Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу



14.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
14.2 Бонус және оның түрлері.
14.3 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер
14.4 Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
14.5 Үстеме пайда салығы. Үстеме пайда салығының ставкалары.
Жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.
1.Қазақстан Республикасыньң заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.
2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртібін белгілейді.
Жер қойнауын пайдаланушылар мынадай салықтары мен арнайы төлемдерді төлейді:
3.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1) жер қойнауын лайдаланушылардың арнаулы төлемдерін;
а) қол қойылатын бонусты;
б) коммерциялық табу бонусын;
в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;
2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;
3) үстеме пайда салығын қамтиды
1.Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асыратын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін есептеу, осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2.Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін сақталады, мұңдай келісімнің (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимінің тұрақтылығы тікелей көзделген, мұндай келісімнің (келісімшарттың белгіленген бүкіл қолданылу мерзімінде тек қана оның тараптарына қатысты, сойдай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес сенім білдірілген адамдарға (операторларға) қатысты қолданылады, мұндай келісімнің (келісімшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе осы баптың 3-тармағына сәйкес сенім білдірілген адамдарға (операторларға) қолданылмайды және тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
Төлем көзінен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агенті ретінде әрекет ететін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық міндеттемелерін орныдау оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 14.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

14.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
14.2 Бонус және оның түрлері.
14.3 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер
14.4 Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
14.5 Үстеме пайда салығы. Үстеме пайда салығының ставкалары.

14.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
Жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында,
мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлға.
1.Қазақстан Республикасыньң заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын
пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар
осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төлейді.
2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген
кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын
есептеу және төлеу тәртібін белгілейді.

Жер қойнауын пайдаланушылар мынадай салықтары мен арнайы төлемдерді
төлейді:
3.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1) жер қойнауын лайдаланушылардың арнаулы төлемдерін;
а) қол қойылатын бонусты;
б) коммерциялық табу бонусын;
в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;
2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;
3) үстеме пайда салығын қамтиды
1.Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге
асыратын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер бойынша салық міндеттемелерін есептеу, осы баптың 2-тармағында
аталған жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер
туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2.Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер
қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған,
міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде
(келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін сақталады,
мұңдай келісімнің (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық
режимінің тұрақтылығы тікелей көзделген, мұндай келісімнің (келісімшарттың
белгіленген бүкіл қолданылу мерзімінде тек қана оның тараптарына қатысты,
сойдай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес сенім білдірілген адамдарға
(операторларға) қатысты қолданылады, мұндай келісімнің (келісімшарттың)
тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе осы баптың 3-тармағына сәйкес
сенім білдірілген адамдарға (операторларға) қолданылмайды және тараптардың
өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
Төлем көзінен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агенті
ретінде әрекет ететін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерге қатысты салық міндеттемелерін орныдау оларды төлеу жөніндегі
міндеттемелер туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының
салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдаланушы осы міндеттемені орындауды Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе құзіретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы
арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық
сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшартта, төлем көзінен ұсталатын салық салу тәртібін
реттейтін ережелерде болуына қарамастан, осы баптың 1-тармағында
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзіретті орган мен жер
қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1-қаңтарға дейін жасалған және
міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімнің
(келісімшарттың) және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер
қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың салық режимінде көзделген
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген
түрлеренің күші жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнімді бөлу
туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшартта белгіленген тәртіппен және мөлшерде, олардың
қолданылу мерзімі аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізгенге дейін
оларды бюджетке төлеуді жалғастырады.
Салық сараптамасы - құзыретті орган жасаған өнімді бөлу туралы келісім-
шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерістерге талдау жасау мен баға
беруді қамтитын, салық салу шарттарын анықтау, оның ішінде Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы
төлемдері мен салығын белгілеу мақсатында өткізілетін міндетті сараптама.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық келісім-шарттарға қол
қойылғанға дейін олар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін
тәртіппен және мерзімдерде міндетті салық сараптамасынан өткізіледі. Осы
ереже бұрын жасалған келісім-шарттарға енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға да қолданылады.
Салық сараптамасының нәтижелері бойынша белгіленген салық салу шарттары
өнімді бөлу туралы келісім-шарттың түпкілікті мәтініне міндетті түрде ешбір
өзгертулер мен түзетулерсіз енгізіледі.

14.2 Бонус және оның түрлері.
Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке
жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерін төлейді:
1) қол қойылатын;
2) коммерциялық табу бонусы.
І. Қол қойылатын бонус
Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалатын
аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы үшін
біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.
Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерін пайдалы қазбалар көлемі мен
кен орнының экономикалық құндылығы ескерілген есеп негізінде

Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға
жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау
жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген
мөлшері;
техногендік минералды құралымдарды әзірлеуге арналған келісім-шарттарды
қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін -
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;

кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар
жөніндегі келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген
мөлшері;
2) өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, -тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің
3000 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, -(Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01 %) формуласы
бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем
емес, мұнда:
Қ - А, В, Қ1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының
Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі
мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық
ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы
қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысында
бекітілген және (немесе) назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала
бағаланған қорларының жиынтық құны;

ІІ. Коммерциялық табу бонусы
Коммерциялық табу - келісім-шарт аумағы шегінде ашылған, өндіру үшін
экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі бір түрінің
запастары.
Коммерциялық табу бонусы келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық
табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында,
бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткізетін пайдалы қазбалардың
табылғаны үшін төленеді. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен
өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге жасалған келісім-шарттар бойынша
коммерциялық табу бонусы
төленбейді.
Коммерциялық табу бонусының мөлшері - салық салу объектісі, есептеу
базасы мен ставка негізге алына отырып белгіленеді.
Коммерциялық табу бонусының мөлшерін есептеу үшін:
1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкілетті мемлекеттік
орган бекіткен осы мақсаттағы көлемі салық салу объектісі болып табылады;
2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекітілген көлемінің құны төлемді
есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны осы пайдалы қазбаның
төлем жүзеге асырылған күнгі Халықаралық (Лондон) биржада белгіленген
биржалық баға бойынша есептеледі. Пайдалы қазбаларға биржалық баға
белгілебеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзіретті орган бекіткен
жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың
жоспарлы рентабелділік мөлшеріне түзетілген сомасынан айқындалады;
3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 пайызы ставкасы
бойынша бөлінеді.
Коммерциялық табу бонусын уәкілеттік берілген мемлекеттік орган кен
орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемін бекіткен күннен
бастап 90 күннен кешіктірілмей төленеді.
Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер пайдаланушы тіркелген
жері бойынша салық органына басталған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін
табыс етеді.

14.3 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем.
Жалпы ережелер
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін тиісті
келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен
жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген
төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.
Төлеушілер
Келісімшарттарды жасасқанға дейін тиісті келісімшарт аумағын геологиялық
зерттеуге және жайластыруға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен
орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер
қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер
болып табылады.
Тарихи шығындарды етеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі
1.Тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға
мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік
орган есептейді және ол осы баптың ережелеріне сәйкес бюджетке төленеді.
Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі Қазақстан Республикасының жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекет
меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде бюджетке
төленуге жатады.
Тарихи шығындар сомасының қалған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша
төлемдер түрінде бюджетке төленуге жатады.

14.4 Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілетін минералды шикізат,мұнай, жерасты
сулары мен емдік балшықтың әрбір түрі бойынша жеке төлейді.
Төлеушілер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт
шеңберінде техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса
алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты суларымен емдік балшықты
өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды
өндіру салығын төлеушілер болып табылады.
Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
Салық салу объектісі
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ
конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық
салу объектісі болып табылады:
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын
пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен
табиғи газдың жалпы көлемі:

1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына
қайта өңдеу үшін өткізілген шикі мұнайға, газ конденсатына- Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін
жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған
әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және өткізген, оның ішінде
үшінші тұлға арқылы өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының жалпы
көлеміне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына
алыс-берістік шикізаты ретінде қайта өңдеуге берілген шикі мүнайға, газ
конденсатына, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу
зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде жер қойнауын
пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке
келісімшарт шеңберінде өндірген және берген, оның ішінде үшінші тұлға
арқылы берілген шикі мүнайдың, газ конденсатының көлеміне;
3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған-
шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық
кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт
шеңберінде өндірген, салық кезеңі ішінде өзінің өндірістік мұқтаждарына
пайдаланған шикі мұнайдың және газконденсатының көлеміне;
4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің
өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға;
5) тауарлы шикі мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға - осы баптың 2-
тармағының 1) - 4) тармақшаларында аталған шикі мұнай, газ конденсаты мен
табиғи газ көлемдерін шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық
кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт
шеңберінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың
көлеміне бөлінеді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына шикі
мұнайды және газ конденсатын жеткізуді, оның ішінде үшінші тұлға арқылы
жеткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушының мұнай өңдеу зауыты сатып
алған шикі мұнайдың және газ конденсатының көлемі мен құнын, сондай-ақ
жанама салықтар есепке алынбаған олардың құнын растайтын құжаттарының болуы
міндетті.
4. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы жер қойнауына кері айдалатын табиғи газ
бойынша төленбейді.
5. Осы баптың мақсатына орай факелдерде жағылған табиғи газдың көлемі
пайдалы қазбаларды өндіру салығын салудан босатылады.

Салық базасы
Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи
газдың көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық
базасы болып табылады.

Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі
1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде
өндірілген шикі мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртіппен:
1) мұнай өңдеу зауытына, оның ішінде үшінші тұлға арқылы өткізу кезінде
өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен мұнай өңдеу
зауыты өнімнің бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде;
2) алыс-берістік шикізаты ретінде қайта өңдеу үшін беру және (немесе) жер
қойнауын пайдаланушының өз өндірістік мұқтаждарына пайдалануы кезінде -
мұнай өңдеу зауытына, оның ішінде үшінші тұлға арқылы жеткізілген және
(немесе) жер қойнауын пайдаланушының өз өндірістік мұқтаждарына пайдаланған
шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 процентке ұлғайтылған өзіндік
құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға
арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы шикі мұнайдың,
газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндірілген тауарлы шикі мұнай,
газ конденсаты және табиғи газ көлемі мен осы баптын 3-
тармағында белгіленген тәртіппен салық кезеңінде есептелген өнімнің бірлігі
үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындайды.
3.Шикі мұнайдың және газ конденсатының әлемдікбағасы Тhe McGraw-Hill
Companies Inc компаниясының Platts Crude Oil Marketwire дереккөздерінде
жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде Юралс Средиземноморье
(Urals Med) немесе Датированный Брент (Brent Dtd) маркаларының әрбірін
жеке алғанда күн сайынғы бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде
айқындалады, ал осы дереккөздерде аталған маркаларға бағалар туралы ақпарат
болмаған жағдайда, Petroleum Argus дереккөзі мынадай формула бойынша
пайдаланылады,
S = (P1+P2+ ... .+Pn)n, мұнда:

S - салық кезеңінде шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы,
Р1 Р2 ... Рn - салық кезеңі ішінде бағамдауды жариялау күндерінде шикі
мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік
бағасы, n - салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.
Шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық
әлемдік бағасы мынадай формула бойынша айқындалады: Р1, Р2... Рn =
(С1+С2)2, мұнда:
Рn- ЮралсСредиземноморье немесе Датированный Брент маркалы шикі
мұнайдың күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы,

С1 - биржаның ашылуы кезіндегі Юралс Средиземноморье немесе Датированный
Брент маркалы шикі мұнайдың күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік
бағасы,
С2- биржаның жабылуы кезіндегі Юралс Средиземноморье немесе
Датированный Брент маркалы шикі мұнайдың күн сайынғы орташа
арифметикалық әлемдік бағасы.
Жер қойнауын пайдаланушы Юралс Средиземноморье (Urals Med) немесе
Датированный Брент (Brent Dtd) маркасының белгілі бір стандартты сортына
шикі мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикі мұнайды өткізуге арналған
шарттар негізінде жүргізеді. Өткізуге арналған шартта шикі мұнайдың
стандартты сорты көрсетілмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай
шарт бойынша жеткізілген шикі мұнай көлемін салық кезіңінде ең жоғары
болып табылатын орташа әлемдік баға сортына жатқызуға міндетті.
4.Табиғи газға әлемдік баға Тhe McGraw-Hill Companies Inc компаниясының
Platts Crude Oil Marketwire дереккөздерінде жарияланған ақпарат
негізінде салық кезеңіндегі күңделікті бағамдаудың орташа арифметикалық
мәні ретінде айкындалады. Осы дереккөзде табиғи газға бағалар туралы
ақпарат болмаған жағдайда, Petroleum Argus дереккөзі пайдаланылады

Салықты есептеу тәртібі
1.Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы
салық салу объектілерінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде
айқындалады.
2.Пайдалы қазбаларды ендіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы
осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын
пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық
жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін ставканы
қолданады.
Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын
және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы
тіркелген орны бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған
әрбір жеке келісім-шарт бойынша шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи
газды өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы анықтаманы ағымдағы
күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін табыс етуге міндетті.
Бұл ретте, шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің
ағымдағы жылға жоспарланатын көлемі құзыретті органдармен келісілуге тиіс.
3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері
Тікелей салықтардың құрылымы
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдерi
Салық есебінің ережелері және салық есептілігі
Салық кезеңі
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
Салық түрлері туралы
Жер нарығы
Пәндер