Компьютерлік желілер және онда графикалық ақпараттарды тасымалдау



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1

I.тарау. Компьютерлік желілер және онда графикалық ақпараттарды тасымалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Желілер және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.2. Желілік техникалық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Клиент.сервер технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4. Желілердің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

II.тарау.Macromedia flash технологиясы және оларды желі арқылы тарату мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.1. Macromedia Flash жүйесімен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2. Macromedia Flash MX технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3. Macromedia Flash MX командалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.4. Macromedia Flash .тің принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.5. Flash’те анимациялар құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.6. Дыбыс біріктіру мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.7. Macromedia Flash . фильм жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
2.8. Flash фильмдерін пайдалану тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
КІРІСПЕ
Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі қазіргі уақытта индустриалдықтан информациялық қоғамға, неосферадан инфосфераға өтуі болып отыр. Жаппай компьютерлендіру жаңа информациялық технологияларды оқыту саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасайды. 70 жылдардың басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен техникалық жаңалық ашылды, үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80 жылдардың ортасында жергілікті және ауқымды желілер дами бастады. Компьютерлік желілерде Web-сайттарды құруда көптеген дизайндар жасалады соның ішінде дыбыстар, анимациялар, видео роликтер кірістіріледі.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп қолданысқа ие Macromedia Flash программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Macromedia Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Macromedia Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану есебінде;
2. Интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
4. Көпсалалығы – Macromedia Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
5. Қолайлылық – Macromedia Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Осы мақсатымызға жету үшін, бізге Macromedia Flash технологиясын білу өте маңызды рөль атқарады.

Жұмыстың мақсаты: Macromedia Flash технологиясын желі арқылы оқыту мүмкіндіктерін меңгеру.
Зерттеу нысаны: Macromedia Flash технологиясын оқытатын электрондық оқулық жасалынды.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, 2-тарау, қорытынды және қолданылған әдибеттер тізімінен тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Г. Ә. Жапарова - Информатика негіздерін оқу құралдары. Алматы экономика 2006 ж.
2. М. Қ. Байжұманов , Л. Қ. Жапсарбаева- Информатика. Астана 2004 ж.
3. Е. Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев - Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы 2001 ж.
4. Б. Г. Жадаев. 100% Самоучитель Macromedia Flash MX. “Технолоджи – 3000”. Москва, 2004 г.
5. Д. Л. Розенкноп Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004.
6. М. В. Бурлаков МастерМедиа Macromedia Flash MX 2004 Сборка видеоклипов. Москва
7. Д. Л. Розенкноп Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004.
8. Н. И. Крупиянов Рисуем на компьютере. Word, Photoshop, CorelDRAW, Flash. Москва, 2000.
9. Б.Г. Жадаева. «Анимация для Web-страниц » Издательство Триумф. Москва, 2006г
10.О. Камардинов «Информатика» Алматы 2000 г
11.Т. Панкратов «Flash MX учебный курс» Москва – Харьков – Минск 2003ж
12.Роберт Рейнхадт, Джой Лотт «Macromedia Flash MX» Санкт-Петербург, Москва, Киев 2003ж.
13.Т. Понкратов «Flash 5» Санкт-Петербург 2002ж
14.В.Т Черкаский «Эффективная анимация во Flash»
15.А.Н. Божко «Flash MX технология работы»
16.Б. Сандерс. Эффективная работа Flash5.“ПИТЕР”.Санкт-Петербург, 2002г
17.Е.Т. Вовк «уроки по Flash»
18. . WWW.Mail.ru

19.WWW.Google.kz
20. Компьютерные системы и сети. / Поз ред. В. П. Косарева и Л. В, Еремика - М. Финансы и статистика, 1999. - 464 с.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1

I-тарау. Компьютерлік желілер және онда графикалық ақпараттарды
тасымалдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Желілер және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 3
2. Желілік техникалық
құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
0
3. Клиент-сервер
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .13
4. Желілердің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...17

II-тарау.Macromedia flash технологиясы және оларды желі арқылы тарату
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22
2.1. Macromedia Flash жүйесімен
танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..22
2.2. Macromedia Flash MX
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.23
2.3. Macromedia Flash MX
командалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.4. Macromedia Flash –тің
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 32
2.5. Flash’те анимациялар
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 34

2.6. Дыбыс біріктіру
мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..40
2.7. Macromedia Flash – фильм
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.8. Flash фильмдерін пайдалану тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .52
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

КІРІСПЕ
Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі қазіргі
уақытта индустриалдықтан информациялық қоғамға, неосферадан инфосфераға
өтуі болып отыр. Жаппай компьютерлендіру жаңа информациялық технологияларды
оқыту саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік
өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасайды. 70 жылдардың
басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен техникалық жаңалық
ашылды, үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80 жылдардың ортасында
жергілікті және ауқымды желілер дами бастады. Компьютерлік желілерде Web-
сайттарды құруда көптеген дизайндар жасалады соның ішінде дыбыстар,
анимациялар, видео роликтер кірістіріледі.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты
компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі
компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан
жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп қолданысқа ие Macromedia Flash
программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда көп қолданады.
Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash
технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына
программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен
мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Macromedia Flash-
технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады.
Macromedia Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы
программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы
пайдалану есебінде;
2. Интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей
басқара алады;
3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың
стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
4. Көпсалалығы – Macromedia Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты
арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы
мүмкін;
5. Қолайлылық – Macromedia Flash технологиясының негізі, компьютермен
жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті.
Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі
Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Осы мақсатымызға жету үшін, бізге Macromedia Flash технологиясын білу
өте маңызды рөль атқарады.

Жұмыстың мақсаты: Macromedia Flash технологиясын желі арқылы оқыту
мүмкіндіктерін меңгеру.
Зерттеу нысаны: Macromedia Flash технологиясын оқытатын электрондық оқулық
жасалынды.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, 2-тарау, қорытынды және қолданылған әдибеттер
тізімінен тұрады.

I-тарау. Компьютерлік желілер және онда графикалық ақпараттарды тасымалдау

1.1. Желілер және оның түрлері

Компьютерлік желі – байланыс сызығы арқылы ақпарат алмасушы бір немесе
бірнеше компьютерлер жиынтығы. Компьютерлік желі ақпаратты бір компьютерден
екінші компьютерге өткізуге, сонымен қатар төмендегі ресурстарды:
принтерлер, модемдер және хабарларды сақтау құрылғыларын пайдалануға
мүмкіндік береді. Үлкен желіні – ресурстарға мүмкіндік ашу деңгейін, пароль
қою мүмкіндігін, пайдаланушы құқығын беретін желілік администратор
басқарады.
Желілер:
●Локальды (аймақтық) желі – бір-біріне жақын орналасқан компьютерлерді
басқарады. Мысалы, бір ғимаратта орналасқан көрші бөлмедегі компьютерлер.
●Глобальды (ауқымды) желілер – глобальды желілер ережеге сай бірнеше
локальды желілерді біріктіреді. Компьютерлер әр түрлі қалаларда және әр
түрлі елдерде болуы мүмкін.

1-сурет.Желілер түрлері.
Жергілікті желі (LАN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан
ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен
байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WАN) географиялық тұрғыдан
алатын бір-бірінен қашықта орналасқан бірақ бір компанияға немесе фирмаға,
мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды
желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын
желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы
программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ
пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе
желі түйіні деп аталады.

2-сурет. Жергілікті желілер.
Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам
қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап
өтуге болады:
- құжаттарды бірге пайдалану;
- құжат айналымын жеңілдету;
тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды
оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс
нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
- сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;
- қымбат тұратын қорларды
принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ
пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік
процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету,
т.б.
Аймактық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық
жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында
атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі
арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated
Services Digital Netwoek) көрсете алатын байланыстық телефон арналары
қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді
файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Модем- бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс
тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрлығы.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен
мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген сөз осы құрылғының
қызметіне байланысты шыққан, ол "модулятор демодулятор" сөздерінің қысқаша
түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон
арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал
екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер
тауып, онымен Интернет-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы
тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз
компьютерін өз телефон консолі арқылы Интернет- ке қоса алатын қашықтағы
телефон нөмірін алады.
Модем немесе алыста орналасқан север көмегімен жүзеге асатын аймақтық
тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып,
сыртқы коммуникация технологияларынын төмендегідей мүмкіндіктерін
пайдалануға болады:
- электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;
- Интернетпен байланысу.

3-сурет. Модемдер арқылы байланыс жасауы.
Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-
бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл
байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып
(шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күнен күнге өте елеулі рөл
атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта
қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың
немесе зертеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күнен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен
фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен
олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері
рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер
және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан
кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты
қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Қашықтан оқыту- оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен оқып үйрену,
оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз
болған жағдайд оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін
қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.
Қазақстанда ҚО жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді: ЖОО
студенттері; орта мектептер оқушылары(әсіресе ауылдық жерлерде, шағын
қалалар мен ауылдарда); турлі деңгей басқарушылары; аймақтық басқару
органдары жетекшілері; жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар; қандай
да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар; қозғалыс
еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т.б.
Қашықтан оқыту негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялары;
●оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға өз
бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс-технологиялар;
● эфирлік, кабелді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға
негізделген ТВ- технологиялар;
● студенттерді оқу-әдістемелік материалмен қамтамасыз ету үшін де,
оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де
Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар;
Internet арқылы қашықтан оқыту жүйесін Internet желісіне қатынай алатын
кез келген адам пайдалана алады.
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол),
интерфейс, желілік-программалық және техникалық құралдар тәрізді
сипаттамалармен көрсетіледі.
Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-
бірімен байланысу құрылымын анықтайды.
Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық кұралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып,
әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен
үйлестіру құралдары.
Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен
қатынас жасау ережелері. Функиональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар
және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және
программалық интерфейстер қарастырылады.
Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы
мүмкін.
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы
жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен
магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау
процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс
станциясы қабылдайды.

4-сурет. Шиналық топология.

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін -
желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады
. Бұл топологияның артықшылығы - кез-келген бір жұмыс станциясының істен
шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

5-сурет. Жұлдыз тәрізді топология.
Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина
бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын
аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады.
Бұл топологияның кемшілігі -кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы
жалпы байланысты бұзады.
Компьютерлерді желіге біріктіру технологиясының стандарты бекітілді.
Ол стандарттар: EtherNet, Arcnet, Token Ring. Олардың қарқынды дамуына
дербес компьютерлердің дамуы тікелей әсер етті. Бұл құрылғылар бір жағынан
программалық жабдықтармен жұмыс істеуде қуатты, екінші жағынан күрделі
есептерді шығаруға, сонымен қатарперифериялық құрылғыларды және дискілерді
қолдану үшін қуаттылықты біріктіру қажеттілігін туғызады. Бүгін де
есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер
арасындағы алшақтық кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем
түспейтін, жоғары жылдамдықтағы, аумақтық байланыс араларының пайды болуына
байланысты барынша азаюда.
Ауқымды желілер ресурс қызметінде локальді желілер қызметіне сәйкес
ыңғайлы болуда. Сонымен есептеуіш желілер компьютерлік технологиялар
эволюциясының дамуынан шыққан.
Есептеуіш желілер – бұл байланыс желілермен біріктірілген
компьютерлер жиыны. Байланыс желілері кабельдерден, желі адаптерлерінен
және коммуникациялық құрылғылардан тұрады. Барлық желі құрылғылары жүйенің
және қолданбалы программалық жабдықтардың басқаруымен жұмыс істейді.
Желінің негізгі мақсаты желі қолданушысына компьютердің барлық
ресурстарын бірігіп қолдану мүмкіндігін беру.
Кез келген компьютерлік желінің негізгі қызметі: желіге қосылған
қолданушыға ақпараттық және есептеуіш ресурстарын қолдану қызметін ұсыну.

1.2. Желілік техникалық құралдар
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына
байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөлітерден
тұрады:
Аппараттық құралдар:
- кабельдер;

- серверлер;
-желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card);
- концентраторлар;
- коммутаторлар;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);
- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру
серверлері;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;
Серверлер. Клиентсервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге
қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы
программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес
компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе
(NOS, Network Operating System) орнатылып, ол шеткері қүрылғыларды
(принтерлер тәрізді) да басқар алады.
Желілік интерфейс тақшалары (NOS, Network Operating System) үстелге
қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады.
Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет.
Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес
компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар
мәліметтерді тасымалдау жылдамдығынын өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне
байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет
алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген сөз осы құрылғының қызметіне
байланысты шыққан, ол "модулятор демодулятор" сөздерінің қысқаша түрі.
Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары
арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем
қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Желілік программалық құралдар. Жергілікті және аймақтық тармақталған
желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:
-желілік операциялық жүйеден,
- желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.
Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating System) - желіге
қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық кұрал. Ол
желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады.
Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары
бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік
қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы
Windows 95, Windows NT, UNIХ, Масintosh немесе ОS2 жүйелерімен жұмыс
істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді
жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан
ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға
жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік
операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері
барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ
пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу
приоритетің (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады.
Бұған қоса операциялық жүйе графикті реттеу ролін атқарып, каталогтармен
жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін
жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік
операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan VINES
тәрізділер жатады.
Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және
ондағы мәліметтерді сақтау істерінде манызды рол атқарады. Ол желіні
тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын,
желіні жеке иеленудің (TCO, Notal Cost og Ownership) жалпы құнын
төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.
Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web
қызметі арқылы графиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті
шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған
қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады
және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі
құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON
және RMON 2 сияқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға
желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді
дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі
администраторы туындайтын қиындықтардың алдын алып отырады.
Программалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ
өзгерулерден сақтайды. Желі адмистраторлары басқаруға арналған жұмыс
станциясы арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды
пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып
тіркеп отырады.

1.3. Клиент-сервер технологиясы

Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау
сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан.
Берілгендерді өңдеу процесі клиент серверге күрделі процестердің
орындалуына, файлды оқуға, берілгендер базасынан информация іздеуге және
т.б сұраныс жібере алады. Сұраныс орындалып, нәтижесін сервер клиентке
жөнелтеді. Клиент алынған берілгендерді өңдеп, нәтижені қолданушыға ыңғайлы
түрде береді. Осындай байланысқан жүйе клиент сервер деп аталады.
Жергілікті желі аймағында да компьютердерді тікелей байланыстыру кезіндегі
сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-
бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер (сервер) өз
құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай
жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып
екіге бөлінеді.
Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір
жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның
ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін
барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін боліп береді.
Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді
біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы,
олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Егер компьютерлер саны аз болып, олардын негізгі функциясы бір-бірімен
мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі
желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98
операциялық жүйесінін басқаруымен жұмыс істей береді.
Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс
станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір денгейдегі
желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Осыған
орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп
көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.
Бір дейгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі - олардың жұмыс
өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп,
жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін
атқаруына байланысты болып отыр.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған
- оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде
клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп
түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік
сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу
жұмыстарынын негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл
серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы
сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы
да жоғары дейгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларынын
функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу
жатады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау,
басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты
шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және
өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден,
немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиісті емес.
Сервердің файл сервер түрі жиі қолданыста. Өйткені онда желіні қолданудың
барлығынан түскен мәліметтер сақталады.
Сондай-ақ осы берілгендерге доступ қатамассыз етеді. Бұл компьютер
үлкен жылдамдықты оперативті жадпен, қатты дискілермен, қосымша
дискіжинағыштармен қамтылған болуы шарт. Файл сервер арнайы операциялық
жүйелермен жұмыс жасайды. Ол операциялық жүйе бір мезгілде қолдануға доступ
ашуы керек. Файл сервер файылдары:
1) берілгендерді сақтау;
2) архивтеу;
3) жөнелту;
4) әртүрлі қолданыстағы берілгендерді өзгертуді синхрондау;
Кейде файл сервер жеткіліксіз болсағ онда желіге бірнеше серверлерді
қосуға болады. Әдетте орталықтандырылған ЭЕМ хост машина деп аталады.
Берілгендерді өзгертуді орталықтандыр жүйелерінде қолданылады.
Жалпы файлдық сереверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады.
Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында
жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да,
керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай
желі жұмысы - көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны біріге отырып
пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте
бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Баспа сервері (принтер-сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет
тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мүндай желілік
баспа қүрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс
жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс
станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады.
Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер
пайдаланылады.
Желілік басып шығарғыш - бұл жекелеген пайдаланушылар ортақ қатынаса
алатын басып шығарғыш. Басқа пайдаланушылар сіздің басып шығарғышыңызға
қатынауын ашу үшін мына әрекеттер орындалады:
1. Бастау - Басып шығарғыш пен факстар әмірін орындаңыз, Сіздің
компьютеріңізге қосылған таңбашалары бар барлық басып шығарғыштармен
факстарды сұқбат терезесі ашылады.
2. Сіз қатынас құруды қалаған сол басып шығарғыштың таңбашасын табыңыз
да, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіңіз және ашылған мәзірден Ортақ
қатынас құру мәзірін таңдаңыз.
3. Ашылған терезеде қатынас құру қосымшасына өтіңіз де, ауыстырып
қосқышты берілген компьютерге ортақ қатынас құру жағдайларына орнатыңыз.
Белсенді етілген мәтіндік мәтіндік өрісте желіні пайдаланушылардың бәрі
көре алатын берілген басып шығарғыштын атауын енгізе аласыз.
4. Жарайды батырмасын басамыз.

6-сурет. Жергілікті желіде принтерді пайдалану

Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған
жағдайда, пошталық серверлер пайдаланылады. Олар электрондық пошта
мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас кұру
үшін Web-серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Клиент сервер архитектурасы бір рангілі локальді есептеу желісін де,
ерекшеленген серверлі желіні де қолдана алады.

1.4. Желілердің ерекшеліктері

Бір рангілі желі – біркелкі басқару орталығы жоқ желі және біркелкі
берілгендерді сақтау құрылғылары жоқ желі.
Мұндай желілер желілік операциялық жүйе барлық жұмыс станциясына
орнатылады. Басқаша айтқанда желінің әртүрлі станциясы клиент жұмысын да,
сервер жұмысын да орындай береді. Ол басқа жұмыс станцияларының сұранысын
қанағаттандырып, оларға өзінің сұранысында жібере алады. Желі қолданысына
басқа станцияға қосылған құрылғылар, дискілер, принтерлер ашық мүмкіндік
береді.
Бір рангілі желінің ерекшіліктері: бағасы төмен, мықтылығы жоғары.
Кемшілігі: желінің жұмысының тиімділігі станциялар санына тәуелді.
Желіні басқарудың қиындылығы: информацияны қорғаудың қамтамассыз етудің
қиындылығы, станцияның программалық жабдықтарын жаңалау, өзгерту.
Ерекшеленген серверлі желі жиі қолданыста, мұнда сервер мүмкінділігі
барынша кеңейтіліп қойылады. Сервистік функциялармен қамтылады, желі
серверіне желілік операциялық жүйе орнатылып, оған бірнеше сыртқы
құрылғылар қосылады. Мұндай желінің жұмысын ұйымдастыру үшін “жұлдыз”
топологиясы қолданылады.

Сервер
Ерекшеліктері:
- информацияны қорғау жүйесінің мықтылығы;
- жылдамдықтың жоғарылығы;
- жұмыс станциясының санына шектеу қойылмауы;
- басқарудың қарапайымдылығы;
Кемшілігі:
- бір компьютерді сервер түрінде ерекшелеуге байланысты бағасының
қымбаттауы;
- Желі мықтылығы серверге тәуелді;
- Бір рангіліге қарағанда икемділігі төмен;
Желілік операциялық жүйелері: LAN сервер, Windows NT, NetWar.
Локальді есептеуіш желілердің физикалық ортасы есептеуіш желінің
абоненттері арасында информацияны тасымалдауды қамтамассыз етуші физикалық
ортасы. Локальді желіде қолданылатын кабельдің үш типі бар:
1) сымдардың есулі жұп түрі (витая пара проводов) – есулі жұп өзара
изоляцияланған. Ол жөнелтілетін сигналдарды қорғап, сыртқы
электромагнитті өрістерінің әсерін азайтып тұрады. Қарапайым түрі –
телефонды кабель. Су қадамы және гуолеция әртүрлі болуы мүмкін. Есулі
жұптың негізгі ерекшелігі:
- кедергіден қорғаудың төмендігі;
- информацияны жөнелту жылдамдығының төмендігі;
Есулі жұптың эрандалған түрі бар. Ол технологиялық дамытылған. Соған
сәйкес бағасы да өседі.
2) Коакцальды кабель – информацияны жөнелту жылдамдығы 10..50 Мбайтс
өндірісте қолдану үшін оның екі типі шығарылады:
- қалың;
- жұқа;
Әрине қалың кабель жұқаға қарағанда мықты және сигналды қажет
амплитудамен үлкен қалыңдықтарға жөнелте алады. Бұл кабель түрлері сыртқы
әсерден қолғалған, мықтылығы жоғары.
3) Талшықты кабель (оптовалоконный кабель) электромагниттік өрістің
әсерін сезбейтін, өзі ешқандай жарқыл шығармайтын орта. Бұл кабель
түрі құпия информацияларды жөнелту қажет желілерде қолданылады.
Информацияны жөнелту жылдамдығы 50 Мбайтс, қымбат, тасымалда
қолданыста аз.
Локальді есептеу желілерінің топологиялары 3 түрлі болады:
1) сақиналық;
2) шиналық;
3) жұлдызды;
Кез келген компьютерлік желілі түйіндердің жиынтығы деп қарастыруға
болады. Түйін – желілік ортаға қосылған компьютер немесе кез келген
құрылғы. Түйін (узель) деп аталады. Топология желі түйіндерінің біріктіру
схемасын көрсетеді. Тұйықталған сызық, элипс, қисық, т.б сақиналық
топологияға , ал тұйықталған сынық сызықтар шиналыққа жатады. Сақиналық
топологиядан бір түйіннің шығысы 2-шісінің кірісіне жалғанады. Информация
сақина бойымен бір түйіннен екіншісіне жөнелтеді. Қолданушы мен жөнелтуші
арасындағы компьютер жөнелтілген информацияны трансляциялайды. Қабылдаушы
түйін тек өзіне адрестелген хабарламаны қабылдайды. Бұл түр кішігірім
кеңістікте ұйымдастырылады. Кабельдің кез келген типін қолдануға мүмкіндік
береді.
Кемшілігі:
- желідегі бір түйіннің істен шығуы сақина бүтіндігін бұзады, арнайы
шараларды қолданғанды талап етеді.
Шиналық топология коакцальды кабель түрі қолданылатын бұл түрде берілгендер
шина бойымен таратылады. Аралық түйіндер ешқандай трансляция жасамайды.
Информация барлық түйінге бірдей жеткізіледі. Бірақ хабарламаны тек адресат
қана қабылдайды. Яғни параллель қызмет көрсету орындалады. Бұл түр
информацияны жөнелтуді жылдам ұйымдастырады. Сондай-ақ, әртүрлі жүйелерге
сәйкес адаптация ұйымдастыруға болады.
Кемшілігі: бір желінің ішінде әртүрлі типті кабельдерді қолдануға
мүмкіндік бермейді. Желінің ұзындығы қысқа, жұлдызды топология орталық
түйін концепциясына негізделеді. Орталық түйінге перифериялық түйіндер
қосылады. әртүрлі перифериялық түйін өзінің жеке байланыс мениямен орталық
түйінге жалғанады. Барлық информация перифериялық түйін арқылы жөнелтіледі.
Информациялар қайта трансляцияланады., немесе информациялар ағымы
маршрутталады.
Артықшылығы: қарапайым адаптерді қолдануға мүмкіндік береді.
Кемшілігі: желінің жұмыс орталығы түйінге толық тәуелді.
Қазіргі кезде есептеуші желілер әртүрлі топологиялардан құрастырылған
қүрделі желіде қолданылады.

ІІ –Тарау. Желі арқылы Macromedia flash технологиясын оқыту мүмкіндіктері

2.1.Macromedia Flash жүйесімен танысу
Macromedia Flash MX 2004 және Macromedia Flash Professional 2004
көптеген қызықты интерактивті мультимедиялық презентацияларды дайындауға
мүмкіндігі көп.Flash те векторлық графикамен және анимациялар мен жұмыс
істеуге болады.Әдетте бұл программамен манипулятор, растрлі графика ,
видеоматериялдарды монтаждауға және дыбыс монипулятор файылдарымен жұмыс
істеуге болады. Flash – тің көмегімен графикаларды безендіруге көптеген
видео презентацияларды соның ішінде Электронды комерциядан бастап видео
айындар мен мультфильмдер жасауға болады.
7-сурет. Macromedia Flash програмасы.
Жұмысты бастамас бұрын Flash программасын Пуск= Программы =
Macromedia= Macromedia Flash MX командасы арқылы қосамыз.
Macromedia Flash MX 2004 және Macromedia Flash Professional 2004 –бұл
бір программаның екі түрлі версиясы. Flash – те анимация ,эффекті
,векторлық графика ,интерактивті мысалдар, программалар ,Web – сайтттагы
презентацияларды жасауға болады. Flash – те істеген жұмыстарды FLA форматта
сақтайды. FLA форматында керекті ресурстарды ,видеоматериалдар дыбыстар мен
кодтар сақтайды. Қазіргі таңда Macromedia Flash MX Интернетті
қолданатын барлық адамдарға танымал. Көптеген қолданушылар Flash – ті
үйренуді асыға күтті. Өйткені Flash – тің мүмкіндіктері бүкіл әлемге
әйгілі еді. Macromedia Flash пен көруге болатын көптеген сұлулықты ,
тыңдай алатын дыбыстарды істейалатын мүмкіндігі көп. Macromedia Flash –те
жұмыс істеудің 5-мүмкіндігі.
• Macromedia Flash MX туралы түсінік және оның мүмкіндіктері мен
принциптері. Macromedia Flash MX стандартты функциялары.
• Macromedia Flash MX – тегі ActionScript тілі және мультимедиялық
файылдар туралы түсінік.
• Үшінші главада – анимацияның мүмкіндігі, анимацияны құру, қабаттар мен
фондық эффектілер.
• Төртінші главада электрондық оқулықтар туралы түсінік.Электронды
оқулықты құру, дистанционды оқыту олармен жұмысістеу бағыттары.
• Macromedia Flash MX арқылы жасалатын мультимедиялық фильмдер.

2.2.Macromedia Flash MX технологиясы
Macromedia Flash MX - өте мықты программа. Flash суретшілермен
дизайнерлерге өте керекті құрал болып табылады. Web – сайтттагы проектілі
анимациялар мен дыбыстар беру үшін қолданылады. Алғашқы кездері Flash – тің
мүмкіндіктері жоғары дәрежеде емес еді Macromedia корпорациясы жаңа Walt
Disney серверін ұсынсынған ға дейін.
Бұл Flash технологиясында үлкен реклама жасады.Көптеген
дизайнерлік студиялар Web парактарын Flash технологиясымен безендіру үшін
пакет программаларын көптеп сатып алды. Алғашкы кездері программа Splash
Animator деп аталып атағы жоқ Future Animation фирмасында РС –
комптютерінде мультфильмдер жасау үшін қолданылды.
Суретшілер мен аниматорлар азғана мүмкіндігімен жұмыс істеп жүрді.
Macromedia фирмасы пакеттерді сатып алып Flash деп атын өзгертіп
мүмкіндіктерін айқындағанынша.
Macromedia фирмасы интерфейсін программаның автоматизациясын
ауыстырды. Мультимедиялық программа атымен интерфейсін гана ауыстырып
қоймайпакетті рынокқа шығарды. . Macromedia фирмасы тек сыртқы пішінін
өзгертіп қоймай ішкі порограммаларында өзгертті.
Flash – тің интерактиві Action Script сценариына қолдануына
байланысты мумкіндіктері кең жайылды.Өте қиын behaviors стильмен
электрондық магазиндер құрды. Flash Web арасында терең дамыды.
1996жылы Flash технологиясы шыққаннан бастап Web сайттарда
мультфильмдердің көптеген түрлерін құрастырды.
Macromedia Flash - растрлі және векторлы графиканы пайдаланып
мультимедиялық және интерактивті материялдарды, аудио, видео дайындайтын
құрал. Клиптің копиясымен Flash –клиптің қайжерде орналасып тұрғанына
қарамастан Web сайыттарда қарапайым презентация ретінде Internet – тің
көмегінсіз жұмыс істеуге болады. Оның дизайнымен безендіруі өзгеріссіз
қалады. Көрініс терезесінің көлемін өзгерткенде де, оның

позициялы элементімен дизайны өзгермейді. Flash – системасы векторлық
грпафика класына жатады. Осы системангың көмегімен дайындалған сурет
математикалық түрде сақталады: қисық векторы жеке бір сегмент болады. Бұдан
басқа бұл сегмент түспен , қалыңдықпен соңғы нүктедегі координатам ен
ерекшеленеді. Векторда суреттің көлемін құндылығын жоғалтпай өзгертуге
болады.
Flash –тің басты міндеті сіздің салған суретіңізді қимылдату үшін
не істеу керектігін үйрету. Flash – пен көптеген графикалық видео
презентацияларды безендіруге болады. Flash көптеген универсалды
платформаларға үсынылған.
Сонымен Macromedia Flash бұл:
● Векторлы графика. Векторлық графика математикалық координаттардың
нүктесін және оларды қосатын құрал.Векторлар түзудің қисықтығын
анықтайды.Математикалық есептеулерге байланысты оның көлемі өз құндылығын
жоғалтпайды. Графикалық форматта шеңбердің диаметрі 100 пиксель,ол минимум
10 килобай – 100х100 пиксель орынды алады, нүкте нүктесіне дейін.Ал оны
векторлық форматта беру үшін оның радиусын берсек жеткілікті. Растрлі
графикадан ерекшелігі көлемін өзгерткенде оның құндылығы өзгереді. (
көлемін кішірейткенде оның кейбір кішкентай нүктелері жоғалып кетеді, ал
көлемін үлкейткенде – квадраттар пайда болуы мүмкін.)вектормен суреттеген
көрініс нақты ,анық болып шығады.
● Растірлі графика. Flash – те тағы растірлі графика бар.
Манипуляциялық көрініс растірлі нүкте көлемде берілмейді, барлық сурет
көлемінде беріледі. Растрлі көрініс әр түсті нүктелерден тұрады. Бұл
жағдайда әр нүктенің түсі жайлы мәліметті сақтап отыру керек . Векторлық
суреттің растрлік көріністің көлемін салыстырғанына байланысты. Flash
импортталған және архивтелген файлдарды JPEG тен сақтауға мүмкіндік береді.
Роликке растрлік, графикалық және векторлық
көріністерді:*.EMF,*WMF,*EPS,*AI,*D XF,*DIB,*JPG,*GIF, *.PNG. импорттауға
болады.
●Анимация. FLASH PLAYER -FLASH фильмді

қосқан кезден бастап жүктеледі.
● Дыбыс.FLASH-ролигінде дыбыстық файылдарды *.WAV,*.AIFF. форматта
қолдануға болады. FLASH – ті қолдану сізге көп еркіндікті береді: осыған
байланысты көп емес дыбыстық эхффектілерді беруге болады, кнопканы басқан
кезге, фондық режимде дыбыстық жолақтарға. Сіз роликке музыкалық немесе
дыбыстық жолақтарды, визуальдық компоненттермен беруге болады.
● Трансформация. Біз компьютер қолданғанна бастап, жұмысымызды
жеңілдету үшін, анимацияны қолдан жасамаймыз. Ол жеңіл қозғалысты, форманы
түсті талап етеді. FLASH бұны автоматты түрде өөзі істейді. Ол үшін
трансформацияны пайдалану қажет. Бұл үшін бастапқы және соңғы форманы,
сағатты беру қажет.Тракнсформация орналасуын да қамтамасыз етеді.
● Специльные эффекты. Спецэффектіні қолдану үшін әр қабатқа өзінің
техникасы қолданылады, (мына типте Layers Photoshop), және де көгілдір
масканы да қолдануға болады. Дизайнның активті элементі. Кез келген
графикалық элементті қолдануш ымен активировать етуге болады, роликті
басқаруға , дыбысты қосуға жәнек тоқтатуға ,URL- ресурсын қасуға, видео
кнопкалармен менюді функионалдауға болады. Кнопка үш түрде
болады(қарапайым, тышқан тәріздес, басылымды).
● Роликтің өлшемі. Векторлы форматты қолдану обьектімен жұмыс істеуде,
қарапайым графикалық форматқа қарағанда клип файлдың көлемін
кішірейтуге мүмкіндік береді. Экспорт анимациясы- GIF – 27 килобайт AVI – 8
мегабайт.
● Роликтің автономды проигрывтелі. FLASH – те құрылған ролик Internet
желісінде ғана көрсетпейді,автономды арнайы проигрывательиен де
көрсетеді(Window және Macintosh). Кезкелген JAVA виртуальді машинасында
жұмыс істейтін JAVA проигрывателі бар. Windows – та дискетамен CD ROM
презентациясымен қосуға болатын автономды Exe – модулін дайындауға болады.
Бұл түрде дайындалған презентация Internet жасалған презентаци ядай болып
көрінеді.

Жұмыс алаңы

8-сурет. Жұмыс алаңы.
Инструменттер құралы. Жаңа инструменттер құралына бір қарағаннан Flash
программасының пофессионалды болғанын байқаймыз. Мысалы үшін Line,
Oval, Rectangle, Pencil және Hand қарапайым опция болған, ал қазір жеке-
жеке құрал. Жаңа Rectangle опциясы дөңгелер бұрыштарымен төрт бұрыш жасай
алады.

9-сурет.Инструменттер құралы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері
Компьютерлік желілер түсінігі
Компьютерлік желілер туралы түсінік
Информатикадан берілетін дәрістер курсы
Информатика пәні дәрістер кешені
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
Мұнда жұлдыз топологиясынан бірнеше желілер сызықтық шина магистралының көмегімен біріккен
Компьютерлік желілер туралы ақпарат
Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі
Желінің даму тарихы
Пәндер