Әлемді үрей елесі кезіп жүр


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛЕМДІ ҮРЕЙ ЕЛЕСІ КЕЗІП ЖҮР

Біз соғысты көрмедік. Біздің бақытымыз сол, қан-талапай қырқыс, ту-талақай талау, қанкешу, қиын-қыстау, осының ешбірінің ащы дәмін татпадық. Зұлымдықтың оты құшып өткен жер жаһандағы қилы-қилы қасіреттер «тарих» атты кітапқа тасқа қашалғандай басылды, жазылды, сақталды. Сол сақалы сапсиған ақсақал тарих-кітап арқылы өткеннің өртті жылдарын оқып-білдік. Көгілдір экраннан көрдік. Керуен көш. Елім-айлаған жұрт. Зарлаған дауыс. Репрессия. Атылған, асылған қайраткерлер. Ұрпағын құл етуді көксеген қандықол патша-шабармандармен алысу. Атамекенді тұл етуге асыққан жауыздармен жұлысу. Қайран да қайран қазақтың есіл ерлері! «Арманымды ардақтайтын жұртым, азат күнді күтіп алар ұрпағым бар!» деп, қара жерді қара түнек қаптаса да бір үміттің шырағын сөндірмей шыбын жанын шырқыратып қиып кетті. Қаншама рет қазақтың басына біржолата жойылып кету қаупі төнді. Ұлттық ерекшелігінен айырылып, құмға судай сіңіп кетуге сәл-ақ қалды. Бірақ, Құдайдың өзі бізге жар болған шығар, ұлттық архетиптерімізді аман сақтап келдік. Енді айналаңызға қараңызшы. Құдай маңдайымызға бейбіт те азат өмірдің бал шырын татуды жазыпты. Сол бал шырынның қадірін сезініп жүрміз бе біз?

Әр елдің өз қайғысы бар. Бір елдер халқын кедейшіліктен құтқара алмай зар илеуде. Бір ел жаппай жұққан дерттен, енді бір ел соғыстан, зілзаладан зардап шегуде. Ал мен баяндағалы отырған мынадай «жан дерті» барлық мемлекеттерге тән дерт. Бізге сырттай қараған сыншы жылтырақ, әшекейлі осынау қоғамның заңды мүшелері іштей іріп, рухы шіріп жатқанын байқамайды. Адамдар көздеген мақсатына жетіп жатыр. Тұрмыс түзелді. Мемлекет тұрақты дамуға бет алды. Экономикамыз гүлдеп, еліміз көркейіп келеді. Жалақы көбейді. Жұмыссыздардың саны азайды. Бірақ, «болашағы жарқын» деп дардай ат таққан елдің жастары ел аман, жұрт тынышта өз өміріне қиянат жасап, ың-шыңсыз арқанға асыла салатыны несі? Неге көңіл күйі күндіз де түн, түнде де түннің кебін киеді? Неге маңдайына шоқпар тимесе де шортандай қайғыға батып жүреді? Сонау биіктігі көкпен таласқан көпқабатты үйлерде тірлік кешкен жас семьяларды алайықшы. Олар не ішем, не кием демей өсті. Ата-аналары «біз көрген сұмдықты балаларымыз көрмесін» деп қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бақты. Есейгенше қалағанының бәрін алдына тосты. Жағдайын жасады. Балалары егін екпеді, соқамен жер жыртпады. Мал бақпады, оны суғарып, маңдайын ыстық терге малшындырмады. Табанына тікенек кіргізбей ақсаусақ боп өсті. Бірақ олар бақыттың бақшасында бұлбұл боп сайрап жүр деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Бақытты болу олар үшін мүмкін емес нәрсе секілді. Күйзеліс, күңіреніс бет-жүзін жаулап алған. Сұрасаң «өмірден түңіліп жүрмін» - дейді. Осы өмірді жек көретіні жайлы мұңын төгіп-төгіп кеп-кеп қалса, құдай басқа салмасын, трагедияның атасы Эсхил, Гомерлерден асып түспесе кем емес. Осы біздің ата-әжелеріміз мың-миллион қиыншылықты бастан кешіп, тақыр кедей болып өссе де онысын сөз қылмайды ғой. Ал біз ше? Біз солар көрген қасіреттің бірін де көрмедік қой. Солар бізге бар жақсылығын жасап кетпеді ме? «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» зауалы, жоңғар шапқыншылығы, басқа да «зар заман» қасіретінің нақты себебі бар. Ал мынадай жұмбақ «аурудың» жаппай белең алуын түсіну мүмкін болмай тұр. Бұл өзі қанша жылдарға созылуы мүмкін? Бұл өзі ақырзаманның басталуын көрсетпей ме? Адамдар өз жандарын өздері қиюы арқылы мына жердегі тіршілікті тоқтатпақ па? Түсініксіз. Ешкім де бізге нақтылы жауап бере алмайды. Бірақ, әркім өзінше жауап іздейді.

Жаратушы бізге жарық дүниені сыйға тартты. Көрсін деп бір емес екі көз берді, естісін деп құлақ берді, жүрсін, жұмыс істесін деп аяқ-қол, жұртпен қарым-қатынас орнатсын деп сүйкімді мінез берді. Бірақ «денсаулық» деген алтынның қадірін жоғалтқанда ғана сезіну пенде біткеннің қашанғы әдеті. Сондай-ақ өмір құндылығын бағалай алмау жекелеген адамдар арасында аз емес. Негізі, адамның психикалық жетілуі, күйзелістен шығуы қатып қалған механизмдермен жүзеге аса бермейді. Бұл бірнеше жылдық психотерапевтік жұмысты қажет етеді екен. Бұл мәселе күлтөбенің басына шығып алып, кеңірдек жыртып, иықты жұлып жеп, айылын жимай айқайлап, аттандаумен немесе дөңгелек үстел өткізумен шешілмейді.

Алдымен статистиканы сайратайық. Әлемді үрей елесі кезіп жүргенін мына мәліметтер айғақтап береді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, соңғы 45 жылда өз-өзіне қол жұмсаушылар саны бұрынғымен салыстырғанда 60 пайызға өскен. «Суицид» атының өзі қорқынышты. Ал жүйкесі жұқарған адамдардың саны әлем бойынша 121 миллионды құрайды. Тұтастай бір мемлекеттің халқы дерсің! Дамушы және дамыған елдерде тіркелген суицид оқиғалары бір-біріне ұқсас. Көңіліне қаяу түскен, бойын шарасыздық пен сенімсіздік жеңген, күтпеген жерден себепсізден себепсіз сүйікті ісінен жерінген, ұйқысыздыққа ұрынған, өзіне қол салуды ойлаған жандардың барлығы да «жүйкесі жұқарғандар» арасынан шықпайтынын психолог ғалымдар дәлелдеді. А. Х. Маслоу «Мотивация және жеке тұлға» атты еңбегінде депрессиялы, суицидті мінез-құлықты «шыңына жеткен күйзелістер» деп атаған. Оның айтуынша, осындай күйзелістерді сезінбейтін жандар өмірді сол қалпында қабылдайды. Ал қайғының ең ауырын өз басынан кешірген адамдар табиғатынан поэзияға, музыкаға, эстетикаға, философияға әуес болып келеді екен. Күйзеліссіз адамдар әлеуметтік әлемді жақсартуға тырысады. Бұлар саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, реформаторлар тб деп бірнеше идеялар тудырды. Ғалымдардың жаңа зерттеулеріне қарағанда, депрессия салдарынан болатын өлім 20-25 жылдан соң екінші орынға шығады. Көштің басында Еуропа тұр. Дания, Швейцария, Ұлыбритания, Венгрия, Эстония, Латвия, Литва, Германия т. б елдерде өзге қылмыстармен салыстырғанда өзін-өзі өлтіру оқиғалары екі-үш есе көп. Себебі осынау ел тұрғындары қағанағы қарқ, сағанағы сарқ өмірге әбден тойып, бос уақыттың көптігінен зеріккен болуы керек. Тарихқа үңілсек, өткен ғасырдың 60-70 жылдары экономикалық, әлеуметтік мәселелерді дұрыс жолмен шеше білген АҚШ тұрғындарын сайран салып өмір сүруден әбден жалықтырып, күйзеліске шалдықтырып, ақырында әрбір сегізінші үйде бір адам асылып, не у ішіп өлу оқиғалары тіркелген жоқ па? Қазіргі кезде американдықтардың 25 пайызы өздерін «жүйкесі жұқарған» ауру сезініп жүр. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дегенді мұхиттың арғы бетіне қаратып айтсақ жаңсақ болмас.

«Естімеген елде көп» демекші, естір құлақ бұған да үйренді. Ұлыбританияда әр күн сайын 10 адам міндетті түрде өз-өзін өлтіреді екен. Ағылшындар елінде осынау жағдай қалыпты құбылыс болып есептеледі. Әсіресе 2000 жылдың 1 қаңтар күні өз-өзін өлтірген тұрғындардың көп болғаны соншалық, ағылшындар тарихында бұрын соңды болмаған цифрларды көрсеткен. Жаңа ғасыр, жаңа жыл жаңа парағын айқара ашқанымен қайтадан баяғы үйреншікті өмір қайталанатынына налыған ағылшындар ескі жылмен бірге қыршын жандарын ала кеткен ғой. Дауа бар ма? Жапон елі де ағылшындардан қалыспай келеді. Жыл сайын бұл елде 32 мың адам өзін өлтіреді екен. Дендеп бара жатқан ауруға қарсы тұру үшін билік «Суицидке қарсы заң» қабылдаған. Тарау-тарау бағдарлама, том-том жоспар, папка-папка ереже түзеп, әр жастағы азаматтарға арнайы оқулар жүргізіп келеді. Ал өзіміздің көршіміз ше? Ресейді айтам. 2007 жылы кәмелетке толмаған 3000 жасөспірім өз еркімен бұ дүниемен қоштасып кете барған. Онсыз да демографиялық ахуалы құлдырауға беттеген Ресейдің келешегі қалай болар екен? Жастары ың-шыңсыз өліп жатса, нәрестелер азайып, ішкіштер көбейіп тұрса. Ғалымдар тағы да жағаңды ұстататын дәйектер келтіреді. Әлем бойынша 18-24 жас аралығын қамтитын жастардың 80 пайызы өлім туралы көбірек ойлайды. Бұл дәйекті жоққа шығара алмаймыз. Себебі арамызда жалғыздан жалғыз мұң кешіп, түңіліп жүретіндер аз емес. Тіпті көп. Неге? Сұрақ миыңды шырмауықтай шырмайды. Өз бетімізше жауап іздеп көрелік. Ол үшін депрессияның шығу төркіні жайлы аз-кем мағлұмат берелік. Бұл латынның depression - өзіне көңілі толмаушылық, жабыраңқылық деген мағынаны білдіреді. Депрессияға шалдыққан адам өзінің барлық өмірлік мақсат-жоспарлары орындалмайтындай, болашағы бұлыңғыр болып көрінеді. Бұл дерт 20 ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік сілкіністер, әлемдік соғыс, қоғамдық жүйедегі өзгеріс-төңкерістер, экологиялық кризис нерв жүйесіне және адам психикасына салмақ түсіруінен шыққан. Десек те бұның тарихын арыдан іздеу керек. Көне Грекияда өзін-өзі өлтіру тіпті ерлікке пара-пар болды. Өзін өлтірген ұлылар жетіп артылады. Мұндай дағдарысқа ақыл-ой безбенінің ең озық үлгілерін тасымалдаушылар жиі түсіп жататыны өкінішті. Жапон жазушысы Агутагава Рюноске дәрінің бірнеше түйірін бірден жұтып, уланып өлген. Ағылшын ақыны, прозаик Фрэнсис Адамс депрессияға түсіп, өзін атып өлірген. Атақты киноактер Ален Делон да депрессияға шалдыққан. «Көбіне өлім туралы көп ойлаймын. Осы дүниеде өмір сүріп жатсам да О дүние туралы көп ойлаймын. Біз тәуір көрген, біз биікке әуелеткен кино өнерінің бүгінгі күні мүлде тозып, құны төмендеп кеткенін көрген соң шығар деген ойға қаламын. » деген. Ал атақты ақын Марина Цветаеваның көрген азабын айтып жеткізу қиын. Оның өміріне жарық сәуле түсірмеген замандастары ақырында ақынның өз-өзін өлтіруіне итермелейді. Бәрінен баз кешкен ақын Елабугаға барған бетте асылып өлді. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Француз елінде адамдардың өмірден торығуы, келешектен үмітсіздікке бой алдыруы тектес сарындары басым әдеби құбылыс дүниеге келген болатын. Аумалы-төкпелі замандағы адамдардың құлазыған көңіл-күйін ашып көрсетуге ұмтылып, қоғамдағы сүйекке таласқан иттердей талас-тартыстарды суреттеп, адамдардың психологиясына шынайы баға беру ретінде ақын-жазушылар әртүрлі жанрда қалам тербеді. Авторлар сол дәуірдегі адам мен қоғам арасындағы қайшылықтардың қандай болғанын жырлай келіп, рухани өмірде орын алған дағдарысты ашып көрсетеді. Бұл тарих.

Рас. Өзіне-өзі қол салушыларды рухани тоқырап, ішкілікке салынып, есірткі тартып, қылмысқа барғандардың амалсыз тәсілі деп баға беріп, тереңірек үңілмей келдік. Қаржылық тапшылық, басқа да түрлі теперіштер адам психикасына негативті әсер етіп, жүйкесін тоздырады дедік. Бірақ бәрі бірдей материалдық жағдайдың қиындығы үшін осындай әрекетке барады десек, шындықтан алшақ кеткен болар едік. Бұл өзі бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отырған көкейкесті мәселе.

Қазіргі кейбір жастар Ескендір Зұлқарнайынның заманындағыдай «Уа, падиша! Сіздің қолыңыздан бәрі келетіні рас болса, онда маған өлмейтін өмір, қартаймайтын жастық, сарқылмайтын қуаныш бер. » демейді. Керісінше, «Уа, Падиша! Тезірек өмірмен қоштасқым келеді. Маған қиналмай өлудің жолын көрсетіп бер. Мына өмірдің тозағы мен тозаңына төзбеймін» - дейді. Соншалықты ботадай боздата беретін ол не қылған қайғы? Неге мықты тегеуріннің орнын табансыздық, күрескерліктің орнын күңіреніс, төзімнің орнын төзімсіздік басты. Неге?

Бұған жеке бастың қайғысы ғана себеп емес. Біріншіден, қоғамда сауатты, саналы азаматтар еселеп көбейіп келеді. Демек, келешекте өмірдің мәнін іздеушілердің саны артады деген сөз. Олар бұрынғы идеологияға сеніп өмір сүрмейтін болады. Тост сөйлегенде айтатынымыздай «күліп-ойнап, өмірдің қызығын көріп жүре беруден» жерінеді. Жаңашыл көзқарас ақиқатты, өмірдің шындығын талап етеді. Ал ақиқатты табу мынадай мың құбылған жер үстінде тек адастырып тынады. Екіншіден, қазіргі адамдарға өмір сүру өте қиын. Өмірдің қиындауы өркениетке қанат қағып, ақпараттық қоғам құрылғалы, технологиялық прогрес күннен күнге өркендеп, адамдардан өте күшті қабілетті талап етуінен шығар. Өте жедел қарқынмен зулаған қоғам адамдардан жылдамдықты, бірнеше тілдерді меңгеруді, көп күш-қуат жұмсауды талап етіп, қысымға алуда. Бәрін тезірек игеріп қалмасақ, көштен қалатындаймыз. Осындай психология баяу қимылдайтын жандарды өмірден түңілдірмей қайтсін? Үшіншіден, қазіргі адамдарың сана сезімі өзгерген. Дүние даму үстінде. Ұжымшылдық дәуір қайтып, жекедаралық өмірімізге енгелі, адамдар бір-бірінен тек сырттай жасанды қарым-қатынас орнатуды әдетке айналдырды. Ешкім ешкімге қол ұшын созбайды. Әркім өз күнін өзі көруі керек. Құмырсқаның илеуіндей бір жерде топталып еңбек етсе де адамдар арасында салқындық бар. Және қоғамның моральдық тұрғыда азып-тозып бара жатқанын жасыра алмаймыз. Бір-бірін сатып кету, қорлау, айуандық көбейіп кеткені шындық. Кейбір жандар қоғамның осыншалықты азғындыққа ұшырағанына жаны шыдамайды. Жалғыздыққа ұмтылады. Қоғамның болашағынан қорқады. Бойларын үмітсіздік пен үрей билеген соң, дертке шалдығып тынады.

Ежелгі философиялық трактаттардың бірін еске түсірейікші. Египет папирусында жазылған «Өмірден түңілген адамның өз рухымен әңгімесі» атты шығарма бар. Бұнда күйзеліске ұшыраған адам өзінің рухымен сөйлесіп, оған дауыс бітіреді. Мұңын шағады:

  • Бұл өмір нашар. Сондықтан мен өз-өзіме қол жұмсап, тезірек жоғарғы өмірмен қауышқым келеді. - дейді кейіпкер.
  • Төменде қандай болса, жоғарыда да сондай - деп жауап беріпті сонда оның рухы. Түңілгендер осыны ескерсе екен.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатер қайдан демеңіз немесе экстремизм, терроризм және радикализм туралы пайымдау
Өмір жырын толғаған ұлы Баба - қобыз сарыны Қорқыт
Жыр алабы - Жамбыл
Экономикалық дағдарыс
ХХ ғасырдың 90 жылдардағы посткеңестік кеңістік және Евразиялық Одақ идеясы туралы
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
От пен судың ертегі жанрындағы қызметі
Түріктердің түсінігіндегі бөрі образы
Тамыры терең тарих
ХХ ғасырдың 90 жылдардағы посткеңестік кеңістік және Евразиялық Одақ идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz