Ауыл шаруашылық малдардың ішкі мүшелерінің құрылысымен танысу



Тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдардың ішкі мүшелерінің құрылысымен танысу
Тақырыбы: Мал азықтарының сапасын бағалау, азықтың құрамымен таныстыру, нәрлі заттарды қорыту.
Тақырыбы: Малды сыртқы пішініне қарап бағалау
Тақырыбы: Сүт өнімдерінің есебін жүргізу тәртібі, мүйізді ірі қара малдардың азықтандыру нормаларымен танысу.
Тақырыбы: Жылқыларды азықтандыру нормаларымен танысу
Тақырыбы: Үй құстарының сырт пішіміне қарап бағалау жолдарымен танысу
Тақырыбы: Үй құстарына қажетті азық мөлшерін есептеу құстарға арналған құрама жемнің құрамымен танысу
Тақырыбы: Бал араларына қажетті азық мөлшерімен танысу бал араларынан танаптардан жинайтын бал мөлшерін анықтау.
Тақырыбы: Омартаның құрылысымен және бал араларының ұясымен танысу.
Жүрек малдың сол жағында 3-ші, 5-ші, 7-ші қабырғалардың аралығында болады, жүрек 2-ге бөледі, жүрекшеге көне қарыншаға.
Жүректен бірнеше қан тамырлары шығады. Оның біреуі сала
тамыр, біреуін көк тамыр деп атайды. Жүректің негізгі қызметі бүкіл
денеге қанды айдау. Осыған байланысты кіші және үлкен қан айналу
шеңбері бар. Кіші қан айналу шеңбері, оң жақ қарыншадан шығып
өкпеге барады.
Өкпеде оттегімен тотығып тазарған қан сол жақтағы жүрекшеге өтеді. Үлкен қан айналым шеңбері, сол жақтағы жүректі қарыншасынан шығып сала тамыр арқылы бүкіл денеге тарайды.
Сөйтіп денедегі көмірқышқыл газдарын көк тамыр арқылы оң жақ жүрекшеге әкеп құяды.
1-оң жақ жүрекше, 2-оң жақ қарынша, 3-сол жақ жүрекше, 4-сол жақ қарынша, 5-өкпенің сала тамыры, 6-өкпенің көк тамыры, 7- өкпенің қыл тамырлары, 8-қолқа, 9-артқы көк тамыр, 10-алдыңғы тұйық көк тамыр, 11—көкіректің лимфатикалық түтікшесі, 12-бас пен иық сала тамыры, 13-бастық қыл тамырлары, 14-алдыңғы аяқ қылтамырлары, 15- қабырға аралық салалары, 16-лимфатикалық түйіндер, 17-лимфатика түтіктері, 18-бауыр көк тамыры, 19-көктамыр қақпасы, 20-бауыр қылтамырлары, 21-қарын қылтамырлары, 22-көкбауыр қылтамырлары, 23-ішек қылтамырлары, 24-соқыр-ішек, 25-бүйрек қылтамырлары 26- құйымшақ қылтамырлары, 27-артқы аяқ қылтамырлары, 28-жарты айшықты қақпақтар, 29-үш құлақты қақпақтар, 30-жүректің ішкі қабаты, 31-жүректің сыртқы қабаты.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ - ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Машықтану жұмысы №1
Тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдардың ішкі мүшелерінің
құрылысымен танысу
Жүрек және қан тамырының құрылысы.
Дәрістің мақсаты. Малдың жүрегінің құрылысы және қан айналу
жүйесімен танысу.
Қажетті оқу-құралдары мен жабдықтар. Ірі қара мал мен
жылқының жүректерінің муляждары мен
суреттері.
Жұмыстың орындалу тәртібі. Жүректің муляжы арқылы жүректің
құрылысымен танысу. Жүректің қарыншалары мен жүрекшелерінің
орналасуы, жүрек қан тамырлары, сала, көк қан тамырларымен
танысу. Сурет арқылы қан айналымының үлкен және кіші
шеңберлерімен танысу.
Жұмыстың мазмұны. Жүрек малдың сол жағында 3-ші, 5-ші, 7-ші
қабырғалардың аралығында болады, жүрек 2-ге бөледі, жүрекшеге көне
қарыншаға.
Жүректен бірнеше қан тамырлары шығады. Оның біреуі сала
тамыр, біреуін көк тамыр деп атайды. Жүректің негізгі қызметі бүкіл
денеге қанды айдау. Осыған байланысты кіші және үлкен қан айналу
шеңбері бар. Кіші қан айналу шеңбері, оң жақ қарыншадан шығып
өкпеге барады.
Өкпеде оттегімен тотығып тазарған қан сол жақтағы жүрекшеге өтеді.
Үлкен қан айналым шеңбері, сол жақтағы жүректі қарыншасынан
шығып сала тамыр арқылы бүкіл денеге тарайды.
Сөйтіп денедегі көмірқышқыл газдарын көк тамыр арқылы оң жақ жүрекшеге
әкеп құяды.

5-сурет. Жүректің құрылысы мен қан айналу шеңбері.
1-оң жақ жүрекше, 2-оң жақ қарынша, 3-сол жақ жүрекше, 4-сол жақ
қарынша, 5-өкпенің сала тамыры, 6-өкпенің көк тамыры, 7- өкпенің қыл
тамырлары, 8-қолқа, 9-артқы көк тамыр, 10-алдыңғы тұйық көк тамыр,
11—көкіректің лимфатикалық түтікшесі, 12-бас пен иық сала тамыры, 13-бастық
қыл тамырлары, 14-алдыңғы аяқ қылтамырлары, 15- қабырға аралық салалары, 16-
лимфатикалық түйіндер, 17-лимфатика түтіктері, 18-бауыр көк тамыры, 19-
көктамыр қақпасы, 20-бауыр қылтамырлары, 21-қарын қылтамырлары, 22-көкбауыр
қылтамырлары, 23-ішек қылтамырлары, 24-соқыр-ішек, 25-бүйрек қылтамырлары
26- құйымшақ қылтамырлары, 27-артқы аяқ қылтамырлары, 28-жарты айшықты
қақпақтар, 29-үш құлақты қақпақтар, 30-жүректің ішкі қабаты, 31-жүректің
сыртқы қабаты.
1-тапсырма. Жүректің құрылысының суретін салу. Оң жақ, сол жақ,
жүрекшелер мен қарыншалардың орналасуын көрсөту.
2-тапсырма. Қан айналымының үлкен және кіші шеңберінің суретін салу.
Бақылау сұрақтары:
Ауыл шаруашылығы малдарында, қанының құрамындағы
түйіршіктердің айырмашылығы неде?
Эритроциттердің негізгі қызметі?
Лейкоциттердің негізгі атқаратын қызметі?
Жүректің құрылысы қандай бөліктерден құрылған?
Қан тамырларының қандай түрлері бар және олардың негізгі
атқаратын қызметтері?
Үлкен және кіші қан айналысының жолдары және олардың
қызметтері?
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ - ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Машықтану жұмысы №2
Тақырыбы: Мал азықтарының сапасын бағалау, азықтың
құрамымен таныстыру, нәрлі заттарды қорыту.
Жем шөптің нәрлі заттарының қорытылуын бағалау.
Дәрістің мақсаты: Нәрлі заттардың қорытылуын анықтау әдісі мен
танысу. Нәрлі заттардың қорытылу коэффициентін
есептеуді үйрену.
Дәріске қажетті оқу-құралдары мен жабдықтар: ауыл шаруашылық малдарын
азықтандыру мөлшерлері, жем шөптің химиялық құрамы көрсетілген кестелер.
Жұмыстың мазмұны: Жем шөптің құрамындағы нәрлі заттар, азық қорытылу
барысында қан арқылы малдың бойына сіңірілуі азықтың қорытылуы деп аталады.
Оның жем шөппен қабылданған нәрлі заттардың, нәжіспен бірге шыққан
заттардың ара қатынасы арқылы анықтауға болады.
Қорытылған заттың, қабылданған затқа қатынасын пайызпен белгілеу -
қорытылу коэффициенті деп атайды. (ҚК).

