Адамдардың бас бостандығымен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар



Кіріспе.
Адамдардың бас бостандығымен қадір.қасиетіне қарсы қылмыстар.

I.тарау. Адамдардың бас бостандығына қарсы қылмыстар.

1.1.Адамдардың бас бостандығына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.
1.2.Адам ұрлау қылмысының құрамы.
I.тарау. Адамның қадір.қасиетіне қарсы қылмыстар.
2.1.Ар.намыс, қадір.қасиет және іскерлік бедел ұғымы мен құқығы.
2.2. Жеке тұлғаның ар.намыс, қадір.қасиеті және іскерлік беделін қорғау.
2.3. Адамдардың қадір.қасиетіне қарсы қылмыстардың ерекшелігі

III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттедің тізімі.
Адамзат болып XXI ғасырды бастай отырып, салауатты өмір кешуге өзәлінше талпынып келеді. Айналасына зерделі көзбен зер сала жүріп, өткен- кеткенін ой елегінен өткізуге, болашақ үшін еңбек ұмтылады. Соның ішінде менің сүйікті туған елім, менің болашағым Қазақстаным да бар.
Ел мен жер, өмір мен болашақ туралы ойланбайтын адам бар ма? Мынау жұмыр жерде мекен етіп жүрген әрбір Жан бақытты ғұмыр нұрлы болашақты аңсайды.
XXI-ғасырда дамудың тұрақты экономикалық және әлеуметтік жолдарын анықтау, болашақ ұрпақ қамын ойлау- бүгінгі дүниежүзілік қауымдастықтың басты міндеті болып отыр. Біз қазіргі таңда ұлы өзгерістер мен тұрақтану кезеңінде өмір сүрудеміз. Ел басының «Қазақстан 2030» бағдарламасында «2030 жылға қарай Қазақстан- Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін» -деген болатын. Иә Қазақстанның болашағы жарқын демократиялы ел болу үшін әділдік пен шындық үстемдік орнатуға тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының әрбір азаматы барынша өз бойындағы барлық күш жігерін жұмсай тоырып, ат салысуы қажет.
Тәуелсіз жас Қазақстанымыздың болашағының дамуына әрбір Қазақстанның азаматы өз үлестерін қосып, қандай да болса, қылмыст ыболдырмауға тырысса, жас ұрпаққ тәлім тәрбие беріп, олардың білімін жетілдіруге өте көп көңіл бөлуі керек. Біздің тәуелсіздігімізді орнықтырып, нығайту, біздің мемлекетіміздің қуаты мен байлығын еселей түсіп, дүние жүзілік қауымдастық та біздің ар-намысымыздың туын жоғарыұстау, Отанға адал қызмет ету, біздің ортақ та қасиетті парызымыз.
Кеңес одағы тарап,Қазақстан Республикасы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір кезеңдерін бастан өткізуде.
1. Қ.Р. Конституциясы, Алматы 2001 жыл.
2. Қ.Р. Қылмыстық құқығы, Ағыбаев 2000жыл.
3. Қ.Р. Қылмыстық Кодексі, Алматы 2001жыл.
4. Уголовное право Р.К. Общая часть-Е. Қайыржанов. Алматы 1998г.
5. Қылмыстық іс жүргізу құқығы-Т. Сәрсенбаев, Астана 2000ж.
6. Проблемы уголовно-правовой борьбы с вымаготельством-Алауов Е.О. Алматы 1997г.
7. Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі бойынша тапсырмалар жинағы, Алматы 1997ж, «Жеті жарғы».
8. Қ.Р. Қылмыстық атқару құқығы, авторлар ұжымы. Алматы 2002ж.
9. Қ.Р. Азаматтық Кодексі, Алматы2000ж.
10. Практика прокурорского надзора прирасмотрений судами уголовных дел, Москва 1987 г.
11. Мемлекет және құқық негіздері-Е.Баянов. Алматы 2001ж.
12.Коментарий к уголовному кодексу Р.К. Караганда 1999г.
13.Россиское уголовное право, Общая часть- Наумов А. Москва 1997ж.
14.Малейна М.Н. Защита чести, достойнства деловой репутации предпринимателья // Законодательства и экономика. 1993г N:24.
15. Послание президента Р.К. народу Казахстана к 2030г.
16. Қ.Р. Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы 2-том. 1961-1997 жыл.

-72-
17. Адам құқықтары туралыхалықаралық билль. Алматы қаласы 1998ж.
18.Грибанов В.П. Приделы осуществление и защиты гражданских прав. Москва.-1972г
19. Қ.Р. Азаматтық құқығы-Ашитов, Алматы 2000ж.
20. Қ.Р. Жоғарғы сотының Пленумының «Қорқытып алушылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1995ж. 22-желтоқсандағы N: 11 қаулысы (Жоғарғы Сот Жарғысы N:1)1996ж.
21.Интересная книга злоупотреблении правом// Государство и право//1997.-N:4.
22.Уголовное право (Общая часть)-И. Казаченко, Москва 1999г.
23.Основы государства и права Алматы «Жеті жарғы» 1999ж
24.Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении.-М,1974
25.Домашная юредическая энциклопедия М, «Олимп» 1998г.
26.Тілеуғалиев Ғ.И. Азаматтық құқық. Том-1. Қаз ГЮА. 2001ж.
27. Мемлекет және құқық теориясы –К. Жоламан, А. Мұқтарова. Алматы 1999ж.

Мазмұны.
Кіріспе.
1-2бет.
Адамдардың бас бостандығымен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар.

I-тарау. Адамдардың бас бостандығына қарсы қылмыстар.

1.1.Адамдардың бас бостандығына қарсы қылмыстардың түсінігі
және түрлері.
3-29 бет.

1.2.Адам ұрлау қылмысының құрамы.
30-37 бет.

II-тарау. Адамның қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар.

2.1.Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел ұғымы мен
құқығы.
38-48 бет.
2.2. Жеке тұлғаның ар-намыс, қадір-қасиеті және іскерлік беделін
қорғау.
49-64 бет.
2.3. Адамдардың қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың ерекшелігі.65-67
бет.

III- Қорытынды.
68-70 бет.
Пайдаланылған әдебиеттедің тізімі.
71-72 бет.

-1-

Кіріспе.
Адамзат болып XXI ғасырды бастай отырып, салауатты өмір кешуге
өзәлінше талпынып келеді. Айналасына зерделі көзбен зер сала жүріп,
өткен- кеткенін ой елегінен өткізуге, болашақ үшін еңбек ұмтылады.
Соның ішінде менің сүйікті туған елім, менің болашағым Қазақстаным да
бар.
Ел мен жер, өмір мен болашақ туралы ойланбайтын адам бар ма?
Мынау жұмыр жерде мекен етіп жүрген әрбір Жан бақытты ғұмыр нұрлы
болашақты аңсайды.
XXI-ғасырда дамудың тұрақты экономикалық және әлеуметтік
жолдарын анықтау, болашақ ұрпақ қамын ойлау- бүгінгі дүниежүзілік
қауымдастықтың басты міндеті болып отыр. Біз қазіргі таңда ұлы
өзгерістер мен тұрақтану кезеңінде өмір сүрудеміз. Ел басының
Қазақстан 2030 бағдарламасында 2030 жылға қарай Қазақстан- Орталық
Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп
сенемін -деген болатын. Иә Қазақстанның болашағы жарқын демократиялы
ел болу үшін әділдік пен шындық үстемдік орнатуға тиіс. Осыған
байланысты Қазақстан Республикасының әрбір азаматы барынша өз бойындағы
барлық күш жігерін жұмсай тоырып, ат салысуы қажет.
Тәуелсіз жас Қазақстанымыздың болашағының дамуына әрбір
Қазақстанның азаматы өз үлестерін қосып, қандай да болса, қылмыст
ыболдырмауға тырысса, жас ұрпаққ тәлім тәрбие беріп, олардың білімін
жетілдіруге өте көп көңіл бөлуі керек. Біздің тәуелсіздігімізді
орнықтырып, нығайту, біздің мемлекетіміздің қуаты мен байлығын еселей
түсіп, дүние жүзілік қауымдастық та біздің ар-намысымыздың туын
жоғарыұстау, Отанға адал қызмет ету, біздің ортақ та қасиетті
парызымыз.
Кеңес одағы тарап,Қазақстан Республикасы демократиялық ел
болуға бет алып, өтпелі дәуір кезеңдерін бастан өткізуде. Елдің ең
қымбат
-2-

қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына, қадір-қасиетіне
ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтық шеңберін кеңейтіп, Жан-жақты
дамыған елдер мен қарым –қатынасы арқылы жеке тұлғаның орнын ерекше
белгілеген. Өйткені, адамдар жаратылысына байланысты бірге өмір сүруге
тиіс. Мұндай өмір сүруді әлеуметтік өмір сүру дейміз, әлеуметтік
өмірдің тәртіпті және бірқалыпты болуы үшін де бірқатар ережелердің
болуы тиіс. Бұл ережелер болмаған жағдайда, әлеуметтік өмірде
дағдарыстар туындап, күш иелерінің әлсіздерді езуінің алдын ешкім ала
алмайды. Әлеуметтік өмірді реттеу мақсатында, қылмыстық және азаматтық
құқық субъектісі ретіндегі азаматтарға арналған бірнеше қағидалар
жинағы бар. Олар-діни қағидалар, моральдық қағидалар, әдет-ғұрыптық
қағидалар және құқықтық қағидалар. Осы қағидалардың барлығын әлеуметтік
тәртіп қағидалары деп те айтуға болады.
Осыған орай, қазіргі кезеңде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының)
келіссөзінде, нәсіл, жыныс және дін немесе тіл айырмашылығына
қарамастан барлығының адамдық құқықтарына және төл тәуелсіздігіне
құрмет көрсетілуі керек деп жазылған.
Менің бұл дипломдық жұмысымның негізгі тақырыбы Адамдардың
бас бостандығы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар сонымен ата-
заңымыздың бірінші бабаында айтылғандай мемлекеттің ең қымбат қазынасы
ретінде-адам және оның өмірі, бостандығы, ар-намысы мен қадір-қасиеті,
жалпы адам баласына тән барлық қасиеттері мен мүшелерін, бірінші
кезекте қоя отырып, қорғайды.
Сондықтан да адам баласының бас бостандығы қадір қасиеті,
жалпы Қазақстан Республикасының қандай заңында болмасын, оның алатын
орны өз алдына ерекше маңызды болып табылады.

-3-
1.1.Адамдардың бас-бостандығына қарсы қылмыстардың түсінігі мен
түрлері.
Адам қатынастары мен бостандықтары әркімге тумысынан
беріледі және олар заңдарда жазылады, олар абсалютті деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативті құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы, осыған орай анықталады. Бұл қағида
Қазақстан Респубиликасының ата заңында көрсетілген. Сондай-ақ
Республика Конституциясында адамның жеке басының өміріне, қадір-
қаситінде қол сұғылмауына кепілдік берілген.
Мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі- өз азаматтарының
бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады.
Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды
толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының ата-заңының яғни біздің
мемлекетіміздің Конституциясының екінші бөлімі адам мен азамат, оның
құқығы мен бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес
Республиканың кез-келегн азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне,
әлеуметтік тегі мен дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне
қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі
делінген. (14-бап, 2-тармақ)
Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық
құқық пен бостандыққа, саяси құқықтар мен бостандықтарға, экономикалық
және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында
ерекше мән беріледі, Сондықтан да басқа да заңдар осы ата-заңға сәйкес
қабылданады және өз жұмысын атқарады. Басқа да заңдар сияқты, Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңы да басқа да заңдар сияқты азаматтар мен
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды өзінің ең басты
міндеттерінің бірі деп санайды.
Қазақстан Республикасының Ресми Конституциясы. Алматы 2001.
-4-

Қазақстан Республикасмының Қылмыстық кодексінде адамдардың
бас-бостандықтарына қарсы қылмыстарды арнайы тарауға енгізіп, оған
оны арнайы баптарға бөліп қойған. Бұл қылмыстар дәлме-дәл айтатын
болсақ,Адам ұрлау 125-бап, бас бостандығынан заңсыз айыру 126-бап,
психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру 127-бап, адамды ұрлау және
адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру қылмысы 128-бап, дәл осы
қылмыстарды атап айтуға болады.
Бұл қылмыстардың қоғамға және адамдар мен азаматтарғақауіптілігі өте
жоғары деп алсақ та қателеспейміз, өйткені бұл қылмыстар адамдар мен
азаматтардың құқықтарын тікелей шектеу мен яғни бас бостандығынан заңсыз
айыру мен пайдакүнемдік мақсатта жасалынады. Бұл қылмыстар көбінесе
өркениеті дамыған елдерде кеңінен тараған. Мысалы, АҚШ-та, Германияда тағы
басқа мемлекеттерде кең ауқымда кездеседі. Осы елдердің ішінде экономикасы
әлеуметтік жағынан да жоғары АҚШ мемлекетін алатын алатын болсақ, сол
мемлекетте әр жылдық жасалатын қылмыстардың 30-%-ін адам ұрлау қылмысы
құрайды екен,осыған байланысты осы қылмыс пен күресетін, осы мемлекет
тарапынан арнайы орган құқылған екен, бұл орган жалпылама осы қылмыстармен
күреуде кең ауқымды жетістіктерге қол жеткізген көрінеді. Өйткені осы орган
құрылғалы бері бұл мемлекетте бұл қылмыс әлде-қайда алдыңғы көрсеткіштен
төмендеген көрінеді.
Осы қылмыстардың ішіндегі адмды ұрлау қылмысына
тоқталатын болсақ, Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-тармағында адам ұрлау
қылмысының ауырлататыны көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Сақшы газеті №39 ,басылым.

-5-
Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі мынандай жағлайларда
болады;
-алдын-ала сөз байласып адамдар тобымен;
-бірнеше рет;
-өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып;
-қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды
қолданып;
-кәмелетке толмаған көрнеу адамға қатысты;
- екі немесе одан да көп адамдарға қатысты;
-кінәліге жүктілік жағдайында екендігі айқын әйелге қатысты;
-пайдакүнемдік ниетте жасалынса;
Ал енді бұл жоғарыда көрсетілген қылмыстардың қоғамға
қауіптілігі зардаптарына жекелеп тоқталатын болсақ.
Алдын-ала сөз байласып адамдар тобымен бір адам
арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы жасалуы мүмкін.
Бірнеше адамның бірлесуі арқылы қылмыс жасауының нәтижесінде жасалған
қылмыстың мәні мен одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам
жасаған қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс
жасағаны үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі
туындайды. Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін,
олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыс жасуындағы кінәсінің мәні мен
дәрежесіне қарай салыстру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының
ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор болып табылады. Жақ қылмыстың
заңда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың
(ұйымдастырушылар, орындаушылар, айдап салушылар мен
-6-
көмектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер және оларға
жаза тағайындаудыңи негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу
нысанының анықтамасы берілген.
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша, қылмыс жасаудың ерекше
нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға
қарағанда қылмысты осы нысанда жасаудың қауіптілік дәрежесі мен
келтіретін залалы да зор болып табылады.
Көптеген ауыр қылмыстарда атап айтқанда, бөтен біреудің
мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, адам ұрлау,әйел зорлау,
кісі өлтіру қылмыстары бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл қылмыстарға
қатысу нысанының ең қауіпті ең күрделісі және ең көп тараған түрі
алдын-ала сөз байласып, уәделескен түрі болып табылады.Алдын-ала
келісу деп қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттерді
орындағанға дейін, қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген
баптармен іс-әрекеттерді жасағанға дейін басқа бір адаммен де
келісімге кеуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты алдын-ала келісіп
істеудің белгілері, біріншіден, қылмысқа қатысулардың саны, екіден кем
болмауы керек. Екіншіден, олрадың қылмыс жасау туралы келісімі
қылмысты жасағанға дейін орын алады. Үшіншіден, белгілі бір немесе
бірнеше қылмысты жасау жөнінде болады.
Қылмысқа қатысудың бұл нысаны қылмыстық кодексте нақты қылмыс
құрамының негізгі немесе жетілдірілген белгілері немесе жауаптылықты
ауырлататын мән жайлар ретінде көрсетілген.
Ал екінші қоғамға қажеттілік дәрежесіне қарай екінші қылмысқа
тоқталатын болсақ, оол бірнеше реет жасалған қылмыс
-7-
бұл қылмыс, қылмыстық кодекстің белгілі бір бабында көзделген екі
немесе одан да көп әрекетті жасау, қылмыстардың бірнеше рет жасалуы
деп танылады. Сол сияқты кодекстің ереше бөлімінің түрлі баптарында
көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау, осы кодексте арнайы
көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше реет жасалған дап танылуы мүмкін.

Осы заңның мазмұнына сәйкес қылмысты бірнеше мәрте жасады тану
үшін, бірінші және одан да кейінгі қылмыстарды жасауда уақыты жөнінен
үзіліс болуы және қылмыстық жауапқа тартудың ескіруі болмаса, егер
сотталған болса, сотталғандықтан арылмаған болса немесе сотталғаны
жойылмауы негізі шарт болып табылады. Егер бұрын жасаған қылмыстары
үшін, оны жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылған
болса немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін
сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса, қылмыс бірнеше
жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмыстар да бірнеше
мәрте жасалған қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы
және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Бұл қылмысты жалпылама бұлай
болу мақсаты қылмыстың қауіптілігімен жасалу сипатын оның табуына
үлкен үлес қосады.
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен
дәрежесіне қармастан кез-келген басқа бір қылмысты қайталап
жасаушылықты айтамыз.
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы деп- адамның
ұқсас немесе бір тектес қылмысты іс-әрекетті жоғы да жасауы болып
табылады.
-8-

Бірнеше мәрте қылмыс деп- тану үшін кінәлі адам бұрынғы
қылмысы үшін сотталады немесе сол іс-әрекеті үшін ол әлі де қылмыстың
жауапқа тартылмауы қажет. Бірнеше мәрте қылмыс жасады деп-тану үшін ол
әлі қылмыстың жауапқа тартудың мерзімі ескерілмеуі, сондай-ақ оның
сотталғандығы жойылмауы немесе одан арылмауы қажет.
Бұрынғы жасаған қылмыс біткен не бітпеген, кінәлінің сол қылмыс
үшін орындаушы ретінде немесе қылмысқа қатысушы ретінде қатысуына
қарамастан тағы да жасаған қылмысы, іс-әрекеті бірнеше мәрте жасалған
деп танылады.
Бұл қылмыстар көбінесе қатаң жазаларға соқтырады, өйткені бұндай
қылмыстар бірнеше рет жасалған қылмыстарға жатқызылады.
Қауітілігі жағынан үшінші қылмыс-адамдар мен азаматтардың өмірі
мен денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалынады. Бұл қылмыста адам
ұрлау қылмысының ауырлататын мән-жайларының бірі болып табылады. Заң
адамның жасы мен денсаулығына қарамастан кез-келген адамның өмірі мен
денсаулығын бірдей қорғайды.
Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен
бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген
уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқынынан дыбыс
беруінен басталады делінген. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып
табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып бөлінеді. Тыныс алуы
мен қанның айналысы тоқталғаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық
өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл
кезең
-9-
10 немесе бұдан да көп минутқа созылады. Адамның басқа органдары мен
міндерінің өміршендік белгілері, біразға жалғасқаны мен мидың өлуі
адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірі
нің соңғы сәті биологиялық өлім болып табылады.
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы-оның негізгі
байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі-жалпы
мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір
қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге
аса назар аударып, халықтық денсаулық сақтау мәселесенің шешілуіне
белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршаиа септігін тигізуі
керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде
мемлекеттік бағдарламалар енгізлген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан
Республикасы Денсаулығын сақтау жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр.
Денсаулық дегеніміз–адам организімінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс
істеуі. Яғни адам организімінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол
жартылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір
функцияларды атқаруы.
Денсаулыққа қарсы жасалған қылмыстардың қоғамға қауіптілігі –
бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның
денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі
қоғамға қауіпті іс- әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең
қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады.
Адам денсаулығына зиян
-10-
келтіру көбінесе оның қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтың
міндеттері мен борышын атқаруынан, яғни сол міндеттерді нақты
орындаудан айырады. Бұл, яғни сол жәбірленушінің денсаулығына жеке
өзіне ғана емес, сондай-ақ оның туыстарына да үлкен әсерін тигізеді.
Сондықтан да адамдар мен азаматтардың бас-бостандығынан айыру
қылмысы да , басқа қылмыстар сияқты адам денсаулығына тікелей зиян
келтірмесе де, жанама зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы: Америка Құрама
Штаттарының 2003 жылы Мексика штатында болған қанды оқиға. Тим
Робертсон деген Мексика штатының азаматы сол, Штаттың қалталы деп
саналатын азаматы Луис Гринбергтің бір ұл, бір қызын қоса ұрлап, одан
50000$ АҚШ долларын талап еткен.
Ол хабарды естіген Луис Гринберг атты азамат, яғни ұрланған
балалардың әкесі полиция қызметкерлеріне хабарлайды, оны біліп қойған
Тим Робертсон балаларын хайуандықпен қорлап, 11жасар ұрланған қызды
зорлап, баланың денесіне ауыр түрде дене жарақатын сала отырып,
балаларды тірі күйінде тастап кетеді. Полиция қызметкерлерінің шұғыл
жұмыс атқаруларына байланысты қылмыскерді ұстайды. Мексика соты
қылмыскер Луис Гринбергке өмір бойына бас-бостандығынан айыруға Үкім
шығарылады.
Осындай қанды оқиға біздің енді өркендеп келе жатқан мемлекетіміз
Қазақстан Республикамызда болған және болуы да әбден мүмкін. Сондықтан
да адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы
болып табылады

Казахстансякая Полиция №2 (79). Журнал МВД РК.
-11-

Адам ұрлау қылмыстың келесі ауырлататын жағдайларының бірі болып
табылатын, егер қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды
қолданып адам ұрлау қылмысын жасаса.
Қаруға: ашылатын және суық қарулар жатады.
Ашылатын қаруға: тапанша, автомат, гранатамет, мылтық, граната, мина
және басқа да жарылатын заттар жатады.
Қару ретінде пайдаланылатын заттарға жәбірленушінің өмірі мен
денсаулығына қауіп туғызатын, соның көмегімен олардың өмірін жоятын,
оларға дене жарқатын келтіретін кез-келген заттар жатады. Мысалы:
пышақ, балта, қанжар, тапанша және тағы басқалар. Осы заттардың алдын-
ала адам ұрлау қылмысын істеуге бейімделуі немесе кінәлінің
пайдалануы, қылмысты саралауға ешбір әсер етпейді. Ең бастысы осы
көрсетілген заттар адам ұрлауда жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына
қауіп келтіретін қару ретінде қолданылуы қажет болып саналады.
Қаруды немесе басқада заттарды қолдану деп-кінәлінің, оның
адамның денсаулығына зиян келтіру үшін шын мәнінде пайдалануы немесе
ұрлау барыснда оны дереу қолданбақшы болып, қорқытатын әрекеттерді
жасауы болып табылады.
Кәмелетке толмаған көрнеу адамға қатысты жасалған қылмыста,
қылмыстың ауырлататын түріне жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында неке мен отбасы,
ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата мен ананың табиғи құқығы мен
әрі парызы.

-12-
Кәмелетке толмаған еңбекке қабілетті балалар, еңбекке жарамсыз
ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті-делінген. Бұл көрсетілген
қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі
ережелеріне сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы
Жалпылама бірдей Декларцияда “Азаматтың құқықтар туралы’’ 1966 жылғы
халықаралық фактіде отбасы қоғамынан табиғи негізгі ұясы және ол
мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989
жыл 20- қарашада қабылданған “ Бала құқықтары жөніндегі!” конвенцияда
да балалардың азаматтық саяси әлеуметтік құқықтарының қорғалуына
ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасы да Кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық
құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда
болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық құқықтық жолмен қорғауға
ерекше мән береді.
Осы жоғарыда айтылған халықаралық қабылданған Декларациялар мен
заңдарға негіделе отырып, Қазақстан Республикасының Құқық Кодексі де
өз қызметін жүзеге асырады.
Кәмелетке толмаған көрнеу адамды ұрлау әртүрлі ниетте болуы
мүмкін. Мысалы: ақша талап ету, заттай немесе қозғалатын немесе
қозғалмайтын мүліккеи айырбастау не сату пайда үнемдеу мақсатта
жасалынуын айтамыз.
Тағы бір ауырлататын мән- жайға жататын жағдай, ол кінәліге
жүктілік жағдайында екендігі айқын әйелге қатысты
жасалынса.
Кінәліге жүктілік жағдайында екендігі айқын бола тұра, жасаған
іс-әрекеті қылмысты ауырлататын мән-жайларға соқтырады.
-13-

Адам ұрлаудың бұл түрі жәбірленушінің айрықшы жағдайына орай,
көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Осы құрамның болуы үшін,
ең алдымен ең міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез-келген
ұзақтығы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі
керек.
“Белгілі” деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті
екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың
толық растығына оның күмәнінің болған, болмағандығы маңызды емес, ең
бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен
немесе бұл туралы, басқалар туралы хабардар болады.
Егер айыпкер жүктілік
жөніде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел екен деп ұрласа, онда
оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы тұрғыдағы қылмысқа
оқшалғандық ретінде сараланады.
Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған қылмыстық
әрекет, жауапкершіліктің ауырлататын түріне жатады. Көп адамды ұрлау,
екі немесе одан да көп адамды ұрлау ниеті пайдакүнемдік мақсатында
жасауы немесе құлдыққа салып жұмыс істеуін айтамыз.
Қазақстан Республикасы мемлекетінің басты міндеттерінің бірі-
өз азаматтарының заңды құқықтары мен бостандықтарын барынша қорғау
болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі
халықаралық нормаларда толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге
асыруға толық кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең
қымбат қазына “адам және адам өмірі, құқықтары мен
-14-
бостандықтары” деп белгіленген. Қазақстан Респбликасы Конституциясында
белгіленген ережелерге сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары
танылады және Оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге туымысынан жазылған, олар абсолютті деп
танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де онрмативті
құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы, осыған қарай анықталады,-
делінген Конституцясының 1,2 тармағында.
Пайдакүнемдік ниетте жасалынса: адам ұрлау қылмысы сондай-ақ
пайдакүнемдік ниетте де жасалынады, яғни бұд да қылмыстың ауырлататын
ауырлататын түріне жатады. Пйдакүнемдік мақсатта жасалған қылмыс,яғни
адам ұрлау кінәлінің пайдакүнемдік ниетінің болуы.
Пайдакүнемдік ниетте адам ұрлау, мысалы: жәбірленушінің ата-
анасынан ақша талап етуі арқылы жасалуы мүмкін немесе әртүрлі құнды
мүліктерді талап етуі арқылы пайдакүнемдік ниетін іске асыруы болып
табылады. Мұндай жоғарыда тоқталып кетекен қылмыстық әрекеттерді жүзеге
асырған адамдар Қазақстан Республикасы Құқық Кодексінің 125-бабымен
қылмыстың жауапкерлікке тартылады. Осы баптардың бірінші немесе екінші
бөліктерінде көзделген әрекеттерді, егер оларды:
- ұымдасқан топ жасаса: Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін,
күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ
жасаған қылмыс болып саналады.
Мұндай ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстардың белгілері:

Бала құқығы жөніндегі конвенция. Алматы 2000.
-15-

Біріншіден-қылмысқа кем дегенде екі адам қатысады;
Екіншіден-ондай қатысу алдын-ала қасақана бір немесе бірнеше қылмыс
жасау жөнінде келісіледі
Үшіншіден, қылмыстық топ тұрақты топқа жатады. Алдын-ала ұйымдасқан
тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте қылмыс жасау жөнінде күні
бұрын, яғни қылмысты жасағанға дейін , өзара келісіп қылмыс істеудің
жоспарын құрадың, қылмысқа қатысушылардың өзар қатысушылардың белгілі бір
рөлдері атқарылуы арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыпуды қамтамасыз
етеді.
Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе орындалуына басшылық еткен
адам,сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық
немесе оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы болып танылады.
Ұйымдастырушы тек қана қасақаналықпен әрекет жасайды. Ол өзінің
әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра, содан туындайтын зардаптардың
болуын біле тұра, болжай тұра, сол зардаптың болуын тілеп істейді. Яғни
қорыта айтқанда, ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың барлығының қылмысты
әрекетінің біріктірушілері болады және сол үшін де өзі ұйымдастырған нақты
қылмыс құрмының санициясына сәйкес жазаға тартылады. Ұйымдасқан топ
қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданса, онда ондай топ, қылмыстың
сыбайластыққа айналып кетеді. Сол сияқты қылмыстың сыбайластыққа бір топ
адам, бірнеше ұйым қылмысты әрекеттермен шұғылдану үшін,тұрақты құрылымға
бірігеді. Ұйымдасқан топпен қылмыс істеуде мұндай белгі болма
Қазақстан Ресми Конституциясы. Алматы 2001
-16-

- Ұрланған адамды кәсіпқұмарлық немесе өзгеше пайдалану мақсатында
жасалса.
Ұрланған адамды нәпсіқұмарлық немесе өзге де пайдалану мақсатында
әртүрлі ниетте жасауы мүмкін. Кәсіпқұмарлық жағдайында адамды ұрлаған
жыныстық қылмыс жасауын айтамыз. Жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі
өте зор және ол кең өріс алған қылмыстардың бірі болып саналады. Оның
қоғамға қауіптілігі сол мұндай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын
жыныстық бостандығына және жыныстық бостандыққа қол сұғушылыққа қасақана
қол сұғу арқылы, оларға моральдық рухани адамгершілік тұрғысына зиян
келтіре отырып, жеке тұлғалар мен адамдардың өміріне, денсаулығына зор
қатер туғызады.
Нәпсіқұмарлық жағдайында жыныстық қатынас жасау және өзгеше
пайдакүнемдік жезөкшеікке салу арқылы сату ниетінде пайда табу. Осы
аталғандардың барлығы қылмыстың ауырлататын түріне жатады.
Дәл осы қылмыс қазіргі кезде біздің Тәуелсіз Қазақстанымызда да
үлкен бір проблемаға айналып отыр. Пайда табу мақсатында жас жеткіншек
аяулы қыздарымызды заңсыз бас-бостандығынан айырып, оларды өз еркінен тыс
жыныстық қатынасқа түсіріп, пайда тауып отыр. Бұл қылмыстар өз
мемлекетіміздің жыл сайынғы қылмысты статистикалық мәліметіне қарайтын
болсақ, жалпылама жасалынып жатқан қылмстардың 25% пайызын құрайды екен.
Соның ішінде 15% пайызы ұрланған адамды нәсіпқұмарлық немесе өзге де
пайдалану мақсатында жасалған қылмыстық әрекеттер құрайды екен. Қазіргі
кезде жас мелекетіміздің құқығын қорғау органдары, бұл қылмыстармен
белсенді түрде күрсуде. Менің өз ойымша, бұл
-17-
қылмыстар жөнінде, осы қылмыстардың алдын алу мен күресудің бірден-бір
жолы, өркениеті дамыған Германия мемлекетінің методикасын қолдану болып
табылады. Ол мемлекетте арнайы осы қылмыспен күресетін орган құрылған екен,
ол органдарда жұмыспен
атқаратын адамдар, сол мемлекеттің жоғарғы оқу орындары мен орта білім алып
шығатын мектептерінде арнайы балаларға, осы қылмыс жайында сабақтар
өткізеді екен және тәрбиелік мәні бар, балалардың тура жолмен жүріп-тұруына
осы қылмыстық қоғамға, жалпы мемлекетке түсіретін ауырлық дәрежесін
түсіндіреді екен.
Біздің жас енді даму үстінде келк жатқан Қазақстан мемлекетіміз
өркениетті мемлекеттермен осындай қоғамға ауырлығы өте жоғары қылмыстардың
алдын алу жөнінде іс-тәжірибе практикасымен алмасуымыз қажет деп санаймын.
-Абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге де ауыр зардаптарға
әкеп соқса, көрсетілген қылмыс құрамының аса ауырлататын түрі болып
табылады.
Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардан келктін
зардаптардың жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды.
Техниканың, тұрмыстық химяның, көліктің әр түрінің дамуының,
экалогия саласында жол берілетін ұқыпсыздық салдарынан болатын абайсыздық
қылмыстары туралы жауаптылық мәселесі қазіргі уақытта ең көкейасты
мәселелердің бірі болып отыр.
Абайсыздық туралы ұғым қылмыстық заңда берілген (21-бап). Онда
менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсызда жаслған әрекет
қылмыс деп танылады. Яғни кінәнің абайсыдық нысаны екі түрге бөлінеді-
менмендік және немқұрайлық.
Адамдардың бас-бостандығына қарсы қылмыстардың тағы бір түрі – ол
Қазақстан Республикасы Құқық Кодексінің 126-бабында
-18-
адамды , оны ұрлауға байланысты емес, бас- бостандығынан заңсыз айыру үшін
жаүаптылық белгіленген.
Бұл құрал Қазақстан Кодексінің 125-бабында көрсетілген ұқсас. Одан
айырмашылығы адам өзі тұратын жерден басқа жерге ауыстырылмайды, өлтірілген
немесе денсаулығына зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға
шеек қойылады, егер бұл талапты орындамаса, оған ескертілген зиянның
келтірілуі есіне салынады.
Бұл Қылмыстың тікелей объектісі- адамның жеке басының бостандығы,
қосымша тікелей объектісі-адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі.
Қосымша тікелей объекті дегеніміз-қылмыстың заң бойынша қорғалып, негізгі
объектіге зиян келтірілгенде немесе зиян келтіру қаупі болғанда, жол-
жөнекей оғанда қауіп туатын, тағдыры негізгі тікелей объектімен байланысты,
объектіні айтамыз.
Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін, объективтік
жағына қылмыс адамды, оны ұрлауға байланысты емес жағдайда, бас- бостандығы
мен айырумен сипатталады. Яғни жәбірленушінің еркін жүріп –тұруына,
қимылдауына, ойындағы іс-әрекетін асыруына тиым салынады немесе оны бір
тұрғын жайға
жауып қояды немесе байлап, қорқытып зорлықпен ұстайды, өз тілегі боынша
адамдармен кездесу құқығынан айырады.
Бұл Қылмыстың жасалуы тәсіліне жәбірленушіні күш қолданумен
немесе күш қолданбақшы болып қорқыту болып табылады. Бұл қылмыс құрамы
формалды болып саналады.
Формальдық қылмыс құрамы деп- зардабы болмайтын қылмысты айтамыз,
тек бір ғана заңдылық белгіден қоғамға қауіпті іс-әрекеттен (әрекет немесе
әрекетсіздіктен) құрылған қылмыс құрамы.
-19-

Адам бас бостандығынан заңсыз айрылған уақыттан бастап, қылмыс
аяқталған деп танылады. Заңсыз бас- бостандығынан айыру мерзімі қылмысты
саралауға әсер етпейді.
Субъектік жағынан қылмыс тікелей қасақана жасалынады. Тікелей
қасақаналықта адам іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық
қауіптілігін ұғынады, қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қоймайтындығын
немесе болу мүмкін екендігін алдын-ала біледі және оның болуын тілейді.
Тікелейқасақаналықта болжаудыңмазмұнын, іс-әрекеті арқылы келтірілген
зардаптың арасындағы себепті байланысының белгілері құрайды. Яғни тікелей
қасақаналықты, іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін сезіну, сол әрекетті
немесе әрекеттенсіздіретін тікелей туындайтын зардаптың мәнісі мен мазмұнын
түсінуді айтамыз.
Қылмыстың ниеті әр түрлі болуы мүмкін: қызғаныш, кек алу, бұзақылық
және тағы басқа болуы мүмкін .
Қылмыстық ниет деп- белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей
түрткі болуына байланысты, адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы
түрде қылмыс жасауға бел бууын айтамыз.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс адам Қылмыс жасаған,
яғни субъектісінің қажетті белгілерінің бірі, қылмыс жасаған адамның есінің
дұрыстығы. Лауазымды адамдардың мұндай әрекеттері Қазақстан Республикасының
тиісті басқа баптары саралануға жатады. Осы қылмыс құрамының ауырлататын
және аса аүырлататын түрлері Құқық Кодексінің 125-бабында көрсетілген
белгілерге ұқсас болуы тиіс.
Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру қылмысы.

-20-

Бұл қылмыста адамдардың бас-бостандығына бағытталған қылмыстардың бірі
болып табылады. Бұл қылмыс Қазақстан Республикасы Құқық Кодексінің 127-
бабында орналасқан.
Жалпылама заң бойынша психиатриялық стацинорға орналастырудың негізі
және тәртібі Қазақстан Республикасының Психиатрялық көмеқ көрсету және
азаматтарға ондай көмек көрсетуге байланысты кепілдіктер туралы, арнаулы
заңдарында көрсетілген реттерде ғана беріледі. Осы заңға сәйкес психиатрия
мен стационарға осындай дертпен ауратын адамдар тек қана дәрігерлік-
психиатриялық комиссияның тиісті қортындысына немесе сот қаулысына сәйкес
орналастырылады. Сау адамды психиатриялық стационарға орналастыру заңсыз
болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі – адамның адамның бостандығын
реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Объективті жолмен қылмыс адамды психиатриялық стационарға заңсыз
орналастыру немесе заңсыз ұстау арқылы сараланады.
Заңда көрсетілген негіздер бойынша немесе жалған рұқсаттар жасауы
жолымен сау адамды психиатриялық стационарға орналастыру осы мекемелерге
заңсыз орналастыру болып табылады.
Емдеу мерзімі өткен немесе сауыққан адамды шығарудан бас тарту,
психиатриялық стационарда заңсыз ұстау деп танылады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады, ол адамды психиатриялық стационарға
заңсыз орналастырған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Қылмыстық формальдық құрамдары дегеніміз-қылмысты аяқталған деп санау
үшін,қылмыстың заңда көзделген әрекетті жасау шешкілікті болатын
құрамдар:бұл жерде салдардың қылмыстың
-21-
міндетті белгісі болуы шарт емес. Егер де қоғамға қауіпті салдар іс жүзінде
туындаған болса, онда ол формальды құрамда не саралаушы белгілер рөлін
атқарады немесе жаза тағайындағанда ескеріледі.
Кей жағдайларда заң шығрушы қылмыстың аяқталу кезін алдын – ала
қылмыстық әрекет кезеңдерінің біріне-Қылмысқы немесе оқталу кезіне
жатқызады.
Субъективті жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпне
жасаланады, тікелей қасақаналықта адам қоғамға қауіпті зардаптың болуын
тілейді.
Қылмыстық ниеттің іс-әрекеті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза
тағайындалғанда ескерілуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі- заңсыз психиатриялық стационарға орналастыруға
немесе заңсыз ұстауға шешім қабылдаған адамдар (дәрігер, психиатор, емдеуші
дәрігер немесе жалған құжат дайандаған психиатор дәрігер, сондай-ақ қаулы
шығарған судья), басқа 16-ға толған адамдар осы қылмыстық ұйымдастырушысы,
айдап салушысы немесе көмектесушісі болуы мүмкін.
Адам ұрлау қылмысы мен психиатриялық стационарға заңсыз
орналастыру қылмысы екеуінің айырмашылығы ,адам ұрлау қылмысында алдынала
сөз байласып адамдар тобымен бірлесіп жасауы,бірнешерет қайталауы, өмір мен
денсаулыққа қауіпті күш қолданып жасаса,қару немесе қару ретінде
пайдаланатын заттарды қолданып,кәмілетке толмаған көрнеу адамға
қатысты,пайдакүнемдік ниетте жасалса,ҚК-тің 125 ба-
бында,бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды
ұйымдасқан топ жасаса, ұрланған адамды нәпсі құмарлық немесе өзгеше
пайдалану мақсатындажасалса, абай- сызда жәбірленушінің өлуіне немесе
өзгеде ауыр зардаптарға әкеп соқса
-22-
көрсетілген қылмыс құрамының аса ауырлататын түрі болып табылады.
Ал психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
қылмысында,қылмыстың ауырлататын түрі,егер пайдакүнемдік ниетте
жасалса,адам өз қызымет бабын пайдаланып жасаса, абайсызда жәбірленушінің
өліміне немесе өзгеде ауыр зардаптарға әкеп соқса, осының бәрі қылмыстың
ауырлататын түріне жатады.
Пайдакүнемдік ниетпен жасалудың түсінігіне тоқтала-
тын болсақ, кінәлі немесе басқада адамдар үшін материалдық пайда табу
немесе материалдық шығындарын құтылу мақсатында жасалған адам ұрлау немесе
психиатриалық стационарға заңсыз орналастыруды айтамыз. Материалдық пайда
ақша, мүлік, немесе мүлкіне,тұрғын үй алаңына, үшінші адамнан
сый ақы алуына құқықты алуы түрінде болуы мүмкін. Материал-
дық шығыннан құтылу,арызды өтеудің мүліктіқайтарудан, көрсетілген
қызыметке ақы төлеуден, алимент төлеу тағы басқа мақсатпен адам ұрлау
немесе психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру пайдакүнемдік мақсатты
білдіреді.
Іс- әрекетті пайда табу мақсатында жасалған қылмыс ретінде саралау
үшін кінәлінің мұндай ойы психатриалық стационарға заңсыз орналастыруға
дейін айқындау қажет. Егер бұл жағдай болмаса пайда табу мақсаты болмаған
психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру құрамы болып табылады. Пайда
табу мақсатымен психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру жағдайда
кінәлінің материалдық пайда табу немесе материалдық шығыннан құтылу
ниетінің болғандығын айқындау қажет. Егер бұл белгі айқындалмаса, онда
психиатриялық стационарға заңсыз орналастыруды пайда табу мақсатында деп
саралауға болмайды.
-23-

Адамның өз қызмет бабын пайдаланып , психиатриялық стационарға
орналастыруға ықпал жасауы, қылмыстық кодекстің 127-бабы 2-тармағының б-
тармақшасы мен саралануға жатады.
Абайсызда жәбірленушінің өлімге душар болуы заңсыз психиатриялық
стационарға орналасқанына ыза болған адамның өзін-өзі өлтіруі немесе есі
ауысқан аурулардың жабылып өлтіру салдарынан орын алуы мүмкін. Өзге де
ауыр зардаптарға жәбірленушінің ауыр, орта дене жарақатын алуы, өзінің
немесе туыстарының психиатриялық ауруына шалдығуы және тағы басқасы жатады.
Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру қылмысы да осы қылмыстар қатарына
жатқызуға болады. Бұл қылмыстың тікелей объектісі адамдардың бостандығы мен
еркіне бағытталады, ал қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің ар-
намысымен адамгершілігін жатқызуға болады.
Қосымша тікелей объект дегеніміз- қылмыстық заң бойынша қорғалып,
негізгі объектіге зиян келтіргенде немесе зиян келтіру қаупі болғанда жол-
жөнекей оғанда қауіп туатын, тағдыры негізгі объектімен байланысты
объектіні айтамыз. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қиянат
жасауды алайық. Бұл қылмыстың тікелей негізгі объектісі болып мықты
мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, дұрыс бірқалыпты
қызметі болады. Ал жеке адамдардың мүддесі мемлекет тағы басқа мүдделеріне
зиян келтірілуі арқылы қосымша тікелей объектілерге де қылмыстық қол
сұғылады.
Қылмыстың тікелей объектісі деп- қылмыстық заң қорғайтын нақты
қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей
бағытталуын айтады. Тікелей объект топтық объектінің бір
-24-
бөлігі және ол қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі болып
табылады. Тікелей объект бұл- нақты қылмыстың белгілі-бір мүддеге игілікке
тура бағытталуын білдіреді. Қылмыс объективтік жағынан адамдарды алдау
жолымен жасалған нәпсіқұмарлық және өзге де пайдалану үшін азғырып-көндіру
әрекеттері арқылы сараланады.
Қылмыстың өз әрекеті арқылы алдау тәсілін қолданып жүзеге
асырылады. Алдап жұмыс беру, қызмет көрсету, оқу-өндірістік істерді
ұйымдастыру арқылы адамдарды жиып алып, оларды нәпсіқұмарлық әрекеттермен
айналысуға, немесе өзгеде жезөкшелік, притон ұйымдастыруға тағы басқа
әрекеттер жасауға тартып пайдалану

үшін, азғырып көндіру мен ұштасады. Азғырып көндіруге алдау жолымен
жиналған адамдарға нәпсіқұмарлық артықшылығын, соның пайдасын құлағына
сіңіретін әртүрлі алдау арбаулар, айла-шаралар жасау жатады. Мысалы, ақшаны
молынан табуға әртүрлі мүліктерге ие болатынын айтып, нәпсіқұмарлық
әрекеттерге азғырып көндіруді айтамыз. Бұл қылмыстың құрамы формальдық, ол
адамдарға алдау әрекетін жасаған уақыттан бастап, аяқталған деп танылады.
Яғни алдап-арбау, азғырып-көндіру, әрекеттерін жасағаннан бастап қылмыс
аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік
мақсатпен жасалынады. Пайдакүнемдік мақсатта адамдарды азғырып-көндіру,
соның ішінде жезөкшелікке көндіру, притон ұйымдастыруға және тағы басқа
әрекеттер мен пайда табуды айтамыз.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез-келегн адам, лауазыыды
адамдардың қызмет бабын пайдаланып, жасаған мұндай әрекеттері, қызметін
теріс пайдаланғандық деп танылады:307.б.
-25-

а) адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша;
б) кәмелетке толмағандығы көрініп тұрған адамға қатысты
жасалған әрекеттер, осы қылмыстың ауырлататын түрі
болып табылады.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, ұйымдасқан топпен
жасалған немесе азғырып көндірілген адамдарды, Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге әкету мақсатында жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыстың аса
ауыр лататын түріне жатқызылады. (Қ.К-128-бап.3-тармақ.)
Жалпылама осы қылмыстардың ішіндегі ең ауыры және қоғамға мемлекетке
қауіптілігі жағынан бірінші орында тұратын адам ұрлау қылмысы, бұл
қылмыстың басқа қылмыстардан айырмашылығы, қылмыс құрамының объектісі мен
объективтік жағында, ал кейбір қылмыстардан субъектісі мен субъективтік
жағынан да бар.
Ал қылмыстардың басқа қылмыстардан ең басты айырмашылығы- адамды ашықтан
ашық немесе құпия түрде сондай-ақ біреудің сеніміне кіру арқылы оны алдап,
оның тұрған жерінен алып кетуге ниеттелген заңға қайшы қасақана түрде және
сонымен қатар оны еріксіз түрде бір жайдан басқа бір жайға алып- барып
ұстауында, яғни адамның қай жерден болмасын жүруіне және кез-келген жаққа
қыдыруына, баруына байланысты құқықтарының шектеуінде. Бұл қылмыстың
объектісіне тоқталатын болсақ, объектісі адамның жеке өміріне деген бас-
бостандығы, бұл қылмысқа қосымша объект ретінде сол ұрланған адамның
өмірімен денсаулығы алынуы мүмкін және бұл қылмыста жәбірленуші жасына,
жынысына, қызмет орнына тағы басқасына қарамастан кез-келген адам бола
алады.

-26-
Бұл қылмыстың объективтік жағының ерекшелігі адамды басып алуымен және
оның тұрақты немесе уақытша тұратын орнынан басқа жерге оның ықтиярынсыз
ауыстыру арқылы бас-бостандықтан айыратын әрекеттер мен сипатталады.
Адамды, яғни осы қылмыстың жәбірленушісін басып алған кезден бастап бұл
қылмыс аяқталған болып саналады. Ең бастысы жәбірленушіні ұрлауы фактісі
болып табылады, ал жәбірленушінің кінәлі қарамағында қанша уақыт болғаны
маңызды емес болып табылады. Бір айта кететін жәй, өзін-өзі ұрлауға
келіскен адам бұл қылмыс құрамын жояды. Яғни бұл қылмыс жәбірленушінің
еркінен тыс болуы қажет. Басқа ата-анасы қолында асырауында болған немесе
оның қамқорында болған және жақын туыстарының қолында болған Баланы оның
ата-анасының немесе оны асырап алған адамның оның келісімінсіз ұрлауы, адам
ұрлағандыққа заң бойынша жатпайды. Адам ұрлағандыққа көбінесе қылмыскер
тарапынан жәбірленушіге көп немесе ауыр зиян келтіру мен зорлайық немесе
басқа да қылмыстық әрекеттер айтылуы немесе сонымен ұштасқан әрекеттер
жасауын айтамыз, және бұл адам ұрлауда кінәлі тарапынан жасалған қылмыстық
мақсаты әртүрлі болуы мүмкін.
Қылмыстың субъективтік жағына тоқталатын болсақ. Бұл қылмыста
тікелей ниетпен сипатталынады, кінәлі өзінің басқа адамды заңсыз басып
алып, келісімін бермесе де оны басқа жерге алып барғанын ұғынады және сонны
тілейді. Бұл қылмыстың себебі тек пайда табу немесе кей кездерде басқа
жағдайлармен де жасалынуы мүмкін, бірақ саралаушы себебінде адамды қылмысы
пайда табу мақсатында көзделген. Бұл қылмыс қоғамға, мемлекетке, адам
өміріне қауіптілік жағдайы ауыр болғандықтан субъектісі 14-жасқа толған есі
дұрыс адам болып табылады.
-27-

Адамдардың бас-бостандығына қарсы қылмыстардың екінші бір
қылмысының ерекшелігіне тоқталатын болсақ, ол қылмыс адамдарды бас
бостандығынан заңсыз айыру қылмысы. Бұл қылмыс бірқатар кейбір нысандары
бойынша адам ұрлау қылмысымен аралас болып келеді.
Бұл қылмыстың объектісі адамның бас бостандығы болып табылады. Ал
объективтік жағының басқа қылмыстардан ерекшелігі адамды өз қалауы бойынша
жүріп тұру, тұратын орнын таңдау, басқа адамдар мен араласу бостандығын
заңсыз айыру мен сараланады. Бұл қылмыс жағдайында жәбірленуші қандай да
бір жәйда оның ішінде өз үйінде, оған немесе оның жақындарына күш қолдану
қаупі туып еріксіз ұсталуда немесе қамауда болады. Бұл қылмыстың тағы бір
ерекшелігі, адам ұрлау қылмысы сияқты бұл да адамды өз жерінен басқа жерге
апармайды адамды нақ сол жерде қамап, бас бостандығын шектеп отыруында.
Және бұл қылмыс болу үшін бас бостандығынан айыру заңсыз болуы тиіс.
Қажетті қорғану жағдайындағы, адам ұстағандығы, адам ұстағанда туындаған
өте қажеттілік жағдайындағы азаматтардың әрекеттері бас бостандығынан
заңсыз айырудың нышандарына жатпайды немесе мәжбүрлеу-тәрбиелеу мақсатында
ата-ананың кәмелетке толмаған өз баласын ұстау әрекеті қылмыстық
жауаптылыққа апармайды. Бұл қылмыс бас бостандығынан іс-жүзінде айырған
күннен немесе уақыттан бастап аяқталған қылмыс болып саналады.
Қылмыстың субъективтік жағының ерекшелігі тікелей ниетпен жасалуында
кінәлі өзінің жәбірленушіні еріксіз бас бостандығынан айырып отырғанын
ұғынады және тілеуінде. Бұл қылмыстың жасалуы

-28-
себебі пайда табу арқылы, бұзақылық, өш алу және басқадай болуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі 16-жасқа толған есі дұрыс адам. Басбостандық
құқығының тағы бір ерекшелігі бұл лауазымды адамдар тарапынан жасалатын
болса, ол онда бұл қылмысқа жатпайды.
Енді тоқталатын осы қылмыстар қатарына жататын қылмыстардың бірі- бұл
адамдарды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру қылмысы.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірде қабылданған
психикалық көмек көрсету және оны көрсеткен кезде, азаматтардың құқықтарына
кепілдік беру туралы заңында психикасы бұзылған адамды психиатриялық
стационарға орналастырудың тәртібімен негізі анықталып жазылған. Бұл
қылмыс адамдарды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда
заңсыз ұстау азаматтардың жеке бас бостандығына қол сұғатын қоғамға қауіпті
іс-әрекет болып табылады. Бұл қылмыстың құрамы жағынан ерекшелігі-
объектісі адамның жеке бас бостандығы болып табылады. Алобъективтік жағы
психикасын емдеуді қажет етпейтін адамды психиатриялық стационарға заңсыз
орналастырумен сипатталынады. Мұның басқа қылмыстардан ерекшелігі психикасы
көрнеу сау адамдарды мәжбүрлеп стационарға жатқызумен психикасы бұзылған
адамды психиатриялық стационарға аталған заңдар көрсетілген негіздерсіз
жатқызуымен сипатталынады.
Психиатриялық стационарға заңды түрде адамды сот шешімі негізінде,
ол орналастырылған адамды психиатриялық дәрігер мамандар 48 сағаттың ішінде
тексеріп шығуға міндетті. Ал егер ол адам, ол емдеуді қажет етпейтіндей
жағдайда болса, 24 сағат ішінде сотқа жіберілуге тиіс және сот науқасты
оның заңды өкілін,
-29-
прокурорды қатыстырып 5-күн ішінде қарайды, тиісті шешім қабылдайды.
Қылмыстың субъективті жағы тікелей ниетпен сипатталынады. Кінәлі
өзінің психикасы сау адамды оның еркінсіз стационарға заңсыз орналастырып
отырғандығын немесе психикасы бұзылған адамды ешқандай заңды негіздерсіз
орналастырғандығын ұғынады және соны қалайды. Бұл қылмысты жасаудың себебі
өш алу, пиғылы басқа адамды аластату тағы басқа қылмыстық пайда түсіруден
басқа себептері бұл қылмысты саралауға ықпал жасамайды, жазаны жеке
даралағанда ескеріледі.
Қылмыстың субъектісі жасы 16-жасқа толған есі дұрыс адам
( жәбірленушінің туысы және заңды өкілі тағы басқа адамдар болуы мүмкін).
Бұл қылмыстың тағы бір ерекшелігі адамқызмет бабын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары
АДАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқық бұзушылықтың түрлері
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Азаматтық құқық пен бостандыққа
Жыныстық қылмыстардың ұғымы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау
Пәндер