Азаматтық құқық жөніндегі қысқаша оқулық
КІРІСПЕ 2
1. Азаматтық құқықтың пәні 3
2. Азаматтық құқық ғылым ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Азаматтық құқықтың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
4. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы 18
5. Азаматтық құқықтың қағидаттары (принциптері) 21
6. Азаматтық құқық жүйесі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi. 28

Осы жұмысты азаматтық құқық жөніндегі қысқаша оқулық десе де болады. Әрине мұнда азаматтық құқықтың барлық мәселелері қаралауы мүмкін де емес, дегенмен бір тақырыпқа аса назар аудармыз. Қазақстан заңдары осынау өтпелі кезең атап жүрген, жаңадан қоғам мүлде басқаша қарым-қатынастар түзе бастаған әлеуметтік-экономикалық реформалардың өрбуі жағдайында азаматтық заңдар бұрынғы кеңестік қоғамдағы заңдарды алмастырып, оларды түбегейлі өзгертіп жаңа заманға лайықтап нарықтық экономикалық қатынастарды реттеуге бейімдеу жылдары болғаны айқын. Қазіргі кезде біздер бірнеше жыл бұрынға қарағанда мүлдем басқа құқықтық аяда өмір сүріп жатырмыз. Заңнамалар қатты өзгеріске ұшырады, жаңадан көп арнайы құқық салалары пайда болды. Азаматтық кодексінің өзі ғана қаншама нормаларды қамтиды. Біздің Азаматтық кодекс жеке құқықтық қағидаттарға және дәстүрлерге негізделе отырып жасалған, тауарлы-ақшалай және нарықтық экономика туындататын басқа қатынастарды да негізгі реттеуші болып отыр.
Сонымен өзіме берілген азаматтық құқық тақырыбының біреуін, атап айтқанда азаматтық құқық құқық саласының бірі, оның түсінігі туралы баяндауға көшемін.

Қолданылған нормативтiк актiлер тiзiмi:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Қолданылған арнайы әдебиеттер тізімі:
1. Е.Абиль История государства и права РК с древнейших времен до начало ХХ века Астана, 2000
2. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық. Алматы, 2003.
3. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» А. «Жетi Жарғы» 1998
4. Төлеуғалиев Б. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. 1 том. 2001 ж.
5. Азаматтық құқық пәнінің лекциялық дәптері.
6. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. Азаматтық құқықтың пәні 3
2. Азаматтық құқық ғылым
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
3. Азаматтық құқықтың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..16
4. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы 18
5. Азаматтық құқықтың қағидаттары (принциптері) 21
6. Азаматтық құқық жүйесі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi. 28
КІРІСПЕ
Осы жұмысты азаматтық құқық жөніндегі қысқаша оқулық десе де болады.
Әрине мұнда азаматтық құқықтың барлық мәселелері қаралауы мүмкін де емес,
дегенмен бір тақырыпқа аса назар аудармыз. Қазақстан заңдары осынау өтпелі
кезең атап жүрген, жаңадан қоғам мүлде басқаша қарым-қатынастар түзе
бастаған әлеуметтік-экономикалық реформалардың өрбуі жағдайында азаматтық
заңдар бұрынғы кеңестік қоғамдағы заңдарды алмастырып, оларды түбегейлі
өзгертіп жаңа заманға лайықтап нарықтық экономикалық қатынастарды реттеуге
бейімдеу жылдары болғаны айқын. Қазіргі кезде біздер бірнеше жыл бұрынға
қарағанда мүлдем басқа құқықтық аяда өмір сүріп жатырмыз. Заңнамалар қатты
өзгеріске ұшырады, жаңадан көп арнайы құқық салалары пайда болды. Азаматтық
кодексінің өзі ғана қаншама нормаларды қамтиды. Біздің Азаматтық кодекс
жеке құқықтық қағидаттарға және дәстүрлерге негізделе отырып жасалған,
тауарлы-ақшалай және нарықтық экономика туындататын басқа қатынастарды да
негізгі реттеуші болып отыр.
Сонымен өзіме берілген азаматтық құқық тақырыбының біреуін, атап
айтқанда азаматтық құқық құқық саласының бірі, оның түсінігі туралы
баяндауға көшемін.
1. Азаматтық құқықтың пәні
"Азаматтық құқық" атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді құқық деп атаған. Осыдан
барып біз күнделікті сабақтарымызда естіп-біліп жүрген цивилистика сөзі
туындайды.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер
құқығы). Римдік жүйе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және
жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі Азаматтық құқыққа қарағанда
ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде Азаматтық құқықтың римдік атауы
сақталғанымен онын мазмұны барынша өзгерді. Дей тұрғанмен оған қарамастан
цивил атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына
кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл
саладағы мамандарды — цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария
және жеке құқықтардың классикалық ара-жігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді:
"жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал
жеке құқық болса жекелеген адамның мүлдесіне сай келеді".
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық
деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқықты жеке және жария деп бөлу
бірқатар елдерде, айталық Францияда, фРГ-де және басқаларында кездеседі.
Бірақ мұндай бөлуді ағылшын құқығынан кездестіре алмаймыз. Олар құқықты
"жалпы құқыққа" және "әділдік құқығына", тағы басқа деп бөледі. құқық тек
өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында
қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі
бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан әлемдік азаматтық құқықтық
жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық
іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда "біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық
экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер
осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз",
ендеше осы бағытта әртүрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін
пайдалануының маңызы зор.
Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Алдымен Азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не
екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі
оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар
ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте
құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық
реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық
құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан ара-жігін айыра
отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша
қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар құрайды. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар Азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар
басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар
мәнінен туындамайды (АК-тің 6 бабының 2-тармағы).
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен,
қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар және басқа да мүліктермен)
байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай
қатынастар иемдену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас),
мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі, меншік иесінің кайтыс болуына
байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар
тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен
айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа
адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
2. Азаматтық құқық ғылым ретінде
Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы мұнда жоғары заң білімі алғашқы
қадамдарын жасаған 30-жылдары пайда болды. Сондықтан Қазақстанның алғашқы
заң жоғары оқу орындарының оқытушылары алғашқы қазақстандық цивилист-
ғалымдар болды. Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымының бастауында
қазақстандық цивилист-ғалымдар М.А. Ваксберг, Г.М. Степаненко, А.И.
Беспалова, Б.В. Покровский, И.Д. Фондаминский, М.Г. Масевич, Ю.Г. Басин
тұрды. Олардың жүмыстары Қазақстанның азаматтық құқығының ерекшеліктерін
зерттеуге бастама болды. Мұнда Алматы мемлекеттік заң институтының жас
жетекшісі, Қазақстандағы заң ғылымының ең алғашқы кандидаттарының бірі
(қазір — Ұлттық ғылым академиясының академигі) С.З.Зимановтың осы саладағы
белсенді қызметі шешуші рөл атқарды. Оның қайратымен жөне күш-жігерімен
Алматы мемлекеттік заң институтының бір топ жас оқытушылары Мәскеуде
кандидаттық диссертациялар дайындап, ойдағыдай қорғап шықты.
50-жылдардың басынан бастап азаматтық-құқықтық проблемалар бойынша ғылыми
жарияланымдар пайда болды. Алматы мемлекеттік заң институты ғалымдарының
ғылыми еңбектерінің шығарылымы 1955 ж. жарық көрді. Құқықтың түрлі
салаларындағы мамандар еңбектерінің ішінде С.З.Зиманов пен А.Ерсеновтың
жерге феодалдық меншік құқығы туралы, М.А.Ваксбергтің сауданың құқықтық
мәселелері туралы, Г.М. Степаненконың азаматтық кодекстердің мәтіндері
туралы, Б.В.Покрозскийдің колхоздармен жасалатын шарттар туралы жүмыстары
болды.
50-жылдардың аяғы — 60-жылдардың басына қарай Қазақстан цивилистерінің
құқықтық зерттеулері едәуір дамытылды. Қазақстандық заңгер-ғалымдардың
ғылыми және оқулық кітаптары негізінен Мәскеуде жарық көре бастады, мысалы:
"Правовые вопросы организации и деятельности совхозов" (1959 ж.); "Правовые
вопросы проектирования в строительстве" (1962 ж.); "Комментарий к
Положениям о поставках продукции производственно-технического назначения и
товаров народного потребления" (1962 ж.).
Сол жылдары КСРО-ның барлық одақтас республикаларында қабылданған
азаматтық кодекстерге берілген түсіндірмелердің алғашқысы — Азаматтық
кодекске Түсіндірме айтарлықтай практикалық маңызы бар сүбелі ғылыми еңбек
болды. Көлемі 50 баспа табаққа жуықтайтын ҚазКСР АК-на түсіндірме авторлар
ретінде сол жылдары Қазақстанда жұмыс істеген азаматтық құқық саласының
барлық ғылыми мамандарын біріктірді. Олардың ішінен Б.Б.Базарбаевты, Ю.Г.
Басинді, А.И.Беспалованы, М.А. Ваксберггі, М-Г. Масевичті, С.И.Меерзонды,
Н.Г. Мурзинді, Б.В. Покровскийді, Ғ.И.Төлеуғалиевты атауға болады.
Ленинград мемлекетгік университеті азаматтық құқық кафедрасының
меңгерушісі, азаматтық құқық саласының КСРО-дағы ең көрнекті өкілі —
профессор О.С. Иоффе де авторлық ұжымға қосылды. 1972 ж. оның қатысуымен
"Қазақ КСР-інің Неке жөне отбасы кодексіне Түсіндірме" жарық көрді.
Авторлық ұжымы айтарлықтай өзгерген "Азаматтық кодекске түсіндірмеңің"
жаңа нұсқасы 1990 ж., ал "Неке және отбасы туралы кодекске түсіндірменің"
жаңартылған түрі — 1989 ж. жарияланды. У.К. Ихсанов, Н.Б.Мухитдинов, К.Н.
Наменгенов, М.К. Сүлейменов секілді көрнекі зертгеуші-ғалымдардың есімдері
белгілі бола бастады. . Соңдықтан 60-жылдары қазақстандық цивилистикалық
мектепті құру жөнінде сөз қозғау мүмкіндігі туды.
60-жылдардың ортасынан бастап қазақстандық азаматтық құқық проблемаларын
талдауға республика Ғылым академиясының Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу
институтының цивилистері белсене қатысты. Осы институттың азаматтык, құқық
мамандары көбіне Қазақ мемлекеттік университетінің азаматтық құқық
оқытушыларын қатыстыра отырып, сол жылдардағы бірқатар ерекше өзекті
проблемаларды талдады. Ғылыми зерттеулер мынадай негізгі бағыттар бойынша
жүргізілді:
0. шаруашылық тетікті жетілдіру;
1. материалдық-техникалық жабдықтауды құқықтық реттеу;
— Күрделі қүрылысты қүқықтық ретгеу;
— Тұрғын үй заңдарын жетілдіру;
— Ғылыми-техникалық шығармашылықтың құқықтық нысандары және оның
өндірісте пайдаланылуы.
Бұл ғылыми бағыттардың әрқайсысы көптеген жылдар бойы жан-жақты
талданды; осының нәтижесінде бүкіл елімізге жақсы мәлім мамандардың
көптеген іргелі монографиялары жарық көрді (олардың кейбіреулері шетелдерде
басылып шықты) және баспасөз бетіңде жақсы бағалаңды.
Ең алдымен шаруашылық тетігін жегіддіру құқықтық проблемалары зерттелді.
Зерттеудің басты тақырыбының ортақтығына байланысты жұмыстар циклін Ғылым
академиясының екі жетекші қызметкері — М.К. Сүлейменов пен Б.В. Покровский
дайындады, оларға түрлі жұмыстарды дайындауда М.Г. Масевич, Н.М.
Мухитдинов, Ю.Г. Басин және басқа ғалымдар қосылды. Ғылыми зерттеулердің
негізгі нәтижелеріне мынадай монографияларды жатқызуға болады:
"Кәсіпорыңдарды материалдық ынталандырудың құқықтық мәселелері" (1972 ж.),
"Өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың шаруашылық есеп жүргізуінің
құқықтық нысандары" (1975 ж.), "Құрылыс ұйымдарының шаруашылық есеп
жүргізуінің құқықтық нысандары" (1978 ж.), " Шаруашылық айналым саласындағы
өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың құқықтық қатынастары" (1985
ж.), "Халық шаруашылығындағы шарт" (1987 ж.), "Шаруашылықаралық
кәсіпорындардың құқықтық жағдайы" (1987 ж.)- Авторлар басқару және
шаруашылық практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасады.
Зерттеудің бұл бағытына дәл осындай мақсатта - халық шаруашылығын
басқарудың құқықтық тетігін жетілдіру мақсатында М.К. Сүлейменов жазған
мынадай ірі ғылыми жұмыстар қосылады: "Шарттық міндеттемелерді орындау
мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік" (1971 ж.) және "Шарттық-шаруашылық
байланыстардың құрылымы" (1980 ж.).
Ғылыми зерттеулердің белсенді түрде дамытылып келе жатқан бұл бағыты
ғылыми тұрғыдан қарағанда барынша маңызды әрі жемісті болып көрінеді.
Күрделі құрылысты құқықтық реттеу тақырыбына қазақстандық аторлардың,
атап айтқанда, Ю.Г. Басиннің жеке немесе мәскеулік ғалымдармен бірлесе
жазған көптеген жұмыстары арналған. 1969 ж. авторлар ұжымының "Правовые
вопросы строительства в СССР" деген монографиясы жарық көрді. Заң
саласындағы және практикадағы жаңа материалдар негізінде осы проблематика
бойынша 1972 ж. "Правовое регулирование капитального строительства в СССР "
атты ұжымдық монография дайындалып, жарыққа шықты, ол кейін неміс тіліне
аударылып, Берлинде жарық көрді. Күрделі құрылыстың құқықтық проблемаларына
сондай-ақ "Правовые вопросы проектирования в строительстве", "Проект.
Строительство. Закон" және "Правовые основы хозяйственной деятельности
межколхозных строительных организаций" деген кітаптар арналды. Кейінірек
күрделі құрылыстың құқықтық проблемаларын зерттеуге А.Г. Диденко қосылды.
Оның "Правовые рычаги укрепления хозрасчета в строительстве" (1982 ж.) және
"Правовые проблемы самостоятельности строительных организаций" (1984 ж.)
атты монографиялары докторлық диссертацияға негіз болды.
Тұрғын үй құқығы саласында тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеудің
жалпы проблемаларына және Қазақ КСР-інің тұрғын үй зандарының
ерекшеліктеріне арналған едәуір жұмыстар жарық көрді. Олардың арасынан ең
алдымен Ю.Г. Басиннің "Вопросы советского жилищного права" (1963 ж.) және
"О жилищных правах советских граждан" (1966 ж.) атты монографияларын атауға
болады.
Қазақстанның алғашқы Тұрғын үй кодексі қабылданғаннан кейін Ю.Г. Басин,
М.К. Сүлейменов, Р.С. Тазутдинов "Қазақ КСР-інің Тұрғьш үй кодексіне
түсіндірме" (1987 ж.) жариялады, ал Қазақстан Республикасының Тұрган үй
кодексі қабылданған соң оған түсіндірмені А.Г. Диденко дайындады. Бұл
авторлардың өзге де жұмыстары белгілі.
Ол жылдары қазақстандық цивилист-ғалымдар арасында ҚазМУ-дің заң
факультетінің оқытушылары айтарлықтай көп болғандықтан, ғылыми жұмыста
Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған азаматтық құқық
бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығаруға зор көңіл бөлінді. Өзінің
маңызы жөнінен оқулықтар ғылыми туындылар ретінде бағаланатындықтан ғана
емес, сондай-ақ Қазақстанның азаматтық заңдары (және оларды қолдану
практикасы) сол кездің өзінде-ақ студенттер мен практикалық қызметкерлерге
түсіндіру керек болатын айтарлықтай ерекшеліктермен көзге түсетіндіктен де
мұндай жүмыстарды дайындау, сөз жоқ, ғылыми қызметтің маңызды буыны еді.
Доценттер Б.Б. Базарбаев, Ю.Г. Басин, А.И.Беспалова, М.А. Ваксберг, А.Г.
Диденко, У.К. Ихсанов, Ғ.И.Төлеуғалиев азаматгық қүқық жөніндегі оқу
қүралдарының негізгі авторлары болды. 1968 ж. бастап "Қазақ КСР-інің
кеңесгік азаматтық құқығын" шығару қолға алынды, ол осы оқу пәнінің курсын
ғылыми негізде дәйектілікпен баяндады. Оның жалпы көлемі 40 авторлық баспа
табақтан асатын 5 шығарылымы өмірге келді. Олар азаматтық құқықтың және
азаматтық-құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерінің жалпы мәселелерін
қамтыды. Мұндай шығарылымдар Қазақстаннан тыс жерлерде де белгілі болып,
орталық мерзімді баспасөз беттерінде жақсы пікір қалыптастырды.
Ең жауапты кезең — біріккен оқулықтарды шығару — 70-жылдары басталды.
1978 ж. азаматтық құқық кафедрасының оқытушылар ұжымы республиканың Жоғары
және арнаулы орта білім министрлігінің ресми рұқсатын алған, көлемі 20
баспа табақ болатын "Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінің" I бөлігін жарыққа
шығарды. Оқулықтың осындай көлемдегі II бөлігі 1980 ж. баспадан шықты. А.И.
Беспалова мен У.К. Ихсановтың жалпы редакциясымен 1984 ж. "Отбасы құқығы"
оқулығы жарияланды.
Қазақ КСР-і дербес Қазақстан Республикасына айналған соң азаматтық
құқықтың қазақстандық мектебі айтарлықтай ілгері басты. Бұл республиканың
өзінің азаматтық зандарын жасау қажеттігін алға тартып, ол, біріншіден,
республиканың бұрынғы одақтық модельдер мен нұсқауларға қатаң ілесуінсіз
жасалған болар еді, екіншіден,
Қазақстанның нарықтық экономикасының осы заманғы талаптарына сай келер еді.
Қазақ мемлекеттік заң институтының (қазіргі - Қазақ гуманитарлық-заң
университетінің) Жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының (қазіргі —
институттың) кәсіпкерліктің дамуын және оның болашағын құқықтық бағалау
жөніндегі еңбектері бірінші дәрежелі маңызға ие болуда. Бұл бағытта бірден
М.К. Сүлейменовтың, Б.З. Покровскийдің, А.И. Худяковтың, В.А. Жакеновтын,
"Право и предпринимательство в Республике Казахстан" (1994 ж.) атты
монографиясы жарияланды. Ю.Г. Басин мен В.П.Фурсовтың "Основы бизнеса и
предпринимательства в условиях рыночной экономики Казахстана" (1995 ж.),
С.И. Климкиннің "Правовые формы предпринимательской деятельности в
Республике Казахстан" (1997 ж.), А.Т. Жүсіповтың "Право собственности и
другие вещные права" (1995 ж.), И.В. Романкованың "Проблемы правового
регулирования предпринимательства граждан Республики Казахстан" (1997 ж.)
еңбектерін атап көрсеткен жөн. "Право и собственность в Республике
Казахстан" атты монографияның (жауапты редакторы — профессор. М.К.
Сүлейменов, 1998 ж.) жарық көруі айтарлықтай ғылыми оқиға болды.
Жеке құқық орталығының қызметкері И.У. Жанайдаров мемлекеттік меншік және
мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы бойынша маңызды зерттеулер жүргізді.
С.В.Скрябиннің, К.М. Ильясованың, Т.Е. Қаудыровтың, Ф.С. Қарағұсовтың, И.В.
Әмірханованың сүбелі монографиялары басылып шықты. 1994 ж. желтоқсанда
қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім)
талдап түсіндіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар циклі дайындалып, жарияланды.
А.Г. Диденконың жалпы редакциясымен осындай түсіндірмелердің 17 шығарылымы
жарық көрді. М.К. Сүлейменов пен Ю.Г. Басиннің редакциясымен 1998 ж.
Азаматтық кодекстің Жалпы бөліміне, 2000 ж. — Ерекше беліміне көлемді
түсіндірме жарияланды. Бұл түсіндірмелер 3 кітап түрінде 2003 ж. қайта
басылып шықты.
Республикада халықаралық жеке кұкық ғылыми бағыты мүлде жаңадан құрылды.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда бұл сала бойынша нормативтік актілер
қабылданбады, мамандар даярланбады - бұрын мұның бәрі Мәскеудің монополиясы
болды және одақтың мүдделерін білдіретін еді. Егемен Қазақстанның сыртқы
экономикалық қызметтегі алғашқы қадамдары халықаралық жеке экономикалық
қатынастарды реттеудің осы заманғы дүниежүзілік тәжірибесін және
республиканың сыртқы экономикалық саладағы мүдделерінің ерекшеліктерін
бейнелейтін өз заңдарын дереу қалыптастыруды талап етті. Алайда мұндай
заңдардың бара-барлығы мен тиімділігін бағалау осы саладағы барлық құқық
шығармашылық және құқық қолдану проблемаларын терең ғылыми пысықтауды қажет
етеді.
Мұндай проблемаларды шешу ісін Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты қолға
алды. Қазақстанда аз уақыттың ішінде халықаралық жеке құқық мектебі
қалыптасып, оның ұйымдастырушысы әрі жетекшісі профессор М.К. Сүлейменов
болды. Оның шәкірттері бірқатар диссертациялар қорғады және халықаралық
жеке құқықтың мынадай барынша өзекті проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулердің ңәтижелерін жариялады: республика экономикасына құйылатын
шетелдік жеке инвестицияларды мемлекеттік реттеу, сыртқы экономикалық
келісім-шарттарды жасасу және орындау, бірлескен көсіпорындар қызметінің
құқықтық режимі және т.с.с.
"Право и иностранные инвестиции в Республике Казахстан" (1997 ж.),
"Право и внешнеэкономическая деятельность в Республике Казахстан" (2001 ж.)
атты іргелі монографияларды құқықтың осы саласындағы іргелі жарияланымдарға
жатқызу керек.
Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің халықаралық құқық кафедрасының
меңгерушісі профессор М.А. Сәрсенбаев және оның кафедра мүшелері
халықаралық жеке құқықтың қазақстандық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz