ҚР-ның ақшалай-қаржы жүйесінің құрылуы және дамуын талдау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1 АҚШАЛАЙ . ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Қазіргі кездегі қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні ... ... .23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШАЛАЙ.ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша.несие саясатын жүргізуінің экономикалық үрдістерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
2.2 Қазіргі кездегі ақша.несие саясатының жүзеге асырылуын
экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
3 ҚР.НЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ДАМУЫ
3.1. Қаржы жүйесінің қалыптасуы мен даму бағыттары ... ... ... ... ... ...79
3.2 Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ..92
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 102
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 106

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де ақшалай-қаржы жүйесі зор рөл атқарады. Биылғы жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» Жолдауын жария етіп, онда 2007 – 2008 жылдардағы кезеңге арналған басымды міндеттерді айқындап көрсетті. Біз Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарларын табысты іске асырудың тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда екі құрамдас негізінің бар екенін түсінуіміз қажет.
Бірінші құрамдас негізі – бұл халықтың әлеуметтік, экологиялық, энергетикалық қажеттіліктерін қолайлы деңгейде қамтамасыз ету.
Екінші құрамдас негізі – бірінші құрамдас негізді іске асыру үшін қажетті ресурстар қалыптастыру. Мұны біз экономикалық және саяси ресурстарды дамыту, елімізді барынша қамтамасыз етілген елдер деңгейіне көтеру жолымен іске асыра аламыз.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ҚР-ның ақшалай-қаржы жүйесінің құрылуы және дамуын талдау болып табылады.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы (предметі) болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.

1. Сборник инструктивно-нормативных актов Национального банка Республики Казахстан. Алматы, Т. 1. - Т.5.
2. О банках и банковской деятельности. «Закон РК от 31 августа 1995г.
3. Национальной банк Казахстана. Отчет за 2004 г.
4. Кейнс. Дж. М. Общая теория занятости, процента и денег. Москва,
5. Егоров С.Е. Состояние и проблемы развития коммерческих банков.
6. Регулирование и надзор за деятельностью банков // Деньги и кредит,
7. Усоскин В.М. «Денежный мир Милтона Фридмена».Москва, 1989г.
8. Руководство по банковскому надзору: Национальный банк РК, 1995г. Ю.Харрис Л. Теория денег. Москва, 1990г.
9. Ключевые принципы эффективного банковского надзора. Базельский комитет по банковскому надзору. Перевод с англ. Базель. Сентябрь 1997г.
10. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки. Москва: ЮНИТИ, 2000г.
11. Конгресс финансистов Казахстана. Дайджест выступлений.// Рынок ценных бумаг Казахстана, декабрь, 1999г.
12. Фишер И. Покупательная сила денег. Пер. с англ. Москва, 1989г.
13. Маршалл А. Принципы политической экономики. Москва, 1983г.
14. Пигу А. Экономические теории благосостояния. Москва, 1989г.
15. Кучуков Н.К. Макроэкономические аспекты реформирования финансово-кредитной системы РК в условиях перехода к рыночной экономике. Алматы: Пылым. 1994г
16. Сатова Р.К., Сыздыкова Д.Т. Проблемы финансовой устойчивости банка. Павлодар, 1999г.
17. Хейнс П. Экономический образ мшления. Пер. С англ. Москва, 1991г. Общие проблемы формирования капитала банка. // Банковские
18. услуги, 1998г,№6.
19. Долан Э, Дж, Кэмпбелл К.Д. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М-л, 1991г.
20. Марченко Г.А. Развитие банковского сектора в Казахстане.//Деньги и кредит. 2002 г, №5.
21. Пашковский Д.А. Проблемные банки: некоторые аспекты деятельности.// Деньги и кредит, 2000, №10.
22. Сухов М.И. Банковский надзор: общеэкономические аспекты.// Деньги кредит. 2000г, №5.
23. Прокофьев О.К. К вопросу о совершенствовании инструментов банковского надзора. // Деньги и кредит, 1997, №9.
24. Фетисов Г.Г. Устойчивость коммерческого банка и рейтинговые системы ее оценки. Москва. Финансы и статистика, 1999г.
25. Белых Л.П. Устойчивость коммерческих банков. Москва:Юнити,1996.
26. Панава Г.С. Анализ финансового состояния коммерческого банка. Москва: Финансы и статистика, 1996г.
27. Базовые принципы эффективного надзора за банковской деятельностью. Консультационное письмо Базельского комитета. II Банки Казахстана, 1997, №3.
28. Геращенко В.В О денежно-кредитной политике в ходе реструктуризации банковской системы. Деньги и кредит, 2000г, №6.
29. Оценка отечественных методик и показателей надежности коммерческих банков. // Банковские услуги, 1998г, №6.
30. Необходимость определения рейтинга банка в сложившихся условиях. // Банки Казахстана, 1998, №2.
31. Рид. Э, Котлер Р, Гилл Э, Смит Р. Коммерческие банки. Москва: Космополис, 1991г.
32. Симановский А.Ю. К вопросу о целях денежной и кредитной
33. Политики // Деньги и кредит, 1999г. №4.
34. Марченко Г.А. Современное состояние и перспективы развития финансового рынка и банковской системы Казахстана.// Банки, 2000г, №3.
35. Юденков Ю.Н., Туушев А. А. Анализ динамики банковских нормативов на примере среднестатистического коммерческого банка. // Бухгалтерия и банки, 1998, №1.
36. Банковское дело. Под. Ред. Г.С. Сейткасимова. Алматы: Каржы-Каражат, 1998г.
37. Основы банковского дела./ Под ред. Мороза А.Н. — К.: Издательство Либра, 1994. – 330 с.
38. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы медеджмента. - М: Дело, 1992
39. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. М. «Дело» 1995
40. Шарова Т. Управление валютными рисқами, Киев, 1994 г.
41. Усоскин В.М., Современный коммерческий банк. Москва, ИПЦ “Вазар-Ферро” 1994 г
42. Полфреман Дэвид, Филипп Форд. Основы банковского дела. – М.: РоСТо, 2002.
43. Рид Э., Коттер Р., Смит Р. Коммерческие банки. - М.: Космополис, 1991.-480с.
44. Гратовый П.Г., Петрова С.Н., Б.Б. Хрусталь, Риски в современном бизнесе. М., 1994
45. Банковское дело./ Под ред.Лаврушина О.И. — М.: РоСТо, 1992.
46. Барановский А. Кредитная деятельность отечественных банков.//Казахстан BUSINESS. – 2003, -- №23-24, с.10.
47. ҚР Президентінің 31.08.1998ж. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Жарлығы, 71, 72, 73, 74 және т.б. баптары.
48. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005ж.
49. «Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресі». Алматы, 2004.
50. Банковская система Казахстана. 2006. /Финансы и кредиты. 2006 №2, 12с.
51. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. Шығ. 23т. 188б.
52. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. –М., Банки и биржи: ЮНИТИ, 1998.
53. Льюис К.Ф. Методы прогнозирования экономических показателей. –М., Финансы и статистика, 1993.
54. Лаврушин О.И. Банковские операции. –М., Инфро, 1998.
55. Баян Көшенова. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары: Алматы, «Экономика». 2000ж.
56. Мақыш Серік Биханұлы. Ақша айналысы және несие: Алматы, 2004ж.
57. Қазақстан және оның өңірлері. №1. 2006. Алматы, 2006.
58. Статистикалық баспасөз – бюллетень №2. Алматы, 2007-05-23
59. .Қазақстан – цифрларда. 2006 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2006ж.
60. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы, «Экономика», 2005. -4/6 бет.
61. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2003. -432 бет.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1 АҚШАЛАЙ - ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен
қажеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Қазіргі кездегі қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні ... ... .23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
АҚШАЛАЙ-ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын
жүргізуінің экономикалық үрдістерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...46
2.2 Қазіргі кездегі ақша-несие саясатының жүзеге асырылуын
экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .64
3 ҚР-НЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ДАМУЫ
3.1. Қаржы жүйесінің қалыптасуы мен даму
бағыттары ... ... ... ... ... ...79
3.2 Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ..92
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 02
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 106
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде де ақшалай-қаржы жүйесі зор рөл атқарады. Биылғы жылдың 28
ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан халқына кезекті Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан Жолдауын жария
етіп, онда 2007 – 2008 жылдардағы кезеңге арналған басымды міндеттерді
айқындап көрсетті. Біз Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарларын табысты
іске асырудың тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда екі құрамдас негізінің бар
екенін түсінуіміз қажет.
Бірінші құрамдас негізі – бұл халықтың әлеуметтік, экологиялық,
энергетикалық қажеттіліктерін қолайлы деңгейде қамтамасыз ету.
Екінші құрамдас негізі – бірінші құрамдас негізді іске асыру үшін қажетті
ресурстар қалыптастыру. Мұны біз экономикалық және саяси ресурстарды
дамыту, елімізді барынша қамтамасыз етілген елдер деңгейіне көтеру жолымен
іске асыра аламыз.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты
жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін
түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың,
Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын
неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің
маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ҚР-ның ақшалай-қаржы жүйесінің құрылуы
және дамуын талдау болып табылады.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды,
табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің
мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы
ғылымның мән-мағынасы (предметі) болып табылады. Қаржы ресурстары мен
мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы
қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі
мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес
сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның
субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі - материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын
олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара
байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы
буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы.
Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер,
трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ
қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне
байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары,
әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің
маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы - бұл мемлекеттіх өзіне міндетті қызмегін атқаруы үшін
қажетті (халық шаруашылыгын басқару, қорғаныс, заңдылықты және хұқтық
төртіпті қорғау жәнс т. б.), ақша қорларының жүйесі.
- Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары - бұл кәсіпорынның өндіріс пен
ұдайы өндіріс процссін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен
аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы - бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және
басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары.
Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл-аухатын жоғарылату мақсатына
жұмсайды. Соңғы екі күйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар
жиналады. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар
көлемді инвсстиция, субсидия және дотадия түрінде халық царуашылыгына қайта
оралып келеді. Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші
роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы кағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан
құралады, Оны жасаудағы басты мақсат уақытша бос ақша қаражаттарын
мемлекеттің, кәсіпорындардың және ационерлік қоғамдардың мұқтаждарына
жұмылдырып жұмсаулына табылады. Әкімшілік - әміршілік басқару жүйесі
жағдайы қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, мнистрліктердің қаржы
жоспарлары, банктердің несие жоспары және т. б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыруы және
шаруашылықты жүргізудің жаңа нысандарына өту жагдайы да қаржы ресурстарының
әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қатар, қаржы
ресурстарын министрліктер арқылы салааралық бөлу біршама қысқарды. Бұның
өзі кәсіпорындар; қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну жөне оларды
арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.
Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принцп ақпаратты ағымы бар
күрделі экономикалық қатынастар сал Сондықтан қаржы нарығын құру үшің
бағалы қағаздарды эмицялау, қаржы инфрақұрылымын құру жөне ақпаратпен
қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мөселелерді зерттеу қажеттілігі болды.
Өтпелі кезенде қаржы нарығгының дамуы қаржы н жүйесін қайта құру
проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтық экономикаға
тән қаржы қатынастарының екі типі - бюджет және нарықтық бір-бірімен тығыз
байланыста болады. Мелкеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер, сондай-
ақ бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс ; азаматтардың
табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады оны мемлекеттің мақсатына сәйкес
қайтарылымсыз қаражатымен бөлу арқылы пайдаланылады.
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықтық пайда мен толықтырылуы
қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді және оны
пайдаланудың бағасы заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным негізінде орнығды.
Каржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және адамдар қорлары
арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығының қосымша қаржы көздерін
тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз кәсіпорындардың шын
мәніндегі өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Каржы нарығы жоқ жағдайда ақша ресурстарын бюджеттік кәсіппен пайдалану
басым болады. Ондай әдіс біздін осы уақытқа дейін жүргізген шаруашылық
механизміне тән болды. Ақша ресурстары мемлекеттің қолында шоғырланды және
мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі қайта бөлінді. Несие
жйесінде тек мсмлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал олардың кызметтерінде
кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары жоне несие ресурстары,
оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей тек жоспар бойынша ғана бөлінді.
Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс жасайтын рентабельділігі
(табыстылық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды, жалпы ұқыпсыздық
жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді. 1965 жылы
басталған шаруашылық рсформалардың нәтижесінде косіпорындардың қаржы
ресурстары едәуір өсті, бірақ оларды пайдалану қатаң бақылауда болды.
Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорындар мен адамдар, кәсіпорындар мен
банкілер арасында қайта бөлуге тиым салынды. Кәсіпорындардың қаржылары
олардың банкідегі есеп шоттарында процентсіз сақталды.
Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндеттері, яғни
бағалы қағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және кәсіпкерлік
негізге көшіру, сондай-ақ қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту қажеттігі
тұр.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен
қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып
көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі
болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына
көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға
қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының кірістері туралы) алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 ж.ж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
Афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мекшекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-
сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметгердің нәтижелерімен, әр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір
ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы)
жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен
жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игілікгер, қызметтердің өндірілген
массасы – қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның
ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай
нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын
тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті
ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда
болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар
қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық
өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша,
баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға
жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру;
мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу
және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп
айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс
болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша
нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау,
ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті
мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен
міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады.
Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес
өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре
бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы -
жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық
тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол
өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта
болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа
иеленушілерге етуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен
(бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн
(ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің
шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның
ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда
құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы
тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін
дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын,
яғни сатып алу 4 сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ.
Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін
өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа
экономикалық категорияның механизмі – баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі
– ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтерге - с, v, және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс
құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v)
төленеді және қосымша өнім (m) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы
мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып
табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды,
қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің
бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын
құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын
өнімді с, v және m-ге сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері
қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары
жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу
және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге
асырылады.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір
бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар
мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі
өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке
бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса
көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп,
ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде
қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады.
Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық
өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі
деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге
асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда да - өндіріс құралдары мен
тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ ақша нысанында да -
еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы
арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық
категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені
бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында,
өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер,
қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни
қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша
ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен
байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша
нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады.
Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың - бағаның,
еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша
қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың
барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының
негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен
(салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды
қаржыландыру, субвенцияларжәне т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады.
Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкі шаруашылықтық мақсатты
оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны
ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік
береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде -
бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын
иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржы қатынастарының
ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп
отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны, міндетті сипаты, біржақты
тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория
ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша
тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және
мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен
бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық
өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу
процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда
болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін
қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы
ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр
түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе
күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық
жүргізу сферасыңда үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді
қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттілігіне
бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша
қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы - табыстар мен
ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып
отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық
қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында
жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне
жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздік функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары –
мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және
жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді.
Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық
өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер
қанағаттандырылады.
1 сызба. Қаржы қажеттілігінің факторлары
Қаржының қажеттілігі
Ө Қоғамдық дамудың қажеттіліктері Р
Н Е
Д Т
І Т
Р Е
І У
С
Әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктер
Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге
болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына
көідуі сатып алу-сатудың нақты объектісі — ақшаның рөлін арттыруды шұғыл
қажет етеді.
Ақшаны сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының жэне сан
алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айпалымдарына қызмет ететін нарық
шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы
экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге
қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап
тұрған мәселелердің бірі — теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан
қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта
болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта
нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның
ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің коммерциялық
банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат
кө-лемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды.
Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер
етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәні мен мазмүнын түсініп
жалпы айтсақ, валюта нарьпъін қаржы нарығының құрама бөлігі ре-тінде
қарастыруға болады, бірақ бұл тарауда жалпы макроэкономикалық деңгейден
қарастырып отырғандығымыздан қаржы нарығына жалпы шолу жасап, валюта
нарығын тереңірек зерттемекпіз, нарықтардың макроэкономикалық принцигтгер
бойынша құрылымын анықтамақпыз.
Қаржы нарығы — құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық
қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық
қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие,
валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен
байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен
Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның
нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің
өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты
және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқаптысы өз алдына қызмет
жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының
нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта
нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде
қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.
Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы
болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес
төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі
банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де
жатады.
Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе
куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те
атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің
қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы — кәсіпорындардың, банктердің,
мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап,
қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының
шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:
Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген
түрлері мен арналуы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;
Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бүған қолма-қол және
қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие
ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын
Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, ком-мерциялық
банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар
жүргізуі арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
1) Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің
барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық
өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым
кең дербестік беру;
2) Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік
күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасында
қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
3) Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай
табыстарының өсуі;
Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару;
республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар
шығару арқылы жабылады.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу
есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды.
Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс
барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке
байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық
шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен
салаларға аудару арқылы жақсартады.
Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін
үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, қүнды қағаздар шығарады,
олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен
айқындалады.
Экономикалық реформа үрдісі бары^інда қор нарығының қалыптасып, жүмыс
істеуі экономика дағдарысынан жөне онымен қабаттасқан инфляциядан болған
қиындықтарға кезігуде.
Нарық тиімдалігінің принципі. Қаржы нарығына тартылған үлкен көлемдегі
қолма-қол қаражат пен техникалық құрылымдары осы нарықтан белгілі бір
"тиімділікті" талап етеді. Нарық тиімділігін жүзеге асыру үшін екі шарт
орындалуы керек: біріншіден, нарық болашағы туралы ақылы және ақысыз
ақпараттарды дұрыс тавдап талдау өткізіп отыру керек.
Егер нарық тиімді болса, онда нарықтан тыс ақпараттарды жинау өз
мағынасын жоғалтады. Егер бүгін акцияларға баға төмендеп жатса, бізге анық
себебін іздеу қажет емес, нарық керек ақпаратты алып, қажетті қорытынды
жасайды. Біз оның бағалағанымен келісеміз.
Нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер күдіксіз, нақты, бүкіл дүниенің
қаржы нарықтары үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттарды қабылдай отырып,
тиімді жерде жедел әрекет жасайды.
Кестеде үш қор биржасындағы 2004 ж. шілде - 2005 ж. қаңтар айлары
аралығындағы орташа индекс бағасы келтірілген. 1 кесте
Тамыз айының басында Кувейтке шабуыл жасалуы және сонымен байланысты
оқиғалар бүкіл индекстердің динамикасын қалыптастырып, оған қоса қарсы
реакция мен жоғарылату трендін құрды. Осы ақпараттарды нарық экономикалық
әрекет пен валюта бағамы тұрғысынан бағалап отырады. Мұндай дерек, нарық
тиімділігі тек қана ақпарат жинауына ғана емес, сонымен бірге ол ақпаратты
дұрыс талдауына байланысты. Кейбір жұмыстарда, нарық тиімділігінен ста-
тистикалық ауытқулар көрсетілген. Мысалы, егер бүгін кейбір активтердің
бағасы түссе, біраз уақыттан кейін олар бұрынғы деңгейіне жетуі мүмкін.
Сондықтан нарық осыған тым қатты көңіл бөліп, тиімділігін жоғарылауы
мүмкін. Қалай? Осы активтерді бүгін сатып алсақ, ертең олар пайда әкеледі
деген оймен бүкіл арзан активтерді сатып ала бастайды да, қайта бұрынғы
деңгейіне көтереді. Бірақ дүниежүзілік тәжірибе осындай жағдайлардың
аздығын көрсетеді. Неліктен? Жауап тәуекелділікті қабылдауында жатыр.
Неліктен және қай жағдайларда нарық тиімділігінің анық ауытқулары пайда
болады?
Осы нәтиженің түсіндірмесін нарықтың иррационалдығына жатқыза аламыз.
Бірақ бұдан басқа себептер де бар. Олардың біреуі — ол нарықта тәжірибелі
саудагерлермен қатар тәжірибесіз жанкүйерлердің жұмыс істеуі. Келесі себеп
— оңтайлы алыпсатарлық көпіршіктердің болуы.
Саудагерлердің барлығы оңтайлы болуы керек емес. Олардың кейбіреулерінің
ғана активтердің нақты бағасы туралы нақты ақпараттары бар, ал қалғандары
тек қана айқайшулы саудагерлер. Осы айқайшулы саудагерлер дұрыс хабардар
болмағандықтан, немесе иррационалдық болғандықтарынан өздерін осылай
ұстайды. Нәтижесінде олар басқа хабардар бәсекелестерінен жеңіліп қалады.
Шулы саудагерлер нарықта бірін-бірі алмастырып, біреулері келіп, екіншілері
ұтылып қалып кетіп жатады. Кәсіпқойлардың тиімді және оңтайлы мінез-
құлықтарына қарамастан, акция бағалары өзінің түбегейлі мәпінен ұзақ
уақытқа ауытқуы мүмкін.
1.2 Қазіргі кездегі қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
- қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша
қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді
шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы
төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс
тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
- қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының)
бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен
құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі
белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет
қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай
берілуін бақылайды;
- кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу
арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің
мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл
түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету
үшін) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің бөлу стадиясының құралы бола отырып,
ұдайы өндірістің барлық стадияларына ықпал ете алады. Ықпал етудің
объективті алғышарттары екі мән-жаймен байланысты:
1. Қаржы қоғамдық өндірістің барлық стадияларына (өндіру, бөлу,
айырбастау, тұтыну) ықпал етеді.
2. Қаржының экономикалық процестерінің катализаторы болуға әлуеттік
ерекшелігі бар (бұл бөлгіштік функциядан туындайды). Бөлу ұдайы өндірісте
айқындаушы сфера болып табылатын материалдық өндіріс сферасында басталады,
өйткені ол өндірістің сипаты мен ауқымына әсер етеді.
Қаржы ұдайы өндіріс процесіне екі түрлі ықпал жасайды:
а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің үйлесімдерімен сипатталады;
ә) сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің
материалдық мүдделеріне ықпалымен сипатталады.
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы
өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс
тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
- қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың,
фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
- кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы
кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
- қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің
ара салмағын қамтамасыз етеді;
- қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу
тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
- қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және
шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын
қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және
әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара
теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық
ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі
қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай
жасайды.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының
рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен
қамтамасыз ету тұрғысынан;
2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану
тұрғысынан;
3) қаржының әлеуметтік - экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде
пайдалану тұрғысынан.
Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын
қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың
жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек
мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл
жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл
қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-
әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек
бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырды.
Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының
мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей
отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге
сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын
ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
2 сызба. Қаржы қорларының сыныптамасы
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер
бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің
рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде
көрінеді.
3 сызба. Қаржы жүйесінің функциялық белгісі (критерийі) бойынша құрылымы
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші
бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация,
айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын
кіріктіреді. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде
орталықтандырылған (2 сызбаны қараңыз), бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну
қоры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады
(амортизациялық аударымдар).
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы
жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы
бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы
қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің
функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын
жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық
қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржылық жоспарлаудың (болжаудың), қаржылық бақылаудың және
басқа қосалқы жүйелері (3 сызбаны қараңыз).
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы
субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша
сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша:
мемлекетгің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына,
халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына шектеуге мүмкіндік береді (4 сызбаны
қараңыз).
Буындардың сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғары элементтері
болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудің
мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес.
Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы
орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы
оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл – бірінші кезекте мемлекеттік
бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір
бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық
субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және
мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға
жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне
мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік
кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды,
қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған
елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен
пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті
бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі
ңегізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін тартылатын қаржы рссурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың
айрықшалықты нысаны.
Қалыптасу көздері:
а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;
ә) бюджеттен берілетін субсидиялар;
б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
в) ерікті жарналар және қайырмалдықтар.
4 сызба. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің сызбасы
Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды
және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды
кепілдендіреді; олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік
органдары иек артатын қаржы резерві рөлін орындайды.
Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша
бос ақша қаражаттарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz