Балалық шақтың психологиялық дамуды кезеңдерге бөлу мәселесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ негізгі бөлім

  1. Балалық шақтың психологиялық дамуды кезеңдерге бөлу мәселесі
  2. 1965 ж Дүниежүзілік симпозиум
  3. Әр жастың өзіндік ерекшеліктері

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Отбасы -тәрбие коллективі, ондағы түрлі балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі. Сондықтан әрбір ата-ананың, ересек отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алудың қажетті шарттардың бірі.

Соңғы 20 жылдың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбілеулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.

Буржуазия психологтары мен физиологтарының пікірі бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттері балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар баланың жасын және ерекшеліктерін абсолюттендіруге тырысады. Буржуазия ғалымдары белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дәлелдемек, бірақ, олар балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.

Совет ғалымдары -педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі.

1965 жылы сәуір айында Москва қаласында бүкіл дүниежүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына СССР, Англия, Болгария, ГДР, Польша, Чехославакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірден кейін жас кезеңдерін бірізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасына өзгерістер кірді. Олар жеті сатыдан тұрады:

1. Жаңа туған бала

2. Нәрестелік шақ

3. Ерте сәбилік шақ

4. Мектепке дейінгі балалық шақ

5. Бастауыш мектеп шағы

6. Жеткіншектік шақ

7. Жасөспірімдік шақ

Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарының (1984ж) талаптарына сай 4, 5, 6 және 7-ші сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Мұның себебі мектепке бала алты жастан бастап қабылданады.

Мектепке дейінгі балалық шақ балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері дамиды. Бойы 90 см-114 см -ге дейін өседі де, салмағы 14 кг-нан -22 кг-ға дейін артады. Бұл кезеңде балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйегі бұлщық ет системасы ауыр еңбекті көтермейді. Сондықтан ата-аналар балалардың күш-қуатына қарай, еңбек тәрбиесінің түрлерін бірте-бірте үйрету арқылы жаттықтыру қажет.

Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге, ойыншықтармен машықтануға өте құштар болады. Үш жастағы бала үлкендердің сөзін тыңдауға өте әуес келеді. Осыдан барып баланың ой-өрісін өсірудің, оған тәрбие берудің алғашқы сатысы басталды Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана еемес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады. Негізгі іс-әрекеті -ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көріне бастайды. Бірінші класқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін ата-аналардың өзі де сезе бастайды. Олар: баланың оқуға ынталығы, сөз қоры мен тіл дамуының дәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білуі, дененің жетілуі т. б.

Бастауыш мекткп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың сүйегі бекіп, бұлшық еті қалыптаса бастайды, мидың үлкен жарты шарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 см-ден 134 см-ге дейін өседі, ал салмағы 32-35 кг шамасында болады.

Бұл жастағы балалардың іс-әрекеті -оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды.

Н. К. Крупская және А. С. Макаренко 7-12 жастағы балалар үшін әсіресе коллективтік ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, коллетив мүддесі үшін әрекет жасауға тәрбиелейді. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.

Жеткіншек шақта балалардың юойының ұзындығы 134-155 см, денесі тез өседі, әсіресі ер балалардың бұлшық ет тканьдары тез жетіліп оның салмағы дене салмағының 44 процентіне жетеді; сөйтіп бұлшық еттерінің күші едәуір артады. Өткінші кезеңдегі бұл кезеңнің барысында баланың жағдайына көшу. Бұл жастағыларды қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқ мәселе емес. Н. К. Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас екенін атап айтқан балатын. Балардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің алатын орнын түсінуінде елеулі өзгерістер байқалады. Организмнің тез дамуы -бұлшық етінің жетілуі, салмағының өсуі, оның серпімділігі мен созымдығының артуы, сананың дамуы баланың тәуелсіз өз бетімен талаптануын тудырады.

Жеткіншек жастағы балалар намысқор болады. Үлкендердің бақылауын сүймейдй, әкісшілік шаралар мен жекіріп сөйлеуді ұнатпайды. Сондықтан ол бұл жағдайды үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді де, өздерінше өкпелеп наразылық білдіреді. Үлкендерге байланып, олардың мінезіндегі шындық пен жалғандықта байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендер мен балалардың қатынастарынада түсініспеушілік, салқындық туады.

Балалар сыйлы және беделді жолдастарының қасиетіне өнегелі адамдардың, өндіріс озаттарының тамаша іс-әрекеттеріне масаттанады, өзінше бағалайды.

Жеткіншек кезеңде өзіне тән кейбір ерекшеліктерін комплексін есепке алып, тәрбие жұмысын тиімді пайдаланған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас шамасына қарай дамуын кезеңдерге бөлу
«Даму психология» пәні бойынша студентке арналған оқу-әдістемелік кешен
Даму психологиясының пәнінен дәрістер
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Балалар психологиясы ғылымының теориялық негіздемесі
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Даму психологиясы
Бала психологиясы туралы
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz