Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа сабақтың жоспары

  1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және оның белгілері
  2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды құрамы
  3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
  4. Әкімшілік жауаптылық ұғымы және негізгі ерекшеліктері
  5. Әкімшілік жауаптылықтан босату.

Сабақтың барысы: Жоспар бойынша 1 сұрақты түсіндірерде мұғалім алдымен әкімшілік құқық бұзушылық ұғымына анықтама беріп өткені дұрыс

Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілері.

«Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез-келген өзге мемлекет сияқты, заңды түрде міндетті болып табылатын өте көп әр түрлі ережелер бар.

Бұл сияқты ережелердің мақсаты барлық немесе көптеген азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, мүдделеріне тікелей әсер ететін қызметтің белгілі бір аяларында құқықтық тәртіп пен тиісті мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Кейде бұл ережелерді жалпы міндетті деп негізсіз айтпайды.

Бұлар қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, жол қозғалысы мен әр түрлі көлік құралдарын пайдалану ережелері, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелері, сауда ережелері, санитарлық, ветеринарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері, аң аулау, балық аулау ережелері, азаматтық қаруларды, жарылғыш және радиоактивтік заттарды сатып алу, есепке қою, сақтау және пайдалану ережелері, әскери есепке алу, шеқара режимі ережелері, кеден ережелері, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, табиғатты пайдалануды қорғау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау аясында қолданылатын ережелер, т. б

Міндетті болатын ережелер көптеген субъектілер тобына арналады. Біреулері - барлық азаматтар мен заңды тұлғадарға, екіншілері - шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси қызметтің қандай да болмасын салаларының қызметкерлеріне, үшіншілері - мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық ұйымдарда белгілі бір лауазымдық қызмет атқаратын лауазымды адамдарға.

Міндетті болатын ережелердің маңызды ерекшеліктерінің бірі олар әкімшілік санкциялармен қорғалады, ал оларды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саналады. Бұл сияқты құқық бұзушылықтардың негізгі белгілері мен заңдық сипаттамасы 2001 ж. 30-қаңтарда қабылданган «ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіңде» (ӘҚБтК) қаралған.

ӘҚБтК-тің 28-бабы бойынша жеке адамның осы Кодекспен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Бірақ Кодекетің Ерекше болімінің баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшін, егер бұл бұзушылықтар өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды.

Әкімшшік құқық бұзушылықтың ұғымын мынадай бірнеше белгілер сипаттайды. Біріншіден, бұл іс-әрекет немесе әрекетсіздік, яғни әрекет екіншіден, қоғамдық қауіпті әрекет; үшіншіден, құқыққа қарсы әрекет; төртіншіден, кінәлі әрекет; бесіншіден, жазаланатын әрекет.

Әкімшілік құқық бұзушылық - бұл заңдық патологияның (қалыптан тыс ауа жайылудың), ауыт кететін мінез-құлықтың бір түрі, ол не іс-әрекет, не әрекетсіздік нысанында болады.

Іс-әрекет - бұл міндет немесе заңды талап түрінде болатын құқықтық нұсқаманы өршігіп орындамау; нақты тыйымды, ережені, норманы, стандартты бұзу (мысалы, жүргізушілердің масаң күйінде көлік құралдарын жүргізуі, тұрғын жайларды пайдаланудың ережелерін бұзу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құжаттардың талаптарын бұзу) .

Әрекетсіздік - бұл тұлғаның өзіне жүктелген міндеттерге байланысты жасауға тиісті және істей алатын іс-әрекеттерді істемеуінен көрініс табатын енжар мінез-құлқы (мысалы, табыстары туралы декларация беруден жалтару, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамау, т. с. с) .

Әкімшілік құқық бұзушылықтың мәні оның қоғамдық қауіптілігі мен айқындалады. Мемлекет құқық нормаларында мінез-құлықтың міндетті ережелерін бекіте отырып, оларды бұзған үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкіндігін қарайды. Құқық бұзушылықтың тап осы қоғамдық қауіптілігі оны жасаған үшін жауаптылыққа себеп болады. Бұл белгінің болмауы құқық бұзушылықтың да болмағанын дәлелдейді.

Кез-келген әкімшілік теріс қылық белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұға отырып, оған қандай да болмасын бір зиян келтіреді, басқару қатынастарының реттелінгендігін, келісімділігін, үйлесімділігін бұзады. Осыдан туындайтын жағымсыз нәтиже нақты зиян ретінде де (ұсақ ұрлық, билетсіз жүру), сондай-ақ зиян пайда болу үшін жағдай жасау ретінде де (санитарлық-гигиениалық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу) көрініс табуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі белгісінін заңдық көрінісі құқыққа қарсылық болып табылады. Қазақстан мемлекеті, қандайда болмасын бір іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті қоғамдық қауіпті деп, оларды жасауға құқықтық тыйым белгілейді. Құқыққа қарсы деп белгілі бір тұлғаның құқық нормасымсн тыйым салынған іс-әрекетті жасауы немесе құқықтық актімен міндеттелген іс-әрекетті жасамауы түсініледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Мәселен, құқық бұзушылар өрт қауіпсіздігі аясын реттейтін құқық нормаларын бұза отырып, сонымен бірге отпен күресудің мемлкеттік шаралары негізделетін өртке қарсы ережелермен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық тек қоғамдық қауіпті, құқыққа қарсы ғана емес, сонымен бірге кінәлі іс-әрекет немесе әрекетсіздік, яғни іс-әрекет жасайтын (немесе іс-әрекет жасамайтын) тұлғаның еркі мен ақыл-парасатын білдіретін әрекет.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызды белгісі - оның әкімшілік жазаланатындығы. Нақты іс-әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық болып тек сол жағдайда ғана танылады, егер оны жасаған үшін заңнамамен әкімшілік жауаптылық қаралған болса.

Заңда бекітілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығы құқық бұзушының әкімшілік жауаптылығына жалғыз ғана негіз болып табылатын күрделі заңдық құрамын құрайды. Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығы және нақты құқыққа қарсы қол сұғудың заңдық құрамы - ұқсас құбылыстар емес. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің көмегімен қандай да болмасын бір әрекеттің жалпы әлеуметтік-психологиялық және заңдық сипаттамасын білеміз. Заңдық құрам іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті құқықтық бағалаумен және бұзушыны жауаптылыққа тартумен байланысты міндетті шешеді. Оның міндеті -осы жауаптылықтың негізі болу, өйткені егер негізі болмаса, онда жауаптылық та жоқ.

Әкімшілік құқықтың теориясында (қылмыстық құқық теориясындағы сияқты) әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы деп әкімшілік құқық бұзушылық ретінде нақты қоғамдық қауіпті әрекет ретінде сипаттайтын ӘҚБтК-пен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің бір-тұтастығы түсініледі (мысалы, заңсыз емдеумен айналысу, кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, озбырлық) . Құрамның объективтік элементтеріне мыналар жатады: қол сұғудың объектісі, яғни әкімшілік құқықпен реттелінетін және қорғалынатын қоғамдық қатынастар, және әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы - бұл құқыққа қарсы іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті, қол сұғудың нәтижесін, әрекетпен және туындаған салдарлардың арасындағы себепті байланысын, жасалынған әкімшілік құқық бұзушылықтың орнын, уақытын, жағдайын, тәсілін, қаруы мен құралын сипаттайтын сыртқы белгілері.

Құрамның субъективтік элементтеріне әкімшілік құқық бұзушылық субъектісін сипаттайтын белгілер жатады (жас, жауаптылықка қабілеттілік, әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері - азамат, лауазымды адам, заңды тұлға), қасақаналық және абайсыздық нысанындағы кінә, әкімшілік құқық бұзушылықтың себебі мен мақсаты.

Сонымен әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы төрт элементпен (белгімен) сипатталады: объекті, объективтік жағы, субъекті, субъективтік жағы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы объектісі мемлекеттік басқару аумағында пайда болатын және әкімшілік, бірқатар жағдайларда конституциялық, экологиялық, кеден, еңбек, жер, қаржылық және өзге де құқық салаларының нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Әкімшілік теріс қылық объектісінің түрлері ретінде мыналар танылады: жеке адам, азаматтардың құқықтарымен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік: меншік; мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, экономика аясындағы қатынастар; басқарудың белгіленген тәртібі.

Әрбір нақты теріс қылықтың қол сұғатын түрлік, яғни тікелей объектісі болады (қоғамдық өнеге, ар-намыс, азаматтың абыройы -ұсақ бұзақылық жасалынған кезде; азаматтардың тыныштығы-түнгі уақытта айғай-шу болған кезде) .

Құрамның объективтік жағы әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын және іс-әрекеттен немесе әрекетсіздіктен және туындаған нәтижеден көрініс табатын құқық нормасын бұзушының сырт көрінісі бар мінез-құлқының қоғамға қарсы актісі ретінде теріс қылықты сипаттайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының объективтік жағын саралағанда заңды қолданушы әкімшілік теріс қылықтың нақты құрамдарының объективтік жағының корінісінің айтарлықтай көп болатындығын ескеруге тиіс. Мәселен, ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-тің 330-6) қоғамдық орындарда балағат сөйлеуден; жеке тұлғаларды қорлап тиісуден; тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлаудан; қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзудан; төңірегіндегілерді сыйламаушылықтан; арнайы қызметтерді (полицияны, медициналық жедел жәрдемді, авариялық, өртке қарсы қызметтерді, ) көрінеу жалған шақырудан, басқа да осындай іс-әрекеттерден көрініс табуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың нақты құрамдарынын объективтік жағының бланкеттік (сілтемелік) диспозициялардың (нормалардың) көмегімен құрылатын жәйттері аз емес. Мысалы, ӘҚБтК-тің 312-бабы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе орындамау үшін жауаптылық қараған, ал мұндай ережелер өте коп, олар заңдарды нормаларында да, заңға тәуелді нормативтік актілер нормаларында да болады, мысалы, тиісті атқарушы билік органдарының бекітетін құрылыс ережелерінде қаралады.

Объективтік жақтың мазмұнын құқыққа қарсы қол сұғудың қайталау, бірнеше рет, қастандылық, әрдайымдылық, созылып кеткен құқық бұзушылық сияқты анықтаушылық белгілері де сипаттайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұлардан басқа, арнайы субъектілер -лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шет ел азаматтары бөлінеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл-есі дұрыс, 16-жасқа толған адам әкімшілік жауаптылықта болады. 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар ӘҚБтК-тің 9- тарауынын күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған мұндай адамдарға нақты мән-жайларды және жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамауы және олардың кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін өкімшілік жауаптылықта болады.

Қазіргі кезде жеке тұлғалар қатарына жске кәсіпкерлер де (дара кәсіпкерлер) жатқызылған.

Заңды тұлғалар - бұлар мемлекеттік және мемлекеггік емес коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкімшілік жауапқа тартылуы да кінәлі жеке адамды осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды деп белгіленген.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері ретінде лауазымды адамдар айтарлықтай ерекшеліктермен сипатталады. Олар қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылықка тартылады. Басқаша айтқанда, лауазымды адамдар басқарудың белгіленген тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғаудың, т. б. жөнінде белгіленген ережелерін сақтамаумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін, егер бұл сияқты ережелерді орындауды қамтамасыз ету олардың қызметтік міндеттеріне жататын болса, жауапты болады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болуға тиіс.

Әскери қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (мысалы, ішкі істер, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері) әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар және қызмет өткеру тәртібін регламенттейтін басқа актілер бойынша жауаптылықта болады. Бірақ олар ҚР-сы Мемлекеттік шеқарасы режимін, Кеден шеқарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді, санитариялық заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайларда да белгілі бір шектеулер қаралған. Оларға кейбір әкімшілік жазаларды қолдануға болмайды (мысалы, әкімшілік қамауға алуды), ал шақыру бойынша әскери қызметін отеп жүрген әскери қызметшілерге әкімшілік айыппұл салуға болмайды. Сонымен бірге әкімшілік жаза қолдану құқығы берілген органдар (лауазымды адамдар) жоғарыда аталған адамдарға (прокурорларға, әскери қызметшілерге, т. б. ) әкімшілік жаза қолданудың орнына, кінәлі адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруі мүмкін.

Құқық бұзушы қасақаналықпен іс-әрекет жасай отырып, өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің құқыққа қарсы сипатын сезінеді, оның залалды салдарын алдын ала біледі және осы салдардың туындауын қалайды (тікелей қасаканалық) немесе оған саналы түрде жол береді не оларға немқұрайды қарайды - жанама қасақаналық (ӘҚБтК-тің 29-6. ) . Мәселен, адам тыиым салынған жерге (зонаға; кіре отырып, саналы түрде тікелей қасақаналықпен шеқара режимін бұзады. Басқа бір жағдайда жүргізуші техникалық жөнінен бұзылған автомашинемен гараждан шыққанда құқыққа қарсы салдар болуын қаламайды, бірақ саналы түрде, жанамалы қасақаналықпен оның туындауына жол береді. Сонымен, құқық бұзушылық тек қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік жасағаны және оның зиянды салдары үшін ғана, егер ол жөнінде оның тікелей кінәсі айқындалған болса, әкімшілік жауаптылыққа жатады.

Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын қасақаналық жәңе абайсыздықпен қатар оның себебі мен мақсаты сипаттай алады. Олар кейде ӘҚБтК-тің нақты баптарына енгізіледі және сол кезде құрамның бағалаушылық белгілеріне және қандай да болмасын бір әрекетті немесе әрекетсіздікті әкімшілік құқық бұзушылық деп тану үшін міндетті болуға айналады. Мысалы, ӘҚБтК-тің 226-6. - газ пайдаланудың ережелері мен нормаларын бұзған үшін; 143-6. -кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқан үшін; 338-6. - құмар ойындар үшін әкімшілік жауаптылық қаралған. Барлық аталған жағдайларда мақсат құрамның негізгі белгісі ретінде болады, ал ол болмаса аталған әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтар деп тануға болмайды. ӘҚБтК-те нақты мақсаттар мен себептер туралы ескертпе жоқ өзге жағдайларда кінәлі адамға қолданылатын әкімшілік жазаңың түрі мен мөлшерін белгілеген кезде құқық қолданушы бұл белгілерді ескеруге тиіс.

Әкімшілік теріс қылықтың жалпы құрамын сипаттау біршама бірыңгай объектісі бар (мысалы, азаматтардың құқықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар) әкімшілік құқық бұзушылықтын түрлерін қамтитын тектік құрамдарын талдауды және соңынан топтастыруды болжайды.

Әкімшілік теріс қылықтың қисапсыз әр түрлі және көп таралғандығына байланысты оларды топтастырудың бірыңгай белгісі жоқ. Ол ретінде құқықтық реттеудің бірыңғайлығымен, белгілі бір шамада тұрақтылығымен және сонымен бірге пайда болатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың қайталанатындығымен сипатталатын белгілердің жиынтығын біріктіретін кешенді белгі танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін топтастырудын кешенді белгісі кол сұғудың бір тектес объектісін (мысалы, қоғамдық тәртіпті, меншікті, басқару тәртібін) және теріс қылықтың салалық бағытын, яғни мемлекеттік басқарудың нақты аумағын (мысалы, өнеркәсіпті, құрылысты, энергетиканы, ауыл шаруашылығын, көлікті, сауданы, экологияны, т. б. ) қамтиды.

Осы белгінің негізінде әкімшілік құқық бұзушылықтын барлық түрлерін мынадай жіктелген топтарға біріктіруге болады.

1. Жеке адамға және оның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға мысалы, мыналар жатады: ұрып-соғу; денсаулығына зиян келтіру; азаматтардың өздерінің сайлау құқықтарын немесе сайлау комиссиясының жұмысын жүзеге асыруға кедергі келтіру; азаматтардың ұждан бостандығы мен діни сенім бостандығын жүзеге асыруға кедергі жасау; еңбек туралы заңдарды және еңбекті қорғау ережелерін бұзу; азаматқа ақпарат беруден бас тарту; ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, т. б.

  1. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Олар, мысалы, заңсыз емдеумен айналысу; санитариялық заңнаманы бұзу; ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, түберкүлезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емдеуден жалтаруы; дәрігердің тағайындауынсыз есірткі құралдарын пайдалану; есірткі құралдарымен заңсыз айналысу, т. б.
  2. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға: жер учаскелсрін өз бетімен иелену немесе уақытша иеленген жерді дер кезінде қайтармау; жер қойнауына мемлекетік меншік құқығын бұзу; бөтен біреудің мүлкін жою немесе бұлдіру. Оның мүлкіп ұсақ-түйектеп ұрлау, т. б. жатады.
  3. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу; жерді бүлдіру; жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу ережелерін бұзу; су ресурстарын қорғау ережелерін бұзу; орманда орт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық ережелерді бұзу; заңсыз аң аулау, балық аулау, жануарлар дүниесін пайдалану; жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережелерін бұзу, т. б:
  1. Өнеркәсіп, жылу, элсктрэнергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықгар. Оларға мыналар жатады: жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі режимдерін бұзу; энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу; газды пайдаланудың ережелері мен нормаларын бұзу, т. б.
  2. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы, құрылыс ережелері мен нормаларын бұзу; заңсыз құрылыс салу; тұрғын үй-жайларды өз бетімен қайта жабдықтау және қайта жоспарлау және т. б.
  3. Қарантиндік ережелер мен мал дәрігерлік қадағалауда әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы, қарантиндік зиянкестермен, өсімдік ауруларымен және арамшөптермен күрес жоніндегі ережелерді бұзу; қарантиндік тексеруден және тиісті өндеуден өтпеген материалдарды әкелу және әкету; мал дәрігерлік туралы заңдарды бұзу, т. б.
  4. Көлікте, жолшаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға, мысалы, мыналар жатады: жүргізушілердің көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы; жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы, сондай-ақ колік құралын басқаруды мас күйіндегі адамға беруі; жолдарды, темір жол өткелдерін және басқа жол құрылыстарын күтіп ұстау ережелерін бұзу; байланыс желілері мен байланыс құрылыстарын қорғау ережслерін бұзу байланыс құрылыстарын өз бетінше салу немесе пайдалапу, т. б.

9. Баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы: бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу; теле радиохабарлары мен жарнамалық роликтерді эфирге шығару тәртібін бұзу; журналистің заңды қызметін орындауына
кедергі жасау, т. б,

10. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұларга: бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану; кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу; монополияға қарсы заңдарды бұзу; жалған кәсіпкерлік, т. б. жатады.

Әкімшілік жауаптылық қылмыстық, азаматтық және тәртіптік жауаптылықтармен қатар заңдық жауаптылықтардың бір түрі болып табылады. Оны мемлекет жауаптылықтың негіздерін, бұзушыларға қолданылуы мүмкін болатын шараларды, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың және осы шаралардың орындалу тәртібін айқындайтын құқықтық нормалар шығару жолымен белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылық – әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
Әкімшілік жазалардың түрлері
Құқық бұзушылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz