Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру



МАЗМҰНЫ

I Кіріспе

1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы

II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері

III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.

IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар

V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы

VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі

VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі

VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.

IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.

X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы

XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі
Кіріспе

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.
Келесі тақырыпта маллюскалар тобының өкілдері — бауыраяқтылар мен екі жармалылар, Ғылым және білім беру министрлігі басқармасы бауыраяқтылармен таныстыру барысында үлкен прудовикті мысалы келтіреді Қазақстан жеріңдегі кездесетін дала ұлуы мен шырышты ұлу құрылымы талқыланады. Малюскалардың бұл түрлері мақтаға, жоңышқаға басқа және басқа ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян, сондықтан оқушыларды өмір сүру мен құрлымымен танысуы мен тек танымдық ғана емес сонымен қатар тәжірбиелік маңызы зор. Оқушылар маллюскалардың ішкі құрылысының ерекшеліктерін танып олармен күресу жолдарын біледі.
Екі жармалы тобымен танысуы барысында, Қазақстан Республикасында аумағындағы қолдар мен ағысы жай өзендерінде кездесетін тәрізділер мысалға алынды. Осы маллюскаларды оқу кезінде, шығу тегі бір екендігі және орналасу өзгешелігің анықтау мақсатында басқа түрлері мен салыстырылады. Буынаяқтылар тобында оның түрлері өте көп. Бағдарлама оның мына үш тобын ұсынады.
Шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркейлер. Шаян тәрізділерді оқу кезінде, Қазақстанның су қоймалары мен өзендерінде кездесетін өзен шаяны мысалға алынады, Оның ішкі және сыртқы құрылысы талқыланады. Сонымен қатар кәсіпшілік маңызы бар басқа да ірі және ұсақ шаян тәрізділерге де түсініктеме беріледі.
Зоологиялық курсында, Қазақстанның балық шаруашылығында жем ретінде кеңінен қолданылатын ұсақ шаян мен циклопқа тоқталып өткен жөн.
Ғылым және Білім беру Министрлігінің бағдарламасы, өрмекші тәрізділерге тоқталғанда өрмекші ала бүйір мысалға алынуды ұсынады. Дегенмен өрмекші ала бүйір Қазақстан аумағында көп кездеспейді, бізде кездесетін түрлері; шаян, қарақұрт және бүйір. Бұл шаян тәріздестер Қазақстан территориясында көп кездеседі, сондықтан оларды көптеген оқушылар біледі. Бұл шаян тәріздестердің ұлы аңдарға, адамдарға өте қауіпті, сондықтан да бұлар жайлы оқушылардың білуі өте қажет. Әсіресе шаян тәріздестер шаққан алғашқы сәтте көмек безгек ауруының алдын - алу, болдырмауы іс-шаралары жүргізілгеңдіктен айтып кеткен жөн. Республиканың оңтүстік аумағындағы ыстық климаты жағдайында, дизинтерия амебсы сияқты, іш ауруын қоздырушылардың адам организімінде енуіне жол бермеу үшін, жеке және қоғамдық гигиена талаптарын орындау өте маңызды. Оқушыларға міндетті түрде. Қайнатылмаған әсіресе жабық шағын суаттардан алынған суды пайдалану
Мақсаты: Жалпы білім беретін мекептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру және зоология сабақтарында өлкетану материалдарына оқудың көп жалпы тәжірибесі барысында, оған деген оқушылардың қызығушылығы артып, білікті білімдері қалыптасады.
Сонымен қатар олардың пайда болуына байланысты атейстік көз қарастары қайта қалыптасып, туған елдің табиғатын сүю, қорғау және мәпелеу, патриоттық сезімдері жетіле түсу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың жеке бақылауы және бастауыш мектеп табиғаттану оқулықтары бойынша таныс жергілікті материалдарды қолдану, оқушылардың жануарлар әлемі дамуының күрделі заңдылығын дұрыс қабылдауына көмегін тигізіп, оқушының диалектикалық - материалдық дүние танымын қалыптастыру.
2. Өлкетану материалдарын оқу, ауыл шаруашылығының дамуына тығыз байланысты, оқушының алдын-ала кәсіптік бағдарын анықтаудағы оның Республиканың күнделікті өмірімен байланысын жеңілдете түседі.
Зоология сабақтарында өлкетану материалдарын кеңінен қолданып.
Қазақстан мектептеріндегі жалпы білім беру және кәсіптік мектептердегі реформаның негізгі бағыттарындағы мақсаттарды жүзеге асырылуына қолайлы жағдайлар туғызу.
3. Қазақстан бағдарламасы осы сұрақтарды оқушылар танымын негізі бойынша қарастыруды ұсынады. Орта мектеп бағдарламасы, зоология курсын бастапқы оқуын кезінде де, сәйкес жүйеліліктің негізгі ережелері мен қатар оқушылардың бұл материалдарды жете игеруі, олардың ботаниканы оқу кезіндегі өсімдіктер әлемі табиғи жайлы түсінігімен тығыз байланыстыру.
Жаңашылдығы: Қарапайымдылар түрін оқуда, талшық аяқтылар тобына жататын кәдімгі амеба, одан кейін қыл аяқтылар мысалға келтіріледі.
Инфузоия туфилкасының оқу барысында қарапайымдылардың бір түрі споровиктерге, безгек паразиті безгек қоздырушы және позема тұт ағашы жібек құртының ауыруын қоздырушы, түсініктеме беріледі.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I Кіріспе
1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы
жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы
II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері
III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.
IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар
V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық
құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы
VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі
VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі
VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.
IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.
X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы
XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі
Кіріспе

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен
құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі
қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға,
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы
жануарларды оқушыларға таныстыру.
Келесі тақырыпта маллюскалар тобының өкілдері — бауыраяқтылар мен екі
жармалылар, Ғылым және білім беру министрлігі басқармасы бауыраяқтылармен
таныстыру барысында үлкен прудовикті мысалы келтіреді Қазақстан жеріңдегі
кездесетін дала ұлуы мен шырышты ұлу құрылымы талқыланады. Малюскалардың
бұл түрлері мақтаға, жоңышқаға басқа және басқа ауыл шаруашылық
өсімдіктеріне зиян, сондықтан оқушыларды өмір сүру мен құрлымымен танысуы
мен тек танымдық ғана емес сонымен қатар тәжірбиелік маңызы зор. Оқушылар
маллюскалардың ішкі құрылысының ерекшеліктерін танып олармен күресу
жолдарын біледі.
Екі жармалы тобымен танысуы барысында, Қазақстан Республикасында
аумағындағы қолдар мен ағысы жай өзендерінде кездесетін тәрізділер мысалға
алынды. Осы маллюскаларды оқу кезінде, шығу тегі бір екендігі және орналасу
өзгешелігің анықтау мақсатында басқа түрлері мен салыстырылады.
Буынаяқтылар тобында оның түрлері өте көп. Бағдарлама оның мына үш тобын
ұсынады.
Шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркейлер. Шаян
тәрізділерді оқу кезінде, Қазақстанның су қоймалары мен өзендерінде
кездесетін өзен шаяны мысалға алынады, Оның ішкі және сыртқы құрылысы
талқыланады. Сонымен қатар кәсіпшілік маңызы бар басқа да ірі және ұсақ
шаян тәрізділерге де түсініктеме беріледі.
Зоологиялық курсында, Қазақстанның балық шаруашылығында жем ретінде
кеңінен қолданылатын ұсақ шаян мен циклопқа тоқталып өткен жөн.
Ғылым және Білім беру Министрлігінің бағдарламасы, өрмекші тәрізділерге
тоқталғанда өрмекші ала бүйір мысалға алынуды ұсынады. Дегенмен өрмекші ала
бүйір Қазақстан аумағында көп кездеспейді, бізде кездесетін түрлері; шаян,
қарақұрт және бүйір. Бұл шаян тәріздестер Қазақстан территориясында көп
кездеседі, сондықтан оларды көптеген оқушылар біледі. Бұл шаян
тәріздестердің ұлы аңдарға, адамдарға өте қауіпті, сондықтан да бұлар жайлы
оқушылардың білуі өте қажет. Әсіресе шаян тәріздестер шаққан алғашқы сәтте
көмек безгек ауруының алдын - алу, болдырмауы іс-шаралары жүргізілгеңдіктен
айтып кеткен жөн. Республиканың оңтүстік аумағындағы ыстық климаты
жағдайында, дизинтерия амебсы сияқты, іш ауруын қоздырушылардың адам
организімінде енуіне жол бермеу үшін, жеке және қоғамдық гигиена талаптарын
орындау өте маңызды. Оқушыларға міндетті түрде. Қайнатылмаған әсіресе жабық
шағын суаттардан алынған суды пайдалану
Мақсаты: Жалпы білім беретін мекептерде оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру және зоология
сабақтарында өлкетану материалдарына оқудың көп жалпы тәжірибесі барысында,
оған деген оқушылардың қызығушылығы артып, білікті білімдері қалыптасады.
Сонымен қатар олардың пайда болуына байланысты атейстік көз қарастары
қайта қалыптасып, туған елдің табиғатын сүю, қорғау және мәпелеу,
патриоттық сезімдері жетіле түсу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың жеке бақылауы және бастауыш мектеп табиғаттану
оқулықтары бойынша таныс жергілікті материалдарды қолдану, оқушылардың
жануарлар әлемі дамуының күрделі заңдылығын дұрыс қабылдауына көмегін
тигізіп, оқушының диалектикалық - материалдық дүние танымын қалыптастыру.
2. Өлкетану материалдарын оқу, ауыл шаруашылығының дамуына тығыз
байланысты, оқушының алдын-ала кәсіптік бағдарын анықтаудағы оның
Республиканың күнделікті өмірімен байланысын жеңілдете түседі.
Зоология сабақтарында өлкетану материалдарын кеңінен қолданып.
Қазақстан мектептеріндегі жалпы білім беру және кәсіптік мектептердегі
реформаның негізгі бағыттарындағы мақсаттарды жүзеге асырылуына қолайлы
жағдайлар туғызу.
3. Қазақстан бағдарламасы осы сұрақтарды оқушылар танымын негізі
бойынша қарастыруды ұсынады. Орта мектеп бағдарламасы, зоология курсын
бастапқы оқуын кезінде де, сәйкес жүйеліліктің негізгі ережелері мен қатар
оқушылардың бұл материалдарды жете игеруі, олардың ботаниканы оқу кезіндегі
өсімдіктер әлемі табиғи жайлы түсінігімен тығыз байланыстыру.
Жаңашылдығы: Қарапайымдылар түрін оқуда, талшық аяқтылар тобына жататын
кәдімгі амеба, одан кейін қыл аяқтылар мысалға келтіріледі.
Инфузоия туфилкасының оқу барысында қарапайымдылардың бір түрі
споровиктерге, безгек паразиті безгек қоздырушы және позема тұт ағашы жібек
құртының ауыруын қоздырушы, түсініктеме беріледі.
Қауіпті екендігін ескерту керек, көп торшалы жануарлар бөлімінде оқушылар
ішек қуыстылар тобымен танылады. Тұщы суда кездесетін полип су жылан гидра
республикамыздағы үлкен және шағын су қоймаларында кездеседі. Ары қарай
құрттар мынадай кезекпен оқытылады:
1. Жалпақ құрттар түрі кірпікті құрттар тобы, сорғыштар тобы, таспа
құрттар тобы.
2. Дөңгелек құрттар (круглие) тобы.
3. Иірмелі құрттар (кольчатие) аз қылшықтылар және көп қылшықтылар
тобы.
Көрсете білу өте маңызды. Бұл типтерге кенелер тобы да жатады.
Республикамыздың аумағында қайталама сүзек ауруын қоздырушы кене және қотыр
кенесі кездеседі. Бұл кенелер адамдар мен жануарларда кездесуі мүмкін.
Орта Азия жануарлар дүниесінде көп кездесетін, өсімдіктер шырынымен
көрсететін өрмекшелі кене арам шөптерден ауыл шаруашылық өсімдіктеріне
өтіп, оларды зақымдайды.
Кенелер Қазақстан аумағында көп кездесетіндіктен және паразиттік түрде
өмір сүретіндіктен зоология курсында оқытылуы тиіс.
Бағдарлама шыбын-шіркейлер тобымен танысуды ұсынады. Біздің көз
қарасымыз бойынша. Республиканың барлық аумағында кездесетін наурыз наурыз
қоңызын мысалға алған дұрыс.
Наурыз қоңызын оқу кезінде оқушыларға оның ортасын көрсетіп, ауыл
шаруашылық және сәндік өсімдіктерінің жауы ретінде таныстыру мүмкіндігі
көп. Сонымен қатар наурыз қоңызын мысалға алу арқылы оның дамуын, көбеюін
қадағалап, метамрафоза құбылысын байқауға болады.
Қазақстан Республикасы аймағында кездесетіндік қанаттылар отрядының
өкілдері оазиетік прусин немесе Итальяның шегіртке бұрынан бері мақтаның
зиянкесі болып табылады.
Тік қанаттылар мен танысу барысында, олардың толық емес метаморфозасы
арқылы дамуын көрсетіп, олардың ауыл шаруашылығына тигізетін зияндығын
көрсету қажет. Бұл сәтте ауыл шаруашылық химиясы жетістіктер мен авиациясы
қолданысына тоқталып өткен дұрыс.
Біздің Республикамыздың табиғат аясында кездесетін өсімдіктер биті
тля, тен қанаттылар отрядына жатады.
Жеміс ағаштарында алма, алмұрт алма битін сүйектілерде шабдалыда-
шабдалы биті, ал мақтада мақта биті болады. Бұл аталғандар соратын шақпа
ауыз аппараты, яғни тұмсығы арқылы өсімдік шырынымен көректеніп, жылдам
көбейеді, өсімдіктерге зиян келтіреді. Биттер қанатты және қанатсыз болып
келеді. Қанатты биттер жақын орналасқан басқа өсімдіктерге ауысады. Бит
биологиясын білудің ауыл шаруашылық өсімдіктерге зиян келтіруші биттермен
күрес жүргізуде маңызы зор болмақ.
Қазақстан аумағында кездесетін қос қанаттыларды оқу кезінде өлкетану
материалдары кеңінен қолданылады. Жарғанаттылар өкілі балды аралар мен
құмырсқалар республикамыздың барлық аудандарында кездесетіндіктен, оларды
танып, білу оқушылар қызығушылығын арттырады.
Омыртқалыларды оқу, балықтар тобын\ класын\ талқылаудан басталады.
ТМД елдері орта белдеуі мектептерінде бірнеше рет өзен ала бұғасымен
танысады. Бұл мысал арқылы балық организімінің морфологаясы анатомиасы және
басқа физиологиялық жүйелері шартты рефлексі оқытылады, өзен алабұғасы
Қазақстан Республикасында кездеспейтіндіктен, оқушыларға балықтың бұл түрі
таныс емес.
Республика өзендері мен көлдеріңде, су қоймларында әртүрлі балықтар
кездеседі әсіресе сазан мен тұқыға бай.
Бұл балықтарды еліміздің мектептеріндегі оқушылар жақсы білетіндіктен,
балықтар тобын оқуды сазаннан бастау қажет.
Сонымен қатар жергілікті мысалды қолдануда, қоршаған ортаға байлансты
көрнекті құрал ретінде әр түрлі балықтарды көрсетуге болады. Бұл балықтар
көл, су қоймалары, канал балықтары сазан, тұқы жылдам ағысты тау өзендері
балықтары маринка және су бетіндегі балықтар Түркістан қаласы және т.б.
Жергілікті кәсіпшілік түрлері мен танысуда, теңіз ағыны су және тұщы
сулардғы балықтарға түсінік беріледі. Балықтарды қорғау саласын талқылау
барысында Респуликамызда құрылған тоған шаруашылықтары мен Қиыр Шығыстың
бағалы балық түрлері бай су қоймалары жайлы айтылады.
Бұл су қоймаларында кәсіпшілік маңызы бар толстолобик ақ амур жыланбас
және т.б түрлері кездеседі.
Толстолобик және ақ амур тек қана тамақ ретінде қолдануға ғана
қолданылмайды, сонымен қатар олар жасанды су қоймаларындағы су
өсімдіктерінің жайлап кетуіне жол бермейді.
Гамбузия балығы, безгек ауыруына қарсы күресте маңызды роль атқарады,
Гамбузия безгек масасы личинкасымен қоректенетіндіктен, оны совет ғалымдары
Қазақстан аумғында әкелген. Қысқа мерзім ішінде безгек ауруы ТМД елдерінде
жойылған.
Қос мекенділер тобын оқуда, біздің елімізіде көп кездесетін көл
құрбақасы мен бақа мысал ретінде ыңғайлы объекті Қазақастан
Республикасысында қос мекенділердің осы түрлері ғана кездеседі.
Жылы, құрғақ климат бауырымен жорғалаушылар үшін ыңғайлы сондықтан
Қазақстан далалары мен шөлейтті жерлері тау етектері ТМД елдері орта
белдеуіне қарағанда бұлар өте көп кездеседі.
Ғылым және Білім беру министірлігі ұсынған бағдарламасында, берілмеген.
Сандықтан бұл тақырыптағы ширақ кесірткенің орнына дала ағамасын мысалғы
алған дұрыс.
Сонымен қатар үлен кесіртке - варан, аяқсыз сарықарын сияқты қызықты
түрлерінде де жалпы тоқталып өту қажет.
Улы жыландарды оқығанда эфа, дала су жыланын, улы емес жыландардан су
жыланын, қара шұбар жыланы мысалға ала ұсынылады. Оқушыларға Қазақстан
ғалым герпотологтарының улы жыландардан жүйелі түрде у алып тұру және улы
жылан түрлерін жасанды инкубациялық жолмен көбейту мақсатындағы жұмыстары
жайлы айтылды.
Құстардың сыртқы құрлысымен танысу кезінде Қазақстан Елді -
мекендерінде кішкене кептер мысал ретінде алынады. Бұл құстар Ақпан айының
соңы мен Наурыз айының басынан бастап ұя салып, жұмыртқа басып, шығарып
балапандарын, қоректендіреді. Бұл құбылыстарды әр оқушының бақылауына
мүмкіндіктері бар.
Кішкене кептер көп жағдайларда үлкен тұрғын үй балкондарында ұя салады
және арнайы жасалған жәшікшелер олар үшін өте ынғайлы болмақ. Бұл құс
отырғышы құстармен таныстыруда тамаша. Мысалы және балапан басып шығарушы
бөдене, тау құры кекілік және фазан сияқты құстармен салыстырылып
түсіндіріледі.
Бөдене және құрт кәсіпшілік маңызы бар құстар және құстар оқушыларға
жақсы таныс.
Жыл құстарын өткен кезде, кесірткеге қарсы күресте маңызы бар ұзақ,
қарлығаш, үйрек т.б. құстарға түсінік беріледі.
Оқушыларға бау-бақшалармен мақталықтарға тигізетін пайдасы бар құстар
және оларды қорғау жайлы айту өте маңызды.
Сонмен қатар осындай маңызды проблеманы шешу үшін оқушылар не істеу
қажет екендігіне де көңіл бөлінеді.
Оқушыларға соңғы жылдары Үнді елінен келген майна - ұзақты мысалға
алуға болады және дибергенция құбылысын түсіндіреді.
Үй құстарымен танысу, барысында оларды ыстық климат жағдайында ұстау
ерекшелігі және еліміздегі құс шаруашылығы туралы айтылады Сүтқоректілер
төбе өкілдерінің құрылымымен, физиологиялық функциялары мен танысу,
барысында ТМД елдері орта белдеуінің жануарлар әлемі мүлде өзгеше
болғандықтан жергілікті мысалдарға көңіл бөлінеді.
Насекомқоректі жануарлар отрядының салпаң құлақ түрі кірпі, европалық
түріне қарағанда кішкене болып келеді және ол құрғақ, ыстық климатқа тез
бейімделіп ауылшаруашылық зиянкестер личинкаларымен, маллюскалармен, ұсақ
кеміргіштермен, кейде тіпті жыландармен қоректенеді.
Қос қанаттылар отрядын оқуда жарғанат және жирен вечерница мысал
ретінде алынады. Жарғанаттар зиян насекомдарды көп мөлшерде жойып, пайда
келтіреді.
Кеміргіштер отряды шөл, шөлейт және оазистерге бейімделген әр түрлі
өкілдерге бай.
Табиғат жағдайына байланысты мынандай әр түрлі кеміргіштер болады,
қосаяқ, құмтышқан, сарышұнақ, жайра т. б. Бұл кеміргіштер ауылшаруашылық
өсімдіктеріне зиян келтіреді, кей түрлері тышқан, сарышүнақ, атжалман
инфекциялық ауру таратады.
Коян тәріздестер отрядының біздің республикамызда кездесетін құм қоян
сәндік өсімдіктер плантациясына едәуір зиян келтіреді.
Құм коян ыстық климатқа бейімделген, жүні сұрғылт, артқы аяқтары ұзын,
сақ құлақ болып келеді.
Жыртқыштар отрядының өкілдерін де қоршаған ортаға бейімделген
ерекшеліктері бар.
Мысық тұқымдастарына тоқталу кезінде, биік тауларды мекендейтін күшті
де ширақ тау барысына, шөлейтті жерлерде кездесетін; құм паранасына түсінік
беріледі.
Жергілікті жануарлар әлемінен өкілдер төбет тұқымдастары шөл қасқыры,
шие бөрі және терісі орташа бағалы қағанға түлкісі жайлы айтылады.
Тау етектерінде, алша жемісі, жанғақ ормандарында кездесетін ақтырнақ,
аю тұқымдасы Сібір, аюына қарағанда кішкене болып келеді.
Жабайы аша тұлқтылар өкілі. Қызыл кітапқа енген жейран және әдемі де
шапшаң жабайы елік жайлы оқушыларға айтып өту маңызды. Сонымен бірге
бұранда мүйізді және орта ариялық арқарлар жайлы мәлімдеу оқушылар
қызығушылығын арттырады.
Жергілікті қаракөл, қазақы қойларымен ірі қара мал тұқымына көңіл бөлу
қажет.
Тақ тұяқтылар отрядына жататын, үй жануарлары есек пен ат шөл жерлерге,
және оның аз мөлшердегі өсімдіктеріне бейімделгендіктен еліміздің
шаруашылығында көп пайдаланады.
Біздің Республикамызда, ұзақ уақыт бойы сусыз, қорексіз түйелер көлік -
арба транспорты ретінде қолданылады.
Оның арқасындағы еркеш, шөлейт жердегі өмірге бейімделген, май қоры
болып табылады.
Сүт қоректілер маңызды мен пайдалы жануарларды қорғау тақырыбын өту
кезінде, оқытушы Сырдария өзені атырауларын мекендейтін андатра жайлы айтып
өтуі қажет.
Қазіргі кезде аңдатра кәсіпшілігі елімізге көп мөлшерде бағалы елтірі
беруде.
Қазақстан елінде аң өсірушілік дамыған және өзінің қорықтары бар.
Қара бұрыл, түлкі мен қара күзен өсіретін аң өсіру шаруашылықтары
құрылған.
Жер бетінде жануарлардың таралуы және жануарлар әлемін қорғау тақырыбын
өту барысында, оқушылар жер бетіндегі жануарлардың көп алуан түрлерімен,
әсіресе ТМД елдері жануарлар әлемімен танысады.
Алдын - ала Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар жайлы жиналған
мәліметтерді, басқа аумақ жанулар түрлерімен, өмір сүру ортасымен
салыстырып, түсіндіруде қолданылады.
Зоология курсын оқу нәтижелі болу үшін, әр түрлі көрнекті құралдар
қолдану қажет.
Қоректі құрал ретінде ұсақ түрі жануарлар, тұлыптар, сұйық препараттар
мен микропрепараттар, қабыршақтар коллекциясы сияқты табиғи объектілерді
және үлгі-муляждар, қабырға суреттері сызбалар мен таблицалар сияқты
жасанды түрлер қолданылады.
Табиғи объектлер жеткілікті мөлшерде болған жағдайда, оқушының өзіндік
жұмысын орындауы үшін оларды тарату матералдар ретінде қолданылады.
Қазақстан мектептерінде, Ғылым және Білім беру Министрлігі ұсынған
өлкетану материалдары енген көрнекті құралдармен қатар жергілігікті
өлкетану материалдары кеңінен қолданылады.
Ендігі ретте биология оқытушысына, өлкетану материалдары мен көрнекті
құралдарды қолдану мүмкіндігін көрсететін, бағдарламадағы тақырыптардың әр
сабақтарына әдістемелік өңдеулер беріледі.
Зоология -жануарлар жайындағы ғылым, оның даму тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зоология ғылымының мазмұнымен таныстыру
және оның шығуы мен дамуы адамның қажеттігіне байланысты екендігін көрсету.
Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы негізгі ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды тауып көрсету.
Методтар: Баяндау, әңгіме
Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тірі табиғат мүйісінен тірі балықтар
мен басқа жануарлар. Суретпен бейнеленген құралдар. Құрттар, маллюскалар
насекомдар балықтар, бауырымен жорғалаушыларды, сүт қоректілерді
бейнелейтін таблицалар.
Зоология ғылымының анықтамасы. Мұғалім сабақты оқушылардан: қандай
биологиялық пәнді оқып бітірдіңдер. Ботаника ғылымы нені зерттейді — деп
сыныпқа сұрақ қоюдан бастайды.
Мұғалім оқушылардан осы сабақтан бастап зоологияны оқып үйренетіндерін
айтады. Мұғалім тақтаға зоология деген сөзді жазады да, оның қазақ
тіліндегі мәнін жануарлар жайындағы ғылым түсіндіреді.
Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
жайындағы әнгіме. Мұғалім оқушылардан жануарлар дүниесінен өздеріне белгілі
өкілдерді атауды талап етеді. Әдетте оқушылардың көпшілігі сүт қоректілер
өкілдерін атайды. Кезекшілер мұғалімнің сұрауы бойынша құртты, моллюсканы,
балықты, құсты және басқа да жануарларды бейнелейтін таблицаларды іледі.
Мұғалім тек денесін түк басқан, терт аяқты аңдар ғана емес, құрттар да, ұлу
да, насекомдар да, балықтар да, құстар да т. б. жануарлар деп аталатындығын
түсіндіреді. Бұдан кейін мұғалім оқушыларға осы алуан түрлі организмдердің
арасында қандай ұқсастықтарды болатындығын және не себепті олардың барлығын
жануарларға жатқызатынын жаңа ғана оқып өткен өсімдік организмдерінен
бұлардың қандай айырмасы бар екенін ойлауды ұсынады.
Қойылған сұраққа жауап беру үшін оқушылар ең алдымен өсімдіктер мен
жануарлардың тірі организмдерге жататындықтарын естеріне түсірулері керек.
Демек, өсімдіктер мен жануарлардың қандай белгілері жалпы ортақ екендігін
таба білу қажет.
Оқушылар өсімдіктерге де, жануарларға да ортақ белгіледі атайды да,
оларды мұғалім тақтаға: қоректену, тыныс алу, өсу, көбею клетка құрылысы
деп жазады.
Осыдан кейін мұғалім оқушылардан өсімдіктер мен жануарлар арасындағы
айырмашылық белгілерді атауды; жасыл өсімдіктер немен және қалай
қоректенетін; жануарлар немен және қалай қоректенетініне жауап берулерін
талап етеді.
Оқушылардың жауабынан қоректену процесіне айырма бар екендігі белгілі
болады: жасыл өсімдіктер органикалық емес заттармен коректенетіндері,
олардан хлорофилдің жәрдемімен органикалық заттар түзіледі.
Жануарлар органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алмайды,
олар дайын органикалық заттармен қоректенеді.
Мұғалім оқушылардан өсімдіктердің арасында дайын органикалық заттармен
қоректенетіндері болатын, болмайтындығын сұрайды.
Оқушылар саңырауқұлақтар мен бактериялар жайында естеріне түсіреді.
Сонда мұғалім жануарлар мен саңырауқұлақтардың қоректену процесіндегі
айырмашылықты анықтай түсу үшін оқушылардан: жасыл емес өсімдіктер мен
жануарлар организмдерінің қоректену процесіндегі айырмашылықтар неде?
Саңырауқұлақтар қалай қоректенеді? деп сұрайды.
Қайтарылған сұрақтардан соң мұғалім жануарлардың өсімдіктерден
айырмашылығы - олардың көп жағдайда қорегін қармап алып, жұтатындығында
және астын қорытылуы жануар денесінің ішінде болатындығында ерекше көңіл
аударады.
Ас қорыту былай болады: ас қорыту сөлдерінің әсерінен еритін қоректік
заттар түзіледі, ал қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылып тасталады.
Мұғалім оқушыларға: өсімдіктер мен жануарлардың арасында қандай елеулі
айырма бар?- деген сұраққа жауап беруді ұсынады.
Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы елеулі айырма әр-түрлі тәсілмен
қоректенуінде, - деп оқушылар өздігінен қорытынды шығарады.
Одан ары есімдіктер мен жануарлардың арасында басқа да
айырмашылықтардың бар екенін, атап айтқанда: жануарлардың көпшілігінің
қозғалу органдары, нерв системалары және сезім органдары болатыны белгілі
болды.
Әңгіменің нәтижесінде мұғалім тақтаға, ал оқушылар дәптерлеріне
өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетін
таблица құрады.
Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастық және айырмашылық белгілері.
Өсімдіктер. Жануарлар.
Ұқсастықтары.
1 Қоректену. 1 Қоректену,
2 Тыныс алу. 2 Тыныс алу.
3 Өсу. 3 Өсу.
4 Көбею. 4 Көбею.
5 Клеткалы құрылыс. 5 Клеткалы құрылыс.
Айырмашылығы.
1 Органикалық емес қоректенеді. 1 Органикалық заттармен
Хлорофильдің жәрдемі мен жарық барөсімдіктерді немесе басқа
жерде су мен көмір қышқыл газдан жануарларды жеп қоректенеді.
органикалық зат түзе алады. 2. Қозғалу органдары нерв
системасы және сезім органдары
болады.

Қорыта келгенде, оқушылар дәптеріне өсімдіктер мен жануарлар жөнінде
олар бір тұтас органикалық дүниені құрайтын өзара ұқсастықтары бар және бір-
бірімен тығыз байланысты тірі организмдердің екі тобы екендігін
қорытындылап жазады. Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар
олардың екеуі де өте ертеде жалпы ортақ бір ата-тектен тарағанын көрсетеді.
Олардың арасындағы айырма біртіндеп келіп шыққанда, қазіргі уақытта ол
елеулі дәрежеге жеткен. Осы айырмашылықтарына негізделе отырып тірі
организмдердің біреулері өсімдіктерге, ал екінші біреулері жануарларға
жатады.
Оқушылардың оқып зерттемек болып отырған ғылымы жануарлардың құрлысын,
организмдегі өтетін процестерді, тіршілігін, даму процестерінің тіршілігін
қарастырады.
Зоологияның шығуы мен дамуы жайында баяндау. Мұғалім зоология ғылымы
өте ертеде адамның қажеттігіне байланысты келіп шыққанын айтады.
Микроскопты ойлап шығарудын өте үлкен маңызы болғанына көңіл аударады.
Зоологияның дамуына діннің қандай кертартпа әсерін болғанын атап көрсетеді.
Оқушылар білімін пысықтау. Оқушыларға мынадай сұрақтарға жауап беру
ұсынылады: зоологая нені зерттейді? Органикалық дүниені қандай тірі
организімдердің топтарын құрайды? Қандай белгілеріне қарап бірін тірі
организімдерді өсімдіктерге, екінші біреулерін жануарларға жатқызады?
Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар нені білдіреді? Зоология
ғылымының шығуы неге байланысты. Үйге тапсырма беру; Оқушылар үйге тапсырма
беруден мұғалім оқушыларды зоология оқуымен таныстырады, оқулықтың,
мұқабасы формасын қарап, авторларын естеріне сақтап, мазмұнын оқып шығуды
тапсырады.
Мұғалім үйге берген тапсырманы орындағанда тиісті парагрофтарды оқумен
қатар, суреттерін де қарап көру және параграфтың, соңындағы сұрақтарға
жауап бере білу қажет екенін айтады.
Жануарлар классификациясы.
Сабақтың мақсаты:
Түр, туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип туралы ұғымдар жайында,
жануарлардың табиғи системасы жөнінде алғашқы түсінік беру.
Методтары: Табиғи құралдар. Көбелектердің және үлкен перламутровка.
Жұлдыз құрттардың коллекциясы. Суретпен бейнеленген құралдар. Бұрын
аттары аталған көбелектердің суреті салынған атластар немесе таблицалар.
Сабақтың барысы:
Қайталау және оқушылар білімін тексеру. Мұғалімнің тақтаға шығарған
оқушыларының біреуі өсімдіктер мен жануарлар белгілерінің ұқсастықтарын,
екіншісі олардың белгілеріндегі айырмашылықты жазады.
Оқушылар білімі бірінші сабақтың сонында берілген сұрақтар бойынша
тексеріледі.
Жаңа материалдарды оқыту.
Мұғалім оқушыларға өткен сабақта олар зоологияның даму тарихымен
танысқандардаң - естеріне түсіреді. Ол ғалымдардың жылма - жыл жануарлардың
көптеген түрлерін тауып, анықтайтынын ерекше көңіл аударады. Мұншама көп
өсімдіктер мен жануарларды қалай тәртіпке салып, оларды бір жүйеге,
системаға, қалай келтіру керек.
Мұғалім өсімдіктердің қандай топтарға бөлінетінін оқушылардан сұрайды,
Оқушылардың жауаптарынан кейін мұғалім енді олардың жануарлар дүниесі
системасымен танысатынын баяндайды.
Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақ қояды: бұл көбелектер қайда кездеседі.
Олардың бір-бірі мен айырмашылығы неде? Көбелектердің жұмыртқа салатын,
кейін оларды личинка жұлдыз құрттардың шығатынын еекертуге болады.
Оқушылардың столдарына қалақаймен кебелек траурницаның жұлдыз
құрттарының коллекциясын таратып береді, осы көбелектер мен олардың
личинкаларын бейнеленген таблицаларды іліп қояды.
Мұғалім бұл түрлердің ұқсастықтарын белгілеуді ұсынады. Осыдан кейін
қалай көбелектің салған жұмыртқасына тек қалай көбелек дамып жетілетіні, ал
траурницаның салған жұмыртқаларын тек траурница дамып жетілетіне көңіл
аударады.
Бұл екі көбелекті шағылыстырудан бұдан пайда болмайды.
Жаңа материалды оқушылар жақсы түсіну үшін мұғалім жануарлар түрлерінен
қосымша мысалдар келтіреді. Үй тышқанының түрі жайында баяндап беруге
болады. Барлық үй тышқандары бір-біріне ұқсас келеді, үй тышқанының
балаларынан, дала тышқаны немесе басқа тышқандар емес, сөзсіз үй тышқандары
шығады. Алайда үй тышқанынан басқа егістікті орманды мекендейтін және
өздеріне тән ерекшеліктері бар тышқанның толып жатқан басқа түрлері
белгілі.
Мұғалім түрдің анықтамасын береді, ал оқушылар оны дәптерлеріне жазады.
Мұғалім тақтаға қарастырып өткен көбелек түрлерінің схемасын сызады.
Сонан соң мұғалім бұл мінез-қылығына, қоректенуіне, жұлдыз құрттарының
сыртқы құрылысына қарап оңай табуға болатындығына көңіл аударады.
Оқушылар көбелектермен жұлдыз құрттарды қарап көріп, оларды
салыстырады, олардың белгілеріндегі жалпы ұқсастықтарды және
айырмашылықтарды табады.
Мұғалім оқушылардың назарын айқындалған ұқсастық белгілердің қарастырып
отырған түрлер арасындағы туыстық байланысты көрсететіндігіне аударады.
Ұқсас түрлер бүдан түрі ірірек жануарлар топтарына күндізгі төмен
көбелек — бүлардың бәрі ванесса туысының түрлері. Бір туысқа жататын
жануарлардың арасында әрдайым туыстық байланыс болады.
Мұғалім таблицадан немесе коллекциядан үлкен перламутровка көбелегін
көрсетіп, оқушыларға ванесса туысына жататын көбелек пен перламутровка
туысына жататын көбелектің белгілеріндегі айырмашылықты табуды ұсынады.
Бұл туыстардың арасындағы ұқсастыққа қарағанда, кем болады.
Классификациямен таныстыру барысында мұғалім ұқсас туыстардың бір
тұқымдасқа біріктірлетінін атайды.
Мысалы андардың ішінде - ит, түлкі, поляр түлкісі, қорқау қасқыр деген
туыстары белгілі. Белгілерінің жалпы ұқсастығына қарай оларды ит
тұқымдасына біріктіреді.
Туысқан ұқсас тұқымдастар өзінше, отярдқа біріктіріледі.
Мысалы: ит тұқымдас, мысық тұқымдасы, Аю тұқымдастары жыртқыштар
отрядына кіреді Ұқсас отрядтар одан да ірірек топқа-класқа біріктірледі.
Мысалы, жыртқыштар отряды, маймылдар отряды, кит тәрізділер отряды
сутқоректілер немесе аңдар класына жатады. Туысқан ұқсас кластар ірі топ-
типтері біріктіріледі.
Классификацияны оқып-түсіндіру барысында мұғалім тақтаға мынандай схема
сызады.

Мұғалім түрден типке қарай көтерілген сайын системаны топтарынының
арасындағы ұқсастықтар мен туыстық белгілер біртіндеп азая беретініне ал
айырмашылықтар арта беретініне ерекше назар аударады. Сонымен қатар
жануарларды типтен бастап түрге дейін қарастырғанда ұқсас белгілері
біртіндеп көбейеді де, айырмашылықтары азаятыны болады. Мұғалім оқулықтан
форзацындағы суреттерді пайдалана отырып, классификация дегеніне не екенін,
сондай-ақ осы күнгі система жануарлардың ғылыми классификация болып
табылатынын және жануарлар дүниесінің қарапайым формасынан күрделі
формасына қарай тарихи дамуын көзге елестететінін түсіндіреді.
Мұғалім жануарлардың әр тобының латын тілінде ғылыми аты болатынын
баяндайды. Ғылымда латын тілі бірліктерді анықтау үшін халықаралық тіл
ретінде қабылданған. Әрбір түрдің аты екі сөзден тұрады, мысалы:

Қосарынан атау ыңғайлы, өйткені бірден әрбір жануардың қай туысқа, қай
тілге жататынын көрсетеді. Оқушылар жануарлар классификациясын оқып үйрену
процесінде, өсімдіктер дүниесі сияқты, жануарлар дүниесінің де соншалықты
орасан көп түрлі екенін байқайды. Әр түрлі жануарлар алуан түрлі тіршілік
жағдайында мекендеуге бейімделген,
Мұғалім жануарлардың өзара тіршілік ететін орта жағдайына
бейімделетіндіктері соншалықты тіпті олардың басқа ортаға болатында жойылып
кететініне, мәселен балық ауада өліп қалса құрлықта кез келген жануары суда
өліп қалатына ақ аюлар мен пенгвиндер полярдың маңында тамаша тіршілік
ететін болса, арыстандар мен маймылдар тек климаты ыстық жерде мекендейтіне
тоқталып өтті.
Мұғалім сыныпта:
Біз көріп отырған жануарлар дүнйесі әрдайым осындай болған ба? —деп
сұрақ берді.
Оқушылардың жауабынан кейін, мұғалім қазба жануарлар жайында баяндады,
және жер бетінде жануарлар дүниесі өзгеріп, дамып отыратынын баса айтты.
Ғылым жануарлар дүниесінің өзгермейтіні туралы діни тұжырымдардың
жалғандығын мәлімдейді.
Оқушылар білімін пысықтау.
Мұғалім оқушылардан жануарлар классификациясында қандай маңызы бар
екенін, сондай-ақ жануарлардың осы күнгі системасы нені бейнелейтінін
сұрайды.
Дара клеткалы торшалы жануарлар. Қарапайымдылар түрі.
Жануарлар әлемін оқу, қарапайымдылар түрімен танысудан басталады.
Жануарлардың бұл тобы шығуы тегі жағынан ежелгі және морфологиялық,
анатомиялық құрылымы жағынан өте қарапайым. Жануарлардың бұл түрлері,
барлық организмның қызметін орындайтын бір ғана клеткадан тұрады. Ботаника
курсы бойынша оқушыларға осы тәріздес бактериялар, балдырлар және бір
клеткалы саңырауқұлақтар белгілі.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық жағынан ұқсас болуы,
органикалық дүниенің шығу тегінің бірі екендігін көрсетеді. Сондықтан бір
клеткалы жануарлар мен өсімдіктерді өмір сүру ерекшеліктері мен құрлымдарын
салыстырып түсіндіруі қажет. Мұндай талдау, ботаника ережелерін зоологая
материалдары мен қайта талқылап, оқу арқылы жасалады.
Зоологаялық материалдарды өту кезінде бір клеткалы жануарларға ғана тэн
ерекшешктерге дайын органикалық заттармен қоректену қозғалуы, құрлым
күрделілігі баса мән беру керек.
Өйткені оқушылар бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктерді бір-бірімен
шатастыруы мүмкін, Сонымен қатар, қарапайым жануарлар, қарапайым өсімдіктер
тәрізді планетамыздың алғашқы оганизімдерінің бірі: Бұл тақырыпты оқыған
кезде, жануарлар әлемінің, сонымен бірге бүкіл органикалық әлемнің тарихи
дамуына түсініктеме беріледі.
Қарапайымдар тобында әр жерде, жағдайларда кездесетін түрлерге бай.
Бұлардың кейбіреулері адам, жоғарғы топ жануарлар организмінде
кездесетіндіктен, оқушыларға жалпы және жеке гигиенаның алатын орнына
тоқталып өту қажет .
Безгек паразиті секілді қарапайымдыларға түсінік беру барысында,
республикамыздағы безгекке қарсы күресу жұмыстары жайлы айтылады.
Нозема споровигімен жүйелі түрде жұмыс жүргізетін отандық жібек
шаруашылығымен айналысатын мамандар ғана таныс. Ал Ауғаныстан, Турция,
Пакистан т.б. шығыс елдерінде бұл жібек құрты жібек шаруашылығына едәуір
шығын келтірді. Бұл тақырыпты талдауға 5 сағат бөлінген.
1 және 5 сабақ тақырыптаарына методикалық өңдеулер ұсынылады.

Қарапайымдылардың паразиттік түрлері.

Мақсаты. Безгек паразитті мен нозема биологиясымен танысу. Еліміздегі
безгек және пебринамен зақымдану ошақтарын жою мақсатындағы жұмыстары жайлы
айту.
Жоспар.
1. Оқушыларға таныс, инфекциялық ауру қоздырғыштары, бір клеткалы
организмдерді қайталау.
2. Микроппрепораттармен өз бетінше жұмыс істеу - безгек паразитті
қарау.
3. Оқушылармен безгекпен күрес жүргүзу туралы әңгімелесу
4. Оқушыларға пебрина қоздырғышына ноземе жайлы және оның алдын-алу
туралы әңгімелесу.
5. Жаңа материалды қорытындылау.
6. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Жабдықтар:
1. Амеба мен нифузория туфелканың суреті.
2. Безгек паразитінің жыныссыз көбейу циклі мен жалпы көрінісі.
3. Ноземаны жалпы көрінісі.
4. Тарату материалы-безгек масасының ылғалды препараты.
5. Тірі гамбузия мен қарп малькасыбар аквариум.
6. Күкірт салынған пакет.
7. Ахрейкин таблеткасы.
8. Безгек паразит, нозема микропрепараттары.
Сабақтың барасы: Мына сұрақтарға жауап беру; қандай түкті өсімдікті
организмдер адамдар мен жануарлар организіміне еніп инфекциялық ауру
тудырады. Ауру тудырушы бактериялар бейнеленген таблица да көрсетіледі.
Қандай қарапайымды жануарлар адамдарда ауру туғызады және бұл аурулардың
алдын алауға болады.
Дизентериялық амеба бейнеленген сызба көрсетіледі. Безгек неден пайда
болады және бұл аурудың алғашқы белгілері. Безгек ауруын қандай дәрілердің
көмегімен емдейді.
Оқытушы оқушылардың жауаптарын қорытындылап: микроскоп арқылы безгек
паразитун көруді ұсынады. Оқушылар безгек құрлысын белгілі қарапайымдылар
құрлысымен салыстырады. (№5 сызба көрсетіледі). Осыдан сұрақ қойылады.
Безгек паразит адам организіміне қалай енеді? Жауап: Маса шағуы арқылы.
Оқутышы мұндай масаның сау адамды қалай шағатындығы жайлы айту арқылы,
жауап беруші оқушының ой - өрісін арттырады, қарапайым және безгек масасын
бейнелеп сызба көрсетіліп, құрсақ орналасуына жеке көңіл белінеді.
Әр үстелге безгек масасының ылғалды препараты таратылып оның суретін
салып алу тапсырылады. Таратылу материалдарымен жұмыс істеп болғаннан соң
оқытушы келесі ТМД елдеріндегі безгек ауруымен күрес тақырыбын түсіндіруге
көшеді.
Оқушылардың бұл тақырып жайлы не білетіндігін анықтау мақсатында сұрақ
қойылады. Ұлы Қазан ревалюциясына дейін және қазіргі уақытта безгекке қарсы
күрес қалай жүргізілуде.
2-3 оқушылар жауап бергеннен соң оқытушы безгек ауруын ревалюцияға
дейінгі уақытта Орта Азия елдеріндегі таралуы және дін революююцияға
дейінгі уақытта орта Азия елдеріндегі таралуы және діннің бұл ауру таралуын
қалай түсіндірілген жайлы әңгімелейді. Бұрынғы уақытпен салыстыра келе,
үкіметтің денсаулық сақтау жолындағы үлкен жұмысына, безгекке қарсы
құрылымдар жүйесіне дәрігер - мамандар даярлайтын жоғарғы және орта
медициналық оқу орындарының жете көңіл бөлінеді. Безгекке қарсы күрес екі
бағытта жүргізілді. а) безгек массасын жою. Батпақты ойпақ жерлерді
құрғату, қарп, гамбузия т.б. балық түрлерін, су қоймаларына қоныстандыру;
б) ауруларды дәрі-дәрмектермен емдеу арқылы безгек паразитін жою. Безгек
аурумен ауру оқиғалары саны құрт кемігенін дәлелдейтін статистикалық
мәліметтерді көрсету ұсынылады. Әңгімелеп болғаннан соң оқу материалы мына
сұрақтарды қою арқылы қорытылады: Безгек паразитінің және амебаның немесе
туфельканың көбеюнің айрмашылығы неде?
Қандай шаралар қолдану арқалы безгек ауру жойылды? Осы сұрақтарға жауап
бергеннен соң оқушылар нозема споровигімен танысты. Нозема бейнеленген
сызба көрсетіліп оқушыларға нозема мйебезгек паразитін салыстыру ұсынылады.
Оқытушы петрин Кеңес үкіметі жылдары оған дейін болғаны жайды әңгімелейді.
Гренат зауаттарының салынуы , таза жібек құртының ұрығы алынуына
байланысты, бұл ауру толық жойылды:
Мына сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ қорытындылады. Қандай қарапайым
жануарларды паразиттер деп қайсыларын паразит қожайындары деп атайды:
Религия инфекциялық ауру таралуының шын мәніндегі себептері неде?
Біздің республикамызда қарапайымдылармен қандай күрес жүргізілді және
жүргізілуде. Ұсынылған сұрақтардан оқытушы еркіне қарай 1-2 таңдап алынады.
Үй тапсырмасын орындау барысы түсіндіріледі.

Жалпақ құрттар типі.

Тақырыптың білімдік немесе тәрбиелік маңызы: Жалпақ құрттар типіне
мыналар жатады. Түкті құрттар ақ планариді мысалға алу арқылы танысамыз.
Сорғыштар класы бауыр сорғышы жалпылама оқытылады. Лента құрттар класы
сиыр цепен жабысқақ. Құрттар ішек қуыстыларға қарағанда морфологиялық
және анатомиялық құрылымы күрделі, екі жақты симметриялы, дамыған бұлшық
ет, анық көрінетін органдар жүйесі және жыныстық көбею бұл типке тән
құбылыс. Бұл ерекшеліктер жалпақ құрттардың органикалық дүниенің
эволюциялық даму сатысындағы орнын анықтайды.
Көптеген жалпақ құрттар паразиттік түрде адам, жануарлар организімінде
өмір сүреді. Олардың регенерацияда көрінетіндей, қоршаған ортаға бейімделуі
қызық-ақ. Бұл тақырыпты өту барысында күрделі биологиялық түсініктер
қалыптасып, қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау қамтылады. Біздің
еліміздегі денсаулық сақтау және медицина дамуы жайлы мәліметтерді
қолдануға болады.
Бұл тақырып 4 сағат берілді.

Түкті құрттар
Мақсаты: Жалпақ құрттарға жалпылама сипаттама беріп бұл типтің, басым
көпшілігі паразитті түрде өмір сүретіндігіне, құрлысы күрделігіне аса мән
беру. Ақ планарид мысалға алу арқылы оларды ішек қуыстылармен салыстыра
отырып морфологиялық, анатомия құрлымы күрделілігін көрсету. Жоспары: 1.
Ішек қуыстылармен салыстыру арқылы қысқаша сипаттама беру.
2. Планаридің сыртқы сипаттымен танысу лупамен және дәптермен өз
бетінше жүмыс істеу.
3. Планаридің сыртқы және ішкі құрлысы.
4. Тақырыпты қорытындылау. Планари құрлысын суретін дәптерге салу.
5. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар;
1. Планари сыртқы, бауыр сорғышы, бұқа жабысқағы, қос жынысты
өсімдіктер гүлі бейнеленген қабырға сызбалары.
2. Планари бейнеленген диапозитивтер.
3. Диопроектер.
4. Фиксаждалған немесе тірі планарилер.
5. Мектеп лупалары.
6. Препаровалданған инелер.
Сабақтың барысы: Оқытушы жаңа тақырыппен таныстырып, сызбаларды қолдану
арқылы жалпақ құраттарды ішек қуыстылармен салыстыра отырып, олардың
құрылысын күрделігіне жеке көңіл бөлу.
Салыстыру үшін мына сұрақтарға жауап береді: Ішек қуыстылар сипаты
қандай? Ішек қуыстылар типіне көп түрлі түрлі болуы неліктен? Ішек
қуыстылардың табиғатта, адам өміріндегі маңызы қандай? Ішек қуыстылар
бейнеленген сызбаларды көрсету.
Оқушылар жауап бергеннен соң оқытушы: жалпақ құрттар паразитті түрде
өмір сүретіндігіне және жануарлар мен адамда ауруы туғызатындығына жете мән
бере отырып түсіндіреді. Бұл сұрақты талқылау барысында сорғыштар класынада
тоқталып өткені дұрыс. Бұл класпен танысуға арнайы сағат бөлінбеген
дегенмен оқушылар бұл жануарлар туралы жалпылама мағлұмат алуы тиіс.
Жалпылама сипаттама беріп болғаннан кейін, оқытушы планаридің фиксаждалған
препаратын лупа арқылы, оның дене тұрқына көңіл бөліп, жыланмен салыстыра
отырып қалуды ұсынады. Оның ерекшеліктерін, түктерін, көзі арқылы бас жағын
табуды тапсырады.
Тірі планаримен жүмыс істегенде, мұқият препаровалды инемен жануарды
түртіп, оның қарсы реакциясына көңіл бөлінеді. дененің жиырылуы нерв
жүйесі мен бұлшық етін жақсы дамығанын көрсетеді.
Оқушылар өз беттерінше жұмыс істеп болған соң мына сұрақтарға жауап
береді. Планаридің су жыланмен салыстырғанда дене тұрқы қандай.
Планаридің сыртқы құрылысы қандай Сызбаларды көрсету. Тірі планаридің
реакциясы нені көрсетеді.
Соңғы сұрақ тірі планармимен жұмыс істегенде қойылады, ал мұндай жұмыс
істеу мүмкіндігі болмаған жағдайда оқытушы оларды түрткен кездегі
реакциясын толықтырып, жалпылама түсіндіріледі.
Ішек құрылыстылардың радиалды симметриялы болып келетіндігіннен өзгеше
бұл типтерге екі жақты симметриялы, шеңбер тәрізді бойлық бұлшық ет
жүйесімен талшықты болу қасиеттері арқылы қозғалады.
Су жыланның бұлшық ет жүйесі планаридің ет жүйесімен салыстырып,
түсіндіріледі.
Ары қарай организімін ішкі құрлысы және көбею процесі жайлы айтылады.
Органдар жүйесі бейнеленген қабырға сызбаларын қолдану арқылы әр органдар
жүйесі ішек қуыстылармен салыстырлып, ұқсастықтарымен күрделілігіне жете
көңіл бөлінеді. Көбею процесін түсіндіру кезінде гермафродмтизм дей
аталатын жаңа биологиалық терминге түсініктеме беріледі.
Сонымен қатар, тағы қандай оргонизмдерде қос жыныстылық құбылыс
байқалғандығы еске түсіріледі, гүл бейнеленген сызба қолданылады.
Жаңа оқу материалы түсіндіріліп болғаннан соң, оқушылар дәптерлеріне
органдар жүйесі суретін салады,, сурет салу үшін тақтаға Ақ планиридің ішкі
құрлысы деп аталатын сызба ілінеді, оқушылар өз еріктерімен ас қорыту
жүйесі туралы айтады.
Осыдан сон сызба суретін теріс қаратып, оқушылар естерінде сақтауы
бойынша сурет салады.
Бұл жұмысты орындауға уақыт жетпеген жағдайда, жұмысты уақытша
тоқтатып, келесі сабақта осы оқу материалы бойынша алған білімін тексеру
кезінде немесе үйде орындауға болады.

Ленталы құрттар.

Мақсаты. Ленталық құрттар паразитті түрде өмір суруі мен құрылысы мен,
бұқа жабысқағын мысалға ала отырып таныстру.
Жоспары:
1. Бұқа жабысқағы құрылысын планирдің құрылысымен салыстырып таныстыру.
2. Жалпақ паразит құрттардың қоректену ерекшеліктері.
3. Бұқа жабысқағынын дамуын және көбею.
4. Оқу материалын қорыту. Бұқа жабысқағы, кинофильмін көріп, оны
талқылау.
5. Кішкентай жабысқақты лупа арқылы қарау.
6 .Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал- жабдықтар.
1. Қабырға сызбалары ақ планари бұқа жабысқағы, бауыр сорғышы.
2. Бұқа жабысқағының ылғалды препараты.
3. Кішкентай жабысқақтың фиксаждалған препараты.
4. Мектеп лупалары.
Сабақтың барысы: Сабақтың бастапқы кезеңінде өтілген сабақтар жайлы
айтылады. Мұндай еске түсіру кезінде оқытылып жатқан жануарларға тән
эвалюциалық белгілерді айқындау мақсатында салыстырулар жүргізіледі.
Оқушыларға сұрақ қойылады;
Ақ планари қай жерлерде кездесді және оның өмір сүруі. Жауап
тыңдалғаннан кейін, оқытушы бұқа жабысқағы бейнеленген сызбасын және оның
ылғалды препаратын көрсету арқылы оның өмір сүру ерекшеліктерімен
таныстырады. Таныстыру барысында бұқа жабысқағынын неге бұлай аталатындығы
айтылып, планаридің сыртқы құрлыстарынан оның айырмашылықтары көрсетіледі.
Ылғалды препарат саны жеткіліксіз болған жағдайда, оқытушы өзі ол
препаратты әр партаға қойып өйткені препарат құртылуы мүмкін, оның басының
кішкене болатындығына және соңғы, ортаңғы мөлшеріне көңіл бөлінеді.
Препаратты бақылау барысында бас құрылысына, жабысқақты жалпы мөлшеріне
бунақты мөлшерлері, дене тұрқына түсініктеме беріледі.
Ас қорыту механизіміне тоқталғанда олардан ас қорыту органдары
болмайтындығы және олар дайын асты бүкіл денесімен соратындығы жайлы
айтылады, Планаридің асқорыту жүйесі мен оның қызметі еске түсіріледі.
Бұқа жабысқаңдығы неге ас қорыту жүйесі болмайды. Бұқа жабысқағының
дамуы сызбасын көрсету арқылы оқытушы жалпақ құрттардың дамуы мен көбею
жайлы әңгімелейді. Бұл құрттардың жануарлар организімне ену жолдары ірі
қара малдарға, личинкалардың пайда болуы және олардың таспа құрт
личинкасына айналуы финна, бұлардың жануар бұлшық еттерінде орнығып,
финозды ет арқылы адам организіміне енуі туралы айтылады. Осыдан кейін ақ
планариді көбеюі еске түсіріліп, бұқа жабысқағының көбеюімен салыстырылады.
Оқушылардың жауабынан кейін, оқытушы, басқа да жалпақ құрттарға тоқталып
ит, мысық сияқты үй жануарларында кездесетін кішкене жабысқақты лупа арқылы
қарауды ұсынады. Сонан соң жануарлармен қатынас жасау кезіндегі қоғамдық
және жеке гигиенаны сақтау маңыздылығына жете мән беріледі.
Мына сұраққа жауап беру ұсынылады: өз организіміңді, әр түрлі паразит -
құрттарды жұғуынан қалай сақтауға болады.
Оқу материалын қорытындылау барысында, халық денсаулығын қорғау
мақсатындағы үкімет қамқорлығына аса мән беріледі жануарлар тек
мемлекеттік қасапханаларда сойылады, ет комбинаттары мен сауда жүйесіндегі
санитарлық қызмет және т.б.. Бұл түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасы
Конституиция материалдары қолданылады.

Дөңгелек құрттар типі.

Тақырыпты білімдік және тәрбиелік маңызы: Бұл тақырыпты оқуға, алдынғы
тақырыптағыдай 2 сағат бөлінеді. Бірінші сабақта аскарида, оның өмір сүруі,
құрылысы, көбеюі жайлы айтылады. Екінші сабақта оқушылар дөңгелек
құрттардың әр түрімен танысады. Бағдарлама ұсынған бұл тип өкілдерінен
басқа, риштагаға тоқталып өткен жөн. Өйткені бұл құрт революцияға дейінгі
кезеңде Түркістан өңірі тұрғындарында ауру тудырып, тек Кеңес үкіметі
кезінде дәрігерлердің жүйелі жұмыстары арқасында ғана толық жойылды. Бұл
тип өкілдерінің басын көпшілігі өсімдік, жануарлар және адам паразиттері
болып табылатындықтан бұл тақырыптың тәрбиелік мәні зор. Тақырыпты меңгеру
барысында дөңгелек құрттардың сыртқы құрылысы мен паразитті түрде бөлініп
өмір сүретіндігі мен оқушылардың танысуы, олардың жеке және қоғамдық
гигиенаны сақтауын қалыптастырады. Бұл оқу материалы өтілген тақырыптары
мен тығыз байланысты болғандықтан, типтер ұқсастықтары мен ерекшеліктерін
салыстыра отырып түсіндіру қажет.

Адам аскаридасы.

Мақсаты: Дөңгелек құрттар типіне, адам аскаридасын мысалға ала отырып
қысқаша сипаттама беру. Бұл тип өкілдерінің ортақ белгілеріне мән беріп,
организімін қызмет атқаруын, құрылысын, көбеюін және паразитті түрде өмір
сүруін түсіндіру.
Жоспар: 1. Жалпақ паразит құрттармен салыстыру арқылы бұл типке қысқаша
сипаттама беру.
2. Аскарида кинофильмін көріп бөгеннен сон, бұлармен өтілген құрттар
арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеіктерін салыстыру.
3. Ылғалды препаттармен өз бетінше жұмыс істеу.
Құрал жабдықтар:
1 Жалпақ және дөңгелек құрттар бейнеленген.
2. Аскариданың ылғалды препараттары.
Сабақтың барысы: оқытушы сызбалар мен сұйық ылғалды препараттары
қолданып типке қысқаша түсніктеме берді. Жалпақ құрттар типін еске түсіріп,
оған сипаттама беруге болады, осыдан кейін фильм керсетіліп; мына сұрақтар
талқыланады. Аскариданың сыртқы құрлысы ерекшеліктері қандай. Сыртқы
белгілері бойынша ұрғашы мен еркегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Төменгі сатыдағы жануарлар
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Мультимедиялық оқыту технологиясы
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
Пәндер