Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы



Кіріспе ... ... ... . 3
1. Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі қазақстандағы дене шынықтыру тарихы ... ... ..13

1.1. Феодализм қоғамы құрылысының орнығыуы мен дамуы барысындағы дене шынықтыру ... ... ... ... ... ... ... .21

1.2. Қазақстанның ресейге қосылуы кезеңіндегі дене шынықтыру тәрбиесі және спорт ... ... ... ... ... ... ... 31

1.3. Қазақстаңдағы капиталистік қатынастармен патриоттьқ.феодалдық қатынастар кезеңіндегі дене шынықтыру және спорт ... ... ...41

1.4 Қазақстандағы социалистік төңкеріс және дене шынықтырудың даму сатылары. (1917.1920ж.ж.) ... ... ... .46

2. Қазақстанның мәдени төңкерісінің жүзеге асу кезеңінен кейінгі дене шынықтыру мен спорт (1921.1927жж) ... ... ... ... 51

2.1. Қазақстандағы мәдени төңкерістің дамыған кезеңіндегі дене шынықтыру мен спорт (1923.1940 жж) ... ... ... ... ...53
2.2. Ұлы отан соғысы кезеңіндегі қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт(1941.1945 жж) ... ... ..54

2.3. Социалистік құрылыстың аяқталуы жылдарындағы қазақстанның дене шынықтыру мен спортты (1946.1958 жж) ... .55

2.4. Мәдени төңкерістің аяқталуы кезеңіндегі қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт (1959.1970жж) ... ... ... ... 58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..63

Қолданылған әдебиеттер тізімі 74
Дене шынықтыру және спорт тарихы үлкен тәрбиелік және білімдік маңызға ие. Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді, адамдар санасын өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке тәрбиелейді, отанға деген сүйіспеншілікке, дене шынықтыру және спорттың дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан барлық халықтарға деген құрмет сезімдерін тәрбиелейді. Дене шынықтыру және спорт тарихы ұлттық және интернационалдық қызығушылықтардың дұрыс ұштасуына үйретеді. Тəрбиенің кез-келген түрі жалпы қоғамдық мəденеттің құрамына кіреді.
Дене шынықтыру дене тəрбиесінің арнайы құралдарын жасау мен пайдалану ісінде қоғамдық жетістіктер жиынтығын көрсет отырып, жалпы мəдениеттің бір бөлігі болып табылады.
Сондықтанда қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттары: елімізде дене шынықтыруды жəнеспортты одан əрі дамыту; халықтың дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін жəне халық ойындарын дамыту; саланы басқарудың оңтайлы жолдарын жəне қазіргі тəсілдемесін белгілеу; дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңдарды жетілдіру; бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты саласында спорт резерві мен халықаралық дəрежедегі спортшыларды дайындаудың ғылыми-əдістемелік, медициналық-биологиялық жəне психологиялық қамтамасыз етілуі жөнінде зерттеулер жүргізу; спорт резервін жəне халықаралық дəрежедегі спортшыларды даярлау болып келеді.
Бұл жұмыс барлық аспектілерде, дене тəрбиесі туралы ғылымның барлық салаларында жүргізу тиіс. Үкіметтің қойып отырған міндеті – дене шынықтыру мен спорт қоғамдық əсер етудің анағұрлым белсенді тəсілдері реттінде адамның рухани келбетін қалыптастыру арқылы тұлғаның жан-жақты жарасымды дамуына ықпал ету болып отыр. Сондықтан да, дене шынықтыру тарихи мен оның жекелеген мəселелерін зерттеу үлкен ғылыми мəндігі іс болып табылады. Қазақ халқының дене шынықтыру жəне спортының дамуын басқа да ұлттардың дамуының тарихи жолдарынан байланыстырып айтуға болады.
1. Таникеев М.Т. Қазақ ССР-ындағы дене тəрбиесінің тарихы. Алматы, 1973ж
2. Горанько М.И. ХХI ғасырдағы спорттың орны. Бүкілодақтық конгресс, 1999ж. Бишкек
3. Жунуспаев Н. Олимпиадалық маршрут, Алматы, 1999
4. 2001-2005 жылғы ҚР-нің Дене тəрбиесі жəне спорттың жетілуі мемлекеттік бағдарламасы, Алматы.
5. Кульназаров А.К. Қазақстан Республикасының дене тəрбиесі мен спорт қозғалысын қазіргі кезеңге сай жетілдіру, Ғылыми-практикалық журнал, Алматы №2 2003ж.
6. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009ж. ISBN 9965-34-933-9.
7. Здесь жил первобытный человек, "Известия", 1969, 12 февраля.
8. Н.И.Пономарев, возникновение и первоначальное развитие физического воспитания. "ФК и спорт", М., 1970, 50 бет.
9. АФАнисимов. О наивном реализме первобытных людей. Ежегодник Музея истории религии и атеизма. М., 1959, 323-324 бет.
10. Следы древней цивилизации. "Казахстанская правда", 1964, 29 ноября.
11. История Казахской ССР, т.1. Издательство АН Каз.ССР, .Алма-Ата, 1957, 18-19 бет.
12. М.О.Косвен. Очерки истории первобытной культуры Издательство АН СССР, М., 1953, 108 бет.
13. Н.И.Пономарев. Корсетшген жумыс, стр.80, 106.
14. К.И.Юдахин. Некоторые особенности кара-булакских говоров. Сб. "В.В.Бортольду", Ташкент, 19279 стр. 442; Обычаи киргизов (т.СХХХУП) №9 (сентябрь), 1879, 22-23 бет; КЛ.Задыхина. Пережитки возрастных классов у народов Средней Азии. Сб. "Родовое общество". Издательство АН СССР, М., 1951, 164 бет.
15. И.В.Сталин. Соч., т.1, 340 бет.
16. С.Б.Балаубаев, А.М Холяховская. Социально-бытовая среда казахского ребенка и картинка в его воспитании. "Научная мысль", Ташкент-Самарканд, 1930, №1, 102 бет.
17. А.Володин. Туркменская степь и трухмены. Сборник материалов для описания местностей и племен Кавказа, вып.ХХХНШ, 1908, 55-57 бет; П.Кушнер. Горная Киргизия (социологическая разведка), М.5 1929, 119 бет;
18. МЛавров. Кочевники (жизнь в киргизкой степи). Спб, 1914, 26 бет;
19. П.Инфантьев. Этнографические рассказы из жизни татар, киргизов, калмыков-вогулов, башкир и самоедов. Спб, 1909, 27 бет;
20. С.П.Толстов. К истории древнетюрской социальной терминологии "Вестник древней истории", 1938, №1, 75 бет;
21. ВЛ.Вяткин. Карашинский округ, организация в нем войска и события в период 1215-1217 (1800-1803гг). "Известия Среднеазиатского отдела Государственного русского географического общества", т.ХУШ, 1928, 24-25 бет.
22. Иакинф. Собрание сочинений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена, ч,1, Спб, 1851, 2-3 бет.
23. К.Д.Оссон. История монголов. От Чингиз-хана до Тамерлана, тЛ, Чингиз-хан. Иркутск, 1937, 185 бет.
24. Р.Карути. Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке, Перевод Е.Петри. Спб, 1910, 87 бет.
25. А.Н.Бернштам. В горах и долинах Памира и Тянь-Шаня. Си. "По следам древних культур". Госкультпросветиздат, М., 1954, 276 бет; С.Н.Киселев. Древняя история Южной Сибири. Издательство Ан СССР 1951, 461 бет.
26. М.Таникеев. Казахские национальные виды спорта и игры. Казгосиздат, Алма-Ата, 1957, 8 бет.
27. Э.Маккей. Древнейшая культура долины Инда. Издательство иностранный литературы. М., 1951, 123 бет.
28. Б.А.Куфтин. Киргизы-казаки. Быт и культура. М., 1925, 14 бет.
29. А. Попов. Коне тогыз-кумалак. «Спорт», 1971, 3 апреля.
30. История физической культуры. Издательство «физкультура и спорта», М.,1964, 12,13,18 бет.
31. А.Х.Маргулан, К.А.Акишев, М.К.Кадырбаев, А.МОразбаев. Древняя культура Центрального Казахстана. Издательство «Наука» Каз.ССР, Алма-Ата, 1966, 414 бет.
32. К. Маркс, Ф. Энгельс. Соч., т.21, 164 бет.
33. АА. Росляков. Аламаны. «Советская этнография», 1955, №2, 42 бет.
34. С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Казучпедгиз, Алма-Ата, 1959, 340 бет.
35. А.Диваев. Древне-киргизские похороные обычаи. «Известия общества археологии, истории и этнографии при импереторском Казанском университете», т. XIV, вып. 2, 1987, 187 бет. . }
36. Н.И. Понамарев. Көрсетілген жұмыс, 171 бет.
37. История физической культуры. Издательство «ФК и спорт», 1964, 16 бет.
38. СБ.Броневский. Записки о киргиз-кайсаках Средней орды. «Отечественные записки», 1930, ч.43,250 бет.
39. О.Огнев. Доисторический тир. «Известия», 1970, 19 ноября.
40. С Л. Замятин. Очерки по палеолиту. М.-Л., 1961, 48, 52 бет.
41. Н.И. Понамарев. Көрсетілген жұмыс, 71 бет.
42. О.Огнев. Сонда.
43. Н.И. Понамарев. Көрсетілген жүмыс, 222 бет.
44. Л.Н. Баженов. Древние авторы о Средней Азии (VI в. до н.э., III в. 1 н.з.). Госиздат научно-техниЧеской и социально-экономической литературы Узбеқской ССР. Ташкент, 1940, 24 бет.
45. История Казахской ССР, т. 1, 29 бет,
46. Е.Е. Тевяшов. О назначении боевых отверствий на втулках I бронзовых наконечников скифских стрел. СПб, 1910,16 бет.
47. Е.Е. Тевяшов, К вопросу о происхождении руского языка. «Советская этнография», 1940, №4,144 бет.
48. С.Смородкин. Резцом энохи неолита. «Комсомольская правда», 1966,14мая.
49. История народов Узбекистана, т. 1. Издательство АН Узбекской ССР, Ташкент, 1950, 50 бет.
50. Л.В. Баженов. Көрсетілген жұмыс, 23-24 бет.
51. А.Х. Марғұлан. Из истории городов и строительного искусства
древнего Казахстана. Издательство АН КазССР, Алма-Ата, 1950, 11
бет.
52. Д. Омурзаков. Спорт в Киргизии. Киргосиздат, Фрунзе, 1956, 62 бет.
53. М.Брусиловский. Очерки истории физической культуры и спорта в 1 Казахстане. Казгосиздат, Алма-Ата, 1959, 127 бет.
54. М.Таникеев. Казахские национальные виды спорта и игры, 7 бет.
55. А.Х. Марғұлан. Көрсетілген жұмыс, 11 бет.
56. А.Н. Бернштам. Көрсетілген жұмыс, 284 бет.
57. Н.И. Понамарев. Көрсетілген жұмыс, 196 бет.
58. Геродот. История, I, 215 «Древние авторы о Средней Азии», 21 бет. |
59. Геродот. История, 1, 58.
60. Геродот. История, IV, 25,27.
61. История Казахской ССР, 36-37 бет.
62. Геродот. История IV, 110-117; Страбон, География, XI, 8,6-8.
63. С.И. Брагинский. Из истории таджикской народной поэзии. Издательство АН СССР, М., 1956, 133 бет.
64. Диодор. Библиотека, 11, 33-34.
65. Климент Александрийский. Ковры, IV, VIII, 62.
66. История Казахской ССР, т. I. Казогкз, Алма-Ата, 1949, 5 бет.
67. История Казахской ССР. Сонда
68. Цит. по Н.И. Пономареву. Көрсетілген жұмыс, 196бет.
69. История Казахской ССР, 1957, 41 бет.
70. История Казахской ССР, 1957,49 бет,
71. А.Марғұлан. Көне заманның куөлігі. "Социалистік Қазақстан", 1956, 20 декабря.
72. А.Марғұлан. Көне заманның куәлігі. "Социалистік Қазақстан". 1956, 20 декабря.
73. В.О. Витт. Лошади Пазырыкских курганов. «Советская археология», 1952, т. XVI, 172-173 бет.
74. С.И. Руденко. Культура населения горного Алтая в скифское время. Издательство АН СССР, М--Л., 1953, 150 бет.
75. Б.И. Цалкин. Домашние и дикие животные Северного Причерноморья в эпоху раннего железа. «Материалы и сследования по археологии ССР», 1960, 44 бет,
76. С.И. Руденко Сокровища пазырыкских курганов, Сб. «По следам древних культур». Госкультпросветиздат, М., 1951, 126 бет.
77. История Казахской ССР, 1957, 50 бет.
78. С.й. Руденко. Культура населения Горного Алтая в скифское время, 150 бет.
79. А.Н. Бернштам. Көрсетілген жүмыс, 288 бет.
80. Адам Смит. Исследование о природе и причинах богатства народов, т. II. М.-Л., 1935, 236 бет.
81. К.Н. Тревер. Памятники греко-бактрийского искусства. Издательство АН СССР, М.-Л., 1940,26 бет.
82. Т.Суяркулов, Н.Турсунов. Таджикский спорт. Таджикгосиздат, Душанбе, 1963, 6 бет.
83. Г.А. Пугаченкова. Сосуд из Термеза с вакхической сценой. «Вестник древней кстории», 1951, №1, 135 бет; М.Е. Массон. В Южво-Туркменистанской археологической экспедиіши. «Известия АН СССР», т.УІІ, 1950, Ж2, 188-192 бет; М.Е. Массон. Находка фрагмента скульптурного карниза первых веков нашей эры. Материалы Узкомстариса, вып. 1, Ташкент, 1933,11 бет.
84. С.Д. Синицын. Көрсетілген жұмыс, 72 бет.
85. Н.Турсунов. Таджикские национальные виды спорта и игры и их воспитательное значение. Автореферат диссертации. Душанбе, 1964,6 бет.
86. Т. Суяркулов, Н.Турсунов. Көрсетілген жұмыс, 6 бет.
87. История Узбекистана, ІООбет.
88. Е Логинов. Самые древние коньки. «Ленинская смена», 1964, 19 сентября, «Известия», 1964,20 октября.
89. Г. Мусабаев. Мәдениет куалары. "Қазақстан әдебиеті", 1970, 31 января.
90. А.Мустафин. Алакол шахматы, «Спорт», 1970, 1 апреля.
91. К.Л. Задыхина. Көрсетілген жұмыс, 176 бет; С.А. Козин. Сокровенное сказание. Юань Чао Би-шу, т. I, М., 1941, 87 бет.
92. М.Таникеев, Казахские национальные виды спорта и игры, 8-9 бет.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі қазақстандағы дене шынықтыру
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .13

1.1. Феодализм қоғамы құрылысының орнығыуы мен дамуы барысындағы дене
шынықтыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

1.2. Қазақстанның ресейге қосылуы кезеңіндегі дене шынықтыру тәрбиесі және
спорт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

1.3. Қазақстаңдағы капиталистік қатынастармен патриоттьқ-феодалдық
қатынастар кезеңіндегі дене шынықтыру және
спорт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

1.4 Қазақстандағы социалистік төңкеріс және дене шынықтырудың даму
сатылары. (1917-
1920ж.ж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 46

2. Қазақстанның мәдени төңкерісінің жүзеге асу кезеңінен кейінгі дене
шынықтыру мен спорт (1921-1927жж)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

2.1. Қазақстандағы мәдени төңкерістің дамыған кезеңіндегі дене шынықтыру
мен спорт (1923-1940
жж) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 53

2.2. Ұлы отан соғысы кезеңіндегі қазақстандағы дене шынықтыру мен
спорт(1941-1945
жж) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 54

2.3. Социалистік құрылыстың аяқталуы жылдарындағы қазақстанның дене
шынықтыру мен спортты (1946-1958
жж) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

2.4. Мәдени төңкерістің аяқталуы кезеңіндегі қазақстандағы дене шынықтыру
мен спорт (1959-1970жж)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.74

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Дене шынықтыру және спорт тарихы үлкен тәрбиелік және
білімдік маңызға ие. Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді,
адамдар санасын өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке
тәрбиелейді, отанға деген сүйіспеншілікке, дене шынықтыру және спорттың
дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан барлық халықтарға деген құрмет
сезімдерін тәрбиелейді. Дене шынықтыру және спорт тарихы ұлттық және
интернационалдық қызығушылықтардың дұрыс ұштасуына үйретеді. Тəрбиенің кез-
келген түрі жалпы қоғамдық мəденеттің құрамына кіреді.
Дене шынықтыру дене тəрбиесінің арнайы құралдарын жасау мен пайдалану
ісінде қоғамдық жетістіктер жиынтығын көрсет отырып, жалпы мəдениеттің бір
бөлігі болып табылады.
Сондықтанда қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттары:
елімізде дене шынықтыруды жəнеспортты одан əрі дамыту; халықтың дене
шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау, олимпиадалық,
ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін жəне халық ойындарын дамыту;
саланы басқарудың оңтайлы жолдарын жəне қазіргі тəсілдемесін белгілеу; дене
шынықтыру жəне спорт саласындағы заңдарды жетілдіру; бұқаралық спорт пен
жоғары жетістіктер спорты саласында спорт резерві мен халықаралық
дəрежедегі спортшыларды дайындаудың ғылыми-əдістемелік, медициналық-
биологиялық жəне психологиялық қамтамасыз етілуі жөнінде зерттеулер
жүргізу; спорт резервін жəне халықаралық дəрежедегі спортшыларды даярлау
болып келеді.
Бұл жұмыс барлық аспектілерде, дене тəрбиесі туралы ғылымның барлық
салаларында жүргізу тиіс. Үкіметтің қойып отырған міндеті – дене шынықтыру
мен спорт қоғамдық əсер етудің анағұрлым белсенді тəсілдері реттінде
адамның рухани келбетін қалыптастыру арқылы тұлғаның жан-жақты жарасымды
дамуына ықпал ету болып отыр. Сондықтан да, дене шынықтыру тарихи мен оның
жекелеген мəселелерін зерттеу үлкен ғылыми мəндігі іс болып табылады. Қазақ
халқының дене шынықтыру жəне спортының дамуын басқа да ұлттардың дамуының
тарихи жолдарынан байланыстырып айтуға болады.
Орта Азия мен Қазақстан ертедегі мəдениет ошақтары атанған елдерге
жатады. Дене шынықтырудың да көне тарихы осы жерден басталады. Оның
адами қоғамның дамуына үлкен мəн-маңызы бар.
Ретінде қалаптасу өскелең ұрпақты тəрбиелеудегі қоғамдылық
қажеттіліктің алғы шарты болғандығын көрсетті. Сақтар массагеттер,
самраттар, үйсіндер, мен басқа тайпалар атбегілік, садақ ату, найза
лақтыру, сайысу, күресу, жұдырықтасу жəне т.б. дене жаттығулар түрлерін
пайдаланды.
Осы кезеңде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының қазіргі ұлттық спорты
мен ойындарыны алғы шарттары пайда бола бастады (аламан бəйге, қыз қуу,
тоғыз құмалақ). Қазақ халқының тарихи көне жылдарының, эпостарының қай-
қайысын алып қарасақ олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, əдеп-
ғұрып салттарының алуан түлерін кездестіреміз. Осы жылдары негізгі
кейіпкері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын
үстінде көрінеді.
Орта Азия мен Қазақстан тайпалаты классикалық грек дене шынықтыруы
дəстүрлерімен таныс болатын. Бірақ ертедегі гректердің дене шынықтыру əсері
біржақты болып қойған жоқ. Бұл жерде екі мəдениет өзара терең əсер ету
арқылы бір-бірін байыта түсті, ал оның құрамды бөліктерінің бірі дене
шынықтыру болды.
VI ғасырдан бастап, Қазақстан аумағында феодалдық қатынастар орныға
бастады. Қоғамдық қатынастағы өзгерістер дене жəне əскери дайындықтың
халықтық түрлерінің дамуының басты шарты болып келеді. Мемлекеттік
бірлестіктің ерте феодалдық типі – түрік қағанаты пайда болды. өткен
дəуірдің қабылдап алушылар мен жалғастырушылары жаңа мемлекет құрамына
енген тайпалар мен ұлыстар болды.
Көне дəуірмен байланысты мерекелер, салт-дəстүрлер Түрік қағанаты
кезіңінде де өмір сүре бастады. Олардың көпшілігі дене шынықтыру
элементтерімен тығыз байланыса отырып, халықтың күнделікті өмірінде үлкен
орынға ие болды.
VII ғасырда Орта Азияны арабтар жаулап алып, жаңа дін-исламды алып
келді. Ислам дінінің кеңінен қанат жаюының жергілікті халықтар арасында
дене шынықтырудың дамуына кері əсер етті. Монғол шапқын шылығы да
үлкенкедергі жасады.
ХV ғасырда алғашқы қазақ хандықтары пайда болып, қазақ халқының
қалыптасуына əсер еткен үрдістер тұрақтала бастады. Қазақ елі көшпелі түрде
өмір сүрді. Дене тəрбиесінің негіздерін тəрбиенің жалпы жүйесінің бөлігі
ретінде түрлі дене жаттығулар, ойындар мен көңіл көтерулер арқылы
қазақтардың мал шаруашылығы ерекшеліктерінің мазмұның көрсетті. Кейбір
дене шынықтырудың прогресшіл бағыттары өскелең ұрпаққа əскери дайындықтың
қажеттігін айқындады.
Дене шынықтыру дамуының кей түрлеріне қазақтардың əдеттегі құқылары
əсер етті. Түрлі сипаттағы ойындар, жарыстар қазақ халқының дəстүр
салттарында өз көрініс тапқан ауызша ережелер мен этикалық қондырмалардың
тұтас жинақтары арқылы реттелді. ХVIII ғасырдың 30- жылдарында басталып,
ХIХ ғасырдың екінші жартсында аяқталған кезде Қазақстанның Ресейге
қосулуының қазақ өмірінде аса зор маңызы болды. Қазақстан Ресейге қосылуы
қазақтар мəдениетінің едəуір жоғары денгейге артуына ықпал етуі, əсіресе,
дене шынықтырудың дамуы саласында байқалды. Ресей Қара жəне Каспий теңізі
мен Орталық Азия, башқұрттар мен
татарлар үшін өркениеттілік рөл атқарды. Осы кезең қазақ халқының дене
шынықтыру мен спорт саласында да аса зор маңыз атқарды.
Капиталисттік қатынастардың Қазақстандағы тереңдеп орнығуы өндіргіш
күштердің даму мен феодалдық қатынастардың бұзылуына ықпал етті. Жаңа
қоғамдық қатынастар дене шынықтырудың дамуына өсімтал түрде əсер етті.
Идеялық мазмұны бойынша дене шынықтыру бірыңғай болып табылған емес. Ол
қазақ халықтарының бүкіл мəдениеті мен өмірі іспетті еңбекші халық пен
қанаушы топтар арасындағы қайшылықты көрсетті. Төнкеріске дейінгі Қазақстан
халықтарының өмірінде дене шынықтыру мен спорттың рөлі үлкен еді. Олар
қазақ халқына театр мен стадиондар түрінде қызмет етті. Спорт пен ойындар,
халық əндері мен саздары барлық қоғамдық жəне мерекелердің негізін құрады.
Төнкерістен соң дене шынықтыру жəне спорттың дамуына кең көкжиек ашылып,
жаңа құрылым тұсында ғана мемлекеттік маңызға ие болды.
Алғашқы күндерден-ақ Қазақстандағы мəдени құрлыстың нақты түрлері мен
мазмұны айқындалды. Ол өз дамуының алғашқы кезеңдерінде едəуір қиындықтарға
тап болды, мұның себебі Қазақстанның экономикалық жəне мəдени өміріндегі
артта қалушылықпен байланысты еді.
1918 жылдың сəуір айында Ресей федерациясы құрамында Турікстан
республикасы құрылып, Орта Азия мен Қазақстандағы көп ұлтты мемлекет
болып табылды.
1920 жылдың тамызында Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Советтік Социалистік
республикасын құру туралы декрет жарияланды.
Қазақ АССР-і қызметтінде дене шынықтыру мен спорт жаңа құрылыс
талаптарына сай еңбекшілерді тəрбиелеудің маңызды құралы ретінде мəдени
төнкеріс міндеттерін шешудің бір бөлігі болды. Партия мен үкімет ұлттық
республикаларымыздағы еңбекшілердің дене тəрбиесін дұрыс жолға қоюды,
соның ішінде Қазақстанда да дене шынықтыру мен спорттық жалпы мəдени
құрлыс барысында қысымға ұшырамауын жете қадағалады.
1928 жылдың жазында Бүкілқазақстандық 1 спартакиадасы өткізілді.
1935 жылы республика өзінің 15 жылдығын тойлайды. Осы кезең аралығында
Республика өсіп, жетілген шақ. Қазақстанның экономикасы мен
мəдениеті жеделдетілген қарқынмен дамыды. Осы салалардағы кейбір
жетістіктерге қарағанда, дене шынықтыру мен спорт дамуы, дене тəрбиесі
бойынша жүргізілген жұмыстар ауқымы кеңестік қоғам дамуының осы кезеңіне
жеткілікті емес еді. əсіресе, дене тəрбиесі жұмысына əйелдерді тарту едəуір
қиындық туғызатын. Жергілікті халықтарды өкілдері арасында дене
шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл болінді.
Фашистік Германияның шабуылы кеңес адамдардың бейбіт өміріне орасан
кедергі келтірді. Қазақстанның дене шынықтыру ұйымдары əскери уақыт
талабына сай өз жұмыстарын қайта құрды. Олардың жұмысының негізі мазмұны
көпшілікті əскери-дене дайындығын əзірлеуден тұрды.
Соғыстан кейінгі жылдарында Республикада дене шынықтыру қозғаласын
нығайтуға ерекше назар аударылды. Соған сəйкес Қазақ ССР-нің Министрлер
Кеңесі арнайлы қаулы қабылдап, еңбекшілер арасында дене шынықтыру мен
спортты əрі қарай дамыту мəселелері қарастыралды.
1950 жылдан бастап Қазақстан спортшылары халықаралық жолдастық
кездесулер мен халықаралық масштабтағы ресми жарыстарға қатынасып келеді.
Осы жылы Алматы маңындағы таулы мұз айдыны Медеудің іске қосылуымен де есте
қалған. Мұз айдыны əлемдік рекордтар мен белгілі кеңес
спортшыларының дайындық алаңы болды. Ол Республикамыздағы конькимен жүгіру
спортының дамуына орасан зор əсерін тигізді.
Республикамыздағы дене шынықтыру жəне спортты дамытуда кемшіліктер мен
жетіспеушіліктерде болды. Бұл СССР халықтарының 1 спортакиадасындағы,
Қазақстан спортшылары жалпы командалық 13 орын
алғанда расталады. 1956 жылы қазанда республика Министрлер Кеңесі бірігіп
қаулы қабылдады, онда мəдениетті дамытудың жалпы денгейінен дене шынықтыру
мен спорттың жоғарғы денгейде болмауы, облыстық, қалалық жəне аудандық
партия ұйымдары, сонымен бірге атқару комитеті спорт жұмыстары жəне жалпы
одақ спорт жұмыстары, жалпы дене шынықтыру дамыту, кəсіподақ спорт
жұмыстары қызметін нашар бақылайтынын, дене шынықтыру жəне спорт сабағына
қажетті жағдай жасалмайтығын жазылған.
Республика өкіметінің нұсқауына сəйкес дене шынықтыру қозғалысын
ұйымдастыру жұмысын жақсарту, дене шынықтыру жəне спортты дамытуда
үлкен жұмыстар атқарылды. Дене шынықтыру жұмыстарының жақсарғанын
СССР халқының IV спартакиадасында жалпы алтыншы орын алғаннан байқауға
болады.
Совет одағы кезеңін де дене шынықтыру жəне спорт-тəрбиенің өзекті
мəселелерінің маңызды тəсілдерінің бірі болып табылады. Сондықтанда да
Республика олардың ары қарай дамуына мемлекеттік қамкорлық жасайды.
Өкіметтің дене тəрбиесіне қамқорлығы жыл сайын өз жетістіктерін
əкелуде.
Мұның барлығы дене шынықтыру мен спорт халықтың игілігі болу мақсатында
құрылды.
1976 жылы Олимпиадалық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама
комаандасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрінен қатысты. Бұл
олимпиада ойынында жерлестеріміз 8 алтын жəне 2 күміс медальға ие болды.
Ал осы жылы өткен Қысқы олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола
медальді иемденді. Мəскеуде өткен ХХII олимпиада ойындарында (1980) 20
қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күміс жəне 7 қола медальды алды. Осы
олимпиада ойындарында Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, т.б. олимпиада чемпиондары
атанда.
1988 жылы Сеулде (Корея Республикасы) өткен ХХIV Олимпиада ойындарында
КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты.
Олар əр түрлі дəрежедегі 18 медальді еиленді. Барселонада (Испания)
өткен ХХV Олимпиада ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама
командасында болды. Мұнда 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, 5 медаль
(Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Тұрлыханов, Т.Меньшова, В.Вохмянин) алды.
Еліміздің егемендік алғалы дене тəрбиесі мен спорттың даму динамикасы
жетіле бастады жəне дене тəрбиесі мен спортпен шұғылдануға аса көңіл бөлді.
1992 жылы өзінде-ақ дене тəрбиесімен спортқозғалысың құрылымын қайта
құрып, жеттілдіру мақсатында көпшілік спорттық іс-шаралар жүргізіле
бастады. Дене шынықтыру қозғалысы жалпы халықтық қозғалысқа айналу
үшін, дене тəрбиесінің ұлттық жүйесінің жалпы принциптерін тарату
ерекшеліктерін талдау қажеттілігі болды. Бұл аймақта зерттеу жұмыстарын
өткізу қажеттілігі өкіметтің көптеген шешімдерінде айтылды, оны 1999 жылы
ҚР-нің Дене тəрбиесі жəне спорт заңы, 2001-2005 жылғы ҚР-нің Дене
тəрбиесімжəне спорттің жетілуі мемлекеттік бағдарламасындағы қойылған
мақсаттардан көруге болады. Қазақстандықтар 1994 жылдан бастап Азия
ойындарына қатысып келеді.
Хиросима (Жапония) қаласында өткен ХII ойындарында қазақстандықтар
жалпыкомандалық төртінші орынды иеленді. Олар 77 медальға (оның 25-і алтын)
ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркін
күрес), Ю.Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресі), О.Шишигина (жеңіл
атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлері атанды. 1994 жылы
Лиллехаммерде (Норвегия) өткен қысқы олимпиада ойындарында көкшетаулық
В.Смирнов олимпиада чемпионы атанды.
1996 жылы Атланта (АҚШ) қаласында өткен ХХVI Олимпиада ойындарында
Қазақстан Республикасының командалары өз туының астында тұнғыш рет жеке
команда болып шықты. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4күміс жəне 4 қола
медальға ие болды. Олимпиадаға қатысқан 197 елдің ішінде Қазақстан 24-
орынды иемденді. Ю.Мельниченко (грек-рим күресі), А.Парыгин (бессайыс),
В.Жиров (бокс) тəуелсіз мемлекетіміздің тұнғыш чемпиондары болды.
1998 жылы Таиландта (Бангкок қаласы) өткен ХIII Азия ойындарында
қазақстандықтар бесінше орын алды. Олардың үлесінде барлығы 78 медаль
(оның 24-і алтын) болды. Чемпион атанғандардың ішінде В.Гуща,
Д.Аспандиярова (нысана кездесу), Д.Топоров, Қ.Нқрмағамбетов (ескек),
Б.Байсейітов, С.Матвиенко (грек-рим күрес), Н.Торшина, О.Шишигина,
И.Потапович, С.Арзамасов (жеңіл атлетика), В.Бурба, Е. Ибрайымов,
М.Ділдəбеков (бокс) сынды спортшылар бар.
1999 жылы Кангвонеде өткен IV-і Азиятық ойында 10-алтын, 8 күміс
медаліне жəне 7 қола медаліне жəне командалық біріншілікте 3 орынға ие
болды. Бангкоке өткен ХIII-ші жазғы Азиятық ойында 24 алтын, 24 күміс жəне
30 қола медалін жеңіп алды.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын қалыптастыру мен салауатты өмір
салтын мен стилі қажеттілігін тəрбиелеу барысында көптеген позитивтік
жетістіктерге жетті. Елімізде 102089 астам айналысатын 9900 жуық Дене
тəрбиесі жəне спорт ұйымдары, 100 астам жасөспірімдер, 210 дене
сауықтандыру жəне 38 астам кəсіпқой клубтары жұмыс жасайды.
2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен ХХVII Олимпиада ойындарында
қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс медальді иемденді. Олимпиадаға қатысқан
199 елдің ішінде Қазақстан спортшылары 22 орында тұрақты. Бұл олимпиада
ойындарынд Е.Ибрайымов, Б.Саттарханов, О.Шишигина чемпион атанды. 2000 жылы
елімізде 700-ден астам бұқаралық спорттық іс-шаралар жүргізілді.
Атақты спортшыларымыз 196 халықаралық жарыстарға, 61 бөлімді
Бейбітшілік кубок ойынына, 37 Бейбітшілік чемпионатына, қысқы жəне жазғы
Унисерсиадаға, 26 Азиялық чемпионатына қатысты.
2001 жылы Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған
1-ші жазғы спартакиада өтті. Бұл бəсекеге еліміздің миллионнан аса тұрғыны
қатысты. Бəсеке қорытындысында Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері (4430
ұпай) бас жүлдені еншіледі. Алматы қаласының спортшылары екінші (4272
ұпай), қарағандылықтар үшінші (3658,33 ұпай) орынға шықты.
Осы жылы жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 400-ге жетті, оның
ішінде 55 арнаулы спорт түрлерінен 6000 спортшылар жаттығады. 2001 жылғы ҚР-
ның мемлекеттінің қаулысы студенттік Универсиаданы, орта оқу бөлімдер мен
мектептер арасындағы спартакиаданы жандандырды. Бұл оқушылар мен студент
жастардың спорта жетілуінің жаңа импульсын берді.
2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен ХIII Азия
ойындарында жерлестеріміз 76 медаль алды. Командалық есепте бесінші орында
болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында А.Тетерюк
(велоспорт), Ə.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресі), Б.Ахметов,
С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, В.Борисов (жеңіл
атлетика), Н.Кəрімжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун, С.Беляев (нысана
кездесу), т.б. спортшылар бар.
2004-2008 Олимпиадалық циклдың бірінші жылынан бір ғана 2005-ші жылды
алайық, абырой болғанда ол қазақстандық спортшылардың жеңістеріне толы
болды. Сонымен бірге оны тарихи деп те айтуға болады. Дəл осы жылы бүкіл
қазақстан спорты үшін де маңызды болып келетін ең ірі спорттық оқиғалар
өтті.
2006 жыл бұл жылда жа жауапкершіліктер аз болған жоқ. Қаңтар айында
қазақстанда əуесқой бокстан Қазақстан республикасы Президентінің кубогы
үшін ірі халықаралық турнир өтетіндігі ресми түрде белгілі болды. Ал
ақпанда қазақстандықтар италияның Турин қаласында өткен Қысқы олимпиадаға
қатысты.
Қазіргі таңда дене шынықтыру мен спорттың даму тенденцияларына бұл
өрісін Қазақстанда тарихи дамуының динамикасының əсері көп.
Республикада дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылданушылар саны 24,1
пайызға өсті, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын өткізудің саны
едəуір артты, салалық спартакиадаларды, оқушылардың спартакиадасын жəне
студенттік универсиадаларды өткізу қайта қолға алынды.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, олимпиада резерві желісі
мектептерін қысқарту тоқтатылды. Қазіргі уақытта, республикад 290 спорт
мектебі жұмыс істейді, оларда 134 мың балалар мен жасөспірімдер
шұғылданады. Мектептен тыс мекемелер саны арта бастады, тұрғылықты жері
бойынша жұмыс жанданды. Мемлекеттік бағдарламда мекпетке дейінгі
жастағы балалардың, оқушылардың жəне студент жастардың, орта жəне егде
жастағы халықтың, мүгедектердің дене тəрбиесінің, спорт резервін жəне
халықаралық дəрежедегі спортшыларды дайындаудың басты аспектілерін қамтиді,
дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын
нығайту жəне дамытуды, ғылыми-зерттеу базаны құру жəне нормативтік құқықтық
базаны жетілдіруді қарастырады.
Мәдениет – күрделі қоғамдық құбылыстар қатарына жатады. Мәдениет тарихы
құбылыс болғандықтан оның жеке жақтары ілімдік және практикалық мағынаға
ие. Сондықтан да қоғамдық ғылымның маңызды міндеттері олардың шығу тегі мен
қалыптасуын зерттеу болып табылады. Зерттеу нысаналарының - бірі қоғамдық
тәрбиеде тұрмыста дене шынықтыруды пайдалану мәселесі – бұл спорттың
әлеуметтегі және дене тәрбиесінің ілімі, тарихтың негізі болып табылады.
Тарих дене шынықтыру мен спорттың ертедегі кезеңдерінен бүгінгі уақытқа
дейінгі даму мәселелерін қарастырады. Дене шынықтыру жалпы мәдениеттің бір
бөлігі сияқты қоғамды дамыту қатынасы бойынша өзіндік дамуға ие.
Сонымен бірге ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары жеткіншек ұрпақты
үйлесімді тəрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі дене
шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған жəне сыннан өткен халық
ойындары мен ұлттық спорт түрлері құралдары арқылы жеткіншек ұрпақты
тəрбиелеудің бай тəжірибесін пайдалану қажет. Бұл халықтық педагогиканың
сарқылмайтын қазынасы жəне қазіргі заман жағдайында оның пəрменді күші бар,
себебі онда халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорттық-бұқаралық
жұмысты дамытудың жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті
дайын қалыптарының негізі салынған. Олардың сауықтыру мүмкіндіктері мен
қолданбалы сипатын аша отырып, ұлттық спорттүрлері мен халық ойындарын одан
əрі дамыту жөнінде нақты шаралар қолдану қажет. Ұлттық спорт түрлері мен
халық ойындарын дамыту Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы
мəдениеттердің де өзара кірігу процесінде үлкен рөл атқарады. Ұлттық спорт
түрлері атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ,
бəйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты
спорт түрінен арнайы федерациялар құрылған.
Ресми жарыстар өтіп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңтүстік Қазақстан,
Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбір мектептерде пəн ретінде оқытылады.
Қазақстан Республикасында болашақта бұқаралық спортты дамытудың оны
іске асыру дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының жəне республиканың
жергілікті атқарушы органдарының бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір
салты қағидаттарын қалыптастыруға, халықаралық дəрежедегі спортшыларды жəне
спорт резервін даярлуға кедергі болатын негізгі қиыншылықтар да кездеседі.
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру жəне жоғары жетістіктер
спортының жай-күйі, əлемдік спорт дамуының қазіргі заманғы үрдістері
республикада спортты дамыту жөнінде түбегейлі шұғыл шаралар
қабылданбайынша, қазақстандық спортшылардың əлемдік аренадағы көрсеткіштері
төмендей беретініні айғақ.
Халықаралық стандарттардан қалуымыздың себебі, ең алдымен, бүгінгі күні
əлемдік биік талаптарға жауап беретін қазіргі заманғы спорт базаларының
жоқтығы болып табылады.
Қазіргі заманғы спорт деңгейі өзінің даму сатысында спорттық
нəтижелердің өсуіне ғылыми жəне инженерлік жетістіктерге негізделген жаңа
көзқарастарға маңызды рөл береді. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен
жарыстар үшін арнайы жағдайлар жасау ісіндегі жаңа жетістіктер, арнайы
киім, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану жəне құрастыру əлемнің мықты
спортшыларының көрсеткіштерін күрт жақсартуға жеткізді жəне ХХI ғасырға
спорттың қандай негізгі бағыттарға қарыштап енетініп айқындады.
Бүгінгі күні республикадағы дене шынықтыру мен спорттыңматериалдық-
техникалық базасының жай-күйі, халықтың дене жаттығуларымен шұғылдануға
сұранысын қанағаттандырмайды, ұйымдарда дене шынықтыру мамандары
жетіспейді, кəсіпорындарда, тұрғылықты жері бойынша жəне бұқаралық демалыс
орындарында спорт ғимараттарының, қарапайым спорттық мүкаммалдардың жəне
жабдықтардың жетіспеуі өткір сезіледі.
Сонымен бірге, республикадағы мектеп жасындағы 7 пайызына ғана оларда
сабақтар ұйымдастыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар, ал балалар-
жасөспірімдер спорт мектебі желісің жеткіліксіз дамытылуы, жоғары білікті
жаттықтырушы-оқушылардың тапшылығы халықтың, əсіресе, балалар мен
жасөспірімдердің дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын толық
қанағаттандырмайды. Сапалы мүкаммалман жəне жабдықтармен жарақтандаралған
қазіргі заманғы спорт объектілерінің, олимпиадалық даярлық орталықтарының
жəне спорт резерві орталықтарының болмауы елдегі спорт резервін даярлау мен
спорт шеберлігін арттыруды тежеп отыр. Осының салдарынан Олимпиадалық,
Азиялық ойындарда əліде жоғарғы сатыдағы орындардан көрінбеуіміз болып
табылады.
Осы кемшіліктерден шығу үшін - дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт
жұмысының жай-күйі бұқаралық спортты одан əрі дамыту;
- спорт резерві мен халықаралық дəрежедегі спортшыларды даярлау жөнінде
- кідіріссіз, нақты шешімдер қабылдау;
- материалдық-техникалық базасын нығайту;
- ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлері мен халық ойындарын
дамыту, оларды қазіргі дене тəрбиесі жүйесіне еңгізу үшін жағдайлар жасау;
- дене шынықтыруды жəне спорт дамытудың тиісті қаржылық, кадрлық,
ғылыми-əдістемелік, медициналық, ақпараттық, нормативтік құқықтық
қамтамасыз етілуін құру;
- барлық үлгідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің,
азаматтардың тұрғылықты жері бойынша спорт жəне балалар клубтарының,
мүгедектерге арналған мамандандырылған топтардың, емдеу-дене шынықтыру
диспансерлері санын көбейту;
- дене шынықтыру халықтың əртүрлі əлеуметтік-демографиялық топтарымен
жұмыс істеу үшін жоғары білікті жаттықтырушы-оқытушыларды даярлау жəне
қайта даярлау жүйесін құру;
- спорт саласында озық технологияны еңгізу жəне шетелдік дене шынықтыру-
сауықтыру жəне спорт ұйымдарымен тəжірибе алмасу мақсатында халықаралық
байланыстарды дамыту мен орнату жөніндегі қызметті ;андандыру жұмыстарын
атқару керек.
Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиялық
бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру əрқайсымыздың дене
тəрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық
шараларын сақтаумызға бағытталған денсаулықты нығайту үшін
жастарды салауатты өмір салтына ниасихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүгізу
керек-деп жолдау айтылған. Осы жолдауды басшылыққа алып Қазақстан
азаматтарын салауатты өмір салтына баулу, дене шынықтыру жəне спорттың
дамуын, жарыстарда үлкен жетістік көрсеткіштерін көрсету, жастарымызды
нашақорлыққа, ішімдікке, жəне де басқа да жат қылықтардан арылуға
көмектесетін орасан жұмыстар атқару біздің міндетіміз.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Ұлттық
олимпиадалық комитет құрылды. Қазақстан спортшылары ірі-ірі халықаралық
жарыстарда табысты енер көрсетті. XI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан
қазақстандықтар жалпы командалық есепте 4-орынды иеленді, 77 медаль (25
алтын) жеңіп алды. Дәулет Тұрлыханов, Сергей Филимонов, Наталья Торшина,
Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде
танытты. Қысқы олимпиада ойындарында көкшетаулық В.Смирнов (шаңғы), XXVI
жазғы олимпиада ойындарында Ю.Мельниченко (грек-рим күресі), А. Парыгин
(бессайыс), В. Жиров (бокс) чемпиондар атанды. XXVII олимпиада ойындарында
(2000) Ольга Шишигина, Ермахан Ибрайымов, Бекзат Саттарханов чемпион болды.
2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 1-жаздық
спартакиада өткізілді, оған еліміздің 1 млн-нан астам тұрғындары қатысты.
XXVIII олимпиада ойындарында (Афины) Бақтияр Артаев чемпион атанды. Ол
олимпиаданың үздік боксшысы деп танылып, ең үздік спортшы ретінде оған Вэл
Баркер кубогы табыс етілді. Штангашы С. Филимонов, боксшы Г. Головкин,
палуандар Г. Цурцумия мен Г. Лалиев күміс медальдарды иеленді.
Республикада бүгінгі күні ұлттық спорт түрлері: бәйге, жорға жарыс,
тоғызқұмалақ кең тараған. Спорттың осы түрлері бойынша федерациялар
құрылып, ресми түрде жарыстар өткізіп тұрады.
Футбол, волейбол, бильярд секілді спорт түрлерімен халық кеңінен
айналыса бастады. 2003 жылдан Қазақстан футболшылары Еуропа кубогы үшін
жарыстарға қатысады, шағын футболдан жарыс тұрақты өткізіліл тұрады.
Қазақстан спортшылары 2006 жылы Доха қаласындағы (Катар) жазғы Азия
ойындарында 85 медальға ие болды. Оның 23-і алтын, 20-сы күміс және 42-сі
қола медаль. Алдыңғы Азия ойындарында 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медаль
алып, жалпыкомандалық 4-орынға шықты. Испанияда өткен әйгілі Вуэльта
веложарысында қазақстандық спортшылар Александр Винокуров пен Андрей
Кашечкин жеңіске жетті. 2006 жылы нысана көздеуден және ауыр атлетикадан
Ольга Довгун мен Илья Ильин әлем чемпиондары атанды. Илья Ильин жыл
спортшысы ретінде танылды. Дмитрий Карпов көп сайыстан әлемнің үздік
спортшысы атанды.
Қазақ спортшылары 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында 13 медальға қол
жеткізді: 2 алтын, 4 күміс және 7 қола. Медаль саны жағынан 205 мемлекеттің
ішінде 19-шы, жалпы есепте 29-шы орынға табан тіреді. Біздің
республикамыздан алтын медальды ауыр атлет Илья Ильин мен боксшы Бақыт
Сәрсекбаев иеленді. Күміс медаль иелері: дзюдоист Асхат Житкеев, ауыр
атлеттер Ирина Некрасова мен Алла Важенина, еркін күрестен Таймұраз Тигеев.
Қола медальді грек-рим күресінен Нұрбақыт Теңізбаев және Әсет Мәмбетов,
ауыр атлет Мария Грабовецкая, еркін күрестен Елена Шалыгина және Марид
Муталимов, боксшы Еркебұлан Шыналиев пен таэквондошы Арман Шылманов алды.
Төуелсіздік жылдарындағы мөдениет пен спорттың дамуы барысында өмір
барынша қызғылықты және мәнді бола түсті. Қаржы жетіспеушілігіне
қарамастан, мәдениет пен өнер, спорт дамуға жаңа серпін алды. Ғылым мен
мәдениеттің дамуында жаңа бағыттар байқалды, өзге елдердің жетістіктері
жақын бола түсті. Мүмкін, ең үлкен кемістіктің бірі экрандар мен газет
беттерін батыстың бұкаралық мәдениетінің басып кетуі, зорлық пен
қатыгездікті насихаттаудың жасырын түрі болуы да шығар.

1. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМ ҚҰРЫЛЫСЫ ДӘУІРІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕНЕ
ШЫНЫҚТЫРУ ТАРИХЫ.
Орта Азия мен Қазақстан мәдениеті көне елдердің қатарына жатады.
Археологиялық қазба деректері алғашқы адамның осында палеолит дәуірінде
пайда болғандығын растайды.
1969 жылы Маңғышлақ түбіндегі ежелгі адамның тұрағы табылды.
Ғалымдардың тұжырымдауына қарағанда, бұл осы уақытқа дейін ТМД елдерінде
табылған аоғашқы адам тұрағының ең көнесі болып табылады. (1)
Бұл ғылыми жаңалық – Қазақстан территориясындағы адам қауымы тарихын
бірнеше жылға ілгері итеріп қоюмен шектелуде ғана емес, елімізде алғашқы
адам қашан пайда болды, мәдениеттің даму сатысы қай кезеңнен басталады
деген сұраққа нақтылы да дұрыс жауап беруге септігін тигізумен мәнді болып
отыр.
Орта Азиядағы ежелгі адамдар аң аулаумен айналысты. Тесік-Таштан
табылған мустьер адамдарын зерттеу нәтижесі, олардың тәсілқой және ержүрек
аңшы болғандығын дәлелдейді. Олар кез келген аңның мінезін, қалағын
мүлтіксіз білуге, өздері төзімді де айлакер, алып күш иесі болуға тиісті
болған, мүмкін өмір шарты осыны талап еткен болар. (2)
Палеолиттің аяқ кезінде найза лақтыру пайда болды. Найза лақтыру
әдісінің қолданылуы, бұл кезеңде ежелгі адамның аңшылық әрекетінің саналы
сипат алғандығын көрсетеді. (3) Осындай аңшы қаруы мен құралдары Орта Азия
жеріндегі ежелгі адамдарға да белгілі балған. 1964 жылы өзбек ғалымдары
Бұхара түбінен неолит дәуірінде өмір сүрген ежелгі адамның тұрағын қазу
кезінде, тас еңбек құралдарымен қатар, найзаның тас тұрақтандырғышын
(стабилизаторын) тапқан. Белгілі археолог А.Л.Окладников, олжаны зерттей
байланып, аңшы қаруының алысқа ұшуына тұрақталақ беретінін және соғу
күшінің ұлғаюына әсер ететінің анықтаған. (4)
Палеолит дәуіріне қарағанда жаңа тас дәуірінің (неолит) бас кезінде
түрлі құстар мен аңдар аулау өнімдірек болды. Тас қарудың жетілдірілген
түрі, аң аулаудың негізгі қаруы ретінде садақ пен жебенің пайда болуы тамақ
қорын молырақ жинауға жағдай жасады, аңшылықпен бірге аңды қолға үйрету
мүмкіндігіне себепші болды. (5)
Жаңа шаруашылық түрінің енуіне байланысты адамзат қауымының ұйымдасу
түрлері де тұрақтала бастады. Туыстығы аналық желіден тарайтын, мүшелері
жақын қандас туыс топтардан біріккен аналық рулық қоғам өзінің дамуы мен
аяқталу кезеңіне жетті. (6)
Ертеректе дінге дейінгі дәуірде пайда болған, дене шынықтыру
жаттығулары, бұл кезеңде өзінің дамуын одан әрі жалғастыра отырып, дене
тәрбиесінде маңызды тәсіл болды. (7)
Тәрбиемен рулық қауымның барлық ұжымы айналысты, олар өз мүшелерінің
дене жетілдіру саласына нақтылы талаптар қойды. Адамдардың еңбек ету
қабілетін жыныстық белгілеріне қарай жекеше жіктеу бұл жүйені
дифференциалды етті. Бұны Орта Азия мен Қазақстан тарихының этнографиялық
мәліметтері қуаттайды. (8)
Аналық рулық қауым дәуірінде жарыс ойындары әйгілі бола бастады, сол
арқылы адамның дене мен ой қабілеті жетілдірілді. Бұның негізінде еңбекке
баулу дайындығы адамның қоршаған ортаға ықпалын күшейту, табиғаттың дүлей
күшін өзіне бағындыру ұмтылысы жатты.
Аталық ру дәуірінде (патриархат) дифференциалды жүйе күшейе түсті. (9)
Қауым мүшесін тәрбиелеуде жыныстық және жастық дәрежесіне қарай жеке
бағалау жүйесі ұлғайды. Қыздар мен жігіттер өмірдің қатаң шарттарына қарсы
тұруы үшін, күш қабілеті мен еңбекке деген біліктілігі жоғары болуы тиіс
еді. Бұл тәрбие әдістерін мамандандыруды күшейте түсті.
Өткен дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан елдерінде балалар үш жасқа
дейін бірдей жағдайда тәрбиеленіп, олардың бірігіп ойындар ойнағанын
этнографиялық мәліметтер растайды. Ал, бұдан кейін басқа кезең туды, ұл
балалар мен қыз балалар үшін өзіндік ерекшеліктеріне тән әр түрлі талаптар
қойылды. (10) Әсіресе, ұл баланың тәрбиесіне жіті көңіл бөлінді. Ол, дене
шынықтырудың арнайы айла-тәсілдері үйлесім тапқан, айқын өтпелі сатырлардан
тұрды. (11)
Тарихи мағлұматтарға қарағанда, бір жастық топтан кейінгіге өту кезеңі
ептілігін, батылдығын, мықтылығын нақтылы шарттарға сай орындаймен, оны
қоршаған ортада қолдана білуін көрсетумен байланысты болды. Мысла, ғұн
ұлдары алғашқыда кішкене құстар мен аңдарды садақпен атуды үйреніп, қой
үстіне мінсе, ал өсе келе қоян, атып оны қорек еткен. Садақ атуға
шеберленген бозбаланы атты әскер қатарына қабылдаған.(12) Монғолдарда
ұлдарын аңшылыққа қабылдауы аң аулауда тапқан олжасына қарай
белгіленген.(13) Құс пен кіші аңдарға жебе тартудан, аңшылық пен әскер
жолын қазақ балалары да бастаған.(14)
Келтірілген мағлұматтардан дәстүрлі бағыттылықты бақылай отырып, бұның
негізінде өткен дәуірдің, рулық қоғам дәуірінің сарқыншағы мен жаңғырығын
көруге болады.
Өмірде қоғамның және кәсіптің өзгеруіне байланысты дене шынықтыру
аумағында да жаңа өзгерістерге ие болады. Ол мазмұны жағынан күрделене және
түрлене түсті. Енді, ол натуралистік сипатта емес; қоғам өмірінің күрделі
жағынан көбірек көрініс бере бастады.
Ертеден келе жатқан белгілі ойындардан басқа, осы кезеңде, нысананы
сүйекпен көздеу сияқты түрді ойын түрлері әйгілі бола бастады. Бұл жөнінде
археологиялық қазындылар хабарлайды.(15) Үстел үсті ойындары пайда бола
бастады. Солардың бірі – тоғызқұмалақ ойыны. Бұл ойын шамасы Орта Азия,
Қазақстан аймағы ғана тарап қойған жоқ.(16) Инда алқабының ежелгі
қалаларынан түрлі заттармен қатар, үстел ойынына арналған тақта, оған
қолданылған тастар мен ірі бұршақтар табылды. Бұл табылған заттар жайында
ағылшын ғалымы Э.Маккей: бұл құрылыс африканың көптеген тайпаларында
таралған жоғары деңгейдегі ойын тақтасын еске түсіреді деп жазды.(17)
Тарихшы Б.А.Куфтин де тоғызқұмалақтың шығу тегін Солтүстік Африкамен
байланыстырады.(18) Бір қатар шетел ғалымдары да осы пікірді қолдайды.(19)
ұ.қ жыла Қазақстан археологтары тоғызқұмалақтың жас шамасының
көнелігінен хабар беретін қызғылықты жаңалық жасады. Біздің эрамызға
дейінгі 111-1У ғасырда тіршілік еткен ежелгі қонысты қазу кезінде,
(Оңтүстік Қазақстан облысы) ғалымдар ойын үшін әдейлеп жонылған шар
тәріздес заттарды тапты. Жете зерттеу нәтижесінде бұл заттар тоғызқұмалақ
ойынына арналғанын қорытындылады. Сол жылы Жамбыл қаласынан 30 шақырым
жерде осы ойын жөнінде жаңа жаңалық ашылды. Бурыл тауының бір жартысынан
археологтар тоғызқұмалақ ойынының тақтасы салынған сурет тапты. Оның әрбір
жағында тоғыз шұңқыр болған, яғни, қазіргітақтасының қанша ұясы болса, бұл
да сондай деген сөз.(20) Тарихи деректер сонау аналық рулық дәуірдің өзінде-
ақ ойын үшін арнайы жасалған заттардың (жүннен жасалған доп, шар, ағаш
қылыш, доп, таяқ, ойыншық садақ және т.б.) болғанын хабардар етеді.(21)
Мұнан соң да көптеген басқа заттар пайда болды. Әйтсе де олардың ішінен
үстел үсті ойындарына арналған заттар аз кездеседі. Тоғызқұмалақ ойынына
арналған шарлар мен тақта, алғаш рет ТМД аумағында табылды.
Аталық ру дәуірі үстемдік алғанында, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай
бастады. Енді, мүліктік теңсіздік пайда болды. Жайылымдарда малдың саны
көбейе бастады, бұл жанұялық меншікті – жекеменшіктің алғашқы түрінің пайда
болуы еді. Малды айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік аз болды, ол жаяу
бақташының елді мекеннен ұзап малды баға алмауына да байланысты болған
болуы керек. Ол үшін тез жылжып отыратын тәсіл керек болды. Енді, атты
мініп жүру үшін пайдаланылатын мал ретінде еңбек етудің ұзақ жұмысы
басталды. Кейбір кеңес дәуірінің тарихшылары ежелгі жылқы өсірушілердің
отаны Ертіс даласымен қатар жатқан аймақтар деген пікір айтады. (22)
Ат үйрету дене шынықтырудың жаңа амалдары мен түрлерінің пайда болуына
әсер етті, күрделі жағдайларда қолдану үшін жаңа ойындар мен дене
жаттығуларға жетілдірілді. Ендігі жерде жене шынықтырудың қалыптасуына
жауапкершілік үлкен ықпал етті. Соғыс, әлеуметтік құбылыс ретінде, дене
шынықтырудың қоғамдық өмірдегі мәнін күшейтті. Дене шынықтыру жауынгерді
дайындау мақсатында қолданылды, болмаса соғыс... тұрақты кәсіпке айналуы
мүмкін. (23)
Дене шынықтыруды жетілдірудің негізгі көрсеткіші ретінде, осы кезеңде
ат ойындарының түрлері мен жаттығуларын қолдану болып табылады. Аламан-
бәйгенің пайда болуы айтылған ойға нақтылы үлгі бола алады.
Аламан – бұл соғыстың бір түрі, нақтырақ – шапқыншылық, қаруланған атты
топтың әртүрлі шамадағы шабуылы. Аламан деп, сонымен қатар шапқыншылыққа
қатысқан жауынгерді де атайды.(24) Аламандық аламан бәйгеге алыс аралыққа
шабатын ат жарысын туғызады. Аталуы да осыны аңғартса керек: аламан – бұл
жауынгер, сарбаз, ал, бәйге – жарыс. (26)
Әскери демократия дәуірінде ел тұрмысына, әсіресе, алдымен ыдырай
бастаған рулық қауымның жетекшілерінің тұрмысына әскер ісі кірді.(27)
Әскери көсемдер бар тұрақты әскери жасақтар пайда болды, олар сондай-ақ
тайпа көсемдері еді. Қоныстарда бекіністер пайда болды, тайпаларда жау
жасағының шабуылына төтеп беретін әскери қорғаныс ісі жетіле бастады.(28)
Қоныстар әр алуан дуал қорғаны, орлары бар бекіністі қалаға айнала бастады.
Ұрыс мұналары бар, бекінісі күшейтілген қалалар Қазақстан жерінде 19
ғасырдың алғашқы жартысының өзінде табылды.(29)
Біздің заманымызға дейінгі алғашқы мыңжылдықта ежелгі Қазақстан
жеріндегі тайпалар көшпелі мал шаруашылығына көшті, бұл шаруашылықтың
жетекші саласы қызметін атқарды. Осы кезеңде тайпалар бірігіп, тайпалық
одақтар пайда болды.
1970 жылы Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында табылған ерекше атыс
орындарының ежелгі көшпенділер өмірімен байланыстылығы бар. Жартастарға
салынған әр түрлі аңдардың суреттері осы атыс орындарында нысана қызметін
атқарған. Қаратаудың жамаулы шатқалында аңшылар тау текесінің суретін
нысана етіп көздеген. Олардың қаруы ретінде садақ пен жебе болған. Басқа
бір жартаста тау қошқарының суреті салынған. Бұл сурет садақ оғының
іздерімен қожалақтанған.(30)
Осындай тағы бір ежелгі нысана Іле өзенінің аймағындағы Алтын – Емел
тауының етегіндегі гранит тастан табылды. Екі тау теке бейнесінде ондаған
садақ іздері – жергілікті аңшы оғының атысы екеннен хабардар етеді.
Осы тұрғыдан келгенде, даму сатысы төменгі деңгейдегі халықтардың құмға
салынған түрлі суреттерді, аңнан жасалған тұлыптарды т.с.с. бейнелерді атып
түсіру іс-әрекеттері кеңінен белгілі.(31) Көрнекті ғалым-археолог
Н.С.Замянинның тұжырымдауы бойынша, ежелгі бейнелеу өнері өз дәуірінің
шаруашылық саласымен тығыз байланыста болды.(32) Салынған кескіндердің
басым көпшілігі адам тіршілігіне пайдалы жануарлар екендігі осыны
тұжырымдайды.(33)
Алайда, Қазақстанның аталған аймақтарындағы бейнелер, кейінгі дәуірге
жатады, сондай-ақ профессор П.Мариковскийдің пікірінше, нысаналар мергендер
жарысына қызмет етуі мүмкін. Профессор И.И.Пономорев зерттеулерінде былай
дейді: жарыстың пайда болуының басты мақсаты қарулы айқастарға дайын болу
қажеттілігінен туынды: дене шынықтыру жаттығулары қарумен жаттықтыруға
алмастырылды.(34)
Б.э.д. алғашқы бір мың жалдықтаң орта шеніне қарай, Қазақстан
территориясында көптеген тайпалар тіршілік етті, олардың ішінде ең ірілері
сақтар, массагеттер, сарматтар, каспии еді.
Сақтар батыр да жауынгер тайпа болды. Сақтардың жауынгерлік, батылдық
қасиеттерін көрші тайпалар мен халықтардың барлығы жоғары бағалады. Ежелгі
тарихшы Дионский оларды: жебе тартушылардың әлемдегі ең шебер атқыштары,
мергендері деп атады.(35)
Ежелгі грек тарихшысы Страбон, шаруашылығы мен қоғамдық өмірінен
жанастық тапқандықтан ба, сақтарды азиялық скифтер деп атаған.(36)
Скифтер садақ оғын тек қана соғыста қолданған жоқ, сондай-ақ аң аулауда,
күнделікті нысанаға тигізу жаттығуларында да қолданды.(37) Скифтерді
кейбір жарыс түрлерін басқа халықтарда пайдаланады. Мәселен, скифтермен бір
кезеңде өмір сүрген гректерде алысқа жебе тартқан ұланның бейнесі бір
мәрмәр қабырғада сақталған. Садақ оғының 35-40 бұрыштықпен жоғары көтеріліп
тұруы, жебенің нысанасы емес, алысты бағыттауы, тиімді ұшу қашықтығын
көздегенін байқатады. Грек ұлының тартып тұрған садағы, көлемі мен түрі
жағынан – нағыз скифтікі. Осы көрініс жөнінде орыс тарихшысы Е.Е.Тевяшев,
мұндай алыста көздеген атыс скифтерден алынған, гректер мынадай жарыстарда
өздерінде өткізген емес деген ой айтады.(38)
Сақ тайпалары да алыс қашықтыққа жебе тартуды дағдыға айналдырғанын осы
күндері табылған археологиялық қазындылар хабардар етеді. Хантайдан (Балқаш
аймағының оңтүстік-батыс жағы) табылған көптеген қазба заттардың ішінен
садқ тартқан әйел мүсіні назар аудартады.(39) Оң тізесі сәл бүгілген мерген
әйелдің садақ оғы бұрышталып жоғары көтерілуі, жебенің нақ алыс оғы
бұрышталып жоғары көтерілуі, жебенің нақ алыс бағытқа бағытталғанын
көрсетеді.
Сақтарда ат ойындары мен ат жарыстары кең дамыған. Біздің заманымызға
жеткен қызықты мәліметтердің бірі, ол Вавилонда Кирдің патшалық ету
салтанатына арналған аса үлкен сайыста сақтың ат жарысындағы көз жеткізсіз
жеңісі.(40)
Сақтар арасында некелесу рәсіміне байланысты жарыстар ұйымдастыру салты
болған. Салттың шарты бойынша, сайыста қалыңдығын күш сынауда, төзімділігін
танытуда жеңіп шықса ғана, сақ ұлы үйленуге рұқсат алған.(41)
Көне дәуір әдебиеттерінде жазылған үйлену жарыстары қазақ, қырғыз ойыны
қыз-бөрі өте ұқсас. Акадкмик А.Х.Марғұлан қыз-бөрі деп аталуының өзіне,
некелік одақ құру кезінде қолданылған рулық идеологияның көне тотемдерге
үндеуі деп есептеген жөн деп жазды. Бозбала мен қыздың жекпе-жегі, некеге
тұру салты кезіндегі жарыс түрі ретінде, Орта Азия мен Қазақстан елдерінде
кең тараған құбылыс еді дейді аталған автор.(42)
Қырғыз тарихшылары, қыз-қуу ойынның тарихына жүгіне отырып, бұрын бұл
жарысқа тек қана қалындық қатысқан деп жазады.(43) Бұндай да аңғырақ
көзқарасты, қазақ ғалымы М.Брусиловский ұсынады, ол қыз қуу ойыны өзінің
бастамасын бұрынырақта кең қолданылған қыз-бөрі ойынына алған деген ой
айтады.(44)
Осы мәліметтерге жүгіне отырып, қазіргі кезеңдегі спорттық ат ойындары,
қыз-қуу, өздерінің түп-тамырларын сонау сақ заманынан алады деп ой
түйіндеуге болады.(45) Көшпенді сақтардың кейбір тұрмыстық ерекшеліктері
осы күнгі үйлену кезіндегі жарыстар түрінде сақталып қалуы, бұл
кездейсоқтық емес.(46)
Сақтар тек керемет шабандоз, атқыш мерген ғана емес, олар тамаша
теңізше және өте жақсы жаяу әскер болды. Тарихшы А.Н.Бернштам, Орта Азия
мен Қазақстанның ежелгі тұрғындары, еңселі бойлы, аяқ бұлшық еттері қатты
дамыған адамдар еді деген тұжырым айтады. Осы және басқа да деректер,
сақтар мен оларға туыс тайпалардың жан-жақты дайындықтармен айрықша көзге
түскендіктерін өздерінің әскери-күш қабілеттерімен ерекшеленгендіктерінен
хабардар етеді.
Қазақстан солтүстік-шығыс аймағында сармат тайпалары тұрды. Сарматтар,
сақтар секілді қарудың бірнеше түрін қолдана білді. Сармат әскерінің қару-
жарақтарында көптеген қылыштың, найзаның, садақ пен жебенің түрлері болды.
Жеңіл де, салмақты ұшы бар найзасы болды. Сармат ұлының қабірінен садақ
оғының ұшы табылды. Бұл әскери бағыттағы тұрмыста тәжірибені алға
жетелеуші күш ретінде тапсыру екендігін нақ болжауға болатынын
білдіреді.(48)
Сақ тайпалары мен қоныстанушылардың бөлігін массагеттер құрады.
Геродот, массагеттердің қару-жарағын, тұрмыс-тіршілігін суреттей келе,
оларда найза, жебе, балта, дулыға болғанын атап өтеді. Олар атпен және жаяу
соғысады. Салт атпен соғысқанда массагеттер өздерінің аттарының кеудесін
мыс сауытпен жауып қояды.(49)
Әскери демократия жағдайында, әскери-күш тәрбиесі бұл тайпалар өмірінде
ерекше орын алды. Ол барлық қауым мүшелерін қамтыды. Геродот жазды: Олар 5
жастан бастап 25-ке дейін балаларын тек үш нәрсеге үйретті, ол: салт атқа
міну, жебе тарту және шыншыл болу.(50)
Көне ғасыр авторлары Орта Азия тайпаларының әйелдері ер адамдармен
қатар, қоғамдық өмірде де, соғыс қимылдарында да белсене қатысқанына ерекше
назар аударады. Массагет тайпаларының бірі жөнінде, Геродот: оларда
әйелдер еркектермен бірдей жағдайда қолданылады, - деп жазды. Кейбір
массагет әйелдері тайпа көсемі болды.
Срамат әйелдері батыр да ержүрек еді. Мен сармат әйелдерін білемін,
олар соғыс ісін еркектерден кем білмейді, - деп Климент Александрийский
атап корсетті. Геродоттық суреттеуі бойынша, сармат әйелі атқа салт мініп
аң аулаған, еркек киімін киген, жауын өлтірмей, бір де бір қыз тұрмысқа
шықпаған. Бұл тайпаның әйелдері ат үстінде де, жаяу да жақсы соғысқан,
яғни, бұл көрініс әйелдердің дене шынықтыру деңгейінің жоғарылығын көрсетсе
керек.
Сақ әйелдерінің дене шынықтыру дайындықтарына, әскер ісі өнерін
игеруіне жоғары талап қойылды. Диодор бір кезеңде, сақтарда ер жүректі әйел
патшалық құрды деп жазды. Қашанда бұл тайпаның әйелдері батыл, ерлерімен
соғыс қаупін бірдей бөліседі. Климент Александрийскийдің жазуы бойынша
сақ әйелдері жорта қаша отырып, ер адамдарша ат үстінен бұрылып атты.
Б.э.д. 1У-111 ғ.ғ. қарсаңында Қазақстан жерінде жаңа тайпалық одақ
пайда болды. Сондай-ақ, ірі тайпалар одағын кірмеген кішігірім тайпалар да
мұнда өмір сүрді. Алайда, бізге тарих бетінен көбірек белгілі алан, қаңлы,
үйсін сияқты ірі тайпалар.
Аландар, сарматтар ұрпақтары Батыс Қазақстанды жайлады. Аландар
көсемдерін тек жауынгерлік ерлігіне қарап сайлады. Рим жазушылары оларды
қатал да мәғгі соғыс құмарлар деп есептеді. Аландар ұзын бойлылығымен
және келбеттіліктерімен даңқы шықты. Жастары ерте жастан-ақ ат үсті өнері
мен садақтан жебе тартуға үйренді. Алан елінде әртүрлі әскери жаттығулар
кең дамыған еді. Латын тарихшысы Марпелмен аландар туралы былай деді: олар
түрлі дене жаттығуларын жасай білгендіктен, бәрі шебер жауынгер болды.
Қытай деректері, аландар әдеттегі қаңлылармен мүлдем ұқсас дегенді
көрсетеді. Қаңлылардың негізгі бөлігі Қаратау аймағы мен Сырдария өзенінің
ортаңғы ағысы маңында қоныс тепті. Қаңлылардың да дене шыныңтыру әдісі нақ,
әскери бағытта болды, өйткені бұлардың өмір салтына аландардың тыныс-
тіршілігі ықпал етпеуі мүмкін емес еді.
Үйсіндер тайпалық одақтармен тығыз экономикалық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шыньқтыру тарихы
Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірінің ескерткіштері
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш сынып дене тәрбиесі жүйесінде қолдану
Тарихқа дейінгі адам эволюциясы
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері
Палеолит дәуірі
Пәндер