28 Панфиловшының ерліктері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

Факультеті Заң

СӨЖ

Òàºûðûáû: 28 Панфиловшының ерліктері

²àáûëäà¹àí: т. ғ. к., доцент

Нүрбетова Г. О.

Îðûíäà¹àí: Рахымов Б.

Тобы: ЗҚТ-111о

Түркістан - 2011 ж

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. 28-Панфиловшының ерліктері

2. Фамилияластар

3. Жеті жыл лагерь тұтқыны

4. Құпиясы ашылған деректер

5. Шындықты бұрмалауға көзқарас

6. Қазір артымызда не тұр?

7. Түрлі ұғым

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

28-Панфиловшының ерліктері

28 панфиловшылар жайлы аңыз әлдеқашан сейілгенімен Қазақстанда советтік насихаттың ықпалы әлі басым.

28 гвардияшы-панфиловшылардың ескерткіші. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.

1941 жылдың қараша айында Дубосеково разъезінде болды делінген 28 гвардияшы-панфиловшылар ерлігінің тарихы жоққа шығарылуда. Соғыс біткен соң 65 жыл өтсе де, бұл тарихқа көзқарас әрқилы. Бірақ ертегінің әшкере болғандығы жайында Қазақстанда ашық айтылмайды.

1942 жылдың 22 қаңтарында «Красная звезда» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі Александр Кривицкийдің «28 батыр туралы» очеркі жарық көрді. Онда 1941 жылдың күзінде Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының 28 панфиловшы-батырларының ерліктері жайында егжей-тегжейлі баяндалды.

Алайда әскери басылымдағы очерк майдандық тілші Василий Коротеевтің 1941 жылдың 27 қарашасындағы «мерт болған 28 батырдың өсиеті» атты мақаласының ізімен жазылды. Онда толып жатқан сәйкессіздіктер бар болғандықтан қазіргі ресей тарихшылары оны «насихаттық қиял», «шындыққа сай келмейді» деп тапты.

Александар Кривицкийдің сол кездері жазған атақты жолдары Совет Одағындағы соғыстан кейінгі миллиондаған комсомолдардың есінде қалғандығы анық:

«Елуден астам жау танкісі Панфилов атындағы дивизияның жиырма тоғыз советтік гвардияшылары қорғаған шепке жылжып келеді. Жиырма тоғыздың ішінен біреуі ғана жігерсіздік танытты . . . олардың біреуі ғана қолын жоғары көтерді . . . бірнеше гвардияшы бір мезгілде, келіспестен, бұйрықсыз, қорқақ, сатқынды атып салды . . .

Соғыс төрт сағаттан астамға созылды. Бұл кезде жаудың 14 танкі майдан даласында қимылсыз қалған еді. Сержант Добробабин мерт болды, қызыл әскер Шемякин де қаза тапты . . . Конкин, Шадрин, Тимофеев және Трофимовтар да жан тапсырды . . . Көзі қызарып кеткен Клочков жолдастарына қарады. «Достар, отыз танкі екен, - деді ол жауынгерлерге, - бізге осы жерде өлуге тура келетін шығар. Ресей кең байтақ, бірақ Саяси жетекші Клочковтың әйгілі сөзі - 28 гвардияшы-панфиловшылардың ескерткішінен көрініс. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.

Шегінерге жер жоқ - артымызда Москва . . . Саяси жетекші Клочковтың әйгілі сөзі - 28 гвардияшы-панфиловшылардың ескерткішінен көрініс. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.

Екі қолын кеудесіне айқастырып алған Қожабергенов сақылдап тұрған жау пулеметінің аузына барып құлады . . . Барлық жиырма сегіз адам жан тапсырды».

Алайда, майданда да, тылда да жапатармағай оқылған атақты очеркте келтірілген фактілер соғыс кезінің өзінде-ақ панфиловшылардың өздерінің де, «тиісті» органдардың да тарапынан көптеген сауал туғызды.

Фамилияластар

Алғашқы күмәндар соғыс кезінің өзінде-ақ, 28 панфиловшының алтауы кенеттен «тіріліп» кеткенде пайда болды. Және олардың әскери тағдырлары да қарама-қайшылыққа толы болатын.

Қазір ашылған дерек көздерінен белгілі болғанындай, 1942 жылы «ерекше бөлім» қызметкерлері немістерге өз еркімен тұтқынға түскен әлдебір Даниил Қожабергенов деген қызыл әскерді тұтқындайды. Ол бірден Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизияның жауынгері болғанын мойындайды.

28 гвардияшы-панфиловшылардың бірі Даниил Қожабергеновтың құрметіне қойылған тақтайша. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.

Оның саяси жетекші Василий Клочковтың байланысшысы болғандығы, сол атақты соғыс болатын күні таңертең Дубосековоға хабар алып кеткені, сөйтіп сол жерде тұтқынға түскені белгілі болады. 16 қараша күні кешке Даниил Қожабергенов тұтқыннан қашып шығып, орманға кіріп кеткен. Біраз уақыт өткен соң оны Лев Доватордың атты әскерлері жау тылынан тауып алған.

Атқыштар полкінің командирі бұл жағдайдан жол тауып кетеді. Сөйтіп ол жоғарыға рапорт жазып, бұрынғы жазбада қате кетіп қалғанын хабарлайды. Осылайша, Даниил Қожабергеновтың орнына сонымен фамилиялас, 1942 жылы Панфилов дивизиясына келе салып опат болған Асқар Қожабергенов қайтыс болғаннан соң Совет Одағының Батыры атағын алады. Осылайша, батыр атағын алған фамилиялас жігіт Дубосековоның түбіндегі сол бір атақты шайқасқа қатысуы еш мүмкін емес еді.

Әскери тілшінің қиялымен «екі қолын кеудесіне айқастырып, жау пулеметін кеудесімен жапқан» Даниил Қожабергенов «тіріліп» шыққан соң бірден майданға жіберіледі. Белгілі деректер бойынша, ол ауыр жараланып, елге қайтқан. Зейнет демалысына шыққанша Даниил Қожабергенов от жағушы болып жұмыс істеген. Өмірінің ақырын Алматыда өткізіп, 1976 жылы қайтыс болған.

Жеті жыл лагерь тұтқыны

Майданда қаза тапқан соң марапатталғандардың тізімінде бірінші болып тұрған Иван Добробабиннің тағдыры одан да қиындау болды. Ол 1947 жылы қарашада Украинада тұтқындалып, мемлекетке опасыздық жасаған деп айыпталды.

Ол кездері есіңнен танып қалып, жау қолына тұтқынға түссең де соның өзі Қиыр Солтүстікте 10-15 жыл лагерге жіберуге жеткілікті негіз болатын. Бірақ, Иван Добробабин 1941 жылы қарашада Мәскеу түбінде өлмегенін, тек жараланып, тұтқынға түскенін мойындайды.

Немістерден қашып шыққан Иван Добробабин Харьков облысындағы Перекоп деревнясындағы туыстарына келеді. Сонда ол немістерге полицай болып қызмет етеді.

Тарихшы Артем Платонов бұл жайында былай деп жазады: «1942 жылдың тамыз айында мамандарды Германияға жұмысқа жіберу туралы немістердің бұйрығы шығады. Добробабинге өзінің туған селосында полицай болуға тура келеді. Бұл жерде екінің бірін таңдауға тура келген еді: не Перекопта полицай боласың, болмаса, Германияның концлагеріне тұтқын болып кетесің. Бұның мәжбүрліктен болғанын, Иванның өз Отанын сатпағандығын мына бір факті де дәлелдейді. Добробабиннің кезінде бір де бір коммунисті дарға асу оқиғасы болмаған. Сонымен бірге, ол полицай болған селода тығылған бір де бір совет жауынгері де немістерге берілмеген».

Тағы бір деректер бойынша, 1943 жылдың наурыз айында немістер Перекоптан кеткен соң Иван Добробабин қайтадан өз әскеріне келген. Бір жыл тексеруден соң оны қайтадан Қызыл Армия қатарына алады. Сөйтіп, 1944 жылдың наурыз айынан бастап соғыстың соңына дейін майданда болған Иван Добробабин 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады.

Алайда әскери чекистер оның өткен-кеткенін 1947 жылы анықтайды. Тарихшы Артем Платонов былай деп жазады: «Әскери трибунал бұрынғы взвод командирінің орынбасарын 15 жыл лагерге кеседі. «Отанына опасыздық жасағаны үшін» 25 жыл 28 гвардияшы-панфиловшылар ескерткішінің алдында тұрған студент жастар. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.

бермек те болады. Бірақ28 гвардияшы-панфиловшылар ескерткішінің алдында тұрған студент жастар. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл. қанша дегенмен

де «әйгілі 28-дің» бірі емес пе, сол себепті мерзімін аздау береді. Ол бостандыққа мерзімнен бұрын, жеті жылдан соң шығады».

Сондай-ақ, Ларион Васильев, Григорий Шемякин, Иван Шадрин және Дмитрий Тимофеев өздерінің сол атақты шайқасқа қатысып, тірі қалғандарын дәлелдейді. Сөйтіп, оларға да Совет Одағы Батырының алтын жұлдызы беріледі, бірақ бұл туралы көпшілік жұртқа басы артық әңгіме қылмайды.

Иә, соғыстан кейін олардың бәріне бірдей оңай тиген жоқ. Мысалы, Иван Шадрин әйгілі шайқастан соң бірден тұтқынға түсіп, одан 1945 жылы ғана босады. Бұдан соң екі жыл бойы концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына арналған фильтрациялық лагерде екі жыл болады. 1947 жылы Алтай өлкесіндегі үйіне оралғанда жұрт оған көктен түскендей қарады, оның әйелі басқа адамға күйеуге шығып кетіпті. Өйткені Иван майданда қаза тапты деп саналды ғой. Ол қатысқан Дубосеково түбіндегі шайқасқа да алты жыл өткен болатын.

Құпиясы ашылған деректер

Википедия да «алғаш рет панфиловшылардың тарихына В. Кардин жария түрде күмән келтірді» деп жазады. Бұл - әдеби сыншы, прозаик Эмиль Кардиннің бүркеншік есімі болатын. Ол 1966 жылы «Новый Мир» журналында сол кездері құпиялылығы ашылған, 1948 жылы әскери прокуратура жүргізген тергеу материалдарының негізінде «Аңыздар мен фактілер» деген мақала жазды.

Мәселен, осы деректерде 1075 атқыштар полкінің бұрынғы командирі Илья Капровтың мынадай куәліктері келтірілген:

«1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково разъезі маңында 28 панфиловшының ешқандай неміс танктерімен соғысы болған жоқ - бұның барлығы ойдан шығарылған. Бұл күні Дубосеково разъезі маңында 2-батальонның құрамында 4-рота соғысты. Олар шынында да батырлықпен шайқасты. Ротадан 100-ден аса адам мерт болды, газетте жазғандағыдай 28 адам емес. Бұл кезеңде менімен ешқандай тілші сөйлескен жоқ. Ешкімге ешқандай 28 панфиловшы туралы айтқан емеспін, мұндай соғыс болмағандықтан ол жайында айтуым да мүмкін емес».

Тек 1997 жылы ғана «Новый Мир» журналында тарихшылар Никита Петров пен Ольга Эдельман анықтама-баяндаманың толық мәтінін және оның басты қорытындысын жариялады:

«Тексеру материалдары бойынша белгілі болғанындай, баспасөзде жазылған 28 гвардияшы-панфиловшының ерлігі әскери тілші Коротеевтің, «Красная звезда» газетінің редакторы Ортенбергтің және әсіресе, газеттің әдеби хатшысы Кривицкийдің ойдан шығарған, қияли дүниесі болып табылады. Бұл қияли дүние кейінірек жазушылар Тихоновтың, Ставскийдің, Бектің, Кузнецовтың, Липконың, Светловтың және өзгелердің шығармаларында қайталанып, Совет Одағы халқының арасында кеңінен таралды».

Шындықты бұрмалауға көзқарас

«Московский комсомолец» газетінің шолушысы Александр Минкин 28 панфиловшылардың тарихына түсініктеме бере келіп, 2009 жылы мамыр айында «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының Орыс қызметінің хабарында былай деп мәлімдеді:

«Бұл бұрмалау қазір жасалған жоқ. Ол соғыс уақытында әскери рухты көтеру үшін жасалды. Мен бұл жайтты айыптауға асықпас едім. Сарбаздардың рухын көтеруге тырысты. Майдан даласында тауымыз шағылып, біз жылдам шегініп бара жаттық. Тұтас армиялар қоршауда қалып, құрып кетіп жатты. Қалай болғанда да әскери рухты көтеру керек еді. Егер бұл тарих әлдебіреулердің әскери рухын көтерсе, оларға құдай денсаулық берсін».

Рой Медведев тарихтың бұрмалану себебі туралы айта келіп, ойдан шығарылған қияли дүниеге былай деп түсініктеме берді: «Тарих дегеніңіз - өте күрделі ғылым және онымен өте байыпты түрде айналысу керек. Бұл өте қиын дүние, пікірталастыру керек, кез-келген шынайы түсіндірмеге мүмкіндік беру керек. Бірақ бұрмалау - бұл шынында да саяси дүние, көп жағдайда ол арамниетті өтірік».

Қазір артымызда не тұр?

Әйткенмен, 28 панфиловшы оқиғасына қатысты ресми тарихтың қайта қаралуы екіталай. Оған ешкім мүдделі емес. Бұл оқиғаға күмән келтіргенімен, қазіргі тарихшылардың ешқайсысы да Мәскеуге фашистерді жібермей ұстап қалған Панфилов дивизиясының батырлығына шек келтірмейді.

1077 полктің бұрынғы командирі Зиновий Шехтман өз естеліктерінде «тек екі күнгі ұрыстың өзінде полктің 400 адамы мерт болып, 100 адамы жараланып, 600 адамы із-түзсіз кеткенін, Дубосеково разъезін қорғаған 4-ші ротаның бестен бір бөлігі ғана аман қалып, 5, 6-шы роталардың шығындары одан да көп болғандығын» жазады.

1941 жылы күзде Алматы қаласында әскерге шақырылғандардан Панфилов дивизиясының қалай жасақталғанына куә болғандардың бірі Зиновий Шехтман сипаттап жазып отырған оқиғалар қазір болуы мүмкін бе?

Зиновий Шехтман былай деп еске алады: «Екі жас жігіт - темір ұстасы Покланов пен колхоз бригадирі Садырбаев өз колхоздарынан қашып кеткен. Сөйтіп, өздерінің әскерге шақырылған жолдастарымен бірге құпия түрде біздің полкқа өтіп кетіпті. «Дезертирлерді» ұстап алып, үйлеріне қайтардық. Бірақ олар осымен тына салған жоқ. Ұста мен бригадир оларды майданға жіберуге келісім бергенше бірнеше күн бойы әскери комиссариат пен колхоз төрағасының табалдырығын тоздырған. Достар артиллерияға түсіп, жауға қарсы мықты соғысты».

Алматыда, қала орталығындағы 28 панфиловшы-батырлар атындағы саябақта әлі күнге дейін еске алу шаралары өтеді. Кремль қабырғасы іспетті мемориалдың алдында мәңгілік алау жанып тұр. Бұл жерде бірқатар үлкен шенеуніктер мен топ-менеджерлер 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алау. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.

шыққан әулеттің 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алау. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл. басы болған, Советтік

Қазақстанның бұрынғы жетекшісі Фазыл Кәрібжановтың бейіті де бар. Осы бір бұрынғы губернатор саябағының түкпір жағында Верный қаласының жоғары мәртебелі адамдары мен олардың отбасы мүшелерінің бір-екі бейіті де жоғалып кеткен деседі.

Бірақ, тұтастай алағанда, бұл саябақ өн бойында советтік насихаттың, орыстың ескілеу тарихының және қазіргі заманғы бизнес-ахуалдың табын сақтап қалған. Көршілес Ташкент советтік насихаттың ескерткіштерін қиратуда, Ашғабадта орталық алаңды қайта жасап, Ниязовтың алтындатылған мүсінін ары таман алып тастамақ.

Тек осы жерде, әлі күнге дейін совет үлгісіндегі парадтар мен шерулер ұйымдастырылатын 28 панфиловшы-батырлар атындағы саябақта ғана уақыт тоқтап қалғандай.

28 панфиловшы-қаһарман туралы аңыздың сейілуі парламент мүшелерінің шамына тиді

28 гвардияшы-панфиловшылардың ескерткіші. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.

03. 03. 2010

Қазақ парламентінің қос депутаты «өткен соғыстың қорытындысын қайта қарау» әрекетін тиюды талап етті. Сірә, әңгіме 1941 жылғы қараша айындағы 28 панфиловшы-батырлардың ерлігі жайлы аңызға қатысты Азаттық радиосының мақаласы жөнінде болса керек.

Түрлі ұғым

3 наурыз, сәрсенбі күні Қазақстан премьер-министрінің атына сауал жолдаған парламент мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижан бұл депутаттық сауалды жолдауға «бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда Интернетте, бұрынғы Совет одағы мемлекеттері мен Қазақстанның жекелеген зерттеушілерінің соғыстың рөлі мен маңызына күмән келтіре бастағандығы, белгілі бір оқиғалардың шынайылығына, атап айтқанда, олардың бірі 1941 жылы қараша айында Мәскеу үшін болған шайқаста Дубосеково разъезі түбіндегі 28 панфиловшы-батырларға Депутат Уәлихан Қалижан Мәжілістің жалпы отырысында сауал жасап отыр. Астана, 3 наурыз 2010 жыл. Қазақстан парламентінің баспасөз-қызметінен алынған сурет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйгілі әскери очерк
Сталинград шайқасы және Қазақстан
Ұлы Отан Соғысы (1941-1945)
9 мамыр
Дәстүрден тыс сабақ өту әдісі
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық құрамалардың ерліктерін насихаттау
Әскер – ел қорғаны
Қазақстандық майдангерлердің ерліктері мен соғысқа қосқан үлесі
Ұлы отан соғысы туралы ақпарат
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz