Несие формалары және түрлері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

1. Несие туралы ұғым, оның пайда болуы . . . 4

1. 1 Несие қатынастары, оның пайда болу тарихы . . . 4

1. 2. Екінші деңгейдегі банктерде депозиттік саясатты қалыптастыруы және даму мәселелері . . . 6

2. БӨЛІМ. Несиенің қажеттілігі мен мәні . . . 7

2 . 1 Несиелік операцияларға талдау. . 7

2. 2 Кіші бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасы . . . 8

3. БӨЛІМ. Несие формалары және түрлері . . . 11

3. 1 Коммерцялық несие . . . 11

3. 2 Банктік несие . . . 21

3. 3 Несие түрлері. . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

Кіріспе

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.

Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың

төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.

1 Бөлім. Несие тұралы ұғым және оның пайда болуы

1. 1 Несие қатынастары, оның пайда болу тарихы

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. өйткені, нарық кезінде несиелік қарым - қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.

Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым - қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.

Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп ( әңгіме төленетін процент жөнінде ), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама - қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетіп, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама - қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беру қажет. [ ] Бұл сауалдың жауабын жұмысымның келесі бабында толығымен талқылаймын.

Ақшадан кейін несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады. Мен осы пікірмен толығымен келісемін. Себебі, қол жеткізе алмай жүрген ісіңе немесе қандай да болмасын тауарларды сатып алуға немесе ісіңді алға басуда, қазіргі таңда банктер тарапынан үлкен жәрдем көрсетіліп жатыр.

Әзірше, қазақстандықтардың бәрі бірдей несие алып оны өтеуге қол жеткізе

алмайды. Бірақ, жұмыс жасап жүрген әр адам несие көмегімен қажеттіліктерін қанағаттандыратын уақыт та көп кешікпей келетін болады деген сенімдемін.

Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүдіктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық ( ростовщиченский ) несие деп аталды.

Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер - көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкенрер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгеінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті.

Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 %- дан 43 %- ға дейін көтеруге, ал кей жағдайларда 100 - 200 % -ға жеткізуге рұқсат етілді. Ескі өндіріс әдістері ыдырап, жаңа әдістер пайда болуына негіз дайындалды.

Сөйтіп, несинің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті. [ 98-99 ] Сонымен,

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементі.

Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу керек.

Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:

Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

1. 2 Несие - экономикалық категория ретінде

Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай - ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі - бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір - бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және де халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы.

Борышқор және қарыз алушы бір - бірімен жақын сөздер болғанымен дағы, олардың түсініктері екі түрлі. Мысалға, кәсіпоын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай - ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл тек ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

2 Бөлім. Несиенің қажеттілігі және мәні

2. 1 Несиелік операцияларға талдау

Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу керек. Тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.

Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып және өркендетілуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы құрайды.

Өндіріс құрал - жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық, өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым процесінде, олар бір нысанна екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым 3 сатыдан тұрады:

І - саты: құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал - жабдықтары сатылып алынады.

ІІ - саты: адамның, өндіріс құрал - жабдықтарды пайдаланып істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.

ІІІ - саты: дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны - ақша нысанына ауысады, тек бұрыңғыдан өскен мөлшерде ( өндірушінің таза пайдасы қосылады ) .

Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да, айналымды жеңілдететін немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады. Мысалы:

  • шикізаттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
  • тасымалдау жағдайының қиындылығынан дайын өнімді өткізудің кідіруі;
  • өткізілген өнім үшін немесе көрсетілген қызмет үшін, уақытында төленбеушілік т. с. с.

осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын, өндіру мен өткізу процесінің әр шаруашылықта бір кезден басталып, бір кезде аяқталмайтындығынан олардың кебіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал кебіреуіне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін, қосымша қаржы керек болады.

Дәлірек айтқанда, уақытша бос ақша мынадай жағдайлардан шығады:

  • әрбір шаруашылық, жұмысшы - қызметкерлерге еңбек ақыны екі рет, өткен 15(30) күнге төлейді, ал жұмысшы - қызметкерлер материалды құндылықты күн сайын жасайды. Сондықтан да соңғы еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі төлем күнге дейін шаруашылықта 15(30) күн ішінде күн сайын өсіп отыратын қаржы резерві пайда болады;
  • шаруашылық, өткізген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте жұмсап жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы болады;
  • өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде өндірістің негізгі құрал - жабдықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға арналған ақша бар - амортизация. Сол ақша да күрделі өңдеу жұмыстарын жүргізетін кезге дейін бос қаржы болып, шаруашылықтың есеп шотында қалады;

Сонымен, әрбір шаруашылықта, жоғарыда айтылған себептерге байланысты уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама - қайшылықтар туып отырады. Осындай қарама - қайшылықты реттеу үшін пайдаланатын бірден - бір экономикалық құрал осы несие болып табылады. Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналды. Кез - келген қоғам біріншіден, босаған ақшаның бекер, пайда түсірмей « өлі капитал » болып жатқанына құмар емес, екінші жақтан, экономикалық ұдайы және кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы .

2. 2 Кіші бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасы

Кіші және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық жән саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Кіші және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. Экономиканың осы сегментінде мықты ұлттық интелектуалды потенциал инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал шоғырланған. Бұлар үлкен бизнесті дамытатын негіз болып табылады. Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, кіші бизнес жалпы ішкі өнімнің 17% - ын құрайды. Мемлекетік бюджеттің 11% - ы осы салада кәсіпкерліктің төлемдерінен құрылады. 2005 жылы ЖІӨ - дегі кіші бизнестің үлесін 30% - ға жеткізу мақсаты қойылды. Қазақстанда кіші бизнес сауда делдалдық және қызмет көрсету салаларында жақсы дамуда. Ал анқты сектор мүлдем дамымай жатыр десе де болады.

ҚР-ның сауда және индустрия министрлігінің мәліметі бойынша кіші және орта бизнеспен өндірілген өнім 3% -ды құрайды. Ал кіші және орта бизнестің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен. Сондықтан да кіші және орта бизнестің инновациялық техникалық саладағы жаңалықтарды енгізіп жұмыс істеуі өте маңызды. Шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие:

4) Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын қамтиды.

5) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз мүмкіндіктерін қолдану.

6) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.

7) Шағын фирмалар ірір компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді.

АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының зерттеулері бойынша ірі компанияларға қарағанда шағын фирмалар 2, 5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі инновациялардың 50%-ы шағын кәсіпкерлік саласымен жасалынған, ал соңғы өнеркәсіпке енгізу процесі шағын кәсіпкерлікте 1 жылға ертерек іске асырылады. Осының бәрі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын арттыра түседі.

АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Оңтүстік Кореа және тағы басқа мемлекеттердің кіші кәсіпкерлікті және инновациялық шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты мынадай бағыттарды ұсынады: барлық мәселелерді жүйелі шешу; қаржы-несиелік қодаудың мықты және тұрақты нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі; кіші бизнес субъектілерін несиелендірудің мемлекеттік кепілдемесі; аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту шаралары, әсіресе, экономикалық нашар дамыған аймақтарда; қаржы-несие және салық саласындағы жеңілдіктер; ірі компаниялар мен кіші бизнес арасындағы корпоративті байайланыстарды күшейту; жаңа технологиялар саласында инновациялық қызметті қолдау; қаржы-несие институттарының дамыған инфрақұрылымы; инновациялық жобаларды несиелендіруде жеңілдіктерді беру.

Қазақстанда тіркелген 135, 1 мың кәсіпорынның 70%-ы жұмыс сітеп жатыр, 45%-ы белсенді жұмыс істеп жатқандар, оның ішінде инновациялық шағын кәсіпорындар үлесі 6%-ды құрайды. Олардың көбісі Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Қарағандыда шоғырланған. Ал енді осы несие алу көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, банкттердің несиелері көбіненсе сауда, өндіріс және ауыл шаруашылығында шоғырланған. Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында кіші және орта бизнесті несиелендіру жағдайын мына кестеден көруге болады.

Кесте 1.

ҚР-дағы дәрежелі банкттермен кіші бизнес субъектілерін

Несиелендіру (1999-2003ж. ж. ) млрд. тенге.

Көрсеткіштер 1999 2000 2001 2002 2003

Экономикадағы 148, 8 276, 2 489, 8 672, 4 825, 6

несиелердің жалпы

көлемі млрд. теңге

Оның ішінде КОБ 39, 9 74, 2 122, 0 145, 4 167, 5

Несиелердің жалпы 26, 9 26, 9 24, 9 21, 6 22, 6

үлесінде ҚОБ

несиелерінің үлесі

Кестеден көріп отырғандай, кіші және орта бизнеске берілетін несиенің үлес салмағы жалпы несие үлесінде 1999 жылға қарағанда 2003 жылы төмендеген, ал ақшалай қатынаста бұл аралықта өскен, яғни 39, 9 млрд-тан 167, 5 млрд-қа өскен. Бұл жалпы экономикамызды несиелендірудің жылдан жылға жақсы қарқынмен өсіп келе жатқанын көрсетеді бірақ та, оған қарамастан үлес салмағы түсіп кеткен. Бұл қазіргі кездегі кіші және орта бизнесті несиелендіру төмендеп, керісінше несиелердің басқа салаларда өскенін көрсетеді.

3 Бөлім. Несиенің формалары және түрлері

3. 1 Коммерцялық несие

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.

Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді.

Несиенің формасы- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл екі несие бір - бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т. б. жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несиенің формалары және түрлері
Несие. Несие формалары мен түрлері
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Ссудалық пайыздың мәні
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Несиенің қажеттілігі және мәні
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz