлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткенен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мұндайда әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал үшін - кек алу мақсатында, ал екіншісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге - екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болады. Осы жағдайларда кінәлінің осы "а" тармақшасымен сараланады.
Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам өлтірілсе және екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мұнда екі немесе одан көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінәлінің әрекеті ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы және 96-бабының 2-тармағының "а" тармақшасы бойынша саралануы тиіс.
б) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының "б" тармақшасы) .
Мұндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру мақсатында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы" № 7 қаулысында кез-келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп - арнайы жүктелетін қоғамдық міндеттердің орындауын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүддесіне бола (заңды бұзуға жол бермеу, дайындалып жатқан немесе қылмыс туралы өкімет органдарына хабарлау және т. б. ) жасалған басқа әрекеттер де қоғамдық міндеттер болып танылады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің қызметтік қоғамдық іс-әрекет жасағаннан бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы кінәлінің адам өлтіруі олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады.
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе қоғамдық функция атқарған адамның езі немесе олардың жақын туыстары болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 24-тармағында берілген. Олар ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге тұрған және бірге тумаған туыс аға-інілер мен апа-сіңлілері, ағасы, әжесі, немерелері.
Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты олардың өзін немесе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап көзделген болса, онда кінәлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша саралауға жатады (ҚК-тің 167, 340-баптары) .
в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен бірдей адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының "в" тармақшасы) .
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уақытша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірнеушіні мұндай жағдайда кімнің душар екендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қыләдысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау түсінігі (ҚК-тің 125-бабында) және кепілдікке алу (234-бапта) берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz