PHP бағдарламалау тілі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 PHP бағдарламалау тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 1 Интернет жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 РНР дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 РНР дің пайда болуы және даму тарихы ... ... ... ...

2 РНР және АРАСНЕ локалді серверін орнату ... ... ... ..
2.1 АРАСНЕ web.серверін орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 РНР ді орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 PHP де бағдарламалауды үйрену ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 PHP.де айнымалылар және экранға шығару ... ... ..

4 PHP тілінде құрылған бағдарлама мысалдары ... ... ...
4.1 Файлдарды құжаттарға салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 Формаларды өңдеу және почтаны жіберу ... ... ... ... ... .
4.3 Мерзімді сөз арқылы шығару (дата) ... ... ... ... ... ... ... ...

5 HTML негiздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.1 РНР және MYSQL ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

6 Интернетте қазақ тілін талқылайтын web бетін құру...

7 Бизнес.жоспар
7.1 Аннотация
7.2 Түйін
7.3 Кәсіпорын сипаттамасы
7.4 Өнімнің сипаттамасы
7.5 Маркетинг жоспары
7.6 Өндірістік жоспар
7.7 Ұйымдастырушылық жоспар
7.8 Қаржылық жоспар
7.9 Жұмыстардың орындалу тізбесі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Алғашқы қазіргі заманғы есептеу машиналары болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі - ғасырдың 90-жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi- Бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web]. Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң негiзгi қызметi- қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-сайтқа өте аласыз. WEB-сайтты бiз келесi бағдарламалар арқылы көру мүмкiншiлiгiне ие бола аламыз: Microsort Internet Explorer [Майкрософт Интернет эксплорер], Netscape Navigator [Нетскейп навигатор], Mozilla[Мозилла], Opera[Опера]. Бұл бағдарламалардың артықшылығы сайтты сiлтемелер немесе адрестер арқылы бейнелеп көрсетiп бередi және де дискiге сақтай алатын мүмкiншiлiгi бар. Сайт даяр болғаннан кейін оны алдын-анықтап алу қажет.
Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты сайт құруға арналған бірнеше программалар шықты. Атап айтар болсақ:
• HTML тілі (Hyper Text Markup Language)
• PHP1-PHP5
• Python
• Java
HTML-тілі құжаттардың құрылымын суреттеу үшін берілетін командалық қарапайым тегтерден тұрады. Жұмысы - құжат тақырыптарын белгілеу, гипермәтінге белгілер орнату. Ал PHP тілі сол HTML-тілі жасай алмайтын мүмкіндіктерді жасай алады, яғни сайт бетіне процедуралық бағдарламалау жолын ұсына алады. Алғашында PHP тілі онша таныс болмаған мен қазір оның құдыреті кез келген сайт құру тілдерінен асып түседі. PHP тілі жылда дамып отыр оның алғашқы нұсқалары 1994 жылдары PHP болса қазір оның PHP5 нұсқасы шығып үлгерді.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы:
Әдебиеттер тізімі.


1. Мазуркеевич .А. Еловой.Д. «PHP настольная книга программиста»
2. Кузнецов.М.В. «Учебник PHP»
3. Котеров.Д Костарев А. «PHP5 в подлинке»
4. Дронов В. «PHP и MySQL» Санкт Петербург 2005г
5. http://www.php.net/postgres95/
6. http://www.apache.org
7. В.Холмогорв. Основый WEB-мастерства:учебный курс. «ПИТЕР».Санкт-Петербург, 2000.
8. Дж. Вайскопф. Microsoft Front Page 2000:учебный курс. «ПИТЕР». Санкт-Петербург, 2000.
9. Л.Омельченко, А .Федоров Самоучитель Microsoft Front Page 2000. «ПИТЕР». Санкт-Петербург, 2000.
10. А.Федорчук. «Как создаются WEB-сайты»:краткий курс. «ПИТЕР». Санкт-Петербург.2000.
11. Борис Карпов, Михаил Левченко, Алексей Жданов “Краткий курс Dream Weaver 3”
12. Александр Левин “Интернет-это очень просто”
13. WEB-дизайн:книга Якоба Нильсена. «Символ Плюс». Санкт-Петербург,2001.
14. Под редакцией Комягина В.Б “Создание Web-страниц”
15. Под редакцией Ю.М.Алексеева “Быстро и легко создаем, программируем, шлифуеми раскручиваем Web-сайт”
16. А.Федорчук “ Современный самоучительработы в сети Интернет

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 PHP бағдарламалау тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 1 Интернет жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 РНР дегеніміз
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
1.3 РНР дің пайда болуы және даму тарихы ... ... ... ...
2 РНР және Арасне локалді серверін орнату ... ... ... ..
2.1 Арасне web-серверін орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 РНР ді орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 PHP де бағдарламалауды үйрену ... ... ... ... ... ... ... ..

3.1 PHP-де айнымалылар және экранға шығару ... ... ..
4 PHP тілінде құрылған бағдарлама мысалдары ... ... ...
4.1 Файлдарды құжаттарға салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 Формаларды өңдеу және почтаны жіберу ... ... ... ... ... .
4.3 Мерзімді сөз арқылы шығару (дата) ... ... ... ... ... ... ... ...
5 HTML негiздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.1 РНР және MYSQL ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6 интернетте қазақ тілін талқылайтын web бетін құру...
7 Бизнес-жоспар
7.1 Аннотация
7.2 Түйін
7.3 Кәсіпорын сипаттамасы
7.4 Өнімнің сипаттамасы
7.5 Маркетинг жоспары
7.6 Өндірістік жоспар
7.7 Ұйымдастырушылық жоспар
7.8 Қаржылық жоспар
7.9 Жұмыстардың орындалу тізбесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Алғашқы қазіргі заманғы есептеу машиналары болмаған кезде адамдар
барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды
дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола
бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат
құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге,
тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана
отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами
келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі - ғасырдың 90-
жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен
әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер
өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының
бірі болуда. Internet желiсi- Бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web].
Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi.
Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды
пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды
қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт
тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар
ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң
негiзгi қызметi- қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және
де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен
байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-
сайтқа өте аласыз. WEB-сайтты бiз келесi бағдарламалар арқылы көру
мүмкiншiлiгiне ие бола аламыз: Microsort Internet Explorer [Майкрософт
Интернет эксплорер], Netscape Navigator [Нетскейп навигатор],
Mozilla[Мозилла], Opera[Опера]. Бұл бағдарламалардың артықшылығы сайтты
сiлтемелер немесе адрестер арқылы бейнелеп көрсетiп бередi және де дискiге
сақтай алатын мүмкiншiлiгi бар. Сайт даяр болғаннан кейін оны алдын-
анықтап алу қажет.
Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты сайт
құруға арналған бірнеше программалар шықты. Атап айтар болсақ:
• HTML тілі (Hyper Text Markup Language)
• PHP1-PHP5
• Python
• Java
HTML-тілі құжаттардың құрылымын суреттеу үшін берілетін командалық
қарапайым тегтерден тұрады. Жұмысы - құжат тақырыптарын белгілеу,
гипермәтінге белгілер орнату. Ал PHP тілі сол HTML-тілі жасай алмайтын
мүмкіндіктерді жасай алады, яғни сайт бетіне процедуралық бағдарламалау
жолын ұсына алады. Алғашында PHP тілі онша таныс болмаған мен қазір оның
құдыреті кез келген сайт құру тілдерінен асып түседі. PHP тілі жылда дамып
отыр оның алғашқы нұсқалары 1994 жылдары PHP болса қазір оның PHP5 нұсқасы
шығып үлгерді.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы:

1 PHP бағдарламалау тілі

1.1 Интернет жайлы жалпы түсінік

Интернет – үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес,
сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып
табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына
негізделген және сәйкесінше олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық
жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында оның ең танымал
қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет желісіндегі
ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде
болады. Web парақтар кез келген түрдегі мәліметтер: мәтіндер, сілтемелер,
графика, дыбыс, видео, анимациялар т.с.с тобынан тұратын комплекстік
құжаттар болып табылады. Интернеттің өмірге келуі адамзат тарихында
коммуникациялық технологияның дамуына негіз бола алады деп толық сеніммен
айта аламыз. Өйткені қазір жаста кәрі де өзіне керекті затты сатып алу үшін
немесе білім алу үшін, адамдармен араласу үшін, керекті құжат немесе затты
іздеу үшін т.с.с көптеген қызметтерді пайдалану үшін интернетке барады.
Осыдан бірнеше жыл алдын Тим Бренерс-Ли дің ой туындысының нәтижесінде
интернет сөзі қолданысқа енді және әлемді қарапайым гиперсілтемелер арқылы
біріктіре алды. Соның нәтижесінде бірнеше дамушы елдердің экономикасы
қарқынды түрде дамыды. Сондықтан Тим Бренерс-Ли ді интернеттің атасы деп
атауға да болады.
Сайттар және олардың адрестері
Қаладағы серверлерге шығу үшін домендерді қолдануға болады. Ал ондағы
аудан, үйге қатынас жасау үшін сайттар қолданылады. Қандай да бір мекемеге
немесе жеке тұлғаның және қандай да бір тақырыпқа арналған желінің
логикалық түрде аяқталған элементі. Әрбір сайттың өз адресі болады, ол
әріптен турады.
Желіні жасаушылар арнайы, домендік аттарды, (DNS) серверін құрады. Олар
автоматты түрде әріптік адрестерді (URL) цифрлыққа (ІР) ауыстырады. DNS
өзінде сол адрестердің сәйкесіне таблицасы сақтайды.
Сайт адрестері бірнеше маңызды элементтерден тұрады. http: -
гипертестік құжаттарды теру протоколын білдіретін префикс.
WWW – ресурстың WWW жүйесіне жататындығын білдіретін “сигналдық
жалауша”. Бұдан кейін адрес атының ең төмендегі элементі – сайттың өз аты
орналасады.
Беттер –біртұтас ағзаны -сайтты құрайтын жеке гипертекстік құжаттар.
Домендік зоналар
Интернеттің компьютерлерінің барлығының өз адрестері (ІР -адресі)
болады. Сервер ыңғайлы болғандықтан домендіқ зоналар деп аталатын логикалық
топтарға біріктірілген. Бұл зоналар географиялық , тематикалық болуы
мүмкін.
Географиялық домендік зона (бірінші деңгейдегі зона) желіге өз
компьютерлері арқылы қосылған әрбір мемлекетке беріледі. Ол ереже бойынша
екі әріппен белгіленеді:
Ch –Қытай
Fr –Франция
Ge –Германия
Jp –Жапония
Ru –Россия
Tw –Тайвань
Uc –Украина
Ur –Ұлыбритания
Тематикалық домендік зонаның географиялықтан қарағанда белгілі бір
аймаққа қатысы жоқ. Ол әр елдегі ғана емес, әр контингенттегі
компьютерлерді біріктіреді. Мұнда компьютерлер оларды басқаратын
мекемелердің түрі бойынша топтастырылған. Ал домендік индекс үш және одан
көп әріптермен белгіленеді:
Gov - өкіметтік мекемелер;
Com - кез келген коммерциялық үйымдар;
Net - желілік қызметке қатысты ұйымдар;
Nur - әскери мекемелер;
Int – халықаралық мекемелер;
Edu - білім беру мекемелері;
Shop - желілік магазин;
Museum – мұражай;
Biz – кез-келген бизнес -жоба;
Name - жеке беттер.

1.2 РНР дегеніміз не?

РНР-бұл Web –серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің
динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және
HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-
код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының
браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның
көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық
бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows
NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache –дегі
модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса
РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты
туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және
сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі
болмайды.
Сіздің құжат бетіңіздегі әртүрлі операциялардан басқа сіз РНР
көмегімен НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орната аласыз. Сонымен қатар
аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттай аласыз. РНР
берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл сізге PDF құжаттарды
инерациялаудан, ХМL-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді.
РНР операторлары сіздің бетіңізге Web-беттерді қойып береді, сондықтан
арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының
блогын ?php тегінен бастап, оны ? тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің
арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады.
РНР тілінің синтаксисі Си және Рerl синтаксисіне ұқсас келеді сіз
ауспалыларды оларды пайдаланудан бұрын жарияламауыңыз керек. Массивтермен
Хэмтер оңай жүзеге асырылады.
Дегенмен РНР Apache құрылған жағдайда бәрінен жылдам жұмыс жасайды.
РНР Web – сайтында оны Microsoft ІІS және Netscape Enterprise Server
орналастырудың реті бар. Егер сізде РНР ді орнатуға бағдарламалық
қамтамасыз етудің көшірмесі жоқ болса, оны сізге ресми Web –сайттан ала
аласыз. Ол жерден сіз РНР дің барлық ерекшелігі мен қызмет бейнеленген
түсіндірілген жетекшілікті таба аласыз.

1.3 РНР дің пайда болуы және даму тарихы

РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl
тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады. Ол қосымша
вебсайтта пайдаланушылардың оның резюмесін сараптайды. Содан бұл қосымшамен
бірнеше адам пайдаланғанда оны алғысы келетіндердің саны өсе түсті. Ледорф
өзінің жаңалығын Personal Home Page Tools версия 1 деп аталады және оны
еркін таратуға жібереді. Осы кезеңнен бастап РНР-дің танымалдылығы арта
түсті.
Ылғи кездесетін жәйт сияқты оны өңдеу мен толықтыру қажет болды. Оны
жүзеге асыру үшін Расмус Си-ға жазылған пакеттің жаңа версиясын жасап
шығаруға осылайша құрал жұмыстың атауға ие болады РНР Fl Personal Home
Рage Forms Interpreter ары қарай ол РНР 2 деген атаумен де белгілі
болады. Бұл версия қазіргі уақытта осы күнгі РНР-ге ұқсас. Оның синтаксисі
және Perl тілі стилінде ауыспалы атау алуы, болатын формаларды автоматты
интерпетациялауға берілгендермен интеграциясына, және РНР операторларын
html код беттерге орналастыруға мүмкіндігі болатын. Сонымен қоса бұның
барлығы қате жылдам жұмыс жасайтын болды. Өйткені РНР Apаche серверіне
компилирленген еді. 1997 жылы РНР 50,000 - дай доменде қолданылады.
Дәл осы жылы 1997 де РНР жобасына Зив Сураски мен Энди Гутманс (Andi
Gytmans) қосылды. Олар Израил университеттерінің бірінде студент болып
жүріп, РНР ді коммерциялық университеттік жобаға пайдалануға тырысты. Осы
жерде олар көптеген қиындықтармен, бұл технологияның шектеулі екеніне
кездесуге тура келді. Яғни Энди мен Зив РНР 2-нің алғашқы кодын үйрене
отырып оған өңдеудің, әсіресе тілдің синтаксисіне қайта өңдеу қажет деген
тұжырымға келді. Бірнеше ай көлемінде олар бұл тапсырманы кереметтей
орындай білді. Оның үстіне бұл жұмыс оларға университеттің оқу жүктемесі
ретінде сыналды.
Жұмысты бітірген Зив пен Энди Расмуспен байланысты. Ол РНР дегі барлық
өзгерістерді қуана қабылдады. Осы кезеңнен бастап РНР технологиясын
дамытумен айналысатын РНР Group топтары пайда болады. Бірлескен әрекет
нәтижесінде алынған өнім 1998 жылы РНР 3 деген атаумен жарық көрді.
Бұл жердегі РНР 3-тің басты ерекшелігі ядролық кеңеюіне мүмкіндік
туды. Бұл арнайыландырылған модульді тудыратын РНР - дің әржақты өңдеуіне
әкелді. Олардың үлесі РНР үлкен көлемдегі берілгендер қоры мен
хаттамалармен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырды. 1998 жылы РНР ді
қолданушылардың саны 10000 жетті. Ал РНР интернет серверінің 10 пайыздай
шамасына орнатылды. Баспаларда 20–дан астам мақала мен 2 кітап РНР жайында
жарияланды.
РНР 3-тің жарық көргеннен соң Энди Тутамано және Зив Сурски РНР -тің
ядросын өңдеуге кірісті. Ең бірінші кезектегі мәселе өндірісті жоғарылатуды
шешу керек еді. Zend Engine деп аталатын жақ қозғалыс бұл тапсырманы
нәтижелі орындады және 1999 жылы пайда болды.
РНР 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты.
Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4 тің мүмкіндіктері зор еді. РНР
4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады.

2000-2004 жылдар арасында 4 версияны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар
жалғасты. Шамамен сол кезден бастап ақ РНР Group жаңа версияның мүмкіндігін
ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін
күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға
мүмкіндік берді. 5-ші версияны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді.
Оған көптеген мамандар қатысты олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус
Бергерді атап өткен жөн болар.
Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР 5 ресми түрде жарыққа шығады. Бірінші
кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмысты барлық механизм
жұмылдырылды. Егер алдыңғы версияларда РНР –дегі объектілік-жобалаушылық
бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР 5 объектілік
бағдарламалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие. Онымен қоса РНР
ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар
көзіне байыды.
РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапқаналар
күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтілер SAX, DOM, және XSLT
қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа
екі кеңейтулер қосылды-SimpleXML және SOAP.
Somple XML XML- берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан
алдын РНР-да ХМL мен жұмыс бұншалықты қарапайым болмаған еді.
SOAP -тың кеңеюі РНР да ХМL –хабарламаның көмегімен басқа
қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құрға мүмкіндік береді. Мысалы
НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал веб-сервистермен
интеграциялауға мүмкіндік туындайды.
РНР 5 My SQL (My SQL Improved) жаңа кеңeйтулер Му SQL – сервер
версиясымен 4.1.2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. Му SQL - ға тек
қана процедуралық емес сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге
асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды
қосады.
SQLite–тің кеңеюі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сатайтын қоcымшаны
құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкінік
тудырады. SQLite – нің маңызды ыңғайлылығы – пайдаланылу қарапайымдылығы.
SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты
объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-нің басқа ерекшеліктері
–жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай
тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР -нің бұл кеңейюінің үлкен танымалдылыққа
ие болатындығын жоспарлап отыр.
РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзіне төмендегілерді қосады.

❖ Tidy –HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін.
❖ Perl - Perl сценарийлерді пайдалану.
❖ SPL – кластармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2
–нің кеңеюі.
❖ -РDО -PHP-нің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады.
❖ -PІMP-GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған
жаңа кітапхана.
❖ Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері
пайдаланылады.
❖ -РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен
толықтырылған.

2 РНР және Арасне локалді серверін орнату

Локальды серверлерді пайдаланудың себебі көп – бізге РНР - ды үйрену
керек болды өзіңіздің хостингіңізде Web қосымшалары тестілеу қымбатқа
түседі және бұндай мүмкіндік мүлдем жоқ. Бұл жағдайда сізде локалды
машинада Apache+PHP байланыстары қажет болады.
Ең алдымен Apache және РНР дің архивін шығарып алу керек. Apache
http:www.apache.orgdyncloser.eg i. ресми сайтындағы келтірілген беттен
алуға болады. Іздестіруде мынаны есте сақтаған жөн. Apache өзінің UNIX тегі
демонының аты бойынша httpd деп те аталуы мүмкін. әдетте сайт бетінде
әртүрлі файлдар көп, мысалы httpd-2.0.49-win 32-src.zip httpd-2.0.49. tar.
Gz, apache 2.0.50-win 32-x86-no ssl-exe.

Ескерту : Apache тасымалдаушыларының бинарлы кодтары әртүрлі нұсқада
таралады. Мысалы *ехе және *msi кеңеюімен және де hеttpd версия win 32 *msi
түріндегі атауға ие болуы мүмкін. Шатасып қиналмау үшін оны алуға болатын
ресурс мынадай: http:apache.rin.rudisthttpdbin arieswin32. Екінші
және үшінші версия сан версияда келтірілгендерден айырмашылығы болуы мүмкін-
бұл жерде ең соңғы версияны таңдаған абзал. Өйткені онда алғашқы версиядағы
кездескен қателектер жойылған.

РНР 5-ті http:www.php.hetdownloads.php сайтынан табуға болады.
Сайтта РНР екі формада мүмкін болады. Алғашқы кодта (Complete Source Code)
және компилицияланған нұсқада (Windows Binsries). Бізді ек нұсқада
таралатын компиляцияланған версия қызықтырады: орнату түрінде (php-5.0.0-
installer exe) және zip архив түрінде (php-5.0.0-Win 32. zip). Орнатушы
орнатуда ыңғайлы, бірақ РНР версиясы шектеулі. Оның үстіне автоматты
инсталляторды пайдалану бізді Арасһе серверінің конфигурациялаушы файлын
құру қажеттілігінен арылтпайды. Сондықтан да zip –архивті жүктеу ұсынылады.
Сіз РНР сайтында бола тұрып РНР –ге құжатитаманы алуыңызға да болады.
Windows-ты пайдаланушылар үшін сhm-формат әлдеқайда ыңғайлы

2.1 Арасне web-серверін орнату

Арасhе Web-серверінің орнатушысын жіберіңіз. Нәтижесінде лицензиялық
келісімі бар терезе пайда болады. одан кейін Арасhе екінші версиясының жаңа
кіріспесі туралы ақпараты бар келесі терезеге өтіңіз. Суретте көрсетілген
келесі терезе сервер туралы ақпарат ендіруге мүмкіндік береді; сервердің
домендік аты. Сервердің аты, басарушының электрондық почтасының аты. Егер
орнату локальды машинада жүретін болса, домендік атау мен сервер атауына
өріске localhost ендіру керек болады. терезенің төменгі бөлігінде сервер
сұранысты қабылдайтын порт нөмерін таңдау керек болады. (80 немесе 8080).
Ол төмендегі. суретте көрсетілген (1 сурет). Localhost – бұл ІР –мекен
жайымен байланысты локалды машинада серверді пайдалануға арналған атау.
Бұдан кейін орнату тәслі ұсынылады. Стандартты (Typical) немесе
таңдаушы (Custom). Бұл тәсіл сервер компонентін қолмен таңдауға мүмкіндік
береді. Келесі терезе сервер орнатудың каталогын таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл C: Program Files Apache Group, дегенмен біз басқа каталогты таңдауды
ұсынамыз. Мысалы С: www. Бұдан кейін орнату шебері орнату процесіне дайын
екендігін хабарлайды.

1 сурет – РНР - ді орнату терезесі

Сосын Install түймесін басқан соң сервер файлдарын көшіру жүзеге
асырылады. Егер құру сәтті шықса, Windows автоматты түрде Apache жібереді.
Теру кезіндегі сәтті инсталляциядан кейн браузер терезесіне http:
localhost немесе http:127.0.0.1- на сервер бетіне жүктелуі керек.
Енді Apache ні басқаруды үйрену керек. Атап айтсақ серверді жіберуді,
тоқтатуды, және жүктеуді үйрену керек. Бұл операцияларды орнатудың көптеген
тәсілдері бар: ApacheMonitor, көмегімен, Windows сервистерін басқару
консольын пайдаланып, Пуск мәзірінің пункттерін пайдалану. Басқарудың
консолдарын жіберу үшін мына командаларды орындаңыз.
Пуск -Настройка-Панель управления-администрирование- Службы.
Команда орындалғаннан соң төмендегі суретте (2-сурет) көрсетілгендей
терезе пайда болады. Консолдың пайда болған бетінде, төменде берілген
суреттен Apache 2 сервисін таңдау керек. Оң жақтағы түймешікті басу арқылы
ашылған контексті мәзір сервистің жіберуін, тоқтатуын, жүктелуін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.

2 сурет – Службы тережесі

Windows қызметтері жүйенің стартында фондық қосымшаларды шығаруды
жүзеге асырады. Бұл үшін свойства терезесіне өту керек. Сервистің
контекстік мәзірінен свойства пунктін таңдап, пайда болған терезеде “Тип
запуска” тізімінен “Авто” пунктін таңдау керек.
Енді С: www Apach 2conf. Бумасында орналасқан Apache –http. conf.
Web-серверінің конфигурациялық файлын орнатуға кірісу керек. Есте сақтаған
жөн бұл файлда жүзеге асырылған өзгерістер күшіне серверді қайта жүктегенне
кейін ғана енеді.
Сервер Apache ISO-кодтауына орналастырылған. Яғни сервер бұл кодтауға
жазылғанның бәрін сіздің файлыңыз деп санайтын болады. Кодтауды кодтауға
өзгерту үшін Windowsта http.conf ашып, мына қатарды табу керек.
AddDefaultCharset ISO-8859-1
Оны мынаған өзгерту керек.
AddDefaultCharset –WINDOWS –1251

Бұдан кейін бізге кеңейтілген файлдардың орналасқан бумасын құру керек
болады. Оларды мына мен жаймен табуға болады. http:locakhostindex.html.
Бұл үшін сіз бәріне дайын болатын буманы таңдау керек. Бұл былай болсын
C:wwwscripts.

2.2 РНР- ді орнату

Apache сервері құрылды- енді РНР ді құруғе кірісуге болады. Бұл үшін С:
РНР жобасын құрыңыз. Және ол жерде рhр-5.0.0-Win32.zip. архивіндегілерді
архивтеңіз. PHP орнату бумасы ретінде бөлек бума құрамыз. Ол үшін, мысалы:
Internet бумасын құрып алып, Пуск - выполнить командаларын орындап, subst
E: C:\Internet командасын береміз. Сонда бізде тағы да виртуалды Е дискісі
пайда болады. Енді сол дискте usr бумасын құрып, содан кейін usr бумасының
ішіне php бумасын құрамыз. Орнату файлы ретінде екі файл болады, біреуі
ехе, екіншісі zip файл. Алдымен ехе файлды жүктеймізде пайда болған сұраныс
терезелерінен Next батырмасын басып кете береміз және Standart типті
орнатамыз. Орнату жолына e:\usr\php жолын көрсетіп оны сонда орнатамыз.
Одан кейін SMTP серверін және электронды пошта адрестерін енгізу терезесіне
ойдан енгіземіз. Содан кейін бізге PHP жұмыс істейтін серверді таңдау қажет
болады. Ол сервер ретінде біз Apache серверін аламыз. Енді бізге қосымша
модульдерді орнату мен Apache серверін PHP кодтарын түсінуге үйрету керек
болады. PHP - ді Apache - ге келтіру E:usrapacheconf бумасынан Apache-ді
келтіру httpd.conf файлын кез-келген мәтіндік редактормен ашамыз, мысалы:
“Блокнот” немесе “Word”. Содан кейін
# АddType applicationx-httdp-php .php қатарын іздейміз. Ол жерден
кометарий белгісін # алып тастаймыз. Осы қатардан кейін,
ScriptAlias _php “PHP жолы”
Action application x-httpd-php “_phpphp.exe” қатарларын жазамыз.

“PHP жолы” жолы біздің жағдайымызда e:srphp. Бұдан кейін келтіру
файлын сақтап, файлды жабамыз.

Apache - де виртуалды хосттар бір компьютерде бірнеше немесе жүздеген
виртуалды серверлер болуы мүмкін. өзімізге сондай бір сервер жасау бір
немесе одан көп сайт құру үшін қажет болады. Ол үшін біз тағы да сол
httpd.conf файлын кез-келген мәтіндік редактормен ашамыз және файлдың
соңына келесі қатарларды жазамыз:

VirtualHost 127.0.0.1
ServerAdmin admin@server
rname.com
Server
erName www.servername.com
DirectoryIndex index.php3 index.phtml index.php
Index.htm Index.html Index.shtml Index.shtm
DocumentRoot “e:usrpublic_htmlhostvirtual”
ScriptAlias cgi-bin “e:usrpublic_htmlhostvirtualcg i-bin”
ErrorLog e:usrphp
ublic_htmlhostvirtuallogserror. log
CustomLog e:usrpublic_htmlhostvirtuallog saccess.log common
VirtualHost

PHP скрипттері жұмыс істейтіндігін тексеру үшін алдымен
e:usrpublic_htmlhostvirtual бумасына test.php файлын құрып ішіне келесі
кодты жазамыз:

? phpinfo(); ?

Енді браузерге, http:127.0.0.1test.php деп жазамыз, егер экранда
төмендегі суретте көрсетілгендей (3-сурет) PHP туралы түрлі ақпарат пайда
болса, онда PHP жұмыс істеп тұр деген сөз.
Барлық бағдарламалау тілдеріндегі сияқты PHP-де де өз синтаксисі бар.
Оның синтаксисі С және Perl тілдеріне өте ұқсас. PHP-де әр скрипт ? рhp
ден басталып ? жазуымен аяқталуы керек. Коментарийлер болса С тіліндегідей
* басталып *-мен аяқталады.

3 сурет – РНР туралы ақпарат беретін терезе
3 PHP де бағдарламалауды үйрену

3.1 PHP-да айнымалылар және экранға шығару

PHP- тілінде экранға шығару өте оңай, мысалы:
?php
echo “My first Program !!!”;
?

Скрипт дегеніміздің не екенін түсіну үшін алдымен айнымалылармен
танысып алайық. Айнымалының аты, типі жәлне мәні болады. Айным. ының атына
кез келген алфавиттік символмен сандар бола алады. PHP кез келген айнымалы
$ белгісімен басталуы тиіс. Айнымалылар типтері бойынша өзара бұтінсанды,
бөлшек санды, қатар, обьектті, логикалық және массив болып бөлінеді.
Айнымалы типін алдын ала Паскаль тіліндегідей анықтаудың қажеті жоқ.
Айнымалы типтері шартты түрде жүреді. Әр айнымалы автоматты түрде өз мәніне
сәйкес типке ие болып отырады. Мысалы: $a=5 жазуы айнымалывның аты $a
екенін, типі бүттін сан екенін, мәні 5-ке тең екенін білдіреді. Толықтай
мысал келтіретін болсақ:
1 ?php
2 $name = 6;
3 $h12 = 4.89;
4 $file_type = "pathindex.phtml";
5 $os = "Welcome to PHP ";
6 ?

скрипттің екінші қатарында $name айнымалысының мәні бүтінсаны 6 мәнін
қабылдап тұр.
үшінші қатарда $h12 айнымалысының мәні 4.89 бөлшек санын қабылдап тұр.
төртінші және бесінші қатарда айнымалыға қатар типі тағайындалып тұр.

Қарапайым аримфметикалық операциялар. Басқа бағдарламалау тілдеріндегі
сияқты кез-келген арифметикалық операциялар орындауға болады. Мысалы, екі
санның қосындысы бағдарламасын қарастыратын болсақ:

?php
$a = 5;
$b = 3;
$d = $a + $b;
echo $d
?

скрипт жұмысының нәтижесі экранға 8 санын шығарады. PHP тілі барлық
математикалық функцияларды, көп деңгейлі жақшалармен, логикалық
операциялармен, бірге көбейту немесе азайту операцияларын және т.б.
көптеген операцияларды орындай алады. Айнымалыны бірге көбейту операциясы С
тіліндегідей $a++; орындалады. Бірнеше элементке бір мәнді тағайындауда
мүмкін: $a = $b = 7; PHP тілінде стандартты емес арифметикалық өрнектің
орындалуына мысал келтірейік:

?php
$b = $a = 5;
$c = $a++;
$e = $d = ++$b; * алдын-ала көбейту, яғни үш айнымалының мәніде 6-ға
тең *
$f = 2 * ($d++); * айнымалының мәні көбейгенге дейін екі есе көбейту
*
$g = 2 * (++$e); * айнымалының мәні көбейгеннен кейін екі есе көбейту
*
$h = $g += 10;
?

Мысал:Тізбектелген сандарды бір қатарға бос аралық түрінде экранға
шығар. Біздің жағдайда тізбектер саны беске дейін болсын. Шешімі:

?php
$i = 1; echo $i;
$i++; echo " ".$i;
$i++; echo " ".$i;
$i++; echo " ".$i;
$i++; echo " ".$i;
?

Егер есепте бір қатарға емес бағана түрінде шығару керек болса, онда
тырнақшалар орнына
қатар ауыстыру HTML-тегін қою керек: echo
"
".$i; Сонда нәтижеде сандар бір баған бойына орналасқан түрде шығады.

Қарапайым логиткалық және шаррты операторлар

Салыстыру қарапайым түрде ұйымдастырылады: "егер-онда-болмаса". Бұл
үшін PHP-де келесі конструкция қолданылады:
if ( ) { } else { }
бұл оператордың түрлі синтаксисі бар, бірақ жоғарыда келтірілген
синтаксис ең тиімді әрі дұрысм болып есептеледі. Мысал:
?php
$a = 5;
$b = 9;
if ($a == $b) {echo $b - $a;} else {echo $b.$a;}
?

Бағдарлама нәтижесі 95 - ті көрсетеді, себебі $a -ға $b тең емес, ал
echo $b.$a; командасы айнымалыларды рет-рнетімен шығарады. Мұндағы нүкте
айнымалыларды бір-бірімен жабыстыру үшін қолданылады.

Циклдер

Бағдарламалаудағы циклдер дегеніміз - бір операцияның бірнеше рет
қайталануы. PHP-де циклдерді ұйымдастыру үшін келесі операторлар
қолданылады: while, do...while, for және foreach. Циклге мысал ретінде
бірнеше файлдарды көшіру қызметін көрсетуге болады. Оның алгоритмі
төмендегідей болады:
❖ файлдар санын беру
❖ көшірілген файлдар есептегішінің мәнін нөлге қою
❖ файлды көшіру
❖ есептігіштің мәнін берілген файлдар санына теңдігін тексеру
❖ егер тең болмаса, онда көшірілген файлдар есептегішінің мәнін арттыру
және цикл басына
❖ қайта келу
❖ егер тең болса, онда циклды аяқтау
Циклдық әр қайталануы итерация деп аталады.
Енді PHP-де циклдерді ұйымдастыру мысалын қарастырайық:
?php
$i = 0;
$n = 10;
while ($i =$n):
echo $i. “
\n” ;
$i++;
endwhile;
?
скрипттің мағынасы өте қарапайым. $i айнымалысына циклдың басындағы
мәнді тағайындаймыз да, $n айнымалысына циклдың соңындағы мәнді
тағайындаймыз. Ары қарай циклды while() операторы арқылы ашып, жақшаның
ішіне берілетін шартты жазамыз. Ол шарт $i =$n болғанша орындалады. Бұл
цикл шарты бұлған заматта цикл аяқталады. еndwhile операторы циклдың
аяқталғанын білдіреді. Скрипт, браузер экранына баған бойынша бірден онға
дейінгі сандарды шығарады. Себебі echo операторының $i айнымалысынан кейін
қатарды ауыстыратын
HTML-тегін қойдық.
Жоғарыдағы есепке тағы да басқа бір вариантын көрсетейік:
?php
$i = 0;
while ($i=10)
{
echo $i++. “
\n”;
}
?

Бұл екі бағдарламаның нәтижесі бірдей болады.
Енді PHP-де do...while операторының құрылысын қарастырайық. Бұл да цикл
болып саналады, оның while операторынан ерекшелігі “дейін” емес “кейін”,
яғни цикл жұмысы оператордан кейін аяқталады. do...while циклі үшін тек
бірақ синтаксис бар:
?php
$i = 0;
do
{
echo $i. "
\n";
$i++;
}
while ($i = 10);
?

Енді for циклына мысал келтірейік, оның синтаксисі:
for (expr1; expr2; expr3) (операторлар тіізбегі)
(expr1) - өрнегі шартсыз болып есептелінеді және циклдың басында
орындалады. Әр итерацияның басында (expr2) өрнегі орындалады. Егер ол
ақиқат болса, онда цикл жалғасады да ішкі операторлар орындалады. Егер ол
жалған болса, онда цикл аяқталады да әр итерацияның соңында (expr3) өрнегі
орындалады. Бұл өрнектердің әрқайсысы бос болуы мүмкін. Егер (expr2) өрнегі
бос болса, онда цикл шексіз орындалады. Шексіз орындалуды break операторы
арқылы тоқтатуға болады. Мысалы:
?php
$a = 0;
while ($a 5)
{
if ($arr[$a] == "atop" )
{
break;
}
$a++;
}
?

Егер continue операторы кездесетін болса, онда басқару келесі жақын
циклге беріледі. Мысалы
while (list($key,$value)=each($arr))
{
if ($key 2)
{
continue;
}
}

Енді сандарды for операторы арқылы экранға шығару есебінің мүмкін
жолдарын қарастырайық:
Мысал1:
for ($i = 1; $i = 10; $i++)
{ print $i ; }
Мысал2:
for ($i = 1;; $i++)
{ if ($i 10)
{ break; }
print $i;
}
Мысал3:
$i = 1;
for (;;)
{ if ($i 10) { break; }
print $i; $i++;
}

Уақыт пен мерзім

PHP-де уақыт форматымен жұмыс істеу үшін көбінесе date функциясы
қолданылады. Оның синтаксисі $date = date("параметр"); Параметрлер бірнеше
болуы мүмкін және олар бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады. Онда төмендегі
параметрлерді қолдануға болады:
а - "am" немесе "pm" мәндерін қабылдайды;
А - "AM" немесе "PM";
d - ай күні, сандық, екі сан (бірінші орынға нөл қою керек), яғни 01-
ден 31-ге дейін;
D - апта күні, мәтіндік, үш әріп, мысалы: "Fri";
F - ай, сандық, мысалы: "February";
h - сағат, сандық, екі сан, 12 сағаттық формат;
H- сағат, сандық, екі сан, 24 сағаттық формат;
i - минут, сандық, екі сан, яғни 00-ден 59-ға дейін;
j - ай күні, сандық, бастапқы нөлсіз;
l - апта күні, мәтіндік, мысалы: "Wednesday";
L-төрт жылда қайталанатын жылды көрсетеді, яғни "0" немесе "1";
m-ай, сандық, яғни "01"-ден "12"-ге дейін;
M-ай, мәтіндік, үш әріп, мысалы: "Feb";
n -ай, сандық, бір сан, яғни "1"-ден "12"-ге дейін;
О-Гринвич уақыты бойынша сағат аралығы, мысалы: "+0200";
s - секунд, сандық, екі сан, яғни 00-ден 59-ға дейін;
S- ағылшынша реттік жалғау, мәтіндік, екі символ, мысалы: "nd" және
"th"
t - ағымдық айдағы күндер саны, яғни "28"-ден "31"-ге дейін;
U-Unix ғасырынан басталатын секунд, яғни 1970 жылдың 1 қаңтары;
Y-жыл, сандық, төрт сан;
w-апта күні, сандық, мысалы "0" саны жексенбіні білдіреді;
y -жыл, сандық, екі сан, мысалы: "99";
z -жыл күні, сандық, мысалы: "299";
Осы параметрлерді қолдану арқылы біз өзіміздің сайтымызда ағымдық
уақытты пайдалана аламыз. Оның ішінде ең көп қолданылатыны ағымдық уақыт
пен мерзімді шығару. Аптаны, айды, күнді шығару сайтта өте пайдалы болып
есептеледі. Мысалы, сайтымызға кірушілерді тәулікке байланысты уақытпен
қарсы алатын болсақ, онда бағдарлама коды төмендегідей болады:
?php
$h = date("H")
if ($h = 5 && $h = 11) echo "Қайырлы таң !";
if ($h = 12 && $h = 18) echo "Саламатсызба !";
if ($h = 19 && $h = 24) echo "Қайырлы кеш !";
if ($h = 1 && $h = 4) echo "Қайырлы түн !";
?

Бұл скриптте серверден date(“H”) функциясы арқылы ағымдық сағат
уақытының мәнін аламызда, оған талдау жүргземз. Алынған мән қай аралықта
орналасқанына байланысты сәйкес сөздерді экранға шығарамыз. Егер бағдарлама
кодына назар аударатын болсақ, онда сағат белдеуінсіз және сәйкес уақыт
аралығынсыз тек сервер уақыты ғана алынып тұрғанын көремз. Сондықтан уақыт
аралығын бағдарламаға алдын-ала енгзуімізқажет. Оған мысал ретнде келес код
бола алады:
$time = date(“H:i”);
$time1 = date(“H”);
$time2 = date(“i”);
$time_s = 7;
$time1 = $time1+ $time_s;
if ($time1 = 24) { $time1 = $time1 – 24; }
$time = “$time1: $time2”;

Бірінші қатарда ағымдық уақытты алу сервердің сағат белдеуі бойынша
іске асырылады. Ары қарай түрлі дұрыс уақыт белдеуі бойынша бағдарлама өзі
есептейді. $time_s айнымалысындаөз уақыт аралығы сақталады.

Массивтер

Массив дегеніміз – сандар немесе белгілерқатары және олардың басқа
айнымалылар секілді өз аты мен мәндері болады. Бірақ одан да басқа олардың
индекстері болады. PHP-де массив былайша өрнектеледі: $массив_аты[индекс].
Мысалы:
?php
$a[0] = 1;
$a[1] = 12244;
$a[2]=0 “example”;
?

Бұл мысалдың нәтижеснде $a массиві құрылып, оның 0,1 және 2
ұяшықтарына 1, 12244 және example мәндері тағайындалады. Енді echo $a[2]
командасын берсек онда экранға example сөзі шығады.
Біз қарастырған массив бірөлшемді, одан басқа көп өлшемді массивтерде
бар. Мысалы: $деканат[кафедра информатика] [кафедра автоматика];
Массив ұяшықтарымен кез-келген операциялар жасауға болады:
арифметикалық, логикалық амалдар қолдану, салыстыру операциялары, арттыру,
азайту және т.б.
PHP-дің басқа бағдарламалау тілдерінен ерекшелігі мұнда бүтіндей файлды
массив ретінде алуға болады және бұл мүмкіншілік көптеген қызықты амалдар
қолдануға жол ашады. Оның форматы:
?php
$a = file(“файл_аты”);
?
Бұл команданың нәтижесінде $a массивінде файл мазмұны болады.
Әр массивтің ағымдық элементі анықтайтын ішкі көрсеткіштері болады.
Массивпен жұмыс басының кезінде ішкі массив көрсеткіші бірінші элементте
орналасады. end(), next(), prev(), және reset() функциялары массивтің ішкі
көрсеткішінің орнын ауыстырады.
end() функциясы массив ішкі көрсеткішін соңғы элементке орнатады.
next() функциясы массив ішкі көрсеткішін бір элемент алға жылжытады. prev()
функциясы массив ішкі көрсеткішін бір элемент артқа жылжытады. reset()
функциясы массив ішкі көрсеткішін бірінші элементке орнатады. current()
функциясы массив ішкі көрсеткіші тұрған массив элементін шығарады. sort()
функциясы массивті өсу реті бойынша сұрыптайды. rsort() функциясы массивті
кему реті бойынша сұрыптайды. Мұнан басқа PHP-де массивтермен жұмыс істеу
үшін көптеген арнайы функция түрлері бар.

Қатарлармен жұмыс

Қатар дегеніміз – символдар тізбегі. Сондай-ақ сандарда әріптермен тең
дәрежеде қатар ретінде теңесе алады. Қатар тек символдан немесе тіпті бос
болуы мүмкін. Қатармен жұмыс әр уақытта оны енгізуден басталады. Ең
қарапайымы қажет қатарды бір айнымалыға тағайындау. Оны жасаудың түрлері
өте көп: файлдан оқу, массивтен немесе формадан таңдап алу, т.с.с. Бізге
тек алынған қатармен не жұмыс жасауымыз керек, соны білсек оның жолы көп.
Мысалы: Бірнеше қатарды жалғастыру қажет болсын:

?php
$str = “сәлем”;
$sto = “хат”;
$qwer = “!”;
$mir = $str.” “.$sto;
echo $mir.$qwer;
?

Скрипт жұмысының нәтижесінде бірнеше бөліктен құралған “сәлем хат!”
сөзі экранға шығады. Қатарлармен арифметикалық амалдар қолдануға болмайды.
Ол үшін айнымалыларды алдын-ала анықтап алу керек. Егер қатар файлдан
оқылып немесе формадан оқылып жатса онда қатар өңделуге тиіс болады. Ол
үшін алдымен орындалатын амал қайталанатын бос аралықтарды жою: chop(str);
Мысалы:
$str = chop($str);
нәтижеде $str қатарында қайталанатын бос аралықтар болмайды.
trim(str) функциясы қатардың басындағы және соңындағы бос аралықтарды
жояды. Мысалы: $str = trim($str); ltrim(str) функциясы қатардың басындағы
бос аралықтарды ғана жояды. Мысалы: $str =ltrim($str); ucfirst() функциясы
қатардың басындағы символды бас әріп қылады. ucwords (str) функциясы
қатардың ішіндегі барлық сөздің бірінші әрібін бас әріп қылады.
Кейде қатарларды бір шаблонмен салыстыру мәселесі жиі кездеседі. Соның
ішінде қатардан іздеу болып табылады. Бірақ енгізілген қатар немесе файлдан
алынған қатар дұрыс болмауы мүмкін, себебі, қатарда артық бос аралықтар
сөздің арасында кездесуі мүмкін немесе кейбір әріптер бас әріппен (кіші
әріппен) жазылуы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін strtolower (str) (қатарды
кіші әріпке ауыстырады) және strtoupper (str); (қатарды үлкен әріпке
ауыстырады) функциялары арқылы шешуге болады.
Қатарлармен жұмыс кезінде тағы да көп кездесетін қатарларды кесіп алу
операциясы. Ол берілгенді енгізуде, форманы өңдегенде көп қолданылады.
Формадағы енгізу ұяшығына енгізілетін қатар санын шектеу үшін форманың
өзінде HTML код арқылы шектеу қою керек:
input maxlength=”100” name=”form”.
Бұл жерде формада енгізу ұяшығына тек 100 символ ғана сияды.
Бірақ бұл шектеу толыққанды емес, себебі оны айналып өту қиын емес. Сол
үшін сайтқа кірушіге шектеу шегін көрсетіп қою керек. Мұндай айналып өтуді
келесі жолдар арқылы іске асырады. Тура біздікіндей WEB бетін жасап 100
санын өзіне керек санға ауыстырады да өз компьютеріне HTML кеңейтілуімен
сақтап оны өз компьютерінен жүктейді. Ал серверге ақпарат қайдан алынса да
бәрібір болғандықтан мұндай ауыстыруды ол кәдімгідей қабылдайды да, алынған
ақпаратты өңдейді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін өңдеушіге енгізу амалы
қай жерден жүріп жатқандығын және алынған ақпараттың өлшемін тексерту
қажет. Ол үшін substring(string, start, length) PHP функциясын қолдану
керек. Мысалы:
$form = substr($form, 0, 99);
Бұл арқылы біз 100 символдан асатын қатардың бір бөлігін ғана кесіп
аламыз. Осылайша біздің сайтымызға кірушілер жалған ақпарат бере алмай
қалады. Себебі біздің жазған скрипт кірушілерге ондай мүмкіндік бермейді.
substr функциясының қызметі start (бастапқы), length (ұзындығы)
параметрлері арқылы string қатарының бөлігін береді. Егер start параметрі
оң болса, онда шығатын қатар string қатарының start позициясында тұрған
символдан басталады.
Мысалы:
$form = substr(“abcdef”, 1); нәтижесі “bcdef”
$form = substr(“abcdef”, 1, 3); нәтижесі “bcd”
Егер start параметрі теріс болса, онда шығатын қатар string қатарының
start позициясының соңында тұрған символдан басталады.
Мысалы:
$rest = substr(“abcdef”, -1); нәтижесі “f”
$rest = substr(“abcdef”, -2); нәтижесі “ef”
$rest = substr(“abcdef”, -3, 1); нәтижесі “d”
Егер length параметрі көрсетіліп және оң болса, онда шығатын қатар
start – тан басталып, length символынан кейін аяқталады.
Мысалы:
$rest = substr(“abcdef”, -1, -1); нәтижесі “bcde”
Бұдан басқа форманы өңдеуде қатарлардан керек немесе артық жерді кесіп
алу қажеттілігі туады, ол үшін арнайы функция бар:
str_replace(needle, str, haystack) ;
Мысалы:
$str = str_replace(“”, “\n”, $str); енгізілген символ кесіп алынады
$str = str_replace(“red”, “black”, $str); red сөзінің орнына black
сөзі орналасады
Егер ауыстыруда айрықша ережелер қолданылу керек болса, онда
ereg_replace() функциясын қолдануға болады, бірақ бұл функция жақсы жұмыс
істегенімен біраз уақыттың жоғалуына әкеліп соғады.

4 PHP тілінде құрылған бағдарлама мысалдары

4.1 Файлдарды құжаттарға салу

Интернет желісіне бір сайт істеген адам әйтеуір бір уақытта ішіндегі
ақпаратты өзгертуі қажет болады. Әрине, егер сайт бірнеше беттен тұрса оны
жасау қиын емес, егер сайт өте үлкен болса, онда кішкене өзгертуді жүздеген
бетке жасау қиын тірлік болады. Бірақта ешқандай қорқудың қажеті жоқ,
себебі PHP бұл мәселенің шешілу жолын қарастырып қойған, бір бетті
екіншісіне салып қою мүмкіндігі. Бұл операция include() және require()
операторлары арқылы жүзеге асырылады. Бұл операторлардан кейін жақшаның
ішінде салынатын файлдың жолы тұру керек. Мысалы: include(“text.phtml”).
Көрсетілген екі оператордың бір-бірінен ерекшелігі require() операторы
көрсетілген файлдың мазмұнымен алмастырылып тек бір-ақ рет қолданылады, ал
include() операторы көрсетілген файлдың мазмұнымен алмастырылып, мысалы
циклдің ішінде бірнеше рет қолданылуы мүмкін.
Сілтеме келесі түрде болады:
http:атыindex.php?razdel=1
сілтеменің соңындағы бірлік index.phtml файлындағы бізідің параметр болып
табылады. Мысалы: менің құрып жатқан WEB сайт бетінде мұндай файл
Center.php ішінде кездеседі.

html
...файлдың басы ...
?php
$CurSec=empty($_GET['razdel'])?null :$_GET['razdel'];
if(empty($CurSec))
include(".razdeltt.html");
elseif(file_exists(".razdel".base name($CurSec).".inc.php"))
include(".razdel".basename($CurSe c).".inc.php");
else
include(".razdelerror.inc.php");
?
...файлдың соңы ...
html

Егер if ($razdel == “”) {$url = “error.inc.php”;} кодына назар
аударсақ бұл код сайтқа кірушінің түрлі себептермен қате параметр көрсеткен
жағдайды қарастырады. Бұл жағдайда алдын-ала дайындалған қате туралы -
error.phtml беті шығады. Егер параметр сайттың басқа файлына сәйкес болса,
онда ол оны index.phtml кодына салып орындайды.
Осылайша кодтың басы мен аяғы бірдей болып тек ортасы ғана өзгереді.
Және де глобальды өзгертулер оншалықты қиыншылық тудырмайды. Оны тек бір
файлда ғана құрып істесек, ол барлық сайтта көрінетін болады. Егер одан да
оңай жолын қарастыратын болсақ, онда:

Сайтқа кірушілердің санын есептейтін қарапайым есептегіш

1. Біздің сайтқа кірушілердің санын есептейтін қарапайым есептегіш
жасаудың жолын қарастырып көрейік. Web – бетінің кез-келген керек
жеріне келесі кодты жазамыз:
2. p Сайтқа кірушілер
3. ?php
4. $filename = “counter.dat”;
5. $fp = @fopen($filename, “r”);
6. if ($fp)
7. {
8. $counter = fgets($fp,10);
9. fclose($fp);
10. }
11. else
12. {
13. $counter = 0;
14. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламау тілдері мен бағдарламалар
Функционалдық программалау тілдердің мүмкіндіктерін талдау
Мәліметтердің автономды базалары
Функционалдық программалау тілдерінің мүмкіндіктерді талдау
Миранда функционалдық программалау тілі
Сайт жасау экономикасы
Кафедраның тәрбие жұмысына бағытталған мобильді қосымшаның сервері
PHP тілі туралы
Оқыту орталығына арналған бағдарламалық қосымша әзірлеу
PHP және MySql
Пәндер