Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер)


Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер)
Науаи Әлішер (Низамеддин Мір Әлішер) (парсыша: علیشیر نوایی) (1441 ақпанның 9, Ғират - 1501 қаңтардың 3, сонда) - Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекет қайраткер.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пәлсапа, математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлави, Хорезми, Сайф Сараи, замандастары Атаи, Саккаки, Лутфи, Жәми шығармашылығымен танысты.
Ол өнер жұмыспен айналысып, «Хамса» тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. Науаи шығармалары 15 ғ. өзінде Мауараннахр мен Хорасанды ғана емес, Иран, Әзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына да тарады. Ақын шығармалары 19 ғ. орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады.
Шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Таңдамалы өлеңдері қазак тілінде екі рет (1948, 1968) кітап болып басылды. Айбектің «Науаи» романы қазақша жарық көрді (1950) .
Науаи өнерін зерттеуге қазақ ғалымдары да үлес қосуда (М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, К. Сейдеханов) . Ұлы шайырдың юбилейі Кеңес Одағы көлемінде аталып өтті (1948, 1968) .
Әлішер Науаи, Әлішер Низамаддин Мир Науаи - түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды. Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 - 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 - 92) арнады. 15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджолис ун-нафоис») кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс болған. Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да (Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, т. б. ) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған.
Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары (1441-1501)
Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Әлішер Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын болды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, фило-софия, математика пәндерінен мағлұмат алды. өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлауи, Хорезми, Саиф сарал, замандастары Атаи, Саккакл, Лутфи, Жәми твор-чествосымен танысты. Оның ағартушылық көзқарас-тарының дамуы Фирдауси мен Низами еңбектерімен танысқан соң пайда бола бастады. 1472 жылдан бастап өз қаржысына мектеп салдырып, 1476 жылдан бастап творчестволық жұмыспен айналысқан. ''Жақсылардың таңдануы'', ''Гауүарлар шоғыры'', ''Құстар тілі'', ''Көңілдерің сүйгені'' атты әдеби-теориялық шығармаларында тәрбие тағылымдары жан-жақты сөз болады. Ал, дидактикалық тұрғыда жазылған ''Ғажайып мәжілістер'', ''Ажал патша-ларының тарихы'' атты еңбектерінде ағартушылық көзқарастары айқындалған. Ол философиялық көзқарас-тарын, ағартушылық, педагогикалық көзқарастарымен ұштастырып, өз халқын отырықшылыққа шақырады, отырықшы халықтың оқу-ағарту ісі дамитынын, мәдениетті елге айналатынын тұжырымдаған. Ол тәрбие мәселелерін өзінің ''Бес қайрат'' - адам, оның ақыл-ой қабілеттері мен тәрбиесі туралы'' деген кітабында жазды. Педагогикалық көзқарасын, философиялық көзқараспен ұштастыра отырып, ол барлық адамдар бірдей тең рухани қабілеттіліктен туады, бізді, жеке тұлғаны, жеке адамды адам ететін тек қана тәрбие деді. Тәрбие өз кезегінде еңбектен туындап еңбек тәрбиесінің негізін салады деп ғылыми тұжырым жасады. Науаи өзі өмір сүрген заман-дағы еңбек пен еңбек тәрбиесінің адам төзгісіз ретсіз-дігін әшкерелей отырып, барлық азаматтарға бірдей болатын таза еңбектің болуын, бірдей болатын тәрбиенің, бір текті міндет мақсатын құру қажеттігін айтты. Мұндай тәрбие мен еңбек деді Науаи бүгінгі қоғамды дұрыс жолға салады, оны жағдайлы етеді, бүкіл халықтың, көпшілік азаматтардың тұрмысын жақсартады. Ол тәрбие-нің халықтығын жақтады. Тәрбиенің тең праволығын көкседі. Әлішер Науаи - ''Тәрбие арқылы ғана азаматтар, барша халық өздерінің жеке басы мен ұлттық қамқор-лығын ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелейді'' - деді.
Әлішер Науаи XV ғасырда жасаған 400 шайырдың творчествосынан мәлімет беретін ''ғажайып мәжіліс-тер'' атты кітабын жазды. Бұл еңбегінде бұл жазушылар мен ақындардың қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және ағартушылық, тәрбиелік озық ойлы, көзқарастары мен ой-пікірлері, нақты суреттелген, кейінгі ұрпаққа өсиет, тағылым ретінде қалдырған. Оның бұл ой-пікірлері, тәрбиелік тағылымдары, бүкіл шығармалары XV ғасыр-дың өзінде Мауаранахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Азербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдерін, кейіннен Еуропа мен Америка елдеріне кеңінен тараған. Ақын творчествосы, еңбектің қоғамдық пайдалы-лығы, тәрбие туралы ой-пікірлері Шығыс танушы ғалым-дарды, ағартушы педагогтардың творчествосынан кең көрініс тапты, өзі жасаған тәрбиенің халықтық теориясына сүйене отырып, Науаи тәрбиенің мақсаты мен міндетін азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Бала тәрбиесінде, тіпті жеке адам тәрбиесінде - жалпы адамға деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деді. Науаи - тәрбие жеке адам-дардың қоғамдық орнын анықтайды деп тұжырым жасады. Оның еңбектерінде еңбек тәрбиесі адамның еңбек үстінде қалыптасуын, айнала қоғамдық жағдай-лардың ықпалымен және адамның табиғатында туысынан дүниеге келумен болатын қасиеттер арқылы қамтамасыз етеді. Ол еңбектің қоғамдық маңызын анықтады. Жеке адам өзі өмір сүрген ортада немесе белгілі бір қоғамда еңбек даярлығынан өтсе, еңбек оның дене жағынан жетілуін қамтамасыз етеді. Ол адам еңбек арқылы өзінің тыныс-тіршілігін, өмірін қамтамасыз етеді, - деді. өзбек жазушысы М. Айбектің ''Науаи романының қазақша аудармасына /1950/ алғы сөз жазған'' Мұхтар Әуезов ''Науаидың ғұламалығы жеке адамға деген мейірбандығы, адамды қоғамдық деңгейге дейін көтерудегі еңбек пен еңбек тәрбиесін, тәрбиенің адамгершілік, ақыл-ой, саяси бағдарламасын қоғам өмірімен байланыстыра білуі'' деген болатын. Сондай-ақ, М. Әуезов ''роман образдары еңбек адамдары, сол орта ғасырда Науаи өз елін еңбек етуге, отырықшылыққа егін егуге, бау-бақшада жұмыс істеуге үйреткен, өзі қолма-қол жұмыс істеген, өзіне сая-бақ құрып алған. Жұртын соған шақырған. Адам өмірі еңбекке негізделуі қажет деген Науаидың үлкен өсиеті деген еді''.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz