Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер


15. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1лекция. Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері.
Жоспары: 1. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдісі.
2. Әкімшілік құқықтың жүйесі.
3. Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны.
4. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
Лекция мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық пәнін зерттеп, меңгерту.
Лекция мәтіні (қысқаша) : Құқықтың қай саласы болмасын оның пәні туралы мәселе оқулық пән ретінде, ғылым саласы ретінде қызықты да, күрделі. Көптеген ғалымдардың ой-пікірлері бойынша әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды жүргізу процессінде жинақталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқықтың реттеу пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар, мемлекеттік әрекеттердің түрінен оның ішінде мемлекеттік басқару әрекетінде шектелген. «Админстрация» термині латынның
«administratio» әкімшілік әрекет, басқару дегенді білдіреді. «Әкімшілік» сөзі бірнеше мағанада қолданылады. Мысалы, мекеме және кәсіпорын сяиқты. Әкімшілік құқық пәні басқару сипатындағы қоғамдық қатынастарды түсіндіреді. Демек «админстрация» яғни, әкімшілік басқару жөніндегі әрекет болса, онда «Әкімшілік құқық» осы әкімшілік әрекетті жүргізу процессінде жинақталатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Демек, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қалыптастыру шеңберіндегі қоғамдық қатынастардың осы саласын зерттейді.
Басқару дегеніміз - адамдар ұжымының біріккен қызметіне жекетекшілік ету, оны бағыттап, ұйымдастыру. Сондықтан да әкімшілік құқықтың басқаша атауы басқару немесе басқару құқығы.
Әкімшілік құқық мемлекеттің әлеуметтік-мәдени және әкімшілік құрылысын басқару бойынша атқару - орындаушылық қызметі аясындағы қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттейді. Осы қоғамдық қатынастарға, ең алдымен ұйымдастырудың маңызы зор. Осы қоғамдық қатынастардың маңызды ерекшелігі мынада: оның қатысушыларының біреуі билік функцияларына ие болса, ал екіншілері оларға бағынып, олардың заңды талаптарын орындауға міндетті. Сондықтан бұл қатынастардың қатысушысы заңдылық тұрғыдан тең емес жағдайда, әкімшілік құқығының нормаларын реттелетін қоғамдық қатынастар билік пен бағыныштылардың қарым қатынасы болып табылады.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Басқару қатынастарын былай жіктейміз: субъектівтілік белгісі бойынша, аумақтық-мемлекеттік құрылысты ескере отырып, ықпал ету мақсаттарына қарай.
Субъектілік белгісі бойынша-атқарушы биліктің бірінің біріне бағынысты субъектілерінің арасындағы (тік қатынастар), біріне бірі бағынысты емес атқарушы билік субъектілерінің арасындағы (көлбеу қатынастар), атқарушы билік субъектілері мен жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарының арасындағы, атқарушы билік субъектілері мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы, атқарушы билік субъектілері мен азаматтар арасындағы қатынастарды реттейді.
Аумақтық- мемлекеттік құрылысты ескере отырып республикалық атқарушы биліктің орталық органдары мен жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы, жергілікті атқарушы билік органдарының (екі облыс әкімияттарының) арасындағы, әр түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы билік органдарының (ауылдық, аудандық, облыстық әкімдер мен әкімияттар арасындағы қатынастарды реттейді.
Ықпал ету мақсаттарына қарай ішкі, ішкі ұйымдастыру, ішкі жүйелік, сыртқы (ықпал жүйеден тысқары жүзеге асырылады) қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқықтың әдісі - жолдардың, тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттелінеді. Әкімшілік құқықтық әдістердің түрлері:
Диспозитивтік - ықпал ету субъектілеріне өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін ықпал ету тәсілі.
Императивтік - құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды болғызбайтын ықпал ету тәсілі.
Көтермелеу - мінез-құлықтың белгілі бір түрі үшін көтермелеуге уәде беру жолымен белсенді мінез-құлықты ынталандыратын ықпал ету тәсілі.
Ұсыныс жасау - басқару субъектілеріне қолданылып жүрген заң тұрғысынан мінез-құлықтың ең пайдалы түрін ұсынатын ықпал ету тәсілі.
Әкімшілік құқықтың жүйесі - өзара байланысты әкімшілік-құқықтың институттар мен нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқықтық институт - басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөлектенген әкімшілік-құқықтық нормалардың жиынтығы. Әкімшілік құқықтық институт екі бөлімнен тұрады.
Негізгі бөлім және ерекше бөлім институттарынан. Негізгі бөлім институттарына мыналар жатады:
- Әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастарды реттеуші нормалардан;
- Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің;
- Мемлекеттік қызметтің;
- Атқарушы билік органдары мен басқарудың өзге де субъектілері мәртебесінің;
- Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз етудің;
- Әкімшілік жауаптылықтың;
- Әкімшілік іс жүргізуден тұрады.
Ерекше бөлім институтарына:
- Салааралық басқарудың;
- Экономика аясындағы басқарудың;
- Әкімшілік - саяси аядағы басқарудың;
- Әлеуметтік-мәдениет аясындағы басқарудан тұрады.
Әкімшілік құқықтың заңдық қайнар көздері - бұл әкімшілік-құқықтың нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысандары.
Әкімшілік құқықтың заңдық қайнар көздерінің түрлері :
- Әкімшілік шарт - нормативтік мазмұны бар әкімшілік құқықтың нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі немесе көп жақты келісімі.
- Әкімшілік прецедент - нақты заңдық іс бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады.
- Құқықтық әдет-ғұрып - тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі.
- Әкімшілік-құқықтық доктрина - әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі ғылыми еңбектер, солардың негізінде әкімшілік-құқықтық нормалар жасалады және нақты шешімдер қабылданады.
Нормативтік-құқықтық акт - құқық шығарушы құзыретті субъектілер қабылдаған және әкімшілік құқықтың нормалары қаралған заңдық акт. Нормативті актілерді негізгі және туынды түрлерге бөлу. Нормативті актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. ҚР Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2. ҚР Президенттің заң күші бар жарлықтары;
3. Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5. Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6. ҚР миистрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8. Маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері.
Номативтік актілердің туынды түрлеріне:
1) Регламент, 2) Ереже, 3) Қағида, 4) Нұсқаулық.
Бақылау сұрақтары:
1. Әкімшілік құқықтың ұғымы.
2. Әкімшілік құқықтың әлісі, функциялары.
3. Әкімшілік құқықтың жүйесі.
4. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Әкімшілік құқықтың реттейтін қоғамдық қатынастары.
2. Әкімшілік құқықтың әдісі, функциялары, принциптері.
3. Әкімшілік құқық ғылымының маңызды проблемалары.
Қажетті әдебиеттер:
1. А. Таранов ҚР Әкімшілік құқығы Академиялық курс 2003ж.
2. Е. Баянов. Әкімшілік құқық бойынша анықтамалар /схемалар/ А., 2003.
3. Д. Н. Бахрах. Әкімшілік құқық. Жалпы бөлім, М., 2000ж.
4. Бекіш Сейдешұлы. Әкімшілік құқық дәрістемесі А., 2003.
2Лекция. Тақырыбы: Әкімшілік құқықтық нормалар, әкімшілік-құқықтық
қатынастар.
Жоспары: 1. Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы.
2. Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері.
3. Әкімшілік құқықтық-қатынастар: ұғымы, түрлері, құрылымы.
Лекция мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықтық нормалар, әкімшілік-құқықтық қатынастарды зерттеп, меңгерту.
Лекция мәтіні (қысқаша) : Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы мен ерекшеліктері.
Әкімшілік құқық құқықтың басқа салалары сияқты заң нормаларынан тұрады. «Әкімшілік норма» ұғымын мына мазмұнда қолдануға болады:
- заңдастырылған ережелер негізінде басқару;
- ережелерде белгіленген жария мүдделер үшін басқару.
Әкімшілік құқық нормалары атқарушылық билікті жүзеге асырудың күрделі процесстерімен байланыста болады. Биліктің шоғырланған сипаты билік пен бағыныштылық арасындағы қатынастан көрініс табады. ҚР Конституциясын сәйкес биліктің бірден бір көзі халық болып табылады, ол билікті тікелей өз өкілдері немесе арнайы құрылған органдар арқылы жүзеге асырады.
Әкімшілік құқықтық нормасы - мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын басқару сипаты бар қатынастарды реттейтін Қазақстан құқығының нормасы. Әкімшілік құқық нормасының белгілері:
- Заңдық нормалардың бір түрі;
- Мемлекеттік - билік сипаты бар;
- өкілетті субъектілер қабылдайды;
- формалды белгіленгендігі;
- құрылымдық құрылуы;
- жалпы міндетті болуы;
- мемлекеттік басқару аясындағы (атқарушы билік механизмінің қызмет атқару аясындағы) қатынастарды және өзге де аялардағы басқару сипаты бар қатынастарды реттейді;
- мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы мыналар:
- Диспозиция - тиісті мінез- құлықтың ережесі бар норманың бөлігі, әкімшілік құқық субъектілері соны қолдануы керек.
- Гипотеза - нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда норма әрекет етеді.
- Санкция - диспозицияны бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдарларды көрсететін нормалардың бөлігі.
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері:
- Реттейтін пәні бойынша-материялдық, процессуалдық болып бөлінеді;
- Құқықтық функциялары бойынша - реттейтін, қорғайтын болып бөлінеді;
- Нұсқаманың мазмұны бойынша - міндеттейтін, тиым салатын, уәкілдік ететін болып бөлінеді.
- Кеңістікте қолданылуы бойынша - республикалық, аймақтық, әкімшілік аумақтық бөліністік болып бөлінеді.
- Тұлғалар тобы бойынша - жалпы күші бар, арнайы болып бөлінеді.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы және негізгі белгілері. Әкімшілік-құқықтық - бұл әкімшілік құқық нормаларының негізінде пайда болатын басқару қатынастыры, олардың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттері болады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері субъект, объект, заңды айғақ болып бөлінеді Әкімшілік құқықтық қатынастың субъектісіне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік аумақтық бөліністер жатады. Әкімшілік құқықтық қатынастың объектісіне материалдық игіліктер жатады. Әкімшілік құқықтық қатынастың заңды айғақтары оқиға және әрекеттерден тұрады. Оқиға адам еркінен тыс құбыластар. Оларға жер сілкінісі, дауыл, табиғи аппаттары жатады. Әрекет адамның өз әрекетімен жасаған іс-қимылдары. Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері. Мазмұны бойынша - материялдық, процессуалдық болып бөлінеді; Құқықтық фунциялары бойынша - реттейтін, қорғайтын болып бөлінеді; Қорғау тәсілі бойынша - әкімшілік тәртіппен және сот тәртібімен қорғалатын болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы мен ерекшеліктері.
2. Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы мен түрлері.
3. Әкімшілік құқықтық қатынастардың ұғымы және негізгі белгілері.
4. Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асырудың тәсілдері.
Қажетті әдебиеттер:
1. А. Таранов ҚР Әкімшілік құқығы Академ курс 2003ж.
2. Е. Баянов. Әкімшілік құқық бойынша анықтамалар /схемалар/ А., 2003ж.
3. Д. Н. Бахрах. Әкімшілік құқық. Жалпы бөлім, М., 2000ж.
4. Бекіш Сейдешұлы. Әкімшілік құқық дәрістемесі. А., 2003ж.
3 лекция. Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың субъектілері.
Жоспары: 1. Әкімшілік құқықтың субъектілеріне жалпы сипаттама.
2. Азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтарының
әкімшілік құқықтық мәртебелері.
3. Атқару билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі.
4. Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтың субъектілері
ретінде.
Лекция мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықтың
субъектілерін жеке-жеке зерттеп, меңгерту.
Лекция мәтіні (қысқаша) : Қазақстан Республикасы азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері - азаматтардың әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген субъективтік құқықтарының, заңдық міндеттерінің, жауаптылықтарының кешені. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің принциптері. Азаматтық - адамның мемлекетпен тұрақты байланысы. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі олардың жалпы құқықтық мәртебесі олардың жалпы құқық мәртебесінің бір бөлшегі болып табылады және ол мынадай элементтерден тұрады:
1. Әкімшілік құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттік.
2. Әкімшілік мемлекеттік басқару аясындағы құқықтары мен міндеттерінің болуы.
3. Азаматтардың әкімшілік құқық кепілдіктерімен бостандықтарының болуы. Азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің әкімшілік-құқықтық кепілдіктері. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері.
Атқарушы билік органдарының ұғымы және түрлері . Атқарушы билік органы бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы - өкім етуші қызыметті жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі. Атқарушы билік органдарының мынадай түрлері бар: унитарлық құрылым белгісі бойынша әкімшілік аумақтық және республикалық болып бөлінеді. Құзыретінің сипаты бойынша жалпы, салалық, салааралық, арнайы, ішкі салалық болып бөлінеді. Мәселелердің шешудің тәртібі бойынша алқалы және жеке дара басшылық болып бөлінеді. Атқарушы билік органдарын ұйымдастырумен қызыметінің негізгі принциптері. Атқарушы билік аясындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі. Атқарушы биліктің орталық органдары. Жергілікті атқарушы органдар.
Мемлекеттік басқарудың атқарушы билік органдары - қоғам және мемлекеттің әкімшілік - саяси, әлеуметтік - мәдени, шаруашылық және салааралық аумақ қызметіндегі міндеттерін функционалды түрде жүзеге асыратын атқарушы - өкім ету қызметі және бүтін құрамды белгіленген жеке әлеуметтік құрылым.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғарғы органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдылық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғарғы атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым - қатынастарының нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым - қатынастарын анықтап, тежемелік және тепе - теңдік механизмін белгілейді.
Атқарушы биліктің жоғарғы органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Президенттің « Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы » 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен орнықтырылған кең өкілеттіктер берілген.
Үкіметке Премьер-Министр басшылық етеді. Оның өкілеттігі Республика Конституциясымен және Президенттің Үкімет туралы Жарлығымен бекітіледі. Премьер - Министрдің мынадай өкілеттігі болады :
Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі;
Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокуратурамен, басқа да мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет атынан сөйлейді немесе оны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;
Халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкімет аралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
Сонымен, Үкіметтің әкімшілік-құқықтық мәртебесіне тоқталып өтсек : Атқарушы билік органдарының әкімшілік - құқытық мәртебесі мыналармен анықталады :
- атқарушы билік органдары қызметінің заңнан туындайтын сипаттамасымен ;
- құқылық актілерді шығару құқысымен (мысалы, қаулылар мен өкімдер) .
- төмен тұрған атқарушы билік органдарының жоғарғы органдарға есептілігі мен бақылаулығы ;
- Атқарушы билік органдарының өз құзіреті шегіндегі оперативтілігі
Атқарушы билік органдары - мемлекеттік органдардың бір түрі, ол : басқарушылық - атқарушылық және өкім етушілік қызметті жүзеге асыады; мемлекеттік-биліктілік өкілеттлікке ие; белгіленген құзіреті бар; ішкі ұйымдастырушылық құрылымы бар; бюджетті орындау сұрақтары бойынша белгіленген өкімді органдарға бақылаулылығы;
Атқарушы билік органдарының ұйымдастырушылық құрылымының түрлері төмендегідей болмақ:
- желілік жүйе ;
- функционалдық жүйе ;
- аумақтық жүйе ;
- функционалдық - салалық жүйе ;
- өндірістік - сапалық жүйе ;
Ал, атқарушы билік органдарының саралануы мынадай тәртіппен ерекшеленеді :
а) Қызметінің аумақтық масштабына байланысты :
- орталық ;
- жергілікті ;
- аумақаралық ;
б) Құру тәртібіне қарай :
- Қазақстан Республикасы Президенті құратын ;
- Жоғары атқарушы билік органдары құратын ;
с) Құзіретінің сипаттамасы мен көлемі жағынан :
- жалпы құзіретті ;
- салааралық құзіретті ;
- арнайы құзіретті ;
Қазақстан Республикасы Үкіметі, біріншіден, Парламент пен Президент жүзеге асыратын заң шығару процесіне қатысады; екіншіден, өз құзіреті шеңберінде норма шығарушылықты жүзеге асырады; үшіншіден, министрліктер мен ведомстволардың норма шығарушылық қызметін бақылайды; төртіншіден, атқарушы биліктің жергілікті органдарының норма шығарушылық қызметін бақылайды.
Ал, енді кезекті Қазақстан Республикасы Орталық Атқарушы Билік Органдарының ұйымдастырылу - құқықтық мәртебесіне кезек берсек :
Республика Министрлігі :
А) Қазақстан Республикасының Министрлігі - мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай - ақ заңдармен көзделген жеке салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Б) Министрлік Республика Үкіметінің құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша өз құзіреті шегінде шешімдерді өз бетінше қабылдайды.
В) Министрліктің құрылымын тиісті министр бекітеді.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Министрлігінің құрылымдық бөлімшелері :
- ведомстволардан ;
- департаменттерден ;
- басқармалардан тұрады .
Сонымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі Конституциялық міндеттері :
* Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
* Респуликаның сыртқы саясатын тжүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
* Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
* Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
* Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді;
* Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
* Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
* Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
* Конституциямен, заңдармен және президент өзіне жүктелген өзгеде қызметтерді орындайды;
Қазақстан Республикасының Үкіметі :
- Үкіметті Республика Президенті ҚР Конституциясында көзделген тәртіпте құрады;
- өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді;
- Қазақстан Республикасы Атқарушы билігін жүзеге асырады;
- ҚР Конституциясының 53- бабының 6- тармағында көзделген жағдайда Республика Парламентіне есеп береді;
- Қазақстан Республикасы Атқарушы органдар жүйесін басқарады;
- Қазақстан Республикасы Атқарушы органдар қызметіне басшылық жасайды;
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін саралау
1. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдар кіреді.
2. Саяси лауазымдарға:
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар жатқызылуы мүмкін.
- Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
- Қазақстан Республикасының Парламентінің және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
2-1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметінің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарынын санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары
Мемлекеттік қызметшінің:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;
3) белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін білгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;
6) жеке басының қадір - қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірбиесіне және осы Заңда білгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;
8) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлауға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;
9) өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;
10) біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қажет бойынша жоғарылауға;
11) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;
12) еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;
13) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері
1. Мемлекеттік қызметшілер:
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz