Спорт – денсаулық кепілі. Адам денесінің дамуы


Спорт - денсаулық кепілі
Адам денесінің дамуына биологиялық, әлеуметтік, экологиялық, географиялық жағдайлар әсер етеді. Мысалы, балалар ата-анасының дене бітіміне ұқсап (биологиялық тұқым қуалаушылық) өседі деген түсінік бар. Ауа райының жағдайы (географиялық) дененің дамуына әсер етеді.
Әлеуметтік жағдайға тұрмыстық жағдай, еңбек, оқу ісі, дене тәрбиесі және жалпы тәрбие мазмұны жатады. Дененің дамуында өлеуметтік жағдай басты орынды иеленеді және ол биологиялык, географиялық жағдайларға белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Мысалы, тұрмыстық жағдайдың жаксы болуы бойдың, кеуденің өсуіне, салмақтың артуына т. б. әсерін тигізеді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, арнайы іріктеліп алынған дене жаттығуларының кемегімен денені жалпы жетілдіріп, жекелеген дене мүшелерінің қызметін жақсартуға болады.
Дененің қаншалықты дамығандығын денені және дене мүшелерін (бойдың биіктігі, дененің салмағы, кеуденің аумағы, аяқ-қолдарының ұзындығы т. б. ) өлшеу арқылы анықтайды. Сыртқы көрініс балалар мен жас өспірімдерде басты кәрсеткіш болып табылады.
Жас өспірімдік кезең деп аталатын 12 жастан 15 жасқа дейінгі аралық организмнің едәуір жылдам өсуімен сипатталады. Бұл кезеңде дененің даму көрсеткіштері барлық жағынан да тез өзгеріп отырады.
Мысалы, қыз балалардың салмағы жыл сайын 2 кг-нан 5 кг-ға дейін өссе, ер балалардың салмагы 7 кг-ға дейін өседі. Бір жылда қыз бала-лардың бойы 4 см-ден 6 см-ге дейін, ал ер балалардың бойы 9 см-ге дейін өседі. Дене жогары қарқынмен дами бастайды. Бірақ дененің дамуы барлық балада біркелкі болмайды. Сонан соң жоғары қарқынмен даму қыз балаларда 9-12 жас аралығында (өсіресе, 12 жас шамасында), ер балаларда 11 мен 14 жас аралығында (әсіресе, 14 жас шамасында) болады. Қыз балалардың денесінің тез өсуі ер балаларға қарағанда 1-2 жыл ерте басталады. 11 мен 12 жас арасында (5-сынып оқушылары) қыз балалардың салмағы, бойы, кеудесінің аумағы ер балалармен бірдей болады. Бұдан кейінгі кезеңде қыз балалардың бойының өсуі баяулайды да, ер балалар денесінің барлық өсу көрсеткіштері қыз балаларды басып оза бастайды. Қыз балалардың 13 жастан 14 жасқа дейінгі дене дамуының баска да керсеткіштері, мысалы, олардың бұлшық еттерінің даму көрсеткіштері ер балалардыкіне жуық болады. 14 жастан кейінгі кезеңде қыз балалардың бойы жоғары қарқынмен өсетін болады.
Жасөспірімдік кезеңде, әсіресе, организмнің жекелеген бөліктері біркелкі өспейтіні белгілі. Бойдың тігінен өсуі дененің көлденең өсуінен басым болады, аяқ-қол да тез өседі. Осының нәтижесінде денеде елеулі өзгерістер болады.
Жасөспірімдік кезеңде сүйек тез өсу жағдайында болады. Жасөспірімдердің қолы мен аяғы ұзын болып келетіні сондықтан. Бел омыртқа да тез ұзарып өседі. 11-15 жас арасындағы оқушыларға жүргізілген тәжірибелік бакылаулар бұл жас шамасында дененің өзгеріске ұшырауы (деформация) бәсеңдемей, керісінше, үлғая түсетіндігін көрсетті. Өсіресе, бойлары тез өсетін балалардың омыртқасы қисайып, мүсіндері бүзылып кетуі мүмкін.
Бұл кезеңде бұлшық ет жүйесі одан әрі дами береді. Бұлшық еттердің массасы мен күші бір-бірімен шамалас өседі. Ал дене мен бұлшық еттің өсуінде айырмашылық болады: бұлшық еттің өсуі дененің жалпы өсуінен кейін қалып қояды. Жасөспірімдік кезеңде балалар тез шаршағыш болып, осы кезеңнің соңына қарай өсу көрсеткіші уақытша баяулайды.
Бұл кезеңде балалар өз күштері мен мүмкіндіктерін асыра бағалайтын жағдайы жиі кездеседі. Бұл үшқары түсінік спортпен шүғылдану кезінде кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал қыз балалар дене жаттығуларын орындаған кезде жасқаншақ болатыны және олар өз күшіне сенбейтіні жиі байқалады.
Оқушылар күнделікті өмірде, сабақта болған, үй тапсырмасын орындаған кездерінде көптеген қимыл-өрекеттер, қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің жоғарыда айтылған жекеле-ген мүшелерінің қалыптасып, жетілуіне өз әсерін тигізеді.
Әдетте организм өз шамасы келетін жаттығу мен дұрыс үйымдастырылған жұмыстарды орындағанда ғана өсіп-жетіледі. Себебі дененің қалыптасуы мен адамның жеке ба-сының қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Демек, денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ой-санасының өсуі мен шыгармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
Дененің жетіліп, мүсіннің дұрыс калыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, калай аяктау керек екендігін білген абзал. Ұйкыдан
оянғаннан кейінгі тіршіліктің алғашкы бастамасы - таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындау. Бұл жаттығуларды канша уакыт ішінде орындап шығуға болатынын кесіп айту қиын. Бір окушы оны 20 минутта орындаса, екіншісі одан аз не көп уақыт жұмсауы мүмкін. Дегенмен, таңертеңгі бой жазу жаттығуларына бөлінетін уакыт 15-20 минуттан кем болмағаны жөн. Мүмкіндік болса, таңертеңгі бой жазу жаттығуларын да-лада еткізген дұрыс. Жаттығу әдетте керіліп-созылудан басталады да, кейін күрделілеу жаттығулар орындалады. Мектептегі сергіту сәттері, үзілісте ойналатын ойындар козғалыс белсенділігін арттырады. Әр сабактан кейінгі үзілісте окушылардың аулаға шыкқысы келетін себебі, дененің биологиялық қажеттіліктерін (таза ауа, қозғалыс белсенділігі) қамтамасыз етуге ұмтылады.
... жалғасыДене тәрбиесімен айналыскан кезде адам жүйке (нерв) жүйесін тынықтырып, дамытуға, кимылдардың дәлдігі мен үйлесімділігін қалыптастыруға, бұлшык еттерді, жүректің және өкпенің жұмысын жетілдіруге ерекше көңіл аударуы керек. Жасөспірімдік кезеңде денеге ауыр және үзақ уақыт күш түсіріп жаттығу зиянды. Шама жететін жаттығуларды ғана орындаған жөн. Себебі, бұл жастағы балалардың сүйектері әлі қатпаған, буындары толық бекімеген жағдайда болады.
Табиғи ортаны жүйелі түрде пайдаланудың денсаулық үшін үлкен маңызы бар. Организмді жаттықтыру (қандай спорт түрі болмасын) ең әуелі таза ауамен дем алудан басталады. Жүгірген, секірген, велосипед тепкен т. б. кездерде адамның бұлшық еттері мен ішкі құрылысының жұмыс істеуі алғашқы калыптағыдан әлдеқайда тездейді. Осы кезде дем алу процесі де артады, организм бастапқы тыныштық жағдайымен салыс-тырғанда ауаны 15-20 есе артық көлемде қажет етеді. Ауаны пайдалану көлемі жайшылықта 67 литр болса, жаттығу орындау кезінде 12-13 литрге дейін өседі. Организм үйрене келе барлық дене мүшелерінің оттегімен тыныс алуы артады. Осылайша, жаттығуларды үнемі орындап отырудың нәтижесінде адамның дем алуы (тыныс алуы) жақсы қалыпқа түседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz