АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І-ТАРАУ. АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ ТАРИХЫ 6
1. 1. Аппеляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы 6
Ежелгі Рим жэне Батыс Европа елдеріндегі Ресей мемлекетінде пайда
болу, дамуының тарихи кезеңдері 7
І. З. Аппеляциялық институтының жойылу себептері 8
1. 4. Қазіргі кездегі аппеляциялық институтының қайта жаңаруы 10
ІІ-ТАРАУ. АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ 2. 1. Заңды құшіне енбеген шешімдерге аппеляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы 16
^ 2. 2. Аппеляциялық шағым беру мен наразылық құқығы 19
2. 3. Аппеляциялык шағым беру қүкығының субъектілері 24
2. 4. Сот шешіміне шағым беру мерзімі 29
2. 5. Шағым беру қүкығының субъектілер 30
2. 6. Екінші инстанция сотындағы аппеляциялық шағым бойынша
өндіріс 34
2. 7. Екінші инстанция сотындағы өкілдері 40
2. 8. Сот шешімдерінің құшін жою негізі 51
2. 9. Екінші инстанция сотынының үйғарымы 55
2. 10. Жеке шағым беру мен жеке наразылык келтіру объектісі 57
2. 11. Жеке адамның шағым беру бойынша сот өндірісі 58
Ш-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ҚҰШІНЕ ЕНГЕН COT ҚАУЛЫЛАРЫН ҚАЙТА
КАРАУ 60
3. 1. Заңды құшіне енген шешімдер, қаулылар мен үйғарымдарды
қадағалау 60
3. 2. Қадағалау тэртібімен сот қаулыларын қайта қарау институтының
дамуы 61
З. З. Қадаралау өндірісін қозғау 62
ЗАҚадаралау тэртібімен наразылықты қарайтын соттар 63
3. 5. 3аңды құшіне енген шешімдерді, үйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мэн-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс
жүргізу 68
КОРЫТЫНДЫ 73
НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР; 76
ПАЙДАЛАНГАН ӘДЕБИЕТТЕР 78
ПАЙДАЛАНЫЛГАН ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ЖАСАЛГАН
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, жаңа демократиялық елдер қатарына қосылып, өзін әлемге таныту үшін және құқықтық мемлекет екендігін айқындау үшін құрылымы жағынан жаңарту бағытын үстап келеді.
Мемлекеттің негізі болып табылатын заң жобаларының механизмін жүргізу үшін 1994 жылы 12 ақпанда Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Республикада атқарылатын құқықтық реформаның бағдарламасын заң жүзінде бекітті[1] .
Қазақстан Республикасының халқына жолдаған үндеуінде
президент сот органы демократиялық қоғамның ең негізгі бағыты
екенін нақтылап, егемендік алу декларациясында Үкіметтік заң
шығарушы, орындаушы, сот органдарынан тұратын негізгі принциптерін жариялап, соттардың сайланудан тағайындалуға өтетінін стратегиялық шараларын соттық жүйені реформалауда қолдану мақсаты алға қойыдцы.Мемлекеттің құқықтық жүйесін мемлекеттік және қоғамдық мүдцелерді қорғайтын бұқаралық құқық пен жеке мүдделерге қызмет етіп, оны қорғауды қамтамасыз ететін жеке құқыққа ауқымды бөліну процесі аясында жүріп жатыр.
Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді байыпты үйлестірудің шұғыл қажеттігі сақгалып отыр[2] .
Соттар мен сот органдарының құзіреті мен қызметі жоғарыдағы заң актілерімен өзгертіліп, бекітілгеннен кейін сот өндірісіде өзгереді. Қабыдданған заң актілеріне сәйкес жоғарғы соттың судьялық алқалық өкілеттігі кеңейіп, аймақтық соттарды, бірінші сот инстанциясының шешіміне шағымданудың апеллияция инстанциясының қажеттілігі туындап отыр.
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған дэстүрлі Жолдауында "Біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет қүрып, оны нығайта береміз[3] " деген болатын.
Азаматтық іс жүргізу өндірісіне апелляциялық азаматтық істердің соттық шешімнің заңдылығын апелляциялық тәртіп бойынша тексеру үшін қажет.
Аппеляциялық инстанцияда шағымдалған немесе наразылық берілген шешімді қайта қарау мақсаты оның зад-дылығын және негізділігін тексеру. Бақылау тәртіпте қайта қарауға жөне жаңадан ашылған мән жайлар бойынша және қайта қарауға айрықша апелляциялық іс жүргізуде занды құшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдардың заңдылығымен негізділігін тексеру.
Белгілі бір істерді қараудағы соттың жіберген жетіспеушіліктерді көрсете отырып аппеляциялық инстанциядағы сот құқықтың нормаларын дұрыс түсінуге қолдануға ыкдал етеді.
Жоғарғы соттың пленумінің қаулысына "Азаматтық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға тәжірибесі туралы" белгіленеді: кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарай отырып екінші инстанциялық соттар, соттың қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тек көре отырып үлкен жүмыс атқарады және азаматтық құқық қатынастарда заңдылықгың нығайтылуына әділеттіктің орнатылуына ыкдал етеді[4] .
Менің бұл тақырыпты таңцау себебім: қазіргі таңца I-инстанциялық соттардың қаулылары заңдылықтың өрескел бұзылуы, азаматтардың конституциялық құқығының шектелуі соттардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді қараудан бұзьшып жоғарғы тұрған сотпен қайта қаралуы орын алады. Осыған сәйкес Бас прокурордың орынбасары Бақгыбаев Ж. берген интервьюда: өткен жылы республика бойынша Аппеляциялық жөне бақылау тәртібімен 6704 сот шешімі бұзылды және өзгертілді. Соның ішінде 2251 сот шешімі прокурорлардың араласуымен бұзылған және өзгертілген. Тек бас прокуратураның бақылау тәртібімен бір жыл ішінде соттардың 101 заңсыз шешіміне наразылық келтірілді. Оның 98-і қаралып, 88-і қанағаттандырылды. Бұзылған және өзгертілген сот шешімдері Шығыс Қазақстан облысы сотында қомақты болып отыр. Бұл облыста 514 шешім, Қарағанды облысында - 503, Маңғыстау облысында - 234, Солтүстік Қазақстан облысында - 303, Алматы қаласында - 359 шешім бұзылған және өзгертілген. Азаматтық істерді қараудың мерзімін сақгаудың жағдайы жақсармай отыр. 6241 істі қараудың белгіленген мерзімі бұзылған, 2415 істі қарау үш айдан артық уақытқа тоқтатылған. Ал кейбір азаматтық істер соттардың кінәсінен жылдар бойы сөзбүйдаға салынып, қақпақылға түсіп отырған.
Жоғарғы соттың шаруашылық істер бойынша алқасының жұмысын қанағаттанғысыз деуге болады. Тек өткен жылдың өзінде Жоғарғы соттың президиумы осы алқаның 25 қаулысын негізсіздігі үшін бұзған[5] .
Осы жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер негізінде сот жүйесінің екінші сатыдағы өкілеттігі шегінде бұл істердің қаралу тәртібіне тоқгалайық.
І-Тарау. Аппеляциялық іс жүргізу тарихы
1. 1. Аппеляцияльщ институтыньщ пайда болуы мен даму тарихы
Апелляция институты өзінің жалпы негіздерін Ежелгі Рим мемлекетінің дамуы мен Батыс Европа елдерінің мемлекет және құқық негіздерінен тапты.
Ежелгі Рим мемлекетінің ертерек дамуы негізінде, орталық үкіметтің даму сатысында, сот шешіміне шағымдану сот жүйесінде болмады. Римде іс жүргізудің 2 кезеңі болды: біріншісі - "injure", екіншісі - "injudiko"[6] . Бұл кезеңдердің өз айырмашылықтары болды. Жоғарыдағы кезеңцерді "legis actiones" жүйесіне енгізді.
Апелляцияның әрмен қарай дамуы және жетілдірілуі
Петрдің патшалығы тұсында жүзеге асырылды[7] . Уақыт өте бұл жүйенің іс жүргізу өндірісінің ынғайсыз болуы, жаңа қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуына сәйкес келмеді.
Ибуция заңы мен юлия заңцарының нәтижесінде, Римде іс жүргізу өндірісінің жаңа реформасына шағымдану институтының жаңа формуласы енгізіліп, анықгалды. Ежелгі Римде сот шешіміне шағымдану өтінішін апелляция (appellatio-шақыру) деп атады. Дәл осы уақытта б. э. д. III ғасырда шағымдану институты апелляция түрінде пайда болды.
Сот шешімдерін қайта қарау институты 1864 жылғы сст реформасы аясында сот реформасының негізгі ережесі, үш бөліктен тұрады. Олар сот өндірісі, азаматтық және қылмыстық сот өндірісі. Реформаның нөтижесі ретінде II Александр патша қабылдағак мынандай зан актілерін атап өтуге болады.
- Сот анықтамаларын қүру.
- Азаматтық сот өндірісінің жарғысы.
3 Қылмыстық сот өндірісішң жарғысы.
4. Халықаралық судьялар қолданатын жазалар туралы жарғысы[8] .
Император Августың билік ету кезінде сот шешіміне шағымданып, іс барлық инстанциялардан өткен жағдайда іс императордан шешімді дұрыс шығарылмағандығын тексеру үшін өтініш ретінде жіберді. Бұл кезеңде бір іс бойынша, шағымды бірнеше рет беруге рұқсат еді. Император Юстианның кезеңіндс, апелляцияны бір іс бойынша екі рет қолдануға рұқсат етілді. Сот шешіміне шағымдану апелляциялық институт ретінде, Император юстианның патшалық ету кезеңінде шағымданудың негізгі тәсілі ретінде толығымен заң жүзінде бекітіліп (527-565 жж. ) апелляцияның түрлерімен жоғарғы инстанцияға берілу мерзімдері анықталды.
Апелляциялық жүйе өзінің пайда болуымен көптеген мән-жайларды қиындатты. Мысалы: өндірістің тежелуін, шағымдануға баж салығы тағайындалып, оның қымбат болуы. Алайда бұл қиындықгар істің әділ шешілуіне кедергі жасай алмады.
1. 2. Ежелгі Рим және Батыс Европа елдеріндегі, Ресей мемлекетінде пайда
болу, дамуыныц тарихи кезецдері
Ежелгі Рим мемлекетінде пайда болған апелляция институтының азаматтық іс жүргізу өндірісіндегі зандылықтарк. Европа елдерінде де дамуға кең көлем алды.
1918 жыл 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі N 2 декрет ең алдымен соттың атын жергілікті халық соты деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істерді кең ауқымды қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді мақсат етіп қойды. Сатылы кезеңце негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мынадай құрылымға ыңғайлады.
- Жергілікті халық соты.
- Аймақгық сот.
- Облыстық сот.
- Жоғарғы бақылайтын сот[9] .
Германияда XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында Рим құқығының нормалары ене бастады.
Апелляциялық іс жүргізудің тарихы сонау көне римдік құқықган бастау алады. Ол заңды құшіне енген сот шешімдерін қайта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. С. И. Ожегов орыс тілі сөздігіне бұл терминге мынадай анықтама береді. "Апелляциялық істі қайта қарау мақсатымен жоғарғы сатыдағы сотқа шешім жөнінде шағымдану құқығы"[10] .
XIV ғасырдың өзінде дамушы қоғамды әдет-ғұрып құқықгары қанағаттандырмайды. Бұл жағдай соттық тәжірибеге Рим құқығынын толығымен енуіне мүмкіндік беріп, Германияда сот жүйесінде апелляция институты пайда болды.
Германияның 1877 ж. азаматтық іс жүргізу кодексінде апелляция сот шешіміне шағымданудың негізгі тәсілі болып қабылданды.
Францияда апелляция ұғымы XIII ғасырдың аяғында 1667 ж. шыкқан Ордоносовтың заңында апелляциялық шағымданудьі, судьялық өзіне емес, оның шығарған шешіміне шағым келтірілетіндігі бекітілді. Аппеляция инстанциясы 1664 жылғы Людовик указының негізі бойынша қүрылды. Сот шешіміне шағымдану тәсілінің Аппеляциялық (Француз тілінен kasser сөзі -бұзу) институты алғаш рет Францияда қолданылды. Осылайша Францияда сот шешіміне шағымдану тәсілінің Аппеляциялық және кейінгі апелляциялық институттары ұйымдастырылып, Францияның 1807 жылғы АІЖК-не заңды түрде енді.
1. 3. Аппеляция институтының жойылу себептері
.
Ресейдің құқықгық жүйесін қарастыратын болсақ, ол үзақ уақыт өзіндік үлттық ерекшелігімен ерекшеленеді. XVIII ғасырдың басында Петр І-нің Ресей құқық жүйесіндегі реформасына, Батыс
Европа елдерінің крдықгық жүйелері әсер етті. Апелляциялық институтының даму сатысы Петр І-нің патшалық құру кезеңінде болды. 1864 жылғы сот реформасы бойынша АІЖ Уставында соттың үш инстанциясы бекітілді. Уставтың түсіндірме жазбаларында инстанциялардың бірі апелляция инстанциясының қажеттілігі ерекше атап өтіліп, жаңа заң жобасына еңгізілген.
1917 жылғы революциядан кейін, апелляция институты АІЖ өндірісінде өз тіршілігін тоқтатты. 1917 жылғы 22 қарашадағы "Соттар туралы" халық комиссар советінің декреті бойынша, жергілікті сот шешімдері ақырғы шешім болып, апелляциялық шағымдануға жатпайтындығы апелляциялық институттан бас тартуының себебі неде деген сүрақ туады. Бұл сұраққа жауапты үкімет басының көзқарасымен жаңа қоғамдық талабынан көруге болады. Себептердің бірі болып. Совет Үкіметіндегі буржуазиялық сот апаратын бұзып, пролетарлық жаңа сот жүйсін құру, сот өндірісін жеңілдету, бірінші инстанция қызметінің сапасын арттыруда, апелляцияның кедергі болатындығын аттап айтып, сот өндірісіндегі маңызды институтардың бірі апелляция институтының жойлуына әкеліп соқгы. Апелляциялық институтының алынып тасталу себебінің бірі Советтер Үкіметіне комунистик қоғам орнату үшін, жекеменшікпен тауар ақша қатынастарының жойылуы көздедді. Бірақ, жалпы жекеменшік институт жойылып, мемлекеттік меншік негізділігімен колхоздық кооперативтік және азаматтардың жекеменшігі жойылған жоқ. Осыған байланысты тауар-ақша айналымы да өз қалпында қалды. 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында совет одағындағы саяси Ікономикалық қайта құрулар Республикамыздың өз егемендігін алып, құқықтық мемлекет қүру кезінде кәсіпкерлік құқығы заңдарда жекеменшік формасы түрінде бекітіліп азаматтық құқықгық даулардың ауқымын кеңейтті. Осыған байланысты кәзіргі ТМД елдерінде апелляция институттары, сот қаулыларына шағымдану тәсілі ретінде заңцарында бекітілуде.
1. 4. Қазіргі кезецдегі аппеляция институтыныц қайта жацаруы
Азаматтық іс жүргізу өндерісіне апелляция институтының енуіне қажетті мынадай негізгі себептері бар:
Біріншіден, апелляция институты істі негізінен екінші рет қайта қарайтындықтан апелляция институты соттық қорғауға толық кепіл бола алады.
Екіншіден, апелляция институты әділдік орнату үшін белгілі бір
жылдамдық пен дәлдікке кепіл. Бұған себеп апелляция
институтының істі негізінен қарап, өз бетінше жаңа шешім шығаруға құқығының болуы. Ал, Аппеляция инстанциясы істі қарап шығып жаңа шешім шығару үшін бірінші инстанцияға қайта жібереді.Үшіншіден, соттық қаулыларына апелляциялық шағымданудың енуі соттық практиканы жалпы жүйеге жинақталуына ықпал етеді және бірінші инстанцияны" соттық қате жібермеуінің алдын алады.
Республикада округтік сот жүйесін құрудың жақгастары бір мезгілде солардың апелляциялық соттар ролінде қарауды үсынуды және олардың пікірінше, сол арқылы сотта іс қараудың аралығы едәуір қысқартылды, демек бұзылған құқықгар мен бостандықгар қалпына келтірілді[11] .
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары; жарыспалы және диспозитивті және осы қағидалар жеке тұлғаның бостандығын қамтамасыз етеді.
Жарыспалы қағидаға - азаматтық іс жүргізудегі жақтардың автономиясының бастамалары енеді. Казіргі кезеңде бұл қағида "жарыспалы қағида деп аталып жүр, оған жақтар қажет болмаған жағдайда, соттық шындықты ашуға құқығының болмауы", деген түсінік бар.
Диспозитивті қағидаға - іске қатысушы жақгардың біріншіден, іске қатысты материалдарын қолдану, екіншіден процессуалдық құқықгарды қолданады. Бұл қағида процестің қозғалуын анықтап, бір сатыдан келесі сатыға өтуін қадағалап реттейді. Апелляциялық өнгдірістің қағидалары: ауызша, жариялылық, коллегиялдық, зандылық, жақтардың процессуалдық тең құқықтығы, сот эділдігін тек соттық жүзеге асыруы, соттардың егемендігі мен олардың тек заңға ғана бағыныштылығы.
Қ. Р. Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Ішенарлық мәжілісінде "Сот шешімдерінің тұрақгылығы қажет. Бірақ оны қолдан жасауға болмайды. Аппеляциялық тәртіппен қаралған істермен салыстырғанда қадағалау өндірісінде қаралған істердің көптігі алғашқысының мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырған жоқ па деген сүрақтың туындауына итермелейді" [12], - деген болатын.
Апелляциянның мінездемелік сипатына мыналар жатады:
1) Апелляция заң құшіне енбеген барлық соттардың шешіміне келтіріледі.
- Апелляциялық іс, жоғарғы сотқа қаралуға жіберіледі.
- Апелляцияны беру бірінші сот инстанциясының шығарған шешімінің дұрыс еместігіне негізделіп, шешім шығаруда заңды дұрыс қолданбағандығы және жақтардың материалды толық үсынбауының негізінде болады.
4) Апелляциялық сот, бірінші инстанциядағы сот қараған аумақгағыдай қайта қарау кезінде іске қатысты фактірлер мен құқықтарды және істің заңдылығын фактілік жақтарын қарастырады.
5) Апелляцияға әр іс бойынша бір рет шағымдануға болады.
Апелляциялық шешім ең соңғы шешуші шешім болуы қажет және ол барлық құдік пен үмітке жол бермеуі керек.
Апелляциялық өндіріске бірінші сот инстанциясының шешімінің мәні болмайтын жаңа талаптар үсынылмайды.
Азаматтық процессуалдық құқық теориясына апелляцианың екі түрі белгілі: толық апелляция және жартылай апелляция. Бірінші түрі: Франция, Италияда бекітілген, ал екіншісі Австрия, Германияда бекітілген.
Жартылай апелляция дегеніміз - барлық бірінші инстанциядағы сот шешімдерінің, істегі жақгар үсынған нақты мәліметтердің негізінде соттардың қайта қарауы. Жартылай апелляциялық ережесі бойынша сот істі қарауда жаңа дөлелдемелермен фактілерге сүйенуге болмайды. Кейде маңызды фактілер үсынылуы мүмкін. Заңда көрсетілген жағдайларда жаңа шешім шығару үшін соттық бірінші инстанциясына қайта жіберіледі.
Толық апелляция бойынша іске қатысушы жақгағы
апелляциялық сотқа қаралған дәлелдерге жаңа іске маңызды қажетті
дәлелдер үсынылуы қажет. Апелляцияның мүндағы мақсаты, соттың
жіберілген қателіктері мен жақгардщың да ырқымен және ырқынсыз
жіберген қателіктерін түзету ғана емес, толық апелляция ережесі
бойынша әрекеттенетін апелляциялық соттар, апелляциялық
шағымдануды сотта қарау кезінде, істі соттың бірінші инстанциясына жаңадан қарауға қайтаруға құқығы жоқ, апелляциялық сот өзі шешім шығару керек.Апелляциялық шағымдаңудың объектісі болып, соттың бірінші
инстанциясының шешімі табылады. Шешім заңды құшіне енбеген болуы керек және де жақтардың көзқарасы бойынша апелляциялық шағымданушының өзіне ыңғайсыз салдары көрсетілуі керек. Апелляциялық шағымданудың объектісі туралы айтылғанда, кем бағалы істер жайында сүрақгар туындайды. Оған: талап бағасы жогары емес мүліктін даулардың шешімдері, апелляциялық шағымдану істерінің категориясына кіре ме деген жағдайлар.
Мысалы: Франция, Германия АІЖК-де апелляциялық шағымдану үшін талап сомасының мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден төмен болған жағдайда апелляциялық шағым қабылданбайды. Занда бұл жағдайды "мемет" деп атайды.
Заңда көрсетілген талап сомасының меметін анықгауда мынадай жағдайларға сүйенеді: біріншіден бұл категориядағы істердің ереже бойынша жай істердің болуы, екіншіден: істің тез шешілуі, үшіншіден: қаржы қатынасы бойынша, апелляциялық сотта істің жүргізілуінің ауыр болуы, төртіншіден - шағымдану шығындардың өндіріп алу соммасына жоғары болуы, бесіншіден - кем бағалы істердің апелляциялық соттарда алынып тасталуы, үлкен талап сомасы бар істерді шешу үшін, көбірек мүмкіншіліктер туындайды.
Апелляциялық шағымдану құқығының субьектілеріне жақтар, яғни талапкер мен жауапкер. Апелляциялық шағымданудың басқа да субьектілері ретінде үшінші жақтар дау негізі бойынша талапкер коя алады. Үшінші жақгар соттың бірінші инстанциясының мәжілісіне қатыспаса да, шағымдана алады. Апелляциялық шағымның субьектісіне жақтардың жоғары да көрсетілген қатысушылар меч үшінші жақгардың құқық қолданушылары да жатады. Іске қатысу үшін құқық қолданушылардың ереже бойынша нақты құжаттары болуы қажет және ол заң жүзінде расталуы керек. Сонымен қатар сот шешіміне апелляциялық шағымдану құқығын сот өкілдері де иемденеді. Бұл кұқық арнайы сенімхат арқылы жүзеге асырылады және бұл талаптардың заңды өкілдерге қатысы жоқ. Олар арнайы сенімхатсыз-ақ процессуалдық әрекеттерді соның ішінде шағымданудың апелляциялық тәртібін қолдана алады.
Апелляциялық шағымдану толық немесе бір бөлігіне беріледі. Егер шағымдану бір бөлігіне ғана көрсетілетін болса, шағымды міндетті түрде қай бөлігіне берілетіндігі көрсетіледі. Апелляциялық шағымданудың соңғы сатысы болып мемлекеттік баж салығының төленуі. Осыған байланысты апелляциялық шағымдану кезінде мемлекеттік баж талап-арыз сомасынан жоғары немесе тең болуы керек.
Апелляциялық шағымданушы жоқ занда көрсетілген ретте сотқа депозит (кепіл) енгізу керек. Егер апелляциялық сот шағымды қанағаттандырса, кепіл енгізуші жақ қа қайтарылады. Егер шағым қанағаттандырылмаса, кепіл мемлекеттік қазынаға аударылады.
Жарыспалық қағидасына сәйкес дәлелдемелерді негізгі ауыртпалық жақтарда болуы қажет, өйткені мән-жайнын жақсы біледі. Сот сайыстану қағидасы бойынша дәлелдемелер жинамайды. Егер апелляция толық болатын болса, онда апелляциялық сот инстанциясында соттың бірінші инстанциясында қаралған дәлелдемелерге қосымша жаңа дәлелдемелердің барлығы ұсынылады.
Соттың апелляциялық инстанциясының істерді қарау шегіне соттың бірінші инстанциясының шешімді тексеру жүргізетін аумағы жатады.
Апелляция инстанциясында іс қарау тәртібі дегеніміз - соттын бірінші инстанциясын апелляциялық шағым қабылданғаннан кейін жүзеге асыратын белгілі өрекеттер бұл өрекеттерсіз апелляциялық шағымдану өндірісі болуы мүмкін емес. Соттың апелляциялық инстанциясы соттың бірінші инстанциясының шешімін тексеруде тиісті процессуалдық өкілеттілікке ие болады. Апелляциялық сот инстанциясында істі қарауды коллегиялды үш кәсіби судьялардың қатысуымен, ал кейбір жағдайларда судьяның қатысуымен қаралатындығын айтуға болады.
Апелляция - мен Аппеляциялық айырмашылығы, яғни апелляциялық сотта істің қаралу кезінде дәлелдемелер зерттеліп жаңа шешім шығарылады. Ал Аппеляциялық инстанцияда іс қарау кезінде жаңа дәледдемелер мен жағдайлар пайда болса, шешім құші жойылып іс соттың бірінші инстанциясына жаңадан қаралуы үшін жіберіледі. Сот апелляциялық тәртіп бойынша істі қарап шығып, өзінің қаулысы арқылы мынадай құқықгары бар:
- Шешімді өзгеріссіз қалдыруға шағымды қанағаттандырмауға.
- Шешімнің немесе толық бір бөлігінің құшін жойып соттыңбірінші инстанциясына жаңадан қайта қарауға жіберуге.
- Шешімнің толық немесе бір бөлігінің құшін жойып, өндірісті іс бойынша тоқтатуға немесе арыздыңқарастырмауға.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz