Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 160 бет
Таңдаулыға:   

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л. Н. ГУМИЛЕВ

АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Б. Әбдікәрімұлы, Б. С. Байменова

Алашорда қайраткерлерінің

педагогикалық мұрасы

Астана 20082

ББК 37. 013(093) (574)

Пікір білдірушілер: АбибулаеваА. Б., педагогика ғылымдарының докторы,

профессор

Педагогика ғылымдарының кандидаты Тілегенова К. Ә.

Б Байменова Б. С.

Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы (ғылыми басылым)

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен педагогикалық

көзқарастардың қалыптасу белесінде ұлтымыздың жүріп өткен жолына

көз ілмей, тарихымен таныспай жаңа ғылыми ойларды қалыптастыру

мүмкін емес. Сондықтан халқымыздың тарихын терең қарап, оны жаңа

көзқарас ретінде талдау нәтижесінде ғылыми еңбек дайындалды.

ББК 37. 013(093) (574)

Б Байменова Б. С., 20083

АЛҒЫ СӨЗ

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзілік

қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі,

Қазақстан педагогика ғылымы тарихының жаңа мазмұнда сипат алуына

кең жол ашып отыр. Соның бір көрінісі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты

қаралып, ақиқаты айтылмай келген ұлттық педагогика тарихын қайта ой

елегінен өткізіп, шынайы бағасын беруге деген талпынысты айтуға

болады. Оған дәлел бүгінгі таңда жарық көріп отырған Қазақстан

Республикасы Үкіметінің ресми материалдары мен Білім және ғылым

министрлігінің нормативті құжаттары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «өткенді

зерделеп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгінгі күннің

кәдесіне жарату - қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі.

Өйткені, айта беретін тәуелсіздігіміз, егемендігіміз осы тарихты тандауға

тікелей байланысты: өткенді білмей, болашақты анықтау мүмкін емес» -

деген болатын [ 1, 12] .

Біздің пікірімізше, бүгінгі таңдағы педагогика мәселелерін және

оның даму тенденцияларын Қазақстан территориясында болған

өркениеттегі жинақталған мұраны, көрнекті педагогтар мен

ағартушылардың көзқарастарындағы халықтық, мәдениетке сәйкестілік,

табиғатқа сәйкестілік принциптерге негізделген идеяларын зерттемей,

ұлтымыздың жүріп өткен жолына көз ілмей, тарихымен таныспай жаңа

ғылыми ойларды қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан халқымыздың

тарихын терең қарап, оны жаңа көзқарас ретінде талдаудың қажеттілігі

туындап отыр. Ел болып қалыптасу тарихымызда, елдігіміз бен

егеменділігімізді сақтау жолына өмірлерін сарп еткен ұлы тұлғалардың

есімі, ғылыми еңбектері ерекше орын алады.

Ал, Қазақстан педагогика ғылымының әлем халықтары педагогикасы

қазына қорына қосары аз еместігіне біз ешбір күмән келтірмейміз.

Керісінше, Қазақстан педагогика ғылымының әлемдік педагогикалық ой-

пікірдің дамуында маңызы өте зор. Ол өте бай ғылыми - теориялық қайнар

көзі ретінде өзінің дамуында үлкен қиындықтардан өткені мәлім. Олардың

ішінде халыққа білім беру жүйесінің трансформациясы, ғылыми-

педагогикалық идеялардың дамуы, мұғалім кадрларын даярлау т. б

мәселелері бар. Оның барлығы Қазақстан педагогика ғылымының талай

тар жол, тайғақ кешулерден өткенін дәлелдейді.

Бүгінгі күндегі қоғамның үдемелі дамуы білім беру мен мектеп

алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Олардың қатарында тарихи

компонентті күшейту де бар. Ол міндеттер «Қазақстан Республикасының

тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» айқын көрсетілген [2] .

Себебі қоғамдық сананың ерекше формасы болып есептелетін тарихи

сананы қалыптастыратын тек тарих қана. Тарихи сананы қалыптастыру

міндетін, Қазақстан педагогикасының тарихи жолдарын анықтау міндетін4

шешу өткен жолдардағы көрнекті қайраткерлердің педагогикалық

мұраларын зерттемей, басшылыққа алып оларға сүйенбей мүмкін емес.

Зерттеуге алынған мәселенің ғылыми маңыздылығын айқындау үшін

біздер философялық, тарихи-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасауды

жөн көрдік. Себебі, біздің пікірімізше, теориялық тұрғыдан дәлелдемесін

қамтамасыз ететін зерттеулер бірнеше бағытта жүргізілді.

Бұл -ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мұрасын зерттеуге

арналған еңбектерге талдау жасаумен байланысты:

Олардың ішінде:

- философиялық аспектідегі (С. Өзбекұлы, Б. Бисенов) ;

- тарихи аспектідегі (М. Қойгелдиев, Д. Аманжолова, К. Нүрпейісова,

Н. Нұрмағамбетова, М. Құл-Мұхамед, М. Қозыбаев) ;

- филологиялық аспектідегі (Д. Қамзабекұлы, Р. Нұрғали,

Д. Досжанов, Ж. Дадебаев, А. Әбдіманов, Ш. Елеукенов, С. Қирабаев,

М. Мағауин, Ш. Сәтбаева, Ә. Тәжібаев, М. Базарбаев, Ә. Марғұлан) ;

- тарихи- педагогикалық аспектідегі (А. Тұрсынова, А. Қыдыршаев,

К. Ибраева, Ғ. Базарғалиев, М. Тасболатов, А. Асаубаева, А. Сұлтанова,

К. Әбілғазиева) т. б.

Қазіргі кезде әлі де болса жас жеткіншектерді тарихи ірі

ойшылдардың мұралары негізінде, жеке дара тұлғалардың өмірі мен

шығармалары арқылы тәрбиелеу өз деңгейінде емес. Соның ішінде

олардың шығармаларындағы тәрбиелеудегі идияларын меңгермейінше,

Республикамыздағы педагогика тарихын толық түсіну мүмкін болмайды

және оның бүгінгі жағдайын зерделеу мен даму болашағын болжау

қиындыққа түседі. Яғни, өткен тарихымыздағы педагогикалық

идеялардың зерттелуі мен танылуының жеткіліксіздігі қазіргі кездегі

білім беру жүйесінің тәрбиелік тиімділігін тарихи сабақтастық

принципінің бұзылуына жол береді.

Біз осы еңбегімізде Алашорда қайраткерлері шығармаларындағы

педагогикалық идеяларына кеңестік саясаттың ықпалыннан тыс,

объективті тұрғыда тарихи-педагогикалық талдау негізінде сипаттама

беру үшін оларды Әл-Фарабидің Ж. Баласұғынның М. Қашқарии

еңбектеріндегі педагогикалық ойлармен сабақтастыра, салыстыра отырып

талдақ.

Ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі болып есептелінетін

азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі

қоғам қайраткерлерінің педагогикалық ойларының өзіндік даму,

қалыптасу жолын тұтас та толық, белгілі жүйемен жинақты түрде зерттеу

көкейкесті мәселенің бірі дер едік. Сонымен, ғылыми әдебиеттерге

жасаған талдау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты жазылған

бірқатар еңбектердің барына қарамастан, XX ғасырдың бірінші ширегінде

өмір сүрген алаш зиялыларының педагогикалық ой-пікірлері жалпы,

жинақты түрде қарастырылмағандығын айғақтайды. Ал бұл болса,

педагогика тарихының теориясы мен практикасына елеулі үлес қосатын

Алашорда қайраткерлерінің мұраларын зерттеу қажеттілігін туындатады. 5

Осы орайда, біздің еңбегіміз Алашорда қайраткерлерінің мұраларын

зерттеуге қосқан бірегей еңбек деп есептейміз. 6

1. Алаш қайраткерлерінің педагогикалық идеялары

қалыптасуының тарихи, әлеуметтік, саяси, педагогикалық

алғышарттары.

1. 1 ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік,

қоғамдық-тарихи жағдайлардың қазақ зиялыларының дүниетанымы-

ның қалыптасуына әсері.

Қазақстанда болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер

тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін, еліміздің тізгінін берік

ұстауға қабілетті, парасатты ұрпақты тәрбиелеп шығаруды талап етеді.

Ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай рухани қазынасын және ғұлама

ғалымдардың еңбектерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ой-

пікірлері мен тәрбие туралы мұраларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы

ғұмырнамалық проблема болып табылады. Әр тарихи кезең өз ұландарын

тудырады. Қоғамның заңы бойынша, уақыттың талап етуі бойында қабілеті

бар жастардың өмір сахнасына шығуына негіз қалайды. XX ғасырдың

басында жарқырап көрінген қазақ халқының кемеңгер ұлдары Ә. Бөкейханов,

А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, М. Әуезов,

Ж. Аймауытов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев уақыт тудырған отансүйгіш азаматтар

болатын.

Халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар

басты қасиеті - олардың қай - қайсысы болмасын жан-жақты «сегіз қырлы,

бір сырлы» тұлғалар болатын. Саяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым,

әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы - халқымыздың

маңдайына біткен осы үркердей шоқ жұлдыздардың несібесі.

«Көзіңді аш, Оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты»

елім, жерім деп арыстандай айбаттанып үн қатқан, «Қинамайды абақтыға

жапқаны, қиын емес дарға асқаны, атқаны, маған ауыр осылардың бәрінен,

өз ауылымның иттері үріп, қапқаны» деп, елі үшін еңіреп өткен Алаш

зиялылары Бұқар жырау мен Ақтамбердіден, Дулат пен Шортанбайдан,

Махамбет пен Абайдан нәр алды.

Алашорда қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылық жолы қазақ

әдебиетіндегі алатын орны туралы бүгінге дейін талай-талай мерзімдік

басылымдар мен сан алуан ғылыми еңбектер жарық көрді. /С. Созақбаев,

Ш. Елеукенов, Р. Сыздық, С. Негімов, Г. Дулатова, Д. Досжанов,

Д. Қамзабекұлы, Б. Байғалиев, Ғ. Ахмедов, Р. Нұрғали т. б. /

30-жылдардың ортасынан 80-жылдардың соңына дейін отандық

тарихнамада 1937-1938 жылдардағы интелегенцияға қарсы жүргізілген

саясатынан кейін зерттеулер жүргізілген жоқ. Сөйтіп, 80-жылдардың соңына

дейін бұл жабық тақырыптардың біріне айналды.

Республика өз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан кейінгі кезеңде

жасырьн да құпия болып келген Алаш тақырыбы жөнінде тарихи шыңдықты7

қалпына келтіруге талпыныс жасалуда.

1989 жылғы шілдеде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық

комитетінің жанындағы партия тарихы институты «Алашорда пайда

болуының, қызметі мен күйреуінің тарихы» деген тақырыпта пікір алысу

ұйымдастырды. Оған Қазақстан Ғылым академиясының, Алматының

жоғары оқу орындарының белгілі қоғамтанушы ғалымдары қатысты. Олар:

Б. А. Төлепбаев, А. Ғ. Сармурзин, М. Қ. Қозыбаев, В. К. Григорьев,

М. Бурабаев, Ә. С. Тәкенов, М. Қойгелдиев т. б. Қоғамдық ғылымдардың

өкілдері Алаш және алашорда тарихына байланысты қолдан жасалған

құпияны ашуға жариялылық жағдайында мүмкіндік туып отырғандығын

тілге тиек ете отырып, соған байланысты өз ойларын ортаға салды.

Алашорда қозғалысының бастау көздерін 1917 жылға дейінгі қазақ

қауымының қоғамдық-саяси өмірінен іздеу, ал осы қозғалыстың саяси ағым

және ресми партия ретінде 1917 жылдың жазынан басталғандығын басты

көрсету, оның 1917-1920 жылдардағы дамуы мен нақтылы қызмет тарихын

ашып көрсету, Алаш интеллигенциясы мен Алашорда қозғалысының ара

жігін ашу сияқты күрделі мәселелер көтерді [ 2, 21] .

Пікір алысуға қатысқандардың көпшілігі Алаш пен алашорданың

әлеуметтік табиғатын, олардың қазақ қауымының қандай бөлігіне

сүйенгендігін анықтау қажеттілігіне баса назар аударды. Бұл мәселе 20-30

жылдардың өзінде көп дау туғызды. А. Бочагов Алашты - «ұсақ ұлттық

буржуазияның партиясы десе, С. Брайнин мен Ш. Шафиро - «бүкіл

байлардың ұйымы» деді. Пікір алысуда негізгі баяндама жасаған М. Қозыбаев

Алаш партиясын ұлтшыл саяси деп айыптаудың негізсіз екендігін айтады.

Осы пікір алысудың ізімен қазіргі «Ақиқат» журналы «Алаштың

ақиқатын кім айтады?» деген жалпы тақырыппен топтама ұсынды.

В. К. Григорьевтің, Нүрпейісовтың, Т. Кәкішевтің мақалалары жарық көрді.

В. К. Григорьев Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер

жолын қуған буржуазияшыл-ұлтшыл партия деп анықтайды. Ал ғалымдар

К. Нүрпейісов пен Т. Кәкішев Алаш құрылған 1917 жылы шілде айында оның

саяси партияға тән бағдарламасы болмағандығын айта келіп, саяси партия

ретінде қалыптасып үлгермеген ұйым деп бағалады [3, 64-69] .

Жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен

оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы

тақырыпты ғылыми тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп

есептейді. М. К. Қозыбаев Алашқа либеральды ұлттық интеллегенцияның

партиясы деген анықтама бере отырып, оның идеологиясы отаршылдыққа

қарсы бағытталған деген қорытынды жасайды [4, 234-235] .

Философ М. Бурабаев 1917-1940 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық

ой мәселелеріне арналған зерттеуінде Алаш тарихына байланысты тың

пікірлер жазғанмен автордың коммунистік идеологияға тәуелді

болғандығын анық байқауға болады [5] .

Алаштық интеллегенцияға жаңа көзқарас қалыптастыруда ашық та батыл

пікірлер айтып, дәлелді тұжырымдар жасауда М. Қойгелдиев пен

Т. Омарбековтың еңбектері ерекше. Олардың пайымдауы бойынша, Алаш8

партиясының көш бастаушылары негізінен екі мақсатты - қазақ елін

отарлық езгіден азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен

өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу

міндеттерін көздеді, сондықтан да алаштық интеллегенцияны «ұлттық-

демократиялық партия» деп атау қажет дейді [6, 21] .

Алаш пен алашорда тарихына қалам тартуға мүмкіншілік туған соңғы

жылдары Ә. Қайдаровтың, Ә. Әлімжановтың, С. Өзбекұлының, М. Құл-

Мұхаммедтің, М. Әбсеметовтың, Ғ. Әнестің, А. Мектептегінің мақалалары мен

ғылыми еңбектері жарық көрді. Алашорда тарихын зерттуге елеулі үлес

қосқан ғалым К. Нүрпейісовтың «Алаш һәм Алашорда» атты

фундаментальды еңбегін атауға болады. Автор өз еңбегінде зиялы қауымға

Алаштануды зерттеудің кейбір маңызды мәселелерін ұсынады. Олар:

Алаштың әлеуметтік, саяси және экономикалық бастау көздері; оның XX

ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси

өміріндегі алатын орны мен атқарған рөлі; 1917 жылғы екі революция

аралығындағы Алаштың басқа партияларымен өзара қатынасы мен

байланысы; Алаш пен Алашорда және Совет үкіметі; Алаш қозғалысының

көрнекті қайраткерлерінің көзқарас эволюциясы; Алаш қозғалысына

қатынасушылардың 1920 жылдан кейінгі қасіреті; Алаш қозғалысы және

оның Орта Азия мен Еділ бойының түрік тілдес, мұсылман діндес

халықтарының саяси партиялары мен қоғамдық қозғалыстарымен

байланысы; Алаш қозғалысы және бүгінгі Қазақстан [7, 21] .

Осы аталған мәселелердің ішінен үш нақты мәселені бөліп алып

қарастырады. Олар: 1) саяси партия ретіндегі Алаштың өмірге келу және

оның бағдарламалық мақсаты-міндеттері; 2) мемлекеттік құрылым ретіндегі

Алаш автономиясының ұйымдасуы; 3) Алашорданың нақтылы іс-әрекеті.

Қазақстан тарихнамасында алаш қозғалысына байланысты 20-80-шы

жылдардың екінші жартысына дейін жарық көрген еңбектерге біршама

жақсы талдау жасалынған. Бұған қосымша Р. Нұрмағанбетованың «Проблемы

Алаш и Алаш-орды в казахстанской историографии 20-30х годов» атты

диссертациялық зерттеуі өмірге келді » [8] .

Автор зерттеуінде Алашорда қозғалысын үш бағытта қарастырады.

1) иторические и социально-экономические предпосылки появление

движения Алаш;

2) история Алаш и Алаш-Орды в 1917-1920 г;

3) история Алаш и Алаш-Орды в 1937-1938 г.

Р. Нұрмағанбетова Алаш қайраткерлері демократиялық бағытты ұстанып,

большевиктік идеологияға қарсы болғандығын айғақтайды. «Участие

представителей казахского народа государственной думе способствовало

выявлению позиции сторонников демакратического движениие в крае,

установленных тесных связей с мусульманским движением в России.

Учреждение и изданиие с 1913 г. первого печатного органа движение газеты

«Казах» явилась важнейшими этапами в консолидации казахской

интеллегенции, в особенности ее молодого поколения, что способствовало

превращению его в реальную политическую силу, выражавшую9

общенациональные демократические идей.

Лидеры алашского движения оставались принципиальными

противниками большевистических форм и методов социалистического

переустройства Казахстана. Несмотря на вынужденный переход на сторну

советской власти, вся общественно-политическая деятельность

участников движения Алаш начало 20-х годов свидетельствовало

о приверженности ее к гуманистическим, демократическим принципам»

[9, 15] .

Д. Аманжолованың зерттеуінде «Алаш» қозғалысының қалыптасуы

мен қызметінің әр түрлі аспектілері жаңа тың мұрағат деректері

негізінде қарастырылған » [10] .

Алаш қозғалысын зерттеушілердің басым көпшілігі оның

ұйымдастыру мәселесіне көңіл аударады. Осы мәселеге тарихшы М.

Қозыбаев дәл анықтама береді: «В отличие от кадетов партия «Алаш» была

аморфной, организационно далеко не завершенной. Не случайно процесс ее

создания занял более 10 лет. На этапе буржуазно-демократической

революции ее лидеры, используя легональные политические

средства, вплоть до трибуны Государственной думы, в острой проблеме

колониализма отстаивали интересы своего народа перед усиливающейся

экспансией столыпинских реформ» [11, 64] .

Осындай пікір галым-тарихшы Б. Елькееваның еңбегінде де өз

жалғасын тапқан. Алаш партиясының қызметіне жан-жақты талдау жасай

отырып, былай деп жазады: «Организационно-подготовительная работа по

созданию партии началось в период первой русской революции, а как

партия «Алаш» была организационно оформлена только в 1917 году»

[12, 51] .

Аталған екі пікірді салыстыра отырып мынандай шешімге келдік:

Алаш қайраткерлері халықтың азды-көпті шағын тобының саяси

мүдделерін немесе феодалдық, патриархалдық, ұсақ буржуазиялық

мүдделерді қорғаған жоқ. Керісінше, жалпы адамзаттың гуманизм

принциптерін асқақ тұтып, бүкіл қазақ халқының мүдделеріне қызмет етті.

Алашорда қозғалысы, алаш қайраткерлері туралы әр түрлі пікірлер айтылды.

Түрлі себептерге, сол кездегі жағдайларға байланысты тым әрқилы, кейде

тіпті бір-біріне кереғар пікірлер айтылғаны құпия емес. Мәселен, 1927 жылы

А. Бочаговтың «Алашорда тарихына арналған очерктер» жинағы жарық

көрді. Бұл шағын еңбекте дәлелсіз тұжырымдар, саналы түрде бұрмаланған

фактілер көптеп кездеседі. Бұл еңбектің асығыс жазылғандығы жөнінде

автор былай дейді: «Жалпы партиялық нұсқау бойынша асығыс

жазылған бұл жұмыс ғылыми зерттеуден гөрі, төменгі партия ұйымдары

үшін арнайы жазылған үгіт-насихатқа көбірек ұқсайтын еді» [13, 102-103] .

60 жылдай уақыт бойы ғылыми, саяси әдебиеттерде Алаш қозғалысын

жаппай қаралайтын «ұлтшылдар», «халық жаулары» деп ұлттық тұлғаларды

қаралаған жекелеген адамдардың еңбектері жарық көрді.

1933 жылғы желтоқсанда ВКП (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің жанындағы

Партия тарихы институтында Алашорда және Алаш партиясы10

тарихына арналған пікір-сайыс ұйымдастырылды. «Онда Алашорданың

тарихи рөлі» деген тақырып бойынша институт қызметкерлері

С. Брайнин мен Ш. Шафиро баяндама жасады. Кейін 1935 жылы

«Алашорда тарихы бойынша очерктер» деген кітап етіп жариялады /14/.

Кітап «Алаш» қозғалысының бастау көздері, 1916 жылғы көтерілістегі алаш

интелегенциясының рөлі, Алаш қозғалысы ақпан мен қазан айларында,

алашорда - ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі, Алаш қозғалысының

тарихын дәріптеушілікке қарсы деген бөлімдерден тұрады. Авторлар

Алашорданы ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі деп анықтады.

Осы сияқты әрқилы тағылған айдарлар қазақ зиялыларының қызметтерін бір

сөзбен айтып жеткізуге, бір пікірмен қорыта салуға болмайтын күрделілігін

көрсетеді.

Біздің мақсатымыз - Алаш қайраткерлерінің педагогикалық мұраларын

талдап, жүйелеу болғандықтан олардың бүкіл қызметтеріне үзілді-кесілді

пікір айтудан аулақпыз. Әйткенмен, қазақ зиялыларының шығармалары -

олардың дүниетанымының, ой-өрісінің, таным-пайымдары мен өмірге деген

көзқарастарының айнасы десек, осынау қасиеттер олар өмір сүрген

заманның, қоғамның, елдің ахуалына, өскен ортасына, қарым-қатынас

жасаған қауымға, жеке талап-талпынысына байланысты қалыптасатыны

ақиқат. Алашорда қайраткерлері дүниетанымының қалыптасуына сол кездегі

қоғамдық-саяси жағдайлар тікелей әсер етті.

Қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуымен

байланысты мәселелер біздің алдымызға көптеген талаптар қойды. Оның

ішінде дүниеге келген, тәлім-тәрбие алған ортасын, қоғамдық қызметін

зерттеу және ХІХ - ХХғғ. аралығындағы болған тарихи, әлеуметтік, мәдени

жағдайларға мұқият талдау жасау қажеттігі алғашқы кезекте болды.

Зерттеу жұмысын орындау барысындағы алға қойылған бірінші міндетті

шешу үшін біз айтылған кезеңдегі тарихи жағдайларға тоқталып, оларды

баяндап, сипаттауды жөн деп есептедік.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда патша

өкіметі қазақтың шұрайлы жерлерін орыс шаруаларына және қазақтарға тегін

тартып әперіп, оған қоса халық бұқарасына сан түрлі алым-салықтар салып,

тонау ісін аяусыз жүргізді. Отарлау саясатының ауыртпалығы негізінен қазақ

шаруаларының мойнына түсті. «Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейін қазақ

жұртынан 4 млн десятина жер тартылып алынған болса, 1906 жылдан 1912

жылға дейін - 17 млн десятинадан артты. Барлығы 1917 жылға таман

қазақтардан 45 млн десятинаға жуық жер тартылып алынды. Нәтижесінде

1905-1910 жж Петропавл уезіндегі 41 ауыл (48, 5 %) тұрғыны жайылым мен

шалғын жерлерді орыс казактары мен пересендерден жалға алуға мәжбүр

болды» - деп жазды академик М. Қ. Қозыбаев [14, 43] .

Осылайша жергілікті бай-сұлтандардың қанауы және патша әкімшілігіне

төленетін салықтар халықтың тұрмысын төмендетіп, мүшкіл жағдайға

жеткізді. Ресей билігінің қазақ жерінде жүргізген бұл отарлық саясаты қазақ

халқын рухани әлеуметтік дағдарыс пен күйзеліске душар етті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей Қазақстанды толық отар елге11

айналдырды. Қазақстанға Ресейдің орталық облыстарынан жерсіз шаруалар

көшіріліп қоныстандырылды. Патша өкіметі казак-орыстарға ең шұрайлы

қара топырақты жерлерді кесіп берді. Сонымен бірге казак-орыстар

Қазақстанды әскери тірек мақсатында пайдаланды. ХVIIІ ғасырдың 60-70

жылдарында әскери қамалдарға орыс солдаттары мен қоса, саударгер-

көпестер де келіп орналаса бастады [15] .

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы қазақ халқының тарихындағы

аса елеулі әрі күрделі кезең болды. Бұл крепостниктік құлдықтан құтылып

капиталистік қатынастарға аяқ басқан Ресей империясында енді төңкеріс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Алаш қозғалысы және Алаш Орда тарихы
Алаштың аруағы
М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Алаш тарихы
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 - 1937 жж. )
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz