Әлемдегі мұхиттардың ластануы және оның салдары



1 Әлемдік мұхит
2 Халықаралық өзендер мен көлдерді қорғау
Әлемдік мұхит – Жердегі тіршілік үшін ерекше маңызды. Мұхит-бұл Жердің «тынысы». Жер шарының тұрғындарын қоректендіру (белок) көзі және пайдалы қазбалардың орасан зор байлығы шоғырланған жері. Бірақ ғылыми-техникалық прогресс мұхиттың тіршілік ету қабілеттілігіне теріс ықпал етті – интенсивті кеме жүзу; континенталдық шельф суларындағы мұнай мен газды өндіруді арттыру, теңізге мұнай және радиоактивті қалдықтарды төгу ауыр зардаптарға: теңіз кеңістіктерінің ластануына, Әлемдік мұхитта экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелді. Қазіргі уақытта адамзат алдында ғаламдық міндет тұр, бұл –мұхитқа келтірілген зиянды тезірек жою, бұзылған тепе – тедікті қалпына келтіру және оның болашақта сақталуына кепілдіктер белгілеу.
Әлемдік мұхитты қорғау мақсатында көпжақты және аймақтық келісімдердің бірқатары қабылданды. 1958ж. теңіз құқығы бойынша Женева Конвенциясы мен 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы мемлекеттерді теңізді қорғауға міндеттейді. 1982ж. Конвенцияла мемлекеттердің теңіз түбін эксплуатациялау, радиоактивті заттарды көмумен, кемелерді пайдалану бойынша қызметтерінің нәтижесінде Әлемдік мұхитты ластауға тыйым салу туралы жалпы жағдайлар баяндалған.

Әлемдегі мұхиттардың ластануы және оның салдары.

Әлемдік мұхит – Жердегі тіршілік үшін ерекше маңызды. Мұхит-бұл Жердің
тынысы. Жер шарының тұрғындарын қоректендіру (белок) көзі және пайдалы
қазбалардың орасан зор байлығы шоғырланған жері. Бірақ ғылыми-техникалық
прогресс мұхиттың тіршілік ету қабілеттілігіне теріс ықпал етті –
интенсивті кеме жүзу; континенталдық шельф суларындағы мұнай мен газды
өндіруді арттыру, теңізге мұнай және радиоактивті қалдықтарды төгу ауыр
зардаптарға: теңіз кеңістіктерінің ластануына, Әлемдік мұхитта экологиялық
тепе-теңдіктің бұзылуына әкелді. Қазіргі уақытта адамзат алдында ғаламдық
міндет тұр, бұл –мұхитқа келтірілген зиянды тезірек жою, бұзылған тепе –
тедікті қалпына келтіру және оның болашақта сақталуына кепілдіктер
белгілеу.

Әлемдік мұхитты қорғау мақсатында көпжақты және аймақтық келісімдердің
бірқатары қабылданды. 1958ж. теңіз құқығы бойынша Женева Конвенциясы мен
1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы мемлекеттерді теңізді қорғауға
міндеттейді. 1982ж. Конвенцияла мемлекеттердің теңіз түбін эксплуатациялау,
радиоактивті заттарды көмумен, кемелерді пайдалану бойынша қызметтерінің
нәтижесінде Әлемдік мұхитты ластауға тыйым салу туралы жалпы жағдайлар
баяндалған.

Қазіргі уақытта Әлемдік мұхитқа оны мұнаймен ластау орасан зор зиян
келтіріп отыр. Жыл сайын әртүрлі көздерден теңізге 12-14млн. тонна мұнай
түседі. 1973ж. кемелердің ластауын болдырмау туралы Конвенция мыналарды
қарастырады:

а) мемлекеттік коммерциялық емес қызметте пайдаланылатын әскери кораблдер
мен кемелерден басқа кез келген кемелердің Әлемдік мұхитты ластауына тыйым
салуды;

б) кемелердің теңізге мұнайды және мұнайлы –сұйық қоспаларды төгуге тыйым
салу;

в) қатаң режимдегі ерекше аудандарды белгілеу, бұл жерде қауіпті заттарды
төгуге толғымен және қатаң түрде тыйым салынған (Балтық, Қара, Жерорта және
қызыл теңіздер, Парсы және Оман шығанақтары).

Конвенция кемелерді эксплуатациялау нәтижесінде зиянды заттардың
барлық түрлерінен теңіздің ластануын болдырмау бойынша бірыңғай халықаралық
стандарттарды белгіледі және осы талаптарды оған қатысушылар үшін ғана
емес, сондай-ақ оған қол қоймаған мемлекеттер үшін де міндеттеді. Бұл
Конвенциялардағы стандарттарды ғаламдық деңгейде орындағанда ғана Әлемдік
мұхиттың ластануын болдырмауға толығымен қол жеткізуге болады.

1969ж. 29 қарашада екі Конвенция қабылданған болатын: ашық теңізді
мұнаймен ластануына әкелетін апаттар кезінде қол сұғуға қатысты Конвенция
және мұнаймен ластаудан зиян келтіргені үшін азаматтық жауаптылық туралы
Конвенция. Бірінші Конвенцияда апаттық жағдайларды жою бойынша қажетті
шаралар туралы және жағалаудағы мемлекеттердің апатты ликвидациялау бойынша
мәжбүрлеу шараларын қолдануға, ал егерде жағалауды ластау қауіпі туындайтын
болса, осыған кінәлі кемені суға батыру құқығы туралы айтылған.

Екінші Конвенция теңіз жағалауын мұнаймен ластануына әкелетін кеме
апат болған жағдайда жауапкершілікке тартуға және зиянын өтетіруге
арналған.

Әлемдік мұхитты ластап қана қоймай, сондай – ақ улануына әкелетін
екінші бір құбылыс бұл көптеген мемлекеттердің оның теңіз түіне
радиоактивті заттарды және мұнай мен химиялық өндірістің өңделген
шикізаттарын көму үшін пайдалануы өте қауіп болып отыр. Бұл мұхиттың
жануарлар менөсімдіктер әлеміне ғана емес, сонымен қатар уланған сулар
адамзаттың өз тіршілігі үшін де қауіп төндіріп отыр. Осындай қылмыстық
практиканы болдырмау үшін 1972ж. 29 желтоқсанда қалдықтар мен басқа да
материалдардың төгінділерімен теңізді ластауды болдырмау туралы Конвенция
қабылданды.

Конвенция теңізге кемелердің, самолеттардың, платформалардың немесе
өзге де конструкциялардың қалдықтар мен өзге де материалдарды төгуге, осы
материалдарды желелеп немесе оларды тасымалдаушы құралдарымен бірге
батыруға тыйым салады. Төгу тек ерекше жағдайда ғана мүмкін болады – форс
– мажорлық жағдайлар болған кезде адам өмірінің немесе кемелердің,
самолеттардың платформалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен
қатар қауіптілігі төмен материалдарды төгуге құзырлы билік органдарымен
алдын –ала берілген рұқсаттары болғанда ғана мүмкін болады.

Конвенцияда мүлде төгуге болмайтын заттардың тізімі берілген. Осындай
заттарға мыналар жатқызылады: хлорлы органикалық қосылыстар, сынап, кадмий
және олардың қосылыстары, тұрақты пластмассалар, шикі және отындық мұнай
және оның қоспалары, биологиялық және химиялық соғыстарды жүргізу үшін
дайындалған рациациясы жоғары деңгейдегі радиациялық радиоактивті
қалдықтар.

Жоғарыда аталған көпжақты (универсалды) Конвенцияларға қосымша мына
конвенцияларды атауға болады: 1974ж. Балтық теңізінің ауданының теңіздік
қоршаған ортасын қорғау бойынша Конвенция –ең маңызды құжат болып табылады;
1976ж. Жерорта теңізін ластаудан қорғау бойынша Конвенция; 1981ж. Тынық
мұхитының теңіздік қоршаған ортасын және оңтүстік-шығыс бөлігінің жағалау
аймақтарын қорғау бойынша Конвенция; 1982ж. Қызыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхиттардың радиоактивті ластануы
Экологиялық проблемалардың салдары
Ғаламдық жылынуды болжау әдістері
Су ресурстары және оны тазалау технологиялары
Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама
Қоршаған ортаның ластануы: экологиялық мәселелер
Гидросфера биосфера элементі және табиғи ресурс. Әлемдік мұхиттардың экологиялық мәселелері. Ірі су қоймаларын жасаудағы зардаптары
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ. БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ. АРАЛ ТЕҢІЗІ
Әлемдік мұхиттың ластануы
Ядролық сынақтар
Пәндер