Әлеуметтік басқарудың мәні мен мазмұны



Кіріспе
Негізгі бөлім

1.Әлеуметтік басқарудың мәні мен мазмұны
2.Әлеуметтік басқарудың заңдары, принциптері мен әдістері
3.Басқарудағы мақсатқа бағытталушылық

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әлеуметтік басқару – көптеген ғылымдарды оқып-меңгеретін пән: әлеуметтік, экономикалық, саяси, заңды, бірақ бұдан әлеуметтік басқару ғылымы бұлардың бірде-біреуінің іс жүзінде қолданылатын бөлік болып табылады. Әлеуметтік басқару ғылымының басты мақсаты қоғамдағы мүшелердің өмір сапасын жоғарлатуға қол жеткізу үшін оның барлық салаларының тұтас іс-әрекеттері жүйесіндегі қоршаған әлемді оқып-меңгеру. Ол әлеуметтік әсер етудің жалпы заңдарын, принциптерін, сондай-ақ әлеуметтік басқару жүйесінің өзін құрайтын заңдар мен принциптерді зерттейді.
Әлеуметтік басқару жүйесі өзіне әлеуметтік басқаруды, басқару әдістері мен есептік техника құралдарын, сондай-ақ басқару объектілері мен субъектілері арасындағы байланысты жүзеге асыруға көмектесетін әртүрлі ақпараттар көлемін қамтамасыз ететін мамандардың әртүрлі жақтарын қамтиды.
Егер объекті мен субъекті арасындағы байланыс бұзылатын болса, онда бұл басқаруда күйзеліске әкеп соқтырады. Сондықтан да әлеуметтік басқарудың ең маңызды міндеті осы қатынастардың тұрақтылығын ұстап тұру болып табылады.
Басқарудың иерархиялық құрылымы тиімді болып, сан және сапа деңгейлері мен элементтері, алға қойылған мақсаттарына сәйкес болғанда ғана есептеледі. Иерархиялық құрылымның буындары еңбексіз көп болса, басқару процесі бюрократтанып, байланыстары шатасып, басқару жүйесінің дамуын тоқтатып, күрделендіріледі. Кез – келген феномен ретінде басқару жүйесі, объектісіне қарай, бірнеше қызметтерді атқарады. Басқару қызметтері деп басқару іс - әрекетінің арнайы түрлері ескеріледі, индивидке бағытталған, біртұтас әсерін жүзеге асырылады. Негізгі басқару қызметтері болып – ұйымдық жоспарлы болжамдық, регулятивтік, ынталандыру және бақылау қызметі болып табылады.
1. Қ.Ж. Рахметов, А.Н. Болатова, З.Н. Исмағамбетова. Алматы 2005.
2. В.В. Радаев. Экономическая социология. Курс лекций. Москва 1997.
3. Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. Әлеуметтану. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2003.
4. «Социология». Тұрғынбаев, А.-2001.
5. «Социология негіздері». Тәжин М, Аяғанов Б, А.-1993.
6. Омаров А.М. Социальное управление: некоторые вопросы теории и практики. М.: Мысль, 1980. С. 27.
7. Граждан В. Д. Деятельность и управление (социологический аспект). М., 1990. 43,44.
8. Керженцев П.М. Принципы организации. М., 1968. С. 34-35; Чикевич С.А. Диалектика управления. Роль научных знаний в управлении общественными процессами. Минск, 1989. С. 44.
9. Русолинова А.А. Некоторые характеристики руководителя как субъекта управления трудовым // Трудовой коллектив как объект и субъект управления. Л., 1980. С. 101.
10. Әлеуметтану оқу құралы». Д. Әбсаттаров, Ә. Дүкенов.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Әлеуметтік басқарудың мәні мен мазмұны
2.Әлеуметтік басқарудың заңдары, принциптері мен әдістері

3.Басқарудағы мақсатқа бағытталушылық

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтік басқару – көптеген ғылымдарды оқып-меңгеретін пән:
әлеуметтік, экономикалық, саяси, заңды, бірақ бұдан әлеуметтік басқару
ғылымы бұлардың бірде-біреуінің іс жүзінде қолданылатын бөлік болып
табылады. Әлеуметтік басқару ғылымының басты мақсаты қоғамдағы мүшелердің
өмір сапасын жоғарлатуға қол жеткізу үшін оның барлық салаларының тұтас іс-
әрекеттері жүйесіндегі қоршаған әлемді оқып-меңгеру. Ол әлеуметтік әсер
етудің жалпы заңдарын, принциптерін, сондай-ақ әлеуметтік басқару жүйесінің
өзін құрайтын заңдар мен принциптерді зерттейді.
Әлеуметтік басқару жүйесі өзіне әлеуметтік басқаруды, басқару
әдістері мен есептік техника құралдарын, сондай-ақ басқару объектілері мен
субъектілері арасындағы байланысты жүзеге асыруға көмектесетін әртүрлі
ақпараттар көлемін қамтамасыз ететін мамандардың әртүрлі жақтарын қамтиды.
Егер объекті мен субъекті арасындағы байланыс бұзылатын болса, онда
бұл басқаруда күйзеліске әкеп соқтырады. Сондықтан да әлеуметтік
басқарудың ең маңызды міндеті осы қатынастардың тұрақтылығын ұстап тұру
болып табылады.
Басқарудың иерархиялық құрылымы тиімді болып, сан және сапа
деңгейлері мен элементтері, алға қойылған мақсаттарына сәйкес болғанда ғана
есептеледі. Иерархиялық құрылымның буындары еңбексіз көп болса, басқару
процесі бюрократтанып, байланыстары шатасып, басқару жүйесінің дамуын
тоқтатып, күрделендіріледі. Кез – келген феномен ретінде басқару жүйесі,
объектісіне қарай, бірнеше қызметтерді атқарады. Басқару қызметтері деп
басқару іс - әрекетінің арнайы түрлері ескеріледі, индивидке бағытталған,
біртұтас әсерін жүзеге асырылады. Негізгі басқару қызметтері болып –
ұйымдық жоспарлы болжамдық, регулятивтік, ынталандыру және бақылау қызметі
болып табылады.
1.Әлеуметтік басқарудың мәні мен мазмұны

Әлеуметтік басқару белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін
әлеуметтік процестерге әсер ететін процесс ретінде, сондай-ақ адамдар іс-
әрекет саласы ретінде қарастырылады. Басқарудың қорытынды түсінігі – ықпал
ету болып табылады. Әлеуметтік жүйеде ол басқару субъектісінің басқару
объектісіне жаңадан жақсы ауыстыру мақсатында ықпал етуді білдіреді. Осы
себепті басқарудың негізгі элементі болып мақсатқа бағытталушылық болып
табылады.
Мақсатқа бағытталушылыққа тікелей байланыста іс-әрекетті
ынталандыру мен мотивация жүйесі болып табылады.
Қазіргі әлеуметтік басқаруға туа біткен шығармашылық адамдарды қамту
қажет, олар өз интеллектілігі мен шығармашылық потенциалының арқасында
қоғамдағы азаматтардың өмір сапасын жоғарлату сияқты ең басты мақсаттарды
орындау үшін жағдай туғызуға қабілетті. Сол себепті басқаруда ең бастысы
тек алға қойған мақсаттарға жету ғана емес, сондай-ақ тұтастай қандай да
бір күрделі әлеуметтік жүйені ұстап қалу мен оны өзін-өзі дамытуға талпыну
болып табылады.

2.Әлеуметтік басқарудың заңдары, принциптері мен әдістері

Басқару ғылымдарының заңдарына басқару ғылымын оқып-меңгеретін
қоғамдық, өте маңызды және міндетті байланыстар жатады. Олар объективті
сипатқа ие және адамдардың еркіне тәуелді емес, керісінше олардың еркіне,
сана-сезімі мен ниеттеріне тәуелді.
1. Міндетті (қажетті) заңдардың әртүрлілігі, яғни басқарушы жүйе басқару
объектісіне қарағанда біршама әртүрлі болу қажет
2. Мамандандырылған заңдарды басқару. Бұл заң басқару қызметтерін
әлеуметтік басқару жүйесінде әртүрлі дәрежелер мен бағыттарға бөлуді
қамтиды.
3. Интеграция заңдарын басқару. Мұнда әртүрлі мамандандырылған іс-
әрекеттердің бір ғана басқару процесіндегі басқарудың әртүрлі дәрежелері
мен бағыттарының бірігуі болады.
4. Уақытты үнемдеу заңы. Бұл заң аз уақытты жоғалту есебінен алға қойылған
мақсатқа жету үшін бақсару тиімділігін сипаттайды.
5. Әлеуметтік мақсаттардың приоритеттік (бір нәрсені ең алғаш ойлап
шығару, ашу) заңдары. Қоғамды дамытудың мақсаты және олардың тепе-теңдігі
мен дамуын бірқалыпта ұстап тұру ондағы мүшелердің өмір сүру сапасын үнемі
жоғарлату болып табылады. Сол себепті қалған барлық мақсаттар осы
мақсаттарға тәуелді болып қалуы қажет.
6. Басқарудағы субъектілік пен интеллектуалдықтардың өсу заңдары. Басқару
процесінде пайда болатын адамдар арасындағы басқарушылық қатынастар
адамдардың сана-сезімдері арқылы өтеді, сондай-ақ өндіріс пен қоғамдағы
объективті өзгерістерден тәуелді адамдармен құрылып, жетілдіріледі.
7. Жүйенің басты мақсаттарының басым (үстем) болу заңдары. Бұл заң
әлеуметтік басқару үшін басым болып табылады. Әлеуметтік жүйеден құрылатын
жүйе ішіндегі жүйелер біртұтастықты құрастырып, тұтас организмді құрайды.
Бұл жүйелерді қолдау тек басым да басты мақсаттардың бар болуымен маңызды.
8. Доктриналық (ілім,ғылыми теория және жүйе) заңдар. Доктрина әлеуметтік –
бұл маңызды технологиялырдың әртүрлілігі. Ол қандай да бір ұлттардың
әлеуметтік қызығушылықтарының негізгі приоритеттерін бөледі, оларды жүзеге
асыру механизмдерін ұстап қалады және әлеуметтік саясаттың белгілі
стратегиялық мақсаттары, азаматтардың қызығушылықтарымен қалыптасқан
белгілі әлеуметтік бағыттарды өзгерту үшін негізге алу болып табылады.
9. Әрбір құраламдардың өздігінше активті даму заңдары. Қазіргі әлеуметтік
дамудағы үлкен мағна басқару қызметтерін өзін-өзі басқаратын ұлттық
органдарға бере алады.
Әлеуметтік басқарудың принциптері.
Басқару заңдарын білу негізінде басқарушылық қызметтердің принциптері
қалыптасады. Олар басқару жүйесін құруға, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға
жету үшін қажеттіліктерді таңдауға көмек береді. Әлеуметтік басқарудың
негізгі принциптеріне келесі принциптер жатады:
1. шешім қабылдаудағы басшылық және оларды талқылаудағы алқалық;
2. әлеуметтік жүйенің тұтастығын қолдау үшін басқарудың барлық әдістерінің
біріге әсер етуі;
3. салалық және аймақтық басқаруды байланыстыру;
4. стратегиялық мақсаттарға жетудегі приоритеттілік;
5. ғылыми әлеуметтік басқару;
6. әлеуметтік басқаруды болжамдау;
7. еңбекті мотивациялау (ынталандыру);
8. әлеуметтік басқару нәтижелеріне жауапкершілік;
9. кадрларды рационалды іріктеу, дайындау, орналастыру және пайдалану;
10. басқару тиімділігі және үнемділігі;
11. жүйелілік (жүйе сияқты әртүрлі звенолардан құрылатын басқарудың
объектісін немесе субъектісін қарастыру);
12. иерархиялылық (элементтерге бөлуді талап ететін көп дәрежелі жүйелерді
қарастыру, бұдан әрбір баспалдақ өзінен бір саты төмен баспалдақты
басқарады және уақыт өте келе жоғары дәрежеге қатысы бойынша басқару
объектісі болып табылады);
13. кері байланыстың міндеттілігі (басқарушы жүйенің басқарылатын жүйеге
фактылық жағдайларды аталғандармен салыстыру жоламен әсер ету нәтижесі
туралы ақпараттарды алу);
14. бағдарламалық-мақсаттық мақсатты қамтамасыз етілуі;
15. басқарудағы адамгершілік пен құлықтылық;
16. шешім қабылдаудағы жариялылық (құпияның болмауы).
Принциптердің жиынтығы әлеуметтік басқарудың даму нәтижесінде
өзгеріске ұшырай алады, бірақ басқарудың негізгі принциптері толығымен жоқ
болып кетуі мүмкін емес.
Әлеуметтік басқарудың әдістері.
Басқарудың заңдары мен принциптерінің жүзеге асырылуы бақсарудың
әртүрлі әдістерін қолданудың арқасында болады.
Басқару әдістері алға қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін
басқару объектісіне әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Әдетте басқару тәжірибесінде бір-бірін толықтыра түсетін әдістер
жиынтығы қолданылады. Басқарудың мынандай келесі түрлері бар:
1. Әлеуметтік және психологиялық. Олар адамдардың әлеуметтік активтілігін
жоғарлату мақсатында қолданылады. Әлеуметтік әдістер өзіне мыналарды
қамтиды:
• әлеуметтік нормалау әдістері;
• әлеуметтік саяси әдістер;
• әлеуметтік реттеу әдістері;
• моралды ынталандыру әдісі;
• әлеуметтік-психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекеттік басқарудың мәні
Қоғамдық басқару
Мемлекетті басқарудың тәсілдері
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Әлеуметтік басқарудың қағидалары мен мәні
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
Пәндер