Мысалы: Сиыр жем шөппен бірге 400г. протеин қабылдады, нәжіспен бірге
100г. шығарылды, сонда қорытылғаны 300г. (400-100), қосылған байланысты
протеиннің қорытылу коэффициенті;
400-100%
300-х
= 75% болады.

Жем шөптің құрамындағы нәрлі заттардың қорытылуының бағалаудың
екі түрлі әдісі бар, біріншісі қарапайым түрі - тәуліктік жем шөп
мөлшеріндегі қорытылатын заттарды анықтау, екіншісі күрделілеу-
тәуліктік жем шөп мөлшерінін құрамындағы азықтардың нәрлі заттарының
қорытылуын анықтау.
Қарапайым әдіс бойынша нәрлі заттардың қорытылуын төмендегі тізбек
бойынша есептейді: қабылданған нәрлі заттар (г), шығарылған заттар құрамы
(г), қорытылған заттар (г), қорытылу коэффициенті (%)

10-кесте
Жем шөп пен нәжістің құрамындағы заттар (%)

Көрсеткіш Протеин Май Клетчатка АЭЗ
Пішен 9,6 2,3 25,9 39,6
Сұлы сабаны 4,0 1,9 34,3 39,0
Жүгері сүрлемі 2,5 1,0 7,8 12,4
Күнбағыс күнжарасы 43,1 7,5 13,7 20,4
Нәжіс 2,2 0,8 10,0 8,0

Мысал 10-кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша нәрлі заттардың
қорытылу коэффициентін есептеу қажет: сиыр тәулігіне 6 кг жоңышқа пішенің 3
кг сұлы сабанын, 30 кг жүгері сүрлемін және 1 кг күнбағыс күнжарасын
қабылдаған. Тәулігіне, сиыр орташа 25 кг нәжіс шығарды. Жем шөп пен
нәжістің құрамы (%) төмендегі кестеде келтірілген.
Жем шөп мөлшеріндегі нәрлі заттардың қорытылу коэффициентін есептейтін
мысал келесі кестеде көрсетілген.
11-кесте
Қорытылу коэффициентін есептеу

Көрсеткіш Протеин Май Клетчатка АЭЗ
Қабылданғаны:
пішенмен 576 138 1554 2376
Сабанмен (г) 120 57 1029 1170
Сүрлеммен (г) 750 300 2340 3720
Күнжарамен (г) 431 75 137 204
Барлық қабылданғаны (г) 1877 570 5060 7470
Нәжіспен шығарылғаны (г) (г) 550 200 2500 2000
Қорытылғаны (г) 1327 370 2560 5470
Қорытылу
коэффициенті (%) 70,7 64,9 50,6 73,3

Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша, сиыр ағзасында 1 тәулікте
1877г. протеин қабылданған (576+120+750+Л31). Нәжіспен 550г. протеин
шығарылған, нәтижесінде 1327 г. протеин қорытылып, сіңірілген. Сондықтан,
протеиннің қорытылу коэффициенті:
1877 - 100%
1327-х
х=70,7%тең.
Осы тәртіппен басқа нәрлі заттардың да қорытылу коэффициентін есептейді.
Азықтың қорытылуына басқа да ықпалдармен қатар (малдың түрі, жем Шөптің
берілу құрамы, азықтарды әзірлеу әдістері және т.б.) жем шөптің құрамындағы
протеиннің мөлшері де әсер етеді. Азықтың құрамындағы протеиннің мөлшерін
есептеу үшін протеиннің қатынасын анықтайды. Мысалы, әрбір қорытылған
протеиннің салмақ бөлігіне, қанша қорытылатын азотсыз заттардың салмақ
бөлігінің келетінін анықтау арқылы протеиннің мөлшерін білуге болады.
Есептеу барысында қорытылатын азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ),
қорытылатын клетчатка және қорытылатын майдың қосындыларын 2,25
коэффициентке көбейтіп, қорытылатын протеинге бөледі. Біздің мысалымыз
бойынша протеиннің қатынасы:
54 20 + 25 60 + 370 Ү2, 25
_____________________ = 7 немесе 17 тең
1327
Егер протеиннің қатынасы, азотсыз экстрактивті заттардың 1 мен 6
бөлігіне тең болса төмен, 6 мен 8 бөлігі аралығында - орташа, 9 бөліктен
көп болса-жоғары деп есептеледі. Біздің мысалымыздағы қатынас 7 бөлікке тең
болғандықтан протеин қатынасы орташа көрсеткішке тең.
Жұмыстың орындалу тәртібі
Жұмыстың мазмұнымен танысып, жем шөптің құрамындағы
нәрлі заттардың қорытылуын есептеу.
Тапсырмалардағы мәліметтерді пайдаланып мал азығының
құрамындағы нәрлі заттардың қорытылу коэффициентін есептеу,
азықтың құрамындағы протеиннің қатынасын анықтау.
1-Тапсырма. Сиырдың тәуліктік жем шөп мөлшеріндегі нәрлі заттардың
қорытылу коэффициенттерін есептеңдер. Жем шөп мөлшерінің құрамына 8 кг
табиғи пішен, 30 кг жүгері сүрлемі, 3 кг кебек кіреді. Орташа есеппен мал
бір күнде 25 кг нәжіс шығарған. Заттардың құрамы 13-
кестеде көрсетілген.
12-кесте
Жем шөп пен нәжістің құрамындағы заттар (%)

Көрсеткіш Протеин Май Клетчатка АЭЗ
Табиғи пішен 8,5 2,6 25,0 42,0
Жүгері сүрлемі 2,4 1,5 8,0 12,2
Кебек 15,5 4,2 8,0 53,0
Нәжіс 2,0 1.2 9,0 7,0

2-тапсырма. Азықтардың құрамындағы қорытылатын протеиннің бөлігі мен
қорытылатын май, қорытылатын клетчатка және азотсыз экстрактивті заттардың
бөліктерінің қатынасын анықтаңдар Тапсырмалардың 11-кестедегі мысалға қарап
орындаңдар.
Бақылау сұрақтары
Жем шөптің құрамындағы нәрлі заттардың сипаттамасы қандай?
Жем шөпті құрамындағы нәрлі заттарға қарап бағалаудың; мәнісі неде?
Қорытылу коэффициенті дегеніміз не және оны анықтау.
Азықтың қорытылуы туралы ұғым.
Азықтың қорытылуына ықпал ететін жағдайлар.

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ - ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Машықтану жұмысы №3
Тақырыбы: Малды сыртқы пішініне қарап бағалау
Дәрістің мақсаты: Малдың сыртқы пішіні мен дене құрылысына қарап
бағалауды үйрену, дене құрылысын өлшеу
және
индексін есептеп шығару.
Дәрісте қолданатын құрал жабдықтар: Мал шаруашылығы оқулығы, әр түрлі
өнім бағытындағы ауыл шаруашылық малдарының суреттері мен фото суреттері
(ірі қара мал қой, жылқы,үй құстары).
Жұмыстың мазмұны.
Малды сынаудың екі тәсілі бар. Біріншісі- көзбен көріп сынау. Екіншісі-
өлшем алып сынау.
Көзбен көріп сынау өте жауапты жұмыс. Сыншының мал тұқымының өскен
ортасын тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін жақсы білуін, сол мал тұқымымен
ұзақ жылдар жұмыс істеп, көзін қанықтырып, тәжірибелі болуын талап етеді.
Малдың әрбір тұлға мүшесінің өзіндік орны, маңызы бар екендігін естен
шығармау керек. Себебі сүт малы мен ет малының аттас дене мүшелерінің
арасында да едәуір айырмашылық бар.
Малдың шыққан тегін, желінін, емшегін, игіштігі тірі салмағын
есептей келе, сыншы малдың сыртқы пішінінің көңілден шыққан
мүшелеріне жоғары, немесе көңілден шықпаған мүшелерін төмен
бағалай келе, берілген малдың жиынтығын шығарып, тиісті класына
жатқызады.

15-сурет. Ірі қара малдың алдыңғы аяғын басу тәсілдері.
1-кең кеуделі, аяғын дұрыс басқан мал; 2-қушық кеуделі, аяқтарын қыса
басу; 3-қушық кеуделі, аяқтарын маймақ басу.

16-сурет. Ірі қара малдың артқы аяғын басуы.
1-алшақтау, орнықты, дұрыс басу; 2-икс (х) әріп тәріздес басу; 3-қайқы
қылыш тәрізді басу; 4-тік басу.
Әдетте, сыннан сүрінбей, ешбір мүлтіксіз өтетін мал жоққа тән
болғандықтан, жоғары класқа жату үшін аналық мал 70-75, аталық мал 90-95
балл алса да жеткілікті.
Көзбен көріп сынау жақсы ақ, бірақ малдың дене мүшелері көп, қате
жібермей әділ бағалау сыншының тәжірибесі мен көпті көргендігіне байланысты
болатындықтан өте қиын деп саналады.
Өлшем алып сынау барынша әділ тәсіл. Әр малдан алынған аттас өлшемдерді
бір-бірімен салыстыруға, айырмашылығын анықтауға болады.
Қанша айтқанмен малды өлшем арқылы сынау көзбен көргенге жетпейді, ол
тәсілді толығымен алмастыра алмайды. Сондықтан да күнделікті өмірде осы екі
түрлі сынақ бірін-бірі толықтыра түседі және де қатар пайдаланылады.
Малдың дене мүшесі өлшемдерін арнайы жасалған: өлшеуіш таяқ, лента және
циркуль арқылы алады.
Ғылыми зерттеулер үшін немесе, басқа бір жағдайларға қажет болмаса, 11-
14 өлшем жеткілікті. Олар мыналар:
I. Таяқпен алынатын өлшемдер:
Шоқтығының биіктігі - жер мен шоқтықтың ең биік аралығы.
Жонының биіктігі - жер мен үшінші-төртінші бел омыртқа тұсына
дейінгі биіктік.
Сауырының биіктігі-жер мен сауырдың ең биік аралығы.
Кеудесінің кеңдігі - жауырынның сыртынан алғанда шоқтық пен
төс сүйегі аралығы
Кеудесінің жалпақтығы - екі жауырынның сыртының ең алыс
жатқан аралығы.
Тұлғаның шаршылама ұзындығы - иық пен құйымшақ сүйек
аралығы.
II. Циркульмен алынатын өлшемдер: Мықын сүйек аралығы.
Артқы бөліктің шаршылама ұзындығы - жамбас сүйектің басынан құйымшақ
сүйек аралығы.
Құйымшақ сүйек аралығы.
Иығының алшақтығы.
III. Лентамен алынатын өлшемдер:
12. Малдың тұлғасының шаршылама ұзындығы таяқпен
өлшегендегідей.
13. Кеуде орамасымалдың кеудесінің жауырынының сыртынан
алғандағы орамасы.
14. Сирағының орамасы алдыңғы аяғы қыр жіліншігінің орамасы.
Малдың дене мүшелерінің артықшылығын немесе кемшіліктерін айқын көрсету
үшін, малдың тұлғасының ерекшеліктерін. барынша аша түсу үшін индекстерді
пайдаланған жөн. Индекс деп бір-бірімен анатомиялық байланысы бар екі және
одан да көп дене мүшесінің өлшеулерінің бір-біріне (пайызға шаққандағы)
қатынасын айтады.
Тапсырма 1. Ірі қара мал, қой, жылқының суреттеріне қарап дене
мүшелерін белгілеу.
Тапсырма 2. Әр түрлі өнім бағытындағы малдарды сыртқы дене пішіні мен
құрылысына қарап бағалау. Сыртқы пішіні мен дене құрылысына қарап оларда
кездесетін кемшіліктер мен айырмашылықтарын анықтау.
Бақылау сұрақтары:
Ауылшаруашылық малдарының дене бітімі туралы түсінік.
Н.П.Кулешовтың малдарды дене бітіміне қарап әр түрлі топтарға
бөлуі.
Ауылшаруашылық малдарын түр-тұлғасымен сыртқы пішініне
қарап бағалау.
Малдарды сыртқы пішініне қарап бағалау мен сұрыптаудың
маңызы.

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ - ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Машықтану жұмысы №4
Тақырыбы: Сүт өнімдерінің есебін жүргізу тәртібі, мүйізді ірі қара
малдардың азықтандыру нормаларымен танысу.
Сүт өнімдерінің есебін ұйымдастыру, сиырдың
орташа тәуліктік және орташа жылдың сүттілігін
есептеу.
Дәрістің мақсаты: Сүт өнімдерін есептеу түрлерімен танысу,
сиырдың орташа тәуліктік және орташа жылдың
сүттілігін
есептеуді үйрену.
Дәріске қажетті құрал-жабдықтар: Сауылған сүттің есебі жазылған журнал
т.б. құжаттар.
Дәрістің барысы
Жылдың басында шаруашылықтың барлық сиырының номерлері, суалған
мерзімі, туған күнін, қашырылған күнін (сауылған сүтін, сауылған күнін,
сүтінің майлылығы мен ақуызының мөлшері) және соңғы сауылған сүтінің
мәліметін жазады.
Қаңтар айынан бастап әр ай сайын: бақылау жүргізген күнін (бақылауды әр
10 күнде бір жүргізеді) орташа тәуліктің сүттілігі (бақылау күнгі) сүтінің
майлылығы (%) ай сайынғы қорытынды бойынша - сауылған күні, сауылған сүті,
сүтінің майлылығы мен ақуыздың мөлшері жазылып отырады.
Бір айдағы сауылған сүтінің есебін алу үшін, орташа тәуліктік
көрсеткішті, бірінші және екінші он күндіктерді 10-ға көбейтеді, ал үшінші
он күндікті 8 (ақпан), 10 немесе 11-ге көбейтіп, үш он күндіктің
нәтижелерін қосып, 1 айлық көрсеткіш бойынша сүттілігін анықтайды. Сүттің
майлылығын анықтау үшін бір айдағы сауылған сүт мөлшерін сүттің орташа
майлылығына көбейтіп, алынған көрсеткішті 100-ге бөледі. Қаңтар айының
көрсеткішін өткен жылдың көрсеткіштеріне қосу арқылы 1 ақпанға дейін малдың
қанша күн сауылғанын, осы уақыт аралығында қанша сүт сауылғанын (кг) және
сүттің майлылығы мен сүттің құрамындағы ақуыздың мөлшерін анықтауға болады.
Әр ай сайын осындай жүргізу арқылы соңғы мәліметтер мен бір жылдың 305
күндегі көрсеткіштерді анықтауға болады. Анықталған көрсеткіштерді
төмендегі кесте бойынша толтырады.
29-кесте
Сиырдың сүт өнімділігі
Көрсеткіштер Соңғы сауылған мерзімі Календа
р-лық
1
жылғысы
Өткен Биылғы БарлығСоның
жылдан жылғы ы ішінде 305
қалдық күнде
Сауылған күні
Сауылған сүті (кг)
Сүтінің майлылығы (кг
Орташа сүтінің майлылығы
(%) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығы негіздері
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Паразитологиялық тексеру әдістері
Мал шаруашылғында ауыл шаруашылық малдарының өсуі мен даму заңдылықтарн қолдану
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Жануар тектес туындылармен уланған малдардың патологиялық материялдарына токсиологиялық баға беру
Удың ағзаға ену жолдары
Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы
Ветеринарлық акушерлігі және гинекология. Малдың тууы мен патологиялары
Құрғақ жүн талшықтарының салмағы
Пәндер