Францияның экономикасы


ЖОСПАР
Кіріспе
1 Францияның экономикасы
2 Дүние жүзілік және Еуропалық шаруашылығы Францияның орны мен рөлі
3 Ішкі Францияның экономикалық байланысы
4 Франция ХХІ ғасыр табалдырығында: бет-бағдарлы айқындау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Франция дүние жүзіндеге ең дамыған мемлекеттердің бірінші бестігіне кіреді. Мемлекет территориясы (551 мың кв м) және халық саны (58 мың адам) бойынша Франция Европадағы ең ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. ЖҰӨ көлемі бойынша АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орынды иеленеді. Банк қызметінің көлемі мен дүние жүзіндегі сауда бөлінісі бойынша үшінші орында.
Мемлекет басшысы - Президент. Президентті сайлауы туралы Үкімет жария етеді. Президенттің уәкілдігі өте зор. Ол Конститутцияның орындалуын қадағалай отырып, басқару буындарының өзара қатынастарының арбиторы, ұлттық тәуелсіздіктің, территориялық тұтастық пен халықаралық келісімдердің гаранты болып келеді.
Заң шығарушы билік.
Франция республикасының Парламенті 2 палатадан тұрады: Ұлттық жиналыс және Сенат. Ұлттық жиналыс 5 жылға жасырын тікелей қатысып дауыс беру арқылы сайланады. Ұлттық жмналыс пен Сенаттың атқаратын қызметі - Заң қабылдау.
Парламент және Үкімет Есеп палатасымен қатар қаржы заңдарының орындалуын қадағалайды.
1958 жылғы Конституцияға сәйкес мемлекет саясатын белгілеу және жүргізу, әкімшілікті және әскери күштерді басқарушы - Үкімет (Министрлер Кеңесі) болып табылады. Үкімет қызметін Премьер-министр басқарады.
Мемлекеттік бюджеттің табыстардан құралған бөлігі салық түсімдерінен (90%), қару-жарқ сатудан түскен түсім және т. б. құралады.
Ақша-несие саясаты.
Францияның ақша-несие жүйесінің құрылымы 6 несие ұйымдарының категорияларын бөліп көрсетеді: банктер, өзара және кооперативтік несиелеу банктері, қаржы ұйымдары және мамандандырылған қаржы институттары.
ФРАНЦИЯ
1 Францияның экономикасы
Франция - 60 миллионнан астам халық тұрады. Әлемдік ЖҰӨ-нің 4 пайызын алып жатыр, ол халық бойынша 1 пайызын алып отыр. Тығыздығы 111 адам 1 км. кв. Келеді, территориясы аз. Табиғи ресурсы жақсы, минералды ресурсы аз. Аздаған көмірбар, аздаған мұнай қоры, түсті метал және сирек кездесетін металдар қоры бар. Көмір өндеу, темір, боксит өндеу тіптен тоқтатқан. Экономикалық құрылысы: ауыл-шаруашылық ЖҰӨ -гі 3 пайыз өнеркәсіп пен құрылыс саласы 26 пайыз құм көрсету саласы 71 пайыз туризм және көлік байланысты жақсы дамыған (ең дамыған) .
Бұрынғы колониялық империя ХІХ ғасырдың бірінші жартысында - әлемде экономика күш жағдайын екінші орын алды. Францияға имигранттық жолмен бес миллион адам кірген оның ішінде СолтүстікАфрика, Батыс Азия және тағы басқа. Бсқа елдерге қарағанда Францияның табиғаты құбылмалы. Франция табиғаттық газға, түрлі асыл темірлерге, түрлі түсті тастарға, мұнайға аса бай емес. Қазба жасайтын өндірістер қатты қиыншылықтарға кенелуде, көмір қазу өндірісі және темір мен боксит өндірістері түгел тоқталуда. Франция ХХ ғасырдың екінші жартысында үлкен жетістіктерге жетуде.
Франция капитал даму жолына түскен алғашқы елдердің бірі 19 ғасырдың шеніненде экономика қуаты жөнінен Франция дүние жүзінде (Англиядан кейін) 2 орын алады. Бірақ елдегі ауыл шаруашылығының мешеу халі және еңбек ресурстарының табиғи өсуінің өте төмен болуы француз империализімнің одан әрі дамуын тежеді, яғни жиналған мол капиталды ел ішінде іске жұмсаудың қиындығы туда, сөйтіп Франция бірте - бірте халықаралық кредиторға айналды, экономикасының даму қарқыны жөнінен басқа капитал державалардан кейін қалды. 1 дүние жүзі соғысты индустриялық ел ретінде аяқталды.
Шығыс Лотарингия өнеркәсіпті аудандарының қайтарылуы ел экономикасының индустрияландыруына қолайлы жағдай туғызды. 20 жылдардың аяғында-ақ Франция индустриялы-ағр ел дәрежесіне көтерілді.
Өнеркәсібі - Франция экономикасы негізгі саласы екі дүние жүзі соғыстан кейін Франция өнеркәсібінде энергетика, мұнай айыру, мұнай - химия, автомобиль, авия - космостық өндіріс атом өнеркәсібі сияқты салалар жедел қарқынмен дамыды. Франция отын энергетика қорға онша бай емес. Қажет отынның 40 пайызынан астамын шетпен әкеледі. Энергетика балансындағы көмірдің үлесі 17 пайыз мұнай өнімдері 61, 6 пайыз, газ үлесі 11 пайыз қалған 10, 4 пайыз су және атом энергия қорына тиеді.
Ауыл-шаруашылығы. Франция ондаған жылдар бойы Батыс Еуропа елдері арасында астық, ет, сүт, жұмыртқа, қант қызылшасын өндіруден 1 орын, жүзім және картоп жинаудан 2-орын алып жатыр. Ауыл-шаруашылық өнімдерінің негізін ірі және орташа капитал шаруашылықтар (жері 20-100га) өндіреді. Ауыл-шаруашылығының басты саласы - етті - сүтті мал шаруашылығы (жалпы ауыл шаруашылығы өнімі құнының 64 пайызын береді) .
Қазіргі уақытта электроникалық, ауыр машина жасау, ракета және өндірістер тағы басқалар, 60% өндірістік тауарлар жалпы алғанда дамыған елдердің арасында 10% өндірісті Франциядажасалады. Ал жеңіл өнеркәсіпте 30% . 2003 жылы ауыл шаруашылық, орман және балық аулау өнеркәсібі 3%, ал құрылыс шаруашылығы 26%, әсіресетранспорт, туристік және байланыс жағдайлары қатты өніміндамуда. Францияның ауыл шаруашылығы өнімін 3, 1 бөлігін экспортқа жіберілді. Франция экспортқа жіберілетін ауыл шаруашылық өнімдерінен Еуропада бірінші орында тұр.
Негізгі салалары мал шаруашылығы, астық, өнімдері, қант қызылшасы және жүзім. Франция 2003 жылы күннің ыстығынан, ауа-райының қолайлығынан жүзім өндеу саласында үлкен жетістіктерге жетуде, сол жылы олар жоғарғы сапалы вино өндірді. Бұл соңғы жүз жыл ішіндегі үлкен жетістігі.
Францияның экономикасын көтеру үшін кіші бизнесті қорғау керек. Кіші және орта кәсіпорында көтеру өте маңызды. Бұл елде 50% ЖІӨ - ді кіші және орта бизнес шығарады. Бсқа да дамушы елдерге сияқты Францияда да өндірістік өнеркәсіпте ТИК и ФПГ-ның маңызы зор.
Мұнай саласында «Тоталь» - «Петрофина» концнріндері жоғарғы орында тұр. Автомобиль өндірісінде Француз компаниясы «Рено» және жапон крмпаниясы «Ниссан» өте жоғары орынан көрінеді. 1980 жылдан бері бұл елде француз банкінің ассоциациясы құрылған (АҒВ) . Банкіге салған салымдарын ақшасын қорғау механизімі жасалған. Бұл ассоциацияға 410 коммерциялық және 140 коперативтік банкілер кіреді. Егер де сошл ассоциациядағы банкінің біреуі банкротқа ұшыраса, қалған банкілер сол банкінің ақшасын орына қоюға көмектеседі. Франция бұл тәжірибесі бұл елде ғана тәжірибе алып отырған жоқ бұл үлкен елдерде қолға алынып отыр. Бұл дүние жүзіне үлкен кәсіпкерлікпен көрініп отыр. Францияда мемлекеттік кәсіпорын жекешелендіру жасауға жалғасуда. Ірі және пайдасы үлкен компанияларды және стратегиялық маңызы бар, космос және авиация, телекомуникация және транспорт салаларында акция сатылуда.
ХХІ ғасырдың басында Фирманың экономикасы мемлекеттік тенденция сәйкес дамыған өнеркәсіптік өндірістің ЖІӨ - нің өсу қарқыны бәсендеуі инфляция деңгейі 2, 3% құрайды, жұмыстың көрсеткіші (9, 5%) Еуропа Одақ елдеріне қарағанда жоғары.
Францияда ЖІӨ көлемі 1, 5 трилион доллар құрайды, ал жан басына шаққанда ЖІӨ-25, 3 мың доллар. 2005 жылы ЖІӨ-нің өсімінің орташа қарқыны 1, 5 % құрады. Жылдықжинақтау нормасы ЖІӨ өнімі 19% аспайды. Мемлекеттік экономикалық саясаты Францияның әлемдік шаруашылығы халықаралық экономикалықжәне саяси беделінің артылуына бағытталған.
НИОКР шығындары 2003 ЖІӨ-нің 2, 4% құрады. Мемлекет ғылыми зерттеу жұмыстарына ұйымдарға белсенді араласады. Францияяда зерттеудің ірі институттар сияқтызерттеудің ұйымдық формулалар қалыптасқан, олардың кейбіреулері әлемдік беделге ие, мысалы Пастер институты.
Францияда өмір сүру деңгейі жоғары: ұлттық тұтынуының көлемі соңғы 30 жылда 5 есеге өскен. Франция бюджеті арқылы ұлттық табыстың жартысынан қайта бөлінеді. Салық алымының ЖІӨ-нің 44% құрайды.
Ішкі сұраныстың өсуі дайын өнімді өндеуге жақсы ықпал етті. Тұтынушы өсуі инфляцияның төмен деңгейімен және жұмыстық жағдайымен байланысты. Жинақ нормасының төмендеуі ішкі сұранысты өсірді, бұған әсер еткен пайыз қойлымының тұрақты төмендету әсерін тигізді.
Францияда «өсімнің ұшбұрышы» ретінде келесі үш мәселесін қарастырды:
- Мемлекеттік бөджетті дефецит тапшылығын экономикалық өсуді ынталандыру үшін қолдану.
- Ішкі және сыртқы қарызды азайту.
- Салықтар
2 Дүние жүзілік және Еуропалық шаруашылығы Францияның орын мен рөлі
Ішкі және сыртқы факторының әсерінен Франция 90 жылдың сонында Еуропадағы ұлттық өнімнің өсу жағынан алдыңғы орында болды. Бұл өкіметтің саясатының арқасында болды.
Франция әлемдік шаруашылық үрдісіне белсенді қатысады. Жаңа мың жылдықтың басында Франция әлемдік және Еуропалық өткізу нарығын айналды. Мемлекет Еуропалық одақтың шеңберінде өз саясатын жүргізеді: валюталық, ақшалық, бюджеттік саясат, одақ Еуропалық кеңістік логикасына негізделеді.
Франция Еуропадағы экономиканың даму жағынан екінші әлемдегі төртінші ел. Халықаралық еңбек бөлінісінде Франция машина жасау саласында маманданған деп сипатталады:автомобиль, әуе-ғарыштық, өнеркәсіп, электроникаға құрал жабдық шығару, Франция электроэнергия өндірістерден әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші оран алады, ал жалпы электро өндірісінің АЭС-тің алатынүлесіне байланысты бірінші орында (шамасы 85%) Франция химия саласының өнімін өндеуге және мата, мақта саласының өнімін өндіруге маманданған.
Франция мен Италия вино мен виноград өндіруден бірінші, екінші орынды бөліседі. Франция Батыс Еуропа елдерінің ішінде ірі-қара саны бойынша бірінші орын алады, ал сары май өндіруден әлемде екінші орын алады.
Дамыған елдердің арасында Франция авто жол ұзындығы бойынша АҚШ - тан кейінгі екінші орын алады және темір жол жүк айналысына байланысты Еуропада бірінші орын алады. Франция өздеріне келетін бірінші орын алады, туризмнен түсетін табыс бойынша Италиядан бірінші орын алады.
Франция сауда баламы теріс саудаға ие. Мемлекет халықаралық капитал ағымына белсенді қатысады. Францияның шетелде жинақталған тікелей көлемі 2003 жылы 500 миллион доллардан асты (әлемде үшінші орында тұр) . Франция үшінші әлем елдеріне белсенді көмек көрсетеді. Дамушы елдерге бағытталған көмектегі қаржылық ресурстардағы үлесі 20 пайыз. Францияжалпы дамушы елдерге көмегі көлемі жағынан әлемде бесінші орын алады (төрт миллион доллардан астам) . Дамуға ресми көмек үлесі бойынша сегізінші орын алады (бес миллиард доллардан астам) . Жан басына шаққандағы көмектің көлемі бойынша сегізінші орында. ОПР(дамуша ресми көмек) шикізат, полуфабрикат және қызмет жүргізу, кредит кіреді. ОПР-дің негізгі реципенті болып Ломейский ковенцияларына сәйкес Африка болып табылады. 1996 жылы Франция МВФ мен әлемдік банк алдында 39 дамушы елдер оның ішінде 33 Африка елдерінде қарызын кешіру жөнінде ұсыныс берді. Африка елдерінің қарызы 120 миллион доллар асады, оның ішінде Францияның 30 миллиарт доллар жиырма жыл ішінде Африканың оң бір еліне (Синегал, Мавритания, Ивуар және тағы басқа) қарызы кешіріледі. 2003 жылы жиырма екінші қантарда Африка кенесуде Франция ОПР - ді екі еселегісі келетіндігін және 2007 жылы ЖІӨ 0, 5 пайызға дейін және 2012 жылы0, 7 пайызға дейін өсіргісі келетіндігін айтты.
3 Францияның ішкі экономикалық байланысы
Францияның сыртқы экономикалық байланыстары кеңеседе. Сыртқы саудада Еуропа одақ елдеріне Африка, Жапония және Қытаймен байланысты маңызды. Францияның сыртқы саудадағы аз үлес алатын Оңтүстік Азия мен Росия.
Франция үкіметі шетел капиталының өнеркәсіптік құрылымын ынталандырады, әсіресе ол инвестициялар шетел технологиясын алып келсе экспортты ұлғайтса, жаңа жұмыс орын қалыптасса және басқаартта қалған аудандарды дамытады жеңілдетеді. Франция Ұлыбританиямен ГФР-ден кейінгі Африка инвестиция тарту бойынша үш орын алады. Франция Ресейдің тауар айналыс серіктестіктің ішінде оң екінші орын алады. Ресей мен Франция арасында жалпы тауар айналысын төрт миллион доллардан аспайды. Францияға бағытталған Ресейлік экспоррың қырық пайызы мұнай және мұнай өнімдері, отыз пайызы табиғи газ, 2, 3 пайыз машина техникалық өнімдері. Франциядан кеңестің құрал жабдықтың үлесі 15-20 пайыз. Тұтыну таурлар маңызы орын алады: мата, аяқ киім, киім, парфюмерия, сусындар.
Франция Ресейдің шетелдік инвестициялық ішінде Франциянікі 1, 9 пайыз үлес алады, бұл екі ел арасындағы сауда байланыстың мүмкіндіктерінің толық пайдаланбағандығын көрсетеді.
Транспорты. Темір жолының ұзындығы 37, 3 мың км, бұның электрогені 9, 4 мың км, автомобиль жолы 850 мың км. Басты теңіз порттары - Марсель, Гавр, Дюппери, Руан, Кант, Бардо. Елдегі аса ірі аэропорттары - Бурже, Орли, Шарль де Голь (Парижде) . Маңызды мұнай құбырлары: Гавр - Париж, Марсель - Страсбурн, газ құбырлары Пак кенін Париж, Лион, Кант қалаларымен жалғастырады.
Сыртқы саудасы. Франция басқа елдерге машина және жабдықтар, химия, электротехника өнімдерін, темір рудасын, қара метелл, алюмений, дәнді дақылдар, сүт өнімдерін және шарап шығарады. Импорттық өнімдері - тас көмір, кокс, мұнай, түсті металлдар рудасын, мақта цилюлоза, табиғи каучук. Басты сыртқы сауда серіктестері - «Жалпы рынок» елдері Алжир, АҚШ өлшемі франк.
4 Франция ХХІ ғасыр табалдырығында: бет-бағдарлы айқындау
... жалғасыХХІ ғасыр тарихқа әлемдегі жаһандану дәуірі ретінде енді. Жаһандану экономикалық процесс ретінде сапалық және сандық қасиетке ие. Бұл процесс мынадай төрт ірі ағынмен сипатталады: 1) миграциялық 2) тауарлық 3) қаржылық 4) ақпараттық.
1989 жылы Берлин қабырғасының құлауы адамдардың еркін жүріп-тұру кезеңнің басталғанының жолашары болды. Шекаралардың ашылуы миграциялық ағындардың өсуіне ықпал етті. Осындай жағдайда ішкі және сыртқы саясатты қайта қаралауға, оған түзетулер енгізуге тура келді. Бұл, ең алдымен, жаһандану дәуіріне оңтайлы бейімдеуге, сырттан келетін әр түрлі ағындар тасқынының аясында қалып, солардың ықпалына ұшырап кетпеуге, әрі осы сәтті титімді пайдаланып, сыртқы саясатты елдің мүддесіне орайластыруға байланысвты болды.
Сол сияқты елдер арасындағы теңсіздіктер өршіді - дамыған және кедей аймақтар арасындағы қарама - қарсылықтар күшейді. Әлемдік теңсіздік және көптеген елдердің кедейлігі дамыған елдердің байлығы секілді өсіп барады. Айырмашылықтың ұлғаюы барған сайын жағдайлы күрделендіре түсуде.
2001 жылдың басында әлемдік қаржы нарықтарының билігі мен мемлекеттермен билігі арасындағы теңсіздік тұрақты сипат иеленді.
Францияда президент Ж. Ширак жыл сайынғы елшілердің конференциясында дипломаттардың қызметі олардың экономикалық жетістіктермен тығыз байланысты деп қайталады. Мұның мәні жаһандану дәуірінде сыртқы экономикалық саясаттың табысты жүргізілуіндегі дипломаттардын маңызы зор екендігінде еді.
Францияның сыртқы саясатын айқындауда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үлкен роль ойнайды. Ұйымның штаб-пәтері Парижде орналасқан. Ресми топтар арасында бұл ұйымды либерализмнің экономикалық «саяси бюросы» деп атайды. Ал, экономикалық жағынан алсақ, «жаһандану архитекторы» деп атайды. Бұл тегін емес. Оның құрамында 200-ден аса комитет жұмыс істейді. Олар бүкіл саланың қамтыған. Ресми тілі - ағылшын және француз. Ұйым 30 елді біріктіріп отыр. Оны форум десе де болғандай. Оның шеңберінде мүше елдер үкіметтері экономикалық және әлеуметтік, халықаралық саясатты талқылайды, әзірлейді және жетілдіреді. Тәжірибелер алмасып, ортақ проблемаларды шешу жайын талқылайды. Өзара келісілген ішкі үкіметтер арасындағы пікір алысулар ортақ екі жақты пайдалы шешімдер қабылдауға әсер етті.
ЭЫДҰ әзірлеген маңызды жобалардың бірі инвестициялар бойынша көп жақты келісім. Бұл жобаны дайындауға ұйым ұзақ уақыт дайындалды. Жобаның мақсаты либерализациялау заңына әлемдік сипатберу және шекара сыртындағы инвестицияларды қорғау, сондай-ақ қақтығыстарды реттеудің тиімді әдістерін құру болды.
Францияның сыртқы саясатын анықтауда мынадай мәселелерді анықтап алған жөн. Әлемдегі негізгі өзгерістерді былайша жеті санатқа жіктеуге болады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz